Білім беруді дамыту



1. КІРІСПЕ

2. БІЛІМ БЕРУДІҢ 2015ЖЫЛҒА ДЕЙІН ЖҮЗЕГЕ АСАТЫН
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

• БІЛІМ БЕРУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ НЕНІ КӨЗДЕЙДІ

• БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ:ЖАҢА КЕЗЕҢ ЖӘНЕ ЖАҢА ТАЛАПТАР


• ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

• ОСЫ ТҰЖЫРЫМДАМАҒА СӘЙКЕС ЕЛІМІЗДІҢ ЖАС ҰРПАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ . ҚАЗАҚ ТІЛІН,ОРЫС ТІЛІН ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІН БІЛУ МІНДЕТІ ТУРАЛЫ


3. ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстанның жедел дамып отырған адамзат қоғамының көшінен қалмай, қазіргі заманға лайық биіктен көрінуі, Мемлекет басшысының Жолдауында атап көрсетілгеніндей, ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне байланысты. Елдің ертеңгі өрісі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. Еліміздің білім беру саласында жүріп жатқан реформаның ең басты мақсаты-осы.
К. Құрманалиев ’’Жас Алаш”’ газетіндегі ”Төңкеріс емес, өзгеріс...деген сұхбатында Реформа дегеніміз, атынан байқалып тұрғандай, төңкеріс емес өзгеріс. Яғни, қолдағы барды, қалыптасқан жүйені жетілдіру, түрлендіру, өзгерту. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайды. Сондықтан да, “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” көрсетілгендей, қазақстандық білім жүйесін дамыту оның әлемдік білім кеңістігіне кезең-кезеңімен енуіне жеткіліксіз болып келген бұрынғы білім беру әдіснамасының құрылымы мен мазмұнын өзгертуді, жетілдіруді қажет етеді. Қысқаша айтқанда, білім берудің мазмұнын жаңарту мен мамандар дайындаудың сапасын арттыру-заман талабы.
• Ж.ҚҰЛЕКЕЕВ, “БІЛІМДІ ҰРПАҚ БІРНЕШЕ ТІЛДІ БІЛСІН” МАҚАЛА, “ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН” ГАЗЕТІ, 7 ШІЛДЕ 2004 Ж.


• К.ҚҰРМАНӘЛИЕВ, “ТӨНКЕРІС ЕМЕС, ӨЗГЕРІС…” СҰХБАТ, “ЖАС АЛАШ” ГАЗЕТІ, 5.02.2004 Ж.ЖАС АЛАШ” ГАЗЕТІ, 5.02.2004 .

• Ж.ҚҰЛЕКЕЕВ, "ҰЛТ БОЛАШАҒЫ – ЖЕТІ ТҮРЛІ БІЛІМ, ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН БІЛГЕН ҰРПАҚТА !" СҰХБАТ, "ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ" ГАЗЕТІ, 9-15 ШІЛДЕ 2004 Ж.

• “ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТIК ЖӘНЕ САЯСИ ЖЕДЕЛ ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДА” АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БIЛIМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМ МӘСЕЛЕЛЕРIНІҢ НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ ТҮСІНІКТЕМЕ, АСТАНА-2005

• СҰХБАТТАСҚАН ЕСЕЙ ЖЕҢІСҰЛЫ “ЖАС АЛАШ” 5 АҚПАН 2004 Ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

1. Кіріспе

2. Білім берудің 2015жылға дейін жүзеге асатын
тұжырымдамасы

• Білім беру тұжырымдамасы нені көздейді

• Білім беруді дамыту:Жаңа кезең және жаңа талаптар

• Жоғары білім беру мәселелері

• Осы тұжырымдамаға сәйкес еліміздің жас ұрпағы мемлекеттік тіл - қазақ
тілін,орыс тілін және шетел тілдерін білу міндеті туралы

3. Қорытынды

КІРІСПЕ

Қазақстанның жедел дамып отырған адамзат қоғамының көшінен қалмай,
қазіргі заманға лайық биіктен көрінуі, Мемлекет басшысының Жолдауында атап
көрсетілгеніндей, ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне байланысты. Елдің
ертеңгі өрісі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін
бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірмен ұштастырған
сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. Еліміздің білім беру саласында жүріп
жатқан реформаның ең басты мақсаты-осы.
К. Құрманалиев ’’Жас Алаш”’ газетіндегі ”Төңкеріс емес,
өзгеріс...деген сұхбатында Реформа дегеніміз, атынан байқалып тұрғандай,
төңкеріс емес өзгеріс. Яғни, қолдағы барды, қалыптасқан жүйені жетілдіру,
түрлендіру, өзгерту. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін
білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап
бағалайды. Сондықтан да, “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі
білім беруді дамыту тұжырымдамасында” көрсетілгендей, қазақстандық білім
жүйесін дамыту оның әлемдік білім кеңістігіне кезең-кезеңімен енуіне
жеткіліксіз болып келген бұрынғы білім беру әдіснамасының құрылымы мен
мазмұнын өзгертуді, жетілдіруді қажет етеді. Қысқаша айтқанда, білім
берудің мазмұнын жаңарту мен мамандар дайындаудың сапасын арттыру-заман
талабы.

Білім берудің 2015 жылға дейін жүзеге асырылатын тұжырымдамасы
нені көздейді, оны өмірге енгізудің қазіргі деңгейі қандай және таяу
болашақта не істелінеді деген көпшіліктің көкейінде тұрған сұрақтарға
Жақсыбек Құлекеев "Қазақ әдебиеті" ГАЗЕТІНІҢ "Ұлт болашағы – жеті түрлі
білім, жеті жұрттың тілін білген ұрпақта !" ДЕГЕН СҰХБАТЫНДА : Бүгінгі
білім саласындағы өзгерістердің барлығы дерлік бұрынғы басталған істердің
заңды жалғасы. Олар тек 2015 жылдарға дейінгі білім тұжырымдамасынан нақты
көрініс тапқандығын атап көрсетті. Қабылданған тұжырымдаманы халыққа білім
берудегі мемлекеттік көзқарас, мемлекеттік қолдау, тіпті мемлекеттік
доктрина десек, қателесе қоймаймыз. Жалпы білім, кәсіптік білім, жоғары
білім, ғылыми қызметкерлер даярлау – осы тұжырымдаманың басты тармақтары,
осы доктринаның негізгі салалары.
Қазіргі
уақыттағы жаһандастыру жағдайында әлемдегі жүріп жатқан процестер мен
өзімізде қалыптасқан ұтымды дәстүрлер мен оңтайлы ерекшеліктерді ескере
отырып, еліміздің ұлттық білім беру моделін жедел қалыптастыруымыз керек.
Біз интеграция мен жаһандастыру қатар жүріп жатқан заманның талабына сай
жұмыс істеуге тиіспіз. Ертеңгі күн әкелер ерекшеліктерге өркениеттілік
тұрғыдан білім берудің ұлттық моделін заман талабына, уақыт көшіне әрдайым
ілесе алатындай дәрежеде қалыптастырғанда ғана дайын тұратын боламыз. Онсыз
біз көштен қаламыз. Білім берудің әр деңгейіне тоқталатын
болсақ, тұжырымдамада көзделген он екі жылдық білім беру жүйесіне әлемдік
алдыңғы қатарлы өндірісі мен экономикасы өркендеген елдердің барлығы дерлік
баяғыда көшіп алған. Біз де осы он екі жылдық жүйеге көшеміз, оның үстіне
жоғары сыныптарда бейімді білім беруге баса назар аударылады. Тұжырымдамада
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде де түбегейлі өзгерістер
бар. Жоғары оқу орындары тарбейімді мамандар даярлаудан өндіріс пен
рыноктың шұғыл өзгеретін жағдайларына және ашық азаматтық қоғамның
талаптарына көбірек икемделінген кеңбейімді мамандарды даярлауға көшетін
болады. Бұрын болашақ маман бір бағытта ғана даярланса, ендігі жерде ол
жоғары оқу орнында мамандықтың негізін меңгеріп, одан арғы жерде өндіріс
пен экономиканың қалаған саласы бойынша қажетті білімді өздігінен игеріп,
меңгеріп кетуге икем болып даярланады. Жоғары білім алудың бірінші сатысы
бакалаврлық бағдарлама арқылы жүзеге асырылады. Оқу мерзімі төрт жыл.
Бакалавр дәрежесін алғандар ғылыми және кәсіптік деңгейлерін магистратурада
жетілдіре алады.
Магистрлік дәреже алу үшін бір-екі жыл оқу керек. Біз бұл жүйеге
биылғы және келесі оқу жылдарында толық көшуді көздеп отырмыз.Жоғары
білікті мамандар даярлаудың соңғы сатысы – халықаралық стандарттарға сәйкес
докторлық дәреже алу, оның оқу мерзімі үш жыл. Осылайша ұлттық білім
жүйесін өзімізде қалыптасқан дәстүр мен заман алға тартып жатқан
инновацияны ұштастыра отырып, бүкіләлемдік интеграцияға бейімдеу қадамдарын
жасап жатырмыз деп ойлаймын

"Білім беруді дамыту: жаңа кезең және жаңа талаптар", Білім және ғылым
министрі Жақсыбек Құлекеев:
Еліміз тәуелсіздігінің он екі жылында қоғамда, елдің сана-сезімінде
түбегейлі өзгерістер болды. Әлеуметтік-экономикалық саланың дамуы нарықтық
принциптерге негізделіп, жаңа өндірістік қатынастар қалыптасты. Жеке
тұлғаларға молынан еркіндік беріліп, олардың қандай да болмасын заңды
кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасалуда. Осының арқасында елімізде нарықтық
экономика қалыптасып, оны АҚШ-пен қатар Еуропа одағы мойындағанын бәріміз
білеміз.Соңғы төрт жылда еліміздің экономикасының орташа өсу қарқыны 10
пайызға жақын болып отыр. Экономиканың жоғарғы қарқынмен дамуына инвестицияның
ықпалы зор болатынын соңғы кезеңде барлық оқырман жақсы түсінетін болды.
Сондықтан, егемендік алған алғашқы күннен бастап, Елбасы жүргізген саясат
инвесторлар үшін ішкі дүниесі мен сауда-кедендік қағидалары түсінікті,
мейлінше ырықтанған экономика құру болатын. Осы бағытта біз үлкен
жетістіктерге қол жеткіздік. Оның нақты дәлелі шетелден келген ауқымды
инвестициялармен қатар, көптеп ашылып жатқан біріккен кәсіпорындар мен
трансұлттық компаниялардың санының өсуі.Осындай түбегейлі өзгерістердің біз
өмір сүріп отырған кезеңде орын алуы Қазақстан мемлекетін дүниежүзілік
экономикалық қауымдастыққа толық мүше етіп қана қоймай, еліміздің ішкі рыногын
да әлемдік рыноктың бір бөлігіне айналдырады. Мұның өзі бәсекелестікті
күшейтіп, экономиканың қай саласында болмасын жұмыс пен қызметті ұйымдастыруды
әлемдік талаптармен үндестіруді қажет етуде. Білім мен ғылым саласының алдында
да жаңа талаптар пайда болуда. Мысалы, елімізде көптеген шетелдік
компаниялардың жұмыс істейтіндігін, олардың шет тілін еркін меңгеріп, әлемдік
талаптарға сай қызмет көрсете алатын мамандарды жұмысқа шақыратындығын бәріміз
білеміз. Отандық компанияларымыз да алыс-жақын шет елдермен сауда-экономикалық
қатынастарын ұлғайтқан сайын, шетел компаниялары секілді, ағылшын тілін жетік
білетін, өз саласында әлемдік талаптарға сай қызмет көрсете алатын мамандарды
іздеуде. Әрине бұл кең етек алып келе жатқан еңбек рыногында кездесетін жаңа
құбылыстың бір көрінісі. Бұл үздіксіз процесс, сондықтан оны тоқтату мүмкін
емес. Олай болса, біз білім саласын қоғамның осындай жаңа талаптарына
бейімдеуіміз қажет. Жұртшылықтың талқылауына ұсынып отырған “Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасының”
негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа
талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары жастарды
тәрбиелеуге қол жеткізетін сапалы, бәсекеге қабілетті білім ордаларын
қалыптастыру. Әрине, аталған мақсатқа қол жеткізу үшін әлемнің жетекші
елдерінде қалыптасқан білім берудің мол тәжірибесін жан-жақты зерттеп, ұтымды
жақтарын алуға тырыстық. Қазіргі кезде әлемнің 80%-дан астам мемлекеттерінде
орта білім берудің мерзімі кемінде 12 жыл. Мұның өзі соңғы 20–30 жылда ғылым
мен техниканың орасан зор жетістіктерге қол жеткізіп, қоғамның әр түрлі
саласында жаңа технологиялардың кеңінен пайдалануынан туындаған жағдай.
Жастарды жаңа кезеңнің қатаң талаптарына сай өмірге баулу үшін, оларға
бұрынғыдан да мол, бұрынғыдан да жоғары деңгейде білім беру қажет.Осы өзекті
мәселені шешудің бірден-бір жолы ретінде дүниежүзілік қауымдастық 12 жылдық
білім беру жүйесіне көшуде. Біздің елімізде де жаңа әлеуметтік-экономикалық
қатынастар қалыптасуда, өмірдің барлық саласында ақпараттық, компьютерлік
техникалар кеңінен пайдалануда, көптеген жастар үшін қарапайым экономикалық
білім алу өмірлік қажеттілікке айналуда, демократиялық қоғамға сай өзіндік
көзқарасы бар, саяси түсінігі мол азамат дайындауда 12 жылдық білім беру
жүйесіне өтуді талап етіп отыр. Жалпы білім беру саласы өте сезімтал, адам
тағдырына үлкен әсер ететінін бәріміз жақсы білеміз. Бұл салада реформа жасау
да оңай шаруа емес, өйткені міндеттеген өзгерістерді толыққанды іске асыру
үшін білікті педагогтармен қатар жаңа буын оқулықтар дайындау қажет, көптеген
білім беру орындарының материалдық-техникалық базаларын жетілдіру керек және
т.б. Сондықтан осы салада үлкен реформа жасау үшін ел экономикасы қосымша
қаражаттар бөлуге дайын болып, қоғамда түбегейлі өзгерістерге деген нақты
сұраныс қалыптасуы қажет. Біздің елімізде осы екі жағдай қазір бар.
Біріншіден, еліміздің экономикасы қарқынды дамып келеді және осы процеске
тұрақты сипат беру үшін арнайы 2015 жылға дейінгі Индустриялдық-инновациялық
даму стратегиясы қабылданды. Осы стратегияға сәйкес білім мен ғылым саласының
алдына жаңа міндеттер қойылып, қаржыландырудың жаңа нысандары айқындалған.
Екіншіден, халықтың басым көпшілігі білім беру жүйесінің бүгінгі жағдайына
алаңдатушылық білдіріп, жаңалық енгізуді талап етіп отыр. Сол себепті, бұл
тұжырымдаманың туындауында осындай объективті себептер бар десек
қателеспейміз. Білім беру саласында жылдам реформа жасап, тез арада білікті
маман даярлау мүмкін емес. Оған кемінде 10–15 жылдай уақыт қажет. Сондықтан
біздің Тұжырымдама да 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған. Жалпы білім беру
жүйесінде үйреншікті дағдыдан үйлесімді, күрделі сабақтастықтарды қамтуға
ұмтылатын көп деңгейлі оқуға әркімді психологиялық жағынан әзірлеу ісі де
шешуші рөл атқаратынын, әрине, естен шығаруға болмайды. Тегінде, бізде білім
реформасы жайында сөз айтыла қалса, оған әлдеқандай үреймен немесе сынай
қараушылық, ескі әдетпен үнсіз қалу немесе тартыншықтау күші басып тұрады. Осы
салада жүргізілетін барлық өзгерістер арнайы психологиялық дайындықты қажет
ететіні рас. Оның бірнеше себептері бар. Мысалы, арнайы жүргізілген
психологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша, халықтың 90 пайызы үйреншікті
дағдыдан шығуға ынталы болмайды. Ал білім саласының реформасына келетін
болсақ, онда өзгерісті бірден қолдайтын халықтың үлес салмағы 10 пайыздан да
аз болуы мүмкін. Осы жағдайды ескере отырып, біз Тұжырымдаманы халықтың
талқылауына ұсынып отырмыз. Бұл құжатты жан-жақты талдау барысында әр түрлі
пікірлер айтылып, бәріміздің осы саланы өзгертуге бағытталған нақты шаралар
туралы мәліметіміз толығып, бір тұжырымға келуімізге қол жетеді деген ойдамын.
Тұжырымдамада алдағы жылдары орта мектепте бірте-бірте он екі жылдық білім
беруге көшу жайы да айтылған. Бұл баршаға мәлім де беймәлім жағдай. Оның
өзіндік қиындықтары да бар болар. Алты жастан мектепке барып, оны бітіргенше
бала әскер қатарына шақырылатын жасқа да жетеді. Жаңа оқулық кітаптары да
қажет етіледі. Мұны шешудің қандай жолы қарастырылған? Тұжырымдаманың
мазмұнына тоқталатын болсақ, онда білім берудің барлық деңгейінде әлемдік
талаптарға сай өзгеріс енгізу көзделген. Мәселен, жастарды білікті маман, озық
ойлы азамат етіп қалыптастыру үшін оларға бала күнінен бастап жүйелі тәрбие
беру қажет. Сондықтан Тұжырымдамада мектепалды тәрбие мен оқытуды жетілдірудің
жаңа тұстары айқындалып, олар нақты басымдылықтар түрінде белгіленіп отыр.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту азаматтарға үздіксіз білім берудің ең басты
деңгейі ретінде қарастырылған. Білім берудің осы деңгейінде қалыптасқан
қазіргі жағдай көпшілікті ерекше алаңдатуда. Өйткені, соңғы кезеңде орын алған
экономикалық қиындықтарға байланысты көптеген балабақшалар мен тәрбие орындары
жабылып, балалардың білім берудің осы деңгейімен қамтылуы 18–19 пайызға дейін
төмендеді. Соның салдарынан жасөспірімдердің мектеп жағдайына бейімделуі
төмендеп, оларға бастауыш білім беруде бірсыпыра жаңа проблемалар пайда
болуда. Сондықтан осы мәселелерді толыққанды шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие
және оқыту процестерінің ауқымын кеңейтіп, баланың білім алуына қажет жаңа
мүмкіндіктерді қамтамасыз ету керек. Ол үшін осы деңгейде қызмет көрсететін
ұйымдар мен арнайы оқу бағдарламаларын қаржыландырудың жаңа нысандарын
қалыптастыру міндеті тұр. Енді, орта білім беру проблемасына ойыссақ, онда бұл
саланың үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны екенін және осы деңгейдің
жастарға саналы тәрбие, сапалы білім беріп, елжанды азамат етіп қалыптастыруда
атқарар рөлі зор екенін естен шығармауымыз қажет. Тұжырымдамада қарастырып
отырған өзгерістердің негізгі басымдылықтары білім берудің осы деңгейінің
жұмысын жандандыруға бағытталған. Білім берудің 12 жылдық моделіне өту және
оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға бағытталған жоғарғы сатыдағы бейіндік
және кәсіптік бағдарлы оқыту жүйесін қалыптастыру ең күрделі ұсыныстардың
бірі. Дегенмен, бұл ұсыныс бұған дейін де Парламентте, Үкіметтің арнайы
жиналыстарында мамандардың қатысуымен алдын-ала талқылаудан өтіп, қолдау
тапқан ұсыныс. Әрине, бұл ұсынысты қабылдамауға да болады, өйткені жастарға
білім беру мәселесі, ол кез келген мемлекеттің ішкі проблемасы. Біздің
жасөспірімдерімізді сырттан келіп ешқандай мемлекет өз қаражатына оқытпайды.
Солай дегенімен, қазіргі интеграциялық процестер кең ауқым алған заманда,
негізгі сауда-экономикалық қатынастар дүниежүзілік талаптар мен заңдылықтарға
сәйкес жүргізіліп отырған кезеңде білім беру саласы әлемдік білім беру
талаптарынан кенжелеп қалмауы тиіс және сол талаптарға қайшы келе алмайды.
Керісінше, біз Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне
үйлестіруге мейлінше ұмтылуымыз қажет. Орта білім беру жүйесіндегі әлемдік
талаптардың негізгі талаптардың бірі -мерзімі жағынан 12 жылдан кем емес оқыту
жүйесін орнықтыру, жоғарғы сатыларда жастардың жеке қабілетін дамытуға жағдай
тудыратын дербес пәндерді тереңдете оқыта отырып, оқушылардың кәсіби
біліктіліктерін жетілдіретін бейінді оқыту жүйесін қалыптастыру. Бұл ұсыныстың
негізінде біздің еліміз 1997 жылы қабылданған Лиссабон конвенциясының
талаптары жатыр. Білім берудің 12 жылдық моделіне өту, әрине, көптеген
дайындық жұмыстарын қажет етеді. Ол үшін жаңа оқу бағдарламаларымен қатар, оқу
стандарттарын дайындау қажет. Көптеген мектептердің материалдық-техникалық
базаларын нығайтып, жаңа ақпараттық, компьютерлік жабдықтармен жұмыс істеуге
көшу керек. Бұған жаңа оқулықтар дайындалып, педагогтардың біліктіліктері
жетілдірілу ісін қосыңыз. Мұның бәрі тек ұйымдастыру шараларын ғана емес,
үлкен қаражатты қажет етеді. Сондықтан бұл өзгерісті іске асыру үшін ел
экономикасының дайындығы жоғары болуы шарт. Жоғарыда айтқанымдай, елдің
экономикалық ахуалы мен соңғы 7–8 жылда жинақталған тәжірибенің нәтижесі бұл
істі жүзеге асыруға барлық мүмкіндік бар екенін дәлелдеп отыр. Сондықтан, 12
жылдық білім беру жүйесіне көшуді кейінге қалдыра беруге болмайды.


Енді жоғары білім беру мәселелері туралы сөз қозғайтын болсақ, онда бұл салада
да бірыңғай жаңалықтар ұсынылып отыр. Оның барлығы қоғамның және тұлғаның
сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған. Білім
жүйесінің барлық деңгейлерінде келеңсіз сәттерді тудыратын білім берудің
сапасын субъективті бағалау басым болып отырғаны бәрімізге мәлім. Осы орайда
біріншіден, білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін енгізілді. Екіншіден, оқу
процесін ұйымдастырудың технологиясын жаңаша жүргізуді енгізудеміз, атап
айтқанда күнделікті бақылауды қарастыратын оқытудың кредиттiк жүйесiн жүзеге
асыру осы міндеттерді іске асырудың бірден бір дұрыс жолы деп санаймыз.
Үшіншіден, 2-ші, 3-ші курстан кейін аралық мемлекеттік бақылау және жоғары оқу
орнын бітірушілерге дербес бақылауды енгізу білім сапасын арттыруға жол ашады,
әрі оқытушылардың да жауапкершілігін күшейтеді. Сараптама деректеріне сүйенсек
2003-2004 оқу жылындағы түсу емтихандарының қорытындылары бойынша жалпы
тестілеуден өткендердің 28 пайызы білім деңгейлерінің 40 балдан төмен екенін
көрсетті. Бұл мектеп түлектерінің білім сапасының қандай екенін
байқатады.Сапасыз білім алып отырғандар да, сапасыз білім беріп отырғандар да
мемлекет тарапынан қатаң қадағалауды сезінуі қажет. Онсыз қазіргі білім
сапасын көтеруде қалыптасқан қоғамдық сананы өзгерту қиын. Жалпы білім
ұйымдарындағы білімнің сапасын арттыру оқу орындарының қазіргі қоғамның
талапқа сай жаңа технологиямен қамтамасыз етуге және педагог кадрлардың жоғары
білімділігіне тікелей байланысты. Сондықтан Білім және ғылым министрлігі 2004
жылы мектеп бітірушілердің білімін бағалауды және түсу емтиханын біріктіріп,
алғаш рет Ұлттық біртұтас тест өткізді . Бұл тестілеу жүйесі арқылы мектеп
бітірушілердің білім деңгейі ғана емес, оларды оқытушы педагог кадрлардың да
біліктілік деңгейі анықталды. Биылғы жылдан бастап жоғары оқу орындарында
оқитын 2-ші курс студеттерінің арасында мемлекеттік курсаралық бақылау тесті
өткізілді. Бұл студенттердің білім алудағы жауапкершілігін арттырумен қатар
сол жоғары оқу орындарында сабақ беретін педагогтардың білім берудегі
жауапкершілігін күшейтеді. Сондай -ақ, білім мекемелері басшыларының
ұйымдастыру жұмысын дұрыс жолға қоюына ықпал ететін болады. Яғни білім
ұйымдарының басшылары білім менеджментіне басты назар аударады. Сол арқылы
педагог кадрлардың білімі, біліктілігі іскерлігі қоғамның талабына сай
деңгейге көтеріледі деп күтілуде. Қазiргi уақытта министрлiк тарапынан ғылыми
дәреже алушылардың бiлiм деңгейiне қойылатын талаптар мен диссертациялық
жұмыстардың сапасын бақылауды күшейту бойынша бiршама жұмыстар атқарылуда.
Диссертацияларға тәуелсiз экспертиза жасау жүйесi жетiлдiрiлуде. Осы орайда
бiз Үкiметке эксперттердiң еңбегiне ақы төлеу жөнiнде ұсыныс енгiзілген.
Бiздiң ойымызша бұл жағдайда сапалы жұмыс даярлауға екi жақ та мүдделi болады.
Аймақтарда кандидаттық емтихан қабылдайтын тәуелсiз орталықтар құруды
жоспарлап отырмыз. Шет тiлдерiнен халықаралық стандартталған тест жүйесi
енгiзiлмек. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері
Инклюзивті білім беруде колледж студенттерін оқытудың педагогикалық шарттары ның теориялық негіздері
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПАРАДИГМА НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Білімді қаржыландыру
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға даярлау процесін талдау
Ресейдегі білім беруді ізгілендіру мәселелері
Электронды оқулықтарды құрастырудың педагогикалық технологиясы
Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлықты қалыптастырудың дидактикалық мүмкіндіктері
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Пәндер