Шалқар көлі – тарих пен табиғат ескерткіші, туризм, демалыс және емдеу нысаны


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Шалқар көлі - тарих пен табиғат ескерткіші, туризм, демалыс және емдеу нысаны.

Орал өңіріндегі көнеден қалған тамаша ескерткіштің бірі, ол - Шалқар көлі.

Шалқар көлі айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени, рекреациялық және эстетикалық құндылығы бар көл.

Көл Орал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 75 шақырым жерде, Теректі ауданында орналасқан.

Бұл Батыс Қазақстан облысындағы ең терең, ірі су айдыны.

Бұл табиғат су айдыны өте көне болып саналады, оның қашан пайда болғаны күні бүгінге дейін талас тудырып келеді. Алайда бір «версия» мейлінше көңілге қонымды. Көл Каспий шегінен мың жыл бұрын тартылған бұрынғы Хвалын теңізінің жұрнағы, сол себепті де тарихқа дейінгі кезде бүкіл қазіргі Каспий маңы ойпаты орнында жоғарыда айтылған теңіз болған.

Есте жоқ ескі заманнан бері Шалқар көлі адам назарын өзіне тарқан, оның жағасын оғыздар, печенег тайпалары мекен етсе, кейіннен қыпшақ, түрік тайпалары - қазақ халқының ата-бабалары қоныс тепкен.

Бұған 921-922 жылдарда Волга Бұлғариясына жасаған сапары туралы араб көпесі-ғалым Ахмед Ибн-Фадланның шығармалары куә. Ахмед Ибн-Фадлан Хорезмнен Бұлғарияға дейінгі маршрутын сипаттай келе, ерте дамыған ортағасырда Еуразия кіндігі палеографиясына көп көңіл бөлген. Шалқар көлі айналасындағы аумақта оғыз мен печенег тайпалары қоныстанғаны туралы оның әңгімелерінде ішінара кездеседі, көлге құятын Шамар, Анкоты, Вабна, (кіші Аңқаты) және көрсетілген - «бұның бәрі үлкен өзендер» деп өзендерге сипаттама берген.

Шалқар көлі айналасына Х ғасырдың өзінде елді мекендер мен қалалар орналасқан. Әртүрлі кезеңдерде көпестер, миссионерлер қонақ болған. Көл жануарлар мен өсімдіктер әлеміне бай болған.

Бұл туралы 1968-1970 жылдарда және 2002-2003 жылдарда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары куә. Сантас үстіртінің дәл оңтүстік жиегінде орналасқан. Бұл су айдыны айналасында печенегтер қоныстанған деген фактіні нақтылай түсті.

Қалалық типті мекендердің ірісі - Ақ мешіт мекені. Ол Шолақ Аңқаты өзені жағасында орналасқан. Қаланың қалыптасқан уақытын XVIII-XIX ғасырларға жатқызуға болады. Өңірдегі отырықшы қала мәдениеті ескерткіштерінің ең ірісі.

Бұған ұқсас ескі қала Атырау облысындағы Сарайшық қаласын алуға болады.

Табиғат нысаны ретінде, көлдің маңызды көрінісі 1768-1774 жылдары академик П. С. Палластың басқаруымен Ресей Академиясы ғылымдарының зоологиялық экспедициясы кезінде зерттеле бастады. П. С. Паллас көлдің жан-жақты сипаттап қана қоймай, балық аулау, оны ұйымдастыру мен реттеуге байланысты да жазды.

Су айдынының шикізат базасы туралы, су айдынын реттейтін ғылыми-қорытынды шаралар туралы терең білім алу қажеттілігін, ХІХ ғ. ортасында өнеркәсіптің қарқында өсуі анықтап берді.

Географиялық қоғамның ұсынысымен 1952 жылы академик К. М. Бэрдің басшылығымен ихтиофаунаны зерттеу мен балық аулау кәсібінің жағдайы бойынша экспедиция ұйымдастырылды (Бэр, 1860) . Бэрдің экспедиция бойынша көмекшісі Н. Я. Данилевский Шалқар көліне келіп, оның морфологиясын, грунт құрамын, тереңдігін баяндап, судың сұлбалық жоспарын жасады. Сонымен қатар оның ихтиофаунасы туралы кейбір мәліметтерді де келтірді (Данилевский, 1853) . Балық өсіру тиімділігін сақтаудың алғы шарттарының бірі ретінде Н. Я. Данилевский: «Тұщы судың құйылуының ағымын азайтады, оның сапасын бұзады, түбінің қасиеттілігін өзгертеді, су өсімдіктерін құртады, бүкіл бассейннің байлығын жойып жіберуі мүмкін» - деп, су жүйесінің тұрақтылығын анықтаған.

Шалқар көлінің физикалық-географиялық шарттары туралы қысқаша сипаттамасы, оның жаға желілері, грунт құрамы, тереңдігі, ихтиофаунасы мен гидробиологиялық кешендері бассейнде балық аулау кәсібі жағдайын зерттеген Н. А. Бородин еңбектерінде қамтылған.

Н. А. Бородин - біздің жерлесіміз, 1861 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Орал әскерлер гимназиясын алтын медальмен тәмамдап, Петербург университетіне оқуға түседі. жаратылыстанушы, кейіннен Кеңес ғалымы, Гарвард және Кембридж университеттерінің профессоры. Көптеген жылдар бойы балық өсірумен, оның ішінде Шалқар көлі мен Солянка өзеніне бекіре тұқымдас балықтарды өсіру тәжірибелерімен айналысқан. Оған шалқар селедкасы мен шалқар торта балығы туралы алғашқы сипаттамалар тиесілі. Шалқар көлінің гидрофаунасын зерттеу негізінде ғалымдармен көл генезисі бойынша Понто-Каспий су айдындарының қалдық су айдыны, бұрынғы геологиялық дәуірдің реликтісі болып табылады деген пікірлер айтылды. Кейбір қазіргі заманғы ихтиофауна өкілдері алғаш рет 5-7 млн. Жыл бұрын шекарасы қазіргі Жерорта теңізі, Қара теңіз, Азов теңізі, Каспий теңізі және Арал теңіздері шекара шегінен асып, тұзы аз Понтикалық көл-теңізде пайда болған.

Қазақтың белгілі жазушысы, Қазақ ССР-нің Мемлекеттік лауреаты, Шалқарда дүниеге келген Х. Есенжанов өзінің «Ақжайық» трилогиясында Шалқар көлін былай сипаттайды: «Шалқар - үлкен көл, оның ұзындығы жиырма верст, ал ені - 15 верст болады. Сағадағы әрі бетін көк толқын бұйралап, теңіздей шалқыған Шалқар көл жатыр. Көлге борлы ақ тұмсығын төндіре шөккен арғы беттегі Сынтас тауы алыстан бұлдырайды; шетіне көз жеткісіз судың алыс кенересі көк жиекпен қосылып доға сызық тартқан. Айналасы атпен жүрсе қос күндік Шалқар көлі бейне бір ожаудай; алыстан аққан бұраң бойлы көп түбекті, Арқа беті қызыл жарлы Аңқаты өзені - ожау көлдің сабы сияқты».

Көлдің қазіргі көрінісі дөңгелек-жұмыртқа тәрізді формада, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы - 18 километрге жуық, батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы - 14 км. Максималды тереңдігі 18 м, тереңдігі 10-нан 12 метр тереңдікті көл түбінің 30 %, ал екі метрден кем тереңдікті 30 % алып жатыр.

Көлде 1, 4 млрд. куб. м. -ға жуық су жиналады, көлдің ең үлкен ауданы 24000 га. Желді күндері судың бетін ақ бұйра толқындар жауып, оның шуылы нағыз теңізді еске түсіреді.

Шалқар көлінің суы тұзды хлоридті-натрийлі минералды су типіне жатады. Су құрамында тұз қышқылы, кальций гидрокарбонат, магний және өмірге қажетті басқа да минералды элементтер бар. Бұның өзі оның құрамы теңіз суымен ұқсас екендігін көрсетеді, ал экологиялық жағдайы демалушылардың сауығуына септігін тигізгендіктен, көптеген теңіз суларынан артық та.

Көлге шығыс жағынан 2 өзен құяды: Есен Аңқаты (Үлкен Аңқаты) және Шолақ Аңқаты (Кіші Аңқаты), ал

Батыс Қазақстан облысының табиғат - қорығы қоры нысандары

Батыс Қазақстан облысының аймағында мемлекетік және облыстық маңызы бар табиғат- қорығы қорының 10 нысаны жұмыс жасайды.

Олардың ішінде үшеуі мемлекеттік қорықша мәртебесіне ие. Олар - Кирсанов, Бударин және Жалтыркөл зоологиялық қаумалы.

Кирсанов зоологиялық қаумалы бұлан, қабан, елік, борсық, түлкі, қоян, өзен құндызы сияқты сирек кедесетін жануарларды сақтап қалу мен өсіру мақсатында ұйымдастырылды.

Қаумалдың ауданы 61, 1 гектарды құрайды, облыстың Бөрлі, Теректі және Зеленов аудандарының аймағында орналасқан.

Жануарлар әлемін қорғау жөнінде қорықты ұйымдастыру табиғат кешенін аман-сау сақтап қалуға себеп болды. Осының арқасында өңірдегі сирек кездесетін жануарлар түрлері сақталынды. Быковка және Ембулатовка өзендерінің жайылмалары бойымен құндыз көбейіп, жерсінді.

Қаумал аумағы жайылмасында Орал өңірінің далалық табиғи кешенінің бірегей тамаша еменді және үйеңкі ормандары сақталған. Олар жануарлар мен өсімдіктердің сирек түрлері үшін керемет жағдайлар жасады, олардың көбісі тек Батыс Қазақстанда ғана кездеседі.

Өсімдіктер әлемі өте қызықты. ҚР Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктердің көптеген түрлері таратылып қана қоймай, сансыз көбейген. Мысалы: емен, қурай, қабыржақ, бүлдірген, алма ағашы, қарақат, мойыл ормандарды құрайды. Бұнда облыстағы сирек өсімдік түрлеріне: бетір, шыбынсалы, қосбас, шерменгүл, сүйелшөптер тән.

Бударин зоологиялық қаумалы жануарлар мен құстардың сирек түрлері: европалық қара күзен, орман сусарысу тышқандар, аққұйрық суқарақұс, құрды сақтап қалу мен өсіру үшін, қорықты мекендейтін жануарлар әлемінің табиғи ортасын сақтауға, сонымен бірге басқа жануарлар түрлері: қабан, қоян, түлкі, қарсақ, бұлан, елік, борсықты өсіру мен пайдалануға ұйымдастырылды.

Қаумалдың ауданы 80, 0 гектарды құрайды, Ақжайық және Зеленов аудандарында орналасқан.

Қаумал аумағында басқа аудандарда жануарлардың бағалы түрлері: бұлан, елік, қабан, қоян, ондатраның мекендеуі, көбеюі және сақталуы үшін барлық жағдайлар жинақталған.

Бұдан басқа, қаумал аймағы Орал өзенінің жайылмасындағы сирек реликтісіндегі су жаңғағы мен су папоротник-сальвиниясының мекендейтін ең оңтүстік жері. Қорғау арқасында сальвиния сақталып қана қойған жоқ, сонымен бірге Көшім бойымен және оның су қоймасында Қамыс-Самар көліне дейін орналасты. Қаумалды сақтау орман өсімдіктерін қалпына келтіруге септігін тигізетін болады.

Соңғы жылдарда зоологиялық қорықты ұйымдастыру - тек жануарлар әлемін ғана емес, барлық табиғи кешендерді аман-сау қорғауға септігін тигізді.

Жалтыркөл зоологиялық қаумалы ҚР Қызыл кітабына енген құстардың сирек түрлері: бұйра бірқазан, ақбас тырнасы, қарабайлар, қылаң қарабас шағала және т. б. сақтап қалу және өсіру мақсатында, сонымен бірге жануарлардың басқа түрлері: қабан, қоян, түлкі, борсық, сұр қаз, үйректі өсіру мен пайдалану ұйымдастырылды.

Қаумалдың ауданы 19, 0 гектарды құрайды, ол Жаңақала ауданында орналасқан.

Жалтыркөл көлінің су айдыны жан-жағынан жіңішке жапырақты қоға, қамыс қопасымен қоршалған. Қопа алқабының ені 50-ден 200 м-ге дейін. Өзеннің оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағаларында жыңғыл қопалары мол.

Өзен жағалауларын батыстан, шығыстан және солтүстіктен ақ жусанды өсімдіктері қоршайды.

Қаумал аймағында 70-ке тарта құс түрі мекендеп, ұя салады. Оның ішінде 14 Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олар: бұйра бірқазан, лашын, ақбас тырнасы, сұңқылдақ-аққу, отүйрек, аққұйрық суқарақұс және тағы басқалары. Сүтқоректілерден дала тышқаны мекендейді

Шалқар көлінің таулары мен пайдалы қазбалары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Қазақстандық өңір солтүстік облыстар шоқтығында ерекше орында
Қазақстандағы шағын көлдердің туристік рекреациялық мүмкіндіктерінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы
Солтүстік Қазақстанның географиялық орны
Шалқар курорттық зонасының экологиялық жағдайлары
Батыс Қазақстан облысы жайлы
Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын экологиялық туризм бөлігінде дамыту
Шығыс Қазақстан облысының туризм орындары
Зеренді өңірінің мәдени, тарихи және табиғи ескерткіштері
Ақмола облысының туристік мүмкіндіктері
Туристік - рекреациялық ресурстар классификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz