Шылым тарту зиянды әдет


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

І. Кіріспе: Шылым тарту зиянды әдет

ІІ. Негізгі бөлім:

а) Темекінің әйелдер мен балалар организміне тигізетін зияны

ә) Темекі және тыныс органдарының аурулары

б) Қатерден сақтану жолдары

ІІІ. Қорытынды: Темекі тартуға қарсы күрес

Кіріспе

Шылым шегу зиянды әдет

Темекі тарту - никотинизм немесе жалпы тұрмыстық наркомания деп аталады. Ол ел арасына кең тараған зиянды әдеттердің бірі. бұл күнде никотинизмге жүздеген, мыңдаған адамның ұшырағаны жасырын емес.

Папирос пен сигарет алғаш тартқанда жағымсыз болғанымен оған адам бірте-бірте құмарланып, дағдылана түседі. Темекі түтініне құштарлығы артады. Оны өзі де байқамайды. Осы айтылған жай темекіге үйрене бастаудың алғашқы белгілерінің бірі. Адам, әсіресе тамақ, шарап ішкеннен кейін, ұйқыдан тұрғаннан кейін, қайғы-қасіретке шалдыққанда (жағымсыз эмоция) немесе шаршап-шалдыққан кезінде шылым тартуға құмартады.

Шылым тартқан кезде темекінің әр түрлі зиянды қосындылары: никотин, күкіртсутегі, сірке, құмырсқа, синил, май қышқылдары, пиридин, оттегінің тотығы және басқа да химиялық заттар бөлініп өкпе тканьдары арқылы денеге тарайды.

Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда күніне салмағы 0, 5 грамм 20 папирос тартқан адам организміне 0, 09 г никотин, 0, 011 г пиридин енгізіп, 0, 0032 г аммиак, 0, 006 г синил қышқылын және 369 мл көмір тотығын сіңіреді екен. Солардың ішінде ең зияндысы никотин болып табылады. Никотиннің зиянды әсері күннен-күнге сатылап өсе бастайды.

Никотиннің зиянды әсер салдарынан дәм сезу органдары, ас қорытуға қажетті апараттар мерзімінен бұрын бүліне бастайды. Темекі түтініндегі никотиннің әсерінен тістің сыртқы эмалі сарғайып бүлінеді. Сөйтіп ол тіс жегісіне шалдығады. Шылым тарту сілекей бездерін де өзгертеді, сілекей көп бөлінетін болады. Сондай-ақ шылым шегушілр арасында стоматит, гингивит деп аталатын дерттер жиі кездеседі. Ал тілдегі, еріндегі, таңдайдағы жазылмайтын жалақтар темекі тартушыларға ғана тән аурулар.

Бұл аз болса шылым тартушылар арасында жүрек-қан тамырларының аурулары да жиі кездеседі. Никотиннің әсерінен қан атмырларының тұтқырлығы артып, олар дистрофиялық өзгерістерге ұшырайды, сөйтіп жүрек пен қолқа күре тамырларында артериосклероз дерті пайда болады.

Темекі тартпайтындармен салыстырғанда шылым шегушілердің тамыры минутына 15-16 рет жиі соғады. Тамырдың қатты соғуы жүректің жиі соғуына байланысты. Ал күш түспестен жүректің ұатты соғуы оны әлсірететіні, тоздыратыны даусыз. Жүрек бұлшық еттерінің жұмысының өзгеруіне байланысты тамыр соғуда аритмия, стенокардия сияқты дерттер пайда болады. Қан қысымы көтеріледі. Ал темекі тартуды қойғаннан кейін көп ұзамай қан қысымы төмендейді. Сондықтан гипертониямен ауыратын адамдардың темекіні қойғаны жөн.

Ғалымдар қан тамырларының тарылуы және қан қысымының көтерілуі темекі иіскеуден де, насыбай атудан да болатыны әлдеқашан дәлелдеген. Осыған байланысты ғалымдар темекі өндіретін комбинаттардың жұмысшыларын тексерген кезде ерекше жағдайды анықтады. Темекіні гильзаға салып дайындайтын цех жұмысшылардың қан қысымы, гильзаның құр өзін дайындайтын цех жұмысшыларының қан қысымынан анағұрлым жоғары болып шыққан. Бұдан да темекі иісінің организмге зиян екенін көруге қиын емес. Сондықтан темекі тартушылардың қан тамырларындағы өзгерістер «темекі склерозы» деген атақ алған.

0, 1 грамм таза никотин адамды тіл тартқызбай өлтіретін у. 1 грамм никотинді 20 папиростан жинап алуға болады. Ал темекі тартушылардың өлмейтіні неде? Өлмейтін себебі, никотиннің организмге біртіндеп жиналуына байланысты, дәрігерлердің тәжірибесінде он екі сағат ішінде он екі сигарет пен жиырма папиросты біртіндеп тартып өліп кеткен адам белгілі.

Ұзақ жылдар шылым тартқан адамдардың есепсіз көп темекі тартатыны белгілі. Мысалы, бір адам отыз жыл ішінде күніне орта есеппен 20 дана папиростан тартатын болса, онда 200 мың папирос, не болмаса 160 кг темекі тартады екен. Ал оның осы 10 пұт темекіден 800 грамм никотин жұтатыны белгілі. Түтінмен бірге жұтылған никотиннің уы адам өкпесі арқылы қанға сіңіп денені түгелдей уландырады. Никотиннің ми тамырларына тигізетін зиянына байланысты мидағы қан айналысы бұзылады, оның оттегімен басқа нәрлі заттармен қоректенуі нашарлайды. Адамның басы ауырады, айналады, еңбекке қабілеті төмендейді. Темекінің организмге тигізетін зардабы салдарынан адамның өмірі қысқарады. Бұған орыстыңбелгілі профессоры С. Боткиннің қайтыс олар алдында (57 жасында) - мен темекі тартпасам әлі де 10-15 жыл өмір сүрер едім, деген өкінішті сөзі дәлел болады.

Көптеген өкпе аурулардың сақтанудың басты жолы - темекі тартпау. Шама келгенше шылым тартпауға тырысу керек. Өкпенің негізгі дерттерінің бірі - созылмалы бронхит. Ол бронхылардың былжыр қабығының қабынуынан пайда болады. Асқына келе ауру өкпенің басқа қабаттарына да жайыла бастайды. Дерт көпке созылып, дүркін-дүркін қайталап, қозып отырады. Созылмалы бронхит, туберкулез, бронхоэктазия, рак және сондай-ақ жүрек, бүйрек аурулары салдарынан да пайда болады.

Темекінің әйелдер мен балалар организміне тигізетін зияны

Никотин әйелдердің тек нерв жүйелеріне ғана емес, сонымен бірге олардың ішкі секрециялық бездеріне де (қалқан, жыныс, ұйқы бездері) кеселді зардабын тигізеді.

Шылым тартатын әйелдердің етек кір циклы бұзылады, ол не жиі келеді, не тоқтап қалуы мүмкін. Темекі климакстык кезеңнің ерте келіп, әйелдің ерте қартаюына себепкер болады. Сондай-ақ никотин жатырдың бұлшық еттеріне зардабын тигізіп, әйелге бала тастады. Сондықтан жүкті әйелдердің шылым тартуына жол берілмеуі керек. Бұған қоса әйелдің қанына араласқан никотин баланың организміне де тарайды. Ал сонан соң никотин

босанған әйелдің емшек сүтіне араласып баланы уландырады. Тіпті нәресте сүттегі никотиннің дәмінен қашып емшек ембей қоюы да мүмкін.

Баланың дұрыс өсіп жетілуі үшін таза ауа, күн сәулесі, құнарлы тамақ керек. Бөлме ауасының темекі түтінімен ластануы нәресте үшін өте зиян. Мұны шылым тартатын ата-ана жақсы білуге тиіс. Шылым тартылған бөлмеде жас балалардың ұйқысы бұзылады, мазалары кетеді. Темекі тартқан еркек пен әйелдің жыныстық қызметі әлсірейтінін де айта кеткен жөн. Сөйтіп ол әйел мен еркекті неврозіа шалдықтырып, жыныстық әлсіздікке ұрындырады.

Копенгаген университетіндегі істейтін доктор И. Асмуссанның зертеулеріне қарағанда, темекі тартатын әйелдер жатырларының қан тамырларында елеулі өзгерістар болатын көрінеді. Жатырдың артерия, вена жүйелері өзгеруіне байланысты ұрықтың қанмен қамтамасыз етілуі нашарлайды. Темекі тартатын әйел жатырының қан айналысы анағұрлым нашар болатыны да анықталды. Сөйтіп ол ұрықтың өсіп жетілуіне зиянын тигізеді.

Егер жүкті әйел күніне алты сигарет тартса, онда баласының салмағы әдеттегіден 200-300г кем болып туады. Бұл онша қорқынышты жағдай емес сияқты. Шынында олай емес. Күнделікті тәжірибеден уақыты жетпей, жетілмей шала туған балалар үшін 200-300 г салмақтың жетіспеуі ерекше қауіпті екенін көріп жүрміз. Салмағы аз сәбилердің келешекте өсіп жетілуі өте қиын болады. Оның үстіне олар түрлі қатерлі дерттерге шалдыққыш келеді.

Темекінің жатырдағы баланың дұрыс өсуіне тигізетін зиянды әсерінің патомеханизмі медиктердің жан-жақты зерттеулері нәтижесінде анықталады. Никотин, темекі түтініндегі көміртегінің тотығы мен әр түрлі смолалар қан тамырларының тонусына әсер етіп, катехолмин, кинин сияқтыбиологиялық белсенді заттардың қанда көбеюіне септігін тигізеді. Ал олар жатырдағы баланың ұан тамырларын тарылтады. Сөйтіп қанның микроциркуляциясы нашарлайды, өсіп келе жатқан ұрықтың қоректенуі қиындайды. Осының салдарынан баланың салмағы кем болып туады.

Сонымен бірге жатырдың бұрыннан келе жатқан әр түрлі дерттері болса, онда темекі оларды асқындырып жібереді, сөйтіп іштегі баланың өліп қалуы мүмкін.

Темекі түтіні жүкті әйелдің организмінде анафилакциялық реакция деп аталатын қауіпті өзгерістер туғызып, іштегі бала жүрегінің тоқтап қалуына әкеп соқтырады. Сонымен бірге жүкті кезінде темекі тартқан әйелдердің 65 процентінің жуығының жатырынан қан кетіп, баланың өліп қалуы да мүмкін. темекі тартатын әйелдерден туған балалардың жартысына жуығының организмінде түрлі патологиялық ақаулар кездеседі. Атап айтқанда нәрестенің еріні жырық, таңдайы тесік болып, жыныс мүшелері жетілмей туады. Тіпті қатты кембағал болып тууы да мүмкін. Темекі тартатын әйелдерден туған балалардың 18 процентінде эритрообластоз деп аталатын қан жүйесінің ауыр дерті де кездеседі.

Өкпе рагы темекі тартатын әйелдер арасында темекі тартпайтын әйелдерге қарағанда 2, 5-3 есе жиі кездеседі.

Темекі және тыныс органдарының аурулары

Адам дем алатын атмосфералық ауаның ластануы жылдан-жылға артып келе жатқан қазіргі кезде тынысоргандарына функционалдық және микроқұрылымдық өзгерістер жиі кездесетін болды. Ауаның ластануы факторына темекі тарту қосылып тыныс жолдарының аурулары созылмалы дерттерге әкеп соқтыруда. өкпенің қабынуы темекі тартпайтындармен салыстырғанда шылым құмарларда әлде қайда жиі кездеседі. Өкпенің дертке шалдығу қаупі шылым құмарлардың айналасындағы адамдарға да төнеді. өйткені олар шылым құмарлармен бірге темекінің түтінін еріксіз жұтады. Семьясында бір адам темекі тартатын семьяларда тыныс органдарының аурулары темекі тартпайтын семьяларға қарағанда 20 проценттей жиі кездеседі, ал екі адам шылым тартатындарда 44, 2 процент жиі кездеседі. Дүние Жүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда шылым тартылған бөлмелегі ауа көшедегі ауадан 6 есе лас болатын көрінеді. Көлемі 40 шаршы метрлік бөлмеде 30-дан астам сигарет тартылса, онда оның ауасының әрбір текше метрінде 0, 5 мг никотин, 0, 45 мг акрелейн, 6, 5 мг ацеталдегид және сондай-ақ көмір қышқылы болады. Шылым құмарлардың айналасында болған түтін жұтушылардың зәрінде 10 мг/мл-ден 80 мг/мл-ге дейін никотин болатындығы анықталды.

Темекі түтініне газ, аэрозоль қосындылары болады. Олар тыныс органдарының респираторлық ауруларын қоздырады. Темекі түтініне никотиннен басқа ликосмин, анабазин, сондай-ақ жетіге жуық изоперенойда болады. Бұларға қоса темекі түтінінде өкпеге зиянды 30-дан астам әр түрлі қышқылдар, 27 альдегид, 65 алифатикалық углевод бар. Сондай-ақ 80-ге жуық концерогенді қосындылар кездеседі. Канцерогенді радиоактивтік элементтер онша көп емес. Олар өздерінің аздығына қарамастан зиянды әсерлері темекі тартқан сайын артып отырады. Аталған зиянды заттар өкпенің түрлі ауруларға қарсы қорғаныс күшін төмендетеді.

Темекінің түтінінен бөлініп щығатын акрелейн өкпедегі макрофагтардың санын көбейтіп, көлемін өсіреді, бронхтардың созылғыштығын азайтады. Шылым құмар 5-10 жыл ішінде 20 мыңға жуық сигарет тартатын болса, онда олардың өкпесіндегі ауа алмасу қызметі қатты нашарлайды. Темекіні бұдан да жиі тартқан жағдайда созылмалы бронхит дискинезия дертіне ауысып, қандағы газ мөлшері өзгереді, артериялық қанда гипоксия пайда болады. Егер тартылған сигареттің саны 5-10 жыл ішінде 80-100 мыңға жуық дейін жететін болса, өкпедегі патологиялық өзгерістер оны эмфизема ауруына әкеліп соқтырады. Кейіннен өкпеде қан қысымы артады, жүректің жұмысы нашарлап, тыныс алу процестері өзгереді. Ең ақырында шылым құмар адамның өкпе рагына шалдығуы мүмкін.

Қатерден сақтану жолдары

Шылым құмарлар қатерлі сырқаттан сақтанып, оның алдын-алу үшін алдымен темекі тартудан қол үзгендері жөн. Ұзақ уақыт темекі тартқан адам жиі жөтелсе, жүдесе, кеудесі ауырса, қан түкірсе, қақырығы көбейсе, ол денсаулықтың бұзылғанының белгісі, сондықтан дереу шылым тартуды бірден тастап, дәрігерге қаралған дұрыс. Сонымен қатар темекі тартатын адамдар тыныс органдарында бар созылмалы аурулардан уақытында емделіп, сауығуға тиіс. Темекіден қол үзбеген жағдайда ешқандай ем де, сақтану да өз нәтижесін бермейді.

Кейбіреулер шылым тартуды қоюға бола ма деп сұрайды. Біз оларға : «әрине болады» деп жауап бере аламыз. Темекіні бірден тастап кететін адамдар аз емес. Әрине, олар ерекше адамдар емес, өзіміз сияқты қарапайым адамдар. Бірақ темекінің зияндылығына көздері әбден жетіп, берік шешімге келген, сөйтіп шылымды тастауға белді бекем буған адамдар. Темекіні тастағаннан кейін өздерінің денсаулықтары жақсаратынына көздері жеткен адамдар дер едік.

Шылым шегушілердің біразы дерт әбден меңдеп, шамалары азайғанда барып темекі тартуды қояды. Әрине, бұл дұрыс емес, өйткені бұлай тастау кештік етеді, денсаулықты түзетуге пайдасы тимейді. Темекіні сондықтан неғұрлым ерте тастауға тырысу керек.

Темекіні тастағысы келмейтін кейбіреулері оны фильтрмен, мундштукпен тартса, ештеңе етпес деп ойлайды. мұндай жансақ пікірдің пайда бермейтінін айту керек. Қазіргі сигареттерде пайдаланып жүрген фильтрлердің қайсысы болса да қанағаттанарлықсыз. Олар тек никотиннің жартысын ғана ұстап қалады. Ал темекі түтінің құрамындағы мышьякты ешқандай сүзгі ұстап қала алмайды.

Сүзгілі сигарет тартып жүріп-ақ адамдар ауруға ұшырайды. Өйткені сүзгі темекінің күшін азайтады. Сөйтіп темекіні адам құмардан шығу үшін жиі тартуға мәжбүр болады.

Темекіні тастағаннан кейін адам 5-7 күндей оны аңсап, бір нәрсені жоғалтқандай, кейде бір нәрсе жетіспегендей болып жүреді. Бірақ мұның бәрі кейіннен басылады. Тіпті темекі түске де кіреді.

Темекіні тастағаннан кейін көпке дейін арақ-шараптан, кофе сияқты қоздырғыш заттардан аулақ болған жөн. Етсіз тамақ ішкен дұрыс, соған қарамастан адамның шылым тартқысы келсе, онда жеміс-жидек, сок, болмаса минералды су ішкен пайдалы, кәмпит сорған жөн. Бұлар да көмектеспесе ауызды күніне 3-4 рет азот қышқылды күмістің ерітіндісімен шаю керек. Ол үшін бір грамм азот қышқылды күмісті 1 литр суға ерітеді. Онымен шайғаннан кейін ауызда ұнамсыз дәм пайда болады. Шылымға құмарлық жойылады.

Темекіні тастағаннан соң бірнеше аптадан кейін адамның тамаққа тәбеті ашылып, жөтелі басылады. Салмақ қосылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темекі және оның зияны. Темекі тартуға қарсы күрес
Темекі және оның зияны
Темекі тарту – зиянды әдет. Аналар темекiге қарсы
Денсаулық және темекі шегу
Шылым шегудің зияндары
Шылым мен алкогольдің адам ұрпағына әсері
Темекі тарту – зиянды әдет
Темекі және оның адам денсаулығына тигізетін әсері
Темекінің адам денсаулығына әсері
Әйелдер арасындағы шылым шегу әлеуметтік және физиологиялық проблемалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz