Тоқу өнері



Ши тоқу өнері
Жүн және одан жасалатын заттар.
Киіз басу және киізден жасалатын заттар
Өрмек
Кілем өнері
Ши тоқу өнері бұрын көшпелі және жартылай отырықшылықта тіршілік еткен Орта Азия халықтарына (қазақтар, қырғыздар, түрікмендер, жартылай отырықшы өзбектер, қарақалпақтар) көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажетіне тоқылған ши қазірге дейін кең түрде пайдаланылып келеді. Оны киіз үйдің құрамды бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ қазақтар мен қырғыздарда оларды үйдің ішіндегі аяқ-табақ, ошақ басын қоршап қою үшін де қолданады. Тоқылған шиді киіз үйдің есігіне ұстау үшін де пайдаланады. Оны әр түрлі шаруашылық мүддесіне, мәселен, киіз басу сияқты жұмыстарда да пайдаланады. Сондай-ақ киіз үйге төселген киіздің ылғал тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін төсеніш ретінде киіз астына төсейді.
Тоқылған шиді қазақтар сияқты қырғыздар да, жартылай көшпелі басқа да шығыс халықтары да пайдаланып келді. Мәселен, оны құрт жайып, тары сүзу үшін шыпта жасау сияқты күнделікті тұрмыс қажетіне де ерте заманнан-ақ пайдаланған.
Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқанда үйдің жылы болуына әсері тисе, күннің жылы кезінде туырлығын жоғары түріп қойып, үй ішін салқындатуға жақсы.
Ши өңдеу, тоқу өнерімен қазақтар, қырғыздар, сондай-ақ Орта Азиядағы басқа да халықтарда кебіне әйелдер айналысқан. Жай ғана ақ шиден езіне керекті күнделікті тұрмыста пайдаланылатын затты әрбір әйел өздері тоқып алады.
Ерте кезде тұрғын үйдің негізгі түрі тек киіз үй болған уақытта ши дайындауға топтанып, әйелдермен бірге ер кісілер де баратын болған. Ерлер жағы ши өсімдігін түбімен қопарып оны түйеге, өгізге немесе атқа арту сияқты ауыр жұмыстарды атқарған. Шиді күзге қарай дайындаған.
Ши тоқу үшін ашасы бар екі ағашты белгілі қашықтықта тіке қадап, екі ашаға келденең ағаш қойып, арнайы жасалған қарапайым станок пайдаланылады. Оны үйдің ішіне, жабық қораға немесе бастырманың астына орнатады. Киіз үйдің ішінде станоктың екі жағындағы ашалы ағашы керегеге байланып (екеуінің арасы қандай нәрсеге арналып тоқылатын шидің еніне байланысты) төменгі жағы жай ғана жерге бекітіледі. Ашаның үстінен көлденең қойылған сырықтың биіктігі түрегеліп тұрып істеуге ыңғайлы болуы тиіс. Өйткені, қой жүнінен көбінесе қоңыр жүннен иіріп, тас немесе басқадай салмақты зат байланған және бір біріне қарама-қарсы орналасқан екі жіптің екеуін екі қолмен ұстап тұрып, кезекпе-кезек қарсы бағытта сырықтың үстінен асырып отырады. Ондай жіптің арасы 10-15 см болады да, саны жиырма-отыз шамасындай болуы мүмкін. Сөйтіп, көлденең сырықтың үстіне қойылған бір ши бастан-аяқ байланып болған соң екіншісі қойылады, осы тәртіп ши тоқылып біткенше қайталанып отырады. Алғаш тоқи бастағанда төрт шиді бірден салып қабаттап, ширатылған жүн жіппен айқастыра орап крест сияқты байластырады. Мұны шидің алақаны дейді.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ши тоқу өнері

Ши тоқу өнері бұрын көшпелі және жартылай отырықшылықта тіршілік еткен
Орта Азия халықтарына (қазақтар, қырғыздар, түрікмендер, жартылай отырықшы
өзбектер, қарақалпақтар) көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен
шаруашылық қажетіне тоқылған ши қазірге дейін кең түрде пайдаланылып
келеді. Оны киіз үйдің құрамды бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға,
сондай-ақ қазақтар мен қырғыздарда оларды үйдің ішіндегі аяқ-табақ, ошақ
басын қоршап қою үшін де қолданады. Тоқылған шиді киіз үйдің есігіне ұстау
үшін де пайдаланады. Оны әр түрлі шаруашылық мүддесіне, мәселен, киіз басу
сияқты жұмыстарда да пайдаланады. Сондай-ақ киіз үйге төселген киіздің
ылғал тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін төсеніш ретінде киіз астына
төсейді.
Тоқылған шиді қазақтар сияқты қырғыздар да, жартылай көшпелі басқа да
шығыс халықтары да пайдаланып келді. Мәселен, оны құрт жайып, тары сүзу
үшін шыпта жасау сияқты күнделікті тұрмыс қажетіне де ерте заманнан-ақ
пайдаланған.
Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқанда
үйдің жылы болуына әсері тисе, күннің жылы кезінде туырлығын жоғары түріп
қойып, үй ішін салқындатуға жақсы.
Ши өңдеу, тоқу өнерімен қазақтар, қырғыздар, сондай-ақ Орта Азиядағы
басқа да халықтарда кебіне әйелдер айналысқан. Жай ғана ақ шиден езіне
керекті күнделікті тұрмыста пайдаланылатын затты әрбір әйел өздері тоқып
алады.
Ерте кезде тұрғын үйдің негізгі түрі тек киіз үй болған уақытта ши
дайындауға топтанып, әйелдермен бірге ер кісілер де баратын болған. Ерлер
жағы ши өсімдігін түбімен қопарып оны түйеге, өгізге немесе атқа арту
сияқты ауыр жұмыстарды атқарған. Шиді күзге қарай дайындаған.
Ши тоқу үшін ашасы бар екі ағашты белгілі қашықтықта тіке қадап, екі
ашаға келденең ағаш қойып, арнайы жасалған қарапайым станок пайдаланылады.
Оны үйдің ішіне, жабық қораға немесе бастырманың астына орнатады. Киіз
үйдің ішінде станоктың екі жағындағы ашалы ағашы керегеге байланып
(екеуінің арасы қандай нәрсеге арналып тоқылатын шидің еніне байланысты)
төменгі жағы жай ғана жерге бекітіледі. Ашаның үстінен көлденең қойылған
сырықтың биіктігі түрегеліп тұрып істеуге ыңғайлы болуы тиіс. Өйткені, қой
жүнінен көбінесе қоңыр жүннен иіріп, тас немесе басқадай салмақты зат
байланған және бір біріне қарама-қарсы орналасқан екі жіптің екеуін екі
қолмен ұстап тұрып, кезекпе-кезек қарсы бағытта сырықтың үстінен асырып
отырады. Ондай жіптің арасы 10-15 см болады да, саны жиырма-отыз шамасындай
болуы мүмкін. Сөйтіп, көлденең сырықтың үстіне қойылған бір ши бастан-аяқ
байланып болған соң екіншісі қойылады, осы тәртіп ши тоқылып біткенше
қайталанып отырады. Алғаш тоқи бастағанда төрт шиді бірден салып қабаттап,
ширатылған жүн жіппен айқастыра орап крест сияқты байластырады. Мұны шидің
алақаны дейді. Әрине, тек төрт шиден ғана қабаттап бекіту шарт емес, оны үш
шиден де крест салып байластыруға болады. Мұны ши тоқушылар шыбын қанат
деп атайды. Әдетте шыбын қанат тоқылған шидің алғашқы бастамасы мен соңғы
аяқталу кезеңінде шамамен алғанда 20-40 см болуы керек. Бұл шидің екі шеті
қалың болып, тез тозып қалмауына себі тиеді. Ши тоқушылар тоқылған шидің
бұл бөлігін қарақұс деп атайды. Шиді байлау үшін қарақұсқа бекітілген бауды
шибау деп атайды.
Қазақ халқының қолөнер саласында ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп
безөндіру, түр салып тоқу ісі де ғасырлар бойы атадан балаға мирас қалып
келе жатқан ұлттық өнері болып табылады. Ши бұйымының жалпы сырт
көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши, шым ши деп үш топқа бөлуге болады.
Мұндай ши түрлері ңазақ арасында әрқайсысы өз орнымен әр түрлі мақсатқа
пайдаланылады. Мысалы, қабығынан тазартылған аң шиді көбінесе құрт,
ірімшік, т. б. жаю үшін, сондай-ақ сүзгіш шыпта жасау, үйдің төбесін
біртегіс сылауға ыңғайлы болу үшін қолданатын болса, ұзына бойы түсті
жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһазының бірі болып
есептеледі. Ал ен бойы тұтас оралмай әр жерінен аралатып оралатын шиді
орама ши немесе ораулы ши деп атайды.
Демек, киіз үйдің керегесін орай тұтуға көбінесе жоғарыдағы айтылған
шидің соңғы екі түрі: шым ши мен орама ши пайдаланылады. Шым шиді кейде
жез ши деп те атайды (бұл ерте уақыттағы жез оралған кезден қалған атау
болса керек).

Жүн және одан жасалатын заттар.

Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль
атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген, Жүннен
бау-шу, арқан-жіп, киім-кешек, қазақ үйдің киізін, әр түрлі
төсеніштер мен қап, шекпен сияқты ең қажетті мүліктер жасалған.
Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бүйымдар
жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы,
содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы, түйенің жүні, шудасы. Жүк артық, күш
кәлік ретіңде пайдаланылған түйенің жүні ұйысып, киіздей болып қалады. Оны
"жабағы" дейді. Әлгі жабағының астынан "боздақ" деп аталатын үлпілдек жүн
өседі де, жабағы өзінен-өзі кетеріледі. Түйе жабағысынан әр түрлі жеңіл де
жылы күпі тігіледі. Жабағы жүңді түтіп көрпеге де салады, әр түрлі жіптер
иіреді.
Түйе жүнінен неше түрлі ермек жіптерін иіріп, шекпен, қап, белбеу,
құр, кілем, қоржын сияқтыларды тоқиды. Сол сияқты түйе жүні айыл-құйысқан,
емілдірік, ноқта жасауға және көген, бау-шу есуге ете қолайлы. Түйе жүні
кереге салуға, шапанға тартуға ете жақсы, жеңіл, әрі жылы болады, қылшық
шықпайды.
"Шуда" деп түйенің мойнындағы, тізесіңдегі, екі еркештің үстіндегі
салалы қылшық жүңдерін айтады. Шудадан жамау-жасқаулдық жіп иіріледі. Бұрық
қазақтың тон-шалбары, сабасы мен торсығы, кен ыдыстары осы шуда жіппен
тігілген. Түйе шудасы кейбір арнаулы бау-шуларға да қосылып есіледі. Шуда
жіп "шертер", "керуші" деп аталатын ән-күй аспаптарына шек есебінде де
тағылған.
Қойдың жүнін "жабағы", "күзем жүні", "қозы жүні", "елі жүн" және "шет-
пұшпақ" деп бес түрге беліп атайды. Қойдың жабағы жүнінен шидем шапан, күпі
күседі, ішпек, терлік жасайды, тыстап күпсек (бестек), кепшік, жеңіл байпақ
тігеді. Қойдың жабағы жүнін түтіп, одан кейін матаның сыртьгаа шықпас үшін
қылшықтарын бүрілтіп қайнатады. Бұл жүнді шайырынан арылтып тазарту үшін де
істеледі. Жабағы жүнді киімнің, керпенің арасына салады, неше түрлі иіру
ісіне, бізбен, сыммен тоқу жұмысына қодданады. Түтілген жабағы жүннен шүйке
жасалып, бау-шу есіледі, ермек жіптері, неше түрлі жиектер ширатылады.
Ал күзем жүнінен, қозы жүнінен киіз басылады, текемет, қалпақ,
кебенек, киіз етік, пима сияқты киім-кешектер жасалады. Күзем жүні мен қозы
жүні иіруге келмейді, ол киімнің, көрпенің арасына тартуға да жарамсыз.
Малдың терісінен жүлынып немесе жидітіп алынған жұлма жүнді, қойдың
бауырында, пұшпақтарыңда байланып жүретін білтеленген жүндерді "елі жүн"
деп атайды. Қотанның ортасыңда түсіп қалған, бүтаның басынан жи-налған, бау-
шу ескеннен қалған үзік жүңдерді "шет-пұшпақ жүн" деп атайды. Мұндай жүндер
көбінесе арқан-жіп есуге жұмсалады.
Ешкі жүнін түбіт, қылшық деп екіге беледі. Түбіт иіруге, шарф, шұлық,
қолғап, шәлі сияқты жеңіл әрі жылы киімдерді тоқуға тиімді. Оны ешкі
түлеген кезде қылшық жүнмен бірге қырқып алып, түтіп қылшығынан беледі.
Ешкінің қылшығы арқан-жіп есуге жұмсалады. Қазақ талғамында ешкі түбіті
түйе жүншен де қымбат, жібекпен теңдес саналған.
Жылқының жал-құйрығын "қыл" деп атайды. Жал-құйрық көбінесе арқан-жіп
есуге, сүзгі тоқуға, түзақ есуге жұмсалады. Жылқы, қылын терімен қаптап
кепшік, жастық, бестек жасауға, қобызға тағуға пайдаланған. Қазақ шеберлері
мал жүнінен басқа қоянның жүнін, құстың мамығын да іске жаратқан. Қоянның
жүнінен жылы шарф, қолғап, шұлық, бекебай тоқыған. Құстың мамығынан құс
жастық, құс төсек жасаған, қауырсындарынан қарқара қадаған, жебелердің
желбезегіне желімдеген, ондай оқты теменде тұрып жоғарыдағы нысананы дәлдеп
атуға қолайлы және ұшқан жолыңда ауытқымай дәл барады деп есептеген.
Тымақтың маңдайына, найзаның үшына, салт атты адамның иығына тағып алған
құс қауырсыны "өте асығыс" деген белгіні білдірген. Осыдан келіп хан мен
хандар арасында тығыз хабар женелтілгеңде хаттың сыртына бір тал қауырсын
бекітілетін, оны "үкілі почта" деп атаған. Үкінің жүні қазақтың ескі салты
бойынша әсемдіктің белгісі деп саналған. Сонымен бірге үкіні қасиетті деп
те білген, Мысалы, ерте кезде бақсы, молдалар, хан тұқымдары, атақты батыр,
ақын, салдар үкі тағып жүрген. Ұзатылар қызға, қайнына баратын күйеуге,
алғаш отау болғанда шымылдыққа үкі қадау ғұрпының бір жоралғысы осыдан
қалса керек. Осыдан келіп жүнделетін бір үкі бір аттың құнымен бағаланған.
Үкіні ұлпа және қара қасқа үкі деп екі түрге ажыратады. Үкінің балақ
жүнін - ұлпа, ал бауыр жүнін - қара қасқа үкі деген. Қара қасқа үкіні
көбінесе ерлер қадаған. Сәукеле, тақия, берік сияқты қыз-келіншектер
дүниесіне кебінесе ұлпа (балақ жүн) үкісі қадалған. Ақ үкінің жүнін түрлі
түсті етіп бояп та пайдаланған. Мұндайда бояуға қазының майын қосқан. Үкіні
аулап үстап, балақ жүні мен бауыр тесінің жүнін алып, өзін жемге тойғызып
қоя беретін. Мұны "үкі жүндеу" деп атайды. Үкі жүңдеген ауылдан олжа алу
салты да болған.

Киіз басу және киізден жасалатын заттар

Бірнеше рет тоғытылып, кірінен, шайырынан тазартылып қырқылған қойдың
күзем жүнінен киіз басылады. Киіз басылатын жүңді шаң-тозаңнан; шөп-
шөгірден тазартып, жүннің білтеленіп, ұйысқанын жазу үшін сабаумен сабайды.
Жүн сабау ісіне әйелдер мен бірге еркектер де катысады. Жүн сабау маусымды
және көпке ортақ жұмыс болып саналады. Жүн сабау жұмысы қазақ ғұрпыңда ойын-
сауықпен көңілді өтетінді. Жүн сабалып болған соң "тулақ шашу" деген ырым
бойынша жастар жиналып тамақ ішеді, ойын кешін өткізеді.
Жүн сабау жұмысына керекті заттар - сабау мен тулақ. Сабауды бүтақсыз
түзу талдан, қара мойылдан, майысқақ теректен, жыңғылдан июнь-июль
айларында дайындап, қабығын алып кептіреді. Ұзындығын 1 метр 20
сантиметрдей етіп, екі үшын тегістеп, тұжырады. Оның диаметрі 2
сантиметрдей, бас аяғы бірдей. Сабау жүн сабаушылардың санына қарай әр
кісіде екі-екіден болады. Жүнді екі сабаумен қос қолдап сабайды. Сабайтын
жүннің астына тулақ төселеді.
Ал тулақ деп әдетте егіздің, сиырдың керіп кептірген шикі терісін
айтады. Жүн сабау алдында тулақты аздап сүт бүркіп, шөптесінге тесеп
жібітеді. Олай істемесе, кеуіп түрған тулақ сабауға шыдамай сынып кетуі
мүмкін. Киізді осы сабалған дайын жүннен басады. Ол үшін оралмаған ақ ши,
ыстық су, шелек, шеміш қажет. 4 қанат шиді екі қатар жарастыра кектейді
немесе шидің шет бауырларын байластырып қояды да үстіне екі қабат жүннен
беттестіріле киіз теселеді. Киіздің екі бетін киіздің асты мен үсті немесе
киіздің өқі мен теріскейі дейді.
Әуелі шидің үстіне (киіздің ішкі бетіне) арналған жүн шабақталады,
яғни бұрын сабалған үлпілдек жүнді шиге салып, екі адам шыбықпен кепсіте
шабақтайды. (Шабақтау - шыбықтап жаймалау деген сөз). Мұны жабдықтау да
дейді. Осыдан кейін бет тартылады, яғни киіздің ең жағына арналған неғұрлым
таза, әдемі жүнді сол қолымен уыстап алып, әлгі шабақталған жүннің үстіне
салып отырып, оң қолдың қырымен басып қалып үзіп қалдырады. Үзілген жүн
бірімен бірі жалғаса, бір тегіс болып теселе береді. Бұл істі бұрыннан бет
тартып машықталған, жүн тартудың шебері деп танылған бір адам ғана
орындайды. Себебі екі-үш адам болса, жүн ала-құла тартылады да киіз
біркелкі шықпайды. Ал әбден машықтанған адам киіздің я қалың, я жұқа екенін
бір қолымен-ақ сезіп отырады. Мұны халық "жүн тартушының қолының көзі бар"
деп дәріптейді.
Егер басқалы отырған киіз сырмаққа арналса, онда оның астыңғы бетіне
бозғылт, қызыл түсті жүңдер шабақталады, бетіне ең әдемі жүн тартылады.
сырмаққа арналған киіз жұқа басылады, егер қалың басылса, сырмақ астарланып
сырыла келе ете ауырлап, ыңғайсызданып кетуі мүмкін. Сөйтіп киіздің үстіңгі
беті тартылған соң, жүннің біркелкілігін байқау үшін тағы да бір-бір рет
жүріп етіп, киізді алақанмен басып кереді. Жұқа жеріне жүн қосады, қалың
жерін жаймалап жұқартады. Содан кейін қайнап тұрған ыстық суды шелекпен
әкеліп, сүзгімен немесе шеміштің сырт жағымен шашыратып шидің бір жақ
шетінен бастап себелеп құяды. Жоғарыдан шашырап құйылған су өз салмағынен
жүңді басып, шабақталған жүн мен тартылған жүнді біріне-бірін қосып
жабыстырады. Ыстық су жүннің талщықтарын буландырып жібітеді де, оның өзара
кірігіп, тез киізденуіне жағдай жасайды.
Су себіле бастасымен қатар отырған 3-4 әйел басылып жатқан Жүнді
қабаттай шиыршықтап, өскен тәріздөндіріп, жинап отырады. Шиді ширатып орап
жинаған сайын әлсін-әлсін ыстық су құйылады. Осы тәртіппен жүн
тартылған ши түгел жиналған соң, оны сыртынан жіппен шандып, жұмырлап
байлайды да, ортан белінен бір жерінен немесе екі жерінен арқанды өткізіп
алып, екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ши тоқуда «гүлдер әлемі» композициясын түстік үйлесімділікте орындау тәсілдері
СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақтың сәндік қолданбалы қол өнері
Гобелен тоқуда «Теңіз ғажайыптары» композициясын тиімді пайдалану
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ГОБИЛЕН ТОҚУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
ГОБЕЛЕН ТОҚУДА ЕСКЕРТКІШТЕР МҰРАСЫ КОМПОЗИЦИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ (Абылай хан)
Гобелен технологиясында абстарктілі интерьерлік панно тоқу
Мектептен сыныптан тыс сәндік қолданбалы өнер үйірмесін ұйымдастыру
Үйірме сабағындағы педагогикалық әдістер
Жалпы білім беру пәндерді зерделеу емес, тұлғаны пәндермен дамыту
Пәндер