Ағынды суларды тазалау әдістері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Биология факультеті

Микробиология кафедрасы

Реферат

Ағынды суларды тазалау әдістері

Орындаған: Абсаматова А. Ч.

Тексерген: Заядан Б. К.

Алматы 2007 ж

Мазмұны:

  1. Судың сапасын қалыпқа келтіру
  2. Ағынды суларды қатты бөлшектрерден тазалау
  3. Ағынды суларды май өнімдерінен тазалау
  4. Суды ерігіш қосылыстардан тазарту
  5. Ағынды суларды органикалық заттардан тазалау
  6. Су мөлшерін бақылау әдістері
  7. Ағын суларды пайдалану тарату
  8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Судың сапасын қалыптандыру

Су қоймаларындағы су құрамының келесі стандартты мәндері: қалқитын құрамдас бөлшектер және өлшенген заттар, иісі, дәмі, түсі, су температурасы және РН мәні. Су қоймаларының құрамдас екі категориясы орнатылған:

  1. Ішуге қолданылатын және күнделікті қолданылатын су қоймалары
  2. Балық шаруашылығында қолданылаттын су қоймалары

Ішуге пайдаланылатын судың құрамы бұлақтан ағатын ағынды судың 1 км арақашықтығына сәйкес келу керек, ал қолдануға жарамайтын су қоймаларында қолданылатын судан 1 километрден кейінгі мәнге сәйкес келу керек.

Ағынды сулар күрделі гетерогенді қосылыстар болып табылады, олар еритін, калоидты және ерімейтін жағдайдағы табиғаты жағынан органикалық және минералды қосылыстар болып табылады.

Ағын сулардың ластануы концентрация сатысына байланысты бағаланады. Олардың құрамын зерттеуге жиі анализдер жасалынады.

Ағынды сулардағы органикалық заттардың жалпы концентрациясын, биологиялық жолмен тоттыққан органикалық қосылыстардың концентрациясын, өлшенген заттардың концентрациясын, ортаның активті реакциясын, бояудың интенсивтілігі, минералдану сатылары, биогенді элементтердің концентрациясын анықтау үшін санитарлы - химилық анализдер жүргізіледі.

Күнделікті және ішуге қолданылатын су қоймаларындағы су сапасын қалыптандырудың 3 түрі бар:

  1. Санитарлы - токсикологиялық
  2. Жалпы санитарлық
  3. Органолиптикалық

Ал, балық шаруашылығында 2 түрі қолданылады:

  1. Санитарлық
  2. Балық шаруашылық

2. Ағынды суларды қатты бөлшектерден тазалау

Ағынды суларды қатты бөлшектерден тазалау - сүзгіден өткізу, фильтрация және тұндыру процестері арқылы жүреді.

  1. Сүзгіден өткізу - бұл ағынды сулардың бірінші сатысы. Ағынды суларда мөлшері 25 мм - ге дейінгі ерімейтін қосылыстарды тазалау үшін жәіне майда талшықты ластанудан тазалау үшін қолданылады.

Ағын суды сүзгіден өткізу арқылы тазалауда торлы елек және талшық аулағыш құралдары қолданылады.

  1. Тұндыру- қатты бөлшектердің сұйықтыққа тұну процестеріне негізделген. Қатты бөлшектерді тұндыру процесі ақылы бөліп алу ашық немесе қысымды гидроцикл және центрифуга көмегімен жүргізіледі. Ашық гидроциклондар ағын суларда тұну жылдамдығы 0, 02 мм - ден жоғары қатты заттарды бөліп алу үшін қолданылады.
  2. Фильтрлеу - аз концентрациялы жұқа дисперсті қатты қосылыстарды ағынды сулардан бөліп алу үшін қолданылады. Бұл процесс физико - химиялық және биологиялық әдіспен тазалаудан кейін қолданылады.

3. Ағынды суларды май өнімдерінен тазалау

Ағынды суларды май өнімдерінен тазалау машина құрылыс өндірістерінде қолданылады.

Бұл тазалаудың негізі су бетінде май өнімдерінің қалқып жүруіне байланысты өтеді.

Қатты өнімдердің суға тұнуын тазалау сияқты бұл - май аулағыш және тұндыру көмегімен жүреді.

Суды тазалауда қолданылатын тұндырғыштар - қатты заттың тұнуын және су бетіне қалқып шыққан май өнімдерін тазалау үшін де қолданылады.

Көпіршіктердің пайда болуына байланысты бірнеше флотация түрлерін бөліп қарауға болады:

қысымды, пневматикалық, көбікті, химиялық, биологиялық және электрофлотация қосылған.

Электрофлотация. Бұл процесте ағынды суларды өлшенген бөлшектерден тазалау үшін су электролизі кезінде пайда болған газ көпіршіктері арқылы тазалауға болады.

Анодта оттегі көпіршіктері, ал катодта су көпіршіктері пайда болады. Ерігіш электродтарды қолданған кезде газ көпіршіктері және коагулянттар пайда болып, тиімді флотация жүруіне көмектеседі. Электрофлотация кезінде катодта пайда болған көпіршіктер басты роль атқарады. Кіші көлемдегі (10 - 15 м 3 / сағ. ) ағынды суда электрофлотациялық қондырғылар бір камералы, ал үлкен ағын суларда екі камералы қондырғылар қолданылады .

Фильтрлеу арқылы ағын суды май өнімдерінен тазалау - тазалаудың ең бастапқы кезеңі болып табылады. Бұл өте маңызды, өйткені ағынды суларда май өнімдерінің концентрациясы тұндыру немесе гидроциклондарда 0, 01 - 0, 2 кг/ м + 100 - ға көтеріледі, бұл ағынды суларда май өнімдерінің шамадан тыс артып кетуіне соқтырады.

Схема № 1

Бір камералы электрофлотациялық қондрырғы.

1 - корпус,

2 - электрод

Схема № 2

Көлденең электрофлотатор

1 - түсірілетін камера

2 - электродтар

3 - қырғыш

4 - шлак қабылдағыш

5 - тұнба шығатын түтік

  1. Суды ерігіш қосылыстардан тазарту

Ағынды суларды ерігіш қосылыстардан тазалау - экстракция, сорбция, нейтролизация, электрокоогуляция, ионды әдіс, озондау әдістері көмегімен жүреді.

Экстракция - ағынды судың қоспасын бір - біріне ерімейтин сұйықтық қоспасында бөліп алу процессі. (ағынды су және экстрагент) .

Экстракция коэфицентіне сәйкес:

К о = С э / С в

С э және С в :

бұл экстрагентте және ағынды судағы қоспаның концентрациясы.

Сорбция. Газ тазалануда қолдану мен қатар ағынды сулардағы ерігіш қосылыстарда тазалауда кең қолданылады.

Сорбент ретінде кез - келген аз дисперсті заттар (күл, шынтезек үгіндісі, саз) қолданылады. Ең тиімді сорбент ретінде активтелген көмір қолданылады.

  1. Ағынды суларды органикалық заттрадан тазалау

Бұл тазалау табиғи және жасанды жолмен жүретін биологиялық әдіске негізделген.

Биологиялық тазалаудың мәні мынада:

топырақ қабатынан өткен ағынды судың фильтрациясы кезінде, өлшенген және колойдты заттар адсорбцияланады. Олар уақыт өткен соң, топырақ буында микробиологиялық клетка түзеді.

Бұл пленка ұсталған органикалық заттарды тоттықтырады және адсорбциялайды және оны минералды заттарға айналдырады.

Биологиялық тоғанды табиғи және жасанды аэрация етіп бөледі.

Ағынды сулардың жасанды жолмен биологиялық суды тазалау аэротенк және окситенкті биологиялық фильтрлерге бөлінеді.

6. Су мөлшерін бақылау әдістері.

Қазіргі уақытта лабороториялық жағдайда анализ үлгілерін ашумен қатар су сапасын автоматикалық станциялық бақылаудан өткізуге болады. ол арқылы бір уақытта 8 . . . 10 көрсеткіштеріне дейінгі су сапасын өлшеуге болады. Жылжымалы автоматикалық станциялар судағы оттегіні, электр өткізгіштігін, температураны, өлшенген зат концентрациясын өлшейді. Ағынды судың сапалық құрамын бақылау судың органолиптикалық көрсеткіштерін өлшеуге сәйкес келеді. Органолиптикалық көрсеткіштерге-орта РН-ы, күрделі дисперсті заттардың құрамы, оттегін химиялық пайдалану, судағы оттегі мөлшері, оттегін биохимиялық пайдалану, зиянды заттар концентрациясы. Лабороториялық әдістің көп қолданылатын түрінің бірі-концентрациясы 0, 0002ден жоғары оттегі ерітіндісін иодометрикалық Винклер әдісімен табу.

Ағынды судағы аз концентрацияны бояу қосылыстарының интенсивтілігіне негізделген колотрикалық әдіспен өлшейді.

. 7. Ағынды суларды пайдалану және тарату

Ағынды судағы тұнбаны пайдалануға және таратуға жіберу үшін өңдеуден өткізіп алу қажет. Тұнбаны қалыптандыру үшін-аэробты қалыптандыруды пайдаланады. Табиғаты жағынан органикалық тұнбаның колоидты құрылымын бұзу үшін -тұнбаны желдету әдісін қолданады. Өндірісте негізінен темір-хлор және әктас көмегімен реагенді желдету әдісі қолданылады.

Тұнба ликвидациясын утилизация жағдайы экономикалық тиімсіз болған кезде қолданылады. Ағынды суларды ликвидациялаудың ең көп қолданылатын әдістерінің бірі-қысу болып табылады.

Ағынды сулар күрделі гетерогенді қосылыстар болып табылады, олар еритін, калоидты және ерімейтін жағдайдағы табиғаты жағынан органикалық және минералды қосылыстар болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аммиак синтезінде қолданылатын энергия түрлерін талдау
Ағынды суларды тазарту әдістері
Ағынды суларды алдын ала тазарту Араластыру реакторлары
Ағынды суларды аэрациялау туралы ақпарат
Тұрмыстық, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық ағынды сулар
Қазақстан ауылының сарқынды суларын тазарту ғимараттарын жобалау
Өскемен қаласындағы жер үсті суларының ластауына экологиялық баға беру
Өскемен қаласының жер беті суының экологиялық жағдайына баға беру
Көкшетау қаласындағы ағынды судың экологиялық жағдайы және оны тазалау жолдары
Ағынды суларды тазалаудың биологиялық әдістері және тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz