Қазақстан Республикасының Университеттік білім беру жүйесінде тұлғаға этномәдениеттік білім беру мен тәрбие берудің ұлттық моделін құру



Зерттеудің өзектілігі: қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсаттарының ең бастысы - өзінің өмірін, тәіжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. өйткені ұрпақ тәрбиесі қоғамның келешегін, ел іргесін берік ететін басты фактор болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда оқыту мен тәрбиелеу жүйесі үшін білім беру саласында этномәдени білім беру ісін жандандыру мәселсінің қажеттілігі күннен күнг артып отыр.
Этномәдени білім берудің өзіндік теориялық және әдіснамалық базасы бар. Этномәдени білім беру мәдениеттанудың әдіснамалық қағидалары, этнос, этнопедагогика, энопсихология, қазақ философиясы теориясының жиынтығын құра отырып, білім беру саласының мамандарын қажетті ұғымдық-терминологиялық аппарат пен , қазақ халқының маңызды этноерекшелігі бар сапалары туралы біліммен қаруландырады.
Қазақстан Республикасының этникалық қатынас саласындағы білім беру саясаты этномәдени білім бру бағытын таңдайды, ал ол өз кезегінде лнгвистикалық және мәдени плюрализмді, қазақстандық қоғамдастықтағы қарым-қатынас пен пікір алмасуды қамтамасыз етеді[1].
Этномәдени білім беру идеясын жүзге асыруды білім беру жүйесіне этникалық компонентті ендіру жолымен қол жеткізуге болады.
Тарихқа көз жүгіртсек, кезінде этникалық білім беру мен тәрбиелеу идеялары ХХ ғасырдың көрнекті қазақ ағартушылары А.Байтұрсынов, М.Әуезов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, М.Қаратаев, С.Асфендияров пен ғылым мен мәдениеттің басқа қайраткерлерінің еңбектерінен көрініс тапқан.
ТМД елдерінд ұлттық білім берудің моделін іздеу этномәдени білім беру теориясын жасауға алып келді. Сонымен бірқатар ғалымдардың көзқарасынша (А.Ю.Белогуров, Г.Ф.Хасанова, В.К.Шаповалов, А.Б.Панькин, Ж.Ж.Наурызбай, Г.В.Палаткина және т.б.) білім берудің этномәдени бағыттылығы жеке тұлғаны әлеуметтндіру мен этнизациялауда басты рөлге ие.
Ресейлік ғалым Е.А.Ангархаева педагогтардың этномәдени білім беру ұғымына «целосттный процесс профессионального роста учителя, направленный на преобразование мотивационно-ценностного отношения к содержанию оброзования, на расширение методичских знаний, совершенствование умений и навыков, необхадимых для развития творческого потенциала в процессе решния проблмы» деп түсініктеме береді[2].
Ол этномәдени білім беру мазмұнының құрамдас элементтеріне мыналарды жатқызады: ұлттық сана, сат-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, материалдық мәдениет. Халық өнері, фольклор, әдебиет, тіл. Ғалымның ұсынған еңбегінде тіл ең басты орында [2].

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: қай заманда болмасын адамзат баласының алдында
тұратын ұлы мақсаттарының ең бастысы - өзінің өмірін, тәіжірибесін
жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. өйткені ұрпақ тәрбиесі
қоғамның келешегін, ел іргесін берік ететін басты фактор болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда оқыту мен тәрбиелеу жүйесі үшін білім беру
саласында этномәдени білім беру ісін жандандыру мәселсінің қажеттілігі
күннен күнг артып отыр.
Этномәдени білім берудің өзіндік теориялық және әдіснамалық базасы бар.
Этномәдени білім беру мәдениеттанудың әдіснамалық қағидалары, этнос,
этнопедагогика, энопсихология, қазақ философиясы теориясының жиынтығын құра
отырып, білім беру саласының мамандарын қажетті ұғымдық-терминологиялық
аппарат пен , қазақ халқының маңызды этноерекшелігі бар сапалары туралы
біліммен қаруландырады.
Қазақстан Республикасының этникалық қатынас саласындағы білім беру
саясаты этномәдени білім бру бағытын таңдайды, ал ол өз кезегінде
лнгвистикалық және мәдени плюрализмді, қазақстандық қоғамдастықтағы қарым-
қатынас пен пікір алмасуды қамтамасыз етеді[1].
Этномәдени білім беру идеясын жүзге асыруды білім беру жүйесіне
этникалық компонентті ендіру жолымен қол жеткізуге болады.
Тарихқа көз жүгіртсек, кезінде этникалық білім беру мен тәрбиелеу
идеялары ХХ ғасырдың көрнекті қазақ ағартушылары А.Байтұрсынов, М.Әуезов,
М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, М.Қаратаев,
С.Асфендияров пен ғылым мен мәдениеттің басқа қайраткерлерінің еңбектерінен
көрініс тапқан.
ТМД елдерінд ұлттық білім берудің моделін іздеу этномәдени білім беру
теориясын жасауға алып келді. Сонымен бірқатар ғалымдардың көзқарасынша
(А.Ю.Белогуров, Г.Ф.Хасанова, В.К.Шаповалов, А.Б.Панькин, Ж.Ж.Наурызбай,
Г.В.Палаткина және т.б.) білім берудің этномәдени бағыттылығы жеке тұлғаны
әлеуметтндіру мен этнизациялауда басты рөлге ие.
Ресейлік ғалым Е.А.Ангархаева педагогтардың этномәдени білім беру
ұғымына целосттный процесс профессионального роста учителя, направленный
на преобразование мотивационно-ценностного отношения к содержанию
оброзования, на расширение методичских знаний, совершенствование умений и
навыков, необхадимых для развития творческого потенциала в процессе решния
проблмы деп түсініктеме береді[2].
Ол этномәдени білім беру мазмұнының құрамдас элементтеріне мыналарды
жатқызады: ұлттық сана, сат-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, материалдық мәдениет.
Халық өнері, фольклор, әдебиет, тіл. Ғалымның ұсынған еңбегінде тіл ең
басты орында [2].
Қазақстан Республикасында оқушыларға этномәдени білім беру
тұжырымдамасының негізін қалаған ірі ғалым Ж.Ж.Наурызбай зерттеуінде
этностық - мәдени білім беру, оқушылардың этностық мәдени білімділігі
ұғымдарына теориялық анықтама бріп, қазақстанда оқушылардың этностық-мәдени
білімінің әдіснамалық және теориялық негіздері, мақсаты, құрылымы,
қағидалары мен шарттарын айқындаған. Қазақстан Республикасындағы тіл
мәдениеті мен тіл құрылымының тұжырымдамасын берген.
Мәдени-этникалық білім берудің стратегиясы өзара өрілген екі мақсатты:
этниалық тектестікті және мемлекеттік интеграцияны жүзге асыруға
бағытталады. Мәдени-этникалық негізгі міндттері жан-жақты мәдениетті
тұлғаны тәрбиелеу және көп тілді тұлғаны қалыптастыру.
Қазақстанда мәдени-этникалық білім жүйесін қалыптастыруға қажетті
алғышарттар – бұл үшін қолайлы жағдай жасау, яғни мәдени-этникалық білім
кеңістігі – отбасы, ана тәрбиесі , мектепке дейінгі балалар мекемесі,
мектеп, жоғары оқу орны, ұлттық мәдени орталықтар, үйірмелер мен курстар.
Сонан соң, автор мәдени-этникалық білімнің мазмұндық мағынадағы
құрылымын ұсынады да , оған жеке-жеке түсінік береді.
Оның анықтауынша , этномәдени білім беру мазмұны үш звеноның этномәдени
тәрбие – этномәдени әағарту ісі – этномәдени білім берудің бір бірімен
байланысын қамтиды [3].
Зерттеудің мақсаты: Қазақстан Республикасының Университеттік білім
беру жүйесінде тұлғаға этномәдениеттік білім беру мен тәрбие берудің ұлттық
моделін құру.

Зерттеудің міндеттері:
• Студенттерге Қазақстандағы Этномәдени білім беру мен тәрбие берудің
қалыптасуы мен дамуы жөніндегі ғылыми түсініктер қалыптастыру;

• Қазақстан Республикасының университеттік білім беру саласында
этномәдени білім беру мен тәрбие берудің ұлттық моделін құру.

Зерттеу обьектісі: Қазақстан Республикасының Университеттік білім беру
жүйесінде тұлғаға этномәдениеттік білім беру мен тәрбие беру.

Зерттеудің пәні: Қазақстан Республикасының университеттік білім беру
жүйесінде тұлғаға этномәдени білім беру мен тәрбие беруді нығайту.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер университеттегі этномәдени білім беру
мен тәрбие беруді іске асырудың мазмұнын саралауды оның тарихидамуына
жүгіндірсе, Қазақстан Республикасының білім беру саласына этномәдени білім
беру мен тәрбие беру тұжырымдамасы дайындалса, Қазақстанда университеттік
білім беруде этномәдени білім беру мен тәрбие берудің ұлттық моделі
құрылса, онда этномәдени білім беру мен тәрбие беруді іске асырудың
амалдарын іріктеуіне мүмкіндіктер туады, өйткені этномәдени білім беру мен
тәрбие берудің дамуы бүгінгі рухани құндылыққа сәйкес келеді.

Зерттеудің жетекші идеясы: Қазақстан Республикасының университеттік
білім беру саласында этномәдени білім беру мен тәрбие беру үдерісін
ұйымдастыруда ... ... ... ... ... ... ... .

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:

Зерттеу көзі: зерттеу мәселесі бойынша, тарихи, мәдениеттану,
әлеуметтану, психологиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық, тәрбие туралы
ғылыми әдебиттрді талдау,

Зерттеу әдістері:

Тарихи шындыққа қол жеткізу, оның тағылымы мен тәжірибесін дөп басып
ұғыну қашанда адамзат баласы үшін жауапкершілігі жоғары міндет болып келді.
Бұл міндетті атқарудың қиыншылығы да аз емес еді. Бірде тарихи фактілердің,
ақпараттардың, құжаттар мен деректердің тапшылығы қиыншылық туғызса,
келесіде жоғары да аталғандардың жобадан тыс көп болуы ғылыми ойдың
жинақталуына, жүйеленуңіне бөгет жасады. Бірақ, соған қарамастан, тарихи-
педагогикалық үрдістердің қалыптасуы мен дамуын зерттеудің қажеттігі күннен
күнге артып отыр.

Нақты тарихи-педагогикалық үдерістерді зерттеу белгілі бір тарихи
дәуірлерге мүмкіндік береді. Кез келген ғылымда ғылыми тұрғыдан дәуірлерге
бөлу – тарихты оқып-үйренудің алғышарты емес, керісінше оның оқып үйренудің
нәтижесі болып табылады.

Дәуір дегеніміз – уақыттың белгілі бір кезеңі. Дәуір табиғатта,
қоғамда, ғылымда, өнерде, т.б. құбылыстарда өзіндік айрықша қасиет,
сипаттарымен ерекшеленеді, даму барысында жаңа санамен тұлғаланады деп
жазылған Қазақ кеңес энциклопедиясында.

Кеңестік мектеп пен педагогиканың даму кезеңдері мәселелері ХХ ғасырдың
елуінші жылдары қарқынды қарастырыла бастады. Ғылыми ортада осы кезеңнің
белгілі педагогика тарихының өкілдері Н.А.Константинов, Ф.Ф.Королев,
В.Я.Струминский, Ш.Ганелин және т.б. мақалалары қызу пікірталастар туғызды.

Жоғарыда аталған ғалымдардың осы проблемаға қатысты бірқатар
мақалаларының болуына қарамастан, аталған проблеманы анықтаудағы нақты
өлшемдер мен біріңғай пікірлер болмады.

Осы замндағы тарихи-педагогикалық зерттеулерге мынадай жағымсыз
тенденция: бұрынғы тәжірибені терістеу, кейбір әдіснамалық негіздердің
қарапайымдылығы мен бір жақтылығы және бұл осы уақыттың көптеген қоғамдық
ғылымдарына тән еді.

Осы уақыттағы педагогикалық журнал беттеріндегі пікірталастардан мектеп
тарихы мен педагогиканың даму кезеңдері бойынша түрлі кереғар пікірлер мен
көзқарастарды кездестіруге болады.

Кейбір авторлар дәуірлерге бөлуді анықтауда фактілер мен құбылыстардың
арасында бір бірімен байланысы жоқ құбылыстар фактілерді ұсынды. 1960
жылдардың басына дейін пікірталастар жалғасты.

Тек 1958 жылдың желтоқсан айында педагогиканың тарихшыларының
жиылысында отандық мектеп пен педагогиканың тарихының он томдығын басып
шығару туралы Ф.Ф.королев бастаған комиссия құрылды. Бұл комиссия қоғамның
дамуындағы негізгі жағдайлар бейнеленгеназамат тарихында қабылданған
кезеңдерге бөле отырып негізін басшылыққа алды.

Бірақ, өкінішке орай, барлық білім беру жүйесінің (жалпы білім беретін
мектептен бастап жоғары мектепке дейін) даму кезеңдері қамтылмады. Ірі
ғалымдардың пікірінше, кезеңдерге бөлуді ірілендіру білім беру жүйесінің
негізгі буындарының ерекшеліктерін бейнеледі.

Кеңестік мектеп пен педагогиканың даму кезеңдерінің мынадай сызбасы
ұсынылды.

1. Мектептің түпкілікті жаңаруының басталуы мен кеңестік педагогиканың
қалыптасуы (1917-1920).

2. Кеңестік мектеп пен маркстік-лениндік педагогиканы тұрақтандыру
үшін күрес (1921-1930).

3. Жалпыға бірдей бастауыш және жеті жылдық білім беруді жүзееге
асыру, ғылым негіздерін берік игеру үшін күрес (1930-1941).

4. Екінші дүниежүзілік соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы мектеп
пен педагогика, жалпыға бірдей он жылдық білім беруді енгізу (1941-
1956).

1956 жылдан әрі қарай оқытуды өндірістік еңбекпен байланыстыру
негізінде мектептік жаңа білім берумен және педагогика ғылымдарының алдында
жаңа міндеттерді қоюмен байланысты жаңа кезең ұсынылады.

Әрине, ұсынылған сызба аталғанпроблеманы түпкілікті шеше алмайды. Ол
бұрынғы Одақ республикасындағы мектеп жүйесі мен педагогиканы қамтыды. әр
республикадағы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуының өзіндік
ерекшелігі болды. Бұл қазақстанға да тән еді.

Этномәдени білім беру дамуының кезеңдері Қазақстан тарихында болып
жатқан үрдістерге сәйкес келеді.

Тарихи педагогикалық үрдістерді дәуірге бөлу, оның ішінде этномәдени
білім беру кезеңдері қоғамның әлеуметтік экономикалық даму кезеңдерімен
сәйкес келеді.

Кезең - ... ... ... ... ... .

Қазақстанда этномәдени білім беруді дәуірлерге бөлу проблемасында
В.Г.Храпченковтың ғылыми ізденістері қызығушылық туғызды. Автор кеңестік
тарих ғылымының даму дәуірлерін зерттеген тарихшылардың көзқарасын
басшылыққа ала отырып, бұл мәселеде түрлі көз қарастардың барлығын тереңнен
саралап шығудың қажеттігін меңзейді.

Ол академик М.В.Нечкина ұсынған тарихи ғылымдардың даму кезеңдерін
анықтаудағы негізгі қағидаларын: кеңестік мектеп, кеңестік педагогикалық
ғылымдар тарих ғылымдар дамуын ескереді.

Жоғарыда аталғандарды басшылыққа ала отырып, В.Г.Храпченков отандық
мектеп пен педагогиканың дамуындағы мына кезеңдерді бөліп көрсетеді:

• 1917-1920 жылдардың ортасы;

• 1920 жылдардың ортасы мен 1930 жылдардың ортасы;

• 1930 жылдардың ортасы мен 1940 жылдардың алғашқы жартысы;

• 1940 жылдардың екінші жартысы мен 1950 жылдардың ортасы;

• 1950 жылдардың ортасы мен 1970 жылдардың ортасы.

Бірақ, автор тарихи педагогикалық зерттеулердің дәуірлерге бөлу
проблемасын қарастырғанда тек жалпы кеңестік мектеп пен педагогиканың даму
дәуірлеріне назар аударады, ал ұлттық ерекшеліктер назардан тыс қалған.

Қазақстандағы отандық білім беру жүйесінің даму кезеңдерінің
сипаттамасын бере отырып, А.К.Игибаеа білім беру жүйесінің қалыптасуы мен
дамуына ықпал ететін факторларды атап өтеді. Оларға мыналар жатқызылады:

• Қарастырылып отырған кезеңдегі ҚСРО мен Қазақстандағы әлеуметтік-
экономикалық және мәдени даму;

• Сауаттылық деңгей, жұртшылықтың білімдік ахуалы;

• Жалпы білім беру жағдайы, оның ішінде ҚСРО мен Қазақстандағы жалпы
және кәсіби білім берудің даму ерекшеліктері;

Сонымен қатар автор білім беру жүйесінің даму үрдісінің кезеңдерін
анықтаудағы өлшемдерді атап көрсеткен.

1. Әкімшіліктік-аймақтық өзгерістер және олардың білім беру жүйесінің
қалыптасуына әсері.

2. Білім беру мекемелерінің типтері.

3. Республиканың халықшаруашылығы үшін кәсіби кадрларды даярлау және
қайта даярлау.

4. барлық деңгейде білім беру үрдісінің бағдарламалық мазмұндық базасы.

5. оқу мекемелерінің барлық типтерінің оқыту үрдісін әдістемелік
қамтамасыз ету.

Белгілі ғалым Игебаеваның бөліп көрсеткен кезеңдеріне назар аудардық.

Бірінші кезең (1860-1920 жылдар). Қазақстанда білім беру жүйесі
негіздерінің қалыптасуының бастамасы. Педагогикалық ойлардың дамуы.

І кезең (1860-1890 жылдар)

ІІ кезең (1890-1910 жылдар)

ІІІ кезең (1910-1920 жылдар)

Екінші кезең (1920-1930 ж). жалпыға бірдей бастауыш оқудың жүзеге
асырылуы. Білім берудің заңнамалық базасының қалыптасуы.

Үшінші кезең (1930-1950 жылдардың ортасы). Мектеп жүйесінің дамуы.
Қазақстанда орта және жоғары кәсіби мектептердің қалыптасуы және дамуы.
Оқытудың барлық басқыштарында білім мазмұнын концептуалдық жағынан қайта
қарау.

І кезең (1930-1941 жылдар)

ІІ кезең (1941-1945 жылдар)

ІІІ кезең (1945-1950 жылдардың ортасы).

І-дәуір – білім беру жүйесі негіздерінің қалыптаса бастауы (1860-1920
ж.ж). осы дәуірде Қазақстанда типі, мазмұны, бағыты бойынша әр түрлі білім
беру мекемелері пайда болып, кейіннен олар Қазақстанның білім беру
жүйесінің негізі болып табылады. Осы кезеңдегі білім беру жүйесіне
сословиялық, білім беру мекемелерінің этникалық жағынан әртүрлілігі, таптық
тән.

ІІ-дәуір (ХХ ғасырдың 20-шы жылдары мен 30-жылдарының басы). Бұл дәуір
Қазақстанда болып жатқан білім беру үдерістері қиыншылықтар мен қарама-
қайшылыққа толы болды. Білім беру жүйесі қалыптасып, орта және жоғары оқу
орындары ашылды, жаңа кеңестік мектептердегі білім беру мазмұнының
теориялық негіздері жасалды.

Білім беру жүйесіне мемлекеттік бақылау тұрақтандырылды. Білім берудің
жаңа жүйесін тұрақтандыруда басты назар бастауыш мектепке аударылды.

ІІІ-дәуір (ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының басы – 50-шы жылдарының
ортасы). Бұл кезеңде үлкен жетістіктермен қатар кемшілік тұстар да баршылық
еді.

Бұл жылдары білім беру жүйесін идеологияландыру, саясаттандыру ерекше
болды. Осы тұста қазақ интелегенциясын қаймақтары атылды, аштықтан қаншама
мың адам қырылды, мыңдаған қазақстандықтар туған жерлерін тастап кетуге
мәжбүр болды.

Соғыс жылдары да білім беру жүйесі көп қиыншылыққа тап болды. Бірақ,
соған қарамастан, орта білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие міндеттерін
шешуде, ғылыми педагогикалық кадрларды даярлауа, түрлі типтегі және
деңгейдегі білім беру мекемелерін дамытуда біршама жетістіктерге қол жетті.

Қазақстандағы ХІХғасырдан ХХ ғасырдың ортасына дейінгі білім беру мен
педагогиканың дамуын оқып-үйрену үрдісін талдай келсек, ғалымдар оны үш
кезеңге бөліп қарастырады: ревалюцияға дейін (ХІХ ғ. аяғы – 1920ж.);
кеңестік (1920-1991 ж.ж.) және кеңестік дәуірден кейін (1991 ж. қазіргі
күнге дейін).

Қ.Сейталиев Қазақстанда жоғары педагогикалық білім берудің қалыптасуы
мен дамуы (1920-1991 ж.ж.) докторлық диссертациясында Қзақстан
Республикасының нақтылы тарихи жағдайында жоғары педагогикалық білім
берудің қалыптасуы мен дамуы алғаш рет тарихи педагогикалық тұрғыдан
жинақталып берілген. Еңбекте жоғары педагогикалық білім беруді бүгінгі
таңда қайта құрудың және реформалаудың тұжырымдамасы теориялық тұрғыдан
негізделген. Автор зерттеу жұмысының хронологиялық шеңберінде негізгі бес
кезеңді бөліп көрсетеді: 1920-1930 ж.ж.; 1931-1940 ж.ж.; 1941-1945 ж.ж.;
соғыстан кейінгі алғашқы онжылдықтар - 1945-1955 ж.ж.; 50 ж.ж. аяғы мен 90
ж.ж. бас көзі.

Әрбір тарихи кезеңнің өзіне тән сапалық белгілерін ажыратып көрсеткен.
Ғалым С.Қалиев ғылыми тұжырымдарға сүйене келе, қазақтың халықтық
педагогикасының тарихын адамзат мәдениетінің даму кезеңдерімен байланыстыра
қарастырып, сегіз дәуірге бөліп көрсетеді: а) алғашкы қауымдық құбылыс
кезеңіндегі тәрбие (б.д.д. ҮІІ ғ. – б.д. Ү ғ.) ; б) Ұлы түркі қағанаты
кезіндегі тәлім-тәрбие (ҮІ ғ. – ІХ ғ. аралығы); в) Араб шығыс мәдениеті,
орта ғасыр ойшылдарының тәлімгерлік ой-пікірлері (Х-ХІҮ ғ.ғ. аралығы) г)
Қазақ халқының кезіндегі ұлттық тілім-тәрбие жыраулар поэзиясындағы
тәлімдік ойлар (ХҮ – ХҮІІІ ғ.ғ.) ғ) Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі
тәлім-тәрбие мен ағартушылық идеялардың өркен жаюы (ХҮІІІ-ХХ ғ. 20-
жылдары); д) кеңестік дәуірдегі ұлттық ғылыми педагогиканың дамуы (1920-
1990 ж.ж.) е) Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті кезіндегі тәлім-тәрбие
көріністері (1991 ж. кейінгі кезең).

Сонымен біз түрлі тарихи-педагогикалық феномендерде дәуірлерге бөлуге
қатытсты еңбектерге талдау жасау негізінде (Г.Ахметова, Е.Жұматаева,
Р.Мұхитова, Қ.Сейталиев, А.Сембаев, Г.Храпченков, В.Храбченков, С.Қалиев,
А.Игибаева, А.Ильясова, А.Қайдарова, т.б.) этномәдени білім берудің дамуын
дәуірлерге бөлінді.

Мұрағат материалдарын, құжаттар мен әдебиеттерді зерттеп, талдау және
зерттеу барысындағы қол жеткізген нәтижелер, Қазақстан Республикасында
этномәдени білім беру мазмұнының қалыптасуы мен дамуына республикадағы
саяси-әлеуметтік және экономикалық өзгерістер ықпал еткенін анық байқатты.

С.Қалиевтың халық педагогикасын дәуірлерге бөлуде адамзат мәдениетінің
даму кезеңдерімен байланыстырылғандығын ескере отырып, этномәдени білім
берудің тарихи дамуын көрсетуге болады. Себебі, Қазақстанда этномідени
білім беру ғылымдағы теоретикалық өңдеулермен ғана емес, халық
педагогикасындағы эмперикалық тәжірибесімен де байланысты.

Қазақстандағы этномәдени білім беру проблемасының дамуын (арнайы іргелі
ғылыми зерттеулер шеңберінде) шартты түрде екі кезең көрсетілген:

• бірінші кезең: ХХ ғасырдың 60-90жылдары тарихи-педагогикалық
бағыт, Қазақстандағы жалпы білім берудің даму тарихына арналған
зерттеулерде көмескі көрініс берді;

• екінші кезең: ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бүгінгі күнге дейін –
ғылыми-педагогикалық бағыт.

Қазақстанда арнайы этнопедагогикалық зерттеулер жүзеге аса бастады. Бұл
кезең Қазақстан Республикасында этномәдени білім берудің жанданған тұсы
десе де болады. өйткені, тәуелсіздікпен бірге халқымыздың тілі, діні, салт-
дәстүрлері, әдет-ғұрыптары арқылы оқыту мен тәрбиелеуге қатысты іргелі
ғылыми еңбектер дүниеге келді. Осы дәуірде мемлекеттік тілге қатысты
заңдар, Қазақстан Республикасындағы қазақ мектебінің тұжырымдамасы,
Қазақстан Республикасының этномәдени тұжырымдамалары, Қазақстан
Республикасының Мәдени мұра бағдарламасы және т.б. нормативтік құжаттар
мен ресми құжаттар жарық көрді.

Еліміздің ғылыми-техникалық қуаты едәуір қарқын алып, білім берудің
ұлттық моделі құрылды, мемлекеттік Білім бағдарламасы, Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы күшіне енді.

Қазақ халқының тарихи мәдени өмірінде өзіндік із қалдырған,
республикада халық ағарту ісі мен жоғары педагогикалық ұлттық мектепті
қалыптастыруда және оның іргетасын қалауда белсене атсалысқан халқымыздың
адал перзенттері М.Жұмабаевтың, А. А.Байтұрсынов, М.Дулатов,
Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытовтың педагогикалық мұраларының этномәдени білім
беруде ғылыми әрі практикалық мәні орасан зор. Ұлы ойшылдардың
педагогикалық мұралары бүгінгі заман талабымен үндесіп жатыр. Ұзақ жылдар
бойы ұлтшылдық әдебиеттің өкілі деген айып тағылып, жазықсыз жапа шеккен
қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі Ж.Аймауытов
жазушылығымен қоса қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психология,
көркемөнерғылымдары саласында қалам тартып, құнды-құнды ғылыми-зерттеу
еңбектерін жазуымен, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы болуымен
дараланған ірі тұлға. Оның еңбектерінде әлеумет тәрбиесінен бастап ұлттық
тыныс-лік, адамгершілік, еңбек тәлімі, ата-ана орны, бала мінезінің алуан
қырлары, тәрбие жұмысы мен тағыда басқа келелі тақырыптар көтерілген. Автор
ең алдымен бала тәрбиесіндегі отбасының рөліне ерекше тоқталады. Баланы
бұзуға, яғни түзетуге себеп болатын бір шарт жас күнде көрген өнеге. Ол
өнеге әке-шешенің тәрбиесі арқылы қалыптасады. Ата-ананың берген тәрбиесі
баланың мінезіне салған ізіне байланысты. Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны
іледі деп атамыз қазақ тауып айтқан. Балаға қайырымдылықты, қаталдықты,
өтірікшілікті беретін кім? Ол, әрине, ата-ананың тәрбиесі. Баланың бойына
басынан сіңген мінезді қайта түзету қиындық келтіреді. Сүтпен сіңген
мінез сүйекпен кетеді деген сөз ата-ана тәрбиесінің күштілігін
көрсетеді...-деп автор бала мінезін қалыптастырудағы жанұя мүшелерінің,
әсіресе әке-шешенің ықпалын айқын ашып берді.

Ол бала мінезін жас шыбыққа теңейді. Жас кезде дұрыс тәрбие алмаған
бала өскенде қисық ағаш сияқты өсетінін, отбасында теріс тәрбиеленген
баланы қайта тәрбиелеудің үлкен қиындық келтіретінің айтады. Ж.Аймауытов
өнегелі отбасынан бұзық мінезді баланың шығуы немесе тәрбиесі нашар
отбасынан да тәрбиелі, өнегелі баланың өсуі мүмкін дей келеді де, бұл
айтылғандар өскен ортаның, замандас, жолдас-жора, құрбы-құрдастың
ықпалынан, соларға еліктеуден болатынын дәлелдейді. Сүтпен сінген мінез
сүйектен өтеді. Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы
керек. Күнін босқа өткізбей, таза пайдаланған жас жігіт тәрбиесі танымды
жеміс беруіне күдіктенбесін: еңбекпен алған тәрбие, қай түрлі болсада берік
болмақ. Ерінбей еңбек еткен жас күндердің күнінде замандастар ішінде
жетіккісі болуында сөз жоқ. Бұл шындықты жастар жасынан тоқыған дұрыс.

Ж.Аймауытовтың тәлім-тәрбие саласындағы алғашқы әрі ііргелі еңбегі –
Тәрбиеге жетекші. Тәрбие сәулесі түспейтін адамның ешбір қалтарысы жоқ.
Тәрбие берілмеген жерде шын ақылды, мәдениетті адам да болмақ емес.
Оқудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы
тәрбиені қоса беру,-деп түйін жасайды.

Кітаптың Тәрбие негізі деп аталатын бөлімінде автор тәрбие ісін оқу –
ағарту, тәжірибе тағылымдарымен, сондай-ақ, білім нәрімен бірлікте қарайды:
Тәрбиенің де, білімдендірудің де тірегі – мәдениетті өмір, яғни адам
баласының түрлі тараулы толық өмірі, - деп жазады автор, - тәрбие беру мен
білімнің берілуі бірімен бірі байланысушы, әйтсе де әрқайсысының өзгеше
мінезі, бірімен бірі арылатын өзгеше мақсаттары бар.

Кітаптың Дидактика деп аталатын екінші бөлімінде: ...мектеп
программасын балалардың ұғымына лайықтап, төңіректегі өмірді, табиғатты
бала қолма-қол, өзбетімен айырып танырлық түрде жасау керек ... Оқуды
күндегі ұшырайтын балалардың өміріне жақын нәрселерден, құбылыстардан
бастау тиіс-деген терең философиялық ойларды ортаға салады.

Ұлттық тәлім-тәрбинің әр алуан мәселе, қырлардың дидактикалық, танымдық
тұрғыдан әрі тағылымдық сипаттармен тел қарастыратын еңбектердің бірі -
Комплекспен оқыту жолдары. Кітаптың мақсат-мұратын айқындағанда:
Комплекспен оқыту – сабақты қазір әңгімемен өткізу емес, баланың өзін
еңбектендіріп, бірлестіріп, өз бетімен білім тапқандай қылу екенін ашық
көрсетеді.

Ол ...баланың ақылы, сезімі, қайраты мұғалімнің жігерлі ықпалы
арқасында жетіледі. Мұғалім балаларына салақ, селқос қараса, олардың жан
қуаттарын, кемітіп тәрбиеде бере алмайды – дей келе ұстаз бен шәкірт,
олардың арасындағы ортақ байланыс, мүдделер хақында кемел ойланып, келесі
мәселе қозғайды. Біздіңше, этномәдени білім беруде ғалымның айтқан
идеяларын назарда ұстасақ – ұтарымыз хақ.

А.Байтұрсыновтың бүкіл өмір жолындағы басты идеясы қазақ халқының
ұлттық санасын ояту, тұрмыс-жағдайын жақсарту, ол үшін халық-тың жаппай
сауаттандыру, оқыту керек екенін айтып, өзінің ұлттық идеясын насихаттайды.

А.Байтұрсынов оқу-ағарту ісін азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты
деп санаған. надандық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң, олжалы жерде
үлестен қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық
кейсапаты деп тіпті батыра айтады.

А.Байтұрсынов қазақ мектептеріне арнап Әліппе, Тіл құралы, Әдебиет
танытқыш т.б. құрастырған оқулықтары мазмұндылығымен, ұлттық бояумен
ерекшеленеді. Оқусыз халық қанша бай болса да біраз жылдардан кейін оның
байлығы өнерлі халықтың қолына көшпекші ... Бұл заманда қолы жеткендерді
теңдікке жеткізетін, негіздерге күш беретін өнер-білім. Еңбекте әуелгі
тілеу – ақша, ол жұрттан шықпақ. Әр баланың басына қосып құраса, бәрі жұрт
баласы болатындығын ол жұрт баласын оқыту жұрт міндеті екендігін айыратын
ес қазаққа әлі кірген жоқ. Екінші тіреу – оқуға керек құралдар. Оқу
құралдың ішінде оқу кітаптары. Оқу құралдары сай болмаса, оқу да оңды
болмайды. Шеберге – аспап, мұғалімге – құрал серік. Аспапсыз шеберлер еш
нәрсе істей алмайды. Оқудың үшінші жағының тіреуі – мұғалім. Мұғалім нашар
болса, жақсы мектепте отырып сабақ бере алмайды.

Сондай-ақ мұғалім мамандығын меңгергісі келген адамның бойында болуға
тиіс ең қажет екі қасиетті дәл көрсетті:

1. Бала оқытуын жақсы білейін деген адам, әуелі балаларға үйрететін
нәрселерін өз жақсы білерге керек;

2. Балалардың табиғатын біліп көңіл сарайын танитын адам боларға
керек.

А.Байтұрсыновтың мына сөздері бүгінгі күні де үнемі есте ұстайтын,
мәнін еш жоғалтпаған даналық қағида деуге болады: Балам деген жұрт
болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын! Балам деп бағып оқытып, адам
қылғаннан кейін, жұртым деп танымаса, онда өкпелеу жөн ғой. Аталық міндетін
атқарып отырған жұрт жоқ, жұртқа борыштымыз деп жүрген қазақ баласы жоқ.
Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы. Құлша тәрбиелесең, құл болмақшы ....

А.Байтұрсынов - қазақ балаларының ата тілінде сауат ашуынада көп жұмыс
жасалды. 1912 жылдан бастап 3жылдық бастауыш мектептерде (ол Ауыл
мектебі) шәкірттер сауат алдымен орыс тілінде ашатын. Қазақша оқылатын
пәндердің тілі қазақша болғанымен, жазуы, яғни ресми түрде қабылданған
графикасы жоқ еді, сондықтан да әр мұғалім өз ыңғайларына қарай не орыс, не
араб жазуларын пайдаланатын. А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ
зиялыларын 1905 жылы 26 шілдеде Ресей Империялық Министрлер Советінің
төрағасы атына петиция жазады. Ондағы қоғам талаптың бастылары: Қазақ
даласында оқу – ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде
балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде жүргізілсін т.б. осы
талаптарды жүзеге асыру үшін А.Байтұрсынов қазақша оқу құралы (1912 )
тұңғыш әліппе құралын жазды.

Қазақ мәдениет тарихында Ш.Құдайбердейвтің орны ерекше.

Ақынның педагогикалық, ағартушылық көзқарастарының шығармашылық
мұрасының ұлттық және жалпы адамдық түп-тамырлары:

1. Қазақ елінің халық педагогикасы.

2. Жанұядағы тәлім-тәрбие әдістер. Абай сабақтары.

3. Шығыс классиктерінің ағартушы-педагогикалық идеялары.

4. Европа мәдениеті, ғылым, әдебиет қайраткерлерінің гуманисттік ой-
пікірлері.

5. Л.Талстойдың жеке адамның тұлғалық дамуын жетілдіру ілімі.

Шәкәрімнің шығармашылық мұрасы қазақ мәдениетіне тән, әрі ұлттық, әрі
жалпы адамдық мағынаға толы.

Ұлы ойшыл Шәкәрім қазақ халқының мәдениетін дамытудың кілті – білімде
тәрбиеде, өнерде деп насихаттаумен қатар, өзіде білім алу жолдарын
көрсетіп, тәрбие беру тәсілдерін үйретіп, өнерден өнегесін көрсете білді.
Ол өнер білімді дамытып, халықтың мәдениетін өркендету үшін ең алыс батыс,
шығыс елдерінің ең өркениетті өнегелерін үйренуді қазақ жастары үшін өнеге
тұтады. Ол баланы тәрбиелеуде жалпы адамзаттық мақсат-мүдделерді алға
тартып, тәлім-тәрбие ғылымының әлемдік мәнініе зор көніл бөлді. Әсіресе,
адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, патриоттық тәрбиелерге көп көніл бөлген ақын
бұл тақырыптарға арнап шырынды шығармалар жазып, ұлттық тәрбиеге көп еңбек
сіңірді.

Өздігінен ізденіп оқып, ғұламалық дәрежеге жеткен дара дарын Шәкәрім
сонау өзінен бұрынғы Баласұғыни, Бақырғани, Жүйнеки сияқты адамшылықтың,
кісіліктің негізі етіп, білім мен еңбекті, тәрбиені уағыздайды: білімді
үйрену үшін нені үйренуді, кімнен, қалай үйренуді білу ләзім, білімнің
кілті ( ыждағатта, ынта-жігерде,еңбекте деп көрсетеді.

Бар ғылымның түп атасы ( таза ақылмен ойлану, ( деп білімді ой-санаға
сіңіру үшін таза ақыл керек екенін тұжырымдайды. Білім алу үшін, оны
іске асыру үшін еңбек ету қажет, бірақ еңбектің де еңбегі бар, орнына
жұмсалмаған еңбек, зұлымдыққа жұмсалған ақыл ( отқа түскен көбелекпен
бірдей,( дейді. Гуманист ақын жастарға білім беруде олардың жақсылықты
ойлау белсенділігі, ақыл парасатын дамытуды басты мақсат етеді, білім беру
мен тәрбие ісінің бірлігін сақтай білуді ұстаздық нұсқа етіп ұсынады.

ХХ ғасырдың ірі тұлғаларының бірі – Мағжан Бекенұлы Жұмабаев
ақындығымен өз заманының ең білімдар адамдарының бірі болғаны анық. Білімін
де, ақындық талантын да, ол халық қызмет етуге жұмсаған. Мағжан сонымен
қатар зиялылылары арасынан шыққан ірі педагог-ғалым. Оған оның педагогика
саласындағы еңбектері мен шығармашылығы дәлел.

Мағжанның педагогика саласындағы аса құнды еңбектерінің бірі –
Педагогика кітабы. Жұртшылыққа белгілі бұл еңбек бүгінгі қазақ
мектептеріндегі мұғалімдер үшін, қазақ ұлттық педагогикасы үшін ерекше
оқулық. Мағжан бала тірбиесінде ұлттық психологияны қалыптастыру, халық
педагогикасының негізінде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселесіне ерекше
көніл бөледі. Халық педагогикасын, ұлттық тәрбиесі Мағжан жалпы
педагогикасының ең түпкі тамыры, негізі етіп қояды. Осыған орай ол: Әр
тәрбиешінің қолданатын жолы – қлт тәрбиесі - деп тұжырымдама жасайды.

М.Жұмабаев әр ұлттың өз мектебі, өз тілі, төл оқулығы, мәдениеті мен
тәрбиесі болу керектігін сол кездің өзінжде-ақ меңзеген. Соданда бола,
өзінің Педагогика, Бастауыш мектеп – ана тілі (Ташкент, 1923),
Бастауыш мектеп ана тілін оқытужөні (Москва, 1925), Бала тәрбиелеу
жолдары, Салауатты бол (Москва, 1926) кітаптарында халықтың тәлім-
тәрбие, ұлттық педагогика мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, оны
педагогиканың негізі етіп ұсынады.

М.Жұмабаевтың ұлттық тәрбие туралы пікірлерінде мынадай жолдар бар:
Тәрбиеші мен мұғалімнің тек өз ұлтының тәжірибесімен ғана таныс болуы –
бір беткей ішкі тәрбиелер - дей кееле, түрлі ұлттың, түрлі замандағы
ғалымдарының ойларымен терең таныс болуларын ұсынады.

Міржақып Дулатұлы халқының келешегі үшін, ұрпақ тәрбиесінің болашағы
үшін жан аямай күрескен ақын, жазушы, педагог. Қазақ халқының ұлттық
мәдениетін өркендеуге негіз болатын ұлттық білім мен тәрбиенің зор орын
алатынын дәлелдей білген ұлы ойшыл қазақтың ұлттық педагогикасының мәдени
мұра екендігін баса көрсетіп, этнопедагогикалық еңбектерімен өркениеттік
келешегімізге ой-мақсаттарын ұластырды. Міржақып қазақ педагогикасында
алғаш рет қазақ оқушыларының гигиена мен әдеп, міне-құлықтары жөніндегі
шарттарды жазды. Өзінің Қирағат оқулығының Денсаулық жайынан атты
тарауы осы мәселелерге арналған. 1914 жылы Қирағат оқулыңы екінші рет
басылып шығады. Кітаптың алғы сөзінде М.Дулатұлы былай деп жазды: Сүйікті
қазақ мұғалімдері, міне, сол сендер керексінген қазақ тіліндегі оқу
кітабының бірі осы кітап. Кемшілігі болса, көрсеткендеріңізге шын
көңіліммен рахмет айтамын.

М.Дулатовтың тәлім-тәрбиелік тағылымдарынан қазіргі күн талабы –
тілегімен ұштасатын тағы бір кесек ойды кездестіреміз. Ол жас ұрпақты
имандылыққа тәрбиелеу. Қазіргі қазақ жастарының тәрбиесінде келеңсіз
жақтардың белең алуы тәлімгер қауымға буынды жүрегіненмейірімділік пен
имандылыққа баулып тәрбиелеу қажеттігін күн тәртібіне қойып отыр. Осы
жөнінде мұсылмандардың қасиетті кітабы, Құранның үлгі-өнегеге толы
тағылымдарына да баса назар аудару қажеттіге газет-журналдарымызда сан рет
жазылып жатыр.

Ұлттық мектептің өз кезегінде ғылыми негізін қалаған жоғарыда сөз
болған белгілі ағартушылар мен ғалым-педагогтар Мектеп ұлттық болып аталуы
үшін ұлттық психология мен тарихқа негізделуі.

Осы ұлылардың барлығы дерлік қазақ тәлімі тарихынан лайықты орын алуға
тиіс деп білеміз. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009-2011 жылдарға
арналған Мәдени мұра бағдарламасы негізі ұлы ойшылдардың педагогикалық
мұралары бүгінгі заман талабымен үндесіп жатыр.

Этномәдениет сөзінің этимологиясын екіге бөліп қарастырамыз. Этнос
- тарихи қалыптасқан этникалық қауымдастық - ытайпа, халық, ұлт. Этно
күрделі сөздің бірінші бөлігі мағынасы халыққа байланысты: этногеография,
этнодемография, этномәдениет, этнолингвистика, этнопедагогика, этнотілдік,
этноәлеуметтік, этномінез - құлық айқындалады. Этномәдениет - этнографияның
құрамдас бөлігі болып табылады. Этнография - белгілі бір халықтың
этногенезін, заттық, рухани мәдениетін, тұрмыс - салт, әдет - ғұрып
ерекшеліктерін зерттейтін ғылым. Академик Ә. Қайдаровтың: Зерттеу
мақсатына байланысты қазақты этнос деп қараудағы мақсат - оны төмендету
емес, қайта оның басып өткен ұзақ та сатылы даму жолын (ретроспективті
бағытта) саралай түсудің, тарихи этнотұлға ретінде танудың бірден - бір
дұрыс жолы, кепілдігі - деген сөзі зерттеудің бағыты дұрыс екендігін
көрсетсе керек [1, 11].

Екінші компоненті мәдениет араб тіліндегі мудун сөзі біздің
түсінігіміздегі қала мағынасын берсе, медэни - қала тұрғыны деген
ұғымды меңзейді. Осыдан мәдениет деген сөз пайда болған. Сөздіктерде бұл
сөзге дұрыс анықтама бермеген. Мәдениет орта ғасырлық мұсылман мәдениетінің
өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Қазақтар ХХ ғасырға
дейін мәдениет сөзін қолданбады. Бірақ, мәдениет терминінің орнына әдет
- ғұрып нормаларының ережесі ретіндегі көрсеткіші болып табылатын басқа
синонимдер қолданылды. Мысалы: Өлгеніңше өзіңді тәрбиелеп бағайын (Қамбар
батыр, 339). Тәрбие, әдет-ғұрып (Ш. Уәлиханов), дәстүр (Ы. Алтынсарин),
хикмет, ғибадат, иман, ғылым сөздерін (А.Құнанбаев) пайдаланған.

Мәдениет осы мағынасында Еуропаның әлеуметтік ойшылдарының сөз қолдану
айналымына ХVIII ғасырда енді, дегенмен мәдениет деген ұғым туралы
түсініктері ертерек қалыптасты. Ағартушылардың көзқарасы бойынша мәдениет
ақыл - ой дегенді білдірді. Джамбаттист Вико (1689 - 1744), Иоганн
Готфрид Гердер (1744 - 1803), Шарль Луи Монтеське (1689 - 1755), Жан Жак
Руссо (1712 - 1778) мәдениет қоғамдық орындардағы тәртіпте және саяси
мекемелерде ақыл - ой ретінде айқындалады деп есептеді. Ол, ғылым мен
өнер жетістігімен өлшенеді дейді. Мәдениеттің мақсаты мен жоғарғы ақыл - ой
бір - бірімен сай келеді: ол - адамдарды ақытты ету. Бұл мәдениеттің
концепциясы болды - эвдемоникалық[1] деген атпен аталды. ХIХ ғасырдың
екінші жартысында мәдениет деген ұғым ғылыми терминге айналды. Ол
қоғамның жоғарғы дамуы деген қағидадан арылады. Енді мәдениет -
өркениет және қоғамдық - экономикалық формация, жаһандану деген
ұғымдармен түйіседі. Сөйтіп, мәдениет пен өркениет ұғымы қатар
қолданылып келді. Қоғамдық - экономикалық формацияны ғылыми айналымға
енгізген Карл Маркс (1818 - 1883). Ол тарихты материалистік тұрғыдан түсіну
негізін қалады. Көптеген жылдар бойы мәдениет пен өркениет арасы
бірлікте қаралып жүрді. Тек қана алғаш рет неміс философы Иммануил Кант
(1724 - 1804) шекарасын салды. Басқа неміс философы Освальд Шпенглер (1880
- 1936) бұл екі ұғымды тіпті бір - біріне қарама - қарсы қойды. ХХ ғасырда
мәдениет туралы ғылыми таңданыс мүлдем жойылады. Романтикалық бейне
мәдениетке өте сирек шығармашылық нәр қосады. Рухани түсінік жөніндегі
маңызын арттыра түседі. Оны күнделікті тұрмыс нормаларынан аршып алады.
Француз философы Жан Поль Сартр (1905 - 1980): Мәдениет ешкімді, ешнәрсені
құтқармайды және ақтамайды. Ол - адам қолымен жасалады, одан ол  өзінің
бейнесін іздейді, өзін таниды, тек қана осындай қиын айнадан ғана ол өзінің
бетін көре алатын мүмкіндікке ие бола алады - деген  [2, 12]. Сонымен
мәдениет туралы нақты анықтама жоқтың қасы. Бұл мәдениеттің көп
мағыналығын білдірсе керек. Зерттеушілердің бағасы бойынша мәдениеттің
мыңға жуық анықтамасы бар екен. Қазіргі заманғы мәдениетте: технология,
шығармашылық, құнды концепциялық мәдениет таралған. Технологиялық көзқарас
бойынша келсек, мәдениет қоғамдық өмірдің өндіріс саласын және қайта
өндірудің белгілі бір деңгейін анықтайды. Шығармашылық концепция мәдениетті
адам тіршілігінің нәтижесі мен өмір сүру тәсілі ретінде жалпы қоғамдық
қозғалыстың көрсеткіші. Құнды (аксиологиялық) концепция мәдениеті өмір сүру
моделінің кіршіксіз маңызын ерекше атайды - қоғамдағы орнын анықтайды ал
мәдениет ондағы толықтырушы, дем беруші ретінде соны іске, шынға асырушы
болып табылады. Мәдениет ұғымы туралы философиялық сөздікте былай деп
анықтама берген: исторически определенный уровень развития общества,
творческих сил и способностей человека, а также в создаваемых ими
материальных и духовных ценностях [3, 292-293]. Сондықтан да мәдениет
әлемі, кез келген затты немесе құбылысты - табиғаттың сыртқы күшінің әсері
емес, адамдардың өздерінің  әрекетінің нәтижесі деп біледі, табиғаттың
бергенін тек қана жетілдіруге бағыттайды, жаңғыртады.

Қазақтың ұлттық мәдениеті туралы бірінші рет А.Байтұрсынов
Түркітанушылардың Бірінші съезінде (Баку, 1926) жылы стенографиялық
есебінде жан - жақты ашып көрсетті. Ол: Көптеген заттар олардың (Еуропа
мәдениеті - А.Қ.) жоғарғы мәдениетті тұрмысы, заттық мәдениеті сияқты
рухани мәдениеті де біздің халыққа әлі жетпейді - дейді .  М.Әуезов: Ол
күнде мәдениет жоқ, оның үстіне ислам діні ескіліктің барлық белгісімен
қатты алысты - деп жазды (1927). М. Әуезов ұлттық мәдениеттің орнына
баяғы бағзы заман ескіліктері тіркесін, М. Жұмабаев: тәрбие, ізгі
құлық, әдет баламасын қолданады. Мәдениет сөзі культура - латын
тілінде жерді өңдеу, табыну деген ұғымды берген. Көшпелі түркі
мәдениетінің айғағындай болған заттық, рухани мәдениеттің нақты көріністері
жер жырту, егін егу сияқты, мыс балқыту, бау - бақша мәдениетінің түрлері,
халық күнтізбесі ауыз әдебиетінде, тарихи жырлар лексикасында жақсы
сақталған С.Е. Толыбеков: Прогресс в земледелии был основан развития
метриальной и духовной культуры всех народов. В этом смысле труд
земледельца действительно был отцом богатства, а земля - его матерью  -
дейді .  Мәдениет мәселесі екі түрлі жағдайда қарастырылады: зайырлы және
діни. Құдай ілімі ретінде культура бұдан былай мәдениет культ бұдан
былай ғибадат етуге қарай: сенім, дәстүр, шын мәніндегі жоғарғы тұрмыс,
өзгеше иеге тағзым етуге бірте - бірте шыққан. Қазіргі заманның белгілі
діни  ойшылы А. Мень жоғарғы Иеге сену бүгінгі сияқты көне заманда да кез
келген мәдениеттің ішкі тұтастығының өзегі болып табылған дегенді айтады .
Діндарлар осы қағиданы ұмытқан кісі мәдениетті адамбыз деуге мүлдем құқығы
жоқ дейді. Сондықтан да болар ғибадат (культ) дыбыстық жағынан да
мазмұны жағынан да мәдениетпен (культура) әбден сәйкес келетіні.
Культура деген сөзді ең бірінші талдаған Н.К. Рерих (1874 - 1947). Ол
екіге бөліп қарастырды: культ - табыну, бас ию, ур - зайырлы өмір,
жарық дүние. Н.К. Рерихтің ұраны Әлем мәдениет арқылы болса, өз кезінде
Әлем жарық дүниені бағалау арқылы болмақ керек демек, адам жан -
дүниесіндегі жарық дүниеге сенуі арқылы келмек керек деген сияқты ұғынады.
Тарих басқаша діни көзқарасы мүлдем болмаған бірде - бір қоғамды білмейді.
Мәдениет  - дәстүр құндылықтары сіңген, адам түсінігі үшін заттық айғақ 
бар болса, сол жерден басталады. А. Меньнің сөзіне орайлас Толыбеков:
Казахи больше верили духу предков, чем богу. Эти два слова - арвах и кудай
- они употребляли вместе как синонимы, причем на первом месте всегда стоял
дух предков - деп жазды .  Алғаш рет әдебиетте мәдениет деген термин
Римнің атақты философы, әрі шешені Цицеронның (б.д.д. 45 ж.) Тускулан
кеңесі атты еңбегінде кездеседі. Қазақтың ұлттық төл мәдениеті көшпелі
түркі мәдениетінің жалғасы болып табылады. Номадизм - көшпелі түркілердің
шаруашылық қызметінің аса маңызды саласы. Номадизм - кеңістіктегі адамдар
тобының көшіп - қонуы. Номадизм - шөп жейтін малды көбейту, су және
маусымдық жайылым            (қыстау, күзеу, жайлау) көшіп - қону. Бұл
дегеніміз - заттық, рухани мәдениеттің қайнар көзі. Тері илеу, киім тігу,
тағам түрлерін жасау, ат әбзелдерін жетілдіру т.б. Көне Қазақстан
аймағындағы көшпелі мал шаруашылығын б.д.д. 1 - ші мың жылдыққа жатқызамыз.
Соның негізінде мал шаруашылығының  үш типін анықтаймыз: көшпелі, жартылай
көшпелі, отырықшы. Көшпелілердің озық мәдениеті А.Медоевтың Гравюры на
скалах Алматы, Жалын, 1979 жылғы еңбегінде жан - жақты сипатталған. Онда
ат (жылқы) көлік ретіндегі қызметі, өмір сүру динамикасындағы рөлі
сипатталды [11, 20, 21]. Мал шаруашылығымен айналысқан түріктер әрдайым
құдайлардың  қоршауында болды. Сондықтан да олар малдың иесі бар деп
түсінді. Мысалы: жылқы (Қамбар ата), түйе (Ойсыл ата), сиыр (Зеңгі баба),
қой (Шопан ата) т.б. С.Е. Толыбеков: Культ животных у кочевых народов, как
одна из форм общественного сознания, надо полагать, не мог сразу исчезнуть
даже после того, когда эти народы уже превратились в оседлых земледельцев
или смешались с ними - деген болатын [12, 197]. Түріктер үшін құдай: күн
кейіннен Тәңір мен Ұмай болды. Көшпенділер үшін доңғалақты арба көшіп қонып
жүргенде үй - жай болса, жаудан қорғанатын қорғанның да рөлін атқарған.
Қорғанның өз заңдылықтары болған. Ор (үй) қала есебінде жүрген. Түріктердің
бұзылмас дала заңы құқық ережелерін сақтап отырған. Міне, осындай ор
кейін орда да бір уақытта тәрбие, өнер, ғибрат сенім қатар жүрген.
Сонымен жас түрікті полисте (қала) өмір сүру қағидасымен тәрбиелеген.
Шыныққан түрікті, бала түріктен тәрбиелеп шығарған. Гректер мұны пайдейя
терминімен (рais - бала) деген. Демек, пайдейя тәрбие, оқу, үйрену, кең
ұғымда білім алу, білімді, мәдениетті дегенді білдірген. Полистің толық
қанды мүшесі техне саяси техне дегенде мәні ашыла түскен. Түрік - ат
әбзелін жасауды, тері өңдеуді,  мал шаруашылығына байланысты, кейіннен егін
шаруашылығына қатысты әліпбиді өте жақсы меңгеруі шарт. Полис әскери
шынығу  азаматтық борышпен толығып отырған. Ол ұзақ жылғы тәжірибе жолы 
схоле арқылы келген. Грек ойшылы Геродот: массагеттер соғыстың екі әдісін
біледі - садақ тартып та, найзамен де шайқасады; әдетте айбалтамен де
қаруланған. Олардың заттары алтын мен мыстан жасалған бас киімдері,
белдіктері және орамалдары алтынмен безендіріледі. Олар аттарға арналған
өмілдіріктерді де мыстан жасайды, керісінше, жүгенді, ауыздықты және
құйысқанды алтынмен әшекейлейді - деп жазды (Геродот. Тарих 9-том.
Аударған               Ф.Г.Мищенко. М., 1888, 1-том, 113-114 беттер) [13,
8]. Есік көлі маңынан табылған Алтын адам Геродоттың алтынды ел дегенін
тағы да әлем алдында дәлелдеп берді. Сақ жауынгерінің үстіндегі киімінен
табылған үлкенді - кішілі және әр түрлі пішіндегі 4 мың алтын әшекей бар
... - дейді Кемел Ақышев өз сөзінде [14, 5]. Ертедегі көшпенділер туралы
жазған  Геродот (Массагеттар), Старабон (Сақтар мен Массагеттер), Аммиан
Марцеллин (Гундар) ешқандай егін екпейді, ешқайсысы соқа ұстап көрмеген,
тек қана жылқы ұстайды, балық аулайды деп жазады. Кейінгі археологиялық
қазба байлықтардың деректеріне сүйенсек ішінде дәні сақталған қыш құмыра
табылды. Бұл дегеніміз жартылай отырықшылдық ертедегі көшпенділерде болған.
Бәрі бірдей көшіп жүрмеген. Бір бөлігі алтын мен мыс балқытқан, қару жарақ
соққан, ат әбзелдерін, тұрмысқа қажетті заттар жасаған.

также в значениях соответственно 'жатва' и 'вспашка'. Почти все
названия овощей в татарском языке (карбыз 'арбуз', кыяр 'огурец', кишер
'морковь', чөгендер'свекла', торма'редька' и.т.п.) - древнего
среднеазиятского происхождения - дейді. Бұл дегеніміз, көне түркілерде
бақша мәдениеті ерте заманнан бері дамып, ал славянь халықтары бау -
бақшамен кейіннен айналыса бастағанын көрсетеді. Мысалы: Даңғыл, дабыл
қақтырды, Кішміш, мейіз жегізіп Шұбар атты бақтырды (Алпамыс, 234) Өзім
қаштым дермісің? Мейіз берсем жермісің (Қобыланды, 82), Бір ағаштың басында
Көгертпедің екі алма (Алпамыс, 211);  М. Қашқари армұрт: алмұрт - деп
жазған [27, 125]. С.Е. Малов: Например, где же уйгурам на их солончаках
знать и помнить название яблока - алма? И вот, у степных уйгуров, живущих
близко к г. Сучжоу, вместо тюркского

слова алма употребляется китайское сагоза, но у горных уйгуров,
проживающих дальше от крупного центра - города Сучжоу, сохраняется это
слова алма. У степных уйгуров, правда, сохраняется слово алма, но с
прибавлением су (вода) - су алма - со значением уже груша. Уйгуры,
проживающие близко к Сучжоу, забыли название винограда, оно у них китайское
путо (кит. путао), а у горных уйгуров виноград по тюркский - узум -
дейді (Язык желтых уйгуров, 6 бет).

Осы мысалдарда келтірілген кейбір лексика туралы заттық мәдениетке
байланысты жазылған зерттеу еңбекте толық айтылады. Сондықтан да зерттеу
жұмысқа қатысты ішін-ара бірен-саран ғана деректерді келтірдік. Ж.А.
Манкеева: Қазақ тілі лексикасының ең бір сүбелі қабаты - этнолексика. Оның
бойында өткен өмір тарихын бейнелейтін әр түрлі саладағы сөз қазынасымен
қатар халқымыздың өткендегі рухани да материалдық мәдениетінің көрінісі
іспетті заттық мәдениет лексикасы да сақталған - дейді [28, 27].

Қазақ мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет . ол ұлттық
тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық тәрбие сол ұлттың
мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады. әрбір халықтың тарихи
тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс тіршілігіндегі рухани
тәжірибелері арқылы қалыптасқан тіәрбиелік және дүниетанымдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары оқу орындарында болашақ маманды тиімді дайындаудың психологиялық - педагогикалық шарттары
Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі
Болашақ мамандарды дайындаудың әдістемесі
Болашақ маманды дайындаудың психологиялық - педагогикалық аспектілері
12 жылдық дамыту күні және білім беру бағдарындағы негізгі оқу бағдарламалары
ПӘНДІ ОҚЫТУДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ ФОРМАЛАРЫ жайлы
12 жылдық білім жүйесіне көшу жағдайындағы мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі
Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері
12 жылдық жалпы орта білім беру мақсаты
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы
Пәндер