Көмір өнеркәсібі


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Кіріспе.
  2. Негізгі бөлім.
  • КСРО кезіндегі көмір өнеркәсібі.
  • Қазақстандағы жалпы көмір өнеркәсібі.
  • Қарағанды көмір алабы.
  • Екібастұз көмір алабы.
  1. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Отын - энергетика кешені - күрделі салааралық отын мен энергия (электр энергиясы мен жылу) өндіру, оларды тасымалдау, энергияны тарату және пайдалану жүйесі. Оның құрамына халық шаруашылығының барлық салаларымен тығыз байланысты отын өнеркәсібі (мұнай, газ және көмір) мен электр энергетикасы енеді.

Отын өнеркәсібі электр энергиясын өндіру үшін электр энергетикасын отынмен қамтамасыз етеді. Республика энергияны неғұрлым көп өндіріп, пайдаланса, ол соғұрлым өнімді көп шығарады да, оның экономикалық даму деңгейі соншама жоғары көтеріледі.

Қазақстан халық шаруашылығы негізінен өз энергетика қорына сүйенеді. Барлық салалар үшін отын қорының негізгі көздері - көмір, мұнай, газ, тақтатас. Көмір республика энергетикасының негізгі қоры. Ол фабрика, зауыт, электр станциялары, көлік, металлургияда пайданылады. Қазіргі кездегі өнеркәсіпте көмір - химия өнеркәсібі үшін маңызды шикізат. Кокстелетін көмірден металлургия үшін қажет кокс алған кезде азот тыңайтқыштарын, пластмасса, синтетикалық талшықтар, каучук, бояулар өндіруге жұмсалатын түрлі газдар мен қарамай қоса бөлінеді.

Еліміз энергияны неғұрлым көп өндіріп, көп пайдаланса, ол өнімді соғұрлым мол шығарады, оның экономикалық даму деңгейі соғұрлым жоғары болады.

Қазақстан өзінің меншікті табиғи қоларымен өзін-өзі отын - энергетикалық заттармен толық қамтамасыз ете отырып, сонымен қатар республикадан тыс жерлерге отындарды және электр энергиясын тасымалдауға мүмкіншілігі бар. Республикада отын - энергетикалық қорларды шығару оны пайдаланудан 15, 6% - ке артық, қазып алынатын көмірдің 42% - і республикадан тыс жерлерге тасымалданады, бүл оны ішкі пайдаланудан 1, 5 есе көп. Мұндай шығару оны пайдаланудан 1, 4 есе мол. Республика көмір, мұнай, газ, су ресурстары, жанғыш тақта тас, ыстық су сияқты отын - энергетикалық қорларға ие. Отындар қазып алатын техника - экономикалық жағдайы тиімді жағынан сипатталынады. Екібастұз бассейні көмірінің экономикалық жоғарғы дәрежеде тиімділігі барлығымызға мәлім. Сондай - ақ Қазақстанның мұнай және газ кен орындарының тау - геологиялық және экономикалық көрсеткіштері бірегей.

Мұнай, газ және көмірдің жалпы қоры 13, 0 млрд. т. Мұнай эквиваленті шамасында немесе бір адам басына шаққанда - 722 т. мұнай эквивалентіне тең. Бүл көрсеткіш бойынша Қазақстан дүние жүзіндегі мемлекеттердің алғашқы ондығына енеді.

Бірақ та айта кететін жәй, отын - энергетикалық қорлар республика территориясы бойынша біркелкі орналаспаған. Мысалы, пайдаланатын көмір кенінің 100% - і Орталық және Солтүстік - Шығыс Қазақстанда, шығарылған мұнай және газ Батыс Қазақстанда, ал су қорының 90% - інен астамы Шығыс және Оңтүстік - Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Осы себептер республиканың жеке аймақтарын отын - энергиямен қамтамасыз етуге әсерін тигізеді.

Отын ресурстары әзірге халық шаруашылығының барлық саласы үшін энергияның негізгі көзі болып отыр. Бірақ адамзат Жердің ішкі жылуының, Күннің және әсіресе атом энергиясын жедел, болашақта термоядролық энергияны өндіріске пайдалана бастайды.

КСРО кезіндегі көмір өнеркәсібі.

КСРО - да көмір қоры өте әркелкі орналасқан. Оның 90% - ға жуығы Сібір мен Қиыр Шығыстың жеткілікті игерілмеген аудандарына келеді.

Көмір өндірудегі неғұрлым өнімді және арзан әдіс - карьерлерде ашық өндіру әдісі. Мұндай әдісте бір жұмысшы көмірді орта есеппен жер астында өндіруге қарағанда 6 есе көп өдіреді. Мұның өзінде, карьер неғұрлым ірі болса, шығын соғұрлым аз болады. КСРО - да жылына 60 млн. тонна көмір өндіретін карьерлер (бұл Францияның барлық шахталары мен карьерлерінде өндірілетін көмірден көп) жобалануда.

Ашық әдіспен алуға болатын көмір еліміздің шығысында шоғырланған. Болашақта бұл әдіспен 80% көмір өндіріледі. Елдің батысында ашық әдіспен өндіру мүмкіндігі шектелген.

Көмірді жер астында өндіру қымбатқа түссе де, оны ұлғайту қолайлы, өйткені жоғары сапалы кокстелген көмір өте қажет, металлургия мен химия өнеркәсібінің дамуына байланысты бұған мұқтаждық артып отыр. Үнемді гидравликалық әдіс барған сайын зор маңыз алып отыр.

КСРО халық шаруашылығының негізгі көмір базаларына - Донецк, Кузнцк, Қарағанды, Печора, Екібастұз бен Канск - Ачинск кіреді. Бұлар көмірмен төңірегіндегі территорияны ғана емес, сонымен бірге еліміздің шалғайдағы бөліктерін де жабдықтайды.

80 - жылдарда көмірді ашық әдіспен өндіру көбіне Екібастұз және Канск - Ачинск бассейндерінде озық қарқынмен дамитын болды.

Көмір базалары арасында Донецк бассейні жетекші роль атқарады. Ол маңызды өнеркәсіп орталықтарына жақын орналасқан, олармен қолайлы транспорт арқылы байланысып отырады. Сондықтан көмірдің тереңде жатуына, қабаттардың жұқалығына және осыған байланысты өзіндік құнының көтеріңкілігіне қарамастан, иұнда көмір өндіру арта түсуде. Донбасс болашақта да еліміздің европалық территориясындағы негізгі база болып қала береді.

Кузнецк - дүние жүзіндегі ең ірі бассейндердің бірі, жоғары сапалы көмір қаьаты қалың. Оның негізгі тұтынушылары - Урал мен Сібір. Болашақта бұл бассейнде әсіресе ашыш әдіспен көмір өндіру арта түспек.

Печора бассейніндегі кен орны жеткіліксіз барланған. Мұнда кокстелетін бағалы көмір кендері бар, шығынның көп болатынына қарамастан, оны Европалық Солтүстік пен Орталық Россияның мұқтажын өтеу үшін өндіру орынды.

Қарағанды бассейнінің көмірі көбінесе кокстелетін көмір. Бұл көмір Қазақстанда, Урал мен Орта Азияда тұтынылады.

Канск - Ачинскінің қоңыр көмір және Екібастұздың тас көмір бассейндерінде жердің үстіңгі қабатында жатқан көмірдің ең қалың қабатын (80 -100 м) ашық өндіру әрі КПСС XXVII съезінің шешімдері бойынша оның негізінде энергетикалық комплекстер дамытылуда.

Зерттелген және өндіруге әзірленген пайдалы қазбалар қоры өеркәсіптік қор деп аталады. КСРО - дағы 6, 8 трлн. тонна көмірдің тек 3% - і ғана өнеркәсіптік қорға жатады.

Тунгус және Лена бассейндерінде көмірдің қоры едәуір.

Көмір өнеркәсібінде табиғатты қорғау мақсатымен қалпына келтіру немесе бұрынғы карьерлердің орнындағы жерді рекультивациялау, шахта маңындағы бос жыныстардың үйіндісіне өсімдік егу жұмыстары жүргізілуде, көмірді құбырлармен тасымалдай бастауда.

Қазақстандағы көмір өнеркәсібі.

Қарағанды тас көмір алабы - республиканың басты отын базасы. Ол Қазақстанның орталық бөлігінде, Қарағанды қаласының маңына орналасқан. Мұнда кокстелетін және аса қуатты энергетикалық көмір, негізінен, шахталық әдіспен өндіріледі. Көмір қабаттарының қалыңдығы 1, 5 - 15 м аралығында ауытқып отырады, орналасу тереңдігі 300 м - ге дейін жетеді. Қазақстанның, Оңтүстік Оралдың, Орта Азияның және ішінара Еділ бойының көптеген өнеркәсіп орталықтары Қарағанды көмірінің негізгі тұтынушылары болып табылады. Келешекте басқа елдерге де шығарылуы мүмкін.

Қазақстанда көмір өнеркәсібінің тууы 19 ғ. ортасына жатады, 1855 ж. - Қарағанды, 1869 ж. - Ленгір, 1895 ж. - Екібастұз көмір кен орындары іске қосыла бастады. Шағын рудниктер мен заводтар және жергілікті халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өлкеде кіші - гірім көмір кен орындары да пайдалаылады.

Әлемдік көмір институттарының мәліметтері бойынша барлық органикалық пайдалы қазбалардың ішінде энергетикалық потенциалдың 90% - ы көмірге келеді екен. Қазақстандағы жалпы көмір қоры 35, 8 млрд. т., ол әлемдік қордың 3, 6% - ын құрайды, ал Қазақстанның көмір шығару бойынша әлемдегі үлесі 3, 7% құрайды.

Жалпы ТМД елдері бойынша Қазақстан пайдалы қазбалардың қоры бойынша үшінші орында, ал жан басына шаққандағы көмір шығару үлесі бойынша бірінші орында тұр. Орталық (Қарағанды) және Солтүстік - Шығыс (Павлодар) аймақтарында көмірдің 96, 2% бөлігі шығарылады. 2003 жылы Қазақстанның көмір экспортында 25, 7 млн. т. көмір 168, 9 млн. АҚШ долларына шығарылды. Бұл жалпы республика экспортының 1, 8% көлемін құрады.

Қазақстанда көмір шығару көлемі.

Көрсеткіштер
1970
1975
1980
1985
1990
1995
2000
2003
Көрсеткіштер: Шығарылған көмір млн. т.
1970: 61, 6
1975: 92, 4
1980: 115, 4
1985: 131, 0
1990: 131, 0
1995: 83, 0
2000: 74, 9
2003: 93, 0
Көрсеткіштер: Өсу қарқыны
1970: 1
1975: 1, 5
1980: 1, 9
1985: 2, 1
1990: 2, 1
1995: 1, 3
2000: 1, 2
2003: 1, 5

1990 жылдан бастап Семейдің оңтүстік - батысына қарай 110 шақырым жерде «Юбелейное» көмір кен орны игеріле бастады. Ол жерде көмірді ашық әдіспен өндіреді. Юбилейный көмірдің күлінің үлесі 20, 4%, калориийлығы 4438ккал/кг.

Жоспар және болжам жасайтын институттардың есептеулері бойынша 2010 жылға дейін Екібастұз көмірінің көлемін 63 млн. тоннаға дейін жеткізуге болады, Майкөбен көмірдің көлемін 6 млн. тоннаға, Шұбаркөл көмірінің көлемін 7 млн. тоннаға, Борлин көмірінің көлемін 6 млн. тоннаға, ал Юбилейный көмірінің көлемін 5 млн. тоннаға дейін жеткізуге болады.

Сонымен қатар соңғы кезде республиканың кейбір облыстарында қазіргі экономикалық қиыншылықтарға байланысты жергілікті мұқтаждықтарды өтеу мақсаты мен шағын көмір кен орындары да іске қосыла бастады. Олар негізінен өз маңындағы тұтынушылар үшін түрмысқа қажетті отын өндіреді.

Перспективті көмір көздерінің қатарына Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл, Кендырлык алаптары, Батыстағы Мамыт көмір кені, оңтүстік - шығыстағы Ойқарағай көмір кені, оңтүстіктегі Құлан - Кетпескөл, Ленгер көмір кендері және де Қостанайдағы Приозерное көмір кені кіреді.

Алакөл көмір кен орны Алакөл өзенінен 15 шақырым жерде, Актоғай - Дружба темір жолының жанында орналасқан. Бұл жерде жыл сайын көмірдің көлемін 300 мың тоннаға дейін жеткізуге болады.

Кендырлык көмір кен орны Зайсан қаласынан 50 - 65 шақырым жерде орналасқан. Бұнда да көмірдің көлемін 300 мың тоннаға дейін жеткізуге болады.

Алматы облысындағы Райымбек ауданындағы Ойқарағай көмір кен орнында көмір көлемін 500 мың тоннаға дейін жеткізуге болады. Батыстағы Мамыт көмір кені қатты отын шикізатының негізгі қайнар көзі болып табылады. Ол барлық Батыс Қазақстандағы көмір қорының 70% - ын құрайды. Ондағы көмірдің көлемін 300 мың тоннаға дейін жеткізуге болады.

Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданында орналасқан Қүлан -
Кетпес кен орнында көмір көлемінің жылдық мөлшерін 500 мың тоннаға дейін жеткізуге болады.

Ақмола облысында Тенгіз - Қоржынкөл бассейінің 4 көзі орналасқан. Бұл бассейінің Сарыадыр көмір кен орнында көмір көлемінің жылдық мөлшерін 1 млн. тоннаға дейін жеткізуге болады.

Қостанай облысындағы аса мол темір кендерін игеруге байланысты Қарағанды көмір алабының маңызы арта түсті. Теміртау металлургия комбинтына келіп жатқан Қостанай темір кені концентраттары Қарағанды алабында көмір өндіру көлемін ұлғайтуға әсерін тигізуде.

Қостанай облысының шығыс жағында Обаған бассейнінде ірі көмір қоры барланған, оның геологиялық қоры 50 млрд. т. астам. Бірақ та бассейінде бірнеше су іріккіш көлденең қабаттардың болуына байланысты, оны пайдаланудың гидрогеологиялық күрделіліген сипаттайды. Ал бір жағынан кен орны көмірді ашық тәсілмен қазып алуға мүмкіншілік береді, екіншіден бассейін оңтүстік - сібір темір жолына және өнеркәсібі Оралға жақын орналасқан. Бұл болса Обаған көмірін Ресейге жіберуге тиімді жағдай туғызады. Басқа бір ой бойынша, Обаған бассейнінде бірнеше көмір тұғырларын салуға, солардың негізінде ірі ГРЭС - терді іске қосуға болады.

Болашақта Қазақстанның көмір өнеркәсібі одан әрі дамытылады. Қарағанды көмір алабының бірқатар шахталарын қайта құрып, техникамен қайта жарақтандырумен қатар, таяуда Екібастұздан оңтүстік - шығысқа қарай орналасқан Майкүбі қоңыр көмір кен орны және Торғай қоңыр көмір алабындағы «Приозерный» көмір орны игеріле бастады.

Қарағанды көмір алабы.

Халық шаруашылығын индустрияландыруға байланысты Қазақстанда көмір өнеркәсібі 30 - шы жылдары Қарағанды бассейнін қарқынды игеру негізінде кеңінен дамыды. Бұл көмір кен орнының КСРО - ның ірі көмір базасына айналуына себеп болған оның ұтымды географиялық орналасуы, көмірдің мол көзі және оның кокс өндіруге жарамдылығы.

Қарағанды көмір бассейінің маңызының өсуіне себеп: біріншіден, оған жақын жерде мол темір, марганец және жер рудаларының көздері ашылуы, сөйтіп металургия, тау - химия және өнеркәсіптің басқа салаларының дамуына қолайлы жағдай тууы; екіншіден, Қарағандының оның өнімін пайдаланатын Оралға, Еділ бойына және Орта Азияға жақын орналасуы.

1995 жылдың өзінде Қарағанды облысында 24 көмір шахтасы игерілді, бірақ та оның көбі тек шығындарды ғана әкелді. Сондықтан да осы шахталардың жартысынан көбі жабылып тасталды.

Көмірдің геологиялық қоры 51 млрд. т. деп бағаланады және ол 3000 шаршы км тығыз қабатта жатыр. Қарағанды көмір қорының 40% - і кокс шығаруға жарамды. Көмірдің құрамында күкірттің және фосфордың аздығы сапалы кокс өндіруге мүмкіншілік береді, ал бұл болса азкүкіртті және азфосфорлы шойын өндіруге өте маңызды.

Жылу электр станциялары (ЖЭС) үшін калориялылығы төмен, күлі көп қоңыр көмір пайдаланылады. Оны негізінен ашық әдіспен Қарағанды және игерілуде.

Қарағанды көмір алабы - республикадағы ең ірі көмір кен орны. Қазақстанда өндірілетін көмірдің 45% - ін осы Қарағанды алабы береді. Бұл жердегі көмірдің геологиялық қоры 51 млрд. тонна деп есептелген.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Донбасс уақытша жау қолында қалған кезде Қарағанды Кеңес Одағының өнеркәсіп орындары мен көлігін көмірмен қамтамасыз ететін негізгі кен орындарының бірі болды.

Мысал. Қарағанды алабының көмірі аз ғана жерде (300 км) шоғырлана, қалың қабат түзе орналасқан. Көмір сапасы жоғары, өйткені оның құрамында күкірт пен фосфор аз. Бұл сапалы шойын балқыту үшін қажетті жоғары сапалы кокс алуға мүмкіндік береді. Соғыстан кейінгі жылдары Қарағанды алабының маңайында Саран, Шахан, Тентек, Топар, Абай сияқты көмір өндіретін жаңа аудандар пайда болды.

Екібастұз көмір алабы.

Маңызы жағынан Екібастұз қоңыр көмір алабы екінші орын алады. Ол республика бойынша өндірілетін көмірдің жартысына жуығын береді. Ол республиканың солтүстік - шығысында, Павлодар қаласына таяу орналасқан. Бұл аса қуатты энергетикалық көмірдің бірегей кен орны, ондағы көмір қабатының қалыңдығы 100 метрге дейін жетеді және одан да асады әрі жер бетіне өте жақын орналасқан. Мұнда көмірді аумақты карьерлерде тек қана ашық әдіспен қазып алады. Сондықтан бұл көмірдің өзіндік құны төмен - Қарағанды алабындағы көмірдің өзіндік құнынан үш есе кем болады. Мұнда қазір жылына 50 млн. тонна көмір өндірілетін, әлемдегі ең ірі «Богатырь» көмір орны жұмыс істеп тұр. «Северный» және «Восточный» көмір кен орындарында да көмір өндіру арта түсуде.

Екібастұз көмірі арзан энергетикалық отын болғандықтан, Солтүстік Қазақстанның, көршілес жатқан Батыс Сібір мен Оралдың жиырмаға жуық электр станцияларында кеңінен пайдаланылады. Екібастұз республикадағы ең арзан көмірді шығарады. 380-450тг/т. Бірақ оның 42-44% - ы күл. Алайда күлі көп болғандықтан, Екібастұз көмірін алысқа тасу тиімсіз Сондықтан энергетиктер оны көбінесе жергілікті қажеттілікке пайдалануға тырысады. Қазір мұнда №1 мемлекеттік аудандық электр станциясы және №2 мемлекеттік аудандық электр станциясының бірінші кезегі жүмыс істеуде. Олардың әрқайсысының қуаты 4 млн. кВт - қа жетеді. Мұнда өндірген электр энергиясы республиканың өзінде пайдаланылады және одан әрі Ресей Федерациясының Еуропалық бөлігінің орталығына жеткізіледі.

1925 жылдар кезінде бұл отын энергетикалық аудан тоқтатылып қойылды, себебі КСРО алдында ол кезде басқа мәселелер тұрған, тек 1954 ж. Екібастұз бассейні іске қосылды. Көмір қабатының қалыңдылығының 160 - 180 м. жетуі, ал ұтымды тау - геологиялық жағдай кенді ашық тәсілмен қазуға мүмкіншілік беруі бұл бассейннің бірегейлігін дәлелдейді.

Қазақстанда көмір өнеркәсібінің дамуына байланысты мәселелерді шешу кезінде екі күрделі байланысты екі технологиялық және экономиялық тиімділігін ескеру қажет. Біріншісі, көмірдің әр түрлі қасиетінің сапалылық сипаты оларды халық шаруашылығында пайдаланудың ерекшелігін ескеруді қажет етеді; екіншісі, көмір өнеркәсібінің экономикалық тиімділігінің деңгейін көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптің құрылымы күрделі
Химия өнеркәсібі туралы
Дүние жүзінің отын - энергетика кешеніне сипаттама
Әлемдік мұнай әлемдік үлесі өндірісіндегі үлесі
Көмір республика энергетикасының негізгі қоры
Орталық Қазақстанның табиғат жағдайы
Қиылысудың геометриялық мінездемеси
ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі және дамуы
Халық шаруашылығы салаларының қоршаған ортаға тигізетін әсері
Өнеркәсіп пен көлікті қалпына келтіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz