Саяси ойдың дамуы



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Саяси ойдың дамуы
1.1 Қазақ ойшылдары: Әл.Фараби, Қорқыт, Асан.Қайғы,
Баласағұнның әлеуметтік көзқарастары
1.2 Қазақ ойшылдарының бірі Қорқыттың саяси ойы
1.3 Қазақ ойшылдарының бірі.Асан қайғының
саяси көзқарастары
1.4 Қазақ ойшылдарының ішіндегі қайталанбас үлес қосқан
Жүсіп Баласағұн
ІІІ Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қазақ халқының сол кездегі өз қосқан үлестері және сол кездегі өмірмен байланыстырып жазған шығармалары көптеген ой қалдырады және іскеде асқан мысалы Әл-Фараби басқару мен патшалықтың яки жоғарғы өкіметтің негізі болып табылатын саясатқа үлкен мән берді. Ұлы ойшыл басқару екі түрлі болады дейді. Егер басқару шын бақытқа жеткізетін әрекеттерді, мінез құлықтарды, ерік-қасиеттерін нығайтса, ол-қайырлы басқару. Оған мойын ұсынатын қалалар мен халықтар болып табылады.
Қорқыт ол-˝өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі˝ - дейді. Асан қайғының ˝жерұйықты ˝ іздеуі жөніндегі аңыз қазақ халқының таңғажайып жарқын, бақытты болашақты аңсаған армандарының туындысы еді. Асан қайғының желмаяға мініп желдіртіп Сарыарқаны аралап жүріп: Семейдің Шыңғыстауын көріп ˝Мына шіркіннің топырағы құтырған екен, оған шөп құтырады, оны жеген мал құтырады екен. Қаны үзілмейтін кісі өлтіру, ұрыс- төбелес көп болатын жер екен˝-десе. Баласағұн ол мемлекет пен оның қызметіндегі адам үшін, жау болып табылатын парақорлық деп білді. Мемлекет аппараты қызметіндегілердің бұл жазылмас дерті екендігі қазір дәлелденіп отыр. ˝Тұздай судай байлық-шөлдің қанбайды, қанша ішсең, құрғатар тіл таңдайды˝. Ел басшысы бүкіл халықты әділеттілік, қайырымдылық, адамшылық пен тазалыққа тәрбиелеуі керек. ˝Егер ізгі болса елдің басшысы, түгел ізгі болар ашты-қосшысы. Бектер ізгі болса, ессіздік жоғалар. Байырғы халық, әлем гүлге оранар˝. Білімнің зор мәніне маңыз бере отырып, Баласағұн білімді кеңесшілер мен бектердің қажеттігін көрсетеді. Бұрынғыларда саясат жайында қол қусырып қарап қалмағандарын өз жасаған еңбектері арқылы дәлелдеп отыр.
1. Қуандық Есенғазы Сламғазыұлы Саясаттану негіздері Астана «Елорда» 2000 жылы Н. Қапесов Саясаттану Алматы «Жеті Жарғы» 2003 жылы
2. Д. Жамбылов Саясаттану оқулық Алматы «Жеті Жарғы» 2003 жылы
3. Ұлықпан Сыдықов Саясаттану Алматы 1996 жылы

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Саяси ойдың дамуы
1.1 Қазақ ойшылдары: Әл-Фараби, Қорқыт, Асан-Қайғы,
Баласағұнның әлеуметтік көзқарастары
1.2 Қазақ ойшылдарының бірі Қорқыттың саяси ойы
1.3 Қазақ ойшылдарының бірі-Асан қайғының
саяси көзқарастары
1.4 Қазақ ойшылдарының ішіндегі қайталанбас үлес қосқан
Жүсіп Баласағұн
ІІІ Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақ халқының сол кездегі өз қосқан үлестері және сол кездегі
өмірмен байланыстырып жазған шығармалары көптеген ой қалдырады және іскеде
асқан мысалы Әл-Фараби басқару мен патшалықтың яки жоғарғы өкіметтің негізі
болып табылатын саясатқа үлкен мән берді. Ұлы ойшыл басқару екі түрлі
болады дейді. Егер басқару шын бақытқа жеткізетін әрекеттерді, мінез
құлықтарды, ерік-қасиеттерін нығайтса, ол-қайырлы басқару. Оған мойын
ұсынатын қалалар мен халықтар болып табылады.
Қорқыт ол-˝өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас
темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін,
ұмытылмайтын нәрсе адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі˝ -
дейді. Асан қайғының ˝жерұйықты ˝ іздеуі жөніндегі аңыз қазақ халқының
таңғажайып жарқын, бақытты болашақты аңсаған армандарының туындысы еді.
Асан қайғының желмаяға мініп желдіртіп Сарыарқаны аралап жүріп: Семейдің
Шыңғыстауын көріп ˝Мына шіркіннің топырағы құтырған екен, оған шөп
құтырады, оны жеген мал құтырады екен. Қаны үзілмейтін кісі өлтіру, ұрыс-
төбелес көп болатын жер екен˝-десе. Баласағұн ол мемлекет пен оның
қызметіндегі адам үшін, жау болып табылатын парақорлық деп білді. Мемлекет
аппараты қызметіндегілердің бұл жазылмас дерті екендігі қазір дәлелденіп
отыр. ˝Тұздай судай байлық-шөлдің қанбайды, қанша ішсең, құрғатар тіл
таңдайды˝. Ел басшысы бүкіл халықты әділеттілік, қайырымдылық, адамшылық
пен тазалыққа тәрбиелеуі керек. ˝Егер ізгі болса елдің басшысы, түгел ізгі
болар ашты-қосшысы. Бектер ізгі болса, ессіздік жоғалар. Байырғы халық,
әлем гүлге оранар˝. Білімнің зор мәніне маңыз бере отырып, Баласағұн
білімді кеңесшілер мен бектердің қажеттігін көрсетеді. Бұрынғыларда саясат
жайында қол қусырып қарап қалмағандарын өз жасаған еңбектері арқылы
дәлелдеп отыр.
1. Саяси ойдың дамуы
1.1 Қазақ ойшылдары: Әл-Фараби, Қорқыт, Асан-Қайғы,
Баласағұнның әлеуметтік көзқарастары
Адамазаттың ұлы перзенті, “Екінші Аристотель” деп атанған Әбу Насыр
Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан. Ол ғылымның әр алуан саласына ой тастап, аса
маңызды, құнды пікірлер, тұжырымдар, фәлсафалық сындарлы мұралар қалдырған
кемеңгер ол қазақ жерінде, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасына таяу
Отырар (Фараб) қаласында біздің жыл санауымыз бойынша 870 жылы дүниеге
келген. Оқу, ғылым іздеумен сол кездегі әйгілі Араб Халифатындағы білім
орталығы болған бағдатқа кетіп, сонда ұзақ жылдар тұрады да, Сирияда, Шам
шаһарында 950 жылы дүниеден өтеді.
Ол мұсылмандық шығыстың қоғамдық ой –сана тарихында саясат туралы
ілімнің негізін қалауға аса зор үлесін қосқан бірден-бір ойшыл. Оның
саясатпен мемелекет туралы ілімді жасауға қосқан үлесі әлі толық зерттелген
жоқ. Ол орта ғасырлық таяу және Орта Шығыстағы қоғамның саяси және
моральдық ахуалын зерттеп, әлеуметтік қайшылықтар кеулеген өз заманының аса
өткір қоғамдық мәселелерін, оның ішінде мемлекеттің қоғамға қатынасын
қозғады, қозғап қана қоймай ғылыми тұрғыдан талдады. Өзінің қоғам, мемлекет
және саясат туралы тұғырнамасында өз заманынан озып озық ой айтты.
Отырарлық ойшыл ұсынған Қайырлы және қайырымсыз қалалар мен мемлекет туралы
теория сол кездегі өмір сүріп, үстемдік еткен ресми саяси күнге қарсы
атылған оқтай болды.
“Ғылымдарды топтастыру туралы”, “Қайырлы қала тұрғындарының
көзқарастары”, ˝Саясат туралы˝, ˝Азаматтық саясат˝, ˝Бақытқа жету жолдары˝
деген еңбектерінде Әл-Фараби азаматтық ілімді (қоғаммен мемелекет туралы
ілімді), юриспруденцияны (заң ғылымының) және догматтық құдай сөзі туралы
ілімді өз алдына жеке-жеке бөліп қарайды.
Әл-Фараби басқару мен патшалықтың яки жоғарғы өкіметтің негізі болып
табылатын саясатқа үлкен мән береді. Ұлы ойшыл басқару екі түрлі болады
дейді. Егер басқару шын бақытқа жеткізетін әрекеттерді, мінез құлықтарды,
ерік-қасиеттерін нығайтса, ол-қайырлы басқару. Оған мойын ұсынатын қалалар
мен халықтар болып табылады. Ал бұл принциптен қалыспайтын басқару
қиялдағы бақытқа ғана жеткізеді. Өйткені ол қаладағы теріс әрекеттермен
жаман қасиеттерді көбейтеді. Сондықтан ондай басқару-надандық басқару
заңдар күшіне, адамның қалаларда және халық арасындағы қызметінің игі
тәжрибесіне негізделеді. Басқаша айтқанда, басқарушы басқару теориясы мен
басқару ісіне қанық болуы керек. Яки өкіметті басқаруға лайық болу үшін
ғұлама ойшыл патшалар мен әкімдер балаларына қандай жағдайлар жасауы, тәлім-
тәрбие беруі керектігін түсіндіреді. Бұған қарағанда оның мұрагерлік
патшалық өкіметті, басқару түрі ретінде мойындағаны көрініп тұр. Дегенмен
ол білікті, мінсіз патша идеясын мойындайды, ал ел басқаруда надандық
көрсететіндер, оның ойынша ешқашанда патша болуға тиісті емес. Азаматтық
ғылым туралы еңбектерінде Әл-Фараби: біріншіден-өзінің өмір сүрген
дәуірінің саяси шындығын көрсетеді, сол кездегі үстемдік еткен саяси
құрылымды қатты сынға алады, екіншіден-ол оны өзінің идеалы болып табылатын
ең жетілген, кемелденген қырлы қалалар мен мемлекеттер құрылымымен ауыстыру
мәселесін ұсынады. Әл-Фараби ˝Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары
туралы ˝ трактатында саясат пен этиканың арасындағы өз ара тығыз
байланысты талдай отырып, мемлекеттік қайраткердің алдына қойған мақсатын
жүзеге асыруда және бақытқа жетуге қажетті жағдайлар жасауда өз көрінісін
табатын ˝мемлекетті басқару өнеріне˝ баса назар аударады. Ол бұл мәселені
өзінің саяси идеалына сай нақтылайды. Оның пікірінше, басқару өнерінің
басты бір ерекшелігі-адамдармен әлеуметтік топтардың табиғи үйлесімділігіне
жету, яки олардың мүддеін ескеру болып табылады. Фарабидің саяси
теориясында игіліктерді жаппай баршаға тарату-мемлекеттік өкіметпен
заңдылықтың мақсаты: ол мемлекеттік адамдар қажетін бірлесіп қоғамдық
жолмен қанағатандыру үшін керекті ұйым деп анықтай отырып, тек осы ұйымның
қалыптасуын, оның даму кезеңдерін ғана емес, сонымен бірге адамдар
игілігіне, қайырымдылығына жетудің қоғамдық жолдарында зерттеу керек деп,
есептеді. Азаматтық игілікті, ізгіліктерді тарату Әл-Фарабидің ойынша, ең
алдымен қайырымды мемлекеттің болуына байланысты жасампаздық бастамаларға
негізделген мемлекет қана қайырымды да қайырлы. Ол қайырымдылық орын тепкен
мемлекеттің басшысына және оның басқару тәсіліне үлкен маңыз берді.
˝Кімде-кім табиғатынан басқаруға бейім болса, басқару соның үлесіне
тиеді. Демек, қайырлы қаланың әкімі болуға басқаларға жол жоқ.
Өйткені-ол кемелденудің ең жоғарғы деңгейіне жеткен ақыл-парасат иесінің
орны. Яки оған табиғи жолмен ойлау қабілетінің ең жоғарғы дәрежесіне жеткен
кісі ғана бола алады˝. Ал билік басында ақылды басқарушының болмауын Әл-
Фараби мемлекет үшін аса үлкен бақытсыздық, кесапатқа ұрындырады деп
есептеді. Оның пікірінше, әкім өз бойына тәбиғи он екі сапалық қасиетті
ұштастыра білуі керек. Біріншіден, басшы өзі орындауға тиісті әрекетті
жүзеге асыруы үшін ең алдымен оның дені сау, күшті, әбжіл болғаны жөн.
Табиғатынан өзіне айтылғанды терең, жан-жақты түсіндіріп; естігенін
көргенін, білгенін ұмытпай, жадында жақсы сақтайтын; аса өткір және алды-
артын ойлай, көре білетін ақылды; оқуғу және білуге құштар; әділетті,
шындықты және оны жақтаушыларды сүйетін; өтірікті және оған баратындарды
жек көретін, табиғатынан әділеттікті сүйе білетін адам болуы керек. Сонымен
қатар ол белгілі бір шешім қабылдағанда табандылық көрсететін және
қорқынышты, күйбенді білмейтін, еш нәрседен қорықпайтын батыл адам болса
тіпті жақсы дейді.
Әл-Фараби ғылыми және фалсафалық білімдерді бағаламайтын, қараңғы,
білімсіз, надандық, ашкөздік тойымсыздық келешегі жоқ дейді. Ондай
мемлекет, оның пікірінше, қараң, білімсіз, надандық және қайрымсыз
адамдарды күштеу арқылы басқарылады. Олар тек байлықты, өкіметті және өз
басы рахат көруді ғана бағалайды. Әділеттілік бұзылған қайырымсыз адамдарды
күштеу арқылы басқарылады, ғылыми және фәлсафалық білімдер сарқылады да,
міндетті түрде зорлық-зомбылық салтанат құрады.
Оның идеялары қоғамымыздың түйінделген мәселелерін шешіп оны терең,
жан-жақты ойластыруда, олардың шешімін тауып жүзеге асыруға септігін
тигізді.

1.2 Қазақ ойшылдарының бірі Қорқыттың саяси ойы

Қорқыт (Дада қорқыт)- YIII ғасырда сырдария бойын мекендеген қыпшақ-
оғыз тайпаларынан шыққан атақты жырау, дарынды күйші және ойшыл философ
болған. Қорқыт жайында 12 дастаннан құралған (Китап дадам қорқыт) кітаптың
екі көшірмесі бар оның бірі Ватикан (Рим), екіншісі Дреден қалаларының
кітапханаларында сақталған. Ол өз өмірінде Алтай, Ертіс, Ұлытау, Кішітау,
Есіл, Нұра, Сарысу, Талас, Сайрам, Сыр, Қаратау, Жетісу өлкелерін билеген
үш ханға –Инал, Күл-еркін, Қаңлы қожа, сияқты хандарға ақылгөй уәзір
болған. Ол ата-баба жасаған мекенді жаудан қорғау, жер-суды белгілі
тәртіппен пайдалану, дау-жанжалдарды ақылмен шешу, қылмысты амалдарды
жазалау, әскери күштерді оң және сол деп екі қанатқа бөлу, әлеуметтік жора
(заң-тәртіп) жасаған. Ол -˝өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ,
сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи
өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе адамның өмірінде істеген игілікті ісінің
нәтижесі˝ - дейді.
Қорқыттан қалған сөз:
Жігіт тірісінде қаратаудай қылып, бір күн тыным көрмей дүние жияды,
байиды. Бірақ соның ішінде ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді. Сулар тарам-
тарам болып қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмас. Күлді қанша
үйгенмен, төбе болмас. Қара есектің басына алтын жүген таққанмен, тұлпар
болмас. Күнге сары пай шапан жапқанмен, бәйбіше болмас. Қар қаншама қалың
жауғанмен, жазға бармас. Гүлденіп өскен бәйшешек күзге бармас. Анадан өнеге
көрмеген қыз жаман, атадан тағылым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Француз революциясы және оның тарихнаманың дамуына ықпалы
Саяси ойлар тарихы
Қазақ қайраткерлерінің көзқарасына әсер еткен қоғамдағы саяси процестер мен саяси қақтығыстарды заман тұрғысынан сараптамадан өткізу
Cаяси құқықтық ілімдер тарихының қалыптасуы
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙДЫҢ БАСТАУЛАРЫ
Қазақстанда саяси ойдың қалыптасуы мен дамуы
XIX ғасырдың бірінші жартысыңдағы Батыс Европадағы саяси және құқықтық ілімдер
Саяси шешімдер қабылдау және оны жүзеге асыру технологиялары
Ежелгі шығыс елдеріндегі саяси және құқықтық ілімдер.
Пәндер