Хаммурапи заңдары туралы



КІРІСПЕ



НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 ХАММУРАПИ ЗАҢДАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

2 ХАММУРАПИ ЗАҢДАРЫНДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТУРАЛЫ БАПТАР
3 Ману заңы


ҚОРЫТЫНДЫ


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы:Хаммурапи заңдары тарихта өте үлкен орын алатын заңдар жинағы.Оның алдыңғы заңдарға қарағанда, бұл заңда біраз алға басушылық байқалады.Мұнда әрбір қарастырылып отырған мәселеге байланысты баптар топ-топ болып бөлінген.Мен соның ішінде отбасылық қатынастар туралы баптарға көп тоқталдым.Жұмысымды таныстыру барысында сол отбасылық қатынастар туралы біраз айтып өтем.
Мәселенің өзектілігі:Хаммурапи заңдары тарихта алғаш толық және көпжақты құқықтық нормалар ретінде қалды.Хаммурапидің заңдар жинағы сонау ерте замандағы шумерлік заңдар Ур-Намму,Липит Иштардың, сондай-ақ Билалам заңдарының,Эшнун патшаның заңдарының жалғасы болып табылады.Бұл заңның өзгелерден ерекшелігі олардың жүйелі етіп жасалуында еді.Сол жүйелілігі арқылы ол тұңғыш рет бір мемлекеттің тәжірибе жүзінде заңы болып, сол заманның аса қуатты,ірі мемлекеті Вавилонда тәртіпті қоғам орнауына ұйытқы болды.Мәселенің өзектілігі,тарих үшін маңыздылығы да –осы,яғни заңның іс жүзінде Вавилон сияқты алпауыт мемлекеттің қоғамын қалыптастыруда үлкен роль атқаруында.
Мақсаты: Дерек көздері мен жалпы Хаммурапи заңдарының өзіне сүйене отырып, ол заңның тарихтағы алар орны мен әсіресе отбасылық қатынастардағы дұрыс және бұрыс жақтарын анықтау.
Міндеттері: 1.Хаммурапи заңдарымен көпшілікті жалпы таныстырып өту;
2. Нақты отбасылық қатынастарға арналған баптарға жекелеп тоқталу;
3. Отбасылық қатынастар туралы баптардың зиянды және пайдалы жақтарын ажырату.
Деректік негіз: Ежелгі Вавилон құқығының маңызды ескерткіштерінің бірі болып табылатын Хаммурапи патшаның заңдар жинағы жазылған ескерткішін 1901 жылы де-Морган басқарған француз археологиялық экспедициясы нәтижесінде тапқан. Оны Вавилон жеріне жасалған жорық барысында эламиттермен әкетілген.Заңдар жазылған қара бағананың жоғарғы бөлігінде тақта патшалық құрып отырған күн құдайы Шамаштың алдында салтанатты кейіпте тізе бүккен Хаммурапи патшаға осы заңдар жинағын тапсырып тұрғаны кескінделген.Бұл сурет патша заңдары жинағының құдайдан шыққанын көрсетеді деген ойды білдіреді.Кіріспе мен қорытынды ритмикалық тұрғыда жазылған және онда Хаммурапи патшаның жетістіктері туралы, патша заңдары жоғарыдан жіберілген әділ де өзгермейтін заңдар екендігі көрсетіледі.Бағанада Шамаш құдай мен Хаммурапи патшаның бейнесі бейнеленген жерден бөлек жазылған 282 баппен толтырылған.
Бізге 282 бап түгелдей жетпеген, оның тек 247 ғана толық жеткен,ал қалғанын жаулап алған эламиттердің патшасы өз ерліктерін жазу үшін қырғызып, алдырып тастаса керек.Бертін келе олар атақты Ашшурбанапалдың кітапханасынан табылған жазба деректер және сол Сузы мен басқа да аймақтан табылған деректер негізінде қалпына келтірілуде.
1.Хрестоматия по истории Древнего Востока. Москва «Восточная литература» РАН. 1997
2.Васильев Л.С. История Востока 1 том. Москва «Высшая школа» 1994
3.Струве В.В. История Древнего Востока. 1941
4.Авдиев В.И. История Древнего Востока. Москва. 1953
5.История Древнего Востока. Часть І. Месопотамия/ Под ред. И.М Дьяконова. Москва. 1983
6.Беляевский В.А. Вавилон легендарный и Вавилон исторический. Москва. 1971
7.Флиттнер Н.Д. Культура и искусство Двуречья и соседних стран.Л.-М., 1958
8.Хрестоматия по истории Древнего Востока/ Под. Ред В.В. Струве и Д.Г. Редера. Москва. 1963
9.Хрестоматия по истории Древнего Востока . Москва. 1980. Часть 1-2.
10.Хрестоматия по истории Древнего мира/ Под ред. В.В Струве. М., 1950. Ч. 1. Восток
11.История Востока. 1 том. Восток в древности. Москва. «Восточная литература» РАН. 1999

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 ХАММУРАПИ ЗАҢДАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

2 ХАММУРАПИ ЗАҢДАРЫНДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
ТУРАЛЫ БАПТАР
3 Ману заңы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы:Хаммурапи заңдары тарихта өте үлкен орын
алатын заңдар жинағы.Оның алдыңғы заңдарға қарағанда, бұл заңда біраз алға
басушылық байқалады.Мұнда әрбір қарастырылып отырған мәселеге байланысты
баптар топ-топ болып бөлінген.Мен соның ішінде отбасылық қатынастар туралы
баптарға көп тоқталдым.Жұмысымды таныстыру барысында сол отбасылық
қатынастар туралы біраз айтып өтем.
Мәселенің өзектілігі:Хаммурапи заңдары тарихта алғаш толық және
көпжақты құқықтық нормалар ретінде қалды.Хаммурапидің заңдар жинағы сонау
ерте замандағы шумерлік заңдар Ур-Намму,Липит Иштардың, сондай-ақ Билалам
заңдарының,Эшнун патшаның заңдарының жалғасы болып табылады.Бұл заңның
өзгелерден ерекшелігі олардың жүйелі етіп жасалуында еді.Сол жүйелілігі
арқылы ол тұңғыш рет бір мемлекеттің тәжірибе жүзінде заңы болып, сол
заманның аса қуатты,ірі мемлекеті Вавилонда тәртіпті қоғам орнауына ұйытқы
болды.Мәселенің өзектілігі,тарих үшін маңыздылығы да –осы,яғни заңның іс
жүзінде Вавилон сияқты алпауыт мемлекеттің қоғамын қалыптастыруда үлкен
роль атқаруында.
Мақсаты: Дерек көздері мен жалпы Хаммурапи заңдарының өзіне сүйене
отырып, ол заңның тарихтағы алар орны мен әсіресе отбасылық қатынастардағы
дұрыс және бұрыс жақтарын анықтау.
Міндеттері: 1.Хаммурапи заңдарымен көпшілікті жалпы таныстырып өту;
2. Нақты отбасылық қатынастарға арналған баптарға жекелеп тоқталу;
3. Отбасылық қатынастар туралы баптардың зиянды және пайдалы жақтарын
ажырату.
Деректік негіз: Ежелгі Вавилон құқығының маңызды ескерткіштерінің бірі
болып табылатын Хаммурапи патшаның заңдар жинағы жазылған ескерткішін 1901
жылы де-Морган басқарған француз археологиялық экспедициясы нәтижесінде
тапқан. Оны Вавилон жеріне жасалған жорық барысында эламиттермен
әкетілген.Заңдар жазылған қара бағананың жоғарғы бөлігінде тақта патшалық
құрып отырған күн құдайы Шамаштың алдында салтанатты кейіпте тізе бүккен
Хаммурапи патшаға осы заңдар жинағын тапсырып тұрғаны кескінделген.Бұл
сурет патша заңдары жинағының құдайдан шыққанын көрсетеді деген ойды
білдіреді.Кіріспе мен қорытынды ритмикалық тұрғыда жазылған және онда
Хаммурапи патшаның жетістіктері туралы, патша заңдары жоғарыдан жіберілген
әділ де өзгермейтін заңдар екендігі көрсетіледі.Бағанада Шамаш құдай мен
Хаммурапи патшаның бейнесі бейнеленген жерден бөлек жазылған 282 баппен
толтырылған.
Бізге 282 бап түгелдей жетпеген, оның тек 247 ғана толық жеткен,ал
қалғанын жаулап алған эламиттердің патшасы өз ерліктерін жазу үшін
қырғызып, алдырып тастаса керек.Бертін келе олар атақты Ашшурбанапалдың
кітапханасынан табылған жазба деректер және сол Сузы мен басқа да аймақтан
табылған деректер негізінде қалпына келтірілуде. Заңдар тілі-аккадтың
классикалық диалекті.Хаммурапи заңдарының алғашқы бес бабы сот ісін
жүргізу мәселелеріне арналған.Жала жапқандар, өтірік куә болғандар
өте қатаң жазаланатын болды.Бұның бәрі заңның дұрыс орындалуына,
тәртіптің сақталуына әсер етті.Ал 6-25 баптарда жеке меншікті
ұрлаудың әртүрлі жағдайлары туралы айтылған. Ұрлық үшін негізінен
өлім жазасы берілген. Олардан кейінгі 26-41 баптарда жауынгерлердің
құқығы мен міндеттері баяндалған. 42-126 баптарда жер, сауда, қарыз
беру, кепілдік беру мәселелерінің заңдық жүйелері сипатталған.127-194
баптарда отбасы, мұрагерлік, бала асырап алу тәртібі туралы
жазылған.195-214 баптарда біреудің денесін зақымдағаны, қорлағаны үшін
берілетін жазалар белгіленген.215-277 баптарда емшілердің, мал
дәрігерлерінің, құрылысшылардың жауапкершіліктері жайлы айтылады. Соңғы
бес бапта құлдарды сатып алу мәселесі сөз етілген.
Мәселенің зерттелу деңгейі:Нақты Хаммурапи заңдарын әлі күнге дейін
толығымен зерттеп білген ғалым жоқ.Бірақ олар туралы өз еңбектерінде
И.М.Волков, И.М.Дьяконов, Н.Д Флиттнер,Т. Драйверлер айтып өтеді.

Негізгі бөлім
Хаммурапи – Вавилон патшасы (1792-1750жылдар)-Вавилонды басқарған
бірінші әулеттің алтыншы өкілі.Вавилонның өрлеуі оның есімімен тығыз
байланысты.Өзі билік жүргізген 35 жыл ішінде әскери күш пен дипломатияға
сүйеніп, Ассирия жерін, Месопотамияның оңтүстік және орта бөлігін
Вавилонға бағындырды.Хаммурапи тұсында тауар-ақша қатынастары, жеке меншік,
құлиеленушілік өсті,мемлекет орталықтандырылды,патшалық өкімет билігі
нығайды, құқық дамыды.Оның қалдырған аса маңызды ескерткіші-Хаммурапи
заңдары.
Ежелгі Вавилон қоғамы Хаммурапи заңында суреттелгендей үш топтан
тұрады, яғни еркін адамдар (авилум), патша адамдары (мушкенум), құлдар
(вардум).Патша адамдарының шын мәнінде жағдайлары әртүрлі еді: олардың
жоғарғы қатарындағылар еркін адамдарға да саналды, ал төменгі
қатарындағылары тек кішкентай ғана қызметтік орын алды және олар
құлдардан сәл ғана ажыратылды. Басқалай айтқанда, еркіндік пен құлдық
арасында жер мен көктей айырмашылықтар өте көп еді. Хаммурапи
заңдарында мушкенумдердің өмірін, намысын және жеке басын еркін
адамдардың яғни авилумның өмірінен арзанырақ бағалайтын, ал бірақ
байлыққа келгенде мушкенумның байлығын жоғары қоятын, себебі оның
байлығы патша қазынасының бөлігі болып табылады.Құлдар да көп нәрсеге
мүдделі болды. Мәселен сарай немесе мушкенумның құлы еркін әйелмен
үйленуіне рұқсат берілді, ондай некеден туылған балалар еркін деп
саналды.Күңнің өзінен туған балаларын мырза өзімнің заңды балаларым
десе болады, осыдан соң олар көп нәрсеге мүмкіндік алады.Егер тіпті
мырза оларды заңды балаларым деп танымаса да, мырза қайтыс болған
соң, әйел мен оның балалары еркін деп танылады.
Сырт елден сатылып әкелінген құл Вавилонға келген соң, егер
ол вавилондық болып шықса, бостандыққа жіберілуі тиіс.Еркін адамдарды
сыйламай, өзінің құлдық дәрежесін жоғары қойған құлдардың соттан тыс
құлағын кесу арқылы жазалайтын еді. Біреуге қарыз адам құлдыққа үш
жылға оған өзі баруға немесе оның құлы және үй мүшесінің біреуі
баруына болатын еді.Еркін туған адам да біреуге қарызданса үш жыл
құл болатын.Қарыз төлетудің бір жолы- кепілдікке алу болатын.Қарызға
ақша берушілер қарыз адамдарды күшпен кепілдікке алып, қарызын
төлеткен.
Қарыз берушілер, әдетте сауда агенттері (тамкарлар) еді.Олар
мемлекеттік шенеуніктер болып есептелінетін.Тамкарлар бір уақытта
әртүрлі сауда жұмыстарын жүргізетін. Әрбір қалада осы тамкарлардың
жұмысын бақылайтын, олардың өзара қарыздарын, сондай-ақ мемлекетке қарыз
ақшаларын реттеп отыратын әкімшілік құрылымдар болды.Тамкарлар
халықаралық сауданы өздері және сондай-ақ көмекші шамалулар арқылы
жүргізді.Шамалулар- әр елге барып сауда жасаушылар.Сауда агенттерінің
тағы бір маңызды қызметі- салық жинау болатын.Хаммурапи заңдары қарыз
алушыларды қарыз берушілердің қахарынан қорғауға тырысты, кейбір
жағдайларда қарыз уақытысын созып, ал кейде алған ақшасын күміспен
немесе басқа да бағалы заттармен ауыстыуға мүмкіндік берген.
Ауыршаруашылығы Месопотамияда үлкен маңызға ие болды, себебі
Хаммурапи заңында оған үлкен мән берілді.Шаруашылықтың негізгі түрі
кішігірім жұмыстар болды, ірі жер иелері өз жерлерінен өздерінен
төмен патша адамдарына өңдетіп немесе өз жерлерін жалға беріп
отырды. Жалға алған адам шаруашылықты ұятымен дұрыстап жүргізуге
тиісті еді.Егер табиғат апатына байланысты жер өңделмей, егін шықпай
жатса жалға алу уақыты созылатын.Жер өңдеуші өзінің суландыру
жүйесінің қауіпсіздігін қамтамассыз ету керек, себебі көршілерінің
егіні бүлінсе, айып төленеді.Ірі және кіші малдар арнайы
бақташыларға бағуға берілетін, олар малдардың жейтін жеміне, егер
отарда бір малға бірдеңе болса соған жауап беретін. Жұмысқа алу
Вавилонда кең тараған еді, жұмысқа құлдармен қатар еркін адамдар да
жалданатын.Хаммураппи заңдарында көптеген жұмысшылардың айлығын
реттеп көрсеткен.Мәселен, дәрігер, мал дәрігері, құрылысшылар жоғары
айлық, кірпіш басушы, ұста, етік тігуші, тігіншілер орта айлық, ал
одан басқа қара жұмыс жасаушылар төмен айлық алатын. Жұмысшыларды
аз уақытқа алған:Мәселен, егін себу немесе егінді жинау уақытына.
Жалданушы қожайынға келтірген шығыны үшін заңды жауапқа тартылады.
Жалданған жұмысшылардың айлығы сол өзі жалданып жүрген кезде өз
отбасын асырауға толық жету керек еді.11., стр. 89-97
Вавилон заңдары азаматтық және қылмыстық болып
бөлінбейді.
Хаммурапи заңдарында әртүрлі қылмысқа, яғни өз міндетін орындамау,
біреудің жеке меншігіне қол сұғу, жеке басқа тиісуге байланысты
жазалар көрсетілген.
Хаммурапи заңдарында өлім жазасы әртүрлі қылмыстарда көптеп
қолданылады.Кейбір аса ауыр қылмыстар үшін анасымен бірге өртеу және
т.б.Ал басқа жағдайларда Хаммурапи заңдары жазаны Талион принципі
бойынша береді.Мәселен, ұрлық жасаған адамның қолын кесу немесе
ақшасын тәркілеу.Талион принципі Месопотамияның заңдық деректерінде
ертеден белгілі, бірақ бұл принцип тұңғыш Хаммурапи заңдарында ашық
пайдаланылған.
Сот процесі Вавилонда ауызша өткізілді.Бұдан қарап біз іс тек
жәбірленуші жақтың шағымдануынан кейін сот ісі ашылатынын
байқаймыз. Процесс кезінде екі жақ өздерінің позицияларын барынша
дәлелдеуге тиісті. Процесс бойынша протоколдар жасалмаған, дегенмен
кейбір маңызды сәттер жазбаға түсіріліп отырған.Шешімдер мен үкімдер
ауызша шығарылды.Негізгі дәлелдемелерге куәгердің түсінік беруі
жатады. Кейбір жағдайларда егер шындықты дәлелдеуге куәгерлер болмаса,
құдай сотына жүгінген.Құдай сотының екі түрі болған: сулы ордалия
және құдай атынан ант беру. Сулы ордалия, яғни кінәі адам суға түсуі
керек.Егер ол кінәлі болсасу құдайлары оны жазалауға өздерімен бірге
алып кетеді. Ал егер ол судан аман шықса, ол кінәлі емес болады.
Құдай атынан ант бергенде, кінәсін біле тұра ант бергендер құдайдың
қахарына ұшырайды делінген. Сондықтан ешкім кінәлі болып тұрып, құдай
атынан ант етпеген. Біреуге жалған кінә қою да аса ауыр қылмысқа
саналып, талион принципі бойынша жазаланатын.5., стр.218-223
Хаммурапи заңдарында отбасылық қатынастарға үлкен мән
беріледі.Себебі ол Вавилон қоғамының маңызды бөлігі еді.Неке тек
заңды түрде бекітілсе ғана заңды неке деп аталды.Некелік контракты
куәгерлерімен отырып, бекіту керек еді.Олар әдетте ауызша жасалады.Тек
кейде бір жағдайларға байланысты жазбаға түсіріліп отырған. Отбасы
моногамды болды және егер әйелі күйеуінің көзіне шөп салса, оған
өлім жазасы берілетін. (129 бап).Хаммурапи заңдарында бұндай
жағдайларда қолданылатын жазалар әртүрлі жағдайға байланысты жекелеп
қарастырылып өткен.Бірақ, ер адамдарға өздерінің күңдерімен қосылып
олардан туған баланы заңды деп мойындауға құқық берілді. Кей
жағдайларда, мәселен, әйелі ауру болса, бала тууға рұқсат
етілмеген жрицаға үйленсе немесе әйелі жеңіл жүріске салынса
ер адамға басқа әйел алуға рұқсат етілген. Егер ер адам бай
жрицаға немесе жалпы бай әйелге үйленсе, бала туу немесе екінші
әйел алу үшін некелік шарт жасалатын. Жалпы некенің маңыздылығы
мынада, яғни туылған балалар үйдің бар дәулетін мұрагерлік жолмен
алып, аталарының культін ұстану қажет. Олай болмаған жағдайда о
дүниедегілер қиналады делінген. Хаммурапи заңдарында жұбайлар
арасында заттарды бөлу мәселесі біраз қарастырылған: қыздың
жасауымен қалың мал туралы; некеге дейінгі екеуінің қарыздарының
бөлінуі туралы; әйелінің мүлкі туралы. Вавилондық некеде қыз
жасауының ақшасы қалың мал ақшасынан көп болған. Сондықтан ертедегі
Вавилон қоғамы туралы ақшамен сатып алынған неке деген қате
түсінік.
Сонымен бірге Хаммурапи заңдарында мұрагерлік мәселесіне
үлкен мән беріледі. Мұра қалдырмау тек әкесін баласы екі рет
қатты ренжіткен жағдайда болатын. Егер некеден бала болмаса,
басқа біреудің баласын оның туған әке-шешесімен рұқсатымен асырап
алуға және тауып алған баланы асырап алуға мүмкіндік болды.
4.,стр. 67-81

Хаммурапи заңдарындағы отбасылық қатынастарға байланысты баптар (126-
195 баптар)

127-бап. Егер кімде-кім біреудің әйелін кінәлап, бірақ оның кінәсін
мойындата алмаса, онда ол адамды соттың алдында ұрып-соғып,
басындағы жарты шашын алып тастау керек.
128-бап. Егер біреу әйел алып,онымен келісім- шарт жасамаса, онда
ол әйел оның әйелі емес.
129-бап. Егер біреудің әйелін басқа ер адамның жанында жатқан
жерінен ұстап алса, оны суға тастау керек. Егер әйелдің қожасы өз
әйелін кешірсе, онда патша да өз құлын кешіреді.
130-бап. Егер кімде-кім біреудің әйелін зорлықпен алып алса, ол
әйел әлі күйеуімен қосылмаған, әкесінің үйінде жүрген болса, ал
ана бөтен ер адам оның жанына жатып қойса, оны ұстап алып,
өлтіру керек. Ал әйел ақталуға тиіс.
131-бап. Егер күйеуі әйелін кінәләса, бірақ әйелдің басқа ер
адаммен болғанын көрмесе, әйелі құдайға ант етіп, өз үйіне
қайтуға құқысы болған.
132-бап. Егер бір әйелге сенімсіздікпен кінә қойылса, бірақ оны
басқа ер адаммен ұстап алмаса, онда әйел өз күйеуінің сенімі үшін
өзенге түсуі қажет.
133-бап. Егер адам тұтқынға алынып, оның үйі, өмір сүруге болатын
азығы болса, әйелі күйеуі босағанша, өзінің пәктігін сақтау керек
және басқаның босағасын аттамауы қажет. Ал егер әйел пәктігін
сақтамай, басқа біреудің босағасын аттап қойса, онда оның кінәсін
мойындатып, өзенге тастау керек.
134-бап.Егер ер адам тұтқынға алынып, оның үйінде өмір сүретін
азығы болмаса, әйелі басқа біреудің босағасын аттаса, ол әйел
кінәлі емес.
135-бап. Егер ер адам тұтқынға түсіп, оның үйінде азығы болмай,
әйелі басқа біреудің босағасын аттап, балалар туса, кейін
тұтқындағы күйеуі үйіне келсе, әйел өз үйіне қайтуға тиіс. Ал
балалар әкесінде қалуы керек.
136-бап.Егер кімде-кім өз үйін, әйелін тастап қашып кетсе, содан
кейін әйел басқа біреудің босағасын аттап, кейін күйеуі қайтып
келіп, әйелін қайта алам десе, әйелі қайтпауы керек. Себебі ол
қашқын.
137-бап. Егер кімде-кім өзіне бала туып берген шугетумды немесе
бала тауып берген надитумды тастап кеткісі келсе, онда ол әйелге
жасауын қайтаруы тиіс, сондай-ақ жердің, бақтың, мүліктің жартысын
беру керек (ол балаларын асырау үшін), ол балаларды өсіріп болған соң
оған күйеуінің мүлкінен бір мұрагері ретінде өзіне тиістісін
алуына болады.
138-бап. Егер кімде-кім бала тумаған әйелін тастағысы келсе, онда
ол оған қалың малына тең күміс және өз үйінен әкелген жасауын
қайтаруға тиіс. Содан соң ғана ол әйелін тастап кете алады.
139-бап. Егер қалың мал берілмеген болса, күйеуі әйеліне бір мина
күміс беруі тиіс.
140-бап. Егер ол мушкенум болса, онда ол оған 1\2 мина күміс
беруі керек .
141-бап. Егер өз күйеуінің үйінде тұрып жатқан әйел өз үйінен
кеткісі келіп, ақша жинап, өз үйін құртып, күйеуін сыйламай
жүрсе, онда оның кінәсін мойындату керек.Егер күйеуі : - Мен оны
тастаймын,-десе, онда ол әйеліне ештеңе бермей жіберсе болады. Ал
егер күйеуі: -Мен оны тастамаймын,-десе , онда ол басқа әйел алып,
ал бұрынғы әйелі өз күйеуінің үйінде күң болып, жүретін болады.
142-бап. Егер әйелі күйеуін жек көріп кетіп:-Маған жолама,- десе,
онда оның ісі өздерінің ауылында қаралуы керек, егер әйел кінәлі
болмай, күйеуі қыдырып, әйелін сыйламаса, онда әйелі кінәсіз. Ол
өз жасауын алып, әкесінің үйіне кете беруіне болады.
143-бап. Егер әйелі кінәлі болып, күйеуін сыйламай, қыдырса, онда
әйелді суға тастау керек.
144-бап. Егер бір ер адам надитумға үйленіп, ол оған күң беріп,
содан кейін күйеуі балалы болған соң, ол шугетумге үйленгісі
келсе, ол адамға рұқсат жоқ. Ол шугетумге үйленбеу керек.
145-бап. Ал егер ер адам надитумға үйленіп, ол оған күңді қоспай,
бала болмаса, ол шугетумге үйленем десе, оған рұқсат бар. Ол
шугетумге үйленіп, оны үйіне әкелсе болады. Бірақ, ол надитуммен
теңеспеуі керек.
146-бап. Егер ер адам надитумға үйленіп, ол күң беріп, одан бала
туған соң , күң надитуммен теңесе бастаса, онда надитум оны
бала туып бергеніне байланысты оны күміске сата алмайды, бірақ ол
оған күңдік белгі салып, күңдердің қатарына қосып қойса болады.
147-бап. Егер ол күң бала тумаса, оны күміске сатуға болады.
148-бап. Егер кімде-кім әйел алып, ол қатты ауру болса және ол
басқа әйел алам десе, ол ауру әйелін тастап кетпеуі тиіс, ол
қаласа күйеуінің үйінде тура алады және күйеуі өлгенше оны асырауға
міндетті.
149-бап. Ал егер ол күйеуімен тұрғысы келмесе, күйеуі оған жасауын
қайтаруы тиіс. Содан кейін ол үйіне кете берсе болады.
150-бап. Егер күйеуі әйеліне жер, бақша, үй немесе мүлік сыйлап,
және онымен бірге мөр басылған құжат берсе , онда күйеуінің
өлімінен соң, оның балалары әйелімен таласа алмайды, ал әйел
өзінің артында қалатын мүлкін жақсы көретін баласына берсе болады,
ал ағасына бере алмайды.
151-бап. Егер бір әйел өз күйеуінің үйінде тұратын, өз күйеуін
оның қарыз берушісі әйелін ұстамау керек деген қағаз жазып беруге
мәжбүрлесе, егер күйеуі үйленгенге дейін қарызданған болса, онда
қарыз беруші оның әйелін ұстай алмайды, сондай-ақ әйел күйеуге
шыққанға дейін қарызданған болса, онда оның да қарыз берушісі
оның күйеуін ұстауға қақысы жоқ.
152-бап. Егер әйел күйеуге шыққаннан бастап онда пайызды қарыз
пайда болса, онда екеуі бірігіп төлейді.
153-бап.Егер бір әйел басқа ер адам үшін өз күйеуін өлтірсе онда
ол әйелді де өлтіру керек.
154-бап. Егер ер адам өз қызымен болып қойса, онда оны ел
ішінен қуу керек.
155-бап.Егер ер адам өз баласына келін алып, баласы онымен қосылып,
кейін әкесі келінімен бірге болса, онда оны байлап, суға
тастау керек.
156-бап. Егер ер адам өз баласына келін алып, баласы онымен
қосылмай тұрып, әкесі келінінің жанына жатып қойса, онда ол
оған ½ мина күміс және қыздың өз әкесінің үйінен әкелген
ақшасының бәрін қайтаруы тиіс. Содан соң ол қыз өзіне ұнаған ер
адаммен қосылуына рұқсат.
157-бап.Егер бір ер адам, әкесі өлген соң, анасының қасына жатып
қойса, онда ол екеуін өртеу керек.
158-бап. Егер бір ер адам әкесі өлген соң, өгей шешесімен қосылып
қойса, онда оны туған әкесінің үйінен қуу керек.
159-бап. Егер ер адам қайын атасының үйіне қалың малын апарып
беріп, келіскеннен кейін, оған басқа ұнап, ол өз қайын атасына
келіп: -Мен сіздің қызыңызға үйленбеймін,-десе, қайын атасы қалың
малды алып қала береді.
160-бап. Егер бір ер адам қайын атасының үйіне қалың малын апарып
беріп , келіскеннен кейін, қайын атасы оған:- Мен саған қызымды
бермеймін,-десе, онда ол күйеу баласы әкелген қалың малды екі
еселеп қайтаруға тиіс.
161-бап. Егер ер адам қайын атасының үйіне қалың малын әкеліп
келіскен соң, басқа біреу одан да көп қалың мал апарса, кейін қайын
атасы бірінші әкелгенге :-Сен менің қызымды алма ,-десе, онда оның
әкелген қалың малын екі еселеп қайтаруға тиіс.Сонымен бірге екінші
адам да оның қызын алмауға тиіс.
162-бап. Егер ер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хаммурапи заңдарына жалпы сипаттама
Хаммурапи заңдары
Хаммурапи бірінші Вавилон әулетінің алтыншы патшасы
Ежелгі Шығыс елдерінің құқықтық мұралары
Ежелгі вавилон патшалығының өрлеуі. Хаммурапи заңдары бойынша Ежелгі Вавилонның экономикасы мен әлеуметтік дамуына талдау жасау
Ежелгі Вавилон мемлекеті
Ежелгі Вавилон патшалығының қалыптасуы
Ежелгі Вавилон мемлекеті мен құқығының қалыптасуы
Ежелгі Вавилон патшалығының өрлеуі. Экономикасы мен әлеуметтік дамуына талдау жасау
Қосөзен аралығында мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы
Пәндер