Тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны



Кіріспе

I . тарау. Тың және тыңайған жерлерді игеру науқанының
жүргізілу себептері мен идеологиялық қайнар көздері

II . тарау. Тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны: сабақтар
мен тәжірибелер

III . тарау. Тың игерудің нәтижелері мен салдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қоғамымыз аграрлық саясатты дұрыс жүргізе білмеудің нәтижесінде бүгінгідей тығырыққа тірелді. Ғалымдар осынау дағдарыстың сырын анықтау үшін ауыл шаруашылығын дамытудың тарихына, соның ішінде 1954-1964 жылдарға назар аударуда. Бұл кезең кеңес елінің тарихындағы «Тың эпопеясы» жылдары деп аталады.
Тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру тақырыбы Кеңестік тарихи әдебиеттерде кең орын алды. Әсіресе, ірі монографиялық зерттеулер, ұжымдық еңбектер, ғылыми - практикалық конференциялар, мерекелік салтанаттар көбейді. Осы проблема жөнінде көптеген кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды, көркем әдебиетте де осы мәселеге назар аудара бастады. Бір сөзбен айтқанда, елдің бәрі даңғаза, құрғақ сөзге әуес бола бастады. Тың игеруді жаппай игеру тарихын зерттеу алғашқы қазықтар қойылған елуінші жылдардың орта кезеңінен басталады.
60 – жылдардың екінші жартысынан кейін «Тың эпопеясының» жаңа тарихи дәуірі басталады. Бұл кезеңде негізінен жалпылама еңбектер басым болады. В. И. Лениннің аграрлық мәселелер жөнінідегі еңбектер кеңінен қолданылады. КОКП – нің, оның төмендегі ұйымдарының рөліне айрықша орын берілді. Осындай және басқа да проблемалар «коммунистік партия Қазақстандағы тың жерді игеру жолындағы күресте» деген коллективтік монографияда, В.В. Куликовтың «Тың жерді игерудегі тарихи тәжірибе», С.Л. Ковальский мен Х. М. Мадановтың «Қазақстандағы тың жерді игеру» атты кітаптарында жан – жақты көрсетілген. Бұл кітаптар авторларының тың игерудегі бірқатар жұмыстардың басын құрағанымен қатар мұндай күрделі істі бір жақты көрсеткенін атап көрсеткеніміз жөн. Осындай еңбектерде тың эпопеясын мадақтау тұрғысында « бұдан басқа жол жоқ еді», «бірден бір дұрыс шешім» тың жерлерді игеру - өндірісті интенсивтендірудің социалистік әдісі деген сияқты баға берген сөздермен дәріптеледі. 1975 жылға дейін ғана жазылған еңбек саны 15 мыңнан асады [1].
Тың тақырыбына материалдардың саны өте көп болғанымен сапасы ойдағыдай емес. Аталмыш еңбектерді олардың авторларын бағалай отырып, олардың көбі мадақтың негізіндегі жазылғанын сын көзбен ғылыми тұрғыдан тың игеруге баға берілмегенін айтуымыз керек.
1. Әбуев Қ. Қазақстан тарихының «ақтаңдақ » беттерінен. А., 1994ж. 72-73бб.
2. Қазақстанның қазіргі және жаңа заман тарихы. (Құраст. Қаражанов Қ., Қозыбақова Ф. Саржанова С. Мекебаев Т.) ҚазҰУ, 2005ж. 220-221бб.
3. Баишев. «Целииная эпопея» А., 1986ж.10-12бб.
4. Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992ж. 110-111бб.
5. Жумасултанов Т. Целине -50. А., 2003.12б.
6. Қазақстан тарихы. Т. 3.А., 1992. 301-302бб.
7. В.И. Брежнев. «Тын» Алматы, 1997. 115б.
8. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А., 2002. 375б.
9. Қазақстанның қазіргі және жаңа заман тарихы. (Құраст. Қаражанов Қ., Қозыбақова Ф. Саржанова С. Мекебаев Т.) ҚазҰУ, 2005ж. 220-221бб.
10. Баишев. «Целииная эпопея» А., 1986ж.10-12бб.
11. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А., 2002. 375б.
12. Әбуев Қ. Қазақстан тарихының «ақтаңдақ » беттерінен. А., 1994ж. 72-73бб.
13. Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992ж. 110-111бб.
14. Қазақстанның қазіргі және жаңа заман тарихы. (Құраст. Қаражанов Қ., Қозыбақова Ф. Саржанова С. Мекебаев Т.) ҚазҰУ, 2005ж. 220-221бб.
15. Жумасултанов Т. Целине -50. А., 2003.12б.
16. Г. Кәдірқұлова. Қазақстан тарихы. А., 2002. 223б.
17. Әбуев Қ. Қазақстан тарихының «ақтаңдақ » беттерінен. А., 1994ж. 91б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

I – тарау. Тың және тыңайған жерлерді игеру науқанының
жүргізілу себептері мен идеологиялық қайнар көздері

II – тарау. Тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны: сабақтар
мен тәжірибелер

III – тарау. Тың игерудің нәтижелері мен салдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қоғамымыз аграрлық саясатты дұрыс жүргізе білмеудің нәтижесінде
бүгінгідей тығырыққа тірелді. Ғалымдар осынау дағдарыстың сырын
анықтау үшін ауыл шаруашылығын дамытудың тарихына, соның ішінде 1954-1964
жылдарға назар аударуда. Бұл кезең кеңес елінің тарихындағы Тың
эпопеясы жылдары деп аталады.
Тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру тақырыбы Кеңестік тарихи
әдебиеттерде кең орын алды. Әсіресе, ірі монографиялық зерттеулер,
ұжымдық еңбектер, ғылыми - практикалық конференциялар, мерекелік
салтанаттар көбейді. Осы проблема жөнінде көптеген кандидаттық және
докторлық диссертациялар қорғалды, көркем әдебиетте де осы мәселеге назар
аудара бастады. Бір сөзбен айтқанда, елдің бәрі даңғаза, құрғақ сөзге
әуес бола бастады. Тың игеруді жаппай игеру тарихын зерттеу алғашқы
қазықтар қойылған елуінші жылдардың орта кезеңінен басталады.
60 – жылдардың екінші жартысынан кейін Тың эпопеясының жаңа
тарихи дәуірі басталады. Бұл кезеңде негізінен жалпылама еңбектер
басым болады. В. И. Лениннің аграрлық мәселелер жөнінідегі еңбектер
кеңінен қолданылады. КОКП – нің, оның төмендегі ұйымдарының рөліне
айрықша орын берілді. Осындай және басқа да проблемалар коммунистік
партия Қазақстандағы тың жерді игеру жолындағы күресте деген
коллективтік монографияда, В.В. Куликовтың Тың жерді игерудегі тарихи
тәжірибе, С.Л. Ковальский мен Х. М. Мадановтың Қазақстандағы тың
жерді игеру атты кітаптарында жан – жақты көрсетілген. Бұл кітаптар
авторларының тың игерудегі бірқатар жұмыстардың басын құрағанымен қатар
мұндай күрделі істі бір жақты көрсеткенін атап көрсеткеніміз жөн.
Осындай еңбектерде тың эпопеясын мадақтау тұрғысында бұдан басқа жол
жоқ еді, бірден бір дұрыс шешім тың жерлерді игеру - өндірісті
интенсивтендірудің социалистік әдісі деген сияқты баға берген
сөздермен дәріптеледі. 1975 жылға дейін ғана жазылған еңбек саны 15
мыңнан асады [1].
Тың тақырыбына материалдардың саны өте көп болғанымен сапасы
ойдағыдай емес. Аталмыш еңбектерді олардың авторларын бағалай отырып,
олардың көбі мадақтың негізіндегі жазылғанын сын көзбен ғылыми
тұрғыдан тың игеруге баға берілмегенін айтуымыз керек.
Тақырыптың өзектілігі - бұл мәселе қазіргі саясатымызға сабақ
болуы керек. Әсіресе, нарықтық қарым – қатынасқа көшу жағдайында
қазақ жерінің ерекшелігін, жер шаруашылығын жүргізудің әдістерін қатаң
еске алған жөн. Әйтпесе, бір кездері жіберген қателіктерді тағы да
қайталап алуымыз мүмкін.
Осы орайда менің бұл тақырыпты жазу мақсатым – оқушыларды 50-60
жылдарда артта қалған ауыл шаруашылығын алға бастырудың жолын іздеген
әкімшіл - әміршіл жүйенің іс -әрекетімен таныстыру. Бүкілхалықтық
қозғалыстың барысы мен нәтижесін жан – жақты баяндау арқылы оқушыларға
тың және тыңайған жерлерді игерудің мәні мен маңызын, зияны мен зардабын
анық ашып көрсету. Нақты мәліметтер мен деректерді көрсете отырып, тың
және тыңайған жерлерді игерудің Қазақстан үшін пайдасы мен зиянын
оқушылардың өзіне анықтатқызу.
Дамытушылық: Оқушыларды тарихи даталар мен тарихи оқиғаларды есіне
сақтауға дағдыландыру.
Қажетті нүктелер мен аймақтарды оқушыларға анықтату арқылы
картамен жұмыс жасауды одан әрі жетілдіру.
Оқушыларды тарихи фактілерді саралап, олардың жұмыс жасауды одан
әрі жетілдіру.
Оқушыларды тарихи фактілерді саралап, олардың себеп - салдарын
анықтауға, оқиғаларды салыстыруға, жүйелеп қорытынды жасауға үйрету.
Оқушыларды тарихи деректерді зерттей алуға, өз бетімен ізденуге
дағдыландыру.
Тәрбиелік мәні : Тың және тыңайған жерлерді игеруде ерен ерліктің
үлгісін көрсеткен тыңгерлердің еңбегін көрсету арқылы оқушыларды
еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер.
Түсіндірмелі сызба - әдістер, сұрақ – жауап әдістері мәселелік –
мәліметтік әдістер, ізденіс әд мәліметтік әдістер, ізденіс әдістері,
салыстыру – талдау - жинақтау – қорытынды әдістері.
Бүкілхалықтық қозғалыс кезінде нығайған халықтар достығын
әңгімелей отырып, оқушыларды ізгі дәстүрге тәрбиелеу.
Үлкен тарихи оқиғаны саралау арқылы өткенді құрметтеуге бағыттау.
Мұнда мәселе, жалпы тың жерді игеру идеясы туралы емес, оның
әдістері, көлемі, кезеңі әлеуметтік - экономикалық , демографиялық
және экологиялық зардаптарында.
Тыңның толық тарихын жазу, оны жан – жақты талдап, таразылау,
көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізу алдағы уақыттың еншісі.
Жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

I бөлім. Тың және тыңайған жерлерді игеру науқанының жүргізілу
себептері мен идеологиялық қайнар көзі

Қазақстан жерінде соғыс әрекеттері болған жоқ, әйтсе де оның
зардаптары сезіліп тұрды. Әсіресе, бұл жағдай ауыл шаруашылығында айқын
білінді.
Соғыстан кейінгі алғашқы 1946 жыл ауыл шаруашылығы үшін қиын жыл
болды. Соғыстың ауыр зардаптары салдарынан Молдавия, Украина, орта
қаратопырақты аудандарда, төменгі Повольжьеде және т.б. аудандарда
аштық орын алды. Қазақстанда орта есеппен 1 га-дан 4ц астық алынып,
астық салынбаған аудандағы шығындар Қазақстан астығы арқасында
толықтырылды. Осы жылғы жиналған астықтың 56% мемлекетке тапсырылған.
Ауыл шаруашылығындағы қиыншылықтардан арылу мақсатында 1946
жылдың желтоқсанында КСРО министрлер Кеңесі КСРО – ның шығыс
ауданадарында егін егетін жер көлемін ұлғайту жөнініде қаулы қабылдады.
Осы қаулы негізінде егін егетін жер көлемін 10 млн. га көбейту
көзделеді. 1950 жылы 1946 жылмен салыстырғанда Қазақстандағы егістік
көлемі 1 млн. 173000 га артады. Осы шаралардың нәтижесінен кейін
Қазақстанда жиналған астық көлемі біршама көтеріледі. Бірақта егістік
көлемі көбейгенімен егін егу сапасы төмен күйінде қала берді. Осының
салдарынан 1953 жылы жоспарылған 8 млрд. пұт орнына 5.6 млрд. пұт қана
астық жиналды [2].

Тың игерудің кезеңдері Жоспарлы жыртылатын жер
1. 1954-1955 жж. 13.5 млн. га жер
2. 1956-1960 жж. 28-30 млн га жер

Республиканын мал шаруашылығы да ауыр жағдайда болды. 1951 жылдың
өзінде ірі қара саны 4.5 млн. (1928 жылы 6.5 млн болған); жылқы 1.5 млн
(3.5 млн), түйе 127 мың (1млн) болды. Тез өсетін қой саны ғана 1928 жылғы
санына жақындады. 1951 жылы 18036 мың қой болды. (1928 жылы 18566 мың).
Ауыл шаруашылыңындағы қиын жағдайға қарамастан, республикадан жаудан
азат етілген республикаларға көмек ретінде ақысыз 17.5 мың ірі қара, 2.2
мың жылқы, 350 мың қой және арнайы жеңілдетілген бағамен 500 мың мал
жіберілді.

Мемлекет тарапынан көрсетілген көмек

1. Жұмысшы қолын жіберді

2. Ауылшаруашылық құралдарын жіберді, 122 мың трактор, 30 мың
комбайн, 22 мың жүк машина.

3. Ақшалай қаражат бөлінді, 2 млрд сом.

Ауыл шаруашылығы жұмысшыларының еңбек ақысы өте төмен болды.
Өйткені, мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасы өте
төмен еді. Мысалы, астық бағасы өз құнының сегізден бір бөлігін ғана
жапты. 1946 жылы мемлекет 1 колхозға 143 000 сом ақша жұмсаса, 1950 жылы
117000 сом ақша жұмсалған. Сондықтан колхозшының бір күндік жұмысына бір
килограмм астық тиесілі болды, қалғанынікі бқдан да төмен болған.
Шаруаның колхоздан алған жалақасына күн көруі мүмкін болмағандықтан,
оның негізгі күн көріс көзі - өзінің ауласындағы жер керек болды.
Осыған байланысты республика ауыл шаруашылығын халықтың азық – түлікке,
өндірістің шикізатқа сұранысын қанағаттандыра алмады. Республика ауыл
шаруашылығын дағдарыстан шығарудың екі жолы болды. Бірінші жолы -
өндірістік қатынастарды қайта қарау, нақтырақ айтқанда, осы уақытқа
дейінгі жүргізіліп келе жатқан бағыттан бас тарту, жерді жеке меншікке
беру, нарықтық қатынасқа көшу, осы арқылы ауыл еңбеккерлерінің өз
еңбегінің нәтижесіне ынтасын артыру.
Екінші жолы - ауыл шаруашылығын дамытудың экстенсивті жолы яғни осы
уақытқа дейінгі жүргізіліп келде жатқан бағытты сақтай отырып, оны
жеделдету жолы.
1953-1964 жылдары КОКП ОК – нің бірінші хатшысы және Министрлер
Кеңесінің төрағасы Н.С. Хрущев тұсында ауыл шаруашылығының қатаң
басшылығымен, орталық жоспарлауды колхоздар мен совхоздардың
тәуелсіздігімен ұштастыруға бағытталған талпынушылық байқалды. Оның
негОның негізі 1953 жылы КОКП ОК – нің қыркүйек Пленумының шешімдері
болып табылады [3].
Ұлттық табыс ауылдық жерлердің пайдасына бөліне бастады, салық
саясаты өзгерді, ауыл шаруашылығының өндірісін сатып алу және дайындау
бағалары көтерілді. Сталиндік қатаң бақылаудан бас тарту көп ұзамай –
ақ нәтижесін бере бастады.
Бірақ та бұл кезеңдегі аграрлық саясат тұрақты болмады. 1954 жылдан
бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған дамуын қамтамасыз
ету үшін Қазақстанға тікелей қатысты тың және тыңайған жерлерді игеру
саясаты жүргізілді [4].
Тың және тыңайған жерлерді игеру саясатының Қазақстанда жүргізілу
себептері тікелей Ресей тарапынан жүргізіліп келе жатқан отарлау
саясатының жалғасына байланысты. Олай дейтініміз – егер астық егуге
арналған алқаптарды ұлғайтатын болса, онда ол жерлерді қазақтар өңдеуге
шамалары келмейтінін білді. Осы арқылы тыңды жүз тілдің планетасына
айналдыру, интернационализм идеяларын ұстай отырып, Қазақстанның ұлттық
құрамын көбейту болды.
Тағы бір себеп, ол Ресей өз жерлерін болашақ қорға ұстап,
негізінен басқа ұлт жерлерін пайдаланып, басқа туған дағдарыстан шығуды
көздеді.
II бөлім. Тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны: сабақтар мен
тәжірибелер

1952 жылы басқа комиссия мал шаруашылығындағы жағдайды
жақсартуға көңіл бөлді. Аталмыш комиссиялардың жұмыс нәтижесі КСРО
Жоғарғы Кеңесінің сессиясында талқыланды. Үкімет эконом иканы
сауықтырудың ойластырылған шарасын ұсынды. КСРО Министрлер Кеңесінің
төрағасы Г. Маленков халық тұтынатын тауарларды өндіруді ұлғайту үшін
ауыл шаруашылығын көтермей болмайды деген тұжырым жасады. Біздің
басты міндетіміз, - деді ол, қысқаша мерзім ішінде ауыл шаруашылығындағы
колхоздар мен совхоздардың артта қалушылығын жатып, оны тез аяғымен
қоя отырып, шаруашылықтарды нығайтуға колхозшылардың еңбек күнін
көбейтіп, оларға ақша бөлуді ұлғайту. Баяндамада астық мәселесі
маңызды деп таңылып, оны өндіруді көбейту мақсаты қойылды. Ауыл
шаруашылығын дамыту мәселелері КОКП Орталық Комитетнің 1953 жылғы 3-7
қыркүйек айында болған Пленумда да қаралды [5].
Саланың жағдайын сараптай келіп, пленум ауыл шаруашылығын дамыту
жөнінде жаңа көзқарас қалыптырды. Алдымен ауыл шаруашылығына күрделі
қаржы бөлуді ұлғайту көзделді. Пленум сонымен қатар алғаш рет
социалистік шаруашылықты жүргізудің негізі ретінде қызметкерлерді
материалдық қаржыландыру принципін шаруашылық табысымен байланыстырды.

Қазақстан басшылығы бұл бастаманы қандай қойылады. Осыған
байланысты, 1954 жылы 11 ақпанда өткен Қазақстан КП ОК – нің Пленумында
бірінші хатшы Ж. Шаяхметов, 2 – ші хатшы Л.И. Афонов босатылып,
олардың орнына орталықтан жіберілген Р.К. Пономоренко және Л.И. Брежнев
сайланды. Жергілікті жердің қазақ басшылары сынға ұшырап, үш айдың
ішінде тың өлкесіндегі алты облыстық 1 – ші хатшылары ауыстырылды.
Себебі, Ж. Шаяхметов бұрынғыша өз пікірін былай қорғады: Қазақстанда
жер жетеді, - деді ол сөйлеген сөзінде, - жыл сайын біз жоспарлы
түрде, мүмкіндіктер мен қажеттіліктерді есепке алу арқылы, астық
егуге арналған қомақты алқаптарды игеріп отырамыз. Бұл жұмыс міндетті
түрде ары қарай жалғасады. Бірақ, біз 2-3 жыл ішінде 20-25 миллион
гектар жерді аударуға үзілді - кесілді Қазақстанда мал санының өсіп
келе жатқанын ескермеуге болмайды, өйткені малға жақсы жайылымдар,
бірнеше миллион тонна пішен – шөп дайындау үшін шабындық жер қажет.
Қойылған міндетті орындау көп күш жұмсауды қажет етті. Алға
қойылған мақсаттарға жету үшін әкімшілдік - әміршілдік жүйенің барлық
күш – қуаты іске қосылды. КОКП Орталық Комитетінің ақпан – наурыз
Пленумының (1954ж.) шешімдері республикалардың Орталық Комитеттерінің
облыстық, қалалық және аудандық партия ұйымдарының жиналыстарында
талқыланды. Насихат пен үгіт құралдарының барлық түрі кеңінен,
пәрменділікпен қолданылды. КОКП Орталық Комитеті Қазақстанның және
еліміздегі басқа да шығыс аймақтарының Тың және тыңайған жерлерін игеруге
аттануға шақырған барлық кеңес халқына арналған үндеу қабылдады[6].
1954 жылы 22 қаңтарда Н. Хрущев өз атынан КОКП ОК Президиумына КСРО –
дағы ауыл шаруашылығының ахуалы мен перспективалары туралы хат жолдады.
Қазір мемлекетіміздің алдында таяу жылдарда азық – түлік, жем – шөп,
жарма және дәнді бұршақты дақылдарды дайындау мен сатып алу бойынша
2500-2600 миллион пұт астыққа қол жеткізу үшін астық өндірісін күрт
ұлғайтудың мүмкіндіктерін қарастыру міндеті тұр, - деді Н. Хрущев.
Өзінің хатында Хрущев КСРО- дағы ауыл шаруашылығының жетістіктері
туралы бұрынғы мәлімдемелердің нақты сәтсіздікке ұшырағанын мойындау
еді. Мысалға, кейбір цифрларды келтірсек, 1940 жылы 2225 миллион пұт
астық дайындалса, ал 1953 жылы ол небәрі 185о миллион пұт қана болды,
яғни 375 миллион пұтқа азайды. Сонымен қатар халық шаруашылығының жалпы
өсуіне, қала халқының айтарлықтай ұлғаюы мен нақты жалақының өсуіне
байланысты ел ішінде нан тағамдарын жұмсау шығындары жылдан – жылға көбейе
түсті [7].
Нақты өндіріс пен астықты жұмсау шығындарының Хрущев келтірген
деректері, елдің өндіргенімен салыстырғанда, көбірек ішіп – жегенін
көрсетеді. Шығындар өсе түссе, шығымдылық азая берді. Егіс алқаптарының
құрылымы мен КСРО-дағы, АҚШ пен Канадағы жеке дәнді дақылдар бойынша
шығымдылықтың таңдауының нәтижелері, келтіргенін ауылшаруашылық
статистикасы шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігін дәлелдеп берді [8].
Бұрынғы Кеңестер Одағы, оның ішінде Қазақстанда тың және тыңайған
жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрады: 1)1954-1955 жж; 2) 1956-
1958жж; 3) 1959-1965 жж.
Тың игеру жылдарында негізінен солтүстік облыстарда жүздеген
совхоз орталықтары ашылды. Әміршіл - әкімшілік басшылыққа совхоздар
тиімді болғандықтан, тың игерудің алғашқы жылында ғана 300 жаңа совхоз
ұйымдастырылса, 1955 жылдың соңына қарай олардың саны 631 – ге жетті. Ал
1958 жылдың ақпан айынан бастап колхоздар совхоздарға, МТС- тар жөндеу
станцияларына айналдыра бастады.
Тың игерудің тек алғашқы кезеңінде республикаға өзге
республикалардан 640 мың адам көшіріліп әкелініп, Қазақстанда 18 млн га
тың жер, немесе бұрынғы Одақтағы жыртылған жерлердің 60.6% игеріліп,
республикадағы егістік көлемі 22.4 млн гектарға жетті. Осының
арқасында 1956 жылы Қазақстан алғаш рет миллиард пұт астық алып, Ленин
орденімен марапатталады. Қазақстанның әр азаматына өндірілетін астық 2
мың кг. жетті. Оның үстінде тың астығы сапалы болғандықтан негізінен
экспортқа шығарыла бастады.
Орталық басшылық 1956 жылдың ақпан айында өткен КОКП-нің ХХ
сьезінде Қазақ КСР-нің алдында жаңа міндет - астық өндіруді бес есе
арттыру міндетін қойды. Осыған сай 60-шы жылдардың ортасына қарай
Қазақстанда жыртылған тың және тыңайған жер көлемі 25 млн.га жетті. Бірақ
та тың игерудің алғашқы жылдарында қол жеткен табыс одан әрі ұштасып кете
алмады. Өйткені жаңадан игерілген тың жерлер 60 жылдардың ортасына қарай
өз мүмкіндіктерін сарқи бастаған болатын. Осының салдарынан әрбір
гектардан жоспарланған 14-15ц. астық орнына 1954-1958 жылдары 7,4 ц.
жиналса, 1961-1964 жылдары 6,1 ц., ал 1964 жылы - 3,1 ц, ғана астық алынды.
Осы кезден бастап еліміз АҚШ, Канада, Аргентина, Франциядан астық сатып
алуға кіріседі. 1958 жылы 135 млн тонна астық жиналды. Негізгі
аудандарда тың және тыңайған жерлер 2,5 есеге, соның ішінде Қазақстан -4
есе, Батыс Сібір -2,1 есе, Шығыс Сібір – 3 есеге көбейді. Мұның бәрі
астықтың сату деңгейін 1,5 есеге арттырды. 1954-1959 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тың және тыңайған жерлерді игеру (1954–1958 жж.)
Тың және тыңайған жерлерді игеру тарихы
ТЫҢ ИГЕРУ САЯСАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ
Тың игерудің салдары
Тың және тыңайған жерлерді игеру және оның қазақстанға әсері
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Қазақстандағы тың игеру саясатының басталуы.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСТЫҚ АЛҚАБЫ ДАМУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
Тың игерілген жылдардағы Қазақстанның астық жинаудағы көрсеткіштері мынандай
Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның этникалық келбетінің қалыптасуы
Пәндер