Құнды қағаздар нарығының даму ерекшеліктері



Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.Құнды қағаздар және құнды қағаздар нарығының түсінігі ... ... ... 5
1.1.Құнды қағаздардың түрлері және олардың жіктелуі ... ... ... ... ...10
2. Құнды қағаздар нарығының даму ерекшеліктері ... ... ... ... ..16
2.1 Құнды қағаздар нарығының қалыптасуы және дамуы ... ... ... ...16
2.2. Құнды қағаздар нарығының қалыптасу проблемалары мен даму тенденциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Кіріспе
Бүгінгі жаһандану кезінде қазіргі экономиканың тұрақты әрі қарқынды жетілуі үшін құнды қағаздардың әлеуметтік-экономикалық басымдылығын мемлекеттік реттеудің маңыздылығы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Құнды қағаздарды экономиканы дамыту, қаржы ресурстарын жинақтау және қайта бөлу құралы ретінде көреміз. Құнды қағаздар нарығы қаржы активтерінің қозғалысын қамтамасыз ете отырып, экономикалық субъектілерінің (фирмалар, ұйымдар), уақытша бос қаржы ресурстарының пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтеді және капиталды ыңғайлы түрде нақты сектордың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай туғызады.
Құнды қағаздар нарығы қаржы нарығының құрамдас бөлігі болып табылады. Олардың өзіне тән инфрақұрылымы бар күрделі экономикалық қатынастар саласы. Егер нарықтық механизм өндіріс құралдарының нарығы, тұтынушы тауарлары, жұмыс күші, шикізат, қызмет, ақпарат және қаржы нарықторының бірігуі негізінде қызмет етсе, қоғамдық ұдайы өндіріс процесінің тиімді реттеушісі болады. Нарықтар жүйесінде жетекші рөлді қаржы нарығы атқарады.
Қаржы нарығы – қаржы қызметін көрсету мен тұтынуға және қаржы құралдарының айналасына байланысты қатынастардың жиынтығы. Мемлекеттің қаржы нарығы, оның өндірісті және бәсекелестікті ұйымдастырудағы жетілген формалары ұлттық экономиканы қажетті ресурстармен қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-экономикалық қатынастарда қоғамның әл-ауқаттылығын арттырады.
Қаржыны иеленушілер мен оларды пайдаланушылар арасында құнды қағаздар нарығы делдал қызметін атқарады. Қаржы нарығы ақша қорларын ішкі және шет ел инвесторлары арқылы жұмылдырып, осы қорларды экономиканың өндірістік және әлеуметтік сфераларына бағыттай отырып, оларды тиімді орналастыруға жағдай туғызады.
Құнды қағаздар нарығы қызметінің негізін жалған капиталдың қозғалысы құрайды. Жалпы алғанда капитал қоғамдық қатынастарды көрсетеді, оның мәні осы қаржының кейбір бөлігін ұстауда несиелік капиталдың жекеленуінен және несиелік жүйені құрайтын арнайы институттарының құрылуынан пайда болған.
Жалған капитал – жинақтау процесі мен капиталды орталықтандыру, пайданы бөлу мен қайта бөлу, ұлттық кірісті мемлекеттік қаржы жүйесі арқылы қайта бөлу процестерін қамтиды.
Курстық жұмыстың мақсаты: құнды қағаздардың не екенін, мәнін, түрлері мен олардың жіктелуін, құнды қағаздар нарығының құрылымын, мемлекет тарапынан реттеуін, және оның бағыттары мен мақсаттарын қарастыру.
Жұмыстың міндеті: Құнды қағаздардың тұрақты дамуы экономикалық өсуді қаржыландырудың ең қолайлы тетіктерінің бірі екенін көрсету.
Тақырыптың өзектілігі: Құнды қағаздардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың Қазақстан Республикасының экономикасының дамуындағы маңыздылығы.
Курстық жұмыс 28 беттен 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жалпы құнды қағаздарға анықтама беріп құнды қағаздар нарығын толық
ашып көрсету. Екінші бөлімде құнды қағаздар түрлері мен олардың жіктелуін көрсету. Үшінші бөлімде Қазақстандағы құнды қағаздар нарығының қалыптасу мен дамуын анықтау. Төртінші бөлімде Қазақстандағы құнды қағаздар нарығының қалыптасу мәселелері мен қалай дамып келе жатқанын көрсету
Әдебиеттер тізімі:

1 Қазақстан Республикасының Заңы “Бағалы қағаздар рыногы
туралы”, 2003 ж. 2 шілде.

2 Қазақстанда құнды қағаздар рыногы қашан пайда
болды// Қарағұсова Г.Құнды қағаздар туралы не білеміз.-
Алматы,1996.-Б.6-9

3 Мұханалиева И. Бағалы қағаздардың әлеуметтік-
экономикалық басымдылығы және оларды рыноктық
қатынатарда мемлекеттік реттеудің
маңыздылығы:Автореферат. – Алматы, 2006. – 25 б.

4 Ресми - іскери қазақ тілі: Оқулық кешені: Бірінші
деңгей. Екінші деңгей. Үшінші деңгей / Ақанова Д.Х;
Алдашева А.М; Ахметжанова З.Қ.- Алматы: Арман, 2002.- 403
б. - Т.1. - 2002.- 1000.00тен.

5 Сахариев С., Сахариева А. Әлем экономикасы. 2-
бөлім.- Алматы: Дәнекер, 2003.- 279 б.

6 Хамитов Н. Н. Банк ісі [Мәтін]: лекциялар курсы.-
Алматы: Экономика, 2006.- 216 б.

7 Экономикалық саясат: Лекциялар.- Алматы: Экономика,
2002.- 170 б.



8 Бисембаев А., Жәнібеков Қ. Отандық акциялар рыногының
қалыптасу ерекшеліктері: [Құнды қағаздар рыногы туралы]//
Егемен Қазақстан.- 1995.-2 қараша

9 Быков В . Пайда өздігінен келмейді:Құнды қағаздар
туралы// Егемен Қазақстан.- 1996.-2 наурыз

10 Ғинаятұлы М. Құқықтық негіздер қалыптасуда: [Құнды
қағаздар рыногы туралы]// Егемен Қазақстан.- 1996.-19
қыркүйек

11 Қарағұсова Г.Ж. Құнды қағаздар туралы не білесіз?:
Сұрақтар мен жауаптар.- Алматы: Қаржы-каражат, 1996.-
32б.

12 Қосымбай М. Құнды қағаздың қозғаушы күші: [Маңғыстау
облысы әкімінің орынбасарымен сұхбат]// Егемен
Қазақстан.- 2000.-1қазан.-Б.3

13 Марченко Г. Міндет-теңгенің сыртқы және ішкі
тұрақтылығын сақтау / Сұхбаттасқан М.Мұқаштегі// Алматы
ақшамы.- 2001.-25 қаңтар.-Б.2

14 Сағындықова М. Ипотека игіліктері// Егемен
Қазақстан.- 2004. - 23 қаңтар. - Б. 4

15 Шалғынбаев Т. Құнды қағаз дегеніміз не//
Қаржы-қаражат.- 1995.-N5.-Б.48-49

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3

1.Құнды қағаздар және құнды қағаздар нарығының түсінігі ... ... ... 5
1.1.Құнды қағаздардың түрлері және олардың жіктелуі ... ... ... ... ...10
2. Құнды қағаздар нарығының даму ерекшеліктері ... ... ... ... ..16
2.1 Құнды қағаздар нарығының қалыптасуы және дамуы ... ... ... ...16
2.2. Құнды қағаздар нарығының қалыптасу проблемалары мен даму
тенденциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...25

Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..26
Кіріспе
Бүгінгі жаһандану кезінде қазіргі экономиканың тұрақты әрі қарқынды
жетілуі үшін құнды қағаздардың әлеуметтік-экономикалық басымдылығын
мемлекеттік реттеудің маңыздылығы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Құнды қағаздарды экономиканы дамыту, қаржы ресурстарын жинақтау және қайта
бөлу құралы ретінде көреміз. Құнды қағаздар нарығы қаржы активтерінің
қозғалысын қамтамасыз ете отырып, экономикалық субъектілерінің (фирмалар,
ұйымдар), уақытша бос қаржы ресурстарының пайдалану мүмкіндіктерін
кеңейтеді және капиталды ыңғайлы түрде нақты сектордың қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін жағдай туғызады.
Құнды қағаздар нарығы қаржы нарығының құрамдас бөлігі болып табылады.
Олардың өзіне тән инфрақұрылымы бар күрделі экономикалық қатынастар саласы.
Егер нарықтық механизм өндіріс құралдарының нарығы, тұтынушы тауарлары,
жұмыс күші, шикізат, қызмет, ақпарат және қаржы нарықторының бірігуі
негізінде қызмет етсе, қоғамдық ұдайы өндіріс процесінің тиімді реттеушісі
болады. Нарықтар жүйесінде жетекші рөлді қаржы нарығы атқарады.
Қаржы нарығы – қаржы қызметін көрсету мен тұтынуға және қаржы
құралдарының айналасына байланысты қатынастардың жиынтығы. Мемлекеттің
қаржы нарығы, оның өндірісті және бәсекелестікті ұйымдастырудағы жетілген
формалары ұлттық экономиканы қажетті ресурстармен қамтамасыз ете отырып,
әлеуметтік-экономикалық қатынастарда қоғамның әл-ауқаттылығын арттырады.
Қаржыны иеленушілер мен оларды пайдаланушылар арасында құнды қағаздар
нарығы делдал қызметін атқарады. Қаржы нарығы ақша қорларын ішкі және шет
ел инвесторлары арқылы жұмылдырып, осы қорларды экономиканың өндірістік
және әлеуметтік сфераларына бағыттай отырып, оларды тиімді орналастыруға
жағдай туғызады.
Құнды қағаздар нарығы қызметінің негізін жалған капиталдың қозғалысы
құрайды. Жалпы алғанда капитал қоғамдық қатынастарды көрсетеді, оның мәні
осы қаржының кейбір бөлігін ұстауда несиелік капиталдың жекеленуінен және
несиелік жүйені құрайтын арнайы институттарының құрылуынан пайда болған.
Жалған капитал – жинақтау процесі мен капиталды орталықтандыру,
пайданы бөлу мен қайта бөлу, ұлттық кірісті мемлекеттік қаржы жүйесі арқылы
қайта бөлу процестерін қамтиды.
Курстық жұмыстың мақсаты: құнды қағаздардың не екенін, мәнін,
түрлері мен олардың жіктелуін, құнды қағаздар нарығының құрылымын, мемлекет
тарапынан реттеуін, және оның бағыттары мен мақсаттарын қарастыру.
Жұмыстың міндеті: Құнды қағаздардың тұрақты дамуы экономикалық өсуді
қаржыландырудың ең қолайлы тетіктерінің бірі екенін көрсету.
Тақырыптың өзектілігі: Құнды қағаздардың әлеуметтік-экономикалық
тиімділігі және олардың Қазақстан Республикасының экономикасының дамуындағы
маңыздылығы.
Курстық жұмыс 28 беттен 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жалпы
құнды қағаздарға анықтама беріп құнды қағаздар нарығын толық
ашып көрсету. Екінші бөлімде құнды қағаздар түрлері мен олардың жіктелуін
көрсету. Үшінші бөлімде Қазақстандағы құнды қағаздар нарығының қалыптасу
мен дамуын анықтау. Төртінші бөлімде Қазақстандағы құнды қағаздар нарығының
қалыптасу мәселелері мен қалай дамып келе жатқанын көрсету.

1. Құнды қағаздар және құнды қағаздар нарығының түсінігі
1.1 Құнды қағаздар және олардың экономикалық мәні
Құнды қағаздарға акция, облигация, мемлекеттік қазыналық
міндеттемелер, вексельдер жатады. Бұл қағаздар бұрынырақта қазақша “бағалы
қағаздар” деп аталған. Бірақ “бағалы” деген сөзден гөрі “құнды” деп
аталғанымыз дұрысырақ, неге десек, бүгінгі құнды қағаздар оның иесіне тек
пайда, табыс әкеледі.
“Құнды” деген сөздің өзі мейлі қай жағынан – тілдік, экономикалық
жағынан алсақ та, мағынасы жағынан біз айтып жүрген акция, облигациялардың
анықтамасын аша түседі.
Құнды қағаздың үш түрлі құндылық қасиеті бар, яғни, оны сатып ала
отырып:
- біріншіден, акция иемденушісі;
- екіншіден, оны шығарушы кәсіпорынның белгілі бір бөлігіне ие боламыз;
- үшіншіден, акцияның екі бағасының – номиналды және рыноктық бағасының
айырымы арқылы пайда көреміз. Бұл соңғы қасиеттерін таратып айтар
болсақ, біз бастапқыда акцияны номиналды бағасымен сатып аламыз да,
оны аукционда нарықтық өсіңкі бағамен сата аламыз, сөйтіп біз де, оны
шығарушы кәсіпорын да пайда көреді.
Құнды қағаздың екі түрі бар[1]: қарыз түріндегі құнды қағаз және
корпоративтік құнды қағаз. Егер құнды қағазды мемлекет шығарған болса, оны
мемлекеттік құнды қағаз дейді, мемлекеттік құнды қағаз – қатерсіз (риск)
құнды қағаз болып табылады.
Біз мемлекеттік құнды қағаз сатып алсақ пайда табыз, бірақ одан пайда аз
көреміз. Әйтсе де, біздің қаржымызға ешқандай қатер төнбейді, яғни бастапқы
акцияны жоғалтпаймыз, керісінше шамалы пайда үлесін аламыз. Корпоративтік
құнды қағазда қатер бар, әйтсе де оның пайдасы жоғары. Әр құбылыстың
пайдалы жағы да, зиянды жағы да бар десек, нарықтық экономика кезінде құнды
қағазды таңдай білу керек. Таңдау – үлкен жұмыс.
Құнды қағаздар нарығының пайда болуының бірнеше себептері бар.
Біріншіден, ғылыми-техникалық прогреске көп ақша керек.
Кеңес Одағы кезіндегі құнды қағаздардан қазіргі кездегі құнды қағаздың
айырмашылығына келетін болсақ, жұртшылықтың қолында “25 сомдық”, “50
сомдық” облигациялар болды. Осы облигацияларды, егер ақша керек болған
жағдайда, жинақ кассасына барып ауыстырып алуға болатын, бірақ ешқандай
пайдасыз. Одақ кезіндегі осы облигациялар кейде ұтыс жариялайтын, ол ұтысқа
жүздің бірі, не мыңның бірі ие болатын. Яғни, бұл облигациялар көпшілікке
ешқандай табыс, пайда әкелмейтін.
Ал, егер біз қазір жақсы дамыған акционерлік қоғамның акциясын алсақ,
біз сол акционерлік қоғаммен бірге пайда көреміз.
Бұған жеке капиталдың шамасы келмейді. Сондықтан бірнеше жеке капитал
бірігіп, акционерлік қоғамдар құрады. Ал, осы акционерлік кәсіпорындар
ғылыми-техникалық прогресті одан әрі дамыта алады.
Екіншіден, әр уақытта үнемдеудің арқасында адамдарда басы артық азын-
аулақ ақша қалады. Сондай жағдайда олар: мына кішкентай ақшамды қалайша
көбейтсем екен деп ойлайды. Олар осы үнемделген ақшасын құнды қағаз
рыногына салады. Құнды қағаз сатып ала отырып, оны иеленуші өз жағдайын да
көтереді, өндіріске де көмектесе алатын болады. Біздің халық соны түсінсе,
артық ақшасына басы артық зат ала бергеннен гөрі шамалы мөлшерде болса да,
құнды қағаз алар еді. Бұл оның өз республикасының экономикасына
көмектескені болып табылады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік құнды қағазды қарапайым халық ала
алмайды. Оны тек банктер алып жатыр.
Құнды қағаздардың экономикалық мәнін ашуда құжаттың құнды қағаздар
мәртебесіне ие болуы үшін қосымша сапаларын анықтау қажет.
Біріншіден, құнды қағаздар өз кезегінде меншік титулы нысанында
мүліктік құқты (корпорация акцияларын, вексельдер және т.б.) немесе құжат
иесі мен оны шығарушы тұлға арасындағы қарыздық қатынасты куәландыратын
ақша құжаты.
Екіншіден, құнды қағаз қорларды инвестициялау туралы куәландыратын
рөлі мен экономикалық мәнін түсіну үшін өте маңызды. Бұл жерде олар
инвестицияның жоғары нысаны ретінде басты рөльде ойнайды.
Үшіншіден, құнды қағаздар – бұл нақты активтерге талап етуі
көрсетілетін құжаттар.
Төртіншіден, құнды қағаздардың өтімділік, айналымдылық, нарықтық
сипат, стандарттылық, сериялық сияқты сапалық қасиеттерімен азаматтық
айналымда қатысуын атамай өтуге болмайды.
Өтімділіктің астарында құнды қағаздардың сатылуы нәтижесінде ақша
қаражаттарына айналу мүмкіндігі жатыр. Ол үшін құнды қағаз нарықта
айналыста болуы қажет. Құнды қағаздардың айналымдылық қасиеті сатып ату-
сату негізінде (акция, облигация және т.б.) немесе басқа тауарлар нарығымен
(чектер, вексельдер, жекешелендіру құжаттары) айналымы байланыстырып, төлем
құралы ретінде іске асырылады. Құнды қағаздар ерекше тауар ретінде, яғни
өзіне тиесілі ұйымдары және онда жұмыс істеу ережелері бар нарығы болуы
керек. Алайда бағалы қағаздар нарығында сатылатын тауарлар ерекше тауарлар
болып табылады. Себебі құнды қағаздар – бұл тек меншік титулы, табыс алуға
құқық беретін, бірақ нақты капитал алуға құқығы жоқ құжат. Құнды қағаздар
нарығының оқшаулануы олардың осы сапасымен анықталады.
Құнды қағаздар нарығы басқа нарықтар сияқты күрделі ұйымдылық және
техникалық циклдардың толықтылығы мен аяқталғандылығын жоғары деңгеймен
ұсынады. Онда құнды қағаздар баға кешенін қолдану арқылы сатып алу-сату
заты ретінде пайдаланылады, бұл жай тауарлардан ерекшеленеді.
Құнды қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне байланысты олардың
нарығы алғашқы және екінші болып бөлінеді. Алғашқы нарықта жаңадан
шығарылған бағалы қағаздарды олардың алғашқы иемденушілеріне сатады; екінші
нарықта құнды қағаздардың айналысы, яғни олардың иемденушілерінің ауысуы.
Құнды қағаздардың атаулы, эмиссиялық және нарықтық бағасы болады.
Атаулы баға дивиденттерді, пайыздарды есептеу базасы ретінде нақты
есептік мәні бар және одан кейінгі есеп айырысуларда қолданылады.
Эмиссиялық баға – құнды қағаздарды алғашқы орналастыру кезіндегі сатылу
бағасы. Ол табыстық және орналастыру кезіндегі сатылу бағасы. Ол табыстылық
және несиелік пайыз деңгейімен анықталады. Нарықтық баға – құнды
қағаздардың екінші нарықта айналу бағасы. Оның көлеміне сұраныс пен
ұсыныстың арақатынасы әсер етеді.
Сонымен, құнды қағаздар шаруашылық қызметте қолданатын әр түрлі
құжаттардың жиыны[2]. Сонымен бірге олар өздеріне тиісті жалпы бір
белгілері онда көрсетілген мүліктік құқты өткізу үшін ұсыну қажеттілігімен
біріктіріледі. Құнды қағаздарды иемденудің мақсаты табыстылық, өтімділік
және қаржыландыру кезінде қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.

Қазақстан Республикасындаға бағалы қағаздар нарығы туралы
Заңында[3] туынды құнды қағаздар – басқа құнды қағаздар арқылы өзінің құнын
айырады деп айтылған. Туынды құнды қағаздар – бұл әр түрлі базистік
активтермен бейнеленген, мүліктік жағдайға негізделген ерекше әмбебеп
тауар. Туынды құнды қағаздарға фьючерстер, опциондар, форварттар,
варанттар, своптар, диспозитариилік куәліктер және тағы басқалар жатады.
Туынды құнды қағаздар қоғам капиталының белгілі бір бөлігіне тіркелетін
меншік құқын тұрақтандыруға қарағанда, туынды құнды қағаздарды пайдалана
отырып, болашақ кезеңде орындалатын кәсіпкерлік табысты алуға құқықты
тіркейді. Олардан пайданы бағамдар айырмашылығынан немесе әр түрлі нарықта
бір активті бір уақытта сатып алу-сатудан алады.
Құнды қағаздардың қайталама нарығы толық қызмет атқаратын болса, онда
бастапқы нарық та тиімді қызмет атқарады. Қайталама нарық механизмі, немесе
құнды қағаздарды кез келген уақытта сатып өткізу мүмкіншілігі
инвесторлардың оларға деген сенімін арттырады. Ал, бұл қоғам ресурстарын
өндірістің дамуына толықғырақ жұмылдыруда өз себебін тигізеді. Қайта сату
нарығында құнды қағаздардың биржалық айналымы және биржадан тыс айналымы
бөлініп қалыптасады.
Биржалық айналым ұғымы құнды қағаздарды биржаның сату-сатып алуын
білдіреді. Құнды қағаздардың биржадан тыс тікелей келіміс түрінде сату-
сатып алу аудасы құнды қағаздардың биржадан тыс айналымы деп анықталады.
Биржаға кез-келген компания еркін түрде жіберіле бермейді. Ол үшін
биржада тіркелу қажет болады. Биржада тіркелу үшін фирма оның заңмен
анықталған тәртіптерін орындауы тиіс.
Биржа өзінің беделін сақтау және нығайту мақсатында акцияларын өтімді
етуге, ал өздері белгілі де ірі компаниялармен жұмыс істеуге, әріптес
болуға ұмтылады. Егер фирма биржада тіркелген болса, онда бұл фирманың
акциясы биржалық бағамдама алғанын немесе акциясы тұрақты сұранымға ие
болғанын білдіреді. Фирманың биржада тіркелуі осы фирманың қалыптасқан
нарықта өз орнын алуын білдіреді.
Әрбір биржа құнды қағаздарды тіркеуге алғанда өзінің талап-тәртібін
белгілейді. Сондықтан, кейбір компаниялардың қағазы бір биржада бір түрлі
тіркеліп бағамдалса, басқа бір биржада өзгеше бағамдалуы мүмкін.
Биржадан тыс айналымға екінші дәрежелі фирмалардың қағаздары түседі.
Кейбір фирмалардың қағаздары биржада да, биржадан тыс айналымда да болады,
Биржадан тыс нарық телефон, телекс, компьютер негізінде мыңдаған
инвестициялық фирмаларды біртұтас жүйесге біріктіреді. Биржалық нарық тек
ірі компанияларға қолайлы болса, биржадан тыс нарыққа кез келген компания
кіре алады. Ол үшін тек делдалдық (брокерлік) фирма табылса болғаны.

1.2. Құнды қағаздардың түрлері және олардың жіктелуі

Құнда қағаздардың түрі түсінігінде құнды қағаздарға тиісті жалпы
бірдей белгілердің жиынтығы. Құнды қағаздар жіктелуін және құнды қағаздар
түрлерінің жіктелуін айыра білу керек.
Құнды қағаздардың жіктелуі – бұл құнды қағаздардың өздеріне тиісті
белгілері бойынша бөлінуі.
Құнды қағаздар түрлерінің жіктелуі – бұл бір түрдегі құнды қағаздарды
топтастыру; құнды қағаздарды басқа да түрлерге бөлу. Өз кезегінде түрлерді
одан әрі бөлуге болады. Әрбір төменгі жіктеу жоғары тұрған жіктеудің
құрамына кіреді. Мысалы, акция – құнды қағаздардың бір түрі. Қарапайым
акция бір дауысты немесе көп дауысты, номиналмен немесе номиналсыз болуы
мүмкін.
Құнды қағаздар жоғарыда айтылғандай белгілі бір сипаттың жиынына ие.
Уақыт сипаттамасы:
- қызмет ету мерзімі: айналысқа қай уақытта шығындарды, қай уақыт кезеңіне
немесе мерзімсіз;
- пайда болуы: бас өзінің бірінші негізінен келе ме немесе басқа бағалы
қағаздардан.
Кеңестік сипаттамасы:
- қызмет ету нысаны: қағазда немесе заңды түрде айтқанда құжатты нысан
немесе қағазсыз, құжатсыз нысан;
- ұлттық белгісі: отандық немесе басқа мемлекеттік, яғни шетелдік;
- аймақтық белгісі: елдің қай аумағында шығарылған.
Нарықтық сипаттамасы:
- құнды қағаздар негізінде жатқан актив түрі немесе оның шығу негізі
(тауар, ақша, фирманың жиынтық активі және т.б.);
- иемдену тәртібі: ұсынушыға, атаулы, ордерлі. Атаулы құнды қағаздар – онда
көрсетілген тұлғаның құқығын куәландыратынын көрсетеді. Ұсынушы құнда
қағаздары – құқық оны ұсынушы адамға жатады. Ордерлі құнды қағаздар –
құқық онда аталған адамға тиесілі.
- шығару нысаны: эмиссионды, яғни ішінде барлық құнды қағаздар өздерінің
сипаттары бойынша бірдей болып келетін бөлек сериялар бойынша шығарылады
немесе эмиссиялық емес;
- меншік нысаны және құнды қағаздарды нарыққа шығарушы эмитент түрі:
мемлекет, корпорациялар, жеке тұлғалар;
- тәуекел деңгейі: жоғары, төмен және тағы басқа;
- қаражат салымының нысаны: ақша қарызға немесе меншік құқығын иемденуге
қаржылана ма.
Құнды қағаздар сонымен қатар мерзімді және мерзімсіз болып бөлінеді.
Мерзімді – оларды шығару кезінде мерзімді белгіленетін құнды
қағаздар. Әдетте мерзімді құнды қағаздар үш түрге бөлінеді:
- қысқа мерзімді, айналымда бір жылға дейін жүретін;
- ұзақ мерзімді, айналымда бір жылдан жоғары мерзімде жүреді.
Мерзімсіз – айналым мерзімі шектелмеген құнды қағаздар, яғни олар
шексіз қызмет етеді және құнды қағаздар шығару кезінде өтеу мерзімі
көрсетілмейді.
Құнды қағаздардың пайда болуының классикалық нысаны – қағаз, яғни
құнды қағаз құжат түрінде қолданыдалы. Құнды қағаздар нарығының дамуы құнды
қағаздардың көп түрінің ең алдымен эмиссиялық нысанын құжатсыз нысанға
ауысуын талап етеді.
Инвестициялық (капиталдық) – капитал салымы үшін объекті болып
табылатын құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік келісімдер және
т.б.).
Инвестицциялық емес – тауар немесе басқа нарықта ақшалай есеп
айырысуға қызмет көрсететін құнды қағаздар (вексельдер, чектер,
коносаменттер).
Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және несиелік тәуекел
деңгейін, инвесторлардың қызығушылығы мен басқа факторларды ескергенде
қордың құнды қағазы үш топқа бөлінеді:
- мемлекеттік;
- муниципальдық;
- мемлекеттік емес.
Мемлекеттік құнды қағаздар – мемлекеттік ішкі қарыздарының нысаны:
эмитенті мемлекет болып табылатын қарыздық құнды қағаздар. Мемлекеттік
құнды қағаздар ішінде қазынашылық вексельдер мен міндеттемелер, мемлекеттік
және жинақ қарыздарының облигациялары кең тараған.
Муниципалдық құнды қағаздар корпорациялық және жеке қаржы
институттарымен ұсынылады. Корпорацияға кәсіпорындардың, ұйымдардың,
банктердің қарыздық міндеттемелері мен акциялары жатады. Жеке құнды
қағаздарға жеке тұлғалар шығаратын вексельдер, чектер жатуы мүмкін.
Нарықтағы айналым ерекшеліне байланысты құнды қағаздарды нарықтық
(айналымды) және нарықтық емес (айналымсыз) деп бөледі.
Нарықтық құнды қағаздар екінші нарықта биржалық және биржадан тыс
айналыс шегінде еркін сатып алынуы және сатылуы мүмкін. Ол шығарылғаннан
кейін эминетке кезектен тыс ұсынылмайды.
Нарықтық емес құнды қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін ауыспайды,
яғни оларда екінші айналыс болмайды. Бұл мынадай құнды қағаздарға жатады,
мысалы, эмитент құнды қағаздарды шығару кезінде тек эмитенттен басқа адамға
сатылмауы тиіс деген шарт қояды.
Сонымен қатар, айналысы шектелген құнды қағаздар туралы айтып кетуге
болады. Сатып алу – сату мәселесі бойынша шектеулер жабық акционерлік
қоғамының акцияларына жатады.
Құнды қағаздардың борышқорлық және иемденуші үлесіне бөлінуі өз
кезегінде ақша қаражаттарын пайдаланудың екі мүмкін тәсілдерін көрсетеді:
-әр түрлі активті меншікке алуға;
- уақытша пайдалануға.
Егер құнды қағаздар салынған ақша сомасын қайтарып беру шартымен
шектелген мерзімге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады. Бұл
облигациялар, бактік сертификаттар, вексельдер және т.б. Иеленуші құнды
қағаздар активтерге сәйкес меншік құқығын береді. Бұл акциялар, варанттар,
коносаменттер және т.б.
Эмиссиялық құнды қағаздар ірі серияда және көп көлемде және әрбір
серияның ішінде ұқсас шығарылады. Бұл – акция және облигация.
Эмиссиялық емес құнды қағаздар аз серияда немесе санаулы түрде
шығарылады.
Қазіргі әлемдік тәжірибеде қолданылатын құнды қағаздар екі үлкен
сыныпқа бөлінеді.
1- сынып – негізгі;
2- сынып - туынды.
Негізгі құнды қағаздар – қандай да болса бір актив (тауар, ақша,
капитал, мүлік, әр түрлі ресурстар және т.б.) негізінде мүлік құқығы
жататын құнды қағаздар. Негізгі құнды қағаздарға акциялар мен облигациялар
жатады.
Бұл мақсат нарықты биржа түрінде ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.
Биржада белгілі бір тауар түрі бойынша барлық сұраным мен ұсыным көлемі
тоғысады. Биржаның негізгі белгілері мынадай:
1) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құнды қағаздар нарығының құрылымын, мемлекет тарапынан реттеуін, және оның бағыттары мен мақсаттарын қарастыру
«Қаржы нарығы және делдалдар» пәні бойынша негізгі дәріс материалдары
Қазақстан Республикасындағы қор нарығының қызметінталдау
Нарықтық құнды қағаздар
Қазақстан Республикасының қор нарығының даму ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының қор биржасының қызметін ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктері
Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясаты
Бағалы қағаздар нарығын талдау және бағалау
Бағалы қағаздар нарығы – қаржы нарығының құрамдас бөлігі
Бағалы қағаздар нарығының мәні мен қалыптасуы
Пәндер