Құқық және заң аналогиясы



Кіріспе
1. Құқық және заң.
а) құқықтық нормалар
ә) құқықтың қызметтері мен құқықтың элементтері
б) заң туралы түсінік
в) заңның белгілері, нысандары
Қорытынды
2. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Құқықтың заңды типологиясы, оның түсінігі мемлекет және құқық теориясының аса күрделі категорияларына жатады. Құқықтың заңды типологиясының ерекшеліктері қоғамның экономикалық формациясының сипатымен, мазмұнымен анықталады. Заңды типология қоғаммен бірге үзіліссіз объективтік даму процесінде болады. Бұл процесте қоғамның мазмұны өзгерсе, соған сәйкес құқықтың заңды типологиясы да өзгереді. Құқықтың түрлерін анықтау, типке жіктеу оның тарихи даму процесін дұрыс түсіну үшін қажет.
Қазіргі заманда құқықтың мазмұнын анықтап, түрге жіктеудің екі жолы бар: формациялық және цивилизациялық. Кеңестік дәуірде елімізде формациялық бағытты қолданып, құқық пен мемлекеттің типологиясын марксистік теорияның пікіріне сәйкес түсініп келдік. Бұл теорияның пікірі бойынша құқық пен мемлекеттің мазмұны, нысаны, түрі қоғамның экономикалық базисына байланысты. Қоғамның диалектикалық даму процесінің әр формациясында әр түрлі экономикалық базис болады. Соған сәйкес мемлекет пен құқықтың мазмұны да өзгеріп отырады – деп түсіндіреді марксизм. Құқықтың заңды типологиясы қоғамның экономикалық материалдық базисына сәйкес нормативтік актілердің таптық мазмұнын анықтап, олардың атқаратын қызметтерінің бағытын белгілеу.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Қазақстан Республикасының меншік құқығы.
3. «Мұрагерлік құқық негіздері » Әбдікәрім Ерәли
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30 тамыз 1995 ж.
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі жалпы бөлім,
151-155,378-397 баптар,
6. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі ерекше бөлім
688-707,803-841 баптар,
7. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалған
мәмлелерді тіркеу туралы ҚР-ның заңы,1995ж. 5 шілде,
8. Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы ҚР-ның заңы
маусымның 4-і 1992ж.,

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Құқық және заң аналогиясы

Жоспар:

Кіріспе

1. Құқық және заң.

а) құқықтық нормалар

ә) құқықтың қызметтері мен құқықтың элементтері

б) заң туралы түсінік

в) заңның белгілері, нысандары
Қорытынды
2. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе

Құқықтың заңды типологиясы, оның түсінігі мемлекет және құқық
теориясының аса күрделі категорияларына жатады. Құқықтың заңды
типологиясының ерекшеліктері қоғамның экономикалық формациясының сипатымен,
мазмұнымен анықталады. Заңды типология қоғаммен бірге үзіліссіз объективтік
даму процесінде болады. Бұл процесте қоғамның мазмұны өзгерсе, соған сәйкес
құқықтың заңды типологиясы да өзгереді. Құқықтың түрлерін анықтау, типке
жіктеу оның тарихи даму процесін дұрыс түсіну үшін қажет.
Қазіргі заманда құқықтың мазмұнын анықтап, түрге жіктеудің екі жолы
бар: формациялық және цивилизациялық. Кеңестік дәуірде елімізде формациялық
бағытты қолданып, құқық пен мемлекеттің типологиясын марксистік теорияның
пікіріне сәйкес түсініп келдік. Бұл теорияның пікірі бойынша құқық пен
мемлекеттің мазмұны, нысаны, түрі қоғамның экономикалық базисына
байланысты. Қоғамның диалектикалық даму процесінің әр формациясында әр
түрлі экономикалық базис болады. Соған сәйкес мемлекет пен құқықтың мазмұны
да өзгеріп отырады – деп түсіндіреді марксизм. Құқықтың заңды типологиясы
қоғамның экономикалық материалдық базисына сәйкес нормативтік актілердің
таптық мазмұнын анықтап, олардың атқаратын қызметтерінің бағытын белгілеу.

Құқық және заң.

Құқық дегеніміз – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын,
жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелердің жиынтығы.

Құқық терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында күнделікті өмірде
және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір
адамның құқықтың мәні туралы қандай да пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
Заң ғылымында құқық термині бірнеше мағыныда қолданылады. Біріншіден
құқық ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене
отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы,
білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды
тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері бар. Осы келтірілген жағдайларда
құқық түсінігі субъективтік мағынада қолданылады.
Субъективтік құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен
құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берілген құқықтық мүмкіндіктері.
Екіншіден, құқық – құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы.

Норма дегеніміз – бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормалардың
қоғамда қалыптасқан екі түрі бар:
1) Әлеуметтік нормалар
2) Техникалық нормалар
Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отыратын
негізгі құрал әлеуметтік нормалар. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-
әрекетінің, мінезінің тәртібінің қоғамдық ережесі болғандықтан қоғамды
басқарудың, қатынастардың құрамына айналады.
Бұл нормалардың негізгі түрлері:
• құқық нормасы
• моральдық нормалар: жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік-
әділетсіздік, достық-қастық, инабаттық, парасаттылық, адамгершілік,
т.б. қасиеттері.
• саяси нормалар
• эстетикалық нормалар
• қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже қағидалары
• әдет-ғұрып нормалары
• салт-дәстүр нормалары
• діни, имандылық, инабаттылық нормалары
Техникалық нормалар – адамдардың табиғатпен, техникамен дұрыс қатынас,
байланыс жүргізу ережелері. Қазіргі заманда ғылыми-техникалық прогресс
уақытында техникалық нормалардың маңызы өте зор. Табиғатпен байланысты
қоғамның барлық салаларында техникасыз өмір жоқ. Сондықтан адамдардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің алдындағы кезек күттірмейтін
мәселелердің ең күрделісі.
Құқық мазмұнының негізгі элеметтері:
• қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
• қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
• қоғамның дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік,
мәдениеттік, т.б. бағытын дамытып, нығайту;
• мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзіретін, ара-
қатынасын реттеп, басқару;

Құқықтың екі түрлі түсінігі болады: біріншісі – құқықтың объективтік
түсінігі қоғамның объективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;
екіншісі – құқықтың субъективтік түсінігі объективтік қалыптасқан
қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап
бекіту.
Құқықтың негізгі функциялары: реттеу және қорғау.
Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық
қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.
Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-
қатынысқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.
Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетте, мемлекет
қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы.
Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы
дамуына үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының тәртібінің
шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп басқарып
отырады.
Құқықтық нормалардың белгілері:
1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды
күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады,
өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары
толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субъектілер өз
еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек.
3. Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.
4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет
қамтамасыз етеді.
5. Құқықтық норма адамдардың , қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде
жұмыс істейді.
Сонымен, құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары
мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен
қамтамасыз етілетін ереже-қағида.
Құқықтың норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен
міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көпжақты мәмілелер мен
шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі.
Диспозицияның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық нормаларын іc жүзіне асыру
Мемлекет пен құқық теория негізі
Құқықтық қатынастардың түрлері
Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі
Құқықты қолдану. Құқық нормаларын талқылау
Құқықтық норманың құрылымы
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫ
Құқық нормаларын пайдалану
Қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсету
ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ - ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ АУЫР НЫСАНЫ
Пәндер