Мәмілелерді жарамсызсыздығының салдары


Мәмілелерді жарамсызсыздығының салдары
Жоспар
Кіріспе
- Мәмілені жарамсыз деп тану негіздері
- Мәмілені жарамсыз деп тану және оның құқықтық салдары
- Мәмiленiң мазмұнының заңға сәйкес болуы талабының бұзылуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азамматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады және ол құқықтық фактiнiң негiзгi түрi болып табылады. Сонымен қатар азаматтық айналымда үздiксiз құқықтық қатынастарды тудырып оны дамытушы мәміле болып табылады. Бiрақ азаматтық құқықтық айналымда заңдық факт рөлiн ойнау үшiн ең бiрншiден мәмiле жарамды болуы шарт.
Осы жұмыста мәмiленi жарамсыз деп тану және оның құқықтық салдары жөнiнде кеңiнен талқыланбақ. Жұмыстың негiзгi мақсаты- жарамсыз мәмiлеге түсiнiк беру, оның жарамсыздығының негiздерiн және соның есебiнен туындайтын салдарды белгiлеу, сонымен қатар қазiргi таңдағы мәмiленi жарамсыз деп танудағы азаматтық құқықтық айналымдағы кейбiр өзектi мәселелердi баяндау.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi қазiргi Қазаұстанның нарықтық қатынасқа түсуiмен, соның негiзiнен пайда болған кәсiпкерлiк тұрғысында айқын көрiнедi.
Заңды тұлғалар, оған қоса жеке кәсiпкерлер азаматтық құқықтық қатынас айналымында өз мақсаттарына жету барысында мәмiлелер жасауға мүдделi. Мiне, осы мәмiлелердiң жарамсыз деп танылуы және оның қандай құқықтық салдарға жетелейтiнi жөнiнде ой қозғалмақ.
Жұмыста сонымен қатар күні кеше ғана бізбен бірдей құқықтық жүйесі болған Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінен де көптеген мысалдар келтіріледі.
Бұл курстық жұмыстың негізгі бағыт - бағдары мен негізгі мақсаттарын атап кететін болсам, мәмілені жарамсыз деп танудың негіздері мен алғышарттарын баяндау және қазіргі азаматтық- құқықтық қатынаста қиындық туғызып жүрген мәселелер, яғни басқаша айтқанда “су асты тастары” жөнінде де біраз деректер көрсетіліп, одан шығудың нақты жолдары ұсынылады.
1. Мәмiлелердi жарамсыз деп танудың негiздерi
Мәмiле төрт элементтiң бiрiгуiн көрсетедi: мәмiледе қатысушы субъект- тұлға; субъективтiк жағынан- ерiк және ерiк бiлдiру; нысаны; мазмұны. Мұндай элементтердiң бiреуiнiң бұзылу фактісі оның жарамсыздығына әкеп соқтырады. Мәмiленiң жарамсыздығы бұл әрекеттiң астарында заңдық факт маңызының жоқ екендiгiн айтады . Осыған сәйкес мәмiленiң жарамсыздығы тараптардың мәмiлеге қол қоюы кезiнде басшылыққа алған заңдық мақсаттарын тудыра алмайды. Сонымен қатар жарамсыз мәмiле оның жарамсыздығының нәтижесiн шеттетуге байланысты салдарға жетелейдi.
Мәмiленiң субъектiлерi. Мұндай болып әрекет қабiлеттiгi бар азаматтық құқықтық қатынастың кез келген субъектiсi танылады. Мәмiлелердi өз атынан жасау қабiлетi азаматтың өз әрекет қабiлеттiгiнiң элементi болып табылады. Сонымен қатар мәмiлелердi өз атынан жасау кейбiр әдебиеттерде мәмiле жасау қабiлетi деп бөлiп көрсетедi. Бұл дұрыс емес, өйткенi мәмiле жасау қабiлеттiгi әрекет қабiлеттлiктен жеке дара бөлiнiп шығып өмiр сүре алмайды. 1
Заңды тұлғаның әрекет қабiлеттiгi олардың құрылтай шарттарында көрсетiлген мақсаттарымен және заңды тұлғаның атынан мәмiле жасай алатын заңды тұлғаның органының құзыреттерi арқылы сипатталады.
Мәмiледегi ерiк және ерiк бiлдiру. Ерiк және ерiк бiлдiру қосыла келе мәмiленi жарамды деп тануда маңызды болып келедi. Мәмiлелердi жарамды деп тану үшiн сонымен қатар ол ерiктiң қалыптасқанына да байланысты болып келедi. Мәмiленi жасау кезiнде мәмiленiң мазмұнынан алдану немесе қорқыту, зорлық жасау факторларының болмауы мiндеттi болып табылады. Ерiк бiлдiру iшкi ерiктi дұрыс көрсету керек және оны мәмiлеге қатысушыларға дұрыс жеткiзе бiлуi керек. Заңмен белгiленгендей, қалған тұлғаларға өзiнiң iшкi еркiн бiлдiру тек заңда көрсетiлген тәсiлдермен, яғни нақты бiр заңмен анықталған нысанда жүзеге асу керек. Заңмен белгiленген ерiк бiлдiрудiң нысанының болмауы мәмiленiң жарамсыздығына әкеп соқтыруы мүмкiн. 159- баптың 8-тармағында көрсетiлгендей: “Елеулi мәнi бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмiленi сот жаңылысу әсерiмен әрекет еткен тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. Мәмiленiң табиғатына, ұқсастығына немесе оны өз мақсатына пайдалану мүмкiндiгiн айтарлықтай төмендететiн мәнiнiң сапасына қатысты жаңылысудың елеулi мәнi болады. Дәлелдердегi жаңылысу кейiнге қалдыру немесе күшiн жою шарты ретiнде, мәмiленiң мазмұнына осындай дәлелдердi енгiзген кезде ғана мәмiле жарамсыздығының негiзi бола алады.
Егер жаңылысу мәмiлеге қатысуының өрескел бейқамдығының салдары болса, не оны кәсiпкерлiк тәуекел билеген болса, сот нақты жағдайларды және мәмiлеге қатысушы екiншi жақтың мүдделерiн ескере отырып, мәмiленi жарамсыз деп тану туралы талаптан бас тартуға құқылы. ”
Жаңылысу деп мәмiлеге қатысушы тұлғаның өзi жасап жатқан элементiмен сипатын бұрыс, қате түрде ойлауы. Мысалы: азамат затты сатып алар алдында ол затты сирек кездесетiн экземпляр қатарына жатады деп ойлайды, бұлай сатушы да ойлаған болатын. Бiрақ мамандар оны қате деп табады.
Мәмiленi жарамсыз деп тану үшiн барлық жаңылысулар емес тек маңыздылары ғана мәмiленi жарамсыз деп тануға негiз бола алады. Жаңылысудың мазмұны объективтiк сипатқа ие болу керек және ол болмаса мәмiле қатысушысы оны жасаспауға негiз қылып ала алатындай болуы керек. 2 Мысалы, пальто сатып алушы пальтоның астарының матасынан қателессе, онда мәмiле жарамсыз деп танылмайды.
Осы орайда тағы да бiр мысал келтiрген жөн. Тек бiр тараптың әсерiмен жүзеге асырылған мәмiле бойынша жарамсысдық туралы сот шешiм шығарар кезiнде заңның бұзылу фактiсi негiзiнде емес, талап-арыз берген тараптың құқықтарының бұзылуы фактiсi негiзiнде шешiм шығаруға тиiс3. Бұл қорытындының маңыздылығын көрсету үшiн 2 мысал келтiрейiк:
1 мысал: Пәтердi сатып алу- сату жөнiнде мәмiле жасалған. Соғылған үйдiң құрамындағы қай пәтер сатылатыны жөнiнде шартта ешқандай аспектiлер көрсетiлмеген. Сатушы сатып алушыдан пәтер сомасын алады және соңғысына бiрiншi қабаттағы пәтердi ұсынады. Пәтер сатып алушы ол пәтерден бас тартады, өйткенi ол бесiншi қабаттан пәтер алуды көздеген болатын. Сатушы мұнымен келiспейдi. Бұл ретте сатушы мен сатып алушының арасында мәмiленiң заты жөнiнде дау туындайды. Азаматтық заңның негiзiнде сатып алушы сотқа мәмiленi жарамсыз деп тану жөнiнде талап арыз бередi. Сатып алушының талап арызы қанағаттандырылуға тиiс және ол дұрыс та.
2 мысал: Пәтердi сатып алу- сату жөнiнде мәмiле жасалған. Соғылған үйдiң құрамындағы қай пәтер сатылатыны жөнiнде шартта ешқандай жағдайлар көрсетiлмеген. Сатушы сатып алушыға салынған үйдiң кез келген жерiнен пәтердi беруге ынта бiлдiрiп отыр. Дегенмен, сатып алушы мәмiленi жарамсыз деп тану туралы талап-арыз бередi. Бұл жағдайда мәмiле сатып алушының пәтер алуға қатысты ешқандай құқықтарын бұзып отырған жоқ, өйткенi сатушы пәтердi үйдiң кез келген жерiнен ұсынып отыр, сондықтан да пәтердi айқындау бұл жағдайда шарттың мiндеттi белгiсi болып табылмайды.
Азаматты құқықтық қатынаста мәмiленi жарамсыз деп танудың тағы бiр негiзi- мәмiлеге қатысушылардың терiс пиғылда болуы. Терiс пиғыл дегенiмiз ненi бiлдiредi? Бұл сұраққа жауап бере отыра, алдымен терiс пиғылдағы әрекет дегенiмiз тек заңға қарсы келген әрекет пе немесе адамгершiлiк нормаларына да сай келмеген әрекет пе дегендi анықтап алған жөн. А. П. Сергеев., Ю. К. Толстой редакциясынан шыққан оұулыққа жүгiнейiк4 : Азамат тұрғын үйдi сатып алу-сату шартын жасайды. Оның негiзiнде үйдi сатып алушы үйге деген құқықты тек үйдi сатушы басқа қалада жұмысқа орналасқан кезiнде ғана иеленедi. Өзiнiң мүмкiндiктерiнiң барлығын пайдалана отырып, оның басқа қалада жұмысқа орналасуына жағдай жасайды. Мұндай салдар шарт негiзiнде туындады деп саналады, өйткенi құқыққа сай және адамгершiлiкке сәйкес әрекеттер арқылы мәмiленiң жарамдылығына ықпал етедi. Ал егерде үйдi сатып алушы барлық мүмкiншiлiктерiн салып, үйдi сатушы басқа қалада жұмысқа тек уақытша ғана орналасуына жағдай жасаса өзiнiң моральға жат әрекетi арқылы мәмiленiң жарамсыз деп танылуына ықпал етуi мүмкiн.
Мәмiе нысаны. Мәмiле нысаны ауызша және жазбаша болады. Мынадай мәмiлелер:
1) Егер мәмiлелердiң жекелеген түрлерi үшiн заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе iскерлiк қызмет үрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан туындамаса, мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатынынан басқа, кәсiпкерлiк қызмет үрдiсiнде жүзеге асырылатын;
2) Мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, жүз есептiк көрсеткiштен жоғары сомаға;
3) Заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген өзге де реттерде жазбаша жасалуға тиiс.
Жазбаша нысан жай және нотариалдық болып бөлiнедi. Жазбаша нысан мәмiлелердiң мәнiн бiлдiретiн құжаттарды жасау арқылы және мәмiлеге қатысушы тұлғаларды сол құжатқа қол қоюы арқылы жүзеге асырылады. Нотариалдық мәмiле басқа жазбаша мәмiлелерден оның нотариуспен немесе мұндай нотариалдық әрекеттердi жасауға құқығы бар адаммен куаландырылуымен ерекшеленедi.
Шарт жасасу кезiнде бiр тарап екiншi бiр тарапқа құжат жiберiп, ал екiншi тарап оған ешқандай қарымта құжат салмай оны орындауға кiрiсiп кетсе, яғни тауарды жөнелту, жұмыс орындау, ақша төлеу және тағы басқа, онда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 394-бабының 2-тармағына сәйкес шарттық жазбаша нысаны сақталған деп тануы мүмкiн.
Заңмен, құқықтық катiлермен немесе тараптардың өзара келiсiмiмен жай жазбаша нысанда жасалған шарттарға қосымша талап қойылуы мүмкiн (мысалы, қағазда белгiлi бiр таңбаның болуы, белгiленген түрдегi бланкi және тағы басқа)
Жай жазбаша нысандағы шарттың мiндеттi талабы- шартқа өкiлдi адамның қол қоюы болып табылады. Егер азамат құжатқа физикалық кемiстiгiнiң, ауруының немесе сауатсыздығының салдарынан қол қоя алмаса, оның өкiлi бойынша басқа басқа азамат қол қоюы тиiс. Белгiлi бiр себептердi (ауруы, физикалық кемiстiгi, сауатсыздығы) көрсетiп, нотариус ол азаматтың қолын растайды. Бұл орайда қол қойған азаматтың мәмiлеге қатысты ешқандай құқықтары мен мiндеттерге ие болмайтынын және мәмiлеге қатысты ешқандай құқықтар мен мiндеттерге ие болмайтынын атап кеткен жөн. Ол тек мәмiлеге субъект кемiстiгiнiң орнын толтырушы қызметiн ғана атқарады.
Мәмiленi жасаудың нотариалдық нысаны тiкелей заңда көрсетiлген немесе ондай нысанның қажетi жоқ жағдайда тараптардың ұсынысымен жасалуы мүмкiн. Заң құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiмен белгiленген реттерде жазбаша мәмiлелер оларды нотариат куәландырғаннан кейiн ғана жасалды деп танылады. Мұндай талапты сақтамау Азаматтық кодекстiң 157- бабының 3-тармағында көзделген салдармен мәмiленiң жарамсыз болып қалуына әкеп соқтырады.
Нотариалдық нысан жай жазбаша нысаннан тек құзыреттi өкiлдi адамның - нотариустың жазбаша құжатта куәландыратын белгi қоюыменен ерекшеленедi. Нотариалдық әрекеттердi жасау ережелерi нотариат туралы заңның негiздерiмен жүзеге асырылады. Нотариалдық нысан, әдетте тараптардың ерiк бiлдiруiн мiндеттi түрде белгiлеп алу қажеттiлiгi бар мәмiлелерде жасалуы қажет. Мысалы, өсиет қалдыру, сыйлау, жылжымайтын мүлiктi сату-сатып алу. Бiрқатар кездерде нотариалдық нысан заңды тұлғалардың және олардың арасында жасалған мәмiлелерге талап етiледi. Мысалы, жылжымайтын мүлiктiң кепiлi- ипотека нотариалдық нысанды талап етедi.
Бiрқатар жағдайларда бекiтiлген мәмiлелердiң тiркелуiн талап етедi. Мысалы, 238-баптың 2-тармағы:”Егер мүлiктi иелiктен айыру туралы шарт мемлекеттiк тiркеуге немесе нотариалдық куаландыруға жататын болса, алушының меншiк құқықтары тiркелген немесе нотариалдық куәландырылған кезден бастап, ал шартты нотариаттық куәландыруы да, мемлекеттiк тiркеу қажет болған жағдайда ол тiркелген сәттен бастап пайда болады”. Азаматтық кодекстiң 155- бабында бекiтiлген тиiстi құқықтар мен мәмiлелердi тiркеу туралы ережелерде бекiтiлгендей, заң бойынша тiркеудi қажет ететiн мәмiлелер тек тиiстi органның тiркеуiнен кейiн ғана заңдық күшке ие болады.
Мәмiлелердi тiркеу бiрқатар мәселелердi шешедi: бiрiншiден, мәмiле жоғарыда айтылғандай толық заңдық күшке ие болады. Екiншiден, тiркеу туралы құжат субъектiнiң мәмiле бойынша ие болған құқықтарын растайды. Үшiншiден, мәмiлелердi тiркеудiң бiркелкi жүйесi мәмiлелерге толық есеп жүргiзудi ретке келтiредi.
Мәмiлелердi нотариалдық куәландыру және оны мемлекеттiк тiркеу - ұқсас процедуралар, бiрақ олар бiр-бiрiнен елеулi түрде ерекшеленедi. Мемлекеттiк тiркеуге көбiнесе мәмiлелердегi құқықтар жатады, бiрақ нотариалдық куәландыруға жататын барлы құқықтар мемлекеттiк тiркеудi талап етедi, дегенмен мемлекеттiк тiркеуге жататын мәмiлелердiң барлығы нотариалдық бекiтудi талап ете бермейдi. 5
Мемлекеттiк тiркеудiң басты маңызды объектiсi ол жылжымалы мүлiкке қатысты мәмiлелер, сонымен қатар басқа да объектiлермен жасалған мәмiлелердiң тiркелуiн қарастырады, әсiресе жекеменшiкқұқығының туындауына, өзгертуiне және тоқтатылуына әкеп соқтыратын мәмiлелер. Мысалы: транспорт құрылыстарына қатысты мәмiлелер.
Мәмiленiң азаматтық құқықтық қатынастың пайда болуының негiзi ретiндегi мазмұнының оның қоятын шарттарының жиынтығы ретiнде қарсатырған жөн. Мәмiле жарамды болу үшiн мәмiленiң мазмұны заңға және басқа да құқықтық актiлерге сәйкес болуы шарт, яғни әрекеттер заңнамаға қарсы келмеуi тиiс. Мәмiлелер өз мазмұны бойынша заңнаманың диспозитивтiк нормаларында немесе тiптен көрсетiлмеуi мүмкiн, дегенмен азаматтық құқықтың заңды бастамасына және мазмұнына сәйкес келуi тиiс. Iзгiлiкке және құқықтық тәртiп негiздерiне жат мәмiлелер жарамсыз деп танылғандықтан iзгiлiкке жат және құқықтық тәртiпке сай келмейтiн мәмiле мазмұны мәмiленi жарамсыз деп танудың бiрден-бiр негiзi болып табылатынын айта кеткен жөн.
2. Мәмiленi жарамсыз деп тану және оның құқықтық салдарлары.
Қазақстан Республикасының Азаматтығ кодексiнiң 157- бабы нысанына, мазмұнына және мәмiленiң ғатысушыларына, сонымен қатар олардың ерiк бiлдiруi бостандығының талаптарына сай келмейтiн болса, мүдделi тұлғаның талабы бойынша мәмiленi мемлекеттiк орган немесе прокурор шешiмiмен жарамсыз деп танылуы мүмкiн. Бұл қойылған талаптардың тек бiреуi ғана бұзылса, жасалған мәмiле құқықтық факт ретiнде танылмайды және заңдық күшке ие болмайды.
Мәмiленi жарамсыз деп танудың негiздемелерi жоғарыда көрсетiлген болатын. Ендi Азаматтық кодекстiң 4-тарауында көрсетiлген мәмiленi жарамсыз деп танудың нақты негiздерiн айтатын боламыз.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң Ресей Федерациясының Азаматтық кодексiнен айырмашылығы- жарамсыз мәмiлелердi даулы (оспаримые) және болмашы (ничтожные) деп бөлмейдi, өйткенi мұның тек практикалық мәнi, яғни мәмiленi жарамсыз деп тануды кiм талап етедi- қатысушы ма, әлде басқа өкiлдi орган ба соған ғана қажетi бар. Бұл жөнiнде жарамсыздықтың нақты баптар бар.
Ресей Федерациясы Азаматтық кодексiнiң 166- бабына сәйкес даулы және болмашы мәмiлелердiң арасындағы айырмашық мынада. Даулы мәмiле тек сот шешiмiмен жарамсыз деп танылады, ал болмашы мәмiленi жарамсыз деп тану үшiн сот шешiмiнiң қажетi жоқ . Дегенмен, мүндай белгi жеткiлiктi бола алмайды. Егер болмашы мәмiленiң қатысушысы жарамсыз деп берiлген бағаға келiспесе, ол кiмнен шықса да, бұл сауалда сот шешiмiнсiз айналып кету мүмкiн емес.
Егер мәмiле жеке мүдделерге зиян келтiрсе, онда оны жарамсыз деп тануды мүдделi адамның берген талабы бойынша ғана сот сот жарамсыз деп таниды. Азаматтық кодекстiң 2-бабына сәйкес мемлекеттiк органдардың бұл дауға қатысуға құқықтары жоқ. Керiсiнше жалпы қоғамның мүдделерiне қатысты шешiм шығаруға мемлекеттiк орган араласуы қажет.
Осы айтылғандардан келесiдей шешiмдер шығаруға болады:
Демек, егер мәмiлелер мынадай талаптарды жүзеге асырмаса жарамсыз деп танылуы мүмкiн:
А) оның шарттарының заңдылығы, яғни мазмұнының заңға сәйкес болуы;
Б) мәмiлеге қатысушылардың әрекет қабiлеттiгi;
В) олардың ерiк бiлдiруiнiң бостандығы;
3. Мәмiленiң мазмұнының заңға сәйкес болуы талабының бұзылуы.
Азаматтық кодекстiң 158-бабы бұл орайда былай дейдi: ”Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ құқықтық тәртiп негiздерiне немесе адамгершiлiкке көрiнеу қайшы келетiн мақсатпен жасалған мәмiле жарамсыз деп танылады”. Мәмiлелердiң көп бөлiгi Азаматтық кодекстiң 159-бабына сәйкес жарамсыз деп танылады. Ал Азаматтық кодекстiң 158-бабы мәмiленiң мазмұнының заңға сәйкес еместiгiне қарсы, яғни ашық заңға арама-қайшылыққа қарсы бағытталған. Бұл мәмiлелер қылмыс жасауды, заңның императивтiк ережелерiн орындаудан бас тартуға бағытталған, айналымнан алынған заттарды жеке тұлғалардың сатуы және тағы басқаға бағытталуы мүмкiн.
Дегенмен, сол мәмiленi жасауға рұқсат беретiн заңдағы норманың болмауы оны жарамсыз деп тануға себепшi бола алмайды. Жарамсыздық тек заң нормасы шек қойған кезде ғана мойындалуы тиiс.
Құыққа қайшы ретiнде мәмiлелердiң құқық тәртiбiне және қоғамдық моральға қарсы бағытталған түрлерi жатқызылады, мысалы, баланы сату жөнiндегi мәмiле.
Жарамсыз деп танудың бұл негiзi заңның қоғамдық мүдденi қорғаудағы бар болуы мүмкiн ақаулықтарын толықтыруға бағытталған. Сонымен қатар мәмiлеге қатысушылардың оны құқыққа және моральға жат екенiн түсiнуi қажет.
Азаматтық кодекстiң 158-бабының 2-тармағына сәйкес заң талаптарын, заңды тұлғаның жарғысын немесе оның органдарының құзыретiн бұзатын мәмiленi қасақана жасаған адамның, егер мұндай талап пайдакүнемдiк себептерден немесе жауапкершiлiктен жалтарту ниетiнен туындаса, мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.
Көрсетiлген ниеттер бойынша, яғни заңды қасақана бұза отырып жасалған мәмiле бойынша, заңның нормаларын қасақана, саналы түрде бұзған жеке немесе заңды тұлғаның мәмiленi жарамсыз деп тану жөнiндегi берген талаптарын қанағаттандыруға жол берiлмейдi6.
Бұл айтылғандардың негiзiнде мынадай қорытынды шығаруға болады: заң талаптарын бұзушы мәмiле оны бұзушының берген талаптары бойынша жүзеге асырылмайды, өйткенi ол құқық бұзушылық фактiсiн жеке мүддесi үшiн пайдалануы әбден мүмкiн .
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 158-бабының 3-тармағы бұрынғы заңда болмаған кредиторларды қорғауға бағытталған арнайы бапты бекiтедi. Егер мәмiлеге қатысушылардың бiрi оның мiндеттемесiн орындаудан немесе үшiншi жақ немесе мемлекет алдындағы жауапкершiлiктен жалтарту ниетiмен жасаған реттерде, ал мәмiленiң басқа қатысушысы бұл ниет туралы бiлген болса немесе бiлуге тиiстi болса, мүдделi жақ мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етедi.
Бұл сипаттағы мәмiлелер заңды айналып өткен мәмiлелер деп танылады. Бұған мысал ретiнде иесiнiң затты қарызы үшiн мемлекет тәркiлеп немесе қарызы үшiн жаза ретiнде алып қоятынын мүлiктi сатуы, сыйлауы немесе мүлiктiк құқықтан бас тартудың басқа да тәсiлдерi жасалуы мүмкiн .
Мәмiле жарамсыздығының салдарын анықтайтын негiзгi ережелер Азаматты кодекстiң 157-бабында бекiтiлген. Мәмiле нысанының бұзылуы нәтижесiнде жарамсыз деп танылған мәмiленiң салдары туралы жоғарыда айтылды. Азаматтық кодекстiң 157-бабының 3-тармағына сәйкес мәмiленi жарамсыз деп танудың жалпы салдарлары болып екiжақты реституция танылады, яғни жарамсыз деп танылған мәмiле қатысушыларының мәмiлеге дейiнгi жағдайға келтiруi болып табылады.
“Егер мәмiле оны орындаудан бұрын жарамсыз деп танылса, ол жәй ғана орындалуы тиiс”7. Бұл ойқорыту дұрыс, яғни мәмiле заңдық маңыздан айырылса орындалуы тиiс. Ал егер оны орындау басталса немесе мәмiле толықтай орындалса, әр тарап мәмiле бойынша алған табыстарын және басқа да игiлiктерiн қайтаруға тиiс, қайтару мүмкiн болмаған жағдайда ақшамен толықтырылуы мүмкiн екендiгiн айтқан жөн.
Кейбiр жағдайларда мәмiленiң жарамсыздығына тек бiр тарап кiнәлi болуы мүмкiн. Мысалы, мәмiле алдау-арбау жолымен жасалған болса. Алданған қатысушы шындығында кiнәлi емес. Бұндай жағдайларда кiнәлiден оның мәмiледен алған табысын ғана емес, сонымен қатар кiнәлi емес тараптың мәмiленi жарамсыз деп танудың салдарынан шеккен залалының да орнын толтыруға тиiс .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz