Тележурналистиканың нарыққа бейімделуі
Кіріспе
І Тарау. Тележурналистиканың нарыққа бейімделуі
ІІ тарау. Қазақстандағы жекеменшік арналардың пайда болуы
ІІІ тарау. Еліміздегі телеарналар бағыты
ІV тарау. Мемлекеттік арналар мен жекеменшік арналардың мәдениет және ұлт мәселелерін көтерудегі бәсекелестігі
ІV. 1. Жалпы бағдарламалардағы бәсекелестік
ІV. 2. Ақпараттық бағдарламардағы ұлттық мәдениеттің дәріптелуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Демократиялық қоғамда БАҚ-қа тән мәселелердің бірі- ақпарат тәуелсіздігі, яғни басылымдар мен электронды ақпарат құралдарының қаржылық дербестігі. Нарық қатынастары журналистиканың ұстанған бағыттарының алуан түрлілігіне ғана емес, сонымен қатар авторлардың өз көзқарастарын бүкпесіз, ашық жариялауына негіз қалап берді. Еліміз егемендік алғалы бері әрбір азаматтың өз пікір-көзқарасын ашық айтуына мүмкіндік беріліп, ақпараттың еркін таралуына, бұқаралық ақпарат кұралдарының нарыққа бейімделуіне жағдай жасалды.
Журналистиканың ең бірінші міндеті - оқырман, көрермен, тыңдарман қауымның санасына ықпал ету. Оларға заман жүктеген міндеттерді жан-жақты түсіндіру. Халықтың көзін ашып, ағартушылық қызметін бұлжытпай атқару. Қазақстандағы демократиялық ақпарат айдынын қалыптастыру үрдісі нарықтық телеөнімдерінің бет-бағдарын ғана емес, тіпті олардың өмір сүру немесе жоғалу қаупін тудырды.
Еліміз нарықтық экономикаға алғаш қадам басқан жылдарда барлық нәрсе қаржыға келіп тірелгендіктен, еліміздегі жекелік телеарналар аса бір қиын кезеңді бастан кешірді.
Нарықтық қатынастар жүйесіне байланысты жекеменшік арналарда экраннан көрсетілген бағдарламалардың көбісі жарнамаға сүйеніп жан сақтады. Олар өз телеарналарының аяғынан тік тұрып кетуіне әсер ететін алғашқы фактор телеарна имиджі екеніне көздері жетті. Сөйтіп кеңестің шекпенінен шыққан тележурналистер енді үкіметтің сенімін ақтауды емес, көрерменнің көңілінен шығуды басты нысана етті.
Жаңадан қоғамдық құрылыс БАҚ-тың алдына тың міндеттер қойды. Бұрын үкіметке иек сүйеп үйреніп қалған оларға енді өз күнін өздері көруге тура келді.

1. Амандосов Т. Публицистика – дәуір үні. – Алматы: Қазақстан. – 1974
4. Барманқұлов М. Телевизия: бизнес, әлде билік? Алматы: Қазақ университеті. – 2007
5. Тұрсын Қ. Қазақ тележурналистикасы: қалыптасу, даму проблемалары. Алматы: Білім. – 2006
6. Абас– Шах С. Өзім және телевизия туралы. Алматы – 2006
7. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы – 2004
8. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. Алматы: Білім. – 2004
9. Жақан С. Сөйлеу техникасы. Алматы – 2005
10. Әбдіжәділқызы Ж. Тікелей эфир табиғаты. Алматы: Қазақ университеті. – 2003
11. Назарбаев Н. БАҚ туралы. Егемен Қзақстан. – 2001
12. Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы. Алматы: Қазақ университеті. –1992
13. Әлем. жинақтар топтамасы. Алматы. – 1990
14. Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. Алматы: Мектеп. –1978
15.Смайылов К. Деректі фильмнен үлкен фильмге дейін. Алматы. - 2004
16. Қазақтың көне тарихы. Алматы: Жалын. 1993
17. қоғам және телеақпаратты. Үрімші 1999
19. Шынжаң газеті. Үрімші. –2005
20 Қазақ киносының тарихы. 2000
21.Радио журналистика. Оқулық Алматы-2005.Эконом баспасы

Демократиялық қоғамда БАҚ-қа тән мәселелердің бірі- ақпарат
тәуелсіздігі, яғни басылымдар мен электронды ақпарат құралдарының қаржылық
дербестігі. Нарық қатынастары журналистиканың ұстанған бағыттарының алуан
түрлілігіне ғана емес, сонымен қатар авторлардың өз көзқарастарын
бүкпесіз, ашық жариялауына негіз қалап берді. Еліміз егемендік алғалы бері
әрбір азаматтың өз пікір-көзқарасын ашық айтуына мүмкіндік беріліп,
ақпараттың еркін таралуына, бұқаралық ақпарат кұралдарының нарыққа
бейімделуіне жағдай жасалды.
Журналистиканың ең бірінші міндеті - оқырман, көрермен, тыңдарман
қауымның санасына ықпал ету. Оларға заман жүктеген міндеттерді жан-жақты
түсіндіру. Халықтың көзін ашып, ағартушылық қызметін бұлжытпай атқару.
Қазақстандағы демократиялық ақпарат айдынын қалыптастыру үрдісі нарықтық
телеөнімдерінің бет-бағдарын ғана емес, тіпті олардың өмір сүру немесе
жоғалу қаупін тудырды.
Еліміз нарықтық экономикаға алғаш қадам басқан жылдарда барлық нәрсе
қаржыға келіп тірелгендіктен, еліміздегі жекелік телеарналар аса бір қиын
кезеңді бастан кешірді.
Нарықтық қатынастар жүйесіне байланысты жекеменшік арналарда экраннан
көрсетілген бағдарламалардың көбісі жарнамаға сүйеніп жан сақтады. Олар өз
телеарналарының аяғынан тік тұрып кетуіне әсер ететін алғашқы фактор
телеарна имиджі екеніне көздері жетті. Сөйтіп кеңестің шекпенінен шыққан
тележурналистер енді үкіметтің сенімін ақтауды емес, көрерменнің
көңілінен шығуды басты нысана етті.
Жаңадан қоғамдық құрылыс БАҚ-тың алдына тың міндеттер қойды. Бұрын
үкіметке иек сүйеп үйреніп қалған оларға енді өз күнін өздері көруге тура
келді.
Нарықтың қатал заңдылығы талай арналар мен редакциялардың есігіне қара
құлып салып үлгерді. Тек үкіметтің тікелей қаржыландыруына сүйенетін БАҚ-
тар қалт-құлт етіп күн көріп жатты. Сондай ауыр кезеңде жеке немесе
біріккен қаржылық топтардың қолдауымен жеке меншік телеарналар ақпарат
айдынына шығып, еркін, ашық, батыл ой айта білумен көпшілік көңілінен орын
ала бастады. Күн өткен сайын көрермені көбейген бұл арналар дамып қана
қоймай, өз беттерімен нарық қыспағынан құтылып шықты.
Жеке телеарналар сапалы телеөнімдері арқылы көрермен ықыласына бөленді.
Мәселен, шетелдің озық технологиямен түсірілген кино және соңғы
жаңалықтарды беріп отырды. Сөйтіп, олар мемлекеттік деп аталатын
әріптестерімен ашық бәсекелесу сатысына өтті. Олардың негізгі күнкөріс
көзі жарнама болды. Коммерциялық арналардың көрермені көбейген сайын
жарнама берушілердің қатары да күн санап арта түсті. Сонымен аз уақыттың
ішінде олар аяғынан тік тұрып кетті.
Нарықтық экономика қоғамның қай саласына болса да қатаң талап қоятындығы
белгілі. Осыған сай журналистік ортада “менеджмент” атты жаңа ұғым
қалыптаса бастады.
Мемлекеттік арналардың нарыққа бейімделуі де коммерциялық арналарға
ұқсас болып келді. Олардың айырмашылығы қаржы көздерінде ғана. Мемлекеттік
арналар жарнамаға тікелей иек артай, акциясының көп бөлігін бюджет
қоржынынан алып отырды.
Теленарық бәсекесінде меншік телеарналар өз әріптестерінен оқ бойы озық
тұрды. Салыстырмалы түрде айтқанда жекеменшік арналар мемлекеттік
арналарға қарағанда өміршең күшке ие бола білді. Сол себепті де үкіметке
қаржылық жағынан тәуелді болмағандықтан ондағы журналистердің кәсіби
шеберлігі арта түсті. Тележурналистиканың осы бір үлкен бетбұрысын
зерттеуді, екі бағыттағы арналардың теленарықтағы бәсекелестігін зерттеуді
мақсат тұттық.
Бітіру жұмысының хроникалық шеңбері: зерттеу жұмысының жалпы көлемі
еліміз егемендік алғаннан бергі уақытты қамтыды. Өйткені біздің
телеарналар теленарықң деген ұғымды тек тәуелсіздік орнағаннан кейін ғана
қабылдады.
Бұрын тек электронды БАҚ-ты ғана емес, барлық салалы ақпарат құралдарын
өкімет өзі қаржыландыратын. Ондай жағдайда телеарналар арасында бәсеке өте
төмен деңгейде, тіпті жоққа тән болатын. Бұл жағдай екі тізгін, бір
шылбыр қолға тигенң егемендіктен кейін ғана орын ала бастады. Осыны ескере
отырып, біз осы дипломдық жұмысымыздың нысанасы етіп соңғы он бес жыл
көлемін қарастырдық.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: Қазақстан тәуелсіздігін
жариялағаннан бері қай саладан болмасын көптеген қиындықтармен бетпе-бет
келді. Жаңа қатынастарға, бұрын бейхабар болған қоғамдық түзіліске аяқ
басты. Дипломдық жұмысымызда алдымызға қойған ең басты мақсатымыз осындай
жаңа заманда біздің елдегі телеарналар (мемлекеттігі болсын, жеке меншігі
болсын) нарықтың қатаң талаптарына қалай жауап бергенін зерделеу еді.
Cондай-ақ олар аудиториясын кеңейту үшін қандай амал, әдістерге жүгінді
деген ой төңірегінде зерттеу жүргіздік.
Ал дипломдық жұмысымыздың міндеттеріне келсек, Тәуелсіздік алғаннан
кейінгі азғана уақыт ішінде еліміздегі жеке меншік телеарналар нарықтың
ауыр қыспағына төтеп берді. Осы жайды ескере отырып, мемлекеттік
телеарналар мен коммерциялық телеарналардың нарық талабына толыққанды
жауап беру үшін қандай іс-шаралар атқарғандығын айқындауды міндет етіп
алдық. Сондай-ақ нарыққа бейімделудегі жеке меншік арналардың өзіндік
артықшылықтарын баса айту міндетіміз болды.
Бітіру жұмысының ғылыми негізі: бұл жұмысты жазу барысында көптеген
авторлардың еңбектері жан-жақты қаралды. Содай-ақ еліміздегі
телеарналардың күнделікті хабарлары мен нарық қыспағынан шығу барысын
қарастырдық.
Бітіру жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы үш бөлімнен: кіріспе,
негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады. Кіріспе бөлімінде жұмыстың
міндет-мақсаттары мен жоспардан дерек беріледі. Негізгі бөлімдегі екі
тарауды әр түрлі тараушаларға бөліп, сол арқылы дипломдық жұмыстың мән-
маңызын ашуға тырыстық. Қорытынды бөлімде дипломдық жұмысты жазу барысында
көңілімізге тоқыған ең өзекті, түйінді мәселелер тілге тиек болды.
Қорытынды бөлімде негізгі бөлімде баяндалған барлық ақпараттар
талданып, зерттеу жұмысы аяқталады, зерттеу жұмысында пайдаланылған
әдебиеттер тізбектеліп, сілтемелерімен бірге жазылды.
І Тарау. Тележурналистиканың нарыққа бейімделуі
Бүгінде отандық телеарналар БАҚ-на тән ақпарат тарату, көңіл көтеру,
насихат жүргізу сияқты көптеген қызметтер атқарып келеді. Көңіл көтеру
мақсатында телехикая, ток-шоу, концерттер беріледі. Пайызға шаққанда басқа
телеөнімдерден гөрі ақпараттық бағдарламалардың көрермені көп. Мұның өзі
ақпараттың бұқараға ауадай қажеттігіне келіп саяды. Тегінде, тедедидардың
ең бас міндеті ақпарат тарату. Теледидармен жеткен ақпар газет немесе
радио арқылы таралатын информацияға қарағанда сіңімді, нанымды келеді.
Мың естігеннен бір көрген артықң демекші, экран арқылы көзбе-көз жеткен
жаңалықтар қашанда ықпалды болады.
Елімізде республикалық деңгейде хабар тарататын, мемлекеттік және
коммерциялық болып іштей жіктелетін 13-тен астам телеарна бар. Осы 13
телеарнаның тәуліктік эфир уақытында ең кемінде екі реттен артық
ақпараттық бағдарламалар таратылады. Олардың көбісі - орыс тілінде. Қазақ
тілінде Қазақстанң арнасындағы Айна ақпаратң, Астанаң телеарнасындағы
Түйін сөзң, Хабарң теларнасындағы Ақпарат арнасың, КТКң теларнасындағы
Күн дерекң, 31-арнадағың Информбюроң, Алматың телеарнасындағы
Жаңалықтарң, Таңдағың Таң Newsң, Рахатң телеарнасындағы Тәулік
тынысың сияқты ақпараттық хабарларды атауға болады. Олар ел және шетелдегі
сан-салалық жаңалықтар, спорт жаңалықтары және ауа райы сияқты блоктардан
құралған. Әр ақпараттық бағдарлама өзіндік ерекшеліктерге ие. Ол
ерекшеліктер: ақпарат беру реті, студияны безендіру, журналистердің
стильдік ерекшеліктері, диктордың сөйлеу мәнері, ақпарат жеткізу тәсілі,
т.б. Бұл телеарна концепциясы мен ондағы жұмыс істейтін адамдардың жеке
қабілетіне байланысты. Ақпарат тарату тар Сол себепті мемлекеттік
арналар мен коммерциялық арналар арасындағы қоғам санасын билейдің бірден-
бір қаруы екенін ескерсек, ақпарат таратудағы бәсекелестік ерекше мәнге
ие.
Ең алдымен Қазақстандағы үкіметтік арналардағы ақпарат таратудың
маңызына көңіл бөлсек. Қазақстанң ұлттық телеарнасындағы Айна ақпаратң
бағдарламасы күн сайын республиканың түкпір-түкпкірінде болып өткен соңғы
оқиғалардан құлағдар етіп отырады. Орташа есеппен ел және шетел
жаңалықтарын қоса алғанда ең кемінде 17-20 ақпаратпен таныстырады. Бұған
қарап республикамыздағы мемлекеттік арналардың ақпарат алу аясының кең,
тілшілер құрамының мол екенін аңғаруға болады. Мемлекеттің
қаржыландыруымен жұмыс істейтін Қазақстанң арнасы еліміздегі барлық
аймақтарда меншікті тілшілер ұстау арқылы ақпарат алу аясын кеңейткенін
көруге болады. Мысалы, жоғарыда айтқанымыздай, Қазақстанң арнасын
республиканың түпкір-түпкіріндегі отандастарымыз тамашалай алады. Оған
бәсекелес ретінде 31-арнаның алсақ, оның ақпарат алу аясы да, тарату
көлемі де, тілшілер құрамы да мемлекеттік Қазақстанң, Хабарң арналарымен
салыстыруға болмайды. Сондай-ақ жеке сайттарында ақпаратпен қамтамасыз
етіп отырады.
Мемлекеттік арналардағы жаңалық жүргізушілердің ресмилігі жарасым тауып
отырады. Қазақстанң арнасындағы Айна ақпаратң ақпараттық
бағдарламасындағы студияның көркемдігі диктордың салмақты сөз саптасы,
артқы фон - бәрі де жарасымын тауып тұр. Жүргізуші тілшілер дайындаған
бейнесюжеттерге салмақты пікір айтуы көрермен қауымды өзіне баурайды. Ал,
коммерциялық арналар бұл жағынан үкіметтік арналармен бәсекелесе алуы
екіталай. Олар көбінесе көрерменді тосын уақиғалармен, ұшқары пікірлермен
баурауға әуес. Қазақстанң телеарнасындағы дикторлардың аузынан шыққан сөз
мәтіні тез әрі сіңімді жететін сөздерден құралған. Бұл бағдарламаның
операторлары да үлкен кәсіби мектептен өткендігі көзге ұрып тұрады.
Сол сияқты мемлекеттік Астанаң телеарнасының Түйін сөзң ақпараттық
бағдарламасы күн сайын бір сағат көлемінде әр салада, мемлекет өмірінің
күнделікті тыныс-тіршілігіндегі жаңалықтарымен таныстырып отырады.
Астанаң телеарнасы Ақмола обылысы мен Астана, Алматы қалалары
төңірегінде жаңалықтар таратып, ел және шетел жаңалықтарын қалт
жібермейді.
Астанаң телеарнасын коммерциялық бағыттағы КТКң телеарнасымен
деңгейлес деп айтуға болады. Алайда, біреуі мемлекеттік, енді бірі жеке
меншік арна болғандықтан, кейбір ерекшеліктері бар. Мәселен, Астанаң мен
КТКң-ның арасындағы айырмашылық - бәсекелестік ақпарат көлемімен емес,
көтерілетін тақырыптар мен арналардың бағыттарынан көрінеді. Әйтпесе, екі
арнадағы журналистердің стильдік ерекшеліктерінен, я кәсіби деңгейлерінен
айырмашылық табу қиын.
Тележурналистиканың нарыққа бет бұруы басқа салаларға қарағанда ерекше.
Оның объективті, субъективті себептері бар. Нарықтың негізгі шарты –
бәсеке. Бәсекеге түсу - өзіңнің мүмкіндігіңді, қаблетіңді, талантыңды
барынша пайдалану деген сөз.
ХХІ ғасырда журналистикаға нарықтық экономиканыңң тигізетін әсері
қандай деген сұрақ өткір мәселелердің бірінен саналады. Қазір дамыған
елдердегі ең мықты телеарналар өз қаржысын өзі табады. Олар неге сүйеніп
ақша табатыны көзі қарақты қауымға белгілі. Біздегі коммерциялық арналар
да сол елдердің тәжірибесін негіз етіп, нарықтан өз орындарын алуда. Олар
нарыққа тікелей бейімделіп өмір сүріп отырған соң бәсекеге де айрықша мән
беретіні шындық. Телеарна өз күнімді өзім көремін дейді екен, онда
нарықтың қатаң заңдылығына мойынсұнуға тиіс. Осы орайда жеке меншік
арналар не үшін пайда болады деген орынды сұраққа да жауап айта кеткен жөн
секілді. Ең алдымен жеке меншік телеарналарды құрушылардың көздеген
мақсаты ақша табу болғанымен, негізінде олар үлкен саяси мақсатты
көздейді. Яғни ақша таба отырып, телеарна арқылы қоғамдық ой-санаға әсер
етуді көздейді. Немесе электронды БАҚ-тың көмегімен саяси аренада үлкен
орын алуды мақсат етеді.
Бірақ телеарнаны өнімді жұмыс істету үшін нарықтың түрлі талаптарына
қарсы жауап қатып, басқа арналармен бәсекеге қабілеттілікті ұштай білу
қажет.
ІІ тарау. Қазақстандағы жекеменшік арналардың пайда болуы
Қазақстанда тұңғыш рет 1958 жылы телевизия пайда болды. Сол кездегі
республика астанасы - Алматы тұрғынлары 8-наурыз күні тұңғыш рет қазақ
теледидарының алғашқы дикторлары Зұлхия Жұматова мен Нейля Омарованың
дидарларын көрді. Олар көпшілікті Алматыда теледидар хабарларының
басталуымен, ал әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, жылы лебіз
білдірді. Сонымен қатар Үкімет мүшесің аты көркем фильм экраннан
көрсетілді. Осылай, қазақ топырағында көгілдір экранң деген атпен,
өнерлің жаңа түрі теледидарң өмірге келді. ХХ ғасырда адамзат игілігіне
үсынылған тележурналистика келе-келе орасан зор мүмкіндіктерді иемденіп,
адамдардың санасына тікелей әсер етіп, әрімен де, нәрімен де сусындататын
өміршең күшке ие идеологиялық құралға, өнердің өзгеше түріне айналды. БАҚ
нарықтық қатынастармен сипатталатын экономикалық дамудың ауыр кезеңін
бастан кешіруде. Бұл әміршіл-әкімшілдік жүйенің негізі жойылған,
орталықтың империялық үстемдігінен айырылған, өзі іргелі ел болуға бел
буып отырған мемлекеттің уақытша қиындығы ретінде бағаланып отыр. Қазіргі
заманғы ғаламдық қарым-қатынас идеологиялық иірімдерді экономикалық
бәсекелестікке бағындырған, ұлттық дүниетанымды тұқырта тізгіндеу тәсілі
тұғырға көтерілдің {118,7-б}. Бүгінгі таңда республикалық БАҚ өзекті,
айқынды мәселелер төңірегінде ой қозғауға, пікір беруге батыл барып
отыр.
Елбасы Қазақстан халқына жолдауында {2003 жыл} қоғамды
демокртияландыру мен саяси ырықтандыруға бағытталған реформа жолын ұсынды.
Бұл - цензурадан азат, тәуелсіз баспасөзді қалыптастыру, дамыту бағыты
болатын. Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстандағы БАҚ саны 2004 жылдың
бірінші жартысында 2164-ке жетті. Бұл көрсеткіш Өзбекстан, Қырғызстан,
Түркіменстан, Тәжікстан сияқты Орта Азия мемлекеттеріндегі барлық ақпарат
құралдарын қосып есептегендегімен пара-пар. Республикадағы 82 теле-радио
компанияның 22-сі қоғамдық пікірді өзінің қалауына сәйкес қалыптастырып,
шындықты бүркемелесе, онда ақпарат құралдарының дербестігі де, көбеюі
де, дамуы да болмас еді.
Отандық теледидарымыз әлемнің ақпарат кеңістігіне еніп, өзге елдің
телеорталықтарымен жарыса хабар таратуда. Мұның өзі ұлттық теледидардың
ғаламдасу кезеңінде ақпараттарды бұрынғыдан да тиімді, қызғылықты әрі
мәнерлі жасауға ұмтылысынан танылады. Міне, ақпарат еркін ағым деген
халықаралық ұғым бар, әлемдік ақпараттан аздап болса да хабардар болу- күн
талабы, яғни, шекаралар шартты ұғым ғана, ал Қазақстан дүниежүзілік
ақпарат кеңістігіне дендеп ене бастаған тұста журналистерге қойылар талап
та өзгеше. Тәуелсіз Қазақстан мүддесі тұрғысынан сөйлеуі, шынайы жағдайдан
хабардар болуы керекң {106, 144-бет.}. Ғаламдық өркениет көшіне ілесем
деген ел әлемдік қауымдастық дамуының озық үлгілерін өзіне сіңіріп,
оның басқыншылық әрекетіне түбегейлі қарсы тұра алмайтындай күш
дайындап алуы тиіс.
Теледидардың антенналық, жерсеріктік {тікелей, жаһандық, әлемдік},
кабельдік, кассеталық, бейнедиск {лазерлік бөлу}, титрлық
{бейнемәтін,телемәтін }, тағы басқа сан түрлі формалары бар. Өз кезінде
экранмен жабдықталған радио, дыбысты бейнелік газет секілді жаңа ақпарат
құралдары эстетикалық үрдістерге жат еместігін байқатып та үлгерді.
Тележурналистің көпшілікпен сырласуы, өзімен - өзі кеңесетін шақтары
қашан да қоғам, ел мүддесімен, адамзаттың көкейкесті арманымен ұштасып
жатады. Түптеп айту, түбірлеп суреттеу дегеніміз солң {72,94 б.} деп еді
М.Әлімбаев. Шынымен де телевизия тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін
жеткізіп, әрі оны дәлелдеп көрсетуге тырысуы керек. Автор алдымен идеясын
ой елегінен өткізіп, сан екшелеп алып қорытындылайды, содан кейін хабар
тақырыбы, нысаны, композициялық құрылымы бірлікте жұмылып, сценарийге
даярлық процесі басталады. Рас, белгілі бір тақырыпты тосын нысанаға
алып, соны идеяға бірден жаза қою оңайға түспейдің {73, с.74}. Сонымен
бірге бір хабарды дайындау барысында режиссер, оператор, редактор, дыбыс
режиссері, жарық беруші, суретші - барлығы бағдарламаның басы-қасында
болып, кеңесіп шешіп отыруы керек. Бірақ ешкім, ешқаша жеке өзін көрсетуге
тырыспауы керек. Бұл ұжымдық жұмыс екенін, кеңесіп пішкен тонның келте
болмайтынынң естен шығармай, әркім халықтың көңілінен шығатын, тәрбиелік
маңызы зор, ерекше ойлары болса, ортаға салып, экранның белгілі бір
өлшемдері бойынша іс жүргізуі тиіс. Көрініске, жарықтың түсу ерекшелігіне,
кадр сыртындағы мәтіндегі ойдың анықтылығына баса мән берілуі керек.
БАҚ-та нарық қатынасы журналистердің ұстанған бағыттарын ғана емес,
электрондық ақпарат құралдарының, сонымен бірге материял авторларының өз
көзқарастарын бүкпесіз, ашық жариялауына негіз қалап отыр. Егемендік
кезеңінде БАҚ бостандығы өзінің азамат және көзқарас тұрғысындағы бағытын
айқындауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге Қазақстанға өз
үлесін қосуын көздедің {151}.
Нарық қатынастары орныға батаған кезеңде тележурналистика хабарларының
ой тереңдігі, сапасы, қай тарабынан да өте төмен болды. Нақтылы шешімді
іздестіру талғампаздығы, ұлтық проблемаларды жеріне жеткізе жазып, тиісті
нәтижеге жету жетіспейдің деп жазды мамандар {152,64 бет}.
Тележурналистер мәселенің астарына терең үңіліп, қазіргі нарықтық
қатынастардың қырын, кәсіпкерліктің маңызын білмей тұрып, хабарға кең
түрде бара алмайды. Нарықтық қатынастар кезінде қаржыландыру көзін
редакцияның өзі іздеп тапты, осы кезде нарық заңы мен талабынан БАҚ-тың
көпшілігі жұмыс істеуге дәрменсіз болып шықты, менеджментң ұғымына
түсінбеу оларды тіптен тығырықа тіреп, еңбек салғырттығына әкеліп,
журналистердің шығармашылық белсенділігін төмендетіп, бәсекеге деген
құлшынысты әлсіретті.
Нарықтың негізгі шарты бәсеке дедік. Бәсекеге түсу – өзінің мүмкіндігін,
қабілетін, ерекшелігін барынша көрсету деген үғым. Нарыққа көшкендік
экономикалық заңдылақтарды талап қылады. Сондықтан нарықтық экономика
тақырыбындағы хабарлардың сапасын жақсарту өзекті мәселе болып отыр.
Жекешелендірудің жай-күйі, шаруашылық басқарудың жаңа үлгілері, жеке
меншік жөніндегі теле туындыларды көбейтуге тырысу керек. Журналистикадағы
менеджмент кәсіби қызметкерлерді реттеуді, нақтылы шешімдер іздестіруді,
ұжымды жүйелі басқаруды ұсынды. Көзқарас білдіретін айқын хабар дайындау
үшін әрбір телепублицистің хабарындағы сөз бен істің білігі және оқиғадағы
тереңдік пен шыншылдықты тең ұстау, көріністің оқиғадағы үйлесімділігін
қамтататсыз ету тиіс {104,43}. Хабар дайындау барысында журналист өзіндік
әдісі арқылы өзгешеленіп тұрады.
Мемлекеттік және тәуелсіз арналар аудитория, жарнама және кәсіби
журналистер үшін өзара бәсекелес саналады. Бәсекеге түсетін журналистің
сезімталдығы, біліктілігі, білімділігі, ұстамдылығы, этикалық
жауапкершілігі бір-бірімен ұштасып отыруы керек. А.Бейсенқұлов: “Жұмысты
ұйымдастырудың тиімді тәсілі уақыт және қаржы үнемділігі, уақытқа
байланысты шешім қабылдау мүмкіндігі электронды құжат айналысының
экономикалық тиімділігі, демократиялық басқару, тәжірибе алмасу, білімді
көтерудің жаңа мүмкіндіктері.” дейді{155,17}.
Менеджмент - редакциядағы пайда өсімі мен өндірісті басқару, ұжымдағы
өндірістік қызметтер үрдісін ғылыми басқару, өндірушілер мен тұтынушылар
арасындағы байланыс. БАҚ менеджментінде журналистің ақпаратпен жұмыс істеу
машығы заңды. Ол жаңа техника мен технологияларды жатсынбай, білімін
күнделікті толықтырып отыруы керек. Теледидардың эстетикалық функциясы
адам сезіміне әсер етеді. Сондай-ақ теледидар қашан да идеологиялық қызмет
атқарған. Қазіргі кезде сейілдік және көңіл көтерушілік мақсатта жасалатын
бағдарламаларға көбірек орын беріледі. “Қоғамдағы әр топ пен әр қауымның
әлеуметтік мәселесі ғана емес, эстетикалық талғамы мен мәдени сұранысы,
өнерге деген көзқарасы да әр түрлі” {158}.
Әсілінде, телерадио бағдарламаларының көпшілігі аудитория талабын
қанағаттандырып, пайда тауып қана қоймай, ақпарат пен тұтынушы арасындағы
байланыс үрдісінің сәтті аяқталуын бақылап отыруы керек.
Кез келген дәуір өзіне қажетті мәдениет жасап, соны пайдаланады. Алайда
шет елдерден келіп жатқан мәдени ағымдарды талдап қолдануға күш салу,
сондай-ақ ұлттық құндылықтар мен шекара асып келген мәдениетті ұштастыра
білу қажет. Мәдениетімізді заман талабына сай дамыту, әлемдік мәдениет
нарығына именбей ену, шет елдермен шығармашылық бәсекеге түсу қажет.
Теледидардағы талантты авторлар мен продюсерлер мәдениет нарқын түсініп,
бағдарламасын қандай аудитория жақсы қабылдайтынын зерттеп, соған сәйкес
әрекет жасауы керек. Мәдениет пен ұлттық мәдени мұра, және осы тұрғыда БАҚ-
на жүктелетін міндеттер туралы бүгінгі қалыптасқан жағдайға сай жаңа заң
қабылдау - күн тәртібіндегі мәселе.
Нарық бәсекесіне кезінде техникалық базаны уақыт кезеңіне сай соңғы
үлгімен жабдықтау, жарнама берушілерді тарту, демеушілерді табу, таралу
аймағы мен аудиториясының молдығы нарық бәсекесі кезіндегі маңызды фактор
болып табылады. Республика бойынша тіркелген 250 телеарнаның республикалық
деңгейдегі Хабарң агенттігі, Қазақстанң ұлттық арнасы, КТКң, 31-
телеарнаң, Рахатң, сондай-ақ басқа да облыстық телеарналар бар. Олардың
шынайы бәсекелестігі жетістіктерге бастайды. Бәсекенің қаржылық жағы
шығыннан гөрі кірісті арттыруға әрекет етуге, экономикаға дұрыс бағыт
ұстануға байланысты. Жоғары сапалы журналист материалдары, жанрлық түрлері
жағынан қызғылықты бағдарламалар болуы тиіс. Аудитория сұранысы тарабынан
болатын ауытқушылықты дер кезінде байқау, әлеуметтік қайта құруға
ақпараттық, танымдық, тәрбиелік, ағартушылық, реттеуші, анықтамалық,
жарнамалық қатынастың шапшаң дамуына кепілдік беріп отыру керек.
БАҚ-ты бас редактордан кейін бөлім меңгерушілері басқаруы қажет.
Олардың мақсаты - бәсекелестікті күшейту жолында телехабарларды жоспарлау,
ұйымдастыру, шығынсыз жұмыс істеуге қол жеткізу әрі оларды табыс көзіне
айналдыру. Талапқа сай көшбасшы болу, шығармашылыққа деген құлшынысты
ояту, қиындықта жол тауып шыға білу талап етіледі. Нарық жағдайында жұмыс
істейтін редакция мүшелері, редактор, ұйымдастырушы т.б. шығынды жобалау
мен қаламақыға есеп жасау, келісім кезінде келіссөзді дұрыс бағалау, өзге
де қажетті мәселелерді меңгеруге тиісті. Демократиялық қоғамда көрермен -
қалауы өзіндегі халық. Ендігі жерде ана арнадан, мына арнадан айныма деп
билік нұсқау бере алмайды, қазіргі талаптар мен мүмкіндіктер аудиторияны
үзбей зертеп отыруды міндет етеді. Бұл теледидар ісіндегі проблемаларды
шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан әр редакцияда оқырман мен көрерменді
зерттеп отыратын бөлімдер жұмыс істесе, олар көрерменнің талап-тілегін,
таңдауын зерделеуге құлшынса игі істер атқарылар еді. Мұндай іс атқарылған
жағдайда ең алдымен көпшіліктің сұранысын қанағаттандыруды ойлау керек.
Екіншіден, теледидар мен аудитория арасындағы байланыс нығая түседі.
Үшіншіден, көрермен талабына сай жаңа ізденістерге жол ашылады. Нарық
қатынасындағы телеарнада осы істер айнымай атқарлыса, қаржылық қор да
тұрақтала түсер еді.
Қоғам дамуындағы күрделі үрдістерден теледидар сырт қала алмайды.
Теледидар өмірдің барлық тіршілігімен бірге тыныстап, адамдармен тікелей
қарым-қатынасты үзбеуге тиіс.
Нарық заңымен бірге теледидарға жарнама келді, ол және телеарналардың
экономикалық жағдайын жақсартып қана қоймай, күнделікті бағдарламалардың
алуан-түрлі, қызықты болып шығуына игі әсерін тигізді. БАҚ -та жарнама
әсерін көпшілікке таратып, психологиялық бақылау жасау - мәдениеттің бір
бөлігің {165, 7}. Жарнаманың негізгі мақсаты - тауарларды сату,
экономиканың қалыпты жұмыс істеуін қамтаматсыз ету. Экрандағы жарнама -
көзге көрінетін, құлаққа естілетін {166,89} нарықтық экономиканың бір
белгісі .
Мемлекет қарамағындағы телеарналар күні бүгінге дейін нарық
жағдайына баяу бейімделуде. Әрі 1990-2000 жж. аралығындағы қысқарту
мәселесің бұл салаға аз зиян тигізген жоқ. Десек те оның басты себептері:
1)Тәуелсіз телеарналар халық көкейіндегі ойды дөп басып, оларға
ашық микрофонң ұсынған кезде, мемлекет бақылауындағы арналар бұл биіктен
көріне алмады.
2)Тәуелсіз телеарналардағы жалақы мәселесінің жоғарлығы мен
техникалық жарақатанудың сонылығы кадрлардың солай қарай ойысуына оңтайлы
жағдай жасады.
3)Жарнама мәселесіндегі бәсекелестік кезеңінде тәуелсіз телеарналар
үстемдікке ие болды. Олардың жарнама берушілермен тез арада тіл табысуы
мен жарнаманы көрнекі әрі көз тартатындай етіп беруі техникалық мүмкіндік
пен арнайы ізденушілердің арқасында жүзеге асып жатты.
4)Кеңестік кезеңнің қатаң қыспағынан босанған көрерменнің
шөліркеген көңілін қандыруға зор әсер етті. 1985-1995 ж.ж. аралығында
Кеңестер одағынан бөлініп шығу маңызының өсуі, кәсіпкерліктің пайда болыуы
теледидардағы нарықтық қатынастардың дамуына тікелей әсер етті.
Тележурналистика даму үшін тележурналистің ізденісте болу тиіс. Сөз,
сөйлем қолдану барысында әр журналистің өзгеге ұқсамайтын өзіне тән
ерекшеліктер болады. Әсіресе тікелей эфир жағдайында дәл басып, дөп
сөйлеу екінің бірінің қолынан келе бермейді, осы жайға көркем сөздің
дүлдүл жүйріктерінің өзі де назар аударып отырған.
Қазақ теледидарының бағдарламаларындағы ауызекі сөйлеу тілінің даму
ерекшеліктері:
а) тележурналистер сценарийде түр мен мазмұнның бір болуын, ұлттық
түр болуын ескерген.
ә)қазақтың бай әрі көркем мазмұнының тілінің шұбарланбауына үнемі
көңіл аударып отырған;
б) қазақтың тіл байлығына қоса, әрбір салаға байланысты өмірімізге
кіріккен жаңа сөз, жаңаша сөйлем құрылыстарын енгізуге талпынған;
в) эфирдегі сөйлеу мен сұхбаттасу кезінде образ, әрі бейнелік
көріністің бір-бірін толықтыруы керектігінің үлгісін көрсеткен;
г) газет және радио тілінің әдіс-тәсілдеріне сүйене отырып, теледидар
тілінің, айқын, қысқа әрі нұсқа сөйлеудің, көрерменнің бәріне ұғынықты,
қарапайым болуын көздеген;
д) телетілдің адамның мінезі мен көңіл-күйін бейнелеу, табиғат
көріністерін суреттеу әдісіне соныдан жол алған;
ж) балалар, жастар, өнер, ғылым, өндіріс, шаруашылық, саясат, т.б
салалардағы сөздердің үлгісін ала отырып, оны аудиторияның қабылдауына
лайықтап дамытқан.
Интеллектуалдық құбылыстарды қоғамның диалектикалық даму үрдісінде
қарастырып, оған терең де сәйкесті баяндаулар жасау сценарий авторы үшін
өте қажет. Ойын барынша түсінікті, мейлінше бейнелеп жеткізе білген
сценарист - сөз сиқырын терең ұққан шығармашылық тұлға. Кейде сценарийдің
өн бойындағы пікірлердің өзін кейіпкердің іс-әрекетімен орайластыра, шымыр
жеткізуге де болады. Оны қаз-қалпында қайталау да бар, сөйлемді ретсіз
құрастырушылар да кездеседі. Тілі жұтаң дегенде, алдымен ойдың жұтаңдығы
еске түседі. Сөздік қордың молдығы, заттар мен құбылыстардың ұқсастығын
тауып, салыстыра, әсерлі, ұтымды сөйлеуге талаптану – шешендіктің әсем
көрнісі. Тілдік ізденістің өзі “Нағыз ақын сөзді айтып, не тыңдап қана
қоймайды. Ол сөзді дыбыстық жағымен қоса, түр-түсі жағынан да ажырата
алады” {218,238-Б}. Тележурналист сөзді бірде әуеніне қарап қолданса,
енді бірде өңіне қарап пайдаланады. Әдеби мәдениеті мен табиғи таланты
деңгейлес тұрған сегіз қырлы бір сырлы кемеңгер талант өзі сұрыптап
отырған сөздің мән-мағынасымен қоса, оның төркінін, шыққан тегіне шейін
жақсы білуге тиіс. Сөз зергері оны неғұрлым анық білген сайын айқын және
орынды пайдаланады. Отандық теледидарда “реалити-шоу” деңгейінде жасалған,
әрі көрермендер қызыға тамашалайтын фильм-портреттер бар.
Қоғамымыздың өсіп-өркендеу жолында тағдыры көпшілікке үлгі болар,
ұрпақ үшін өмірлік мәні зор оқиғалар, шынайы жан-дүниесі жылулыққа толы,
ақылдың кені атанған тұлғалар бейнесі қызықты әрі тамаша берілген. Ол -
деректі фильм-портреттер, ол тағы да - сан-алуан бағдарламалар, ол ток-
думан хабарлары. Ол - нақты өмір, деректі кино. Сан-саладағы деректі
сериалдар қоғамдық көңіл-күйдің барометрі іспеттес. Онда қоғамның қалай
өмір сүріп жатқаны шыншыл, әрі боямасыз көрсетіледі. Көрерменнің бүгінгі
қалауы да, талабы да осы.
М.Барманқұлов айтқандай, “Теледидар қазір журналистиканың барлық ескі
жанрларын жаңарған түрге айналдырды. Олардың бар-ау деп есте жүргендерінің
жаңа қырларын ашты. Жаңа әдістерді дүниеге келтіріп, журналистикаға жаңаша
жанрлар мен формалар сыйлады”.
Тележурналистің мәдениеті өзінің ойларын, сырларын бейне көрністерге
халықтық сипатта бере алуында болып табылады. Мазмұнының күрделі, ойдың
терең иірімдеріне орай пішіндердің де алуан түрлі келетіндігін байқауға
болады. Демек, пішін мазмұннан туындап жатады. Оператор камерасы арқылы
түсірілетін оқиғаның нұсқалық түрін сақтау, оның мазмұнын неғұрлым дұрыс
және белгілі мақсатқа бағындыра білу керек.
ІІІ тарау. Еліміздегі телеарналар бағыты
Тележурналистер өздерінің сана ұстанымын, сырбаздық талғамын айқын,
ашық ұстап, өзгерген дала мен ауылды, жаңарған қала мен білігі терең зиялы
қауымды экранда барлық сырымен, тұлғасымен, пайымымен, табиғилығымен ашып
көрсте білуі қажет. Бүгінде тележурналистика жасандылық пен
жаттандылықтан, әсіре қызыл мен көпірме сандырақтан бойды аулақ салып
келеді. Осы өзгеріс, жаңалықтардың бәрі де әрекет, қимыл-қозғалысқа
әкелді, ойда өсу, пайымда тереңдік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz