Қарағанды облысының тарихы



Кіріспе

Қарағанды облысының тарихы


Негізгі бөлім

а) Тың жылдарындағы Қарағанды
б) мәдени орталықтары
в) халықтың әлеуметтік жағдайы


Қорытынды
Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы, 10 наурызда құрылған. Жерінің аумағы 428,0 мың км². Тұрғыны 1333, 6 мың адам. Солтүстігінде Ақмола, Павлодар, шығысында Шығыс Қазақстан, оңтүстігінде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, батысында Ақтөбе, Қостанай облыстарымен шектеседі. Облыс 9 ауылдық, 2 қалалық, әкімшілік ауданға бөлінеді. 11 қала, 39 кент, 168 ауылдық әкімшілік округі бар. Әкімшілік орталығы-Қарағанды қаласы.
Қарағанды облысы Сарыарқаның оңтүстік жарты бөлігінде орналасқан. Қиыр батысын Торғай қолатының шығысы мен Тұран ойпатының солтүстік-шығысы, солтүстігін Теңіз-Қорғалжын ойысы, Есіл жазығы, Ерейментау, Қызылтау және басқа ұсақ таулар, шығысында Ащысу, Дағанбай өзендерінің аңғары, оңтүстігін Бетпақдалада сазды шөлі мен Балқаш көлі алып жатыр. Бедері негізінен ұсақ шоқылы, төбелі-белесті болып келеді. Олардың арасында ерте кездегі өте биік қатпарлы таулардың жұрнақтары-гранитті тау массивтері көптеп кездеседі
Қарағанды облысының шығысын көтеріңкі келген Балқаш-Ертіс суайрығын құрайтын таулар тізбегі-Қарқаралы (Жиренсақал тауы, 1403 м), Кент тауы, Қу, Қарақуыс тауы, Қызылтас тауы, Қызыларай тауы т.б. көптеген таулар алып жатыр.
Қарағанды облысы өзендерінің ішіндегі шаруашылыққа маңыздылары Балқаш-Ертіс су айрығынан басталып, Теңіз-Қорғалжын көліне құятын Нұра, оның сол салалары - Шерубайнұра және Құланөтпес пен Көң өзендері.Облыстың оңтүстік-шығысын Мойынты, Жәмші, Тоқырауын, Құсақ, т.б. өзендер суландырады.
Қарағанды облысы - Қазақстанның ірі өнеркәсіп кен байлықтары мен ауылшаруашылығы шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика, қара және түсті металлургия , химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған , облыс экономикасының ірі орталығы.
Халқының саны 1 миллион 381,6 мың адам,оның ішінде 1 миллион 138,5 мың адам қалаларда тұрады.
Облыста республика халқының 9% -ы тұрады. Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км ².- 3,2 адамнан келеді.
Қалалары : Қарағанды, Абай, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Қарқаралы, Приозерск, Саран, Сәтбаев, Теміртау, Шахтинск .
Қарағанды облысында қазақтардан (37,6 %) басқа көптеген ұлт өкілдері мекендейді: орыстар (43,6%), украинлар (5%), беларусьтер (4.0%), немістер.(0.2%) , басқалары (7.5%).
Облыс республикадағы марганецтің баланстық қорының 100 пайызын, вольфрамның 80, молибденнің 64, қорғасынның 54, мырыштың 40, мыстың 36, көмірдің 32, соның ішінде коксті көмірдің 100, баридің 70 пайызының қоры бар.
Байдалы С. Өлке өмірі-өз көзімізбен=Летопись края.:камерой и словом.-Қарағанды: Болашақ-Баспа, 1998.- 192 б.
Жанғожин А. Қазыналы қара шаңырақ / А.Жанғожин, Е. Лұқпанов.-Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2004.-146 б.
Жанысбай С. Сарыарқаның самалы.-Қарағанды : Арко, 2003.-223 б.
Жасампаз жылдар жылнамасы: Қарағандыға- 65 жыл=Летопись трудовых свершений: Караганде-65 лет. / құрастырған А.Жанғожин, Е. Лұқпанов.-Қарағанды: Болашақ-Баспа,1999.-96 б.
2000-2001 жылдардың басындағы Қарағанды облысының қалалары, аудандары, аудан орталықтары мен кенттерінің халық саны=Численость населения Карагандинской области по городам,районам, районным центрам и поселкам на начало 2000-2001 годов.-Қарағанды, 2001.
Қарағанды. Қарағанды облысы //Қазақстан.Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Б.Аяған.-Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2003.- Т.Ү .-551-566 б.
Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / Бас ред. Р. Нұрғалиев.-Алматы, Қазақ энциклопедиясы, 1990.-285-343 б.
Қазыналы құтты өлке. Қарағанды облысы =Край солнечного камня. Карагандинская область.-Алматы: Өнер, 1987.-156 б.
Қарағанды облысының қорғауға алынған өсімдіктері.-Қарағанды, 1993
Қарағанды (қала туралы дерек) //Қазақ совет энциклопедиясы / Бас редакторы М. Қаратаев -. Алматы: Қазақ совет энциклопедиясы, 1975- Т.ҮІ .-468 - 472 б.
***
Ажарың алты алашта дараланды, жетпісің құтты болсын, Қарағанды! // Орталық Қазақстан.-2006.-29 шілде.
Асауов Д. Қарағанды қарқынды құрылыстар қарсаңында //Орталық Қазақстан.-2006.-4 мамыр.
Досмағамбетов С. Кенді өлкенің кемелдену кезеңдері //Орталық Қазақстан.-2006.-29 шілде.
Ерниязқызы Г. Туған қалам:[өлең] //Орталық Қазақстан.-2006.-29 шілде.
Жанғожин А. Қарағанды сәнді қала болуға тиісті // Орталық Қазақстан.-2006.-31 қаңтар.
Зинчук Е . Үш жүздің басын қосар жер. Этнобақ //Орталық Қазақстан.--2001.-11 тамыз.
Лұқпанов Е. Кеншілер мекені—облыс орталығы //Орталық Қазақстан.-2006.-16 наурыз.
Мұхамеджанов К Келешегі кемел кенді аймақ // Қазақстан әйелдері.-2005.-№ 12.-2-5 б.
Михеева Л. Облыс осылай құрылған /Л.Михеева, Лұқпанов Е //Орталық Қазақстан.-2006.-25 сәуір.
Мақаш Д. Елбасы және Қарағанды //Орталық Қазақстан.-2004.-14 ақпан.
Мұғалімжан С. Көмірлі кентімізге жетпіс жыл толды / С.Мұғалімжан, А. Бибітханақызы //Азия-транзит.-2004.-№2.-2-4 б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Қарағанды облысының тарихы

Негізгі бөлім

а) Тың жылдарындағы Қарағанды
б) мәдени орталықтары
в) халықтың әлеуметтік жағдайы

Қорытынды

Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан
әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы, 10 наурызда құрылған. Жерінің аумағы
428,0 мың км². Тұрғыны 1333, 6 мың адам. Солтүстігінде Ақмола, Павлодар,
шығысында Шығыс Қазақстан, оңтүстігінде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан,
Жамбыл, батысында Ақтөбе, Қостанай облыстарымен шектеседі. Облыс 9 ауылдық,
2 қалалық, әкімшілік ауданға бөлінеді. 11 қала, 39 кент, 168 ауылдық
әкімшілік округі бар. Әкімшілік орталығы-Қарағанды қаласы.
Қарағанды облысы Сарыарқаның оңтүстік жарты бөлігінде орналасқан.
Қиыр батысын Торғай қолатының шығысы мен Тұран ойпатының солтүстік-шығысы,
солтүстігін Теңіз-Қорғалжын ойысы, Есіл жазығы, Ерейментау, Қызылтау және
басқа ұсақ таулар, шығысында Ащысу, Дағанбай өзендерінің аңғары, оңтүстігін
Бетпақдалада сазды шөлі мен Балқаш көлі алып жатыр. Бедері негізінен ұсақ
шоқылы, төбелі-белесті болып келеді. Олардың арасында ерте кездегі өте биік
қатпарлы таулардың жұрнақтары-гранитті тау массивтері көптеп кездеседі
Қарағанды облысының шығысын көтеріңкі келген Балқаш-Ертіс суайрығын
құрайтын таулар тізбегі-Қарқаралы (Жиренсақал тауы, 1403 м), Кент тауы, Қу,
Қарақуыс тауы, Қызылтас тауы, Қызыларай тауы т.б. көптеген таулар алып
жатыр.
Қарағанды облысы өзендерінің ішіндегі шаруашылыққа маңыздылары Балқаш-
Ертіс су айрығынан басталып, Теңіз-Қорғалжын көліне құятын Нұра, оның сол
салалары - Шерубайнұра және Құланөтпес пен Көң өзендері.Облыстың оңтүстік-
шығысын Мойынты, Жәмші, Тоқырауын, Құсақ, т.б. өзендер суландырады.
Қарағанды облысы - Қазақстанның ірі өнеркәсіп кен байлықтары мен
ауылшаруашылығы шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика, қара және
түсті металлургия , химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу,
құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған , облыс
экономикасының ірі орталығы.
Халқының саны 1 миллион 381,6 мың адам,оның ішінде 1 миллион 138,5
мың адам қалаларда тұрады.
Облыста республика халқының 9% -ы тұрады. Тұрғындарының орташа
тығыздығы 1 км ².- 3,2 адамнан келеді.
Қалалары : Қарағанды, Абай, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Қарқаралы,
Приозерск, Саран, Сәтбаев, Теміртау, Шахтинск .
Қарағанды облысында қазақтардан (37,6 %) басқа көптеген ұлт өкілдері
мекендейді: орыстар (43,6%), украинлар (5%), беларусьтер (4.0%),
немістер.(0.2%) , басқалары (7.5%).
Облыс республикадағы марганецтің баланстық қорының 100 пайызын,
вольфрамның 80, молибденнің 64, қорғасынның 54, мырыштың 40, мыстың 36,
көмірдің 32, соның ішінде коксті көмірдің 100, баридің 70 пайызының қоры
бар.
Кеңес өкіметі жылдары облыста жергілікті кен байлықтары мен ауыл
шаруашылығы шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика,қара және түсті
металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс
индустриясы, жеңіл және тамақ-өнеркәсіптері дамып, облыс экономикасының
негізгі салаларына айналды.
Қарағанды облысы 2001 жылы республикада жалпы ішкі өнімнің 10,1% -ын
(290,6 млрд.тенге) берді.
Облыстың энергетикасы жергілікті көмірге негізделген. Ірі аудандық
және жылу электр станциялары Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш,
Тентек, Топар, Қаражал елді мекендерінде, ұсақтары Қарсақбай, Атасу,
Жамбыл, Мойынты, Сарышағанда орналасқан. Өнеркәсіптің басты салаларының
бірі-көмір өндіру, кокс шығару. Түсті металлургия мыс кендерін өндіру мен
қорыту және полиметалл мен сирек кездесетін металл кентастарын шығару мен
байыту салаларынан тұрады.Облыста мыс өнеркәсібі екі орталықта дамыған.
Оның біріншісі Қазақмысә корпорациясына қарайтын Жезқазған кен-металлургия
комбинатында. Оның құрамында Жезқазған кентінде, Сәтбаев қаласында 10-ға
жуық механикаландырылған шахталар, екі карьер, екі байыту фабрикасы, мыс
қорыту зауыты бар. Екіншісі-Балқашмыс кен-металлургия комбинаты. Оның
құрамында Қоңырат, Саяқ, Шатыркөл карьерлері, байыту фабрикасы, мыс қорыту,
қақтау зауыттары бар. Жезқазған,Балқаш кен-металлургия комбинаттары мыс
балқытумен қатар таза алтын, күміс, т.б. сирек металдар алумен шұғылданады.

Полиметалл мен сирек кездесетін металдарды өндіру өнеркәсібі дамып
келеді. Оныің ірі орталығыАқжол (қорғаысн, мырыш), Ақшатау, Жамбыл
(вольфрам, молибден), Қарағайлы, Жоғарғы Қайрақты (полиметалл, сирек
металдар). Облыста Балқаш, Жезқазған, Теміртау зауыттарынан шығатын газ,
әк-тас, минералды түз кендерінің негізінде химия өнеркәсібі дамып келеді.
Химия кәсіпорындарынан Теміртауда химияда химия- металлургия зауыты,
Қарағанды химя өнеркәсібі ЖШС-і, Саранда екі машина жөндеу зауыттары бар.
Машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары негізінен Қарағанды қаласында
орналасқан. Мұнда құю-машина жасау зауыты, Қарағанды кен-машина-ИТЭКС
ААҚ, Энергия, сауда-техника комбинаты,турбо-механикалық, Пархоменко
атындағы машина жасау, көмір машинасын жасау, №1 машина жасау,
тұрмыстықтехника заттары, Теміртауда Шығысэнергияжөндеу-SEE,
Энергияжөндеу-Т ЖШС-рі, Энергоприбор өндірістік кооперативі,
Жезқазғанда Салаларалық өндіріс-өндіру фирмасы өндіріс кооперативі жұмыс
істейді. Облыс қалаларында және кейбір ірі кенттерде,аудан орталықтарында
тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, баспаханалар жұмыс істейді. Балқаш
көлінде балық ауланады.Ол Шашубай кентіндегі (Балқаш қаласы жағалауында)
балық зауытында өңделеді.
Қарағанды облысында 95 аурухана, 359 амбулатория мен емхана болды
Оларда 5777 дәрігер, 10866 орта медициналық мамандар жұмыс істеді. 298
кітапхана, қазақ, орыс драматетрлары, филармония, музыкалық комедия театры.
33 клуб пен мәдениет үйі, 8 мұражай, цирк бар. 1931 жылдан 2 облыстық
(Орталық Қазақстан, Индустриальная Караганда) және бір қалалық
(Темиртауский рабочий) газеті шығады.Бір сөзбен айтқанда, Қарағанды
қаласының облыс орталығы болуы оның жан-жақты, түрлі салада дамып, одан
әрі өсіп өркендеуіне мүмкіндік берді.

Тың

Елуінші жылдардың орта шенінде облыстың топырағы құнарлы бөліктерінде тың
игеру науқанының басталуы елеулі оқиғалардың бірі болды. Осынау іс жері
егін өсіруге қолайлы Нұра және Осакаров аудандарында кең өріс алды. Алғашқы
тың шаруашылықтары Донской, Родниковский, Киевский, Энтузиаст,
Шахтер, Индустриальный, Шербаковский, Киргизия т.б. құрылды.
1954 жылы Жезқазғанға қала мәртебесі берілді. 1957 жылдың 3 желтоқсанында
Кеңес одағындағы ең ірі металлургиялық зауыт Қазақстан Магниткасында
бірінші домнаның іргетасы қаланды.
1958 жылдың қазан айында облыс Ленин орденімен марапатталды. Ол астық және
ауыл шаруашылығының басқа да өнімдерін өндірудегі зор жетістіктер үшін
берілген еді.

Ұлттық-мәдени орталықтар

Қарағанды облысы бойынша 55 ұлттық-мәдени орталықтар жұмыс істейді. 20
орталықта кешкілік мектептер жұмыс жасайды.Әр мектепте оқып үйренушілер
саны орта есеппен 25 адамды құрайды.
Аса белсенді ұлттық-мәдени орталықтарға Қарағанды қаласы, Жезқазған қаласы,
Сатпаев, Теміртау, Бұхар-Жырау аудандары кіреді.

2007 жылдың 16 қарашасында Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің көшпелі алқа жиыны өтті.Алқалы жиында
Ақтөбе облысы денсаулық сақтау департаментінің басшысы Қ. Сабырдың,
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры М.
Шайдаровтың, Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының директоры
Ш.Исмаиловтың, ҚР ДСМ Емдеу алдын алу ісі департаментінің директоры Ж.
Исмаиловтың, МСЭҚК төрағасы А. Белоногтың, Қарағай  республикалық оңалту
орталығының бас дәрігері Қ. Құрмановтың туберкулезбен күрес шараларын іске
асыру мәселелері туралы баяндамалары тыңдалды. Жиында 2007 жылғы 9 айдың
қорытындысы бойынша республика көлемінде эпидемиологиялық жағдайдың
тұрақтанғанын, туберкулез сырқатына ұшыраған науқастар саны мен өлім-
жітімнің төмендегені анықталды.
Денсаулық – зор байлық
Республика бойынша туберкулез ауруына ұшыраған науқастар деңгейі 3,6
пайызға төмендеді. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында
сырқаттанушылар саны едәуір азайған. Еліміз бойынша туберкулез ауруынан
қайтыс болған адамдар саны 9,3 пайызға төмендеді. Бұл 2006 жылғы 20,1
пайыздық көрсеткішпен салыстырғанда 18,3 пайызды құрайды. Алғаш анықталған
сырқаттардың арасында, әсіресе Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, және
Солтүстік Қазақстан облыстарында туберкулездің асқынған нысанының үлес
салмағы 33,3 пайызға азайды.
Алайда, елде туберкулез ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі
күйінде қалып отыр. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы
қаласында туберкулезбен ауыратын науқастар санының деңгейінің өсуі
байқалады.
Жалпы мультирезисентті туберкулездің өсуі барлық өңірде жалғасуда. 2007
жылғы 1 қаңтардан бастап есепте 8 мың сырқат тұрады. Биылғы жылы шамамен
1,5 мың науқас емдеуге алынды. 9 айдың ішінде көптеген дәрілік тұрақтылығы
бар туберкулездің 923 жаңа жағдайы анықталды.Облыстағы эпидемиологиялық
жағдайға туберкулезбен ауыратын науқастар, пенитенциарлық жүйенің
тубмекемесінен босатылғандар, 30 пайыздан аса сотталған адамдар, ауруы
бойынша босатылғандар әсер етеді. Олар көрсетілген мекен-жайға жетпейді,
яғни бақыланбайды.Белсенді туберкулезбен ауыратын науқастар контингентінде
қайталап ауыратындардың үлес салмағы сақталуда (Ақтөбе-4,8, Қарағанды-6
пайыз). Туберкулезбен ауыратын адамдар қайталап аурудың тууының негізгі
себептері сәтсіздік, емдеудегі үзілістер, диспансерлік бақылаудан қол үзу
болып табылады, бұл туберкулезге қарсы мекемелердің БМСК ұйымдарының
тиімсіз жұмысы мен МСЭҚД тарапынан бақылаудың төмен екендігін білдіреді.
Ұлттық тіркелімнің деректері бойынша бактерия бөлінетін өкпе туберкулезінің
жаңа жағдайының емделу көрсеткіші Ақтөбе облысында -70, Қарағанды облысында-
47, нысаналы көрсеткішінде-85 пайызды құрайды.
Алқа жиынының соңында барлық мәселелерді талқылап арнайы қаулы қабылданды.
Атап айтсақ, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының денсаулық сақтау
мен мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттерінің
жұмысы жеткіліксіз деп танылды. ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау комитетіне (А.Г. Белоног) туберкулезге қарсы
күрес жөнінде жүргізілетін жұмыстың тиімділігін арттыру және үйлестіруді
жақсарту, жұқпа бар обьектілер мен ошақтарда індетке қарсы іс-шараларды
күшейту бойынша кезек күттірмейтін шаралар қолдану жүктелді.
2008 жылғы 1 ақпанға дейін суперрезистенттік туберкулезбен ауыратын
сырқаттарға арналған хоспис (бөлімше немесе аурухана); Ақтөбе, Қарағанды,
Қостанай, Маңғыстау облыстарында және Алматы қаласында мәжбүрлі емдеу
бөлімшесін ашып, туберкулезге қарсы мекемелердің төсек қорын қайта құру
мерзімдері көрсетілген кестені ұсынуға тапсырма берілді. Сондай-ақ, Астана
және Алматы қалалары мен облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау департаменттеріне бактерия шығаратын сырқаттарды тексеру және
емдеу, туберкулезге қарсы стационарларда індетке қарсы тәртіпті сақтау
мәселелері бойынша туберкулезге қарсы күрес жөніндегі алдын-алу және
індетке қарсы өткізілетін іс- шараларды тиісті бақылауға алуды тапсырылды.
 Қарағанды қаласын дамытудың перспективасы.
Жергiлiктi атқарушы органдардың экономикалық саясаты экономикалық өсудiң
барынша жоғары қарқынына жетуге, негiзiнен өнеркәсiп құрылымында оң
өзгерiстерге жетуге, инвестициялық бағдарламаларды iске асыру, шағын
және орта бизнестi одан әрi дамытуға бағытталған.
Өнеркәсiп. Қаланың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы бойынша 2007
жылы өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемi 85.6 млрд. теңге болады (2006
жылымен салыстырғанда 109,7%). Бүкiл дүниежүзiлiк сауда ұйымына енуге
қала экономикасының салаларын даярлау мақсатында кәсiпорындар мен
ұйымдарда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарағанды облысының Ұлытау аймағының туристік мүмкіндіктері
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
Қарағанды облысының географиясы
Қарағанды облысындағы музей ісінің қалыптасуы
Орталық Қазақстан
Қазақстанда өлкетану тарихының дамуы
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы соғыс және еңбек майдандарындағы қазақстандықтар
Әлем қалаларына саяхат
Қазақстан Республикасының халықаралық байланыстары жүйесіндегі Қарағанды облысының орны
Қарағанады облысы
Пәндер