Құқықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну
Жоспары:
Кіріспе
І. Құқықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну.
1.1. Құқықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну.
1.2. Құқық әлеуметтік иниститут ретінде.
1.3. Құқық әлеуметтануының объектісі,пәні,әдісі,құрылымы,атқаратын қызметі.
ІІ. Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы
2.1. Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.
3) Құқық – қай қоғамның болмасын мүшелерінің ара-қатынастарының бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген қатынас моральдық және заңды тұрғыдан құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де себептерге байланысты.
Енді құқық нормасына келер болсақ, құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік.
Ал құқықтық қатынас бұл – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.
Аталған құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары менің курстық жұмысымның арқауы болып отыр. Жұмыс үш тараудан тұрады, әр тарау 2 бөлімді қамтиды. “Құқық туралы түсінік” атты 1-ші тарауда құқық ұғымы жайлы жалпы түсінік пен оның белгілері және нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың алар орны жайлы сөз етіледі.
Құқық ұғымы жайлы түсінік бергенде, оның жалпы мәнін ашуға тырыстым. Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. Құқықты ресми түрде танылған қоғам мүшелерінің әрекет ету мүмкіндігі деп қарастырса, келесіде “құқық” деп құқық нормаларының жүйеленген жинытығы деседі. Ендігі ретте “құқықты” оқу пәнінің ұғымы ретінде қолданылады делінеді. Осыдан өзге ғалымдар құқыққа субъективті де, объективті де тұрғыда анықтама беруге тырысады.
Міне, осындайлық құқық терминіне анықтама беруден бастап, бұл бөлімде сонымен қатар оның өзіне ғана тән белгілерін аштым.
“Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны” – бөлімінде нормативтік реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұратындығы, олар әлеутеммік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінетіндігі жөнінде сөз қозғалды. Осыларды аша келе І тарау мағынасы ашылды.
Құқықтық норма атты ІІ тарауда Құқықтық қайнар көздер және құқықтық норманың ұғымы, түрлері және оның құрылымы жайлы айтылды. Аталған бөлімдерде құқық пен мораль ара-қатынасы жөнінде, құқықтың құқықтық норма тудыратыны және ол нормалар жазбаша нысанда болатыны жөнінде, құқықтық нормаларға жалпы және айрықша белгілер тән болып келетіндігі жайлы ауқымды дәлелдер келтірілді. Сонымен қатар, құқық, құқықтық норма жөнінде сөз еткенде міндетті түрде олардың қайдан бастау алатынын, яғни қайнар көздер жайлы айтылуы тиіс. Сол әдетінші, мен де осы бөлімде құқық негіздерін 4 түрге бөліп қарастырдым.
Құқықтық қатынас атты ІІІ бөлімде құқықтық қатынас түсінігі мен белгілері және заңды айғаққа қатысты ғалымдардың тұжырымын келтіре отырып, курстық жұмыс тақырыбын ашуға тырыстым.
Бұл курстық жұмысым заң ғылымына қатысты елеулі еңбектерін жазған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жазылды.
Бұл еңбек құқықтық норма түсінігін игеруге көмекші құрал ретінді жараса екен деген ойдамын. Және де аталған тақырып менің алдағы да еңбектерімнің арқауы болар деген сенімдемін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. А.С. Ибраева, Н.С. Ибраев Теория государства и права: учебное пособие.- Алматы, «Жеті жарғы», 2003, - 65-71стр.
2. А.С. Ибраева Заң терминдерінің қазақша – орысша және орысша – қазақша қысаша түсіндірме сөздігі.- Алматы, «Жеті жарғы» 1996ж.
3. А. Жакупова «Конституция – основа развития государства» // Заң және заман.-2005ж. №9-17б.
4. Ә. Әділхан «Адам құқы – ең жоғары құндылық» // Заң және заман.- 2005ж.-№25-3-5 б.
5. Б. Қонақбаев «Азаматтарды құқықтық қорғау және олардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайту» // Заң.-2005ж.-№31.-26-28б.
6. Г. Адрасулова «Юридическое значение, функции и эффективность применения норм права» // Фемида.-2006ж.-№10-11-14б.
7. Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы.- Алматы, «Жеті жарға», 1998ж.,-88-89б.
8. «Қазақстан Республикасының Конституциясы»: Түсініктеме.-Алматы, «Жеті жарғы», 1999ж.,-26-32б.
9. «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері» : оқулық.-Алматы, 2003ж.,-112-116б.
10. Қ.А. Мустафаев «Құқықтық тәлім - тәрбие мен жалпы оқытудың іс-шаралары» // Заң.-2005ж.-№5.-31-33б.
11. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мухтарова, А.Н. Таукелов мемлекет және құқық теориясы: оқулық.-Алматы, ҚазМЗУ-дың баспа- полиграфия орталығы 1999ж.,-124-127б.
12. «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі» 27.12.1994ж.
13. Әлеуметтану негіздері Авторлары:А.И.Икенов, А.Д.Жүсіпова

1.3. Құқық әлеуметтануының объектісі,пәні,әдісі,құрылымы,атқар атын қызметі.
ІІ. Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы
2.1. Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын
білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған,
мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған
пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде
“неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура
келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік
құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген
жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық
ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды
түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар
құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.
3) Құқық – қай қоғамның болмасын мүшелерінің ара-қатынастарының
бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген қатынас моральдық және заңды тұрғыдан
құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз
кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де
себептерге байланысты.
Енді құқық нормасына келер болсақ, құқықтық норма заңда
ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің
атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік.
Ал құқықтық қатынас бұл – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі
қатынастар.
Аталған құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары менің
курстық жұмысымның арқауы болып отыр. Жұмыс үш тараудан тұрады, әр тарау 2
бөлімді қамтиды. “Құқық туралы түсінік” атты 1-ші тарауда құқық ұғымы жайлы
жалпы түсінік пен оның белгілері және нормативтік реттеу жүйесіндегі
құқықтың алар орны жайлы сөз етіледі.
Құқық ұғымы жайлы түсінік бергенде, оның жалпы мәнін ашуға тырыстым.
Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. Құқықты ресми
түрде танылған қоғам мүшелерінің әрекет ету мүмкіндігі деп қарастырса,
келесіде “құқық” деп құқық нормаларының жүйеленген жинытығы деседі. Ендігі
ретте “құқықты” оқу пәнінің ұғымы ретінде қолданылады делінеді. Осыдан өзге
ғалымдар құқыққа субъективті де, объективті де тұрғыда анықтама беруге
тырысады.
Міне, осындайлық құқық терминіне анықтама беруден бастап, бұл бөлімде
сонымен қатар оның өзіне ғана тән белгілерін аштым.
“Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны” – бөлімінде нормативтік
реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұратындығы, олар
әлеутеммік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінетіндігі жөнінде сөз
қозғалды. Осыларды аша келе І тарау мағынасы ашылды.
Құқықтық норма атты ІІ тарауда Құқықтық қайнар көздер және құқықтық
норманың ұғымы, түрлері және оның құрылымы жайлы айтылды. Аталған
бөлімдерде құқық пен мораль ара-қатынасы жөнінде, құқықтың құқықтық норма
тудыратыны және ол нормалар жазбаша нысанда болатыны жөнінде, құқықтық
нормаларға жалпы және айрықша белгілер тән болып келетіндігі жайлы ауқымды
дәлелдер келтірілді. Сонымен қатар, құқық, құқықтық норма жөнінде сөз
еткенде міндетті түрде олардың қайдан бастау алатынын, яғни қайнар көздер
жайлы айтылуы тиіс. Сол әдетінші, мен де осы бөлімде құқық негіздерін 4
түрге бөліп қарастырдым.
Құқықтық қатынас атты ІІІ бөлімде құқықтық қатынас түсінігі мен
белгілері және заңды айғаққа қатысты ғалымдардың тұжырымын келтіре отырып,
курстық жұмыс тақырыбын ашуға тырыстым.
Бұл курстық жұмысым заң ғылымына қатысты елеулі еңбектерін жазған
ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жазылды.
Бұл еңбек құқықтық норма түсінігін игеруге көмекші құрал ретінді
жараса екен деген ойдамын. Және де аталған тақырып менің алдағы да
еңбектерімнің арқауы болар деген сенімдемін.
І. ҚҰҚЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ ТҰРҒЫСЫНАН ТҮСІНУ
1.1. ҚҰҚЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ ТҰРҒЫСЫНАН ТҮСІНУ
Қандай да бір ғылым болмасын,оның ішінде,әсіресе,қоғамдық және
гуманитарлық ғылымның әлеуметтік жағы басым болды.Ғылым қоғам мен адамның
қандай қажеттілігінен,мұқтаждығынан пайда болғанын,ғылым осы қажеттілік пен
мұқтаждықты қалай іске асырып отыр,оның қоғамға тиімді жақтары
неде,халықтың материалық,мәдени,рухани дамуына қандай деңгейде және қалай
әсер етіп отыр,оның басқа қоғамдық құбылы-үдірістерімен,ғылымдар мен
байланыс-қатынастары,болашақ даму бағыттары,қоғамдағы орны мен атқаратын
қызметі қандай,т.б., бұл мәселелер әрбір ғылымның әлеуметтік жақтарын
құрайды.
Бұл тақырыпта жалпы әлеуметтанудың арналуы теориялардың бірі –
құқықтың әлеуметтік аспектілері сөз болмақ.Құқтық әлеуметтану жалпы
әлеуметтанудың жан-жақты терең дамуымен, оның жалпы құқық ғылымы мен іштей
тығыз байланыстарының нәтижесінде пайда болады.
Құқықтық әлеуметтану теориясы өте күрделі. Сондықтан ол осы уақытқа
өз деңгейінде қалыптаса алмай келеді, өйткені, ғалымдардың арасында
бұл мәселе бойынша қалыптасқан ортақ ой – пікір әлі жоқтың қасы.Ой
салыстыру, таластар әлі күнге дейін қызу жүріп жатыр.
1962-ші жылы Ү Халықаралық әлеуметтану Конгресінде құқық
әлеуметтануы ресми түрде ғылыми білімнің бір саласы ретінде
танылған болатын, бірақ оның табиғи мәні, зерттейтін объектісі, пәні
және оның қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар арасында алатын
орны осы уақытқа дейін әр түрлі талқыға түсіп келеді.Осы
тұрғыдан алғанда шетелдік әдебиеттерде құқықтық әлеуметтануды жалпы
әлеуметтанудың арнаулы теориясы деп қараса, Ресей құқықтанушылары
құқық әлеуметтануын жалпы құқық ғылымның бір саласы және ол
құқықтық ғылым деп санайды. Ал Ресей әлеуметтанушылары Э.В.
Тадвосян, С.В. Боботов, т.б. шетелдік әлеуметтанушылардың
көзқарастарын жақтайды.
Кейінгі әлеуметтанушылардың пікірінше, құқық әлеуметтануы
жалпы әлеуметтанудың белгілі бір саласы болып табылады. Құқық
әлеуметтануы, әлеуметтік юриспруденция ұғымдары әр түрлі мағынада
болып, олар әлеуметтанумен құқық ғылымдарында қолданылады.Әлеуметтік
құқықтың юриспруденциясы ұғымы құқық ғылымдары дамуының әлеуметтік
бағытын белгілеп анақтаса, құқық әлеуметтануы ұғымы жалпы
әлеуметтану ғылымының жеке саласындағы әлеуметтік – құқықтық
зерттеулерді анықтайды. Сонымен бұл екі ұғымның мазмұны мен
көлемі жағынан бірдей, екеуі де жалпы әлеуметтанудың қоғамдағы
құқықтың саласымен айналысатын өз алдына бөлімдерінде
қолданылады. Біздің пікірімізше, қазіргі құқық әлеуметтануы құқықты
негізінде үш мағынада қарайды.
Біріншіден, құқық- бұл міндетті түрде орындалатын әлеуметтік
ережелердің жиынтығы. Екіншіден, құқық белгілібір қызметті
атқаруда адамның, қоғамның мүмкіншілігі, бостандығы, егемендігі
болуын қамтамассыз етеді. Үшіншіден, құқық куәлік ретінде де
қолданылады. Мысалы, машина жүргізу құқықығы, т.б.
Біздің әңгімеміз алдыңғы екі категорияны қамтымақ..
Құқық ғылымының жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтану бөлімі
бар. Осыған орай жалпы құқықтық ғылым мемлекетпен құқықты
қондырманың бір түрі ретінде қарап, оларды қоғамның барлық
салаларымен, әсіресе, экономикалық құрылыммен тығыз байланыстылығын,
оған белсенді түрде әсер етіп отыратынын көрсетті.
Әлеуметтану ғылымы жеке қоғамдық және гуманитарлық
ғылымдармен тығыз байланыс, қатнастарда болып, олардағы
құблыстарды, үдерісті, көкейтесті мәселелерді, ой – пікірлерді,
істің мәні мен мазмұнын әлеуметтану тұрғысынан жан – жақты,
терең зерделеуге, тұжырымдауға тырысады.
Ал, жалпы құқық ғылымы осындай әлеуметтік теориялық
негіздеуді, яғни оның теориялық заңдылықтарын, әдістемелік
нұсқау, бағдарламаларын, құқықтық құбылыстар мен процестерді
зерттеудің ғылыми әлеуметтік әдістерін әр уақытта қажет етіп
отырады, оларды кеңінен қолдануға тырысады.
Жоғарыда көрсетілгендей, осындай жалпы әлеуметтану мен
жалпы құқық ғылымының тығыз байланыстары, әсіресе,
әлеуметтану ғылымының құқық ғылымына кең енуіне байланысты
әлеуметтанудың арнаулы салалық теориясы – құқық әлеуметтануы пайда
болады.
Құқық әлеуметтануы құқықты біртұтас, біріңғай жүйе, ерекше
бір әлеуметтік құрылым ретінде қарайды.Ал, мұндай құрылым әр
уақытта әлеуметтік шеңберде қаралуы тиіс.Осыған орай құқық
әлеуметтануы құқықтың қоғамдық қатнастар жүйесінде алатын орны
мен атқаратын қызметін, оның шығуы мен дамуын, өзгерту
тетігін, құқықтық ережелердің құрылымын, олардың қоғамдағы
адамдарға, топтарға, жіктерге, т.б. пайдалығын, тиімділігін,
басқа да қоғам салаларымен, құбылыстарымен, байланыстарын,
ықпалын зерттеді.
Құқық әлеуметтануы әр түрлі қоғамдық қатынастар жүйесінде,
яғни құқық пен құқықтық сананың әр уақытта таптық сипатта
болатынын, ақыр айағында құқықтық экономикалық қатынастармен
шарттас, тікелей байланыста, дұрысы, оларға біршама тәкелді
екенін көрсетеді, сонымен қатар қоғамда құқықтық реттеудің
көмегімен әлеуметтік қорғуды, бақылауды қамтамассыз етуді және
қоғамдық өмірді ұйымдастыруды зерттейді.
1. Құқық әлеуметтік иниститут, яғни алуан түрлі
ережелердің, бұйрық- жарлықтарының, талап – тілектердің жиынтығы.
Бұлар арқылы қоғамдағы адамдардың алуан түрлі жіктерінің,
топтарының әр саладағы жұмысын, қызметін бақылап,
тәртіпке салып, реттеп отыырады. Бұдан басқа құқық
кейбір жекелеген қоғамдық қатынастарды реттеп, басқарып
отырады. Мысал ретінде азаматтық және мұрагелік
иниституттардың жұмысын басқаруды айтуға болады.
2. Қоғамдық т қатынастар жүйесінде құқықтық әлеуметтік
ережелердің дамуы, қоғамдық тәртіпті қолдау, тілек -
талаптарды реттеуші сала ретінде танылады.
3. Ол құқықты, құқықтық сананы және құқықтық
шығармашылықты қалыптастыру үдірісі ретінде және құқықтық,
юридикалық ережелерді қоғамның барлық деңгейінде әлеуметтік
тәртіпке айналдыру үдірісі ретінде қарастырылады.
Норма деген термин латын тілінен алынған ұғым, ол
ереже деген мағынаны білдіреді. Жай тілмен айтқанда
ереже сөзі басқарушы деген жалпылама мағынада қолданылады.
Нормалардың объективтік заңдылықтармен ғылым заңдарынан
ерекшелігі:
1. Нормалар белгілі бір мақсаттың практикалық ережесі
болып саналады.
2. Норма тек жай ереже емес, ол жалпы халақтың
белгілі бір тәртіп мөлшерін белгілейтін ұғым. Оның
пәрмені текқана бір адамға емес, қоғамдағы барлық адамға,
олрдың алуан түрлі топтарына бірдей жүреді.
Ереженің жалпы маңызы өзінің талап - тілектеріне, бұл
талап – тілектердің дұрыстығына мәжбүрлеп сендіреді және
ықтиярсыз істету әдісіне сүйенеді.
Сонымен, ереже адамдардың табиғатымен қатынасында немесе
олардың қоғамдық қатынастарына қолданылады.
1. Адамдардың табиғат қатынастарына байланысты тәртібі
болады.
2. Әлеуметтік норма адамдардың өзара бір - біріне қарым
– қатынастарындағы тәртібін реттейді. Ережелердің бұл екі тобының
бір – бірімен айырмашылығы бар. Олардың мынандай себептерге
байланысты:
А) Бұл ережелерді кім жасады және олар кімнен шығып
отыр?
Ә) Ережелер мазмұнынң айырмашылығы қандай?
Б) Оларды орындамау қандай нәтижеге әкеп сщғады?
Әлеуметтік ережеге құқықтық ереже, тәртіп, өкілдік, т.б.
кіреді. Әлеуметтік ереже адамдардың белгілі бір ұжымынды
пайда болды.
Құқықта бекітілген құқықтық актілер ережелерінің жиынтығы
десек, онда таза құқық ғылымына жатады да әлеуметтік
сипаты болмайды.
Шетелдік құқықтық әлеуметтануда құқықтық қатнастардың
бейнесі құқық туралы кітап және ӨМІРДЕГІ ҚҰҚЫҚ
қағидаларында нақты тұжырымдалған. Бірінші болып мұндай
қағиданы өзінің ТІРІ ҚҰҚЫҚ атты еңбегінде Е. Эрлих, ал
ондағы алдыңғы қатарлы ой – пікірлерді америкада кең таратқан
Р. Паунд болды.
Осы нақтылы құқық пен жалпы және құқықтық қатынастарды
айырмашылықтарды көрсетуде М. Вебердің іс - әректі бір қалыпқа,
ретке келтіретін ЭМПИРИКАЛЫҚ және НОРМАТИВТІК
тұжырымдамасының маңызы зор.
1.2. ҚҰҚЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ИНИСТИТУТ РЕТІНДЕ
Бұл тұрғыда жалпы құқық әлеуметтік бүтіндіктің бір
бөлігі ретінде қаралады. Құқық әлеуметтік мұқтаждықтың, талап –
тілектің негізінде пайда болып, өмірге келді. Сондықтан ол
қоғамға қажетті қызметтерді атқарады. Сөйтіп қоғамның басқада
әлеуметтік иниституттармен мәдениет, білім, саясат, экономика,
бірлесе, байланыса отырып, қоғамның бірлігін, тұрақтылығын
қамтамассыз етіп отырады.
Құқықтың иниститутционалдық сипаты оның басқа жақтарынан
да көрінеді. Мысалы, құқықтығ іс - әрекеті, мемлекеттік
иниституттардың іс - әректі, қызметі арқылы қамтамассыз
етіледі. Оның ішінде құқықтық нормаларды орындау үшін
мәжбүрлеу шаралары қолданылады, ал, құқықты бұзса, санкция
белгіленеді. Дегенмен, әлеуметтанушылар әлеуметтік ұйымдар
тұрғысынан құқықтық ережелердің алға қойған мақсатты
орындауға, олардың қызметінің тиімділігінің артуына әр
уақытта күндікпен қарайды.
Әлеуметтану тұрғысынан қарағанда құқық әлеуметтік үдіріс
ретінде қаралуы тиіс. Ал, оны осындай үдеріс ретінде
түсіну - ол құқықтық ережелердің атқаратын қызметін
түсіну деген сөз.
Әлеуметтануда құқық алуан түрлі әлеуметтік құбылыс,
оның ішінде әлеуметтік иниститут ретінде қаралады. Бұл
жерде құқық қоғамының объективтік - әлеуметтік – нормативтік
құрылымын белгілейді. Мұның өзі оған әлеуметтік себептердің
байланысын, шарттылығын анықтауға мүмкіндік береді. Бұған
қоса құқықтық нормалардың қоғамның әр түрлі жақтарына
тигізетін нақты ықпалын, оны халықтың алуан түрлі
топтарының қалай қабылдайтынын, адамдардың құқықтық нысана,
бағыттарын, тәртіптерін заң шығарушы саласындағы мемлекеттік
және мемлекеттік емес мекеме ұйымдарының жұмыс қызметін,
олардың тиімділігінің артуын, т.б. зерттейді. Қорыта
айтқанда, құқық әлеуметтік иниститут болып, қоғамдағы алуан
түрлі қатынастарды реттейді. Қоғамдағы тәртіпті, әлеуметтік
бірлікті, тұрақтылықты қамтамассыз етеді.
1.3. ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ОБЪЕКТІСІ,
ПӘНІ, ӘДІСІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
Қандай да бір ғылымның пәні зерттелетін нақты
объектіні жан - жақты, терең бейнелейтін ұғымдардың жиынтығы
болып табылады. Осыған сәйкес зерттеуші бір құбылысты,
үдірісті немесе затты арнайы зерттегенде нақтылы объектіден
бастап, ол объекті туралы ой - пікір туғызады.
Жоғарыда айтылған ғылымның объектісі және пәні туралы
ұғым құқықтық әлеуметтануға да тікелей қатысты.
Құқық саласындағы әлеуметтік зерттеулердің мақсаты құқық
пен қоғамның өзінің байланысын, құқықтық әлеуметтік
функцияларын және заң нормаларының барлық деңгейде: қоғам
деңгейінде, әр түрлі әлеуметтік таптар деңгейінде, ұжымдар,
топтар мен тұлғалар деңгейінде әлеуметтік мінез - құлыққа
трансформациялануын анықтау болып табылады.
Құқық әлеуметтануы зерттейтін мәселелер тобы:
1) құқықтың әлеуметтік негіздері және құқық
шығарушылықтың тиімділігі.
2) құқықтың әлеуметтік функциясы және құқық нормалары
қызыметінің тиімділігі:
3) әлеуметтік топтардың құқықтық санасының жай - күйі,
қоғамдық пікір мен құқық, құқықты білу және заңның
мәртебесі.
4) моральдық және заңдық нормалардың өзара қатынасы,
құқық және құқықтық субмәдинет.
5) құқық саясатының мәселелері, заң органдары
қызметінің әлеуметтануы.
6) құқық тәртібінің жай күйі және құқықбұзушылықтың
әлеуметтік себептері, олардың алдын алу, жазалау мен қоғамдық
ықпал жасау шараларының тиімділігі.
Заң үдірісінің негізгі мәселесі - қазіргі және
болашақта шығарылатын заң актілерінің теориялық тұжырымдамасын
жасау болып табылады.
ІІ. Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы.
2.1. Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы.
Құқық – күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі – қоғамдық
қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық жалпыға бірдей міндетті
мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.
Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана ереже қағидасы.
Мысалы, құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіші,
торшасы.
Құқықтық норма - мемлекет таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық
қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын,
олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын
жалпыға бірдей міндетті ереже, норма.
Құқықтық норма – заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың
айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық,
нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға
мүмкіндік береді.
Әрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады: диспозиция
(мінез-құлық ережесі), гипотеза және санкция (жаза, шара).
Құқықтық норманың гипотезасы (жорамалы) – құқықтық норманы қолдану
(немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың бар екенін
көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Гипотезаның көмегімен мінез-құлықтың
қиялдағы нұсқасы өмірдегі жағдаймен, белгілі адаммен, мерзіммен және
орынмен байланыстырылады. Былайша айтқанда, гипотеза құқықтық нормаға жан
бітіреді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіп
бұзған болуы керек. Егер осындай іс-әрекет жасаса ғана, заң бұзушы жауапқа
тартылады.
Егер гипотезада бір ғана мән-жай көрсетіліп, сол жағдайда құқықтық
норма қолданылатын болса, оны жай гипотеза дейді. Мысалы, егер бала туғанда
ата-анасы қазақстан Республикасының азаматы болып саналады. Егер құқықтық
норманы қолдану үшін екі, одан да көп мән-жай қажет болса ондай гипотезаны
күрделі гипотеза дейді.
Егер құқықтық норманың қолданылуы бірнеше мән-жайдың біреуіне
байланысты болса, оны балама гипотеза дейді.
Құқықтық норманың диспозициясы – құқықтық қатынастарға қатысушылардың
мінез-құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық бөлшегі.
Диспозиция – құқықтық норманың ұйтқысы, мазмұны, өзегі. Бірақ құқықтық
норма тек қана диспозициядан тұрмайды. Гипотеза санкциямен байланысқанда
ғана диспозиция өзінің реттеушілік қызметін атқара алады. Диспозиция –
мінез-құлықтың үлгісі. Диспозиция үш түрлі болады: а) жай диспозиция, егер
мінез-құлықтың мазмұны ашылмаса; б) бейнеленген диспозиция –
мінез-құлықтың барлық мәнді белгілері анықталса; в) сілтемелі диспозиция –
егер құқықтық норма диспозициясы анықталған басқа құқықтық нормаға сілтеп
нұсқаса30.
Құқықтық норманың санкциясы – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған
жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі.
Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтынын
көрсетеді. Санкцияның түрлері: а) абсолютті – анық, б) баламалы,
в) салыстырмалы.
Заң (басқа да нормативтік құқықтық актілер) – нормативтік акт болып
саналады. Оның құрылымы ерекше. Заң баптардан тұрады. Бір заңда бір,
бірнеше, ондаған баптар болуы мүмкін. Ал заңның бабы бір немесе бірнеше
құқықтық нормалардан тұруы мүмкін. Егер заңның бабына бір норма болса, бап
пен норма сәйкес келеді. Бапта екі норма да болуы мүмкін. Онда, әрине
баптың мазмұны норманың мазмұнынан кең болады. Мысалы, қазақстан
Республикасының Конституциясының 34-бабы екі құқықтық нормадан тұрады:
1. Әркім Қазақстан Республикасы Конституциясын және заңдарын сақтауға,
басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын
құрметтеуге міндетті.
2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті31.
Кейде бір құқықтық норма бірнеше баптан тұруы мүмкін.
Заңның бабында кейде норманың тек бір бөлігі ғана болады, ал басқа
бөліктерін тағы екінші, үшінші баптардан немесе басқа нормативтік
актілерден іздеуге тура келеді. Бұдан құқық нормасын заңның бабынан
ажыратудың қажеттілігі туындайды. Мұның өзі сірә нормативтік актінің бір
бабында кейде екі, үш және одан да көп нормалардың кездесуінен болады.
Кейбір актілер, мысалы, құқықтың басқа салаларында қызмет ететін актілер
санкцияларды білдіруге маманданған болыпкеледі.
Егерде құқық нормасының құрамындағы құрылымдық элементтердің
қайсыбіреуі болмаса, онда ол өзінің реттеуші рөлін орындай алмайды.
Сондықтан да нормаларды жасағанда заң шығарушы оның әрбір бөлігін арнайы
жазып алуы қажет немесе оған тиісті сілтеме жасау жөн. Ал ол норманы жүзеге
асырушы өзінің істерін заң жөнімен сауатты құру үшін норма элементтерінің
барлық байланыстарын ескеруі тиіс.
Құқық нормасы құқықтың басқалай көріністерінен өзінің құрылымымен,
сондай-ақ маңызды белгі-нышандарымен ерекшеленеді. Құқық нормасы, оның
ішінде бәрінен бұрын жеке-дара ұйғарымнан ерекшеленеді. Жеке-дара ұйғарым
нормаға негізделеді және бір рет қана орындаумен тәмамдалады. Жеке-дара
ұйғарым дәлме-дәл белгілі бір оқиға ғана жалғыз бір жолғы әрекетке ғана,
нақты, дерегі белгілі бір адамға ғана орналады. Басқа жағынан алып
қарағанда құқық нормасы құқықтың жалпы принциптерінен ерекшеленеді. Құқық
принциптері норматвитік сипатта болса да, дегенмен өзін құқық нормасы
арқылы көрсетеді, өзін анықтап дәлелдеуді қажет етеді, гипотеза мен
санкцияға тікелей шықпайды. Онсыз құқықтық реттеудің айқындылығын көз
алдымызға елестетудің өзі қиын.
Қандай бір норма болмасын оның қайсы түрге жататынын айқындап, анықтап
алуға қызмет ететіндер құқықты жақсылап түсінуі, толығынан алғанда не үшін
қажет болатынын анықтау, реттеушілік мүмкіншіліктерінің қандай дәрежеде
екендіктерін біліп алу болып табылады. Заң нормаларын жіктеуге оларды
реттеуші және қорғаушы (сақтаушы) деп бөлу жіктеудің ең бастысы болып
табылады. Белгілі бір шамада мұның өзі де шартты ғана. Олай болатын себебі,
әрбір норма адамдардың еркі мен ықтиярына, санасына ықпал ете отырып, оның
мінезін, жүріс-тұрыстарын реттейді. Соның өзімен олардың мінездерін, жүріс-
тұрыстары тікелей реттелетін тәрізді. Қорғау нормалары заң алдындағы
жауаптылықтың және субъективті құқықтарды қорғаудан басқалай да мәжбүрлеу
шараларын белгілейді. Оларды қолданудың тәртіптік реттері мен жөн-
жосықтарын анықтайды. Мұнда адамдардың мінездерінің, жүріс-тұрыстарының
реттелуін жанамалай түрде жүргізілетін іспетті болады. Сонымен алдын-ала
қарастырылған санкцияның сипаты мен оның қай салаға жататындығына
байланысты құқық қорғау нормалары, азаматтық құқық қорғау нормалары,
әкімшілік құқық қорғау нормалары деп, қылмыстық құқық қорғау нормалары деп
сараланады. Нақ осы аталған сараларының нормалары негізінен алғанда
қоғамдық қатынастарды сақтап, қорғауға маманданған болып келеді32.

ішінде бәрінен бұрын жеке-дара ұйғарымнан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz