Туризм инфрақұрылымы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Туризм инфрақұрылымы дегеніміз - туристік ресурстарды пайдалануды қамтамасыз ететін туркәсіпорындармен байланысты телекоммуникациялық байланыстар, жол тораптары, сондай-ақ туризм кәсіпорындарының қалыпты жұмыс істеуіне жағдай жасау, бұл автокөлік, теміржолдар, вокзалдар, терминалдар, көлік, әуе, теңіз қозғалысын реттеуші желілер, жылумен қамтамасыз ету жүйелері және т. б.

Яғни туристік инфрақұрылым деп туристтердің тіршілігіне жағдай туындататын өндірістік, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымның кешені.

Қазіргі күні әлемдік қызмет саудасында туризм үлесі 30 %-дан астам. Әлемдік нарықта туризм мұнаймен бірдей дейгейде тұр. Жыл сайынғы туризм индустриясына инвестицияның салынуының өсуі 35%-ға жуық. Бұл сала бизнестің неғұрлым тиімді саласына айналып қазіргі күні әлемдік капиталдың 7 %-ын иемденеді. Туризм жұмыспен 137 млн адамды қамтып отыр.

ДТҰ мәліметтері бойынша 2007 жылы тек шет елдік саяхаттардың саны 900 млн-ға жеткен. 2005 жылы Еуропаға - 444 млн, Азия-Тынықмұхиттық аймаққа - 156 млн, Солтүстік және Оңтүстік Америкаға - 133 млн, басқа аймақтарға 75 млн туристтер келген.

Туризм экономикалық маңызымен қатар әр дін және мәдениет адамдарының өзара қарым-қатынас орнатуына септігін тигізеді. Ол тек тауар және қызмет айналысын қамтамасыз етіп қана қоймай бейбітшіліктің сақталуына өз үлесін тигізеді.

Туризмді дамыту міндеті көптеген мәселелердің шешілуіне жол ашады, мысалы транспорт жүйесінің дамуы, қоғамдық тамақтану жүйесін дамыту, имиджді жақсарту, ақпараттық инфрақұрылымды дамыту.

Америка Еуропадан кейінгі екінші шет ел туристтерін қабылдайтын аймақ боылп табылады. Оның құрмына Оңтүстік, Орталық және Солтүстік Америка, Кариб бассейнінің аралдары кіреді. Аймақ бойынша бірінші орында АҚШ пен Канда тұр. АҚШ пен Канада - ірі ішкі туристік нарық болып табылады. Инфрақұрылым жақсы дамыған. Екінші орында Кариб аралдары, жылына 12 млн турист қабылдайды. Оңтүстік Американың туристік ағымы саяси тұрақсыздық пен экономикасына байланысты салыстырмалы түрде аз. Туризмнің негізгі түрлері - жағажай, спорттық, экскурсиондық, бизнес-туризм.

Перу (исп. Perú, кечуа Piruw, аймара Piruw) - Перу Республикасы - Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Солтүстік-батысында Эквадормен, солтүстігінде - Колумбиямен, шығысында - Бразилиямен, оңтүстік-шығысында - Боливия және Чили мемлекеттерімен шекаралас. Батысын Тынық мұхиты шайып жатыр.

Тәуелсіздік алған жылы
1821 жыл 28 шілде (Испаниядан)
Тәуелсіздік алған жылы: Ресми тілдері
1821 жыл 28 шілде (Испаниядан): Испан, кечуа
Тәуелсіздік алған жылы: Астанасы
1821 жыл 28 шілде (Испаниядан): Лима
Тәуелсіздік алған жылы: Басқару формасы
1821 жыл 28 шілде (Испаниядан): Конституциялық республика
Тәуелсіздік алған жылы: Президент
1821 жыл 28 шілде (Испаниядан): Алан Гарсия Перес
Тәуелсіздік алған жылы: Премьер-министр
1821 жыл 28 шілде (Испаниядан): Хосе Антонио Чанг
Тәуелсіздік алған жылы:

Территория

  • Аумағы
1821 жыл 28 шілде (Испаниядан):

Әлемде 19-орында

1 285 216 км²

Тәуелсіздік алған жылы:

Халқы

  • Саны (2010)
  • Тығыздығы
1821 жыл 28 шілде (Испаниядан):

29 461 933 адам (41-орын)

23 адам/км²

Тәуелсіздік алған жылы:

ЖІӨ

  • Барлығы (2010)
  • Жан басына шаққанда
1821 жыл 28 шілде (Испаниядан):

$269 142 млн (47-ші)

$9107

Тәуелсіздік алған жылы: Валюта
1821 жыл 28 шілде (Испаниядан): Жаңа соль
Тәуелсіздік алған жылы: Интернет-домен
1821 жыл 28 шілде (Испаниядан): . pe
Тәуелсіздік алған жылы: Телефон коды
1821 жыл 28 шілде (Испаниядан): +51
Тәуелсіздік алған жылы: Сағаттық белдеу
1821 жыл 28 шілде (Испаниядан): -5

Қысқаша тарихы

Қазіргі Перу аумағында тұрғындар б. э. д. Х ғасырдан бастап тұра бастаған. Олар өзен жағалауларында тұрған. Ең алғашқы елді мекені - Норте-Чико орталық-солтүстік жағалаудан табылған. Б. э. д. 3000-1800 жылдарға жатады.

Инктер мемлекеті. ХІІ ғасырда Урубамба өзенінің аңғарында инктер мемлекеті пайда болды. Инктер - бұл этнос емес, олар билеуші класс болып табылады. Бес ғасырдың ішінде Тауантинсуйу инктер мемлекетінің аумағы Патия (Колумбия) өзені, оңтүстігінде Мауле (Чили) өзені, ал шығысында қазіргі Бразилии, Парагвай және Аргентина елдерінің аумағында билік жүргізді. Негізгі шаруашылығы - жер иелену. Қоғамның көп бөлігі жер иеленушілер болды.

Испан жаулау жорықтары. 1524 жылдан бастап конкистадорлар: Франсиско Писарро, Диего де Альмагро және Эрнандо де Луке Перуды жаулап алуды бастады. 1535 жылы Писарро Перудың астанасы болған Лима қаласының негізін салды.

1544 жылы Перудың вице-корольдігі құрылды, оның бірінші вице-королі болып Испаниядан келген Бласко Нуньес Вела болды. Ол конкистадорлардың өлімінен кейін үндістер олардың ұрпақтарына емес, испан коронасының қарамағына өтетіндігі туралы заң шығарды. Үндістер бірнеше рет көтеріліске шығып отырды. Олардың ішіндегі ең ірісі 1780-81 жылдары Хосе Габриэлдің (өзін инк-басшысы Тупак Амарудың ең соңғы ұрпағы деп жариялаған) басшылығымен болған болатын. Бұл көтеріліс басқа көтерілістер секілді басылған болатын, ал басшысы өлім жазасына кесілді.

Тәуелсіздік үшін күрес. Оңтүстік Америкада ХІХ ғасырда Перуден корольдік әскерлер Аргентина, Чили, Колумбияға испан колониализмінің атынан жіберіліп отырды. 1820 жылы Перуге Сан-Мартина «генералының» басшылығымен 4, 5 мың десант көтерілісшілер Чилиден келеді. Ол Лиманы алып, 1821 жылдың 28 шілдесін Перу тәуелсіздік күні деп жариялап, диктатор («протектор») болады. Алайда Лимада көтеріліс тұтанып Сан-Мартина Чилиге қайтуға мәжбүр болады. 1823 жылы маусымда испандықтар Перудегі билікті өз қолына алады.

1824 жылы Перуге солтүстіктен Боливар басшылығымен Сукре әскерлері басып кіріп, испандықтарды біржола қиратады. Боливар Перуды екі елге - қазіргі Перу және Боливияға (оның атымен аталды) бөледі.

1877 - Пакоча бухтасындағы шайқас. Тарихтағы ең алғаш торпеданың қолданылуы.

1932-1933 - Перуано-колумбиялық соғыс.

1941 - Перуано-эквадорлық соғыс.

1965 - «Көтеріліс жылы», үкіметті биліктен тайдыру мақсатында бірден үш көтеріліс топтарының соғыс әрекеттері.

1968 жылы - әскери төңкеріс.

1980 жылы - әскерилер азаматтық үкіметке билікті қайтарып берді.

1995 жылы - Альто-Сенепа сосғысы.

2001 -Фухимори жүйесінің құлауы.

2001-2006 - Президент Алехандро Толедоның билік еткен жылдары.

2006 - Алан Гарсия президенттікке тағайындалды.

Әкімшілік бөлінуі. Перудің әкімшілік бөлінуі Испаниядан ХІХ ғасырдың басында тәуелсіздік алғаннан бастап үнемі өзгеріп тұрды. 2002 жылға дейін мемлекет 24 департаментке бөлінді. 2002 жылдың 18 қарашасындағы жарғы бойынша территория 25 аймаққа бөлінді. Бұол аймақтар провинциялардан тұрады, ал провинциялар аудандардан тұрады. Осылай Перуде 195 провинция және 1833 аудан бар. Ел жағалауының орталығында орналасқан Лима қаласы жеке провинцияға жатады. Лима-Метрополитан провинциясының ерекшелігі ол 25 аймақтың құрамына кірмейді.

Перудің әкімшілік бөлінуі:

1. Амасонас

2. Анкаш

3. Апуримак

4. Арекипа

5. Аякучо

6. Кахамарка

7. Кальяо

8. Куско

9. Уанкавелика

10. Уануко

11. Ика

12. Хунин

13. Ла-Либертад

14. Ламбайеке

15. Лима-Метрополитана

16. Лима

17. Лорето

18. Мадре-де-Диос

19. Мокегуа

20. Паско

21. Пьюра

22. Сан-Мартин

23. Пуно

24. Такна

25. Тумбес

26. Укаяли

Географиясы . Батыста, Тынық мұхитының жағалауында жағалау жазықтары (Коста) созылған. Шығысында Анд (Сьерра) тау белдеуі, биіктігі 6768 м (Уаскаран тауы) . Шығсында Амазонка жазығы (Сельва), ол тау алды жазығына (Монтанья) жалғасып жатыр.

Жағалаудың орташа айлық температурасы 15-25°C, Анд тауларында 5-16°C, жазықта 24-27 °C. Жылдық жауын-шашын мөлшері 700-3000 мм.

Өзендердің ішіндегі ең үлкені - Амазонка, көлдерден - Титикака, Хунин.

Перудің ең батыста орналасқан нүктесі - Париньяс.

Елдің барлық аумағы сейсмоқауіпті аймақта орнласқан, қатты жер сілкіністері Перуде периодты түрде жылына бір рет болып тұрады. Бұл жағалаудағы Оңтүстік Америка тақтасының Наска тақтасына жақындауының себебі болып табылады.

Экономикасы . Перу - тау кен өнеркәсібі дамыған және өңдеуші өнеркәсібі дамушы аграрлы ел. Жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 2009 жылы - 8, 6 мың долл. (әлемде 115-орында) . Жұмыссыздық - 9% ( 2009) .

Ауыл шаруашылығы ЖІӨ-нің 8, 5 %-ын береді. Басты тұтыну өнімдері картоп(3, 2 млн т), арпа, жүгері, техникалық мақта, қант құрағы. Ауыл шаруашылығында маңызды орынды какао-боба(25, 6 мың т. ) және кофе (169, 4 мың т. ) алады.

Өнеркәсіп . Өнеркәсіп (25 % ЖІӨ, 24 %жұмысшылар) - минералды қазбаларды табу және өңдеу, болат және т. б. металлдарды балқыту, мұнай және газ табу және өңдеу, балық өңдеу, тоқыма, киім, тамақ өнеркәсібі.

Тау кен өнеркәсібі. перуде пайдалы қазбалардың ірі кен орындары бар. Олардың ішіндегі ең маңыздылары: мырыш, алтын, қорғасын, күміс болып табылады. Солтүстікте мұнай өндіріледі. Шығысында табиғи газдың ірі кен орындары табылуда.

Өңдеуші өнеркәсіп ЖІӨ-нің 40%-ын құрайды. Негізгі салалары: тоқыма, тамақ, металлөңдеу, машина жасау.

Сауда

Экспорт: 22. 69 млрд доллар

Экпорт салалары: алтын, мырыш, отын, кофе, катоп

Экспорт бойынша серіктестері: АҚШ 31. 1%, Қытай 10. 8%, Чили 6. 6%, Канада 5. 9%, Швейцария 4. 6%

Импорт: 15. 38 млрд доллар

Импорт салалары: машина жабдықтары, автомобиль, болат, қағаз.

Импорт бойынша серіктестері: АҚШ 18. 2%, Қытай 8. 5%, Бразилия 8%, Эквадор 7. 4%, Колумбия 6. 1%, Аргентина 5. 1%, Чили 5. 1%, Венесуэла 4. 1% (2005) .

Қызмет көрсету саласы - ЖІӨ-нің 67 %-ын, жалпы жұмыс істеушілердің 75%ын құрайды.

Энергетика . Перу өзендерінің гидроэнергетикалық потенциалы өте жоғары, бірақ жалпы энергия өндірудің тек 7%-ын ғана құрайды.

Үштен бірі мұнай мен табиғи газдан алынады, 13%-ы отын, ал қалғандары қант және қант құрағы қалдықтарынан алынады.

Транспорт . Ел аумағының үлкендігінен және тексрілмеген жерлердің болуынан транспорт көбінесе мұхит жағалауында жақсы дамыған.

Автожолдар: барлығы - 78829 км

қатты төсенішпен - 11351 км

қатты төсенішсіз - 67478км.

Аэропорттар: барлығы - 201

қатты төсенішпен - 57

қатты төсенішсіз - 144

Темір жолдар: барлығы - 1989 км,

кең жол - 1726 км

тар жол - 263 км

Су транспорты: барлығы - 4 кеме

жүк тасымалдау - 3

мұнай танкері - 1.

Туризм. Перу - Латын Америкасындағы туристтер көп баратын мемлекеттердің бірі. Бұл ел территориясында Ежелгі Инктер империясының ескерткіштері - Мачу-Пикчо, Куско және т. б. барынша көп тараған.

Туристік обьектілері:

Мачу-Пикчу (кечуа тілінде: «Ескі тау») - теңіз деңгейінен 2400 м биіктікте орналасқан қала.

Колумбқа дейінгі кезеңдегі иктер үшін маңызды орындардың бірі. Кейбір археологтардың ойынша бұл қала инктердің басшысы Пачакутек шамамен 1440 жылы салған. 1532 жылы испандықтар инктер империясына басып кіргенге дейін жұмыс істеген. 1532 жылы оның барлық тұрғындары құпия түрде жоғалып кеткен. Бірнеше ондаған жылдардан кейін қала 1911 жылы америка тарихшысы Гирам Бингхэммен қайта ашылды. Қала Перу Тарихи Құндылығы болып 1981 жылы, ал ЮНЕСКО-ның әлемдік құнды аймағы болып 1983 жылы жарияланды. Қалаға ұқсас Чокекирао қаласы 1570 жылға дейін болған. 2007 жылы Мачу-Пикчу әлемнің Жаңа жеті кереметінің бірі болды.

Мачу-Пикчу инмтердің клакссикалық стилінде өңделген тас қабырғаларымен салынған. Оның алғашқы және маңызды ғимараттары - Intihuatana, Күн Храмы және Үш Терезе Бөлмесі. Олар Мачу-пикчуның қасиетті ауданында орналасқан. Қазіргі күні туристік ағым бойынша мәселе туындап отыр. Өйткені 2003 жылы Мачу-Пикчуға 400 000 туристтер келген. Мұндай көрсеткіш бұл аймаққа өте көп және инфрақұрылым бұндай туристік ағымға арналып жасалмаған.

Қазіргі күні Мачу-Пикчу топтық туризмнің орталығына айналды. Күніне қалаға 2000 турист келіп кетеді. Ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатымен ЮНЕСКО туристтердің санын күніне 800 туристке дейін қысқартуды талап етіп отыр. Мачу-Пикчуға бару туристтер үшін айтарлықтай қияндық тудырады. Туризмді қолдау мақсатында көрші қала Агуас-Калиентеске дейін темір жол салынған, одан әрі Ольянтайтамбо қаласына, ал ары қарай қалаға дейін күніне оннан астам пойыздар жүріп жатыр. ЮНЕСКО туристтердің ағымын қысқарту үшін канат жолдарын салуға қарсы болыд. 2004 жылы болған жер сілкінісі нәтижесінде темір жол бөліктері қатты бұзылған болатын, бірақ қайта қалпына келтірілді.

Мачу-Пикчуға дейін Урумбамба өзенін бойлай баратын инктердің соқпақ жолы сақталған. Бұл жолмен болған жорық блірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.

Ларко мұражайы - Перудегі (Лима) жергілікті тарих, мәдениет және өркениеттерге арналған мұражай. Инктер империясының және Моче, Наска, Чиму өркениеттерінің заттары сақталған.

Мұражай Перудің ХVІІІ ғасырдағы вице-королінің уйінде орналасқан. Колумбқа дейінгі кезеңге шолу жасауға мүмкіндік беретін 4000 жылдық перуандық тарихтың хронологиялық галереясын көрсететін витриналары бар, әлемдегі өнер коллекциясының ең көп қоры бар мұражай болып табылады. Бұл әлемдегі алғашқы түгел өз 45 000 экспонатын электронды каталогқа салған мұражайлардың бірі.

Мұражай 1926 жылы Перудің тәуелсіздігіне орай 28 шілде күні ашылды. 2003 жылы коолекциялардың жартысы Колумбқа дейінгі Өнер мұражайына көшірілді.

Темір үй - 1887 жылы Икитос қаласында салынған әйгілі екі қабатты үй. Бразилиядағы Амазонас театры секілді ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басын қамтитын каучуктық «тамаша кезең» символына айналды. Сол кездері перуандық Икитосада каучер-клантаторлар шикізат экспорты үшін қомақты қаржы алып отырғандықтан, мәрмәр үйлер көптен салынды. Алайда осы Темір үй өзінің жобалаушыларының батырлығы және ессіздігі арқасында басқа үйлерден әлдеқайда ерекше болды.

Сельваның ортасына үй тұрғызу туралы ой миллионер-авантюрист Ансельмо де Агилаға келді. Оның жобасын Гюстав Эйфел жасады. Ертегідей байыған перуандық плантаторлар Икитосты перуандық Парижге айналдырғысы келді. Сондықтан архитектор үй конструкциясын бельгиялық Эссо цехтарында құйып, пластиналарын өңдеп, барлық бөшектерін Атлант мұхитымен параход арқылы жіберді. Үйді одан әрі мақтаыншты слтанатты ету үшін оның испандық аты латындандырылды.

Ғимаратта тұру мүмкін болмағаннан кейін қолдан қолға өтіп отырды. 1985 жылы ол жергілікті клуб болды. Үйдің қазіргі иесі Джудит Акоста де Фортес үйді келесідей ұйымдастырды: бірінші қабатта сувенир дүкендері, ал екінші қабатында «Амазонас» кафесі орналасқан.

Отуско терезелері - Кахамара аймағында ескерткіш. Жартасқа салынған ежелгі некрополь. Некрополь бірнеше жүзжылдық бұрын тоналған болғандықтанмәдени қалпын анықтау оңайға түспей отыр. Археологтар көбінесе инктерге дейінгі Кахамара мәдениетіне жатқызады.

Титикака - Оңтүстік Америкадағы ең ірі, әлемдегі ең биік кеме жүзетін көл. Көл Перу және Боливия елдерінің шекарасында Альтиплано қыратында теңіз деңгейінен 4000 метр биіктікте орналасқан. Аумағы 8300 км², орташа тереңдігі 140-180 м, ең терең жері 304 м.

Көлге 25-тен аса еріген мұздықтардан келетін өзендер келіп құяды және Десагуадеро өзені ағып шыгады. Су тұздылығы 1‰-ге жуық, сондықтан Титикака тұщы сулардың қатарына жатады.

Титикака көлі - Инктер өркениеті үшін қасиетті жер боылп табылады, Инкан мифологиясы бойынша Инктердің бірінші королі Манко Капак осы жерде дүниеге келген. Инкан мифологиясы бойынша Виракоха құдай көлден шығып Күнді, жұлдыздарды және алғашқы адамдарды жаратқан.

Титикакаға тур әрбір келуші үшін ұмытылмас тәжірибе болып табылады.

Колка каньоны - бұл каньон әлемдегі ең ірі коньон саналады. Тереңдігі 340 метр, Анд тау жүйесі арқылы өтеді. Ол АҚШ-тың Үлкен каньонынан 2 есе терең.

Колка өзені аңғарындағы ең танымал жерлердің бірі - Кондор кресті. Кондор кресті туристтердің арасында жақсы таынмал, себебі мұнда жақын қашықтықтан каньон арқылы кондорлардың ұшуын тамашалауға болады. Сонымен қатар мұнда әйгілі Анд кондоры мекендейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы туризмнің басты бағыттарын айқындап, пандемия кезіндегі орын алған өзгерістерге баға беріп, талдау жасау
Түркияның негізгі туризм салаларының дамыған өңірлері
Ақтөбе қаласындағы демалыс пен туризмнің дамуы
Балқаш көлінің географиялық жағдайының туризмге әсері
Сервистік қызметтің туризмдегі рөлі және салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру
Бизнестің туризмдегі алатын орны
Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективті бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы
Қазақстандағы туризм саласы
Қазақстандағы спорттық туризмнің дамуы
Қазақстандағы туризм инфрақұрылымның даму факторлары. Көлік түрлерінің қазіргі жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz