Тмд елдеріндегі кітап басып шығарудың дәстүрлі әдістері



Кіріспе
I ТАРАУ. ТМД ЕЛДЕРІНДЕГІ КІТАП БАСЫП ШЫҒАРУДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ӘДІСТЕРІ
1.1 Қазақстандағы кітап басу ісі: қазіргі жағдайы және даму болашағы
1.2 Қазір заманғы Ресей кітап басу ісінің ахуалы
1.3 Беларусь республикасының кітап шығару ісі
1.4 Әзербайжан кітап басу ісі: өткен мен бүгіні
1.5 Украиндық Гутенбергтер: Украинадағы баспа ісі
II тарау. КІТАП ІСІНІҢ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕРІ
2.1 ТМД елдеріндегі аудио және электронды кітаптардың даму болашағы
2.2 Электронды қағаз
2.3 Электронды кітаптар электронды қағаз технологияларын қолдану саласы ретінде
2.4 Оқитын құрал ретінде қағазды, сұйық кристалды және электронды қағазды салыстыру
2.5 Ақпараттық.коммуникациялық технологиялардың қағаз нарығына ықпалы
ҚОРЫТЫНДЫ
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир.
XX ғасыр артта қалды. Бүгінде ғалымдар мен жазушылар өткен ғасырды тұтастай сипаттап беретін сөз тіркесін іздеуде. Әр түрлі нұсқалар айтылуда: әлеуметтік революциялар ғасыры, әлемдік соғыстар ғасыры, радио, кино, телевидение, электроника ғасыры, тағы сол сияқты.
Ғылым мен техниканың дамуы, қоғамның дамуымен бірге кітап та дами түседі. Кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Адамның рухани әлеміне ықпал етуші құрал. Кітаптың әсерінен әрбір индивидтің санасында сан қилы идеялар, ой-тұжырымдар пайда болады. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік», - деген еді Ғабит Мүсірепов.
Зерттегелі отырған дипломдық жұмыстың тақырыбы - «ТМД елдерінің тәуелсіздік жылдарындағы баспа ісінің даму ерекшеліктері». Сан ғасырлар бойы адамның білімін одан әрі арттыруға құштарлығы арта түскен. Сол себепті әр елде басылып шығып жатқан кітапқа, кітап басу ісіне, оның тарихына деген қызығушылық артады.

Зерттеудің зәрулігі: Бұрын-соңды қазақ тілінде зерттелмеген бұл соны тақырып бүгінде зерттеуге зәру.
Зерттеудің өзектілігі: ТМД мемлекеттерінің кітап ісі жайындағы зеттелмеген тың материалдарды зерттеп, білімімізді толықтыру, ежелгі кітап басу ісі мен бүгінгі өмірдегі кітап ісінің жағдайы жөніндегі ақпартты молайту.
Зерттеу мақсаты:
- ТМД елдері баспалараның құқықтық-құрылымдық ерекшеліктерін айқындау;
- ТМД-дағы кітап безенінің айырмашылықтарын сипаттау;
- ТМД құрамындағы елдердің кітап нарығының дамуына сараптама жасау;
- ТМД елдерінің тәуелсіздік жылдарындағы ең ірі баспалар қызметінің ерекшеліктерін анықтау;
- ТМД елдерінің тәуелсіздік жылдарындағы кітап тарату мәселелерімен танысу;
- кітап шығарудың қазіргі заманға сай технология түрлеріне шолу жасау.

Зерттеу нысаны: ТМД елдерінің тәуелсіздік жылдарындағы баспа ісінің даму ерекшеліктері
Жұмыстың композициялық құрылымы: өзіндік жұмыс Кіріспе, Негізгі бөлім, Қорытынды, Пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім
қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша, жазбаша
түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап – адам баласының сан
ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді
өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның  білігі мен білімін, пайымы мен
парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Кітап маған тақтан да қымбат,
- деп атап көрсеткен Шекспир.
XX ғасыр артта қалды. Бүгінде ғалымдар мен жазушылар өткен ғасырды
тұтастай сипаттап беретін сөз тіркесін іздеуде. Әр түрлі нұсқалар айтылуда:
әлеуметтік революциялар ғасыры, әлемдік соғыстар ғасыры, радио, кино,
телевидение, электроника ғасыры, тағы сол сияқты.
     Ғылым мен техниканың дамуы, қоғамның дамуымен бірге кітап та дами
түседі. Кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен
тағылымының алтын сандығы. Адамның рухани әлеміне ықпал етуші құрал.
Кітаптың әсерінен әрбір индивидтің санасында сан қилы идеялар, ой-
тұжырымдар пайда болады. Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа
қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік,
- деген еді Ғабит Мүсірепов.
     Зерттегелі отырған дипломдық жұмыстың тақырыбы - ТМД елдерінің
тәуелсіздік жылдарындағы баспа ісінің даму ерекшеліктері. Сан ғасырлар
бойы адамның білімін одан әрі арттыруға құштарлығы арта түскен. Сол себепті
әр елде басылып шығып жатқан кітапқа, кітап басу ісіне, оның тарихына деген
қызығушылық артады.

Зерттеудің зәрулігі: Бұрын-соңды қазақ тілінде зерттелмеген бұл соны
тақырып бүгінде зерттеуге зәру.
Зерттеудің өзектілігі: ТМД мемлекеттерінің кітап ісі жайындағы
зеттелмеген тың материалдарды зерттеп, білімімізді толықтыру, ежелгі кітап
басу ісі мен бүгінгі өмірдегі кітап ісінің жағдайы жөніндегі ақпартты
молайту.
Зерттеу мақсаты:
- ТМД елдері баспалараның құқықтық-құрылымдық ерекшеліктерін айқындау;
- ТМД-дағы кітап безенінің айырмашылықтарын сипаттау;
- ТМД құрамындағы елдердің кітап нарығының дамуына сараптама жасау;
- ТМД елдерінің тәуелсіздік жылдарындағы ең ірі баспалар қызметінің
ерекшеліктерін анықтау;
- ТМД елдерінің тәуелсіздік жылдарындағы кітап тарату мәселелерімен
танысу;
- кітап шығарудың қазіргі заманға сай технология түрлеріне шолу жасау.

Зерттеу нысаны: ТМД елдерінің тәуелсіздік жылдарындағы баспа ісінің
даму ерекшеліктері
Жұмыстың композициялық құрылымы: өзіндік жұмыс Кіріспе, Негізгі бөлім,
Қорытынды, Пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

I ТАРАУ. ТМД ЕЛДЕРІНДЕГІ КІТАП БАСЫП ШЫҒАРУДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ӘДІСТЕРІ

1.1 Қазақстандағы кітап басу ісі: қазіргі жағдайы және даму болашағы

Қазақ кітабы қазақ тілінің сақталуының кепілдігі бола отырып, халықтың
білім алуына, тіл мен әдебиеттің, республиканың қоғамдық және ғылыми
өмірінің дамуында маңызыр зор.
1920 жылдың қараша айында, Қазақстанның (сол кезде Қырғыз (Қазақ)
Автономиялық Социалистік Республикасының) бірінші астанасы Орынбор
қаласында, мемлекеттік баспа орнының құрылуы туралы Ереже қабылданды. Ол
баспа Киргосиздат, онан кейін Казгосиздат деп аталған болатын. Аталмыш
ереже қазақ кітабы тарихының айтулы кезеңі болды.
Осыған дейінгі уақыт аралығында Қазақстан баспа ісі саяси, әлеуметтік-
экономикалық әдебиеттерді шығарушылардың арасында алда келді. Мұнда
философиялық, әскери-патриоттық әдебиеттер, өнеркәсіп, техника, медицина
салаларына байланысты кітаптар қазақ, орыс, ұйғыр, неміс тілдерінде
шығарылды.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін көкейкесті реформаларды жүзеге
асыруға, айқын экономиканы құруға тырысты. Сол уақыттан бастап қазақ кітап
ісінің тарихының дамуында жаңа кезең басталды. Нарықтық экономикаға көшу
жағдайында екі мемлекеттік және 300 жеке меншік баспалар пайда болды. 2005
жылы 377 баспадан 8650 баспа қағаздары шығарылды.
Тәуелсіз Қазақстанның кітап басу ісі жаңа нарықтық қатынастардың
жағдайларына төтеп бере алмаған ескі, кеңестік кітап басу жүйесінің
күйреуінен бастау алады. Егер сол тұста мемлекет тарапынан қолдау
көрсетілмесе, қазіргі уақытқа дейін шығынға батып, кітап нарығындағы
бәсекелестікке шыдай алмай, әу баста-ақ жабылып қалушы еді.
Қазақстанның тәуелсіздік алып, нарықтық экономикаға көшуімен
байланысты республикадағы баспалар қызметі мен баспа ісінің жай-күйі
түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұрынғы мемлекеттік баспалардың орнына жеке
меншік баспалар пайда болды. Баспа, полиграфия және кітап саудасы сияқты
бұрын бір орталықтан жоспарлы түрде басқарылып, мемлекеттік жоспармен
бірыңғай, бір бағытта жұмыс істейтін күрделі сала заман талабына сай
өзгерді. Бұрынғы Қазақстан, Жазушы, Жалын, Рауан, Өнер, Қайнар,
Ғылым, Білім, Санат, Балауса, Ана тілі, Қазақ энциклопедиясы,
Дәуір, Сарыарқа баспаларымен бірге Жеті жарғы, Жібек жолы,
Атамұра, Өлке, Ел, ЕР-Дәулет, тағы басқа ондаған жекеменшік
Баспалар пайда болды. Қазақстан Президентінің Мемлекеттік билік
органдарының бұқаралық ақпарат құралдарын, мемлекеттік кітап шығару ісін
нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде қорғаудың шұғыл шаралары туралы
Жарлығы елдегі Баспа ісінің дамуына бағыт-бағдар берді.
Ең атақтылары мыналар: Алтын қор, Алаш мұрасы, Отырар кітапханасы,
Ғибратты ғұмыр, Лауреаты Нобелевской премии, Библиотека мировой
литературы, Детская энциклопедия, Детская мировая литература,
Современная казахская поэзия, Современная казахская проза және
басқалар.
2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің мерзімді
басылым, кітап басу, кітап тарату мен баспаханалар аясындағы бірлестік
бойынша Мемлекетаралық кеңесте төрағалық етті. 2005 жылдың 1 нен 3 дейінгі
аралықта Алматыда ортаазиялық мемлекеттердің қатысуымен Ұлы Жібек жолымен
атты ІІІ халықаралық кітап және баспахана жәрмеңкесі өтті. 2005 жылдың 19
тамызында өткен XVII Мәскеудің халықаралық кітап және баспахана жәрмеңкесі
аясында Мәскеу қаласында ТМД мемлекет-қатысушыларының Кітап өнері атты 2-
халықаралық байқауы болып өтті. Конкурстың бас жүлдесіне Кентавры Великой
степи кітабы ие болды. Арт-книга номинациясы бойынша ІІ дәрежелі
дипломмен Атамұра баспасынан шыққан Пауло Коэльоның Захир романы
марапатталды. Менің елім номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломды
Алматыкітап баспасынан шыққан Традиции и обряды казахского народа атты
кітап алды. Осы сияқты дипломдар Победа номинациясынан мына кітаптар озып
шықты: Балалар әдебиеті және Фолиант баспасының өнімі Тағзым-
Поклонимся тем годам, сонымен қатар Күлтегін баспасынан шыққан Полный
атлас памятников Орхона атты кітап.
2006 жылдың 16 наурызында Астана қаласында Әлеуметтік маңызды әдебиет
түрлері атты бюджеттік бағдарлама бойынша 2005 жылы шыққан кітаптар
жәрмеңкесі болды. Көлемін көтеру шыққан әдебиеттердің сандық және сапалық
деңгейіне әсер етті. 2005 жылы 377 атаулы баспалардан 8650 баспалық
қағаздар шығарылған, Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлері атты бюджеттік
бағдарлама бойынша мынадай түр мен темада басылды: балалар әдебиеті,
энциклопедиялық әдебиет, сөздік-анықтамалық әдебиет, Қазіргі қазақ
прозасы, Қазіргі қазақ поэзиясы, Документалды-көркем әдебиет, музыкалық
әдебиет, заң әдебиеттері, қоғамдық-саяси әдебиет, ғылыми-атақты әдебиет
және тағы басқа.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат Комитеті
баспалар арасында мемлекеттік тапсырыспен кітап шығару жөнінде мемлекеттік
саясатты жасайды.
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысындағы бюджеттік
тапсырыстар мен тематикалық жоспарларды қалыптастырудың басты күші халықтың
сұранысындағы қажетті әдебиеттерді жоғары сапалы өнімдер өндірісіне
жүктейді.
Кітап басудың ең даңқты бағыты көпұлтты қазақстандық мәдениетті,
ұлттық және әлемдік мәдени мұраны насихаттайтын әсем безендірілген балалар
әдебиеті, әлемдік балалар классикасы, Қазақстанның белгілі тұлғаларының
мемуарлары, музыкалық әдебиеттер мен басқа да басылымдар болып табылады.
Қоғамның әлеуметтік және рухани дамуы үшін ұлттық әдебиет пен жазбаның
бірігуі мен ең үздік әлемдік, ғылыми, мәдени жетістіктер негізінде
мемлекеттік тілдегі гуманитарлық білімнің толықтай қорын қалыптастыруды
алға қойып отыр. 2006 жылы Мемлекеттік тіл – тұғырың, Литература на
языках народов Казахстана, Сардар серияларында кітаптар шығады.
Қазақстанның кітап басу ісі бүгінде бұрын-соңды болмаған дамуды бастан
кешіріп отыр. Кітап дүкендерінің сөрелері түрлі тақырыптағы кітап
өнімдеріне толы. Жыл сайын ондаған баспаның мыңдаған баспа өнімдері
республиканың кітап нарығына әкелінеді. Шетелден, әсіресе, Ресейден,
келетін кітап басылымдары ағыны оқырман қауымға зор таңдау береді.
Тұтынушы кітапты не үшін сатып алады? деген қарапайым сұрақтың дәл
сондай қарапайым жауабын табу қиын. Егер кітапты полиграфиялық өнім
ретінде емес, сатып алу-сату операциясының объектісі етіп алсақ қана
жауабын таба алатын сияқтымыз.
Оқырман қандай кітапты іздейді және ақшаны не үшін төлейді? Өте
қарапайым жауап: ол кітаптағы ақпаратты, білімді сатып алады. Алайда,
қазіргі заманда бұл ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарынан, интернет,
лазерлік дисктерден ала алады. Басқа болжамы: оқу құралы емтихан және сынақ
тапсыру үшін қажет, ал кітапхана қорында мұндай оқу құралы жоқ.
Сонымен, бір жағынан кітап сатып алушы кітапқа ақша төлейді, ал екінші
жағынан – нені сатып алады? Түптемені? Әлде суретпен көркемделген кітап
беттерін бе? Әрине, оқырманды қызықтыратын басты нәрсе – кітап мазмұны.
Кітаптағы қорытылған пайда – оқырманның өз бетінше өзінің рухани,
материалдық, интеллектуалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі.
Қазіргі кезде кiтап өз бағасын азайтып, құнын жоғалтып барады. Бiрақ
мұның бiрнеше түйткiлi бар:
Бiрiншiден, бағасы түскенде, кiтаптың саудадағы бағасы көтерiлдi, ал
рухани бағасы, оқырманды тарту құны төмендедi.
Екiншiден, басқа тiлдегi кiтаптар өтiмдi болып, қазақ кiтабының құны
түстi. Бiр кезде нарық заманының табалдырығынан аттап, капиталистiк қоғам
талабына бейiмделе алмай, өзiмiз қалай қиналсақ, ендi Кiтабымыз да сол
күйдi бастан кешуде. Басқа елден келген өзге тiлдегi көздiң жауын алатын
түрлi-түстi кiтаптардың көлеңкесiнде қалып, сөрелерден тапжылмай тұр. Оған
Кiтап кiнәлi емес, әрине. Оны шығаруды, сапалы, мазмұнды етуді, халыққа
насихаттап, таратуды ұйымдастыра алмай отырған өзіміз ғана. Әрине, кітап
басып шығарып жатқан баспагерлердің еңбегі еш болмасын, қазір мазмұнды,
рухани азық боларлық бiршама кiтаптар жарық дүниенiң бетiн көрiп жатыр.
Бiрақ жетiм баланың күйiн кешкен ол кiтаптар – көбiне тастанды, өйткенi
олардың қамқор қолға – кiтапқұмар оқырманға жетуi қиын. Ірі-ірі кітап
дүкендерінде импорттық кітаптарды көздің жауын алғызып, сөрелерге тізіп
қойған. Түрлі-түсті безендірілген балалар әдебиетін көрдіңіз бе? Иә, тек
олардың барлығы шет елден келген кітаптар. Осыдан кейін кітап өтімді тауар
емес деп көріңіз. Онда самсаған кітап дүкендері қайдан пайда болды?
Импорттық кітаптар неге өтімді?
Жалпы, елімізде нарық өнері қалыптаспаған. Қазіргі кезде қазақ
тіліндегі шығармалардың кітап сөрелерінде тапжылмай тұруы дағдыға айналды.
Бұдан қазақ оқырмандарының азшылығы бірден байқалады. Мәселен, бар-жоғы 2
мың данамен жарық көрген кітаптар дүкендерде жылдап өтпей тұрады. Әрине,
қазақ тілінде құнды кітаптар мүлде жоқ деуден де аулақпын. Өйткені
Қазығұрт, Арыс баспаларының кітаптары оқырман талғамынан шығады деп
ойлаймын. Бірақ оларды басқа да кітапсымақтар жуып кетіп жатыр.
Мүмкін бұны қазақ әдебиетіндегі руханишығармашылық дағдарыс
салдарының жемісі деп түсіну қажет шығар, қалай болса да, жақсы деген
атқа лайық қазақ тілді кітаптардың бәрі дерлік өткен ғасырда жазылған,
қазіргілердің көбі кітап шығаруды атақ-даңққа жетудің оңай жолы деп
санайды, ал сол кітаптың ішін ақтарсаңыз, тұшымды ештеңе жоқ.
Кеңес одағы кезінде көркем шығармалар сиясы кеппей жатып сыншылардан
бата алып жатты. Сын көп еді, сынға төтеп берген соң ғана саудаға түсетін
болған, тәрбиелік маңызы зор шығармалар қазақты рухани ашаршылықтан
құтқарды, рухын түсірмеді, жігерін жаныды. Кітап таралымдары бірнеше он
мыңдаған данамен есептелетін болған. Қазіргі кезде кітап басып шығару
мүмкіндігі көп болғанымен, сапасы жағынан әлі күнге дейін жоғары дәрежеден
көрінбей отыр.
Бүгінгі толқын әдебиеттің жаңа сипатын әлі де іздеп жүрген секілді.
Жалын, Қазақ әдебиеті секілді басылымдарды қарап отырсақ, жазатындар
бар, бірақ көпшіліктің көңілінен шығатындай жазушы аз (мүмкін осыған
оқырманның өзі кінәлі шығар). Оның ішінде еліктеу, модернизмге ұмтылу
сияқты. Бір сөзбен айтқанда, стиль қалыптаспаған. Бүгінгі қолтаңбалық
сонылықты байқауға болатын жазушылардан Роза Мұқанова, Айгүл Кемелбаева,
Лира Қонысты айтар едім, әттең, кітап дүкендерінде оларды көрген емеспін.
Кітап басу ісі тарихы кітаптану ғылымының құрамдас бөлігі ретінде бұл
жүйеге қолжазба кітап пен баспа кітап тарихы, библиополистика,
библиографиятану, кітапханатану, кітап әлеуметі тәрізді жеке ғылыми
пәндерімен кіреді. Бүгінде де кітап бұрынғыша коммуникативтік міндеттерді
атқарады.
1991-2008 жылдардағы кітап басылымдарының тақырыптық бағыты
Қазақстандағы саяси, әлеуметтік және өмірдің басқа жақтарындағы
өзгерістер, баспадан шығатын кітап өнімдерінің тақырыбына, көлеміне және
сапасына әсер етті.
Кітап палатасына келіп түскен тегін және міндетті даналарының
статистикалық көрсеткіші бойынша 1991-2008 жылдары шығарылған кітаптар мен
кітапшалар саны
1-кесте (қосымша)

Жылдар Кітаптар мен Таралымы, мың дана
кітапшалар саны
1991 1534 32327
1992 1226 30512
1993 1159 25267
1994 1148 18999
1995 1115 13051
1996 1226 21014
1997 1015 13148
1998 1384 17592
1999 1301 11540
2000 1777 9781
2001 2400 12629
2002 3031 13419
2003 3576 14403
2004 3906 12765
2005 3478 13869
2006 4121 13671
2007 4211 12819
2008 4611 12387

Кітаптар мен кітапшалар шығаруын көрсететін кестеге талдау жасау
нәтижесінде, 1991 жылдан 2001 жылға дейінгі аралықта қазақстандық кітап
өнімдерінің жалпы таралымы 2,5 есе кеміп кеткенін көруге болады. Кітап
палатасының мәліметтері бойынша, 1991 жылы шығарылатын кітаптар мен
кітапшалар саны аталуы бойынша 1534, жалпы таралымы 32 327 дана, ал
пайыздық көрсеткіші бойынша 4,5 % болады. Таралымы 16 % деңгейде, 1992 жылы
кітаптар мен кітапшалар кітаптар мен кітапшалар саны аталуы бойынша 12246
жалпы таралымы 20 512 дана, бұл жылы кітаптар саны 308-ге кеміп кетті, яғни
пайыздық көрсеткіші 3,5-ті құрады. Таралым саны 815 мың данаға кеміді, бұл
жалпы санның 15 %-ы.
1991 жылмен салыстырғанда 1994, 1995 жылдары кітаптар мен кітапшалар
шығару одан әрі кеми түсті. Мысалы: 1994 жылы 1148 кітаптар мен кітапшалар
жалпы таралымы 18 999 мың дана болып басылды, бұлар тиісінше 3,3 % және 9,5
% құрайды. 1995 жылы барлығы 1115 атаулы басылым, 13 051 мың дана
таралыммен шығарылды, бұлар тиісінше 3,2 % және 6,5 % болды. Бұл
көрсеткіштен өткен жылмен салыстырғанда атауы жөнінде 419-ға немесе 3 %-ға
кем екенін байқауға болады.
2001 жылы кітаптар мен кітапшалар шығару, 1995 жылмен салыстырғанда 2
есе артты. 2008 жылы ең көп, 4611 атаулы кітаптар мен кітапшалар, жалпы
таралымы 12 миллион 387 мың дана болып басылды. Кітаптар мен кітапшалардың
атауы бойынша 2 есе артқанымен, олардың таралымы қысқарды. Қазіргі кезде
Қазақстандағы кітап өнімдері нарығы сырттан әкелінетін өнімге тәуелді.
Кітап түр-түрінің қомақты бөлігі Ресейден әкелінеді, бұл шамамен 60-80
% болады, себебі ресейлік кітап өндірісі, отандық өндіріске қарағанда
әлдеқайда жоғары. Басқа да мәліметтер бойынша, соңғы он жыл ішінде
қазақстандық кітап өнімдерінің көлемі 2,5 есеге қысқарған, оның есесіне
шығарылатын кітаптардың атаулары бойынша жоғарылау байқалады. Мұны 1-
диаграммадан көруге болады. Мысалы: 1991-1996 жылдар аралығында ең жоғарғы
таралым Рауан баспасында (қазіргі Мектеп баспасы) басылды, онда 1996
жылы 17 867 мың дана таралыммен кітаптар басылды. Бірақ одан кейінгі 1997-
2000 жылдар аралығында өндірістің төмендеуі байқалады.
2001-2003 жылдары баспа өнімдерін шығару жөнінде Атамұра баспасы
баспасы алға шықты (8 000 дана). Ал 2004-2008 жылдар аралығында Мектеп
баспасы мен Атамұра баспасы орташа алғанда 2000 данаға басып озып,
қайтадан алға шықты. Мұндай үлкен таралымды басу, оқулықтар шығаруға
байланысты екені белгілі.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдарында басылымның көпшілігі тарихи
тақырыптағы басылымдар болды. Содан кейінгі жылдарда іскерлік, оқулық
басылымдары артып, 2008 жылы барлық басылымның 42 %-ын құрады.
Мәселен, Мектеп – о бастан бірыңғай мектеп оқулықтарын шығаруға
арнап ашылған еліміздің ең байырғы және іргелі баспаларының бірі.
Баспа 1947 жылы 20 мамырда құрылған. Содан бергі алпыс жыл көлемінде
әдебиеттің күрделі түрі, оқулықтарды шығарумен айналысып келеді. Мектеп
баспасында атақты педагогтардың, авторлар мен әдіскерлердің құнды
тәжірибелері жинақталған. Жалпы білім беру мектептерінің 8-11 сыныптарға
арналған қазақ, орыс, ұйғыр және өзбек тілдеріндегі жаңа буындағы оқулықтар
мен мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қосалқы оқу құралдарын
шығарады.
Әрине сұрапыл соғыстан тұралап шыққан елде мұндай жаңа баспаның
алғашқы жылдары толыққанды жұмыс істеп кетуі оңай болған жоқ. Авторлар
құрамын жасақтау, пән бойынша маман редакторлар, әр пәннен аудармашылар
дайындау, терминология мәселесін т. б. мәселелерді шешу оңайға түскен жоқ.
Сөйтсе де тиісті орындардың көмегі мен баспа ұжымы күш-жігерінің арқасында
баспа 40-жылдардың соңына қарай оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды
жоспарлы түрде шығара бастады.
50-ші жылдардың басында Қазақстанға қайта оралып соққан 37-нің нәубеті
жаңадан қаз тұрып келе жатқан баспаға ауыр тиді. Ұлттық төл оқулықтардың
авторлары, әсіресе Қ. Жұмаділов, Е. Ысмайылов, Е. Бекмаханов, І. Кеңесбаев
сияқты әйгілі ғалымдар қуғын-сүргінге ұшырап, олар жазған оқулықтар мен
басқа да мектеп кітаптарын пайдалануға тыйым салынды.
Дегенмен, баспа аталған қиыншылықтарды да артқа тастап, 50-ші
жылдардың соңына қарай мектептерді ғана емес, педучилищелер мен жоғары оқу
орындарына арналған оқу құралдарын да шығара бастады.
70-ші жылдардан бастап баспа құрылымдық жанынан ұлғайып, жұмыс ауқымы
өсе түсті. 1970 жылы жоғары оқу орындарына арналған әдебиет шығаратын
редакция ашылып, кейінірек ол өз ішінен қазақ және орыс тілінде оқу құралын
шығаратын 2 редакция болып қайта құрылды.
Мектеп баспасы жарты ғасырдан астам уақыт бойы, оқушылар мен
оқытушыларға арналған оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, анықтама
әдебиеттер, сөздіктер, басқа да басылымдар шығарып келеді. Жыл сайын
баспадан 250 шамасында түрлі оқулықтар шығады. Оқулықтарды дәстүрлі мектеп
бағдарламасына сәйкес шығарумен қатар, 1999 жылдан бастап, 8, 9, 10, 11
сыныптар үшін барлық пәндерден жаңа буындағы оқулықтардың байқау
таралымдарын шығара бастады. Оларды дайындауға академиялық инситуттардың
ірі ғалымдары, ЖОО оқытушылары, әдіскерлер қатысты.
Баспа өнімдерін тарату мәселесі тыңғылықты жолға қойылған. Ол жөнінде
баспаның еліміздегі барлық 320 ауданымен жеке-жеке жасасқан келісім-шарты
бар. Оның талаптары баспа тарапынан толық көлемде әрі өз уақытында
мүлтіксіз орындалып келеді.
Баспадан соңғы жылдары жарық көрген 31 томдық салалық ғылыми-
терминологиялық қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктер Мемлекеттік
сыйлыққа ие болды.
Алаш көсемдерінің бірі М. Дулатовтың Алаш мұрасы сериясымен жарық
көрген 5 томдық шығармалар жинағы елімізде кітап шығару мәдениетінің өсе
түскендігінің белгісі ретінде бағалануда.
Мектеп баспасының өнімдері Мәскеу қаласында өткізілетін дәстүрлі
халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде, Лейпциг пен Франкфурт на Майн
қалаларының кітап көрмелерінде және республикалық кітап көрмелерінде жақсы
жағынан көрініп, түрлі дәрежедегі марапаттарға ие болған.
Келесі ірі баспа бүгінде елге кеңінен танымал кәсіпорын, дүние
жүзінің бірқатар баспаларымен іскерлік байланыс орнатқан – Атамұра
корпорациясы. 1992 жылы құрылған Атамұра баспасы тәуелсіз елімізбен бірге
өсіп, бірге дамып келеді. Шағын кәсіпорыннан жауапкершілігі шектеулі
серіктестікке, жабық акционерлік қоғамға түрлене отырып, жиырмадан астам
мекемелер мен кәсіпорындарды біріктіріп отырған ірі корпорация. Аталмыш
корпорация республиканың жалпы білім беру мектептеріне арналған жаңа
буындағы оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, сонымен бірге, ғылыми-
көпшілік, анықтама және көркем әдебиет шығарады. Бүгінгі таңға дейін 300-
ден аса оқулықтар, 600 оқу-әдістемелік кешен жалпы таралымы 50 миллион
данамен басылып шықты. 2004 жылдан бастап 8-10 сыныптарға арналған қаза
және орыс тілдеріндегі балама оқулықтар шығарып келеді. 12 жылдық цикл
бойынша оқитын 1-6 тәжірибелік сыныптары үшін оқулықтар мен ОӘК-ysң сынақ
нұсқалары басылды. Қазіргі кезде олар республиканың барлық аймақтарында
сынақтан өткізілуде.
Баспа еліміздің жоғары және арнаулы, орта оқу орындары мен мектеп
оқушыларына арналған төл оқулықтарын, оқу құралдарын қалыптастыру ісіне өз
үлесін қосып келеді. 2000 жылы Тәжікстан Республикасының Білім министрлігі
мен әлемдік банк ұйымдастырған халықаралық тендерді жеңіп шығып, тәжік
мектептеріне арналған бірқатар оқулықтарды сапалы түрде басып шығарды.
Сорос халықаралық қорының грантын үш рет жеңіп алып, Дж. Кестельдің 1736
жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырға барып қайтқан сапар туралы кітабын қазақ
тілінде, швед ғалымдары Л. Бенсон мен И. Сванбергтің Қазақ диаспорасы
атты еңбегін орыс тілінде басып шығарды.
Құрылған уақыттан бергі он жыл ішінде баспа өз саласында озат,
нарықтық экономика жағдайында елеулі табыстарға жеткізгені үшін бірнеше
сыйлықтарды иеленіп үлгерді. Республика бойынша баспаның 45 сауда орталығы
бар. Шығарылған өнімді насихаттау, озық тәжірибені алмасу мақсатында
Атамұра жыл сайын Будапештте, Мәскеуде, Лейпцигте, Франкфурт на Майндағы
өтетін халықаралық кітап көрмелері мен жәрмеңкелеріне үнемі қатысып
отырады.
1990 жылдардың бас кезінде республика тұрғындарының 23 бөлігі орыс
тіліндегі баспасөзді оқып, орыс тілінде радио тыңдаған көрінеді. Қалған аз
ғана бөлігі қазақ тілді басылымдарды пайдаланған. Дегенмен, 1990 жылдан
бастап, қазақ тілін қоғамдық өмірде қолдану шеңбері біртіндеп ұлғая түсті.
Қазақстан республикасы ұлттық кітап палатасының статистикалық
жинағындағы мәліметтері бойынша, 1991 жылы қазақ тілінде 549 атаудағы
кітап, жалпы таралымы 13930,4 данамен басылса, орыс тілінде – 895 атаудағы
кітап, жалпы таралымы 17887,8 мың дана болып шыққан. 2008 жылы қазақ
тілінде – 2049 атаудағы кітаптар, 6412,22 мың дана таралыммен шығарылса,
орыс тілінде – 1558 атаулы кітап, жалпы таралымы 4612,78 мың дана болып
шыққан, яғни қазақ тіліндегі басылымдардың өсуі 373 % болса, орыс тілінде –
174 % болды.
Жалпы, аударма кітаптар шығару біршама қысқарғаны байқалады. Егер 2007
жылы шет тілдерден аударылып басылған кітаптар атауларының саны 218 болса,
2008 жылы олардың саны 19-ға кеміп, 612,56 мың данамен басылды, яғни атауы
жөнінде 9,5 %, ал таралымы бойынша 101,7 % құрады.
1991 жылмен салыстырғанда 2008 жылы қазақ тіліндегі кітаптар мен
кітапшалар саны 2049 атауға дейін көтеріліп, өсуі 1500 атау болды. Ол орыс
тіліндегі кітаптар мен кітапшалар саны 572 атауға артты. Аталған
кітаптардың өсу динамикасын салыстыра отырып, қазақ тілінде шығарылған
кітаптар санының едәуір өскенін көреміз.
Әрине елімізде шет тілдерде шығарылатын кітаптар жоқ деуге де болмас.
Мәселен, олардың арасында ағылшын тілінде шығарылатын басылымдар бірінші
орында тұр, бұл республикада ағылшын тілін белсенді түрде оқып үйрене
бастауына байланысты екені айтпаса да түсінікті. Одан кейінгі орында – орыс
тіліндегі кітаптар, 2007 жылы ағылшын тілінде 43 атаулы кітаптар мен
кітапшалар 367,95 мың данамен шығарылса, 2008 жылы – 50 атаулы кітаптар,
189,73 мың данамен шықты.
Сонымен қатар, елімізде ұйғыр, өзбек, тәжік, татар, араб, неміс,
түрік, украин, француз тілдерінде де кітаптар мен кітапшалар басылып
шығады.
Қазақстан өз тәуелсіздігіне қол жеткізген, егеменді ел болған соң,
қоғамда жариялылық демократиялық принциптер ірге тепкенмен, кейін
республиканың экономика, ғылым, мәдениет, ауыл шаруашылығы салаларындағыдай
баспа мекемелері мен кәсіпорында да бұрынғы болмаған мүлдем жаңа қызмет
кезеңі басталды.
Өте күрделі, аса қиын нарықтық қатынастарға бірден өтуді күтпеген,
болжам болмайтын қатынастарға өту, ұжымдықтан дербестіктің іскерлік,
пысықтық, тапқырлық көрсету жағдайына көшу бүкіл кітап ісі жүйесін
түбірінен қайта құруға тура келтірді.
Нарықтық экономикаға көшу барысында, баспаханалар да қатты дағдарысқа
ұшырады. Республикада қағаз шығаратын өндіріс болмауы, түптеу
материалдарының, бояулардың және басқа да полиграфия материалдарының
тапшылығы олардың бірнеше есе өсуіне себеп болды.
Қағаз – 100 есе, бояу 160 есе, түптеу материалдары – 60 есеге
қымбаттады. [Сәрсебаев А. Кітап: тәуелсіздік пен демократия тұғыры. –
Алматы: Атамұра, 1998.]
Қазақстандағы бүгінгі баспахана қызметі қарқынды даму үстінде. Ірі
баспалар өз жұмыстарына жоғары сапалы полиграфия құралдарын қолданады.
Аймақтардағы ұсақ баспа орындарына техникалық жабдықталуы әлі де болса
төмен. Қазіргі кезде, өте көп ұсақ баспаханалардың пайда болу есебінен,
республикадағы баспаханалардың да санын көрсету мүмкін емес. Бірнеше
белгілі ірі баспаханаларды атап өтуге болады: РПИК Дәуір,
Полиграфкомбинат, Интел-cервис, жедел басылым баспаханасы ТОП т.с.с.
Егер бұрынырақта полиграфиялық қызметтерді көрсететін орындар санаулы
болса, қазір ірі қалаларда қадам басқан сайын толып тұр. Қазіргі кезде
шығарылатын басылымдардың баспаханалық сапасы мен безені едәуір жақсара
түсті. Алайда шетелдің ақпараттық ағынына бәсекелес бола алатын басылымдар
аз. Себебі оқырманды алдымен сыртқы безені қызықтыратынын ұмытпаған жөн.
Қазақстан республикасы статистика Агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек,
елімізде 307 көтерме сауда дүкені,167 жеке дара сауда кітап дүкені бар. Бұл
дүкендер ірі қалаларда шоғырланған: Алматыда – 145, Астанада – 25 көтерме
сауда дүкені бар. Облыс орталықтары, қалалар бойынша алдыңғы қатарда Ақтөбе
облысы – 37, одан кейінгі орындарда Шығыс Қазақстан – 27 және Қарағанды
облысында – 16 дүкен жұмыс істейді.
Мамандардың бағалауы бойынша, Алматы кітап саудасы кітап нарығындағы
жылдық қаржы айналымы 45-50 миллион долларды құрайды. Бұл көрсеткіш, бүкіл
республика бойынша қаржы айналымының 40 %-ы. Алматыда Гулянда, Отбасылық
кітап әлемі, Академкнига, Эврика, Кітап қалашығы, Экономик’С,
Алматыкітап сияқты ірі кітап дүкендері орналасқан. Солармен бірге,
көптеген кішігірім дүкендер мен көшелердегі лотоктар сауда жасайды.
Қазақстан республикасы статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша,
еліміздің оңтүстік астанасында кітапқа деген сұраныс басқа аймақтармен
салыстырғанда жоғары. Алматы республика кітап саудасының 42,4 %-ын
иеленеді. Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 18 %. Алдыңғы үштікке
Қарағанды облысы кіреді – 10 %-дан артық. Ал газеттер мен журналдардың
саудасы Солтүстік Қазақстан мен Атырау облыстарында жоғары. Бұл облыстарда
мерзімді басылымдарға халықтың тиісінше 94 және 64 пайызы жазылады екен.
Қазақстандағы жеке дара кітап саудасы, барлық ТМД елдеріндегі кітап
саудасынан көп айырмашылығы жоқ. Ресейдегідей, біздің елімізде қаржы
айналымы өте жоғары компаниялардың болуы, бәсекелестікті үдете түссе керек.
1998 жылы басталған қаржы дағдарысынан кейін доллармен есептелген
кітап бағасы біршама төмендеді, сондықтан соңғы жылдары кітап баспасы мен
кітап саудасындағы табыс қалпы онша көп болмады. Дегенмен, кітап бағасы
біртіндеп көтеріліп, 2004 жылы, дағдарыс алдындағы деңгейге жетті, әр дана
кітаптың орташа бағасы 2,8 долларды құрады. Еуропада сатылған кітаптың бір
данасы орташа 5,25 табыс әкелетін болса, бізде – 0,87 доллар ғана, бұл
табыстардың баспаларға әкелетін табысы, тиісінше 4,65 және 0,56 доллар
болады. Біздегі бұл салалардағы кәсіпорындар өзін-өзі әзер ақтаудың
төңірегінде жұмыс істейді, сондықтан инвестиция құюшыларды қызықтырмайды.
Қазақстандағы жеке дара кітап саудасы, барлық ТМД елдеріндегі кітап
саудасынан онша көп айырмасы жоқ. Ресейдегі, Қазақстанда да қаржы айналымы
өте жоғары компаниялар тобының пайда болуы, бәсекелестікті үдете түсті.
Кітаптың қасиеті сонау тылсым заманнан бүгінге дейін жоғары бағаланып
келгені белгілі. Л. Толстой Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен
бірдей, М. Горький Мен өз бойымдағы барлық жақсылық кітабым үшін кітапқа
борыштымын, М. Әуезов Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі деп баға
берген екен. Кітаптың сондай қасиеттерін ешкім жоққа шығара алмайды. Осыған
қарамастан қазіргі заманда кітапқа деген біраз салқындық бар.
Қазір кітап ұстап оқыған, бұрынғыдай кітап сатып алған жандарды өте
сирек кездестіресің. Себебі – жұрттың күн көріс қамымен ақша табу жолына
өте аутқып кетуінде. Тапқанмен де кітап алуды ойына алмайды.
Кітапханаларымыздың, кітап дүкендерінің азайып кеткендігі, тіпті жабылып
қалуы. Ақпарат министрлігінің өткізіп жүрген тендер бойынша шығарылатын
кітаптар біршама кітапханаларға жіберіледі. Бірақ оларды кім оқып жатқаны
белгісіз. Тіпті оқылып жатыр ма?
Баспа индустриясының нашар дамуына байланысты, қаржы айналымының
негізгі бөлігі кітап саудасымен айналысатын компаниялар үлесіне (көтерме
сауда, орнықты сауда, желілер және ірі дүкендер) келеді. Орнықты кітап
саудасы қазіргі кезде сауда айналымының басым бөлігін (60 %) қамтамасыз
етеді, сондықтан кітап дүкендерінің қысқартылуы баспагерлерді шығынға
ұщыратуы мүмкін. Қазіргі кезде Қазақстанда әрбір 50000 тұрғынға 1 кітап
дүкені келеді. Өкінішке орай, кітап дүкендері, басқа сауда дүкендерімен
(азық-түлік, парфюмерия, киім-кешек) бәсекеге түсе алмайды, олардың
табыстары басқалармен төмен болғанымен, сауда алаңдарын жалға алу құны
басқалармен бірдей.
90-жылдардың басында, Алматыда, өз тауарларын ұсақ лотоктар арқылы
саудалайтын кітап саудагерлерімен қатар, тауарларын Академкнига
дүкендеріне өткізетін үш ірі кітап ұсынушы болған. Бұл дүкендер әлі күнге
дейін кітап сүйер қауымның сенімінен шығатын, өздерінің тұрақты
тұтынушылары бар алдыңғы қатардағы дүкендер болып қалды. Академкнига
дүкендеріне өз кітабын ұсынушылардың бірі кейіннен өзінің жеке кітап
саудасымен айналысатын Экономик’С фирмасын құрды, екіншісі МИС кітап
саудасы фирмасын ұйымдастырды, ал үшінші кітап ұсынушы әлі күнге дейін
Академкнига дүкендерін кітаптармен қамтамасыз етіп келеді. Сонымен бірге,
ол өзінің сауда нүктелерін де ашып отыр.
Алматыдағы кітап саудасы нарығындағы негізгі ойыншылар – Эврика
дүкендер желісі, Гулянда сауда үйі, Алматыкітап дүкендері, Экономик’С
дүкендер желісі, Руханият дүкені, Раритет компаниясының Книжный мир
семьи дүкені, Кітап Әлемі дүкендері. Сонымен бірге, 5-6 сауда нүктелері
бар бір, екі жеке кәсіпкерлер және лоток арқылы сауда жасайтындар, кейбір
бағалаулар бойынша коммерциялық көркем әдебиеттер саудасының 30-40 пайызын
иеленіп отыр. Екі жарым жыл бұрын аудио-видео өнімдерін шығаратын ірі
Меломан ритейлері кітап саудасына қызығушылық таныта бастады.
Меломан сауда желісі аз уақыт ішінде Қазақстандағы кітап саудасы
нарығының 8 %-ын иеленіп отыр. Қазіргі кезде Қазақстан бойынша маманданған
үш кітап дүкені, Меломан дүкендер жүйесі жанында кітап саудасы бөлімдері
жұмыс істейді. Сауда алаңдары 50-ден 600 шаршы метрге дейін жетеді.
Компанияның Алматыда, Астанада, Екібастұзда, Оралда, атырауда, Қарағандыда,
Қостанайда, Өскеменде, Семейде, Зыряновскіде, Таразда, Шымкентте,
Павлодарда сауда орындары жұмыс істейді.
Қазақстандық кітап саудасы нарығында Академкнига, Bookmark,
Гулянда сияқты ойыншылармен қатар, ресейлік Книжный город бәсекеге
түсуде. Соңғысында тұтынушыларға арналған көптеген жеңілдіктер
қарастырылған.
2008 жылы Алматыда Bookmark жаңа кітап дүкені ашылды, сол жылдың
желтоқсан айында, сауда алаңы 1000 шашы метрден асатын, тағы бір аса ірі
Книжный город дүкені ашылды. []
Кітап ісінің жағдайы бірнеше ғасырлар бойы қоғамның дамуын белгілейтін
басып жағы болғанын тарихи тәжірибе куәландырады.
Қай елде болса да, кітап баспа ісінің қаншалықты кең көлемді және
нәтижелі қызмет істеуіне байланысты, сол елдің жалпы экономикалық және
әлеуметтік-саяси жағдайы туралы жорамалдауға болады. Кездейсоқ емес,
экономикасы жоғары дамыған елдердің көбінде өсіртеген өсіңкілік баспа
жүйесі бар.
Ақпаратты сақтау мен берудің бірегей бұлағы – кітап – әлемдік даму
барысында өзгереді, қалыптасады, бірақ өзінің ұстанымын жоғалтпайды.
Мамандардың пікірінше, кітап оқу адамға әртүрлі жағдайда әсер етеді: ғылыми
және мәдениеттік (адамзаттың ғылыми және мәдени мұрасын меңгеру); қоғамдық
(білім – адамның қоғамдық өмірге белсене араласуының алдыңғы жағдайы);
экономикалық (жаңа материалдар мен технологиялар, маркетинг негіздерін
меңгеру қажеттілігі жоғары білімді, барлық жақтан да сауатты мамандарды
талап етеді, ал олардың жоқтығы қоғамдық үдеуге байсалды әсер етеді);
демократиялық (баспа сөзі – плюрализмді қамтамасыздандырудың ең нәтижелі
тәсілі: демократия көп оқыған, жоғары білімді адамдарға сүйенеді).
Қазіргі Қазақстанның кітап баспа жүйесінің қалыптасуы мен дамуын
зерттеу барысында, іс жүргізудің әкімшілік-басшылық әдісінен нарық әдісіне
өтпелі кезеңін жеңуіне әсер еткен негізгі себепкер шарттары анықталды.
Еліміздің кітап ісіндегі тиімді өзгерістерге негізгі себепкерлер
болғандардың арасынан, бірінші кезеңде, редакциялық-баспалық процесінің
демократияландыруына әсер еткен құқықтық базасы туралы айтып өту қажет –
бұл Бұқаралық ақпарат құралдары туралы ҚР заңы және бірқатар басқа заң
шығаратын актілер. Баспа ісінің демократияландыруы баспа орындарының жаңа
түрлері пайда болуына мүмкіндік берді.
Қазіргі кезде, баспа жүйесі толықтай жекешелендіруге ауыстырылды. Бұл
жағдай кітап ісі бизнесінің дамуына айдынды мүмкіндіктер береді. Оған жету
үшін нарықтық шаруашылық жүргізу механизмдерін, баспалық маркетинг пен
менеджментті пайдалану қажет.
Қазақстанның кітап нарығы қазіргі кезде дағдарыстың апатты кезеңінен
өтті. Кітап ісінде баспа орындарының арасындағы бәсекелес күресте өте
маңызды болып табылатын кәсіпкерлік дәстүрлері пайда болды.

1.2 Қазір заманғы Ресей кітап басу ісінің ахуалы

Қазіргі заманғы Ресей кітап басу ісі КСРО ыдырағаннан кейін бірден
нарықтық экономикаға қалыптаса алмай, еркін нарықта бәсекелестігін жойып,
дағдарысты бірақ бастан кешті. Мәселен, 1992-1996 жылдары техникалық
тұрғыдан сапалы кітаптар саны күрт азайып кетті. Жер-жерде жеке меншік
баспалар ашыла бастаса, жоғары оқу орындарында кішігірім баспалар жұмыс
істеді. Олар қайта жазылуға мәжюүр болған өздеріне қажетті оқулықтар мен
монографияларды, анықтамалықтарды шығарумен айналысты. Сол уақытта кітап
шығарау 80-жылдармен салыстырғанда, біршама азайды. Ал, XX ғасырдың аяғына
таман, келе-келе баспа ісіне деген көзқарас мүлде өзгеріп, нарық талабының
мүмкіндіктерін баспагерлер толық игере алды. 2000 жылы Ресейде кітап өнімі
50 мыңға көбейді, бұл 1980 жылмен салыстырғанда, 2 есеге артты. Сонымен
қатар, аталған көрсеткіш кейінгі жылдары 404 млн. данаға өсті. Мұндай кітап
өнімінің көп шығуына әсер етуші 5 фактор бар:
1) қоғамның өзгеруі; 2) заман талабына сай оқырман талғамының
өзгеруі; 3) баспа ісінің технологиялық, техникалық жағынан мүмкіндігінің
артуы; 4) бәсекелестік; 5) шығаруға болатын, аудитория алады-ау дейтін
кітаптың сүзгіден өтпей, жарық көруіне кеңірек ашылған жол.
Енді осыдан кейін баспалар алдарына нақты мақсат қоя бастады:
• кітаптың оқырман арасында қандай беделге ие болатынына зерттеу жүргізу
(таралымын түпкілікті бағандау, оқырман бағасын білу және сұранысын
зерттеу);
• туындының кәсіби полиграфиялық дәрежеде болуын қамтамасыз ету
(безендіру, беттеу, дизайн); эстетикалық тұрғыдан биік, жұмыста
қолайлы етіп пайдалануға жағдай жасау;
• автор мен оқырман арасындағы байланысты тұрақтандыру, өз сауда белгісі
мен кітаптың жоғарғы композициялық құрылымын дәлелдеу;
• кітап тарату инфрақұрылымын реттеу;
• авторлық ұжыммен өзара бірлесе отырып, ғылыми мекемелермен қарым-
қатынасты үйлестіру, орнықтыру;
• кітапты шығару өндірісіне қажетті қаржыны өз ішкі көздерінен табуға
ұмытылысты тұрақты ұйымдастыру;
• кітап шығаруда сапалы параметрлерді (пішін, қағаз түптеу, түс
жиынтығы, т.б.), сапалы полиграфиялық базаларды таңдап, иелік ету;
• кітаптың тұсаукесер рәсімін жасау және түрлі жарнамалық шараларды
ұйымдастыру.
Бұдан басқа Ресей баспалары кітап саудасының дамуын, кітап нарығын
үйлестіруді дұрыс жолға қоя білді. Оны 4 кезеңге бөле аламыз.
1985-1991 жылдар аралығы. Бұл кез – қайта құрудың жүріп, саясаттағы
цензураның босаңсыған кезі. Сондықтан аяқ-қолдың тұсаудан сәл босауы өзекті
мәселелерге, шындыққа сусаған аудиторияның аузына ақиқатты тақырыптарды құя
салды. Мәселен, бір ғана 1987-1988 жылдар аралығында кітап 2 млрд. данаға
өскен. Оған бүгінгі ТМД-ның Кремльге қарағанын қосыңыз. Бұл таралым кітап
саудасының 2-кезеңінде едәуір бой көтерген мемлекеттік емес нарық пен
баспалардың ашылуына кең жол ашты;
1991-1994 жж. Кітап саудасында нарықтың инфрақұрылымдарының дүниеге
келген кезеңі. КСРО ыдырағаннан кейінгі дағдарыс көп әсерін тигізді. Бұл
кезде халық тарихи, махаббат туралы хикаялар, фантастика, детектив,
қызғылықты көркем шығармаға қызықты. 1994 жылы кітап сатылу 1990 жылмен
салыстырғанда 4 есе азайды. Осыдан кітап тарату қызметкерлері 2 есеге
қысқарды. Кітап дүкендері КнигаПочта мемлекеттік құрылымдарында жұмыс
жүрмеді. Осыған орай, кітап тарату әдіс-тәсілдерін өзгертіп, жазылу арқылы
таратуды енгізгендер де болды. Художественная литература баспасы өз
дүңгіршіктерінде көптомдық кітаптарды сатты. Онда жақсы болса, мұндай
әрекетте жұмысын мүлдем азайтты. Біраз баспаларда еңбек бөлімі принциптері
бұзылды;
1994-1998 жылдар. Кітап саудасы, кітап нарығы субъектілерінің
ықпалдасқан кезеңі. 1990 жылы оқырман сұранысын, талғамын айқындап берді.
Екінші кезеңдегі құлдырау 1995 жылға дейін жалғасты. Осыған орай РФ 1995
жылы 1 желтоқсанда РФ-дағы кітап шығару және БАҚ-ты мемлекеттік қолдау
туралы заң қабылдайды. Заң білім, ғылым, мәдениет салаларындағы кітап
өніміне салыққа үлкен жеңілдік жасады (қосымша кіріс және кіріс салығы
бойынша). Егер айналымға баспа жарнамалық немесе эротикалық өнімдер
шығарса, жеңілдік жойлатын болды. Содан соң үкімет 1998 жылы кітап тарату
ісіне тағы да қайтып оралды. Бұл кезеңде кітап саудасы кәсіпорындарының
қауымдастығы құрылды. Қауымдастық кітап нарығына тікелей араласты.
Жоғарыдағы кезеңдерден кейін Ресей кітап нарығының жандану кезеңі. Бұл
кезеңде Ресей баспа ісін барынша жандандыра түсті. Сауда саясатын кітап
шығарумен дұрыс үйлестіре білген баспалар аяғынан нық тұрып, нарық талабына
бейімделе алмағандар, жаңа талаптарға мүмкіндік аша алмағандар нарық
сахнасынан кетуге мәжбүр болды. Бұл кезең Ресей баспалары үшін шешуші кезең
саналады. Олар бқл айналымда нық шегедей орын алып, кітап шығарудан қалыпты
кітап саласында нықтап орын алды. Бәсекелестікті арттырды. Бұл дегеніміз –
Ресей баспа ісіндегі кітап нарығында жаңа жағдайлар туындатты. Баспа ісі
экономиканың құрамды бөлігіне айналды. Заман талабына сай маркетинг,
менеджмент, PR салаларын дамытты. Одан Ресей баспа ісінің түрлі
ерекшеліктері туындады:
• қоғам сұранысын білуге ұмтылыс;
• кітап тарату мен сатуда ірі өз жүйелері жұмыс істеді (өз баспа
өнімдерін саудалайтын нүктелер ашты. Мысалы, Аванта +, АСТ-пресс,
Вагриус, Терра, Издателський дом, Инфра-М, Панорама, т.б.);
• баспа, баспахана техникаларын сатуға арналған дүкендері ашылды;
• кітап саудасында балама пішімдер жолға қойылды (мәселен, БАҚ арқылы
жарнамалау);
• жаңа технологиялармен сауда жасау.
Мәселен, кітап шығаруда Книгапочта кітап таратудың жаңа жүйесін құрды.
Сол жылы библио-глобус мекемесі бірінші орынға шықты. Сол уақытта Ресейде
5000-нан астам кітап дүкендері жұмыс істеді. Ресейлік кітаптардың кеңірек
таратылуына Книжный мир және Москнига мекемесінің бірігуі үлкен сеп
берді.
Жалпы, Ресейде кітап басу ісі Иоганн Гутенбергтің жаңалығынан кейін 100
жылдай уақыт өткен соң басталды. Дегенмен, әлемдік кітап ісінде Ресей
көшбасшы елдер қатарына қосылды. Алғашқы баспа кітап (күні жазылған) –
Апостол. 1564 жылы Мәскеуде басылып шыққан. XX ғасырдың басында-ақ Ресей
кітап басу ісі алыптарының арасында Германиядан кейінгі екінші орынды
иеленді.
Баспалық құрылымдар саны Ресейде соңғы онжылдықта айтарлықтай көбейді.
Қазіргі кезде онда тіркелген 20 мыңдай ұйым бар. Өзге елдердегідей жеке
меншік баспалар да бар. Баспаханалар құрылымында өзгерістер өте көп. Ктап
палатасындағы мәліметтер бойынша, Ресейде кітап ісінде белсенді 5-6 мың
баспа бар. Демек, тіркелген баспа ұйымдарының барлығы дерлік баспа ісінде
белсенді жұмыс атқарып жүрген жоқ.
Ресейдегі аса ірі 10 баспа кітап басу ісінде басымдылыққа ие. Олар жыл
сайын таралымдарын арттырып, ресейлік кітап нарығының үлкен бөлігін алып
отыр. Аталымдық шығарылымдар 30 %-ға артты. Ал таралым бойынша кітап
өнімдерінің үштен екі бөлігін қамтиды. Мамандардың сөзіне сүйенсек, кітап
нарығының сыйымдылығы 1 млрд. АҚШ долларынан асып кетеді екен. Ресей
федерациясының Орталық және Солтүстік-Шығыс аймақтарындағы кітап өндірісі
2002 жылы аталымдық шығарылымдар бойынша 75 %-ға, кітаптар мен
кітапшалардың таралымдары 90 %-ға жеткен.
Өткен ғасырдың 20-жылдарында басталған баспаларды мемлекеттендіру баспа
ісін мемлекеттің толығымен өз қолына алуына жол ашты. Десек те, қазіргі
кезде мемлекеттік емес баспалар осы елдің баспа жүйесін басқарып отыр.
Ресей баспаларының жыл сайын рейтингісі жасалынады. Соңғы жылдары Ресейде
кітап басу ісі көшбасшыларының тізімінде біраз өзгерістер орын алған.
Ресейде кітап басу ісінде бәсекелестік деңгейі тым жоғары. Себебі, онда
кітап басу ісі басталған кезден бастап-ақ нарықтық жүйеге арналып құрылды.
Көшбасшы баспалардың тізіміндегі өзгерістерге бірнеше фактор әсер етеді.
Олар: а) экономикалық дағдарыстың әлі толық аяқталмауы; ә) бәсекелестік
деңгейінің жоғарылығы. Алайда Ресей баспаларының рейтингі өзгергенмен,
жалпы алғанда 100 ірі баспа нарықта бірқалыпты жұмыс атқарып келеді. Сондай-
ақ рейтингте алғашқы орындарға ие болған фирмалар бірнеше жыл бойы ресейлік
нарықта танымал болған. Сол себепті де, олар көшбасшылар тізіміне еніп
отыр.
Қазіргі Ресей баспа ісінде Эксмо, АСТ, Дрофа сынды аса ірі
баспалардың кітап нарығындағы беделі бұрынғыдай. Тіптен, кейбір
көрсеткіштер бойынша жақсы нәтиже көрсеткен. Мәселен, Эксмо баспасы бір
жыл көлемінде барлық көрсеткіштерін арттырған. Аталымдық шығарылымдары 59,3
%-ға, ал таралымы 41 %-ға дейін еселенген. Ал АСТ баспасының аталымдық
шығарылымдары 27,2 %-ға, таралымы 28,6 %-ға өсіпті. Жоғарыда аталған ірі
баспалар қатарына соңғы жылдары Азбука-Аттикус баспа тобы да аталымдық
шығарылымдар бойынша 3-ші, таралымы бойынша 7-ші орынды иеленген.
Ендігі кезекте, Ресейдігі аса ірі баспалар мен онда шығарылатын баспа
өнімдеріне тоқталып кетсек. Бүгінгі күні Ресейде арнайы лицензиясы бар 10
мыңнан астам баспа бар. Олардың жартысы – жұмыс істеп тұрғандар. Олардың
басым бөлігі – мемлекеттік емес баспалар. Ресей Кітап палатасының
директоры, профессор Б. В. Ленскийдің бағалауынша, жалпы кітап таралымының
13 бөлігін басып шығаратын 7 ірі баспаның 6-ы – мемлекеттік емес баспалар.
Ресми деректер бойынша, Ресейде басылып шығатын кітап және брошюралардың
жалпы таралымының үштен бір бөлігін АСТ, Дрофа, Олма-Пресс,
Просвещение және Эксмо-Пресс баспалары басып шығарады. Оның үстіне 7
баспа үйін (Росмэн, ИНФРА-М, Фламинго, Вагриус, Панорама,
Радуга, Рипол Классик) қоссақ, онда бұл мемлекет бойынша жарыққа
шығатын барлық кітаптар санының жартысы шығады. Соңғы кездері аймақтық
баспалардың саны көбейіп келеді. Мәселен, баспалардың жартысы Мәскеу мен
Петерборда орналасқан да, қалғандары – аймақтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ баспаларының қызметін нарықтық экономика және мемлекеттік реттеу мәселелері
Шетел қазақтары (тарихи-этнологиялық зерттеу)
Баспа ісіндегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы баспа ісі
Бүгінде, экстремизм және терроризм мәселесі
Қонақ үй бизнесі жайлы
Интернет журналистиканың дамуы және қалыптасуы
Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы туралы
Еуразияшылдық пәнінен емтихан билеттерінің жауаптары
Кітап – халық тәрбиешісі
Пәндер