Қазақстандағы сейсмикалық қауіп-қатерлер және сейсмологиялық қызметті нығайту қажеттігі


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Табиғи зілзалалар

Қазiр тұтастай планетаны сейсмикалық қатер ауқымында деуге болады. Биыл ғана Гаитиде алапат жерсiлкiнiсi болып, жүздеген мың адам қырылды, үй-күйiнен айырылды. Iле-шала ондай апат Чилиде, Ауғанстанда, Пәкiстанда, Испанияда, Индонезияда қайталанды. Жерсiлкiнiсiнiң Еуразия құрлығында да көрiнiс табуы көңiлге бiршама алаң енгiзiп отыр. Грузиядағы 5 баллдық, ал көршi Қытайдағы 7 баллдық сiлкiнiстiң қазақстандықтар көңiлiн күптi етуi де заңды.
Ақиқатында қазақ елi ықтимал табиғи құбылысқа қаншалықты әзiр? Елдегi сейсмикалық ахуал қандай дәрежеде?
Алдымен сейсмикалық қауiп-қатерi басым Алматының таулы аймағындағы соңғы кезеңнiң, заңғар құбылыстарын айтуымыз керек. Осы мәселеге байланысты ел президентi Н. Назарбаевтың Алатау баурайында алты қабаттан биiк үй тұрғызбау туралы нұсқауы да бар. Алайда алматылық байлар оны да қаперiне алар емес. Алатау баурайы толған алып ғимарат, хан сарайы. Техникалық қауiпсiздiктi сақтап жатқан да ешкiм жоқ сияқты. Ықтимал жерсiлкiнiсi жағдайында негiзiнен шыны мен тастан салынған сол ғимараттардың не болары да белгiсiз.
Жалпы Алматы аймағына жерсiлкiнiсi екiбастан таңсық емес. Атап айтқанда, 1887 жылы Шелекте, ал 1911 жылы Каменка елдi мекенiнде жойқын жерсiлкiнiсi болып, қала тұтас дерлiк қирап қалды. Әсiресе, 1911 жылғы жерсiлкiнiсi орасан қатты болып, оның жаңғырығы iргелес Омбы, Томск қалаларына дейiн жеткен.
Алматы түбiнде 1911 жылға дейiн ортақ бiр тау болып, жерсiлкiнiсiнiң салдарынан екiге айырылған жасанды қос төбенi мамандар жиi ауызға алады. Яғни бүгiнгi шыны мен темiр каркастан салынған қауiпсiздiгi күмәндi биiк ғимараттарды айтпағанда, табиғи катаклизм тау екеш таудың өзiн де қақ айырады екен!
"Медеу" сейсмостансасын екiнiң бiрi бiледi. Әрi ол кеңестiк кезде құпия болды, күзетiлдi. Сол замандағы ең жаңа қондырғылармен жарақтандырылды. Қазiр станса ешкiмге қажет емес болып қалды, - деп ренжидi сейсмологтар. Оның қазiргi технологиясы 60-70 жылдардың деңгейiнде. Сейсмолог Нұрлан Омаров: "Бiзде ескi сейсмологиялық карталар мен көне компьютерден басқа ештеме жоқ" дейдi. Сондай-ақ сезiмтал құралдар қасқалдақтың қанынан қат. Осының бәрi аймақтың аса белсендi сеисмикалық жағдайына тап келiп отыр.
Алматы сеисмологтары талай уақыттан берi қолда барға қанағат етуге мәжбүр болып келедi. Қолда бар техникалық база әбден ескiрген. Бүгiнгi қаржы дағдарысы отандық сеисмологияға да тiкелей әсер етуде. Мемлекеттiк қаржыландыру миллиондаған теңгеге қысқарды.
Экологиялық ғылыми зерттеу институтының қызметкерi Мұхтар Хайдаров: "2004 жылдан бастап жердiң статикалық қысымының күшейгенi рас. Ал сол жеке дара қысымдардың қосылуының аса қатерлi болуы мүмкiн" деген болжам айтады.
Алайда, мамандардың екiншi бiр тобы ықтимал зардапты жерсiлкiнуiн жоққа да шығарады. "Алматыда қатты жерсiлкiнiсi бола ма, жоқ па?" деген даулы сауал төңiрегiнде сейсмолог ғалымдар арасындағы пiкiр де екi жарылып отыр. Оған да еш таңқалуға болмайды. Себебi қазiргi Алматы сейсмология ұйымы бұрынғыдай бiртұтас мекеме емес, бiрнеше жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке бөлiнiп кеткен. Бiртектi көзқарас, ортақ пiкiр жоқ. Сондай-ақ бiр-бiрiн мақсатты түрде сынау тенденциясы да байқалады. Бүгiнде бұрынғы сейсмология институтының бiр бөлiгi - Бiлiм министрiне, екiншiсi - Төтенше жағдайлар министрлiгiне қарайды. Ал сейсмология - тұтас ғылым есебiнде физиканы, геофизиканы, астрономияны, тағы да басқа нақты ғылымдарды бiрiктiруге тиiс. Дәл қазiр "осы бiр ортақ механизмге iркiлiс түскен", - дейдi мамандар.
Аспанннан бақыласаңыз Алатау аңғарынан темiр мен шыныдан, жасалған биiк ғимараттарды жиi байқайсыз.
Өз заманында астанадағы ең биiк ғимарат болған 25 қабатты "Қазақстан" қонақ үйiнiң сейсмикалық тұрақтылығының қандай тәсiлмен сыналғанын ел тегiс бiледi. Түрлi иректi бiлiктердi монтаждау арқылы жасалған қондырғының сондағы дiрiлi қала тұрғындарының әлi есiнде. Ал қазiргi шыны ғимараттар табиғи катаклизмды қойып, сондай сынақтарға шыдай алар ма екен?
Сонда әлсiз, жерсiлкiнiсiне қатерлi ғимараттарды кiмдер салады? Әлбетте, қалталы азаматтар. Мамандар олардың ешқандай технологиялық талаптарды орындамайтынын, ғимараттарын тиiстi талапқа сай арматураламайтынын айтады. Ал сенiмсiз ғимараттардың мердiгер құрылысшылары негiзiнен аса дамымаған елдердiң инженерлерi мен құрылысшылары. Оларда құрылысты тез аяқтап, ақшасын алып кеткеннен басқа мүдде де жоқ. Алда-жалда апатты оқиғалар болса, оның өтеуiн кiмнен сұрамақпыз? Тәжiкстан мен Қырғызстаннан келген арзан жұмысшылардан ба?
"Арматуралар мен темiр бетон құрылымдардың сапасын тексерiп алып, қабылдау керек. Әрине ондай жағдайда соңғы кезеңнiң көптеген құрылыстарының қабылдау комиссиясынан өтпейтiнi де белгiлi. Қазақстан Жапония емес, күмәндi биiк ғимараттарды самсатып сала берудiң орнына, елдегi жердiң үлкендiгiн пайдалану керек" дейдi сейсмолог Әнуар Таубаев.
Қазiр Алматыда үйлердi жардың қабағына, өзен-көлдерге ұмсындыра салу сәнге айналған. Экологтар қанша тыйым салса да, болар емес. Алдыңғы жылы Көктөбеде топырақ көшiп, апатты жағдайдың қалыптасқаны да белгiлi. "Қазiргi Алматыда бiр-бiрiне тiркестiре салынған үйлер көп. Жерсiлкiнiсi, өрт қауiпсiздiгi сақталмаған. Сондықтан тұтас кварталдардың құрылысына дейiн бақылауда болуға тиiс

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласының сейсмикалық белсенділігі: қауіп-қатерді бағалау, мониторинг және жер сілкінісін болжау технологиялары
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері және антропогендік қауіп-қатерлер
Алматы облысының сейсмикалық қауіпті зоналарын аудандастыру: физика-географиялық, неотектоникалық және сейсмологиялық бағалау
Ақпараттық қауіпсіздік: саясат, қауіп-қатерлер және қорғаныс технологиялары
Мектептегі қауіпсіздік: қауіп-қатерлер, ережелер және жарақаттануды алдын алу шаралары
Экономикалық қауіпсіздік және әлеуметтік қауіп-қатерлер: кедейшілік пен жұмыссыздық
Банктік карталардың қауіпсіздігі: операциялардағы қауіп-қатерлер мен қорғаныс шаралары
Жаһандану процесі және оның Қазақстанға ықпалы: артықшылықтар, қауіп-қатерлер және қоғамдық бағалау
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері: қауіп-қатерлер, экология және төтенше жағдайларды басқару
Қазақстан Республикасының ішкі ұлттық қауіпсіздігі: қауіп-қатерлер мен саясаттың тиімділігін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz