Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы


ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
Экономика кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
Орындаған: Әбдіхалықова Н. Ә.
Эк 09к2
Қабылдаған: Табеев Т. П.
аға оқытушы
Алматы, 2012
ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1 ШАҒЫН БИЗНЕС - КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЕРЕКШЕ ФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ5
1. 1 Кәсіпкерліктің теориялық негіздері. 5
1. 2 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау . . . 7
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ. 13
2. 1 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің дамуын бағалау………. 13
2. 2 Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін факторлар. 18
3 ШАҒЫН БИЗНЕСТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ . . . 23
3. 1 Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің дамуында рейтингін жақсартудағы шетелдік тәжірибені пайдалану . . . 23
3. 2 Шағын бизнестің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қолдауды арттыру . . . 26
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . 33
КІРІСПЕ
Кәсіпкерлік қызмет - еліміздің экономикасы үшін халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайының жақсаруына әрекет ететін қажетті буын. Соның ішінде, шағын бизнес дегеніміз - жеке кәсіпкерлердің, шағын фирмалардың, шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметтеріне сүйене отырып, шағын формада жүзеге асырылатын бизнестің түрі. Экономика секторын көтеруде шағын бизнестің маңызы туралы «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді дамыту стратегиясында айқын көрсетілген, яғни шағын бизнесті қолдау Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың приоритетті бағыттарының бірі болып табылады. Бірақ мемлекет тарапынан бөлінген қаржылық қолдаудың жетіспеушілігі, өнеркәсіп пен шағын кәсіпорын өнімдеріне қойылған бағаның теңсіздігі және нарық инфрақұрылымының нашарлауы, өзара төлемдердің орындалмауы, бағаның өсуі, шетелден сапасыз өнімдердің ағылып келуі, жергілікті кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, әкімшілік кедергілердің болуы және тағы басқа себептер өз кезегінде әрбір саладағы кәсіпкерлік қызметке теріс ықпалын тигізіп отыр.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев: « . . . Еңбек етуші халықтың 60%-ы шағын және орта бизнесте жұмыс істеген кезде Қазақстан тұрақтылыққа қол жеткізетін болады . . . » деген болатын [1] .
2010 жылы Қазақстан бүкіл әлемдік банктің баяндамасында бизнестің мүддесін көздеген реформа жүргізу бойынша көшбасшы болып танылды. Бизнестік ахуалы едәуір қолайлы елдердің әлемдік рейтингісінде Қазақстан әлемнің 183 елінің арасында 59-орынға ие болған.
Еліміздің экономикасының әрбір саласында шағын кәсіпкерлікті дамыту, олардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру негізінде халықты жұмыспен қамтамасыз ету, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту, қаржы тапшылығы, материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігі, өнеркәсіптегі дағдарыстың бетін қайтару, экономика саласын тұрақтандыру мүмкіндіктері әлі де болса жойылмауы себепті қазіргі кезде күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Осы курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі де осында деп білеміз.
Зерттеудің маңыздылығы соңғы уақытта кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеп кетуінен туындап отыр. Қайта құрылған кәсіпорындардың көбісі барлық мүмкін болатын нұсқауларға, салықтарға, шектеулерге шыдай алмай жабылып қалды. Кәсіпкерлік әзірге экономиканың белсенді қоректендірушісі бола қойған жоқ, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде өріс алғандай, жаңа жұмыс орындарын аша алмауда. Мұндай жағдайлардың себептерінің бірі фирманы тікелей басқару деңгейі мен аймақтық басқару деңгейінің және мемлекеттік деңгейде қамтылған кәсіпкерлікті басқарудың тұтас жүйесінің жоқтығы, сондай-ақ жеке салаларда кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз ететін тиімді механизмдердің жоқтығы болып табылады.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні- Қазақстандағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі- Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес.
Курстық жұмыстың басты мақсаты- әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, шағын бизнесті қолдау мен басқарудың Қазақстан жағдайына лайықты ғылыми-әдістемелік тұжырымдамасын жасау. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін еңбегімізде төмендегідей міндеттерді шешу алға қойылды. Атап айтқанда:
а) «Шағын бизнес» түсінігінің мәнін анықтау;
ә) Қазақстанның экономикалық дамуындағы шағын бизнестің рөлі мен орнын анықтау;
б) Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуына кедергі жасайтын факторларды анықтау;
в) республикадығы ШК пен бизнесті басқарудың бүгінгі жағдайын бағалау мен оның дамуының негізгі бағыттарын белгілеу;
г) шағын кәсіпкерліктің дамуы мен қалыптасуын басқаруда отандық және шетел тәжірибесін зерттей отырып, оның даму тенденциялары мен артықшылықтарын айқындау;
д) шағын кәсіпкерлікті жүйелі дамыту үшін оны кешенді қолдау мен басқарудың жолдарын ұсыну;
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде шағын бизнестің нарықтық экономикадағы қажеттілігі мен экономикалық мәні, дамуының теориялық негіздері ашылған. Мемлекет тарапынан шағын бизнестің дамуын мемлекеттік қолдау мәселесі де жұмыстың осы бірінші бөлімінде қарастырылады.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің қазіргі даму барысына статистикалық мәліметтер негізінде саралау жүргізіліп, шағын кәсіпкерліктің дамуының жоғарылауына кедергі келтіретін факторларды талдау көрсетілген.
Жұмыстың үшінші бөлімінде шағын бизнесті мемлекеттік реттеуді жетілдіру жөніндегі шаралар кешені, оның дамуына рейтингін жақсартудағы шетелдік тәжірибені Қазақстанда пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.
Ал жұмыстың қорытынды бөлімінде жұмысты жазу барысында жасалынған тұжырымдар мен ұсыныстар келтірілген.
- ШАҒЫН БИЗНЕС - КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЕРЕКШЕ ФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ1. 1 Кәсіпкерліктің теориялық негіздері
Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау мен дамыту мәселесі Қазақстанның экономикалық саясатының старегиялық міндеттерінің қатарынан саналады. Соңғы жылдардағы кәсіпкерлікті қолдау жөнінде қабылданған заңдар мен бағдарламалардың шоғыры орталық басқару органдарының бұл салаға шынайы назар аударғанын айғақтайды. Мемлекет басшысының «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді стратегиялық еңбегінде әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарының бірі ретінде кәсіпкерлікті қолдау атап өтілгені жайдан жай емес. Кәсіпкерлік пен бизнесті тиімді қолдау мен жеделдете дамыту міндетін орындау жекелеген тұлғаның, кәсіпорынның немесе шаруашылық саласының ғана емес, тұтас мемлекеттің экономикалық болашағын айқындайтын негізгі факторлардың бірі. Әлеуметтік басым бағыттағы нарық экономикасын дамытуға талпынған біздің мемлекетіміз үшін шағын кәсіпкерлік пен бизнестің мәні мен құрылымын, тиімді үрдістерін зерттеп-зерделеп алу қай жағынан да өте пайдалы болар еді. Сондықтан да бизнес дамуының әлемдік тарихына ғылыми шолу жасау аса қажет.
Адамзат дамуының қай кезеңдерінде де кәсіпкерлік экономика ғылымының назарынан тыс қалмаған. Тек маркстік теория ғана кәсіпкерлікті адамзатты қанау ұғымымен біржақты түсіндіріп, көптеген социалистік мемлекеттерде ондаған жылдар бойы бұл сала, тіпті, ғылыми терминологиядан да шығып қалды.
Жалпы, француз тілінен тараған «кәсіпкерлік» (entterepreneur) ұғымын экономика теориясына XVIII ғасырда тұңғыш рет ағылшын банкирі әрі экономисі Р. Кантильон енгізді. Р. Кантильон «кәсіпкер» деп бағаның тұрақсыздығы мен болашағын болжауға болмайтын жағдайда тауарларды сату мен сатып алу процестеріне қатысатын, бірақ кірістерінің жалпы сомасын біле бермейтін адамдарды (саудагерлерді, шаруаларды, қолөнершілерді т. б. ) атаған. Оның пікірінше, кәсіпкердің басты ерекшелігі ретінде тәуекелшілдік қарастырылады [2] .
Американдық кәсіпкер және публицист П. Хоукен «шағын кәсіпкерлік экономиканы дамытуды тұрақтандыратын негізгі элемент, қоршаған ортаға бейімделудің, тәуекел жағдайды өткерудің амалы» - деп санады.
А. Циганов «шағын кәсіпкерлік- бұл ірі фирманың қарапайым көрінісі ғана емес, өз ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері бар экономикалық өмірдің жеке және кәдімгі субъектісі»- деді [12] .
А. Азриляның басшылығымен жазылған үлкен экономикалық сөздікте шағын кәсіпкерліктің келесі анықтамасы беріледі: «бұл ешбір монополистік бірлестікке кірмейтін, экономикада монополияға қатысты тәуелді рөл атқаратын орта және шағын жеке кәсіпорындардың жиынтығын белгілеу».
Кәсіпкерлік ұғымын зерттеуге алғашқы ден қойғандар «саяси экономиканың» ғылым ретінде қалыптасуының іргесін қалаған физиократия мектебінің өкілдері болды. Аталмыш мектептің негізін қалаушы Ф. Кенэ (1694-1774), өнім өндіруші фермерлерге әрқашан жоғары баға беріп отырған. Физиократтардың пайымдауынша, жерді жалға алып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпкер - шаруа қоғамдық саудагерлікте басты рөл атқарады. Бұл ғылыми бағытты француздың мемлекеттік қайраткері әрі экономисі А. Тюрго (1721-1781) жалғастырған. Ол кәсіпкерлерді үш топқа бөлді: өнім өндіруші (жерді жалға алушылар), меншік иелері (жерді жалға берушілер) және өнім өндірмейтіндер (осы жұмысқа қатысушы қалған адамдардың барлығы) . Соңғы топты А. Тюрго тағы да екіге бөлді: а) кәсіпкер- мануфактурашылар, фабрика басшылары және қарапайым қолөнершілер; ә) еңбек ақы алатын қарапайым жұмысшыларға аванс беретін кәсіпкер- капиталистер, яғни тікелей өнім өндірушілер. Ақырында, ол кәсіпкер белгілі бір дәрежеде тәуекел етіп қана қоймайды, сонымен қатар оның белгілі бір дәрежеде басқарушылық қабілеті де болуға тиіс деген түйін жасаған [3] .
Кесте 1.
Кәсіпкер ұғымының эволюциясы*
* Дерек көзі: Н. Әліпбеков, Ж. Ералы, Р. Дәулетова, Г. Молдабекова Бизнесті ұйымдастыру: оқулық - Астана : Фолиант, 2008. - 328 б.
Кәсіпкерлік теориясына аса маңызды үлес қосушылардың бірі - австро-американдық экономист-социолог И. Шумпетер (1883-1950) екені белгілі. М. Вебер мен В. Зомбарттың капитализмдегі «адам факторын» зерттеу дәстүрлерін жалғастыра отырып, ол кәсіпкерлерді теориясының діңгегі етіп қарастырды да, оларды шаруашылық субъектілеріне жатқызып, олар «өндірістің негізгі факторларын пайдалана отырып», экономикалық процестерге қатысушылар деп тұжырымдады. Кәсіпкерлер тұлғасына маңызды мән берген И. Шумпетер «өз кейіпкерін» әлемдік өркениеттің қозғаушы күші. ХХ-ғасырдағы экономикалық өсіп-өркенлеу мен ғылым-техникалық прогрестің көш бастаушысы деп ұғынды. Сондықтан, И. Шумпетердің «кәсіпкерлік теориясының атасы» аталуы тегін болмаса керек .
ХХ-ғасырдың орта шеніне дейін жаңа жұмыс орындарын тек ірі кәсіпорындар ғана ұсынады деген түсінік темірдей бекіген болатын. Дегенмен, ірі американ экономисі Ф. Дракердің «кәсіпкерлер қоғамы» тұжырымдамасы, ескі түсініктің іргесін сөгіп қана қоймай, экономика ғылымына жаңа кейіптегі кәсіпкерлікті ала келді. Ол ірі өндіріс орындарының нарықтың өзгермелі жағдайына қолайсыздығын ғылыми түрде дәлелдеп, бұл кемшіліктің орнын дер кезінде толтыратын шағын кәсіпкерлік пен бизнес екендігіне көз жеткізді және еркін кәсіпкерліктің негізінде өзін-өзі басқару еркіндігі жатқандығын айқын көрсетіп берді.
Сонымен, кәсіпкерліктің үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.
Ірі кәсіпкерлік-нарыққа негізгі өнім шығарушылар боп табылады. Ірі кәсіпорындар-экономика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі [4] .
Шағын және орта кәсіпорындар үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассортиментімен аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикізатты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ - түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нөлдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру, өнімнің жаңа түрін өндіру. Шағын кәсіпорындар іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындаған.
Қазақстанда 2006 жылдың қаңтарында қабылданған «Шағын кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жұмысшыларының орташа саны 50 адамнан аспайтын, заңды тұлға ретінде құрылмаған жеке кәсіпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмысшыларың орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын активтерінің орташа жылдық саны қаржылық жылға сәйкес республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген 60 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады [5] .
1. 2 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау
Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдау жүйесі қалыптасты және әлі де де қызмет етуде. Бұл мәселемен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қаржы министрлігі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Статистика жөніндегі агенттігі және атқарушы биліктің басқа да органдары мемлекеттік деңгейде айналысады.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және өңірлік қорлары құрылған. Дегенмен, Қазақстанда шағын кәсіпкерлік қызметін қолдау бойынша қызмет ету саласы біркелкі дамып жатқан жоқ. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, оның табысты дамуы мемлекеттік қолдауға, осы қызметтерді қажет ететін кәсіпкерлерге, жеке кәсіпкерлікті дамытуды көздеген тұлғалар тең дәрежеде тәуелді.
«Шағын кәсіпкерлік» туралы ҚРЗ-на сәйкес, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау - жеке кәсіпкерлікті ынталандыру, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыру үшін құқықтық, әлеуметтік және экономикалық жағдайлар жасау бойынша мемлекеттік шаралар кешені, ал жеке кәсіпкерлік инфрақұрылымы - шағын кәсіпкерлік қызмет етудің және дамуының жалпы жағдайларын қамтамасыз ететін ұйымдар кешені.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары:
а) шағын кәсіпкерлікті реттеу жөніндегі заңдарды жетілдіру;
ә) жеке кәсіпкерлікті құру мен дамыту орталықтарын, кәсіпкерлік инкубаторлар, технологиялық парктер, индустриалдық аймақтар және шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымының басқа да объектілерін құру;
б) бюджеттік қаражаттар есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету;
в) шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік органдар қарамағында шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша мәселелерді зерттеу және шағын ұсыныстарды әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу институттарын құру жолдармен жүргізілетінін анықтайды;
г) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың қаржылық институттарын құру;
д) кәсіпкерлік- инкубатор және индустриалдық аймақтардың қызметін ұйымдастыру;
е) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер учаскелерін, құрылыстарды сату [6] .
Бүгінгі күнде шағын кәсіпкерлікті қолдау саласында түрлі институттар бар. Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдау механизмдері шағын кәсіпкерлікті қолдаудың сараланып дамыған инфрақұрылымы арқылы жүргізіледі. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тұрақтануын және қатыптастыруын ынталандыру үшін мемлекеттік даму институттары құрылған.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту механизмдері келесі жолдармен жүзеге асырылады:
- қаржылық көмек көрсету;
- шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын ұйымдастыру;
- кәсіпкерлік-инкубаторлар қызметін ұйымдастыру;
- ШКС бір жылдан астам уақытта қолданбаған мемлекеттік меншік объектілерін сенімді басқаруға немесе жалға беру;
- ШКС ҚР Үкіметі бекіткен тәртіппен келісімге отырғаннан кейін бір жылдан астам уақыттан соң өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыруға сенімді басқаруға немесе жалға берілген объектілерді қайтарымсыз негізде беру [7] .
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау мына жолдармен жүзеге асырылады:
а) мемлекеттік қажеттіліктер үшін тауарлардың (жұмыс, қызмет) көлемін кепілді сатып алу. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін сатып алынатын тауарлардың (жұмыс, қызмет) номенклатурасы, олардың көлемін жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
ә) екінші деңгейлі банктер арқылы несиелендіруді ұйымдастыру;
экономика салаларында әлеуметтік маңызды жобаларды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттар беру;
б) арнайы инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру;
в) бюджеттік қаражаттар есебінен займдар беру.
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін негізгі факторларды қысқаша сипаттауға болады:
Табыстылықтың және өсімнің кепілі ретінде жеке меншікті қорғау. Кәсіпкерліктің дамуы үшін жеке меншік институты кәсіпкерлері кез-келген табыс алуды емес, алдағы уақытта өндірістің дамуы туралы ойлайды.
Кәсіпкерлікке толықтай қолдау жасау саясатын жүргізу. Бұл саясат кәсіпкерлікті мемлекеттік даму бағдарламасы етіп жариялауды, кәсіпорын ашудың еркіндігін беруді, өндірістік қызметтің еркіндігін, жарғылық капитал талаптарына шек қоюды мәлімдейді.
Импорттық тауарларға эмбарго жариялау. Отандық тауар өндірушіні қорғау үшін, импорттық тауарларға эмбарго жарияланып жатыр. Елге тамақ өнімдерінен бастап, машиналар мен механизмдерге дейін барлық тауарларды әкелген кезде американдық кәсіпкерлерді қорғау үшін осындай шаралар қолданылды.
Салықтық тарифтерді төмендету. Егер салықтар деңгейі теңгерімдік табыстан артық болса (45-50%), бюджетке түсім көлемінің өсуі әуелі тоқтап, кейіннен төмендей бастайтыны белгілі: кәсіпкерлер салық төлеуді доғарады, бұл салықтық базаның қысқаруына әкеледі.
Банктік жүйедегі өзгерістер. Кәсіпкерлікті дамытудағы қиын мәселелердің бірі фирмаларды қаржылық қамтамасыз ету. Бастапқы кезеңде, кәсіпкерлердің қолында қаражат жоқ кезінде банктік несиелер қаржыландырудың жалғыз шешімі болып табылады.
Шетелдік инвестицияларды тарту - қаржыландырудың екінші көзі, нақты инвестициялар түрінде ғана емес, «ноу-хау» түрінде көмек алуға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынды тіркеу тәртіптемесін жеңілдету, анықтамалар, талаптар санын қысқарту уақытты үнемдеп қана қоймай, кәсіпкерлердің кәсіпкерлік құру процесіне қол жетімділігін қамтамасыз етеді [8] .
Мемлекеттік бағдарламаларда шағын кәсіпкерлікті қолдаудың екі түрі бөліп көрсетіледі- негізгі және қамтамасыз ететін. Негізгі бағдарламалардың мақсаты- кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау.
Қамтамасыз етуші бағдарламалар шағын кәсіпорындарға сәйкес кәсіпкерлік инфрақұрылымын құруға, ресурстардың қажетті түрлерімен (материалдық, еңбек, қаржылық, ақпарттық) қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Мемлекеттік институттардың жүйесі Шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша орталық Уәкілетті мемлекеттік орган- ҚР Индустрия және сауда министрлігі, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, қала және облыс әкімдіктері жанындағы департаменттерден тұрады .
Елдегі шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік құрылымының келесі деңгейі - облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің аппараттары. Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін әкімдіктердің жанынан Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменттер (басқармалар) құрылған, олардың құрамына кәсіпкерлік бөлімдер кіреді. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменттері өздерінің құзыры шегінде шағын кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыруға уәкілетті. Шағын кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру тізбесіндегі соңғы буыны- республиканың қала және аудан әкімдері аппараттары болып табылатын аумақтық атқарушы органдар, олардың құрамындағы экономика бөлімдері және экономика және қаржы бөлімдері кәсіпкерлік мәселелерімен айналысуға міндетті.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін ғана қамтып қоймай, басқару аппараты қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруды көздейтін әкімшілік тосқауылдарына кедергі болу мақсатын жүзеге асырады. Осы тұжырымдамалық ережелер «Қазақстан-2030» стратегиясында, кейіннен әкімшілік тосқауылдарға жалпы, сонымен қатар нақты бағдар беретін, сондай-ақ оларды жеңудің мүмкін болар жолдарын айқындаған Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларында көрініс тапты [9] .
Сонымен, қазіргі жағдайда кәсіпкерлік қызметте әкімшілік жүктемені төмендетуді мемлекет үш бағытта жүзеге асырады: бірінші бағыт жеке кәсіпкерлік субъектісін тіркеу, лицензиялау, аккредитациялау. Екіншісі - кәсіпорынның өнім нарығына қол жетімділікті ұйымдастыруға байланысты (сертификаттау) . Үшінші бағыт- жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне және нарықтағы өнім айналымын бақылау жасау.
Кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түрлерімен айналысуға лицензия берумен (тоқтата тұру, алып қою) және лицензия беретін органдардың кәсіпкерлердің лицензияланған қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде тиісті лицензиялық талаптарды және жағдайларды сақтауын бақылауға байланысты мемлкеттік органдардың қызметі кәсіпкерлік қызметті лицензиялау болып табылады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесе отырып, мемлекеттік ведомстволар, кәсіпкерлік өкілдері «Лицензиялау туралы» жаңа заң және қосарлана «Қазақстан Респуликасының лицензиялау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеп шығарды.
Қазақстан Респуликасының 2007жылғы 11 қаңтардағы № 214 «Лицензиялау туралы» заңы қолайлы іскерлік ахуалды қалыптастыруға, кәсіпкерлікке бюрократиялық қысымды әлсіретуге, шаруа қызметтерінің барлық қатысушылары үшін экономикалық бостандық деңгейін жоғарылатуға бағытталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz