Қылмыстардың көптігі



Мазмұны

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.1 Қылмыстардың көптігінің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Қылмыстардың көптігінің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3. Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.4. Қылмыстардың жиынтығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

II. Қылмыстардың қайталануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.1. Жалпы және арнайы қайталану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2. Қарапайым қайталану идеалы, нақты қылмыстардың жиынтығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
I. Кіріспе.
Кейде жеке адам бір емес, бірнеше қылмыс жасайды да және бұл
жағдайларда әлгі қылмыстарды қылмыстық тұрғыдан дәрежелеу және оларға жаза тағайындаудағы қылмыстардың көптігімен байланысты ерекшеліктері болады. Мұндай кезде әдетте жасалған қылмыстардың да, оларды жасаған адамның да қауіптілігі күшейе түседі. Ондайда қылмыстардың көптігін бірегей, бірақ күрделі қылмыстардан ажырата білу керек.
Қылмыстың объективтік жағына сипаттама берілгенде, бірегей қылмыс құрамының заң жүзіндегі құрылымы бойынша жай да, күрделі де болуы мүмкін. “Жай” және “Күрделі” деген атаулар өзіндік мағынада қолданылады жіне қандай болмасын қылмысты жай немесе күрделі қылмыс қатарына жатқызу келтірілген зиянның ауқымына да, қылмысқа қатысқан субъектілердің санына да, тиісті қылмысты техникалық тұрғыдан дайындаудың және жүзеге асырудың жай екендігі мен күрделігіне де, оны тексерумен сотта қараудың қиын екендігіне де байланысты емес. Жай қылмыс – кінәнің бір санатымен жасалған, қылмыстың бір құрамын құрастыратын және Кодекстің бір бабы бойынша дәрежеленетін және қылмыс деген сөз. Бұл тұрғыдағы мағынамен алғанда, мәселен кісі өлтіру (Р.Ф. Қ.К. - нің 105 бабы) немесе абайсызда өлімге душар ету (Р.Ф. Қ.К. – нің 109 бабы) жай бірегей қылмыс болып табылады.
Бірегей күрделі қылмыс жай қылмыс тәрізді, қылмыстың бір құрамын құрастырады және Кодекстің бір бабы бойынша дәрежеленеді, бірақ бірегейжай қылмысқа қарағанда оның объективтік жағы күрделі мазмұнымен сипатталады.
Қылмыстың заңға сәйкес бірегей күрделі қылмыстың мынандай:
а) жалғаспалы қылмыыс, яғни бір мақсатқа және бірегей қасақаналықпен біріктірілген барабар іс-әрекеттерден тұратын қылмыс. Мәселен, теледидар жинастыруда жұмыс істейтін адам зауыттан бөлшек тетіктерді ұрлап, артынан олардан теледидар құрастырап сатпақ болады. Оның шамалы сомаға тетеіктер алып шыққан кездегі әрекеттеріне сол сатыдағы тосқауыл қойылса, оның әрекеттері аяқталған ұсақ ұрлық емес (олар әкімшілік тұрғыдағы жауаптылыққа жатады), ұрлық жасауға оқталу ретінде қарастырылуы керек (Р.Ф. Қ.К. 30-шы бабының 3-ші бөлігі және 158-бабының бірінші бөлігі).
Жалғаспалы қылмыс-бірегей қасақаналықпен біріктірілген жекелеген іс әрекеттер бір қылмыс ретінде қарастырылатын бір қылмыстың іс әрекетін құрайды.
ә)созылмалы қылмыс, яғни кінәлінің оған заң жүзінде қылмыстық құқығына түсуі мүмкін.Артылған міндеттерді соңынан созылмалы түрде орындамай қоюмен қабаттасқан әрекет немесе әрекетсіздік. Мұндай қылмыстарға бостандығынан айыруға орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу (Р.Ф. Қ.К.-нің 113 бабы), әскери немесе балама қызметті атқарудан жалтару (Р.Ф. Қ.К.-нің 328 бабы), қашқындық (Р.Ф. Қ.К.-нің 338 бабы) жатады. Олар белгілі бір қылмыстың құрамын үздіксіз жүзеге асыру мен сипатталады.
Созылмалы қылмыс әрбір қылмыстық әрекеттен немесе қылмысты әрекетсіздік актісінен басталады да кінәлінің өзінің қылмысын жалғастыруды тоқтатуға бағытталған әрекеттері негізінде немесе қылмыстың одан әрі жасалуына кедергі келтіретін оқиғалардың туындауына байланысты аяқталады.
Қылмыстың созылмалы екендігін анықтау тек дұрыс дәрежелеу үшән ғана емес, сондай-ақ ескіру және кешірім жасау жөніндегі қылмыстық-құқықтық нормаларды дұрыс қолдану, жаза тағайындау жөніндегі мәселені әрі өзгеде мәселелерді дұрыс шешу үшін қажет.
б) құрамдас қылмыс, яғни екі немесе бірнеше әрекеттерден тұратын әрі олардың әрқайсысы өз алдына жеке қылмыс ретінде қарастырылатын қылмыс. Мысалы, шабылу жасап тонау кодексте бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуылға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау ретінде белгіленеді. Бұл құрал қылмыстық іс әрекеттің мүлікті ашық ұрлауға және оқталудың жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына күш көрсетудің басын құрап тұрған сияқты. Бірінші де, екінші де ісәрекет өз алдына қылмыс құрамын құрастырады. Бірақ жасалған орнымен уақытына орай біріктірілгендіктен, олар бір құрамдас қылмыс шабуыл жасап тонауды құрайды. Бұл қылмыс екі объектіге (меншік және жәбірленушінің өмірі мен денсаулығы) қастық жасайды жене сондықтан құрамдас қылмыс кейде қос объектілі қылмыс деп аталады. Заң шығарушы тиісті іс әрекеттер іштей бірлікпен байланысты болғанда төркіні әрқилы іс әрекеттерді бірегей құрамдас қылмысқа біріктіреді.
Қылмыстардың көптігі, ең алдымен, бір адамның екі не одан да көп қылмыс жасауынан көрінеді. Оның үстіне мұндайды олардың ішіндегі тек қылмыстық құқықтық зардаптар әкелетіндері ғана ескеріледі (яғни адам, мәселен мерзімнің ескіруіне, тиісті қылмысқа сотталғандығы өткерілуіне байланысты және т.б. қылмыстық жауаптан босатылмайды).
Қолданылған әдебиеттер.
1. Негізгі әдебиет.
1.1. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: жалпы бөлім Алматы “Жеті жарғы” 2000 жыл
1.2. Наумов А.В. Угаловный закон и права человека 1990-№1
1.3. Мемлекет пен құқық негіздері оқулық Е.Баянов, Алматы “Жеті жарғы” 2001 жыл
1.4. Алауханов Е.О. Қылмыстық құық оқу құралы Алматы “Жеті жарғы”
2. Қосымша әдебиет.
2.1. Науымов А.В. обнавление метадалогии науки угаловного право, 1991 год
2.2. Шебанов А.Ф. Теория государство и право 1968 год
2.3. Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының конституцилық құқығы, оқу құралы- Астана 2001 жыл
3. Нармативтік құқықтық актілер.
3.1. Қазақстан Республикасының Кодексін күшіне енгізу туралы
3.2. Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы 2-қараша 2002 жыл
3.3. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне толықтырулар негізу туралы, 19-шілде 2003 жыл.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырып: Қылмыстардың көптігі.

Мазмұны

I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Қылмыстардың көптігінің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Қылмыстардың көптігінің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3. Қылмыстардың бірнеше мәрте
жасалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.4. Қылмыстардың
жиынтығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
II. Қылмыстардың
қайталануы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...19
2.1. Жалпы және арнайы
қайталану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .20
2. Қарапайым қайталану идеалы, нақты қылмыстардың
жиынтығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...21
III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 24
I. Кіріспе.

Кейде жеке адам бір емес, бірнеше қылмыс жасайды да және бұл

жағдайларда әлгі қылмыстарды қылмыстық тұрғыдан дәрежелеу және
оларға жаза тағайындаудағы қылмыстардың көптігімен байланысты
ерекшеліктері болады. Мұндай кезде әдетте жасалған қылмыстардың да,
оларды жасаған адамның да қауіптілігі күшейе түседі. Ондайда
қылмыстардың көптігін бірегей, бірақ күрделі қылмыстардан ажырата
білу керек.
Қылмыстың объективтік жағына сипаттама берілгенде, бірегей
қылмыс құрамының заң жүзіндегі құрылымы бойынша жай да, күрделі
де болуы мүмкін. “Жай” және “Күрделі” деген атаулар өзіндік
мағынада қолданылады жіне қандай болмасын қылмысты жай немесе
күрделі қылмыс қатарына жатқызу келтірілген зиянның ауқымына да,
қылмысқа қатысқан субъектілердің санына да, тиісті қылмысты
техникалық тұрғыдан дайындаудың және жүзеге асырудың жай екендігі
мен күрделігіне де, оны тексерумен сотта қараудың қиын екендігіне
де байланысты емес. Жай қылмыс – кінәнің бір санатымен жасалған,
қылмыстың бір құрамын құрастыратын және Кодекстің бір бабы бойынша
дәрежеленетін және қылмыс деген сөз. Бұл тұрғыдағы мағынамен
алғанда, мәселен кісі өлтіру (Р.Ф. Қ.К. - нің 105 бабы) немесе
абайсызда өлімге душар ету (Р.Ф. Қ.К. – нің 109 бабы) жай бірегей
қылмыс болып табылады.
Бірегей күрделі қылмыс жай қылмыс тәрізді, қылмыстың бір
құрамын құрастырады және Кодекстің бір бабы бойынша дәрежеленеді,
бірақ бірегейжай қылмысқа қарағанда оның объективтік жағы күрделі
мазмұнымен сипатталады.
Қылмыстың заңға сәйкес бірегей күрделі қылмыстың
мынандай:
а) жалғаспалы қылмыыс, яғни бір мақсатқа және бірегей қасақаналықпен
біріктірілген барабар іс-әрекеттерден тұратын қылмыс. Мәселен,
теледидар жинастыруда жұмыс істейтін адам зауыттан бөлшек тетіктерді
ұрлап, артынан олардан теледидар құрастырап сатпақ болады. Оның
шамалы сомаға тетеіктер алып шыққан кездегі әрекеттеріне сол
сатыдағы тосқауыл қойылса, оның әрекеттері аяқталған ұсақ ұрлық
емес (олар әкімшілік тұрғыдағы жауаптылыққа жатады), ұрлық жасауға
оқталу ретінде қарастырылуы керек (Р.Ф. Қ.К. 30-шы бабының 3-ші
бөлігі және 158-бабының бірінші бөлігі).
Жалғаспалы қылмыс-бірегей қасақаналықпен біріктірілген жекелеген
іс әрекеттер бір қылмыс ретінде қарастырылатын бір қылмыстың іс әрекетін
құрайды.
ә)созылмалы қылмыс, яғни кінәлінің оған заң жүзінде қылмыстық құқығына
түсуі мүмкін.Артылған міндеттерді соңынан созылмалы түрде орындамай қоюмен
қабаттасқан әрекет немесе әрекетсіздік. Мұндай қылмыстарға бостандығынан
айыруға орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу (Р.Ф. Қ.К.-нің 113
бабы), әскери немесе балама қызметті атқарудан жалтару (Р.Ф. Қ.К.-нің 328
бабы), қашқындық (Р.Ф. Қ.К.-нің 338 бабы) жатады. Олар белгілі бір
қылмыстың құрамын үздіксіз жүзеге асыру мен сипатталады.
Созылмалы қылмыс әрбір қылмыстық әрекеттен немесе қылмысты әрекетсіздік
актісінен басталады да кінәлінің өзінің қылмысын жалғастыруды тоқтатуға
бағытталған әрекеттері негізінде немесе қылмыстың одан әрі жасалуына
кедергі келтіретін оқиғалардың туындауына байланысты аяқталады.
Қылмыстың созылмалы екендігін анықтау тек дұрыс дәрежелеу үшән
ғана емес, сондай-ақ ескіру және кешірім жасау жөніндегі қылмыстық-құқықтық
нормаларды дұрыс қолдану, жаза тағайындау жөніндегі мәселені әрі өзгеде
мәселелерді дұрыс шешу үшін қажет.
б) құрамдас қылмыс, яғни екі немесе бірнеше әрекеттерден тұратын әрі
олардың әрқайсысы өз алдына жеке қылмыс ретінде қарастырылатын қылмыс.
Мысалы, шабылу жасап тонау кодексте бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуылға
ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе
осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау ретінде
белгіленеді. Бұл құрал қылмыстық іс әрекеттің мүлікті ашық ұрлауға және
оқталудың жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына күш көрсетудің басын құрап
тұрған сияқты. Бірінші де, екінші де ісәрекет өз алдына қылмыс құрамын
құрастырады. Бірақ жасалған орнымен уақытына орай біріктірілгендіктен, олар
бір құрамдас қылмыс шабуыл жасап тонауды құрайды. Бұл қылмыс екі объектіге
(меншік және жәбірленушінің өмірі мен денсаулығы) қастық жасайды жене
сондықтан құрамдас қылмыс кейде қос объектілі қылмыс деп аталады. Заң
шығарушы тиісті іс әрекеттер іштей бірлікпен байланысты болғанда төркіні
әрқилы іс әрекеттерді бірегей құрамдас қылмысқа біріктіреді.
Қылмыстардың көптігі, ең алдымен, бір адамның екі не одан да көп
қылмыс жасауынан көрінеді. Оның үстіне мұндайды олардың ішіндегі тек
қылмыстық құқықтық зардаптар әкелетіндері ғана ескеріледі (яғни адам,
мәселен мерзімнің ескіруіне, тиісті қылмысқа сотталғандығы өткерілуіне
байланысты және т.б. қылмыстық жауаптан босатылмайды).
1. Қылмыстардың көптігінің түсінігі
Бір адамның бір немесе бірнеше қылмыс істеуі мүмкін. Жеке қылмыс деп
қылмыстық заңда көрсетілген бір әректтен, зардаптан, кінәнің нысанынан
құралатын бір құрамды білдіретін және ерекше бөлімнің бір бабымен ғана
сараланатын қылмысты айтамыз.
Кейбір жағдайларда бір адам бірнеше қылмыс істеуі мүмкін, мұндай
жағдайда олардың іс әрекетін дұрыс саралау үшшін қылмыстардың көптігінің
түсінігін дрыс анықтау керек. Қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі ескерілген
немесе сотталғандығы жойылмаған жағдайда бір адамның екі немесе одан да көп
қылмыстарды істеуін қылмыстар көптігі деп атаймыз. Қылмыстардың өзіндік
белгілері: бір адамның екі немесе одан да көп әрқайсысы жеке –жеке құрам
болып табылатын қылмысты істеуі болып табылады. Сондықтан әкімшілік құқық
бұзушылық іс әрекеті қылмыстар көптігіне жатпайды. Сондай-ақ, қылмыстық
жауапқа тарту мерзімі ескірген немесе сотталғандықтан арылған немесе ондай
атағы жойылған іс әрекеттер қылмыс көптігіне жатпайды.
Қылмыстардың көптігін жеке қылмыстардан ажырата білген жөн. Жеке
қылмыстар мен қылмыстардың орнын өз бетімен тастап кету, балаларын немесе
еңбекке жарамсыз ата-анасын бағуға арналған қаражатты төлеуден әдейі
бұлтару (136 бап), қылмыс туралы хабарламау (364 бап) және басқалары
жатады.
Жалғасқан қылмыс деп ортақ мақсатқа жетуге бағытталған ұқсас қылмысты
әрекеттерден құралатын, жиынтығында бір қылмыс болып табылатын қылмыстарды
айтамыз. Мұндай қылмыстарға мысалы, 223 бапта көрсетілген тұтынушыларды
алдау, үнемі ұрып соғу немесе басқада әрекеттермен азаптау (107 бап) сияқты
қылмыс құрамдары, сондай-ақ мемлекет мүлкін өзара ұқсас әртүрлі қылмысты
әрекеттер арқылы тегін заңсыз иелік ету мақсатымен жасалған, нәтижесінде
бір қылмыс болып табылатын талан-тараждар жатады. Жоғарыда сөз болған жеке
қылмыстардан қылмыстардың көптігін ажырата білу керек. Сондықтанда ең
алдымен қылмыстардың көптігіне анықтама берген жөн.
Қылмыстық құқықта қылмыстардың көптігі деп адамның екі немесе одан да
көп қылмысты кінәлі түрде істеуін айтамыз. Көптігін ажырату, тергеу сот
қызметінде аса маңызды роль атқарады. Кейбір жағдайларда оны ажырату
белгілі бір тұрғыда қиындық туғызды. Өйткені жеке қылмыстардың өзі жай
күрделі құрамға, созылмалы, жалғасқан қылмыстар болып және басқада
түрлерге бөлінеді. Жай құрамда бір объектіге , бір әрекет арқылы кінәнің
бір нысаны мен зиян келтіру арқылы жүжеге асырылады.
Күрделі құрам деп екі немесе одан да көп іс әрекеттерден құралатын ,
оның әрқайсысының бірінен бірін бөліп қарағанда жай түрдегі қылмыс құрамына
жататын, бірақ ішкі бірлігі бойынша бір қылмысты құрайтын қылмыстардың
жиынтығын айтамыз. Жеке, күрделі құрамның бір түрі балама әрекеті қылмыс
болып табылады. Оның ерекшелігі сол қылмыстық заңда көрсетілген әрбір
әрекет немесе әрекетсіздік біткен қылмыс құрамын көрсетеді.
Созылмалы қылмыс деп кінәлінің өзіне қылмыстық заң жазамен қорқытып
жүктеген міндеттемелерін ұзақ мерзімге орындамай әрекет немесе әрекетсіздік
арқылы белгілі бір қылмыс құрамын үзіліссіз, белгілі бір уақыт аралығында
жүзеге асыру болып табылады. Мұндай созылмалы қылмыстардың қатарына бөлімді
немесе қызмет орнын жатқызады.
2. Қылмыстардың көптігінің түрлері.
Қылмыстық құқық теориясында көптіктің мынандай түрлері ажыратылады:
қылмыстардың қайталануы және қылмыстардың мақсатты жиынтығы.
Қылмыстардың қайталануы әдетте кодекстің ерекше бөлімінің бір бабымен
немесе кей жағдайларда ерекше бөлімінің әртүрлі баптарымен қарастырылған,
адамның екі немесе одан да көп қылмыс жасау жағдайларын білдіреді. Ресей
федерациясының жаңа қылмыстық кодексі қайталаудың үш түрін қарастырады.
Олар мыналар:
а) бірнеше мәртелілік;
ә) нақты (қылмыстық құқық теориясында осы атау қабылданған) жиынтық 2;
б) Рецидив.
Г. И. Солнцев (1786-1866). 1815-1828 ж. ж . Қазан университетінде дәріс
берген (экстроординалдық, одан ординалдық профессор, адамгершілік- саяси
ғылымдар бөлімінің деканы, ректор болған).

2 Алғашқы орыс криминалистерінің бірі- Қазан университетінің профессоры
Г. И. Солнцев өзінің 1820 ж қылмыстық құқық курсы қол жазбасында (1907 жылы
жарық көрген) қылмыстар жиынтығын (мақсатты идеалды және нақты) қылмыстар
тоғысы деп атаған.

Жан- жақты, терең білімді ғалым саласында таныған, латын, неміс, француз,
итальян, поля және грек тілдерін жетік білген (М.М. Сперанский өзінің
жазбаларында Қазан университеніне барғанында онымен латын тілінде
әңгімелескенін айтады ). 1923 жылы ол табиғи құқық курсынан бергендігі үшін
Қазан оқу орнының қамқоршысы, белгілі кер тартпа қайраткер Магнитцкийдің
тізеге салуы мен университеттен шығарылады (ол сөйтіп, бұл ретте А.П.
Куницынның тағдырын қайталады ). 1824 жылы Сонцев Қазан Губерниясының
пракурорлығына тағайындалып бұл қызметте өзінің қара-қылды қақ жарған
әділдігімен және сатылмайтындығымен аты кеңге жайылады. Ол өзінің қылмыстық
құқық курсында қылмыс ұғымын былйа түсіндірген: “қылмыстық заңдарға қарсы
келетін сыртқары іс-әрекет”, сондай-ақ “жалаңаш” қасқаналық үшін қылмыстық
жауапқа тартуға болмайтындығын дәйектеген, қылмыстық істерді қарау кезінде
соттың әділ жүргізілуі үшін күресіп баққан.
Негізгі шығармасы Гаврил Сонцев баяндаған Ресейдің қылмыстық құқығы.
Қазан , 1820 (редакцияланған Г.С. Фельдштейн.-Ярославль 1907).
3. Қылмыстардың бір неше мәрте жасалуы.
Р. Ф. Қ.К.-нің 16-шы бабының 1-бөлігіне сәйкес, кодекстің ерекше
бөлімінің бір бабында немесе бабының бөлігінде көзделген екі немесе одан да
көп әрекетті жасау қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы деп танылады. Осы
кодекстің түрлі баптарында көздеген екі немесе одан да көп әрекетті осы
кодексте арнайы көрсетілген жағдайларға ғана бірнеше мәрте (рет) жасалған
деп танылуы мүмкін.
Сонымен қылмыстардың бірнеше рет жасалуы дегеннің мағынасана тереңрек
үңілер болсақ, ол –бір тұлғаның екі немесе одан да көп қылмыстар жасалуы.
Бұл әрекеттер үшін тұлғанығ сотталған- сотталмағандығы ескерілмейді.
Теория жүзінде де практика жүзінде де қылмысты бір неше рет жасау екі
түрге бөлінеді: жалпы және арнайы.
Қылмыстардың қайталануының кез-келген түрі, оның қоғамдық қауіптілігінің
сипаты мен деңгейіне қарамастан жалпы бірнеше рет қайталану деп табылады.
Жалпы бірнеше рет қайталану қылмыстардың саралануына ықпал жасамайды, бірақ
жаза тағайындау кезінде бұл жағдайды жауаптылықты ауырлататын мән-жай
ретінде ескеруі мүмкін. (Қ.К.-тін 54 бабының 1-ші бөлігінң “а” тармағы).
Әдетте, бірнеше мәртелілік барабар қылмыстардың да (яғни кодекстің бір
ғана бабында немесе бабының бөлігінде қарастырылған) жасалуын көздейді.
Мәселен, Қ.К.-нің 105 бабы 2-ші бөлігінің “н” тармағы бірнеше мәрте
жасалған кісі өлтіру үшін жауаптылықты қарастырады, яғни, Қ.К.-нің 105 бабы
2-ші бөлігінің “н” тармағы бойынша, егер адам екі немесме одан да көп
қасақана кісі өлтіргенде ғана оынң әрекеттері осылай дәрежеленетін болады.
Бірақ кодекстің ерекше бөлімінде арнайы көрсетілген жағдайларда бірнеше
мәртелілік екі және одан да көп біртектес, бірақ барабар емс қылмысатрдың
жпасалуын құрастырады. Мысалы, Қ.К.-нің 158 бабының (21-тарау) бөліктерінде
егер оның алдында көрсетілген ескерпеде тізбектелген баптарда көзделген бір
немесе бірнеше қылмыс жасалса, онадй қылмыстар бірнеше мәрте жасалған
қылмыс деп танылады. Міселен, Қ.К.-ң158 бабы 2- бөлігінің “б” тармағы
бойынша бірнеше мәрте жасалған бөтен мүлікті ұрлау дәрежеленеді. Бірақ, бұл-
адам ұрлықтың дәрежеленген осы түрі үшін тек бұл қылмыстың алдында тағыда
ұрлықтар болғандығына сай жауапқа тартылады деген сөз емес. Кодекстің 158-
ші бабына жасалған ескертпеге нақпа-нақ сәйкес, ұрлық, егер оның алдында
кез- келген басқадай ұрлық жасау (алаяқтық, иемдену немесе талан-таржға
салу, тонау және т. б.) немесе қорытып алу, сондай-ақ Қ.К.-нің 209,221,226
және 229 баптарында көзделген қылмыстар орын алған болса бірнеше мәрте
жасалған болып саналады. Бұл шама Қ.К. 16 – бабының 1-ші бөлігіндегі “осы
кодекстің ерекше бөлімінің түрлі баптарында көзделген екі немесе одан да
көп қылмыс жасау осы кодексте арнайы көрсетілген жағдайларда ғана бірнеше
рет жасалған танылуы мүмкін” дейтін ережеге сай келеді. Кодекстің 16-
бабының 3- бөлігіне орай, қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы осы кодексте
неғұрлым қтаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретінде көзделген жағдайларда
адамның жасаған қылмысы осы кодекстің ерекше бөлімінің қылымстарды әлденеше
рет жасағаны үшін жазалауды көздейтін бабының тиісті бөлігі бойынша
айқындалады (мысалы, бірнеше мәрте жасағана алайақтық үшін- Қ.К.-нің 159-
бабының 2-бөлігінің “б” тармағы бойынша).
Қ.К.-16-бабының 2-бөлігіне сәйкес, егер адам бұрын жасалған қылмысы үшін
заң мен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған
болса, не оның бұрын жасалған қылмысы үшін соттылығы жойылған немесе
алынған болса, қылмыс бірнеше мәрте жасалған деп танылмайды. Мысалы, адам
бөтен мүлікті екі мәрте ұрлаған, бірақ олардың бір де бірі үшін қылмыстық
жауаптылыққа тартылмаған екен делік. Бірақ, бірінші ұрлығы турасында
қылмыстық жауапқа тарту мерзімі өтіп кетсе (Қ.К. –нің 78-бабы), оған
байланысты ол қылмыстық жауапқа тартылуға жатпайды, ендеше бұл жағдайда
қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы ол қылмыстардың көптігінің бір түрі ретінде
орын алмайды деген сөз.
Қылмыстың қайталануына (рецидив) қарағанда (Қ.К. 18-бабының 4-ші бөлігі)
адамның кәмелетке толмаған кезде жасаған қылмыстары үшін соттылығы алнбаса
не өтелмесе, онысы бірнеше мәртелілік белгісін қарастырады, сондықтан
кінәлінің кәмелетке толмаған кезде жаңадан жасаған қылмысы үшін соттылығы
алынбаған не өтелмген жағдайда істеген әрекеттері бірнеше мәрте жасалған
деп дәрежеленуі тиіс.
Кінәлі тұлғаның ұқсас немесе біртекті екі немесе одан да көп қылмыс
жасауы арнайы біренше рет жасалу деп табылады. Қ.К.-тің 11-бабының 1-ші
бөлігінде дәл осынадй ьірнеше рет жасалу туралы айтылған.
Нақты жағадайлар тұрғысынан өзара айырмашылықтары болғанымен, бірдей
қылмыс құрамының белгілерінен тұратын қылмыстар, ұқсас қылмыстар деп
есептеледі. Мысалы, бір тұлғаның кісі өлтіру қылмыссын екі рет жасалуының
бір-бірінен қылмыстың жасалған уақыты, орын және басқада нақты жағдайлары
тұрғысынан өзара айырмашылығы болуы мүмкін, бәрақ бұл Қ.К.-тің 96-бабында
қарастырылған қылмыс құрамының белгілері бойынша ұқсас болып келеді.
Қ.К.-тің ерекше бөлімінің бір қатар нормаларындарында ұқсас қылмыстардың
бірнеше мәрте жасалуының орнын алуы саралаушы мән-дайлар болып табылады.
(Қ.К.-тің 96-бабының 2-ші бөлігі және т.б.).
Заң мен тікелей қарастырылған дағдайларда біртекті қылмыстардың да
бірнеше мәрте жасалуы ескріледі. Белгілі бір объектіге немесе оған ұқсас
объектіге қайталап қиянат келтіруші, кінәнің түрі бірдей және басқада
объективтік және субъективті ұқсас белгілерден тұратын қылмыстар біртекті
қылмыстар деп танылады. Біртекті қылмыстарды есепке алу мүмкіндігі Қ.К.-тің
175-бабына қатысты 3-ші ескртуде тікелей қарастырылған, атап айтқанда онда
былай делінген: “Осы кодекстің 175,185-баптарындағы бірнеше рет жасалған
қылмыс деп осы бапта, сондай-ақ осы кодекстің 248,255,260-баптарында
көзделген бір немесе оадн да көп қылмыстардан кейін жасалған қылмыс
танылады”. Осыған орай бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы, бұған дейінде мүлік
ұрланғандықтан ғана емес, сонымен қатар, кінәлі тұлға жоғарыда аталған
қылмыстардың бірін бұрын жасаған жағдайда да бірнеше рет жасалған деп
танылатын болады.
Бірнеше рет жасалу ұғымы, кінәлі тұлғаның сотты болған қылмыстары мен
қатар, оның қылмыстық жауаптылыққа әлі тартылмаған әрекеттерін де қамтиды.
Аяқталған немесе аяқталмаған қылмыс деп саралануына кінәлі тұлғаның бұл
қылмыстардың орындаушысы немесе оған бірлесіп қатысушысы болуына
қарамастан, бұл әрекеттер бірнеше рет жасалған деп танылады.
Бірнеше рет қайталанудың заң тұрғысынан алғанда мәні мынада: бірншіден
жоғарыда айтылғандай Қ.К.-тің 54-бабының бірінші бөлігінің “а” тармағына
сәйкес сот оны жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдай ретінде
қарастыратындығына, екіншіден Қ.К.-тің 11-бабының бесінші бөлігіне орай
“Қылмыстыардың әлденеше рет жасалуы осы кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп
соқтыратын мән-жай ретінде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмысы
осы кодекстің ерекше бөлімінің қылмыстарды бірнеше мәрте жасағаны үшін
жазалауды көздейтін бабының тиісті бөлігі бойынша айқындалады” деп
көрсетілгендігінде.
4. Қылмыстардың жиынтығы.
Қылмыстық кодекстің 12-бабының бірінші бөлігінде айтылғандай “Осы
кодекстің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген адам
солардың бірде біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер
бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп
әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Қылмыстардың
жиынтығында адам., егер жасалған әрекеттердің белгілері қылмыстық кодекстің
бір бабының немесе бабының бір бөлігінің неғұрлым қатаң жаза қолдануды
көздейтін нормасымен қамтылмаған болса, әрбір жасалған қылмыс үшін
қылмыстық кодекстің тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық
жауапқа тартылады.
Нақты жиынтық кезінде жиынтыққа енетін әрбір қылмыс өз алдына дебес
әрекет немесе әрекетсідікпен жасалады. Айталық, адам әуелі бөтен мүлікті
қрлап (Қ.К.-тің 158-бабы), сонан соң бұзақылық (Қ.К.-тің 213-бабы) жасды
делік. Нақты жиынтық қайталанушылықтың бір түрі болып табылады, өйткені бір
қылмыстың құрамын құрастыратын іс-әрекеттің арасында әрдайым қандай да
болмасын уақыт алшақтығы орын тебеді. Нақты жиынтықта бір қылмыс жасалу
уақыты бойынша әрдайым бірінші болса,ал екінші, үшінші және одан
кейінгілері қайталанған қылмыстар болып табылады. Бірнеше мәртелік сияқты
нақты жиынтықтыда қылмыстардың көптігініңбір түрі ретінде қылмыстық
құқықтық зардаптар әкелетін қылмыстар ғана құрастырылады. Сондықтан, егер
бірінші қылмыс турасында қылмыстық жауапқа тарту мерзімі аяқталқан болса,
нақты жиынтық кезінде де, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстың көптігінің түрлері
Қылмыстық құқықтағы қылмыстардың көптігі
Көптік қылмыстар
Көптік қылмыстар жайлы
Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан ерекшелігі
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуы
Көптік қылмыстарды саралаудың теориялық мәселелері
ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ
Қылмыстардың көптігі және олардың түрлері жайлы
Қолданыстағы заңнама бойынша қылмыстардың көптігі
Пәндер