Орыс философиясының ерекшеліктері


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Орыс философиясы.

Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңі- 11-17 ғасырлар, өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, бірақ сонымен қатар оның төлтумалығын да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған христиандыру үдерісімен байланысты болды. Өзінің пайда болуында ол, бір жағынан, славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан, христиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антик философиясының көптеген идеяларын бойына сіңірді. Мұнан өзге Византиямен қатынас Ресейге шығыстық христиандық философия тұжырымдамаларының бекітілуіне ықпал етті. Осылайша орыс философиясы философиялық ой дамуының негізгі бағытына сай дами отырып, христиандандырылған күйінде болса да антиктік, византиялық, ертеболгар дүниетанымы идеяларын бойына сіңірді. Оның үстіне орыс философиясы 9-шы ғасырда Кирилл мен Мефодий қалыптастырған өзінің жеке жазба тілін әуел бастан қолданды.

Философиялық білім дүниетанымдық функциямен қатар данышпандық қызметті де атқарады, ал Ертедегі Русьтің рухани өмірі монастырларда (ғибадатханаларда) шоғырланғандықтан, бұл философиялық ілімнің сипатына өз әсерін тигізді. Жалпы алғанда, философиялық және тарихи ой христиандық принципіне негізделген.

Адамзат пен орыс халқы тағдырларын философиялық пайымдауда әуел бастан-ақ патриотизм мен тарихи тереңдік орын алады. Ең алғашқы орыс философы-киевтік митрополит Илларион (11-ші ғасыр) «Заң және береке туралы» сөзінде-ақ «орыс жерінің» қасиетті дүние құдіретінің жалпы әлемдік үдерісіне енуін дінтанулық тарихи тұрғыда негіздейді. Оның

жұмысында Ресейдің тағдыры және орыс халқы мен орыс мәдениетінің әлемдегі орны, мәні мен мақсаты туралы терең пайымдаулар кездеседі.

Орыс философиясындағы ой «орыс идеясы» ағымында қалыптасты. Ресейдің ерекше тағдыры мен орны туралы идея 16-шы ғасырда қалыптасып, орыс халқының ұлттық өзіндік санасының алғашқы идеологиялық құралы болды. Орыс идеясы мұнан әрі қарай отандық философияның 19-шы ғасыры мен 20-шы ғасырдың бастапқы кезеңдерінде қалыптасты. Бұл кезеңдегі оның негізін салушылар П. Я. Чаадаев, Ф. М. Достоевский, Н. И. Беодяевтар болды. «Орыс идеясы» әлем халықтарын бүтідей біртұтастыққа біріктіретін жалпы адамзаттық идеяның терең көрінісі болды. Бұл идея бойынша, тек Ресей ғана христиандық негізінде бүкіл адамзаттық өркениеттік қозғалыстың басында болуы тиіс.

Орыс философиялық ойындағы қызықты ізденістер 16-18-ші ғасырлар бойында жалғасын тапты және екі үрдістің қарама-қайшылығы негізінде өрбіді. Мұның алғашқысы орыс ойының төлтумалығына басты назар аударып, бұл төлтумалықты орыстың рухани өмірі өзгешелігімен байланыстырады. Екінші үрдіс Ресейге еуропалық мәдениеттің даму үдерісін тануға тырысты. Бұл үрдіс өкілдерінің айтуынша, Ресей Еуропаның даму жолына барлығынан кейін түскендіктен, Батыстан көп нәрсені үйреніп, сол өткен тарихи жолды қайталауы тиіс.

Бұл екі үрдістің айқын теориялық және қоғамдық-саяси тұрғыда қалыптасуы 19-шы ғасырлың 40-60-шы жылдары болды. Біріншісін славянофильдер, екіншісін батысшылдар білдірді. Осыған байланысты, орыс философиялық ойында екі бағыт қалыптасты. Бұл екі бағыттың да қалыптасуында П. Я. Чаадаев (1794-1856) үлкен рөл атқарды. Өзінің көзқарастарын ол атақты «Философиялық хаттарында» баяндады.

Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт-бұл Батысшылдық. Бұл бағыттың өкілдері қатарына А. И. Герцен, Н. П. Огарев, К. Д. Кавелин. Н. Г. Чернышевский, Т. Н. Грановский сияқты ойшылдар жатады,

олармен В. Г. Белинский, И. С. Тургеневтер тығыз қатынас орнатты. Бұлардың барлығы шіркеуді сынап, материализмге сүйенді, бұл ағымнан орыстың революциялық демократтары өсіп шықты.

Батысшылдар Ресейдің «еуропаландыру» идеясын насихаттады және қорғады. Олардың пікірінше, ел Батыс Еуропаға бағдар ұстай отырып, тарихи қысқа уақыттың ішінде экономикалық және мәдени артта қалушылығын жойып, еуропалық және әлемдік өркениеттің толыққанды мүшесі болуы тиіс.

Славянофильдік болса, орыстың ерекше философиялық-идеологиялық ағымы болып табылады. Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессияндық(құтқарушылық) идеясын негіздеді. Славянофильдік өкілдері батысшылдарға да, революциялық демократтарға да қарсы шықты. бұл бағыттан діни орыс философиясы өсіп шықты.

Орыстың діни философиясы .

Діни философия- коммунистік идеология үстемдігі жағдайында кеңестік философияда біржақты түсіндіріліп келген 20-шы ғасыр басындағы орыс мәдениетінің аса маңызды бөлігі.

20-шы ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық-саяси ойдың ең басты бағыттарының бірі діни философия болды. Бұл бағыттың өкілдері-Николай Бердяевтің, Сергей Булгаковтың, Павел Флоренскийдің және т. б. ойшылдарының есімі әлеге белгілі. Олардың шығармашылығына 19-шы ғасырдағы орыс философиясының дәстүрлерімен қатар, әр түрлі мистикалық және пессимистік көңіл-күйлерге толы сол дәуірдің өзі де үлкен ықпалын тигізді.

Орыстың діни философиясында сыртқы әлемнің танымдылығы туралы көзқарас кеңінен таралған. Бұл көзқарас өзінің шеткі формасында, дәлірек айтқанда объектті сол күйінде интуитивті тікелей пайымдау ілімі формасында көрінеді.

Орыс философтарының пікірінше, философияның басты міндеті тәжірибенің барлық алуан түріне сүйенетін бүтін тұтастық ретіндегі әлем туралы теорияны жасап шығару болып табылады. Бұл мәселені шешуде діни тәжірибе бізге ең маңызды мәліметтерді бере алады. Тек соның арқасында ғана біз өзіміздің дүниетанымымызды барынша толықтырып, ғаламдық өмір сүрудің құпия мәнін аша аламыз. Бұл тәжірибені назарға алған философия міндетті түрде діни философияға айналады. Христиан діні діни тәжірибе саласындағы ең жоғарғы және ең толық жетістіктерімен ерекшеленеді.

Орыс философиясының ойының басты ерекшеліктерінің бірі-бұл Киев Русі дәуірінен-ақ басталған христиандандыру үдерісімен тығыз байланысты оның діни сипаттағы бағыты. Онан әрі қарай бұл «Москва-үшінші Рим» теориясында дами түсті. Бұл діни бағыт орыстың мессиандық идеясында, орыс патшалығы мен орыс халқының ерекше миссиясы-«Қасиетті Русь» идеясында айқын көрінеді. 19-шы ғасыр мен 20-шы ғасырдың басында орыс философиясындағы бұл діни сарындар қалыптасып үлгерген «Орыс идеясынан» аңғарылады. Сонымен қатар бұл діни сарын Чаадаевтің көзқарастарын, провиденциализм принциптеріне негізделген оның тарих философиясын басшылыққа алған славянофильдер философиясының бүкіл өн бойын алып жатыр. Чаадаев бойынша, қоғамдық дамудың анықтаушы факторы «Құдайдың көріпкелдігі» болып табылады. Тарих негізінде жатқан Құдайдың еркі христиандықта өзінің барлық бітімімен көрінеді. Сонымен орыстың діни дәстүрі кездейсоқ емес, Ресейдің ерекше тарихи даму процесінде қалыптасты.

19-шы ғасырдың 60-70-ші жылдары славянофильдер ілімін жалғастырған Түбіршілдер болды. Олардың философиялық ізденістерінің басты идеясы-«ұлттық түбір» Ресей дамуының негізі. Барлық түбіршілдерді олардың дүниетанымының діни сипаты біріктіреді. «Ұлттық түбір» ретінде православие идеалдары мен құндылықтары алынды. Бұл бағыттың негізгі өкілдері-А. А. Григорьев, Н. Н. Страхов, Ф. М. Достоевскийлер болды.

Түбіршілдер арасындағы ең көрнекті ойшылдарының бірі Ф. М. Достоевский (1821-1881) . Ол философ болмағанымен, таза философиялық шығармалар жазбағанымен, оның философиясы-ол қалыптастырған әдеби кейіпкерлерінің ойы және қылықтары. Онығ шығармаларының философиялылығы сонша, тіпті әдеби-көркем жанр шеңберінен шығып кетеді. Жазушы шығармаларында адам тағдыры мен мәнінің әлем және Құдаймен терең байланыстылығы туралы идеясын көтереді. Достоевский бойынша, еркіндіктің «шынайы жолы» -бұл Құдай-адамға жеткізетін жол, Құдайдың жолыменжүру. Ол үшін Құдай барлық адамгершіліктің барлық кепілінің негізі болып табылады.

Сонымен, 19-шы ғасыр мен 20-шы ғасырлар аралығында Ресейдің даму жолын христиандандырумен байланыстыратын және адам дамуын діни тұрғыда негіздейтін діни философиялық ой қалыптасты. Екі бағыт: интеллектуализм - діннің діни бастауға мүмкіндігі, антиинтеллектуализм - Құдай табиғатын, әлемдік даму заңдарын ұғыну мүмкін еместігі. Осылайша, бүтіндей алғанда, орыстың революциялық демократтары төлтумалыққа басымдылық береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыстың діни философиясы
Діни орыс философиясы
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Орыс философиялық ойларының типологиялық ерекшеліктері
Орыстың дiни философиясы туралы
Орыс философиялық ойлары
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Орыс философиясы
Өзін-өзі тану идеяларын-ың XIX-XX ғасырлардағы батыс және орыс философиясындағы көрінісі
Орыстың діни философиясының ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz