Ақпарат туралы



Кіріспе:

Ақпарат дегеніміз...

Негізгі бөлім:

1. Сапалы әрі танымалы ақпарат.

2. Ақпаратты берудегі жеделділік.

3. Радиожурналистиканың ақпараттық жанрлары.

Қорытынды:

Менің көз қарасым...
Ақпарат дегеніміз – күнделікті тұрмыстық шындықтың санадағы көрінісі. Субективті оқиғаны сезіну. Ақпарат болған оқиғаны болды дейді. Ол мемлекеттің, олардың қайраткерлерінің өміріне кері әсер етуі мүмкін. Ақпарат болған жайтты әр қырынан, қызығушы мен қатысушының қөзқарастарын сәйкестендіріп беруі мүмкін. Ақпаратты тек болған оқиғаға да байланысты. Аудитория сапалы, элитарлы болуы мүмкін. Бірақ, оларға бір ақпарат ұсынылады. Аз ақпараттандырылған аудитория танымал сары басылымды талап етеді. Ақпарат аудитория деңгейіне сәйкес келу керек. Тек ақпататтандырып қана қоймай, сол аудитория санасына қалай жетті, маңыздысы сол. Ол үшін қоғамдық пікірді білу керек. Ақпаратсыз еш нәрсе болмайды.
Ақпаратсыз ең мықты саясаткер, ең күшті мемлекет, ең мықты халық ешкімге айналады. Барлығына да белгілі бір оқиғаға ақпатат береді. Журналистік ақпаратсыз барлығы да ешкім емес, нөлге тең, ештеңеге қажетсіз зат сияқты болып қалады.
Ақпараттың маңыздылығы жөнінде талай талас-тартыс болған. Екатеринбургте болған 1995 жылғы халықаралық ғылыми – практикалық коференцияның қортындысын алсақ. Белгілі профессор В.Фоминнің « Таза деректер жөнінде баяндамасында, доцент Л. Кроповтовтың Күнделікті өмірдің құпиясы немесе ақпаратқа деген шектетілген көзқарас» атты хабарламасында фактінің астарынан не түсінуге болады деген сұрақ туындайды. Олардың қорытындылары белгілі еңбектерге сүйенеді.
Фоминнің соңғы қорытындысы бойынша « Таза фактілер» мен « Таза шындық» болмайды. Ол қандай тақырыпқа арналмаса да жеке қатынастық өмір немесе басқа бір жайт болсын, редакциялық ұжым үшін белгілі бір құндылықтарға сүйенеді. Адами қоғам белгілі бір интелектіге сүйенген соң, ешкім де әлемдік көзқарастың дамуын көрсетейін. Өткенде ғана ақтараттың объектівтілігіне деген қажеттілік туындап жатыр еді. Бүгінде оның субъективтілігіне басым болып қалыпты. Бірақ, бұл ғана жылжу емес, ақпарат мәселесіне ұсынылған жаңа тәсіл емес. Алдыңғы оппонеттерді қайталау болып шығады.
Қандай қорытынды ? Біз ақұпарат пен фактіге қатысты алты қатынасты ұстанамыз: 1. Ақпарат жоқ болса, қоғамның өмір сүруіде жоқ. 2. Ақпарат болған оқиғаның шындығын өз мәнінен төмен бейнелейді. 3. Ақпарат болған жәйтқа шындықты керағар етіп көрсетеді. 4. Ақпарат бірін бірі толықтырып, шындықты түрлі көзқараспен көрсетеді. 5. Ақпарат болған жайттан күштірек шығуы мүмкін. 6. Ақпарат таратушыларының өзі факті мен оқиғаны ұйымдастыруы мүмкін.
Сапалы әрі танымал ақпарат. Аудиториясына байланысты газеттерді бөліп қарастыру Англяда кең етек жайған. Онда сапалы және таныал екенін бірден аңғаруға болады. Соңғы жылдары олардың шекаралары жақындағанын, ортақ деңгейлері көтеріліп келе жатқанын байқауға болады.

Кіріспе:

Ақпарат дегеніміз...

Негізгі бөлім:

1. Сапалы әрі танымалы ақпарат.

2. Ақпаратты берудегі жеделділік.

3. Радиожурналистиканың ақпараттық жанрлары.

Қорытынды:

Менің көз қарасым...

Ақпараттың жасалу жолдары

Ақпарат дегеніміз – күнделікті тұрмыстық шындықтың санадағы көрінісі.
Субективті оқиғаны сезіну. Ақпарат болған оқиғаны болды дейді. Ол
мемлекеттің, олардың қайраткерлерінің өміріне кері әсер етуі мүмкін.
Ақпарат болған жайтты әр қырынан, қызығушы мен қатысушының қөзқарастарын
сәйкестендіріп беруі мүмкін. Ақпаратты тек болған оқиғаға да байланысты.
Аудитория сапалы, элитарлы болуы мүмкін. Бірақ, оларға бір ақпарат
ұсынылады. Аз ақпараттандырылған аудитория танымал сары басылымды талап
етеді. Ақпарат аудитория деңгейіне сәйкес келу керек. Тек ақпататтандырып
қана қоймай, сол аудитория санасына қалай жетті, маңыздысы сол. Ол үшін
қоғамдық пікірді білу керек. Ақпаратсыз еш нәрсе болмайды.
Ақпаратсыз ең мықты саясаткер, ең күшті мемлекет, ең мықты халық
ешкімге айналады. Барлығына да белгілі бір оқиғаға ақпатат береді.
Журналистік ақпаратсыз барлығы да ешкім емес, нөлге тең, ештеңеге қажетсіз
зат сияқты болып қалады.
Ақпараттың маңыздылығы жөнінде талай талас-тартыс болған.
Екатеринбургте болған 1995 жылғы халықаралық ғылыми – практикалық
коференцияның қортындысын алсақ. Белгілі профессор В.Фоминнің Таза
деректер жөнінде баяндамасында, доцент Л. Кроповтовтың Күнделікті өмірдің
құпиясы немесе ақпаратқа деген шектетілген көзқарас атты хабарламасында
фактінің астарынан не түсінуге болады деген сұрақ туындайды. Олардың
қорытындылары белгілі еңбектерге сүйенеді.
Фоминнің соңғы қорытындысы бойынша Таза фактілер мен Таза шындық
болмайды. Ол қандай тақырыпқа арналмаса да жеке қатынастық өмір немесе
басқа бір жайт болсын, редакциялық ұжым үшін белгілі бір құндылықтарға
сүйенеді. Адами қоғам белгілі бір интелектіге сүйенген соң, ешкім де
әлемдік көзқарастың дамуын көрсетейін. Өткенде ғана ақтараттың
объектівтілігіне деген қажеттілік туындап жатыр еді. Бүгінде оның
субъективтілігіне басым болып қалыпты. Бірақ, бұл ғана жылжу емес, ақпарат
мәселесіне ұсынылған жаңа тәсіл емес. Алдыңғы оппонеттерді қайталау болып
шығады.
Қандай қорытынды ? Біз ақұпарат пен фактіге қатысты алты қатынасты
ұстанамыз: 1. Ақпарат жоқ болса, қоғамның өмір сүруіде жоқ. 2. Ақпарат
болған оқиғаның шындығын өз мәнінен төмен бейнелейді. 3. Ақпарат болған
жәйтқа шындықты керағар етіп көрсетеді. 4. Ақпарат бірін бірі толықтырып,
шындықты түрлі көзқараспен көрсетеді. 5. Ақпарат болған жайттан күштірек
шығуы мүмкін. 6. Ақпарат таратушыларының өзі факті мен оқиғаны
ұйымдастыруы мүмкін.
Сапалы әрі танымал ақпарат. Аудиториясына байланысты газеттерді
бөліп қарастыру Англяда кең етек жайған. Онда сапалы және таныал екенін
бірден аңғаруға болады. Соңғы жылдары олардың шекаралары жақындағанын,
ортақ деңгейлері көтеріліп келе жатқанын байқауға болады.
Ұлыбритания оқырмандары қандай әлеуметтік топқа жататынын жіктеп
тастаған. С. Беловтың Ғасыр тоғысындағы , Британ баспасөзі ( Мәскеу,
1995 жыл) монографиясында осы топтарды бөліп қарастырады. А,В,С-1,С-2, Д, Е
деп бөледі. А тобы – басқарушы элита. В тобы – жоғары орташа класс, С-1
тобы – орташа байлар, шенеуніктер, жоғары сапалы жұмысшылар, бір сөзбен
айтқанда жай орташа класс, С-2 тобы – мамандандырылған жұмысшылар, ұсақ
ауқаттылар, қатардағы қызметкерлер. Д – тобы әртүрлі жұмысшылар мен төмен
жалақылы еңбеккерлер. Соңғы, Е – тобы оқушылар, зейнеткерлер, жұмыссыздар.
Шәкіртақы мен мемлекеттік жәрдемақыға өмір сүретіндер.
Оқырман деңгейін ақпараттың бағдарынан аңғаруға болады. Сапалы,
элитарлы газеттер ақпараттандырады. Ал танымал газеттер қызықтырады.
Жарнама берушілер де өз материалдарын оқырмандардың деңгейіне қарай береді.
Олардың топтары кеңірек. Біріншіге АВС-1 тобын жатқызса, екіншіге С-2. Д.Е
тобын жатқызады.
Саплы газеттер жанрына қарай ерекшеленеді. Онда ақпарат бүгінгі
күннің редакциялық мақалалары аналитикалық сараптаулар, эссе, мәдени, діни,
саяси қоғам қайраткерлерінің ашық хаттары басылады. Тілі – университеттік,
жоғары білімді адамдарға ғана түсінікті.
Қызық, қазақстандық Караван қандай басылымға жатады екен? Алдымен
санры басылымның ерекшеліктерін атап өтейік. Олардың негізгі наны –
даурықпа материалдар, танымал адамдардың жеке өмірі, қылмыс хроникасы,
сыйлықтар ұтысы, лотереялар, спорт және спортшылар өмірі.
Сары басылымдар оқырманды өздеріне тартудың түрлері айла-амалын
қарстырып жатады.Мәселен, лотереялар мен байқаулар. Газеттің түрлі-түсті
фотосуреттер мен хабарландырулар сапалы газеттер де болды. Кейбір газеттер
бағасын екі есеге төмендетті.
Қазақстанда Караван КТК-ға қарсы істе женіске жетіп, бүгінде осы
арнаға иелік етеді.Ұлыбританияның үкіметі ол тенденцияға оң көзқараста
болып, 1995 жылы газет топтарының телевизиондық кәсәпкерлікке араласуына
рұқсат берді. Бірақ телевизиондықтар газет акцияларын иелене алмайтын етті.
Ақпарат пен гедонизм. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, ойын-сауықтық
бағдарламалары бізде де шетелдердегідей көбірек таралған. Әсіресе, алыс
шетелдерде. Италияда телехабарлардың 88.6 пайызын жеңіл ойын-сауықтық
бағдарламалар құрайды. Ресейде – 20,7 пайыз. Италиядағы коммерциялық
арналарда ақпараттық хабарлардан гөрі ойын-сауық хабарларды 20 есе көп.
Мұндай ойын-сауықтық бағдарламалар танымал газеттермен мәндес келеді.
Алматы коммерциялық телевидениесін көріңізші: онда көпшілігі, көңіл-
күйіңді көтеретін хабарлар береді, көп сериалды фильмдер, концерттер,
қызықты бағдарламалар. Күн сайын таңертең және кешке қайталап көрсетеді.
Олар қандай ақпарат береді? Тек эоция.
Міне, сондықтана да абсолютті ақпараттың нақты анықтамасы жоқ.
П.Кропатов: Ақпарат – ғылым картасында ақтаңдақ боп қала береді,- дейді.
Сары басылымдардың, шоу бағдарламалардың көбеюі салмақты
басылымдарды, сараптамалы материалдарды ығыстыруға бет алды. Өмірлік
қажеттіліктер арқылы оқырмандар санын көбейту қиындыққа айналуда. Бұрын
мұндай жайлар үшін редакторлар мен журналисттерді айыптаған. Елдің
аудиториясының сұранысына қарай қызмет ету керек болды.
Ақпарат пен саясаткердің имиджі. Журналистердің айтуы бойынша, олардың
негізгі мақсаты – шынайы ақпарат шеткізу. Саясаткерлердің ойынша,
журналистика дегеніміз – ақпарат. Ал ол ақпарат олардың бейнесін жақсы
жағынан көрсету болып табылады деп есептейді. Олардың шынайы бейнесін емес,
аудитория алдында тартымды етіп көрсету.
Классикалық имидж жасаудың үлгі етуге болатын түрі – Францидағы
Людовик XIV деп санайды франсуздар. Оның дәстүрлі этикеттер сценарийлері,
әртүрлі күнделікті күн тәртібі саяси өмірді театрландырып жіберген жоқ па?
Дәл қазіргі саясаткерлер де осылай жасауда. Өзін қарапайым халыққа
жақын екнін көрсеткісі келген Клинтон флейтада ойнайды, жаңа жылдық ас
мәзірлерін жақсы дайындайтынымен мақтана алады.
Телевидение ғасыры келеді. Саясаткерлер осының мүмкіндігін пайдалана
бастады. Ең алдымен киімі мен жүріс-тұрысты қалай ұстау керек екнін
үйренді. 1995 жылғы президенттік науқанда саясат пен киім туралы ең күшті
сюжеті болды. Әрине, саясаткерлер өздерінің қандай екенін көрсеткісі келген
жоқ.Олар халық қалай қабылдайды, солай киінді.
Телевидение шындықты көрсеткенді ұнатады. Саясаткерлер телевидениені
өздерін жақсы жағынан көрсеткені үшін жақсы көреді. Дегенмен, телевидение
саясаткерлерінің шынайы өмірін көрсетіп қана қоймай, олардан өшіналады.
Деректерді монтаждау. Журналист ақпаратты таңдаған соң оны өңдеуге
көшеді. Әдетте біреудің сөзін, пікірталасты, түсіндірмелерді қосу арқылы
ақпараттарды толықтауға болады. Ал фактілер – таза әрі жарияланбаған
мәліметтер болу керек. Сондықтан да көбісі ақпарат деп Жалаңаш фактілерді
сынайды. Олар шынында да ақпаратты объективті түрде көрсете алады. Бірақ
жалаңаш фактілерді тек жаңалықтарда ғана пайдалана аламыз. Өйткені, ол
коментарисіз. Аудиторияға әсер ететін жаңалықтарды қабылдау төмендегідей
қызметтерден тұрады: фактілерді іріктеу, таңдау, ақпараттандыру, музыка,
ақпараттық бояу беру және тағы басқа.
Фактілерді жинақтау. Талқыға түспеген жалаңаш фактілерді жинақтауда
ол объективті түрде болса да оның шын мәнінде қалай болғанын анықтап алу
керек.
Факті – шындық болып келіп, жалпы көрініс өтірік болуы мүмкін. Немесе
керісінше. Барлығы да ақпарат таратушы журналистің көзқарасына байланысты.
Немесе тапсырушының көзқарасына байланысты. Бір фактілерді жинақтағанда,
өзімізге қажеттілерін жинаған кезде өтірік көрініске айналды деп ойлаймыз.
Дәл осындай көрініс ақпараттық вакумды қалыптастыруы мүмкін. Таңдап алынған
фактілер ақпарат таратушыға жағымды әсер қалдыруы мүмкін де, енді бірде
елге керсінше әсер етуі мүмкін. Ақпаратты таңдау еркіндігі кейде
тәртіпсіздікке, хаосқа алып келері анық.
Жаһандық үнсіздік пен ақпараттардың жетіспеуі немесе шектен тыс көп
болуы – бұл жайттар шындықтан алыстатады. Әрбір жалаңаш факт
коментарийсіз болса да, ол объективті әрі дұрыс. Телекөрермен жалаңаш
фактілерінің объективтілігіне сенеді, тағы сол арқылы өздері шатасады.
Музыка, Интонация, Интершум. Музыкаға әуес телекөрермендер жаңалықтарды
қалдырмай көреді, тіпті мұндай бағдарламаларға қызықпаса да.
Музыкалық ақпараттық хабарға Утро жатады. Жұмыс күніне дейін
телекөрермен ақпарат пен музыкаға қанық болады. Музыка ол – сергектік үшін,
ақпарат - әлем жаңалықтарымен хабардар болуды білдіреді.
Ресейлік Утро хабары Сәлем, Америка бағдарламасына еліктеп,
осындай музыкалық хабар ашса, бізде сағат 7.05-те Қайырлы таң, Қазақстан
атты ақпаратты-сауық бағдарлама болады.
Әйтсе де, монтаждың барлығына тән заңдылығы бар, ол – фактілер
қақтығысы, әзіл, жинақтау мен үнсіздікте. Сонымен қатар арнайылары да бар.
Газет үшін ол – верстка, арнайы материалдарды қоршап беру, беттен арнайы
орын табу, тақырыбын, рубрикасын, абзац пен өзге де белгілерді ойыпберу.
Радионың да өзіне тән ерекшелігі: шу, музыка, интонация. Әсіресе көңіл
көтеруші бағдарламаларда музыка өзіндік рөлге ие бола бастады.
Музыка, киножұлдыздармен, музыканттармен, жазушылармен,
спортсмендермен болған қысқа сұхбатта да қолданылады, саяси жетекшілермен
болған әңгіме де музыкамен көркемделеді. Маңызды ақпаратты елге жеткізу де,
олардың назарын аудару үшін музыка таптырмайтын құрал ретінде
пайдаланылады.
Дәйек пен психологиялық бағытталу. Бұл да ақпататтық бағдарлама жасау
барысында ескертіледі. Мұнда аудиторияның топқа немесе класқа бөлінетіндігі
туралы емес, бұл жерде дәл қазіргі уақытта ақпаратты қабылдаудағы
психологиялық жағдайдың мүмкіндігі айтылады.
Психологиялық дайындалу мен дәйектің арсында қандайда бір байланыс
болуы тиіс. Яғни дәйектің нақты екенін дәлелдеп тұруы шарт.
Ақпаратты беру барысында ол алдымен эмоция шақыратындай болуы керек,
яғни бұл сенің ішкі дүниеңнің толғанысын білдіруі шарт. Эмоция тудыратындай
ақпаратты бере білудің өзі тек адам миына ғана әсер етпеуі тиіс. Ақпаратты
жеткізіп отырған тілші өз көзқарасымен ұштастыра білсе, оны аудитория жақсы
қабылдайды.
Ақпараттық бағдарламада дәйек хроникалық түрде монтаждалмайды оған
музыка, жаңа көңіл-көтерушілік бағдарламалар қосылады. Сондықтан барлығын
ескере келе аудиторияның психологиялық түрде бағытталуы уақытқа да
байланысты. Психологиялық бағытталу немесе дайындық өзі пайда болумен қатар
жасанды түрге айналуы да мүмкін.
Ақпаратты берудегі жеделділік. Ақпаратты беруде жылдамдылық қана
маңызды емес. Мұнда саяси және психологиялық маңызы болуы шарт. Мәселен
қандай да бір телеграфты агенттік немесе тәулік бойы таралатын ақпараттық
телебағдарлама басқа газет материалдарынан немесе басқа телебағдарламадан
ақпаратты беруден кешігіп қалса, онда ол арнаның беделі төмендеп, халықтың
қызығушылығын тудырмайды. Әлемдік телеграф агенттіктері арасындағы
жылдамдылық тек коммерциялық тұрғыдан емес, саяси жағынан да маңызды. Яғни
бірінші таратылған ақпарат оқиғаны өз деңгейінде жеткізе алса, басқа
бағдарламалардан өткен тура сол оқиға көрерменді қызықтырмайтын болады.
Ақпаратты берудегі жылдамдылық психологиялық тұрғыдан да әсер етеді.
Бірінші нұсқада ақпарат толық болмауы мүмкін. Фактіні жеткізетін бірнеше
қысқа сөйлем аудиторияның эмоциясын тудырып, бірнеше минут уақыттың ішінде
көрерменнің өз пікірі қалыптасып үлгереді.
Ақпарат жылдамдылық жағынан бірнеше тпоқа бөлінеді. Олар: абсолютті
жедел ақпарат, яғни оқиға болып жатқан жерден сол сәтте таралатын ақпарат.
Ал екіншісі, оқиға болғаннан кейін бір сағат ішінде таралатын ақпарат. Ал
кейбір ақпарат келесі күні таралуы мүмкін. Демек асығыссыз жеткен ақпаратта
оқиғаның қай күні болғаны нақты айтылмайды.
Телевизия мамандары соңғы ақпараттарында жаңалықтың абсолютті
жылдамдығын көп көрсетпейді. Себебі олар жаңалықты кадрде айтып отырып,
оқиғаны толық жеткізуге тырысу үшін жаңалықты бағдарламаның соңына қояды.
Егер монтаждап үлгерсе, видеорепортаж көрсетеді. Немесе, корреспондент
телефон арқылы хабарлайды, енді соған құлақ түрелік дейді. Фондағы
корреспондент сутетті және карта көрсетіліп, ары қарай ақпарат беріледі.
бұл әдісті көпшілігі жасанды жасалған әрекет деуі мүмкін, бірақ, бұл
телевидение үшін абсалютті жедел ақпарат таратуда маңызды болып табылады.
Ақпаратты жылдам берудің мыңыздылығы туралы Дэвид Рэнделлдің
Универсальный журналист деген кітабында да айтылады. Ол Жаңалықтың
уақытқа тәуелді болғаны өзкеті емес. Демек бұл жерде уақыт-маңызды фактор
болып есептелмейді. Егер біз ірі оқиғаны 3 аптадан кейін естіп, оны араға
уақыт салып эфирге берсеңіз, бұл енді ақпараттың маңызын да беделін де
түсіріп тастайды. Бірақ бұл бір ғана оқиға. Егер жаңалық ешкімге мәлім
болмаса ол, 3 апта берілмесе де немесе бірнеше айдан кейін барып жарияланса
бұл жерде уақыт аралығы емес, оны қаншалықты адамдардың білетіндігі фактор
бола алады Осындайда 30-жылдары газет шығарушы журналистердің айтқан
сөздері еске түседі. Олар: келесі күнге қалған қызықты газет-бұл газет
емес, беллетристика. Газет ол барлығына бүгін қызықты болуы керек. Демек ол
ертеңге қалмауы тиіс. Ал Дэвид Рэндаллдің айтқандары Алитет уходит в горв
деген шығармадағы оқиға желісіне ұқсайды. Онда қыстауда жатқан адам бір
жылға арналған газет тігіндісін бірден ашады. Сонда әлгі адам барлық
газетті сол күнді санына дейін реттеп алады, бірақ жаңалықтардың бәрін
оқуда бір жылға кеш қалған еді. Бәрібір ол үшін әрбір жаналық сенсация
болды, толқи оқыды. Кеңес кезінде үкімет білді. Яғни саяси бюро білді,
сонан соң бірнеше аптадан жаңалықтарын алдымен бүкіл кейін бұқара, қоғамға
да, өмір сүру бағытына да байланысты.
Рэндаллдің тағы бір сөзіне қосылмасқа амал жоқ. Ол Газеттің басты
рөлі – қоғамда қажетті, қызығушылығын тудыратын тақырыпты табуы шарт. Ол
сондай – ақ мүмкіндігінше аудиторияға тез, нақты жететіндей әрі салмақты
болса тіпті жақсы.
Телеарна журналисттері көп жағдайда синхронды сюжет жасау барысында
портативті антенаны жиі қолданады.
Ақпарат кейде алдын ала болжанып қоюы да мүмкін. Ол қандай оқиғаның
қай жерде, кімдер ұйымдастыратынына дейін, тіпті қандай мәселенің
көтерілетіні туралы да болжанады. Сондықтан онымен айналысатын органдар
жаналықтан қалып қоймай оны алдын-ала біліп отырады.
Мәселен, Жабыл Жабаевтің 150-жылдық мерейтойы 1999 жылдың 24-ші
тамызында болады деп жоспарланады. Ал тілшілер бұл мерейтойға Өзбекстан,
Қырғызстан президенттерінің де қатынасатынын бір апта бұрын хабарлап қойды.
Бұл Бұқаралық ақпарат құралдарының тәжірибесіндегі негізгі міндет.
Р а д и о дүниеге журналистикадан, өнердің көп саласынан кейін
келгені мәлім. Бірақ, өнердің көптеген салаларынан – кино, театр, эстрада
т.б. қарағанда радионың мүмкіндігі орасан зор.
Бүгінгі күні мемлекеттер арсында, халықаралық қатынастар аясында
информациялық насихат құралдарының ролі қандай дәрежеде өсіп отырғаны
баршаға аян. Ғылыми – техникалық прогресс нағыз шарықтау шегіне жетіп тұр.
Миллиондаған, сансыз шығып жатқан газет-журналдар, сан саналы басылымдардан
келіп түсіп жататын хабар-ақпарат тасқынында ешқандай тосқауыл жоқ.
Дүние жүзінде сыртқы радио хабарларын тарататын елдер қатары күннен
күнге көбейе түсуде. Телеграф аганттіктерінің қатары да молая, қанатын
кеңге жая түсуде. Халықаралық хабар алмасу мәселелері, шетелдерге хабар
тарату, журналистердің жұмыс істеу тәртібі, шарты, космосты радио-теле
хабарларына пайдалану сияқты көптеген мәселелер халықаралық форумдарда,
ЮНЕСКО-да, Біріккен Ұлттар Ұйымында талқыланады.
Теледидар өмірге араласқан соң радионың беделі төмендеді ме? Әрине,
жоқ. Кейбір теоретиктердің алғашқы кездері тек тыңдағаннан гөрі, әрине,
көріп отырып тыңдаған жөн. Сондықтан теледидарға қарағанда радионың өмірде
қажеттілігі болмауы да мүмкін деген болжамдары жүзеге аспағаны
дәлелденді. Радио өз артықшылықтарын, мүмкіншіліктерін пайдалана отырып,
даму үстінде. Ол қандай артықшылықтар, мүмкіншіліктер, ерекшеліктер
екндігіне тоқталу қажет.
1. Баспасөз бен теледидарға қарағанда аса жедел, шапшандығы
(оперативтілігі). Аса бір жедел, әрі маңызды жаңалықты хабарлауда, орасн
үлкен аудиторияны жинауда, яғни сол насихатты немесе сол хабарламаны
тыңдайтындардың саны жоғарыда аталған ақпарат құралдарына қарғанда
әлдеқайда көп екендігі ғылымда дәлелденіп отыр.
2. Өте қолайлығы. Портативті транзисторлар арқылы далада жүрген малшы да,
егінші де т.б. еңбек адамдары, немесе көлікте кетіп бара жатқан жолаушы да
кез келген хабарды өз қалауы бойынша тыңдай алады.
3. Ерекше көңіл бөлуді қалмайды, яғни атқарып отырған жұмысыңды тастап,
теледидар алдына отыруға мәжбүр еткендегідей емес, не болмаса арнайы уақыт
бөліп оқуынды мәжбүр еткедегідей емес, не болмаса арнайы уақыт бөліп
оқуынды қажет етпей, қайта сол істі атқара жүріп тындап, информация алуға
мүмкіндігі бар.
4. Тыңдаушы өзіндік пікір қалыптастырады. Мысалы, радиоқойылым тыңдап
отырған адам ондағы кейіпкердің іс-әрекеті, дауыс ырғағы, сөйлеген сөзі
арқылы өзіндік пікір түйеді, өзінше елестетеді, өзінше тұжырымдайды.
5. Тыңдаушыға сол оқиғаға қатысып отырғандай әсер қалдырады.
6. Жанды дауыс арқылы дыбыстық, документтік сурет келеді көз алдыңызға.
7. Нақтылық. Адамның сөйлеу мәнері, дауысы арқылы тану ( мысалы, мынау
сөйлеп тұрған бәленбай адам ғой. Немесе мына пікір анау қайраткердікі ғой
деген сияқты ).
Радиохабарларын көркемдеу екі топқа бөлінеді:
1. Табиғи құралдар:
а) сөз, жанды дауыс
б) әр түрлі шулар
в) музыка
2. Техникалық құралдар:
а) монтаждау, онаң түрлері.
Радионың тағы бір айырмашылығы адам санасына екі сферада әсер етуі.
Алғашқысы – адамның миына, ақыл – ойына тікелей әсер етуі. Мысалы, тыңдаушы
радиодан президенттің баяндамасын, сөзін тыңдап делік. Сол сәтте адам
әңгіме барысын тыңдай отырып, санасында қорықып, өзінше пікір түйіп, өзінше
жауап береді. Немесе, бір экономистің баға жөніндегі әңгімесін тыңдай
отырып, тыңдарман тағы да сол бағаның көтерілетіндігі жайында, қымбаттаудың
мүмкіндігі туралы түйін жасайды.
Келесі сфера – тыңдармандардың эмоциясына яғни көңіл-күйіне әсер
етуі. Бұл ретте радиодан берілетін хабарлардың көпшілігінің документі,
нақты болатындығы да үлкен роль атқарады. Осы жерды американдық жазушы
Герберт Уэллстің Война миров атты шығармасы бойынша берілген
радиоқойылымның тарихта қалған тағдыры жайында айта кету артық болмас. Бұл
қойылым АҚШ-тағы Нью-Джерси штатында эфирден өтеді. Марс плонетасынан ұшып
келген адамдардың осы жерге қонғанын, жолындағы үй-жайларды, тұрғындарды
жойып, қалаға қарай беттеп келе жатқандығы туралы хабарлап тұрған диктордың
даусы естілісімен бірнеше адам жүрек ұстамасынан өліп, үйлерін, тұрақтарын
тастай қашып, кебіреулері қолдарынан келгенше қаруланып, марстіктермен
соғысқа дайындалған.
1944 жылы осындай жағдай Чилиде қайталанған. Бұл радиоспектакль,
әуре-сарсаңға түспеңіздер деген хабарламаға ешкім құлақ аспаған. 1948
жылы Эквадорда болған жағдайдың аяғы тіпті қайғылы аяқталған. Диктор
марстіатер елдің астанасына қарай келе жатыр дегенді ести салысымен халық
тағы да әбігерге түседі. Кейіннен, бұл ғылыми - фантастикалық шығарма
бойынша жасалған радиоқойылым екенін естісімен тұрғындар радиостанцияны
өртеп, олардың бірнеше қызметкерлерін өлтіріп, жаралаған. Міне, эмоцияға
шектен тыс әсер етудің нәтижесі осылай болған.
Баспасөз және радиохабарларды жанрларының берілу әдісі және баяндалу
стилі жағынан, фактілер мен өмір құбылыстарын бейнелеу үшін қолданылатын
құралдары, айтып беру тәсілдері жағынан бірінен бірі нақты ажыратылады.
Қазақ баспасөзінде, радиосында, теледидарында беріліп, жарық көріп жатқан
материалдардың барлығының, мейлі қандай жанрда болсын, қандай пішін-формада
болсын көздеген мақсатының бірі – ол халықтың ой-өрісін саналы арттыруға
қызмет жасау, ұрпақты парасаттылыққа, имандылыққа, ұлжандылыққа тәрбиелеу,
дінімізді насихаттау болып отыр.
Радиоаудитория тұрақты. Бірақ, тыңдаушылар құрамы, олардың талап-
тілектері әр түрлі. Баспасөздегі, көркемәдебиеттегі жанрлардың бәрі радиода
қолданылады, соларды қлоданылып, радиохабардың түр-сипаты жағынан құбыла
түсуде. Газет, радио материалдарының көп бөлігі хабарламалық жанрлардан
тұрады. Ол хабарлардың бәрінің негізі-жаңалық. Кез келген ақпарат не болды,
қайда, неліктен, қандай жағдайда болды деген сұрақтар төңірегінде жасалады.
Енді радиоинформацияның басты ерекшелігі – дыбыстылығы, естуге болатындығы.
Мысалы, бір атақты артист өнер сапарына келді дейік, ол туралы газеттен
оқып қоя салуға болады. Егерде ол туралы радиохабар ұйымдастырылған болса,
оның даусы, дикциясын естіп, оның әңгімесі арқылы ой-парасытын, көзқарасын
түсіндіру көз алдыңызға портрет әкеледі. Дыбыстық жағынан ақпаратты
информацияны бірнеше түрге бөлуге болады, басқа ақпарат құралдарындағы
информациялармен салыстыра қараған уақытта міндетті түрде бұл
ерекшеліктерді саралаған жөн.
1. диктордың оқуындағы хабар.
2. Кейіпкердің сөзін жазып алу арқылы берілатін хабар.
3. Корреспонденттің даусы арқылы берілетін хабар.
4. Музыканы беру арқылы пайдалану.
Дикторлық оқу – көбінесе ресми хабарлар, телегреф агенттіктерінің
хабарлары, шетел жаңалықтары. Көбінесе ер адам даусы мен әйел даусын
алмастырып, кезектесіп, ресми тонмен оқылады. Бұл біздің радиода дәстүрге
айналган. Көбінесе екі дауыспен хабар беру Франция радиосының тәжірибесінде
кездеседі. Европа елдерінде, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінде бір
дауыспен оқу тәжірибеде көбірек падаланылады. Бір ойдан екінші ойға кеткен
уақыттағы қажетті паузаның бұл арада қажеттілігі жоқ болады және әйел
даусынан кейін алмасқан ер адам даусы бірден көңіл аударады.
Кейіпкерлердің, қонақтың немесе жаңалық ашушы адамның өз даусы арқылы
оқиғаны немесе жаңалықты хабарлату яғни жанды дауыспен беру мүлде басқа
дүние. Бұл-документтілік, журналистің, оқиғаны көзімен көріп,сөзімен
жеткузушінің баяндауы басқа бір адамның баяндауымен берілген хабардан гөрі
фактінің нақтылығына деген сенімділікті арттыра түседі. Бұл жерде
корреспонденттің білімділігі, тапқырлығы, сөздік қоры хабардың мінсіз
шығуына әсер етеді.
Хабар арасында музыканы көп пайдаланудың тиімділігі кейінгі уақыттарда
көп айтылып, тіпті өз нәтижесін беріп те жүрген құбылыс. Тыңдарманға
жеткізілер хабардың тиімділігін арттыруға музыканың ролі ерекше екендігін
бүгінгі уақыт тынысы дәлелдеп отыр. Информация тасқыны күннен күнге
ұлғайып, молайып тұрған сәтте, тыңдарман талғамынан шығу, оларды таңдандыру
күрделі болып тұрғанында музыка арқылы байланыс жасау – заман ағымынан
туындап отыр деуге болады. Хабарды тыңдарманға ұсынар алдында елең еткізер
музыкамен оның көңілін аудару, содан кейін барып информацияны ұсыну
нәтижесінің тіпті тиімді екені дәлелденіп отыр. Музыка тыңдаушылардың
контингентін анықтау, жас мөлшеріне, өмір сүру ортасына байланысты, олардың
талап-тілекткріне орай концерттік бағдарламалар беру шетелдік радиоларда
ежелден қолданылып келе жатқан дәстүр. Біздің радиожурналисттеріміз де осы
үрдісті қолдауға, яғни демографиялық зерттеулер жасай отырып, социологиялық
анализдер жүргізе отырып, тыңдарманмен байланыс жасау – радиожурналистер
еңбегін жандандырар, істерін алға бастырар аса маңызды шарттардың бірі
болуда.
Радиохабарларды есту арқылы қабылдайтын болғандықтан текстің немесе
сценарийдің айтылатын әңгімеге, сөйленетін сөзге айналу процесіне аса зор
мән беріледі. Бұл мәселе қазір кең көлемдегі ғылыми кеңестерге, үлкен пікір
алысуларға, теориялық және эксперементальдық зерттеулерге негіз болып отыр.
Өйткені, талғамы жоғары, талап-тілегі биік тұрғыдан тыңдаушы аудиториясын
шу дегеннен меңгеріп кету, көпшілік ынта-ықыласын жаулап алу оңай шаруа
емес. Ол біріншіден, журналист шығармашылығында кездесетін психологиялық
сәттерді шебер игеруге байланысты болса керек.
Радиожурналистер арасында кез келген хабарды текстімен емес,
естілуімен бағаланады деген пікір бар. Маңызды деген материалды бір қалыпты
дауыспен (монотонды) оқу адамның сезіміне әсер етпейді. Микрофон алдындағы
сөйлеушінің мүмкіншілігі, шеберлігі біздің алдыңғы тұжырымдарымызда дәлел
бола алады. Бүгінгі радиожурналист эфирде бейнелеу құралдарының қыр-сырын
жетік меңгеріп, өзгеше табиғи акустикалық ерекшеліктеріне қанық болуы тиіс.
Себебі, радио құралдарын пайдалана алмайтын, дұрыс қолдауды білмейтін хабар
жасаушы уақыт үрдісіне ілесе алмасы анық.

Радионың байланыс құралы ретінде танылғанына бір ғасырдан астам уақыт
өтті. Осы мерзім ішінде журналистиканың жаңа түрі радиожурналистика дүниеге
келіп, қалыптасып, дамыды. Өмір сүріп отырған, ғылыми-техникалық
програсстің шарықтау шегіне жеткен осы бір электронды құралдар әлемінде,
радио өзінің мүмкіншілігін аша түсіп, қанатын кеңге жайып отырғандығы
шындық.
Электромагниттік толқындарды сымсыз байланыс жасау үшін пайдалану
жоніндегі жаңалық 1895 жылдың жаңа күнтізбесі бойынша 7 мамыр күні,
Петербург университетіндегі, физика аудиториясында Александр Степанович
Поповтың баяндамасы арқылы енгені мәлім. ол сол кезде Кронштадтағы
офицерлер мкетебінің оқытушысы болатын. Сол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан қоғамындағы қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарыны өзекті мәселелері
Журналистикадағы бұқаралық ақпарат ұғымы
Қазақстан ақпарат агенттіктерінің қалыптасуы
Бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі
«Электрондық үкімет. Мемлекеттік қызметкерлерге электрондық қызмет»
Қатаң құпия ақпарат
Ақпарат құралдарының тәрбиеге ықпалы
ҮКІМЕТТЕГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУЫ
Ресей Федерациясы мен Америка Құрама Штаттарының саяси процестеріне бұқаралық ақпарат құралдарының әсері
Бұқаралық ақпарат - маңызды тәрбие құралы
Пәндер