Түркі дәуірі ескерткіштері


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:

1. Түркі дәуірі ескерткіштерінің зерттелуі

2. Меркі ғибадатханасының ерекшеліктері

3. Жайсан ғибадатханасының ерекшелгі және зерттелуі

I. Қорытынды.

Қырғызстан территориясындағы ортағасырлық кезеңге жататын жартас суреттері мен көне түрік жазбалары бедерленген жартастарда пішіні осы таңбаларға ұқсас бірнеше таңбалар белгіленген. Аудармасы бір-бірін қайталайтын он оқ будун / он оқ халқының руникалық жазбалары мен қатар бейнеленген таңбалардың этномәдени тұрғыдан кімдерге тиесілі екендігін анықтауға мүмкіндік береді [2, с. 293, табл. 3] . К. Ш. Табалдиевтің мәлімдеуінше Кочкор даласынан табылған мазмұндары ұқсас руникалық жазба ескерткіштері «Орталық Азия көшпелілерінің ортағасырлық түргештер билік құрған VIII ғасырларға тән жартасқа бейнелеу өнерінің туындысы

Жайсан ғибадатханасының жартастарында пішіні крест тәріздес, бірақ қиылысқан сызбасы сопақша болып бейнеленген таңба сомдалған. Қырғыздардың этнографиялық дәстүрінде осыған ұқсас таңбалар адигене, барғы, мунгуш руларында кездеседі және жағалмай таңба деген атауға ие [6, с. 111] . Осы таңбаға қатысты этнограф С. М. Абрамзон «жағалмай таңбасын (жағалмай - құстың аты) қара бағыш рулары, ал бөрі тайпасы (адигеннің бір тармағы) «бөрі таңбасын» жылқыға және басқа да заттарға белгі ретінде басқан деп көрсетеді.

Түрік тайпаларының ғұрыптық-мемориалды ескерткіштері шоғырланған қорықты территориясындағы жаңа ескерткіштерді табу, археологиялық кешенді зерттеу жұмыстарының қатарына жатады. Теректі I кешенінің территориясына жүргізілген барлау жұмыстары барысында бұлақ көздеріне жақын жерлерден қоныс орындары табылды. Топографиялық зерттеу жұмыстары ең ірі қоныс орнына жүргізілді. Қоныстарға жүргізілген зерттеу жұмыстары ескерткіштің орналасу құрылымын, су жүйесінің құрылымын, арнайы су жинақтайтын орындарды және ауыл шаруашылық мәдениетін жасаушы алаңдарды анықтауға негіз болды. Өзара жалғасып жатқан құрылыстар территориясынан пішіні дөңгелек және сопақша болып келген екі дән үккіштер табылды. Тастан өрілген қабырғалар бір метрден аса биіктікте сақталған. Құрылыстардың ішінен жылыту жүйесі жүргізілген.

Теректі шатқалының шығысында, оңтүстік-шығысындағы Аламан жотасына жүргізілген барлау жұмыстары нәтижесінде тас мүсіндері бар бірнеше ғұрыптық кешендер белгілі болды. Аламан I кешенінің жалпы ұзындығы 17 шақырымды құрайды. Географиялық коортдинаты N - 43. 39. 892, Е - 074. 23. 704. Ғұрыптық кешенде бір-біріне жанаса орналасқан бес қоршау, қоршауларда орналасқан үш тас мүсін бар. Аламан II кешенінің географиялық координаты N - 43. 37. 795, Е - 074. 23. 257. Ғұрыптық қоршаулардан екі мүсін табылды. Аламан I және Аламан II кешендерінен табылған мүсіндер бүлінген, жартылай көмілген қалпында табылғандықтан сипаттама жасауда қиындықтар туындады.

Аламан III кешенінің географиялық координаты N-43. 38. 225, Е- 074. 21. 211. Қатар орналасқан үш ғұрыптық қоршаулардың шығысында орналасқан орналасқан тас мүсіндер нашар сақталған және қоршаулардың ортасында тонаушылардың ізі байқалады. Аламан III кешенінен табылған мүсіндер түрік этномәдени ортасындағы мүсін жасау өнерінде кең тараған үш түрлі граниттен жасалынған. Бірінші мүсіннің биіктігі 2 м, ені 0, 6 м. Мүсіннің беткі жағында оң қолын жартылай бүгіп, кеуде тұсына көтеріп тұрған бейнесі сақталған. Кеуде тұсына көтеріліп тұрған оң қолының саусақтары анық көрсетілген. Белдіктің төменгі жағында, тұтқасы сол қолдың шынтақ тұсына жететін қару бедерленген. Белдікте пішіні төртбұрышты ілгіштер бейнеленген. Мүсіннің арқа тұсында бес қатар ұзын бұрым көрсетілген. Екінші қоршаудың шығыс жағынан табылған мүсіннің бетінің және басының бір бөлігі бүлінген. Түрік тайпаларының мүсін жасаудағы дәстүрлі стилімен орындалған мүсінде, адамның мұрты мен мұрны анық бедерленген. Мүсіннің мойнында домалақ пішінді алқа бейнеленген. Мүсіннің оң қолы жартылай бүгіліп, белдік тұсында ыдыс ұстаған қалпында суреттелген. Сол қолыда жартылай бүгіліп белдің деңгейінде бедерленген. Үшінші мүсін шағын ғана тастан жасалынып, адамның тек кеудесі ғана сомдалған. Мүсіннің көздері бадам дәні тәріздес дөңестеліп бейнеленген. Мұрны қырлы, мұрты көрсетілмеген.

Кербұлақ шатқалынан оңтүстікке 4 шақырым, Теректі шатқалынан шығысқа қарай 17 шақырым жерде атақты Төлеби бабамызға арнап орнатылған ескерткішке жақын жерден екі мүсін табылды. Мүсіндерді жасауда аса мұқияттылықты сақтауы, бедерлерді анық түсіру технологиясы мүсіндердің иконографиялық ерекшелігін көрсетеді. Әйел мүсінінің мойнында пішіні гривна тәріздес, екі қатар алқа және мүсіннің кеудесі анық бейнеленген. Молдас құрғанда айқасқан аяқтарында қонышы ұзын, тұмсығы қысқа етік көрсетілген. Мүсін кіндік тұсында көлемді ыдысты екі қолымен ұстаған қалпында сомдалған. Екінші мүсін бейнелеу стилі бойынша жоғарыда сипатталған мүсінге ұқсас, айырмашалығы бұнда кеудесі мен аяғы көрсетілген.

Әртүрлі мақсатта жасалынған, жерлеу дәстүріне, ата-баба аруағына құрмет көрсетуге және көк тәңіріне сыйынуға арналған көп деңгейлі ескерткіштерді зерттеу барысында олардың құрылымдық дифференциациясы анықталды. Ата-баба аруағына арнап жасалынған ғұрыптық құрылыстарда орналасқан мүсіндерде әйел және ер адам мүсіндерінің санының тең болуы, сондай-ақ мүсіндердің иконографиясын мұқият зерттеу қазақ даласын ежелден мекендеген батыс түрік тайпаларының мәдениетінің өзіндік ерекшеліктерін анықтауға негіз болды.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесі екі ғибадатханадағы ғұрыптық ескерткіштердің өзіндік ерекшеліктері барлығын, бірақ жалпы алғанда ескерткіштер батыс түрік қоғамының дүниетанымдық концепциясына бағынатындығын көрсетеді. Келтірілген тезистің шынтуайттылығын келесі баяндамалар нақтылай түседі.

Шығысында тас мүсін орнатылған ғұрыптық қоршаулар Жайсан ғибадатханасының негізін қаласа, бұл дәстүр шығыс түріктерінің мәдениетінде де қалыптасқан. Батырдың мүсіні орнатылған қоршауға жанаса орналасқан қоршауда әйел мүсіні орнатылған және осы қоршаудан жебенің ұшы табылды. Алтай және Тува территориясында зерттелген ғұрыптық құрылыстарда әйел мүсіні орнатылған қоршаулар кездеспейді. Көрші мемлекет Қырғызстан территориясында да әйел мүсіні орнатылған ғұрыптық қоршаулар табылмаған. Жайсан даласы кеңістігінде зерттелінген тас мүсіні бар ғұрыптық қоршаулардың жанында балбалдар тізбегінің болмауы, шығыс түріктері жасаған кеңістікте тараған ескерткіштерден айырмашылығын көрсетеді. «Үш мүйізді» бас киімі бар мүсіндер түрік тайпаларының жоғары дәрежелі діни қызметкерлеріне арнап жасалынған, бұндай мүсіннің бірі Жайсан 26 кешенінен табылды және бұл дәстүр батыс түріктерінде ғана өріс алған. Жайсан ғибадатханасындағы жартастарда бейнелеген пішіні ромба тәріздес таңбалар түргештердің таңбасы ретінде түсіндірілген, бұл таңбалар Жетісудан табылған мүсіндердің кеудесінде де бейнелеген және түріктердің осы типтес рулық таңбалары Шаш оазисінде VII-VIII ғасырларда тараған монеталарда бейнелеген.

Мерке ғибадатханасындағы мәдени кешендердегі ескерткіштердің мәні түріктердің Тәңірі мен Жер-Судың тұтастығына бағынатын мемлекеттік идея мен мағыналас. Теңіз деңгейінен 3000-3500 мың. метр биіктіктегі киелі кеңістік, адам аяғы баспаған биік шыңдармен қоршалып түріктердің құдайы мекен ететін «Олимп»-ортасына айналған. Мерке (Мерке иран тілінде «Орталық») өзенінің жоғарғы жағындағы, мыңдаған бұлақ көздері бар жайлау түріктердің құдайға мүнәжат ететін, ғұрыптық салттарды атқаратын орны болған. Мерке - Мың бұлақ. Аруақтарға арналған мүсіндердің басым бөлігін әйел мүсіндері құрайды және мүсіндердің барлығында қасиетті су құйылған ыдысты екі қолымен ұстаған қалпын бейнелеген. Бұл қасиетті Жер-Судың тұтастығының және түріктер қоғамындағы тұрақтылық пен берекенің символын көрсетеді. Биік таулы алқапта орналасқан Мерке ғибадатханасындағы ескерткіштерде көрініс беретін ғұрыптарды қалпына келтіру, олардың тарихи мәнін аша түседі. Қарақыстақ 1 қорымында жерленген түрік мемлекетінің белді мүшелеріне көрсетілген құрмет, түрік қоғамындағы тұрақтылықтың болғанын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Н.А.Баскаков классификациясы.В.В.Радлов және түркология
Көне түркі руникалық жазбаларының тарихы
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері туралы
Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері туралы ақпарат
Ежелгі түркі өркениетінің ерекшелігі
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері туралы ақпарат
Еліміздегі тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштердің туризмдегі рөлі
Ежелгі дәуір әдебиетінің кезеңдерін сипаттау
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері жайлы мәлімет
Ежелгі түркі әдебиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz