Су кадастры


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

1. Су шаруашылығының даму тарихы.

2. Су кадастрының шығуы.

3. Су кадастрының ұқсас пәндерімен байланысы.

Кiрiспе

Ерте заманнан адам баласының өмiр сүрiп өркендеуi теңiз бен мұхит суларымен, тиiсiнше олардың байланысымен байланысты болып келедi. Ең негiзгi түрлерi әр түрлi тәсiлдерімен жүзiп, жер шарын аралау, балық аулау, балдырлар мен маржан тастар жинау, теңiз аңдарың аулау, су астында тағамдық өсiмдiктердiң плантацияларын салу, т. б. тiршiлiк әрекеттерi жатады. Булар - тұрпайы кәсiпшiлiк болатын. Бертiн келе, адам баласының ақыл - ойы өсе келе, жүздеген жылдар өте кәсiпшiлiк қабiлеттiгi де ұлғая түседi, тиiсiнше құрал - жабдықтар, машиналар, өндiрiс салаларында қажеттiгi туды.

Су шаруашылығының даму тарихы

Су шаруашылығының өркениетті түрде даму тарихы сонау б. З. б. 1 мың жыл бұрын басталды. Ең бірінші рет Мысырда Ніл денгейін өлшейтін, Нилометр құралын ойлап тапты. Бұл құралмен 1400 жыл бойы өзен суының денгейі бақыланып келеді. Адамзаттың ой - өрісінің дамуы тіршілігіне қажетті судың технолясыногиясын дамытуға идея болды. Негізінен су шаруашылығының дамуы, тарихы деректер бойынша Таяу және Орта Шығыс елдерінен басталды. Оған мысал Египеттегі - Ніл, Ирактағы қосөзен өркениеті аталған Евфрат пен Тигр, Орта Азиядағы Отырар, Сауран, Тараз қалаларында су шаруашылығының даму технолясыногиясы үлкен жетістікке жеткенін көрсетті. Оның қазіргі белгілері, бұл барлық тіршілікке өмір беретін су технолясыногиясының және ескі орныларының ескі мәдениет қалдықтарының өзен жағалауының табылуы дәлелдейді. Адамдар осы су шаруашылығын дамыту арқылы, егін және мал шаруашылығын өркен деткен.

Өндірістің дамуы, ауыл шаруашылығының кең өріс алды, адамзатты сусыз елестету мүмкін емес, екенін көрсетті. Ертедегі шығыс халықтары су шаруашылығында суды керек жеріне жеткізу үшін мынадай құралдар технолясыногиясын қолданған шығыр, түйе айналса құдық қауақ және құмды жерлерде шегенделген құдық қазу. Тарихта судың рөлі зор. Шығыс елдерінен тараған су тарту технолясыногиясы ХII ғасырда Евфратқа жетті, одан әрі XVIII ғасырда Ресейге келді. Ал бұл кезде Таяу шығыс және Орта Азия елдерінде бұл жаңалық таныс емес тұғын. Қазіргі заманда бұрынғы адамзат өркениеті жасаған шаруашылығы обьектілері әлі де, қолданылуда Біздің ХХІ ғасырда да су ресурстары ерекше орын алатыны белгілі. Адам өміріндегі су рөлін академик А. П. Карпинский 1931 ж. былай деген су ең бағалы пайдалы қазба, су бұл минералды ресурс және шикізат қана емес, бұл адамзаттық тіршілік көзі деп атаған. Шөл - шөлейтті Орта Азия, Таяу Шығыс, Африка Сахарасында, Австралияда, Қытай және Моңғолияның шөл зонасында күшті дағдарыс су ресурсы ғасырда пайда болды, деген ғалымдардың болжамы бар. Ғалымдардың болжамынша, болашақта адамзаттың өзара соғысы тіршілікке қажетті мұнай үшін емес, су үшін болатын түрі бар. Оған мысал үшін қазіргі кезде, кей елдердің трансшекаралық өзендер суын бөлісе алмай, өзара мемлекеттік даудамай болды. Әсіресе, адамзатқа ғалымдар Антартидадан мұзтауларын пластикпен орап, шөлді аудандарға жеткізу жобасын ұсынуда. Жалпы су көлемі 27 мың км 3 , жылына оның 9 мың км 3 адамзат қолданады. Жалпы су көлемі 20 млрд халыққа жетеді. Сондықтан су көздері бұдан әрі, бүгін де, болашақтада бағалы ресурс денгейінде қала береді. Судың маңызы мен рөлі әсіресе, адамзат тіршілігінде ауыз су мен ауыл шаруашылығына қолдануда артады.

Су қорын зерттеу, есепке алу, оларды коплексті пайдалануды жоспарлау, жер беті мен жер асты суларын ластанудан сақтау, су керекті жерге тұтынушы ларға жеткізіп беру т. б. мәселелер мен айналысатын халық шаруашылығы ның бір саласы. Су кадастры су қорын өндіріс қажеттілігіне, ауыл шаруа шылығында суару, суландыруға, комуналдық шаруашылықта, су энергиясын (гидроэнергетикада) өндіру, суды транспорт жолы, балық аулайтын орта ретінде пайдалану мәселелерін қарастырады. Халық шаруашылығының жеке салаларының су қорына қоятын талаптары алуан түрлі. Сондықтан су кадастры ол талаптарды бір - бірімен ұштастыра, әр саланың өзіндік ерекшеліктерін ескере комплексті түрде жосарлайды. Гидротехникалық құрылыстар салуда және суды пайдалану барысында жер беті мен жер астындағы су режимінде пайда болатын өзгерістер алдын ала ескеріледі, табиғаттағы қалыптасқан бір тұтастық пен өзара байланысы бұзылмайтындай түрде шешіледі. Су қоры мен суға мұқтаждық мөлшері еліміздің барлық аудандарында біркелкі емес. Мысалы Қазақстанның су қоры оның су мұқтаждығын толық өтей алмайды. Сондақтан болашақта Солтүстік Мұзды мұхитқа құятын өзендер суын Қазақстанға бұрып әкелу көзделіп отыр. Бұл жұмыстың бастамасы Ертіс - Қарағанды каналы. Печера, Вычегда өзендерінің суларын Кама, Еділмен Каспий теңізіне жеткізу жоспары жасалуда. СССР - де су шаруашылық мәселелерімен Одақтық Республикалық мелиорация және су шаруашылылығы министірлігі айналысады. СССР су шаруашылығы қарым - қатынас су туралы заң деректер су кадастрымен реттеледі.

Жер шарының гидросфера аумағындағы барлық су қорының яғни 1454327, 2 мың км көлемiнiң тек 2%- дан кемiрек қоры тұщы сулар болып есептелiнедi. Оның кұрамындағы мұз айдындарында суды есептемегенде пайдалану үлесiне тиетiн тұщы су мөлшерi 0, 3%-ке тең. Тұщы су қатарында ең негiзгi ресурс болып қосылатын - өзен сулары.

Жер жүзi бiр жылдың iшiнде тұщы суды пайдалану, тиiсiнше қамтамасыз ету көлемi - 150 км жетiп отыр. Бiрақ, керiсiнше бiр мезгiлде, ягни бiр жыл iшiнде 450 км өндiрiстiк және тұрмыстық сарқындылары өзенге, көлдерге кұйылатындығы, ал сол саркындыларды тазартуға кем дегенде 5500 км таза өзен суының қажет екендiгiн, яғни дүние жүзi өзендер сулары ресурсының 1/7 бөлiгiн құрайтыны анықталып отыр.

Жер асты суларының ең iрi аймағы - Оңтүстiк Қазақстан болып есептелiп келедi. Жалпы қоры 400млрд. м астам деп жорамалданған. Ал, Кызылкум, Шу - Талас, Онтүстік Қаратау, Сарысу - Бетпақдала, Атыс - Келес, Iле су өңiрлерiндегi тұщы және кермек келген су қорлары 2000 млрд м тең деп есептеледi. Жер асты сулары мен артезиян құдықтары немесе артезиян арынды скважиналар арқылы дамыған өнеркәсiбi бар Алматы, Жамбыл, Шымкент, Қызылорда қамтамасыз етiлуде.

Су кадастрының шығуы.

Су кадастрының - бұл әлемнің табиғи су ресурстары туралы жүйеленген мәлі меттер жиынтығы. Су кадастрының шыққан ең алғашқы тарихи ошақттар Орта Азия мен Таяу шығыс, Арабия, Қытай, Венеция және т. б. Адамзат тіршілігінде айдауыш мұнара және резервуардың, суғармалы егіншілігін, суат, су ару жүйесінің, су ортасын бетондық және су денгейінің шаруашылыққа қол данылуы мен құрылыс обьектілерінің гидротехникалық талабын ескеру, нәтижесінде өмірге су кадастры деген ұғым келді. Су байлығы өзен-көл, жер асты және жер үсті, теңіз - мұхит суларының ресурсы мемлекеттік немесе ғал амдық су фондын құрайды. Адам ның суды есепсіз пайдалануды кейбір түсуі сулардың сарқылуына әкелді. Осыдан келіп, олардың қорын, сапасы мен құрамын есептеп отыру үшін су кадастрының қажеттілігі адамзаттың болашағы үшін қажет болды Әлемнің түпкі елдерінде гидрогеологиялық институт құрамында, су кадастры бөлімі құрылып жатты. Бұл суды тиімді қолдануға жол ашты .

Т. М. Д. - да тұңғыш рет құрлық суы бойынша кадастрын мемлекеттік гидрогеология институты дайындады. (1933 - 1940) Мұнда СССР өзендерінің реттелуі су денгейі туралы мәлімет және аудандық анықтама (27-кітап ) енгізілген. Соңғы су кадастры СССР жер беті суының қоры деп аталады. Бұл әр қайсысы 10 шақты рет шығаруға бөлінген үш сериядан тұрады:

1. Гидрогологиялық зерттелуі

2. Негізгі гидрогеологиялық сипаттамалар

3. Су ресурстары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер кадастры туралы
Қоршаған орта жағдайын бағалау критерийлері және әдістері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мәселелері
Аңшылық шаруашылығындағы табиғатты және жан-жануарларды қорғау
Экологиялық құқықта жер кадастры құқық нормаларының алатын орны мен атқаратын қызметі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадастры
Аягөз ауданында жер кадастрының жүргізілу тәртібі
Жер кадастрының даму тарихы
Қызыл кітапқа енген құстарды да қырып жатыр
Алматы облысы Райымбек ауданы жерлерін есепке алу және бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz