Қылмыс құрамының ұғымы, белгілері



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Қылмыс құрамының ұғымы белгілері
1.1Қылмыс құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2Қылмыс құрамының элементері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

2. Қылмыстың түрлері
2.1 Қылмыс объектісінің түсінігі және белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
А)Жалпы, топтық және тікелей түрлері.
2.2 Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
А)Есі дұрыстық және есі дұрыс еместіктің түсінігі. Есі дұрыстық . қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты.
2.3 Қылмыстың арнаулы субъектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

3 Қылмыстың дәрежеленуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Кіріспе.

Қылмыс құрамының ұғымы және мағанасы.
Алдыменен жұмысымның кіріспелі бөлігіне шолу жасағаным, өзім жазған ісіме дұрыс көңіл аударатын шығар деп ойлаймын. Осы тақырыпты таңдағаным қазіргі заманғы уақыт талабына сай қоғамның алдында тұрған күрделі проблемалардың бірі- қылмыс жүйесін ерекше көңіл бөліп, қылмыс құрамының мазмұнын жаңартып тереңірек тоқталу.
Қылмыстың анықтамасы (заңдылық немесе ғылымый тұрғыдағы) кез келген қылмысқа тән әділеттік және әлеуметтік нышандарға жөн сілтеп тұрады. Бұл нышандар (қылмыстық құқыққа қарсылық, қоғамдық қауіптілік, кінәлілік және жазаланушылық) қылмыстық әрекеттің қылмыс болып табылмайтын өзге құқық бұзушылықтар мен әрекеттер арасындағы шекараны анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ, көрсетілген нышандар бойынша мүмкін-ау деген қылмыстық әрекеттер жиынытығының аясында бір қылмысты екіншісінен шектеуге айталық, ұрлықты кісі өлтіруден оқшау ұстаға болмайды. Өйткені, бірінші де, екінші қылмыс та қылмыс ұғымын қарастыратын нышандарды бірдей деңгейде иеленген.
Толып жатқан қылмыстық әрекеттер ішінен нақты қылмысты, яғни ұрлық немесе зорлау, тонау немесе бұзақылық, кісі өлтіру немесе қашқындықты жекелеу үшін қылмыс құрамы дейтін ерекше ұғымға жұғыну керек.
Отандық қылмыстық құқық ғылымдарында қылмыс құрамы мәселесін ғылыми тұрғыдан талдау ісінде осынау тақырыпқа екі монография арнаған А.Н. Траниннің еңбегі зор.
Қылмыс құрамы деп- қылмыстық құқық деп қылмыстық құқық теориясында қылмыстық заңмен орнықтырылған, қоғамдық қауіпті әрекетті нақты қылмыс (яғни, мысалы ұрлық немесе қорлау, тонау немесе бұзақылық) ретінде бейнелейтін обьективтік және субъективтік нышандардың жыйынтығы.
Қылмыс құрамы ұғымы нышандардың төрт тобын қарастырады, олар теорияда қылмыс құрамының элементері деп аталады. Бұл қылмыстың объектісі және субективтік жағы. Дәлелдеп келгенде, бұл элементерді жалпылай алғанда құрамды құрастыратын нышандардың мазмұны бойынша ұрлық қорлаудан, ал тонау бұзақылықтан ерекшеленетін болады.
Осы курыстық жұмыста қылмыс құрамының ұғымына терең тоқталып, қылмыс құрамының объективті және субъективті жағын ашып көрсетілді
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз.
2.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 1997 ж.
3.ҚР-ның қылмыстық кодексіне түсінік.
4.Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы. “Жеті жарғы”. 2001 ж.
5.Әбілезов Е.Т. Қазақстан Респуликасының Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. Алматы. “Жеті жарғы”. 2001.
6.Бапанов Т.Ә. Әбілезов Е.Т. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. (Альбом үлгі). Алматы. “Жеті жарғы”. 2002 ж.
7.Құлжақбаева Р.Б. Қылмыстың құрамы. Қарағанды. “Болашақ -баспа”. 2000ж.
8.Молдыбаев С.С. Рахметов С.П. Субъект преступления по уголовному праву Республики Казахстан. Алматы. “Жеті жарғы”. 2001.
9.Наумов В.Н. Қылмыстық құқық. Астана. 2001 ж.
10.Орымбаев Специальный субъект преступления. Алма-ата. 1972.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
________________________________у ниверситеті
“________________________ ” факультеті

“______________” кафедрасы

КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қылмыс құрамының ұғымы, белгілері.

Тексерген:______________
Орындаған:_____________

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Қылмыс құрамының ұғымы белгілері

1.1Қылмыс
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .5

1.2Қылмыс құрамының
элементері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6

2. Қылмыстың түрлері
2.1 Қылмыс объектісінің түсінігі және
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..8
А)Жалпы, топтық және тікелей түрлері.

2.2 Қылмыс субъектісінің түсінігі және
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...11

А)Есі дұрыстық және есі дұрыс еместіктің түсінігі. Есі дұрыстық –
қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты.

2.3 Қылмыстың арнаулы
субъектісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

3 Қылмыстың
дәрежеленуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..32

Кіріспе.

Қылмыс құрамының ұғымы және мағанасы.

Алдыменен жұмысымның кіріспелі бөлігіне шолу жасағаным, өзім жазған
ісіме дұрыс көңіл аударатын шығар деп ойлаймын. Осы тақырыпты таңдағаным
қазіргі заманғы уақыт талабына сай қоғамның алдында тұрған күрделі
проблемалардың бірі- қылмыс жүйесін ерекше көңіл бөліп, қылмыс құрамының
мазмұнын жаңартып тереңірек тоқталу.

Қылмыстың анықтамасы (заңдылық немесе ғылымый тұрғыдағы) кез келген
қылмысқа тән әділеттік және әлеуметтік нышандарға жөн сілтеп тұрады. Бұл
нышандар (қылмыстық құқыққа қарсылық, қоғамдық қауіптілік, кінәлілік және
жазаланушылық) қылмыстық әрекеттің қылмыс болып табылмайтын өзге құқық
бұзушылықтар мен әрекеттер арасындағы шекараны анықтауға мүмкіндік береді.
Бірақ, көрсетілген нышандар бойынша мүмкін-ау деген қылмыстық әрекеттер
жиынытығының аясында бір қылмысты екіншісінен шектеуге айталық, ұрлықты
кісі өлтіруден оқшау ұстаға болмайды. Өйткені, бірінші де, екінші қылмыс та
қылмыс ұғымын қарастыратын нышандарды бірдей деңгейде иеленген.

Толып жатқан қылмыстық әрекеттер ішінен нақты қылмысты, яғни ұрлық
немесе зорлау, тонау немесе бұзақылық, кісі өлтіру немесе қашқындықты
жекелеу үшін қылмыс құрамы дейтін ерекше ұғымға жұғыну керек.
Отандық қылмыстық құқық ғылымдарында қылмыс құрамы мәселесін ғылыми
тұрғыдан талдау ісінде осынау тақырыпқа екі монография арнаған А.Н.
Траниннің еңбегі зор.
Қылмыс құрамы деп- қылмыстық құқық деп қылмыстық құқық теориясында
қылмыстық заңмен орнықтырылған, қоғамдық қауіпті әрекетті нақты қылмыс
(яғни, мысалы ұрлық немесе қорлау, тонау немесе бұзақылық) ретінде
бейнелейтін обьективтік және субъективтік нышандардың жыйынтығы.
Қылмыс құрамы ұғымы нышандардың төрт тобын қарастырады, олар теорияда
қылмыс құрамының элементері деп аталады. Бұл қылмыстың объектісі және
субективтік жағы. Дәлелдеп келгенде, бұл элементерді жалпылай алғанда
құрамды құрастыратын нышандардың мазмұны бойынша ұрлық қорлаудан, ал тонау
бұзақылықтан ерекшеленетін болады.
Осы курыстық жұмыста қылмыс құрамының ұғымына терең тоқталып, қылмыс
құрамының объективті және субъективті жағын ашып көрсетілді

1.1Қылмыс құрамы
Қылмыс құрамы – көрсетілген объективтік нышандардың міндетті түрдегі
жиынтығы. Ол осынау нышандардың бірлігі арқасында тірлік етеді деуге
болады. Ал өз кезегіне келгенде нышандардың әрқайсысы және де өзгелермен
байланысты және де өзгелермен байланысты және өз алдына, яғни жалпы ал
ғандағы қылмыс құрамынан тысқары жерде бой көрсете алмайды.
Қылмыс құрамының нышандары қылмыстық заңда, ең алдымен ҚК-тің
қылмыстық –құқықтық тыйымдарды белгілейтін ерекше бөлімінің баптарында
қисындастырылған. Бірақ, қылмыс құрамының нышандарына сілтемелер ҚК-тің
Жалпы бөлімінің шамаларында да бар. Әдетте олар қылмыс құрамының баршасына
немесе көпшілігіне тән нышандарды қамтиды. Мәселен, РФ ҚК –нің 2-бабының 1-
бөлігінде субъективтік жақтың нышандары, 20 және 21-баптарда мыс
субъектілері, 30-36-баптарда алдын ала және бірлескен қылмыстық іс-
әрекеттер сөз болады.
Қылмыс құрамының нышандары:
1. қажетті
2. факультативті болып екіге бөлінеді.
Қылмысты жеңілдететін мән-жайлары бар құрамы –негізгі құрамды құрайтын
қылмыстарды жасағаны үшін қолданылатын жазаға қарағанда жаза ауқымын
едәуір төмендетуге негіз болатын мән-жайлары бар құрам деген сөз. Мәселен,
ауырлататын жағдайларсыз кісі өлтірсе, РФ ҚК 105-бапы 1-бөлігінің санкциясы
алты жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза
белгілейді. Ал егер тап осындай қылмыс – кісі өлтіру қажетті қорғану
шектерінен асып кеткендіктен орын алса (РФ ҚК-нің 108 бабы), онда жаза
айтарлықтай төмендетіліп, екі жылға дейін бостандығын шектеуге, немесе екі
жылға дейін бас бостандығынан айыруға бұйырылады. Осы қылмыстың құрамы
жеңілденетін мән-жайлар бар кісі өлтірудің құрамы болып табылады. Ол заң
түрінде әдетте ҚК-тің жеке бабында қисындастырылады. (мысалы, РФ ҚК –нің
107,108 баптары)
1.2 Қылмыс құрамының элементері.
• Қылмыс объектісі
• Қылмыстың объективтік жағы
• Қылмыс субъектісі
• Қылмыстың субъективтік жағы
Қылмыс объектісі –қылмыстық қастандық жасау нәтижесінде кесір
келтірілеуі мүмкін және қылмыстық заңмен осындай қастандықтардан қорғалатын
мүделлер. Олар РФ ҚК-нің 2-бабында тізілген және қағидасында үш түрге –
жеке адам және оның құқықтары, қоғамдық және мемлекеттік мүдделер болып
бөлінуі мүмкін.
Қылмыстың объективтік жағы дегеніміз оның сыртқы мінездемесі болып
табылады. Ол қылмыс объектісіне қауіп төндірген немесе қауіп төндірейін деп
тұрған қылмыстық заңда қарастырылған қоғамдық қауіпті іс-қимылмен (әрекет
немесе әрекетсіздік) айғақталады. Осыған орай қылмыстың объективтік жағының
нышандарына қоғамдық қауіпті зардапқа (қылмыстық нәтиже) қоса, сондай-ақ
қоғамдық қауіпті әрекет пен қоғамдық қауіпті зардаптардың арасындағы
себепті байланыс және де қылмыстың жасалу тәсілі, құралдары мен қару
жарақтары, жасалған жері мен әрі жағдайы да жатқызылады.
Қылмыс субъектісінің белгілері жайлы Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінің 14-бабының бірінші бөлігінде былай делінген: “Есі
дұрыс, осы кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық
жауапқа тартылуға тиіс”.
Қылмыс субъектісі – ол қылмыс жасаған есі дұрыс және 16 жасқа толған
адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау, кісі
тонау, қорқытып алу т.б.) қылмыстық жауапқа адам 14 жастан тартылады.
Қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі
дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауру, психикасының
уақытша бұзылуы, кем ақылдылығы салдарынан өзінің іс әрекетінің іс
жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие
бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұларға медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Алкогольді ішімдікті,
есірткі заттарды немесе басқа да есеңгурететін заттарды пайдалану
салдарынан мас күйінде жасаған қылмыс үшін адам қылмыстық жауаптылықтан
босатылмайды.
Жеке адам ғана қылмыс субъектісі бола алады. ҚК-тің 14-бабының бірінші
бөлігінде айтылған жеке адамдар – Қазақстан Республикасының азаматтары,
азаматтығы жоқ адамдар және шетел азаматтары. Бұл ҚК-тің 6 және 7-
баптарының мазмұнынан туындайды.
Қылмыс субъектісі ретінде тек жеке тұлғаларды тану – заңды тұлғалар,
яғни мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар, партиялар, қоғамдық бірлестіктер
қылмыс субъектісі бола алмайды дегенді білдіреді. Осыларды айта келе,
Қылмыс субъектісі дегеніміз қылмыс жасаған және бойында қылмыстық заңда
көзделген белгілері бар жеке тұлға.

2.1 Қылмыс объектілерінің түрлері

Қылмыстық құқық ториясы дәстүрлі түрде қылмыс объектілері жалпы, топтық
(арнайы) және тікелей түрлерге бөліп қарастырады.
Қылмыстың жалпы объектісі дегеніміз – қылмыстық заңның қылмыстық қастық
етуден қорғайтын игіліктердің (мудделердің) жиынтығы. РФ ҚК 2-бабының 1
-бөліміне сәйкес, олар - адам мөн азаматтың құқықтары мен бос-тандықтары,
меншік, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік, қоршаған орта, Ресей
Фөдерациясының конституциялық құрылымы, бейбітшілік және адамзаттың
қауіпсіздігі. Бұл объектілер мынадай мінездемемен айқындала-ды: бір
жағынан, кез келген қылмыс тек осы объектілерге қастық жасауы мүмкін, ал
екінші жағынан - қылмыстың қайсысы бомасын, осы объекті-лердің біріне ғана
қастық жасауы мүмкін, өйткені жалпы объект – қыл-мыстық заң қорғайтын
объектілердің қосындысы.
Топтық (арнайы) объект - бұл жалпы объектінің бөлігі. Ол өздеріне бір-
біріне ұқсас қылмыстар қастық жасайтын бір топты игіліктер жиынтығын алға
тартады. Топтық объектінің ҚК Ерекше бөлімінің жүйесін қарастырудағы мәнісі
айтарлықтай. РФ ҚК Ерекше бөлімін жікке бөлу, ал кейде тарауларға бөлуге
негіз ретінде таптық (арнайы) объект жатқызылған. Мысалы, РФ ҚК Ерөкше
бөлімінің VII- тарауында біріктірілген баптарында қарастырылатын қылмыстық
топтық объектісі - жеке адам болып табылады. Ал 25-тарауда қарастырылатын
қылмыстардың объектісі - халықтың денсаулығы мен қоғамдық имандылық.
Тікелей объект - топтық (арнайы) объектінің бөлігі; бұл - белгілі бір
қылмыс жасаудың (мәселен, ұрлық немес бүзақылық, кісі өлтіру немесе
қашқындық) нәтижесінде зиян келтірілетін белгілі бір игілік (мүдде). Ерекше
бөлімнің 16-тарауындағы баптарда қарастырылған қылмыстардың тікелей
объектілері болып жеке адамның өмірі немесе денсаулығы (әрқайсысы өз
алдына) енді топтық объектінің толықтай алғандағы жеке адамның - бөлігі
ретінде алға тартылады. Тікелей объектінің қылмыстарды дәрежелеуде өзіндік
маңызы бар, өйткені бірқатар жағдайларда бір қылмысты өзімен тектес өзге
қылмыстардан бөлектеуге мүмкіндік береді.
Әдетте әрбір қылмыстың тікелей бір объектісі болады. Бірақ, бір сәтте екі
бірдей тікелей объектіге қастық қылатын (қос объектілі қылмыстар деп
аталатын) қылмыстар да кездеседі. Мұндай жағдайларда олардың біреуі басты
(негізгі), ал екіншісі қосымша қылмыс болып табылады. Ал, қай тікелей
объект негізгі, қайсысы қосымша объект болып табылатындығы жайлы мәселе
құқық қорғап түрған маңыздылығына тәуелділікке сәйкес емес, оның топтық
объектімен қандай байланысы барлығына орай шешіледі. Мәселен, қорқыту
немесе күш қолдану әрекеттері сияқты қылмыстың тікелей объектісі сот
төрелігін және алдын ала тергеуді жүзеге асыруға байланысты (РФ ҚК-нің 296-
бабы) сот төрелігінің мүдделері және жеке адам болып табылады. Бұл жағдайда
бірінші объект негізгі боладыдағы, жеке адам қосымша объект ретінде бой
көрсетеді.
Айта кетерлігі - қосымша объект қажетті немесе факультативтік объекті де
болуы мүмкін. Қажетті (міндетті) қосымша объект әрдайым өзіне жасалған ана
не мына қылмыстық қастықпен (немесе осындай жасалуы мүмкін жағдаймен)
байланысты. Ал факультативтік объектіге мүлде зиян жасалмауы ғажап емес
(немесе бұл объект зиян жасалу қатеріне килікпейді).
Қылмыс объектілерін үш сатылы (жалпы, топтық және тікелей дәрежелеу)
бұрынғы қылмыстық кодекстердің (РФ-ның 1926 ж. және 1960 ж. ҚК-тері)
қүрылымына сәйкес келді, олардың Ерекше бөлімдері тек қана тарауларға ғана
бөлінді.Бірақ РФ ҚК-нің 1996 ж. түбегейлі түрдегі жаңа құрылымы ғана
құжатта Ерекше бөлім тарауларға ғана емес, жекеленген тарауларды
біріктіретін бөлімдерге де бөлінген) кезінде әділет ғылымында жалпылай
қолдау таппаған, дәрежелеудің әртүрлі емес төрт сатылы түрін еріксіз еске
түсіреді. Мәселен, сонау 1960 жылдардың өзінде Свердловск заң институтының
профессоры Е.А.Фролов топтық объектінің ішінен "түрлік" объекті дейтінді
(топтық объектінің бөлігі ретінде, басқаша айтқанда топтың бір түрі
дегейінді білдіреді) бөліп шығаруды ұсынған болатын. Жаңа ҚК-тің қүрылымына
қарағанда, топтық объект дегеніміз - оларды жасағандығы үшін жауаптылық
жөніндегі шамалар бірегей бөлімге орналастырылған, қылмыстардың қастық
жасайтын мүдделері болып табылады. Осыған сәйкес, "түрлік" объекті (әрине,
Ерекше бөлімнің бөлігі тарауларға бөлінген жағдайда) қылмыстар қастық
қылатын мүдделер (бұл қылмыстардың жасалғанына жауаптылық жөніндегі шамалар
бір тараудың шегінде болса) дегенді білдіреді. Айталық, шамалары VII
бөлімде келтірілген қылмыстардың топтық объектісі -жеке адам да, ал түрлік
объектілері жеке адамның өмірі мен денсаулығы (16-тарау), азаттығы мен ар-
ұжаны (17-тарау), жыныстық қол сұғуға болмайтын жағдайы мен жыныстық
бостандығы (18-тарау), адам мен азаматтық конституциялық құқықтары мен
бостандықтары (19-тарау), от-басы мен кәмелетке толмағандар (20-тарау).
Оның үстіне объектінің жалпы және тікелей түрлерінің үғымы мен олардың
өзара қатынасы бұрынғыша қала береді. Ал мынадай жағдайларда - олар Ерекше
бөлімнің бөлігі қосымша тара-уларға бөлінбей, атауы бөлікке деңгейлес
келетін бір тараудан тұратын болса, онда топтық объект түрлік объектімен
дәлме-дәл келеді (мысалы, XII бөлім және 34-тарау бейбітшілік және
адамзаттың қауіпсіздігі).

2.2 Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері

Қылмыс субъектісі – қылмыс құрамының бір элементі, онсыз қылмыстық
жауаптылық болмайды және болуы мүмкін емес.
Қылмыстың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға
сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады.
Қылмыстық кодекстің 4,6,7 – баптарының талаптарына сай Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің күші Қазақстан Республикасының
азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтығы жоқ
адамдарға, сондай-ақ шетелдіктерге қолданылады. Бұдан туатын қорытынды,
қоғамға қауіпті іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тек қана тірі адам –
азамат тартылады. Ал заттар, жануарлар дүниесі, табиғат күштері келтірілген
зиян үшін олар қылмыстық жауапқа тартылмайды, яғни бұл аталғандар қылмыс
субъектісі болып танылмайды. Егер адам жануарларды немее табиғи күштерді
пайдалану арқылы қасақана немесе абайсыздықпен басқаға зиян келтірсе, онда
қылмыстық жауаптылыққа сол адамның өзі тартылады. Мысал, қабаған итке
адамды қасақана әдейілеп қаптырса, онда сол адам жөнінде қасақана дене
жарақатын келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық мәселесі қарастырылады, ал
мұндай жағдайда ит қылмыс субъектісі емес, қылмысты істеудің құралы болып
табылады[1].
Сондай-ақ заңды тұлғалар – мекеме, ұйым, кәсіпорын және басқа да заңды
ұйымдар қылмыстың суъектісі болып танылмайды.
Қайсы бір кәсіпорын, мекеме, ұйымда еңбек қорғау ережелерінің елеулі
бұзылуы үшін қылмыстық жауаптылыққа мекеме, ұйым, кәсіпорын емес, сол еңбек
қорғау ережелерін кінәлі түрде бұзған лауазымды адам, егер соның салдарынан
адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса жауаптылыққа тартылады.
Қылмыс субъектісінің қажетті белгілерінің бірі – қылмыс жасаған адамның
есінің дұрыстығы.
Есі дұрыстық – қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті әрекетті
жасаған кезде адамның өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипатын
және қоғамға қауіптілігін ұғынып, оған ие болу қабілеті.
Есі дұрыстық – адамды қылмыстық жауапқа тартудың және оны жазалаудың
қажетті шарты болып табылады.
Қылмыстық заңның нормалары, әр кезде де, төңірегіндегі жағдайды дұрыс
пайымдап, өз әрекетінің маңызын түсіне алатын, оған ие болу қабілеті бар,
психикасы қалыптан ауытқымаған адамдарға бағытталады. Мұндай қабілеті жоқ
адамдар психикасы бұзылғандықтан өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс
жүзіндегі сипатын және қоғамға қауіптілігін ұғына алмайды, әрекетіне ие
бола алмайды, сондықтан да олар есі дұрыс емес деп танылады және қылмыстық
жауапқа тартылмайды (16 б).
Қылмыс субъектісінің есі дұрыстығымен қатар және бір міндетті белгісі
– қылмыс жасаған кезде адамның заңды белгіленген жасқа толуы.
Өз іс-әрекетін дұрыс бағалау, жасаған әрекетінің әлеуметтік
маңыздылығын ұғыну, әрекетіне ие болу қабілеті белгілі бір жаста пайда
болады. Ол кезде адам есейеді, адамгершілігі дамиды, рухани өседі,
кәмелетке жетпегендер де (14 жасқа толмағандар да) мұндай қасиеттер
болмайды. Сондықтан олар қылмыс субъектісі деп танылмайды.
Адамның есінің дұрыстығы және қылмыстық заңда белгіленген жасқа толуы
қылмыс субъектісінің жалпы заңдылық белгілері болып табылады, олар
қылмыстардың барлық құрамдары үшін міндетті, бұлардың ең болмағанда
біреуінің болмауы, әрекетте қылмыс құрамының жоқ екендігін көрсетеді.
Қылмыскердің қосымша белгілерін, соның ішінде жеке басының, еңбек және
тұрмыс жағдайын ескеру айыптының бұрын қылмыс жасаған –жасамағандығын,
ерекше бұзық немесе баукеспе екенін білуге, кейде қылмыстық
жауапкершіліктен босатуға, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруға, жазадан
шартты түрде мерзімнен бұрын босатуға себеп болатындығын да естен шығармау
керек. Заңдылық нормаларда басқа да белгілер көрсетіледі. Олар - қылмысты
қайталап жасау, әлденеше рет жасау, үнемі жасау, ерекше қауіпті рецедивист,
арнаулы субъект тағы басқалар.
“Қылмыс субъектісі” және “қылмыскердің жеке басы” ұғымдары бірдей емес.
Қылмыскердің жеке басы – қылмыс субъектісіне қарағанда кең түсінік береді.
Қылмыскердің жеке басы дегеніміз – қылмыскерді жалпы адам ретінде
сипаттайтын барлық әлеуметтік қасиеттердің, байланыстардың және
қатынастардың жиынтығы, оның әлеуметтік (саяси, еңбек, тұрмыстық,
отбасылық т.б) байланыстары; өнегелік саяси қасиеттері (дүниетанымы,
сенімі, құштарлығы); психикалық қасиеттері мен ерекшеліктері (интеллекті,
еріктік қасиеттері, сезімдік ерекшеліктері, қызбалығы); демографиялық және
дене жаратылыс ерекшеліктері (жынысы, жасы, денсаулық ахуалы); өмірбаяны,
өмір тәжірибесі, білімі, қоғам алдында сіңірген еңбегі және кінәсі[2].
Қылмыскердің жеке басына қатысты барлық қасиеттердің ішінен қылмыс
субъектісі ұғымы өзіне қылмыскердің жеке басын сипаттайтын белгілердің ең
аз ғана жиынтығын қамтиды (есі дұрыстық, қылмыстық жауапқа тартылу жасына
толу); бұл белгілердің қылмыстық құрамы болмайды.
Қылмыскердің жеке басының ерекшеліктері жаза тағайындағанда, оны жеке
даралағанда (ҚК-тің 52,53,54 -баптары), шартты түрде соттау туралы (ҚК-тің
63-бабы), қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы (ҚК-тің
65,66,67,68,69 баптары), жазадан мерзімнен бұрын шартты түрде босату немесе
жазаны өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру туралы (КҚ-тің 70,71-
баптары) мәселелерді шешуде және басқа жағдайларда маңызды болып табылады.
А)Есі дұрыстық және есі дұрыс еместіктің түсінігі. Есі дұрыстық – қылмыстық
жауаптылықтың негізгі шарты.
Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірген не зиян келтіру
қаупін төндірген, қылмыстық заңда тиым салынған әрекетті жасаған адам
қылмыстық жауапқа тартылып, жазалануы үшін оның есі дұрыс болуы керек[3].
Жоғарыда аталып кеткендей, есі дұрыстық дегеніміз – адамның қоғамға
қауіпті әрекет жасаған кездегі өз әрекетінің іс жүзіндегі сипатын, қоғамға
қауіптілігін ұғына алатын, оған ие бола алатын қабілеті. Есі дұрыс емес
адамдар қылмыстың субъектісі болып табылмайды. Сол себепті олар қылмыстық
жауапқа тартылмайды. Мұндай адамдарға істеген іс-әрекеттері үшін қылмыстық
жаза болып табылмайтын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы
мүмкін (ҚК 89-95 баптар). Есі дұрыстықтың белгісіне тоқталып өтсек, ол
адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетін істеген уақытта өзінің іс-әрекетінің
мәнін сезіп, ұғынуы және оны басқаруға қабілетінің болуы қылмыстық
құқықтағы кінә туралы түсінікпен тығыз байланысты. Яғни, қоғамға қауіпті іс-
әрекетті істеген кезде оны істеушіге әйтеуір кінәнің бір түрі қасақаналық
немесе абайсыздық болуы тиіс. Өйткені, кінә қылмыстық жауаптылықтың басты,
негізгі алғышарты болып табылады, өз әрекетінің мәнін түсінбейтін және өзін-
өзі басқаруға қабілеті жоқ адамдарда кінә да болмайды, сол себепті олар
қылмыстық жауапқа тартылмайды. Кылмыстық Кодекстің іс-бабында есі дұрыс
еместіктің түсінігі берілген. Онда:
1.Осы Кодексте көзделген қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі
дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының
уақытша бұзылуы, кемақылдылығы немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы
салдарынан өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен
қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам
қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс емес.
2.Есі дұрыс емес деп танылған адамға сот осы Кодексте көзделген
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкін, - делінген[4].
Есі дұрыс еместіктің ұғымын ашып көрсеткенде қылмыстық құқық ғылымы
екі белгіні: медициналық (биологиялық) және заңдылық (психологиялық)
белгіні қолданады. Заңдылық белгі бойынша сот қоғамға қауіпті іс әрекетті
істеген адамның өзінің іс-әрекетіне есеп бере алатынын және оны істегенде
өзін басқара алатынын анықтайды.
Медициналық (биологиялық) белгі бойынша қоғамға қауіпті әрекетті
істеген адамның аурулық жағдайына байланысты болған қабілетсіздігінің
себебі анықталады. Адамның кез-келген аурулық жағдайы оны есі дұрыс емес
деп тануға негіз болмайды, сол аурулардың ішіндегі адамға өзінің іс-
әрекетін нақты дұрыс бағалауға бөгет жасайтын аурулар ғана оны есі дұрыс
емес деп тануға негіз болады.

Сондықтан медициналық белгі міндетті түрде заңдылық белгімен
қабаттасуы қажет. Тек осы екі белгі бірдей болған жағдайда ғана адам есі
дұрыс емес деп танылуы мүмкін. Медицнналық белгінің түсінігі сот-психиатрих
ғылымы белгілеген жалпы ережелеріне негізделген. Қылмыстық құқық есі дұрыс
еместіктің түсінігін осы ережелерді басшылыққа ала отырып, өз
ерекшеліктеріне сәйкес түсіндіреді. Медициналық белгілерге қылмыстық заңда
төрт түрлі ауру жатқызылған:
1.Созылмалы психикалық ауру. Бұл ауруға жазылмайтын немесе жазылуы өте
қиын, аурулық жағдайы өрістей беретін аурулар жатады. Бұған: шизофрения,
желікпе, депрессиялық есалаңдық, ми мерезінің салдарынан үдемелі сал
аурына шалдығу, кәрілікке байланысты дамыған есалаңдық және басқалары.
2.Психикасының уақытша бұзылуы. Бұған жататындар: алкогольдік
есалаңдық, патологиялық маскүнемдік, белая горячка т.б. аурулары. Бұл
аурулар тез пайда болады, емделген жағдайда артынан жазылып кетуі де
мүмкін.
3.Кемақылдық. Бұл адамның ақыл-ой қабілетінің төмендеуінен туындайтын
аурулар. Мұндай аурулар тұрақты туа біткен ауыр нерв ауруының (делбе,
энцефалит, мидың зақымдануы) әсерінен пайда болады. Кемақылдылықтың үш түрі
бар: дебильдік (жеңіл түрі), имбецильдік (орташа түрі).
4.Психикасының өзге де дертке ұшырауы.
Бұл сырқаттағы күйге жататындар психикалық аурулардың қатарына
жатпайтын, бірақ адам психикасының бұзылуына әсер ететін әр түрлі аурулар
жатады. Бұған әр түрлі жұқпалы аурудың әсерінен адамның сандырақ күйге
түсуі, ауыр жарақаттан пайда болған ми ісігі немесе нашақорлық аштығынан
болған жарақаттар жатады.
Психикалық аурудың, тіптен созылмалы психикалық аурудың болуының өзі
қылмыстық заңда көзделген әрекетті жасаған адамның есі дұрыс еместігі
туралы мәселені шешпейді. Психикалық аурудың қарқыны әр түрлі болады, кейде
ол адамды өз іс-әрекетінің мазмұнын ұғына алмайтын және оған ие бола
алмайтын жағдайға дейін жеткізеді. Сондықтанда медициналық критерий есі
дұрыс еместіктің заңдық (психикалық) критерийімен толықтырылады.
Медициналық критерий (аталған белгілердің біреуі болған жағдайда) заңдық
критерийлермен үйлескенде ғана есі дұрыс еместік болады. Критерийлердің
біреуінің (медициналық немесе заңдық) болмауы адамды есі дұрыс емес деп
тануды болдырмайды[5].
Заңдық (психологиялық) белгі адамның өзінің істеген әрекетіне есеп
бере алмауынан (интеллектуалдық кезеңнен) немесе өзінің әрекетін басқара
алмауынан (еріктілік кезеңнен) тұрады.
Интеллектуалдық кезеңнің мазмұнына адамның өзінің істеген іс-
әрекетінің шын мәніндегі жағдайын түсінбейтінін, оның қоғамға қауіпті мәнін
яғн, қоғам, басқалар үшін өз мінез-құлқының зияндылығын сезбейтінін
көрсетеді. Ақыл-ойдың бұзылуы еріктің бұзчылуына себепкер болып, адамның
өзінің іс-әрекетін басқара алмайды. Кейде адам өзінің әрекетінің мәнін
түсінгенмен, аурулық жағдайына байланысты өзін басқара алмайтын кезеңдер де
болады. Мысалы, наркотикалық аштық жағдайындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс құрамының ұғымы
Қылмыс құрамының ұғымы және оның маңызы
Қылмыс заты
Қылмыс құрамы және қылмыс субъектісі
Қылмыс құрамы, қылмыс құрамының белгілері
Қылмыс құрамы туралы
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қылмыс субъектісінің ұғымы мен белгілері
Арнаулы субъектілердің қылмысқа қатысуы
Қылмыстың арнаулы субъектісінің белгілері
Пәндер