Халықаралық валюталық қор


Жоспар
Кіріспе . . . 3
1. Халықаралық валюталық қордың халықаралық экономикадағы рөлі . . . 5
1. 1 ХВҚ: мақсаттары, міндеттері, құрылымы мен қызмет ету бағыттары . . . 5
1. 2 ХВҚ несиелеу механизімі . . . 9
1. 3 Қордың қаржылық саясаты . . . 15
2. ХВҚ және экономикалық даму . . . 19
2. 1 ХВҚ және валюталық жүйе . . . 19
2. 2 ХВҚ елдер экономикасын реформалаудағы рөлі . . . 23
2. 3 Халықаралық валюталық қор және Қазақстан . . . 26
Қорытынды . . . 31
Қолданылған әдебиет . . . 33
Кіріспе
Халықаралық ұйымдардың дүниеге келуі мен дамуы халықаралық экономикалық қатынастарының интенсивті дамуға ауысуының әлемдік құбылысқа айналуының тікелей нәтижесі мен соның көрінісі. Әр елдің егемен болуы үшін еш елдің заңдары халықаралық дауларды шешуге негіз бола алмайды деген сөз. Бұл салада түсініктеме беру, келісім, ынтымақтастық және т. б. сол сияқты түрлерде жүргізілетін іс-қимыл керек. Осы жағдайларға сәйкес халықаралық ұйымдар түріндегі институттар пайда болады.
Қазіргі заманда дүние жүзінде саяси және экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік бахуаттылықты қамтамасыз етуге арналған мыңдаған халықаралық ұйымдар бар. Олар бүкіл әлемдік, болмаса аймақтық, үкіметаралық болмаса қоғамдық ұйымдар болуы мүмкін. Бірақ олардың санының күрт өсуі көптеген сұрақтарды, әсіресе экономикалық мәселелерді, халықаралық реттеудің керектілігін көрсетеді.
Курстық жұмыста барлық халықаралық ұйымдардың іс-әрекетін қарастыру мүмкіншілігінің жоқ болу салдарынан Қазақстанмен ынтымақтастық қарым-қатынастағы Халықаралық валюталық қордың қызмет аясы мен жалпы мақсаттары жайында әңгіме қозғалған.
Халықаралық валюталық-қаржылық және несиелік ұйымдар валюталық-есептік қарым-қатынастардың қызметін реттеуге мүмкіндік береді; мемлекеттер арасында валюталық-қаржылық қатынастарды орнату үшін форум ретінде танымал(бұл қызмет күшейіп келеді) ; даму тенденциялары бойынша ақпаратты зерттейді, сарптайды және жалпылайды, дүниежүзілік шаруашылықтың маңызды мәселелері бойынша ұсыныстарын жасайды.
Халықаралық валюталық қор - халықаралық макроэкономиканы реттейтін ықпалды халықаралық ұйым, мамандандырылған үкіметаралық мекеме. Бұл қорды құрудың негізгі мақсаты мүше елдердің қаржылық тәртібін күшейту мен валюталық бағамдарының тұрақтылығын қамтамасыз ету болады. Валюталық бағамдардың тұрақтылығын мүше елдер бағаларды тұрақтандырып, төлем балансының теңдестігін қамтамасыз ететін ақша-несие саясаты арқылы қамтамасыз ету керек.
Сонымен ХВҚ екінші дүниежүзілік соғыстың аяғына қарай іс-әрекет ете бастады. Қазір бұл халықаралық қаржы ұйымына айналды. Оның негізгі мүддесі - қаржылық тұрақтылық пен валюта айырбастау бағамын қолдау және мүше-елдердің валюталық ынтымақтастығын күшейту. ХВҚ құрудың басты мақсаттары 30-ы мен 40-шы жылдары орын алған валютаның айырбасталмауы, сауда және төлемдерді шектеу, шетел валюталар нарығының тұрақсыздығын жою қажеттігі болатын.
Сондықтан бұл қордың жұмысын қарастыру ерекше қызығушылық туғызады. Курстық жұмыс барысында ХВҚ-дың міндеті мен мақсаттарынан бастап қазіргі уақытта бұл қордың Қазақстан туралы ой-пікірлері қарастырылған.
Курстық жұмыстың мақсаты ХВҚ-дың іс-әрекет механизмдерін зерттеп, білу. Бұл ұйымның дүниежүзілік экономикалық процесстерде қатысу дәрежесін және Қазақстан Республикасының дамуында Қордың үлесін анықтау болып табылады. ХВҚ-дың қызметі жөнінде экономист ғалымдардың көзқарастарын қарастыру.
Жұмыстың міндеті ХВҚ-дың іс-әрекет ету нәтижесінің тиімділігін анықтау.
Жоғарыда аталып өткен мақсаттар мен міндеттерге жауап беру үшін жұмыстың бірінші тарауында ХВҚ-дың мақсаттары, міндеттері, құрылымы, қызмет ету бағыттары туралы баяндалады. Одан әрі тарауда Қордың несиелеу механизімі мен қаржылық саясаты көрестілген. Жұмыстың екінші тарауында ХВҚ-дың әлемдегі валюталық жүйемен өзара байланысы, оның іс-әрекеті нәтижесінде мемлекеттер экономикасындағы реформалар орны және Қазақстанмен ынтымақтастық қарым-қатынасы туралы әңгіме қозғалады.
1. Халықаралық валюталық қордың халықаралық экономикадағы рөлі.
1. 1 ХВҚ: мақсаттары, міндеттері, құрылымы мен қызмет ету бағыттары
Халықаралық валюталық қор, ХВҚ (International Monetary Fund, IMF) - Халықаралық макроэкономиканы реттейтін ықпалды халықаралық ұйым.
ХВҚ - ның жарғысына 44 елдің өкілдері 1944 жылы Бреттон-Вудсте қол қойды. Қазіргі уақытта ХВҚ мүшелерінің саны 185 елді құрап отыр.
Халықаралық валюталық қор халықаралық валюталық саясат пен айырбастау бағамдарын бақылау арқылы әлемдік валюталық тұрақтылықты қадағалайды. Сонымен қатар ХВҚ мүше-мемлекеттерінің халықаралық валюталық қатынастардың іс-әрекеттеріне бақылау жасап, керек болған жағдайда оларға несие түрінде көмек көрсетеді.
Әуел баста ХВҚ белгіленген валюталық бағам жүйесін бақылайтын механизм ретінде құрылды, бірақ ақырын негізгі мақсаты халықаралық экономикада тұрақтылыққа жету болып табылатын халықаралық ұйымға трансформацияланды. ХВҚ қызметі экономикалық іс-әрекетті реттеуге деген монетарлы көзқарасқа негізделеді. Бұған ұйымның келесі негізгі функцияларын жүзеге асыру арқылы қол жеткізіледі:
Бақылау (surveillance) - мүше елдердің валюталық бағам орнату саясаты және осымен байланысты макроэкономикалық саясатты бақылауды жүзеге асыру құқығын қарастыратын ХВҚ-ның қызметі. Әр бір ел ХВҚ-дың сұрауы бойынша өзінің экономикалық іс-әрекетіне бақылау жасауға мүмкіндік беретін керекті ақпараттарды ұсынуға міндетті. Ол әдетте шынайы ақшалай, бюджеттік және сыртқы секторлар туралы, сонымен қатар үкіметтің құрылымдық саясаты (жекшелендіру, еңбек нарығы, қоршаған орта) туралы бөлшекті ақпараттан тұрады. Бақылаудың негізгі мақсаты валюталық бағамның тұрақтылығына әсер ету мүмкіндігі бар потенциалды қауіпті макроэкономикалық дисбаланстарды дер кезінде анықтау және дүниежүзілік ең жақсы тәжірибені қолдана отырып ел үкіметіне оларды жою туралы кеңес беру болып табылады. [1]
Қаржылық көмек (financial assistance) - төлем балансын қаржыландырумен қиындық көріп отырған және осы қиындықтардан өтуге деген ниетті көрсететін реформалар бағдарламасын ХВҚ-ға ұсынған мүше елдің ХВҚ-дың қаржылық ресурстарын қолдануы. ХВҚ-дың қаржылық ресурстары өз ресурстарынан (квотаға сәйкес ХВҚ-дың жарғылық капиталына әр бір мемлекеттің салымдарынан), ХВҚ-дың ресурстарын пайдаланғаны үшін пайыздық кірістерден және бірқатар қарыздық құралдардан тұрады. ХВҚ несиесі шетел валютасын ұлттық валютамен сатып алуды білдіреді; несиені қайтару - керсінше айырбас. ХВҚ несиелері бөлшектеп (транштармен) беріледі. ХВҚ- дың қаржылық ресурстарын пайдалану ХВҚ-мен келісілген экономикалық реформалар бағдарламасының іске асу мөлшеріне байланысты бөлшектеп берілуін көздейді. Несиелік транштер (екіншісінен бастап) осы бағдарламада белгіленген критерийлерді орындағаннан кейін ғана алынуы мүмкін. Бұл ХВҚ транштерінің қасиетін қаржыландырудың шарттылығы деп атайды. ХВҚ-дың қаржылық ресурстарына қол жетудің барлық түрлері ХВҚ эксперттерінің және мемлекет үкіметінің өзара бірігуі арқылы төлем балансымен байланысты қиындықтарды жеңуге бағытталған экономикалық реформалар бағдарламасы шеңберінде жасалынатын белгілі шарттарды орындауға негізделген.
Техникалық көмек (technical assistance) - ХВҚ-ға мүше елдерге ақша, валюталық саясат пен банктік қадағалау, бюджеттік және салықтық саясат, статистика, қаржылық және экономикалық заңдарды жасау мен кадрларды дайындау саласында көмек көрсету. Техникалық көмек орталық банктер мен қаржы министірлігіне және статистикалық органдарға ондай көмекті сұраған елдерге миссияларды жіберу, бұл органдарға 2-3 жылға эксперттерді жіберу, дайындалып жатқан заңдық құжаттарға тексеру жұмысын жүргізу арқылы жүзеге асады.
Арнайы қарыздану құқықтарын шығару , АҚҚ (special drawing rights, SDR) - 1969 жылы ХВҚ құрастырған және мерзімді түрде мүше елдер арасында олардың ХВҚ-ғы квоталарына пропорционалды үлестірілетін халықаралық резервтік активтерді қарызға алудың арнайы құқықтары. Халықаралық экономикада АҚҚ дүниежүзілік резервтердің 2% құрай отырып, келесі функцияларды: 1) алтын мен шетел валютасымен қатарлас халықаралық резерв 2) ХВҚ және кейбір басқа халықаралық ұйымдар қолданатын есептесу бірлігі 3) кейбір елдерде валютаны бекітетін валюта 4) бірқатар жекеменшік қаржылық құралдардың диноминаторы қызметін іске асырады. [1]
Қордың мақсаттары:
- Қаржылық салада халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
- Халықаралық сауданың кеңеюі мен балансталған өсуіне, сәйкесінше мүше елдердің экономикалық жағдайының жақсаруы мен жұмысбастылықтың өсуіне жәрдемдесу;
- Мүше елдердің валюталық саясаттын координациялау мен келісу, валютылық бағамдарды және валютаның қайтымдылығын қолдау арқылы халықаралық валюта жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету; валюталық салада мүше елдер арасында реттік қарым-қатынасты қамтамасыз ету;
- Валюта бағамдары мен тепе-теңдігін анықтау; валютаның бәсекелестік құнсыздануына жол бермеу;
- Мүше елдер арасында ағымдағы операциялар бойынша және валюталық шектеулерді жойған кезде көпжақты төлеу жүйесін құруда көмек көрсету;
- Төлем баланстарын реттеу мен валюта бағамдарын тұрақтандыру үшін шетел валютасында қарыз бен несие ұсыну арқылы мүше елдерге көмек көрсету;
- Мүше елдердің халықаралық төлем баланстары тұрақсыздығының деңгейін төмендету және ұзақтығын қысқарту;
- Мүше елдерге қаржылық және валюталық сұрақтарда кеңестік көмек ұсыну;
- Мүше елдердің халықаралық валюталық қарым-қатынаста өзін-өзі ұстау кодексін орындауға бақылау жүргізу.
Халықаралық валюталық қор халықаралық валюталық жүйенің институционалды негізі болып табылады. Ол мүше елдер арасында валюталық есеп қарым-қатынастарын реттеу үшін құрылған.
ХВҚ-ға мүшелік елдің Халықаралық қайта құру және даму банкіне (ХҚДБ, МБРР) кіруге алғышарт болып табылады.
Қор ХҚДБ-мен, ДСҰ-мен, Халықаралық есеп айырысу банкімен тығыз қарым-қатынаста.
ХВҚ-дың қызметтерін қысқаша төмендегіше суреттеуге болады:
- Халықаралық өтімді қоры жеткіліксіз, болмаса төлем қабілеті төмен мүше елдерге өтімді қаржылық құралдар беру;
- Сауданың еркіндігін күшейтіп, келісімдер еркін түрде жүргізілуі үшін мүше-елдердің сауда мен төлем жүйесін қадағалап отыру. [2, 115 б]
ХВҚ-ды басқару Келісім баптарына сәйкес жүргізіледі. ХВҚ-дың басқару құрамына Басқарушылар кеңесі, Уақытша комитет, Даму комитеті, Атқарушы комитет, Басқарушылар және персонал кіреді.
ХВҚ-дың ең жоғарғы басқару органы - әр бір мүше-ел басқарушы мен оның орынбасары арқылы таныстырылған, Басқарушылар кеңесі (Board of Governors) болып табылады. Әдеттегідей, олар қаржы министрлері мен орталық банктердің басқарушыларынан құрылады. Кеңесті жүргізу ісіне Қордың қызметі бойынша кілтті сұрақтарды шешу кіреді. Олар: Келісім баптарында ішкі өзгертулер, мүше-елдердің кіруі мен шығуы, олардың капиталдағы үлесін орнату мен қайта қарау, орындаушы директорларды таңдау. Әдетте, басқарушылар сессияға жылына бір рет жиналады, бірақ кез келген уақытта отырыстар ұйымдастырып, почта арқылы дауыс берулеріне болады. ХВҚ-да «салмақталған» дауыс саны қағидасы жұмыс істейді: дауыс беру арқылы мүше-елдің Қор қызметіне әсер ету мүмкіндігі олардың капиталдағы үлесімен анықталады. Әр мемлекет капиталдаға салым көлеміне байланыссыз 250 «базалық» дауысты және сол салым соммасының әр бір 100 мың АҚҚ үшін қосымша бір дауысты иемденеді. Бұндай тәртіп дамыған мемлекеттерді көпшілік шешімді дауыстармен қамтамасыз етеді. Әдетте, шешімдер Басқарушылар кеңесінде қарапайым көпшілік дауыс арқылы (жартысынан аз емес), ал оперативтік немесе стратегиялық сипатқа ие маңызды сұрақтар бойынша «арнайы көпшілік» (сәйкесінше мүше-елдердің 70 немесе 80% дауыстары) арқылы қабылданады. АҚШ пен ЕО дауыстарының үлес салмағы қысқартылғанына қарамастан, олар максималды көпшілікті (85%) қажет ететін Қордың кілтті шешімдеріне тыйым сала алады. Бұл АҚШ батыстың алдағы мемлекеттерімен қоса ХВҚ-ғы шешім қабылдау процесіне бақылау жасап, олардың қызметін өз мүдделерін ойластыра келіп бағыттауға мүмкіндігі бар екенін білдіреді. Ал дамушы мемлекеттерге келсек, олар да үйлесіп қызмет ететін болса теориялық тұрғыда өздерін қанағаттандырмайтын шешімнің қабылдануын болдыртпауы мүмкін. Бірақ әр ұлтты көп мемлекеттерге келісімге келу қиын. 2004 жылдың ақпанында Қор басқарушыларының кездесуінде «ХВҚ-дың шешім қабылдау механизімінде дамушы мемлекеттер мен ауыспалы экономикасы бар мемлекеттердің тиімдірек қатысу мүмкіндіктерін кеңейту» туралы айтылды.
ХВҚ-дың ұйымдастырушылық құрылымында Халықаралық валюталық және қаржылық комитет - ХВҚК (International Monetary and Financial Committee, IMFC) маңызды орын алады. (1974 жылдан бастап 1999 жылға дейін оның орнында Халықаралық валюталық жүйе сұрақтары бойынша әлемдік комитет болды. ) Ол ХВҚ-дың 24 басқарушысынан тұрады және өздерінің сессияларына жылына екі рет жиналады. Бұл комитет Басқарушылар кеңесінің кеңестік органы болып табылады және директивті шешімдер қабылдау үшін құзыреті жоқ. Бірақ ол маңызды функциялар атқарады: Атқарушы кеңестің қызметін бағыттайды; ХВҚ-дың қызметі мен халықаралық валюталық жүйенің іс-әрекетіне байланысты стратегиялық шешімдерді өндіреді; Басқарушылар кеңесіне ХВҚ Келісімдерінің баптарына жөндеулер енгізу туралы ұсыныстар жасайды. [2]
Осыған ұқсас қызметті даму бойынша Комитет те атқарады - ДБ (Дүниежүзілік банк) және Joint IMF - (World Bonk Development Committee) Қорының басқарушылар кеңесінің біріккен министірлік комитеті. Басқарушылар кеңесі өзінің көптеген құзыреттерін Атқарушы кеңеске (Executive Board) делегерлейді, яғни саяси, оперативті және әкімшілік сұрақтар шеңберін қамтитын, оның ішінде мүше-елдерге несие ұсыну және олардың валюталық бағам саясатына бақылау жүргізу, ХВҚ-дың жұмысын атқару үшін жауапкершілік жүктелген директорат болып табылады. ХВҚ Атқарушы кеңесі Қордың қызметкерлер штатын басқаратын (2004 жылдың қыркүйегіндегі мәлімет бойынша - 140-тан астам елдерден 2700 адам шамасында) реттеуші-директорды (Managing Director) бес жылдық мерзімге таңдайды. Ол Европалық мемлекеттер өкілінің бірі болу керек. Реттеуші-директор (2004 жылыдың мамырынан бастап) - Родриго Рато (Испания), ал оның бірінші орынбасары (2001 жылдан бастап) - Энн Крюгер (США) болды.
Қазіргі уақытта ХВҚ құрамына 185 мемлекет кіреді.
Жарғылық капиталы 212, 8 млрд. АҚҚ құрайды (қаржылық 2004 жылдың соңына қарай 1 АҚҚ шамамен 1, 45 АҚШ долларына тең болды) . Мүше-елдердің салымдары есебінен құрастырылады. Олар әдетте квотасының 25% АҚҚ-мен немесе басқа мемлекеттердің валютасымен, ал қалған 75% ұлттық валютамен төлейді. Квота көлеміне қарай ХВҚ-дың басқарушы органдарында мүше-елдер арасында дауыстар үлестіріледі. Ең үлкен квота иегері АҚШ - 17, 14% дауыс, Жопония - 6, 15%, ГФР - 6, 01%, Ұлыбритания және Франция - 4, 96%, Ресей - 2, 75% дауыс.
Ең көп дауысы бар мемлекеттер: АҚШ - 17, 78%; Германия - 5, 53%; Жопония - 5, 53%; Ұлыбритания - 4, 98%; Франция - 4, 98%; Сауд Аравиясы - 3, 45%; Италия - 3, 09%; Ресей - 2, 9%.
ЕО-ға кіретін 15 мемлекеттің ХВҚ дауыс үлесі - 28, 8%, ал өнеркәсібі дамыған 29 мемлекет (Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына кіретін мемлекеттер, ОЭСР) 63, 4% дауысты иемденеді. Ал Қор мүшелерінің 84%-дан астамын құрайтын елдердің үлесі 36, 6% ғана. [2]
1. 2 ХВҚ-дың несиелеу механизімі
Қор ұсынатын несиелердің қайнар көзі мүше елдердің валютасы түріндегі ақша қаражаттары, жазылу арқылы қалыптасқан және ортақ ресурстар Шотында (General Resources Account) орналасқан борыштар арқылы жұмылдырылған АҚҚ болып табылады. Осы шоттың құралдары арқылы Қордың қаржылық операциялары іске асырылады. Бұл операциялардың екі түрі бар: (1) мәміле (transaction) - елдерге Қор ресурстарынан валюталық құралдарды ұсыну және (2) операция (operation) - қарыз құралдары арқылы делдалдық қаржылық және техникалық қызмет көрсету. ХВҚ-дың қаржылық операциялары мүше елдердің тек ресми органдарымен (қазынашылықтармен, орталық банктермен, валюталық тұрақтандырғыш қорлармен) жүргізіледі. ХВҚ-дың ортақ ресурстарына қол жетерлікті реттейтін ережелер барлық мүшелерге бірдей. Ереже келесіні тұжырымдайды: ағымдағы операциялар бойынша төлемдер үшін шетел валютасын қажет ететін ел валютаның оған төлем балансының жағдай және халықаралық ликвидтік резерв бойынша немесе осы резервтердің қысқару тенденциясы бар екендігі бойынша Қорға дәлелдер ұсынуы керек. Ол сатып алуды (purchase) немесе оның қарызға алынуын (drawing) ортақ Шот ресурстарынан СПЗ немесе шетел валютасы түрінде жүргізеді. Бір мезгілде айырбас ретінде қарыз алушы ел берілген мемлекеттің орталық банкінде ХВҚ-дың шотына өзінің ұлттық валютасының эквивалентті соммасын аударады. Бұл операцияның нәтижесінде Қор одан несие алуға мәжбүр мемлекеттің ұлттық валюта қорын ұлғайтады; сонымен қатар басқа елдер қоры немесе АҚҚ қарыз алушы ел өз қолданысына алатын соммаға қысқарады. ХВҚ-на көбінесе конверттелінбейтін валютасы бар елдер несие алуға ұсыныс жасағандықтан Қор басқа мемлекеттер тарапынан сұранысы жоқ конверттелінбейтін ұлттық валютаның сәйкес мөлшердегі кепіліне валюталық несиелер ұсынады және олар ортақ ресурстар Шотында қалады. Белгіленген мерзім өткеннен кейін мүше-ел кері операция жүргізуге міндетті - өз ұлттық валютасын Қордан сатып алып, оған қаражаттарды шетелдік валютада немесе АҚҚ түрінде қайтару керек. Әдетте практикада өткен мерзімде несиеге алынған қарызды қайтаруды білдіретін бұл операция валюта сатып алған күннен бастап 31/4-тен 5 жылға дейін мерзімде жүргізілуі тиіс. Одан басқа Қор үшін артық болып келетін өзінің валютасын төлем балансының жақсаруы және валюталық резервтердің ұлғаюы барысында қарыз-мемлекет мерзімнен бұрын сатып алуды жүргізу керек деген шарт бар. Егер ХВҚ-ғы қарыз-мемлекеттің ұлттық валютасын басқа мүше-елмен сатып алынатын болса, онда оның Қор алдындағы қарызы жабылады. [3, 118 б]
Несиені ұсынғаны үшін ХВҚ келісім соммасынан 0, 5% көлеміндегі бір реттік комиссиондық алым және белгілі төлем (charge) немесе нарықтық бөлініске негізделетін пайыздық қойылымды алады.
Мақсаттық бағытқа және несиелеу шарттарына байланысты Қор әртүрлі несиелеу механизмдерін қолданады(facility, қор сияқты аударылады) . Әр бір сондай механизм шеңберінде елдің Қордағы квотасына қарай берілетін несиенің соммасын шектейтін лимиттер орнатылады. Елдердің рұқсат етілетін сәйкес лимит шегінде қаржылық ресурстарға қол жетерлігі әр бір нақты жағдайда елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты түрліше анықталады.
Несиелік механизмдерді келесі төрт категорияға бөлуге болады:
(1) Жай механизм;
(2) Арнайы компенсациялық механизм;
(3) Төтенше көмек;
(4) Табыс деңгейі төмен елдерге көмек беру мезанизімі.
(1) Жай механизмдер өз құрамына мыналарды қосады:
- Резервтік механизмдер үлесі;
- Несиелік механизмдер үлесі;
- Резервтік несиелер туралы келісімдер;
- Кеңейтілген қаржыландыру механизімі;
- Қосымша қаржыландыру механизімі;
Резервтік механизмдер үлесі (Reserve Tranche) мүше-ел квотаның 25% (1978 жылғы Ямай келісіміне дейін алтын бөлік болды) көлеміндегі алғашқы шетел валюта бөлшегін алуы Қордың билігінде ортақ ресурстар Шотында шоғырланған ұлттық валюта қоры соммасынан ХВҚ-да берілген елдің квота мөлшерінен асу ретінде анықталады. Егер Қор басқа мемлекеттерге қаржы ұсыну үшін мүше-елдің салынған ұлттық валютасының бір бөлігін пайдаланатын болса, онда сәйкесінше резервтік үлес көлемі ұлғаяды. Сонымен қатар елдің бар несиелік механиздерінің шеңберінде Қордан шетелдік валюта сатып алу салдары болып табылатын ұлттық валютаның бөлігі есепке алынбайды, яғни резервтік үлестің мөлшерін азайтпайды. Елдің резервтік үлес шекарасында валюта алуы оң баланс жағдайының қажеттігімен немесе макроэкономикалық саясатпен байланысты шарттастырылған.
Қосымша несиелік келісімдер шеңберінде Қорға мүше-ел ұсынған борыштар соммасы оның несиелік позициясын қалыптастырады. Резервтік үлес пен несиелік позиция бірігіп оның Қордағы резервтік позициясын қалыптастырады (Reserve Position in the Fund) . Резервтік позиция шеңберінде елдер ХВҚ- дан автоматты түрде бірінші талабынан кейін-ақ қаражыттарды ала алады. Ондай қаражаттарды сатып алу Қордың алдын ала келісімімен шарттастырылмайды. Резервтік позицияны пайдалану несиелік операция ретінде емес, оның Қорға шотқа жазылу ретінде салынған шетелдік валютаны қайта алу деп қарастыралады. Сәйкесінше елден комиссондық және пайыздық төлемдерді төлеу және алынған валюта қаражаттарын қайтару талап етілмейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz