Фихте философиясы



1. Ойлау және ойлау мен заттар туралы
2. Фихтенің таным теориясы мен білімдердің ғылымы туралы идеясы
3. Фихте философиясының негізгі ерекшеліктері
Ендеше, ойлау туралы және ойлау мен заттар туралы ойлаудың арасындағы байланыс қандай? Бұл зерденің үлесіне тиген мәселе. Осы проблеманы классикалық неміс философиясының келесі бір өкілі И.Г.Фихте (1762-1814) шешепекші болды.
Фихтенің философиясына таладу жасамастан бұрын, оның Кантың философиясынан қалай жол тауып шықанын айта кеткеніміз жөн. Бұл жерде Канттың атақты трансцендентальды апперцепциясы үлкен роль атқарды. Мәселе мынада еді. Сонау жаңа заман дәуірінде Декарт өзінің философиясын негіздей отырып, «Егер мен күмандансам, онда менң ойлағаным, егер мен ойласам, онда менім өмір сүргенім» деген принципке сүйенген еді. Осы принциптің екінші жартысы, яғни ойлау мен өмір сүрудің тепе-теңдігі Канттың трансцендентальды апперцепциясының пайда болуына әкелді. Осыған сүйене отырып, Фихте өзіндік сананың маңызын жоғары бағалады, оның ешбір объективті дүниенің заңдарына бағыбайтыны, одан тәуелсіз өмір сүре отырып, ойлаудың ең жоғарғы формасы – абсолютті «менге» жететінін негіздеді. Мұның өзі Фихтенің ұстазы Канттың философиялық жүйесін адамға қарай, оның қызметіне қарай жақындата түскен қадамдарының бірі болатын. Әрине, субъективтік көзқарас, дегенмен бұнда үлкен мән жатыр. Бұл Кант түсінбеген диалектикалық байланыстарды таным қызметімен ұштастыру еді.
1. Тұрғанбаев Ә «Философияның қысқаша тарихы»

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Фихте философиясы

Ендеше, ойлау туралы және ойлау мен заттар туралы ойлаудың арасындағы
байланыс қандай? Бұл зерденің үлесіне тиген мәселе. Осы проблеманы
классикалық неміс философиясының келесі бір өкілі И.Г.Фихте (1762-1814)
шешепекші болды.
Фихтенің философиясына таладу жасамастан бұрын, оның Кантың
философиясынан қалай жол тауып шықанын айта кеткеніміз жөн. Бұл жерде
Канттың атақты трансцендентальды апперцепциясы үлкен роль атқарды. Мәселе
мынада еді. Сонау жаңа заман дәуірінде Декарт өзінің философиясын негіздей
отырып, Егер мен күмандансам, онда менң ойлағаным, егер мен ойласам, онда
менім өмір сүргенім деген принципке сүйенген еді. Осы принциптің екінші
жартысы, яғни ойлау мен өмір сүрудің тепе-теңдігі Канттың трансцендентальды
апперцепциясының пайда болуына әкелді. Осыған сүйене отырып, Фихте өзіндік
сананың маңызын жоғары бағалады, оның ешбір объективті дүниенің заңдарына
бағыбайтыны, одан тәуелсіз өмір сүре отырып, ойлаудың ең жоғарғы формасы –
абсолютті менге жететінін негіздеді. Мұның өзі Фихтенің ұстазы Канттың
философиялық жүйесін адамға қарай, оның қызметіне қарай жақындата түскен
қадамдарының бірі болатын. Әрине, субъективтік көзқарас, дегенмен бұнда
үлкен мән жатыр. Бұл Кант түсінбеген диалектикалық байланыстарды таным
қызметімен ұштастыру еді.
Фихтені қатты алаңдатқан ендігі бір мәселе – Канттың Өзіндік зат
деген проблемасы болатын. Оның басқа да жақтастары сияқты Фихте де бұл
мәселені айналып өте алмады. Өйткені, Кант біздің санамыздан тыс ешқандай
заттарды мойындамады. Бірақ, Өзіндік зат бар, оның не екені белгісіз
деген тұжырым жасады. Міне, осыған байланысты Фихте Өзіндік затты ойдан
басқа ештеңе емес деп дәлелдеуге тырысты. Бірақ, Өзіндік зат жай
қарапайым ой емес, ол абсолютті, өз қызметеің жемісі болып отырған жоғары
сана сипаттас. Сөйтіп, Фихте бұл абсолютті ойды абсолютті Менге
айналдырды. Содан танымның гносиологиялық жаңа түрі пайда болды. Ендігі
мәселе –сананың өз қызметінің нәтижесінде пайда болған формамен қатар, ол
тудырған білімдердің мазмұнын ашу қажеттігі еді. Осылайша философия ғылымға
айналды. Ол ғылым болғандықтан өзінің ішкі заңдылығы бар білімдер жүйесін
тудыратын, сол арқылы дамитын процеске айналуы керек. Сонымен қатар
философия жай ғана ғылымдардың қатарына жатпайды, ол ерекше ғылым, басқа да
ғылымдардың пайда болуның ішкі заңдылығын, негізгі принциптерін дамытатын
ғылым. Ендіше бұл, яғни философия ғылымдардың ғылыми туралы ілім болуы
керек.
Сөйтіп, Фихтенің жүйесіне байланысты философия тархында жаңа бір
ағым шықты. Бұл ағым философияны таза ұғымдардың, яғни философиялық
категориялар пайым мен зерденің жүйесі деп қараумен шектелмеді. Оның
ойынша, Философия – барлық ғылымдардың жүйесін негіздеу адамзат
білімдерінің жалпы жүйесін жасау.
Фихте сонымен қатар әрбір ғылым саласынада көңіл бөле отырып, олар
белгілі бір негізден шығуы тиіс еді. Мұндай негізгі қағыидалар және оның
маөмұны ғылымның ішкі мазмұнымен байланысты. Ғылымының формасы негізгі
принциптер арқылы бір-біріне мазмұны арқыл байланысты болып отырған тәсіл
болып саналады. Сөйтіп, Фихте философиясын міндетін ғылым ретінде, ол
негізгі бір принциптің арқасында өзінің ішкі мазмұнын ашуға тиіс деп
уағыздады. Ал енді ғылыми білімдер арқылы пайда болағ таным процессінің
заңдалағы барлық ғылымдар үшін негізгі болып есептеледі.
Алайда Фихтенің осы таным теориясы мен білімдердің ғылыми туралы
идеясы диалектикалық бір негізге қарай ойысты. Ондай диалектикалық негіз
абсолюттік меннің даумынан көрінді. Фихтенің осы идеясы оның Ғылыми
ілім деп аталатын еңбегінде айырықша баяндалды. Ол, ең алдымен, абсолюттік
меннің өзіне-өзі тепе тең, сәйкес келетінін дәлелдейді. Философтың мұндай
пікірі өзінің субъективті, Мен менге тең деген принципі арқылы танымының
өзіндік санаға тән, өзіндік ішкі дамуы бар екендігін айқындап беріп отыр.
Шынында да, әрбір зат, ең алдымен, өзінідік дамудың жемісі, алдымен өзін-
өзі таниды. Ендеше, осының барлығы өзіндік дамуға сырттан танылған күш
емес, өз-өзінен шыққан күш ретінде қарауға әкеліп соғады. Фихтенің бұл
пікірі жалпы табиғаттың ғана емес, адамның даму процесінде тереңнен ашуға
мүмкіндік береді. Иә, адам мен қоғамның пайда болып, жетілуі ең алдымен
ішкі дамудың, өзіндік дамудың нәтижесі.
Фихтенің келесі принципі абсолюттік Мен Мен еместі тудырады деген
және соған сәйкес тепе-тең келеді деген ой арқылы дамиды. Бұл жерде біз
оның қарапайым фармальды логиканың шырмаунынан шығып, субъектінің (оны адам
деуге болады) белсенділігін, шығармашылық ролін жоғары бағалап отырған
идеясын көреміз. Бұл жерде Мен бір жағынан Мен емес тудырады.
Екіншіден Мен Мен емеске ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
И.Г. Фихте философиясы
Немістің классикалық философиясы
Классикалық неміс философиясы жайында
Канттан кейінгі классикалық неміс идеализмінің өкілі
Неміс классикалық философиясының негізгі сипаттары
Ұлы ғалымдардың діни философиялық көзқарастары
Неміс философиясы
ХІХ ғасырдағы неміс философиясының даму кезеңдері
Неміс философиясы – неміс халқының философиялық білімдер жүйесі
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы көрнекті ғалым Иммануил Кант
Пәндер