Сұлтан Бейбарыс және оның Қыпшақ тарихындағы рөлі


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

СҰЛТАН БЕЙБАРЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫПШАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ РӨЛІ

Кафедра меңгерушісі Ғылыми жетекшісі т. ғ. д., профессор Қ. Т. Жұмағұлов т. ғ. к., доцент Т. НМухажанова

« » 2010 ж. Орындаған студент Хаттама № Ж. Нурахметова

« » 2010 ж. Т-61К. 050230-Тарих

Алматы 2010
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 СҰЛТАН БЕЙБАРЫСТЫҢ САЯСИ ПОРТРЕТІ

1. 1 СҰЛТАН БЕЙБАРЫСТЫҢ ӨМІР . . . 9

1. 2 СҰЛТАН БЕЙБАРЫСТЫҢ ҚҰРҒАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЛЫМЫ . . . 15

2 ДЕШТІ ҚЫПШАҚ ПЕН МЫСЫР МАМЛҮК МЕМЛЕКЕТІ

АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ЭТНО-МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРЫ

2. 1 САРАЙ МЕН ҚАЙЫР АРАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ

ЕЛШІЛІКТЕР . . . 18

2. 2 ДЕШТІ ҚЫПШАҚ ХАНДАРЫ МЕН МАМЛҮК СҰЛТАНДАРЫ

АРАСЫНДАҒЫ ҚҰДАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР . . . 28

2. 3 СҰЛТАН БАЙБАРЫС: ДІН ЖӘНЕ САУДА, ЭТНИКАЛЫҚ, МӘДЕНИ,

ӘДЕТ-ҒҰРЫПТЫҚ, САЛТ-ДӘСТҮРЛІК, ТІЛДІК ЖӘНЕ

АНТРОПОНИМДІК БАЙЛАНЫСТАР . . . 35

ҚОРЫТЫНДЫ. . . . 48

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 50

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Еліміз егемендігін алғаннан бері Қазақстанның геосаяси жағдайы күрт өзгерген кезде тарихымызды зерттеу саласында үлкен бетбұрыстар болды. Әсіресе, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне он тоғыз жыл толып отырған уақытта қазақ халқының рухани өрлеуі мен тарихи санасының қалыптасуы заманында болашақ ұрпақа тәлім- тәрбие беретін өз тарихына деген сонымен қатарөзінің көршілес және алыс халықтармен және мемлекеттермен ғасырлар бойындағы болған қарым-қатынастары мен байланыстарына деген қызығушылығы айтарлықтай артып отыр. Яғни ертедегі қатынастар негізінде жаңа қарым- қатынастар орнатуға бүгінгі күнде біздің елімізде мүделі, сонымен қатар ата-бабаларымыздың мұрасын білу, біліпқана қоймай оны зерттеп, оған ие болу, қастерлеу бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы екендігі даусыз. Бауыржан Момышұлы айтпақшы, «Бұрынғы дәстүрді, бұрынғы жасаған ерлікті білмей, қадірлемей тұрып, жаңа ерліктерге шақыру бекершілік». Осы тұста өзге елге құлдықа сатылып, бірақ көп ұзамай сол елге сұлтан болған қыпшақ Бейбарыс тұлғасы сөзсіз болашақ ұрпақтың патриотық сезімін оятуда еліктеуге тұрарлық. Осы орйда, халықаралық аспектіге ие қыпшақ факторының белгілі ғылыми мағынаға бөленуі кездейсоқтық құбылыс емес. Өйткені, қыпшақтар ортағасырдың ең ірі этникалық топтарының бірі ретінде бірқатар түркі халықтарының, соның ішінде бірінші кезекте қазақ халқының қалыптасуында елеулі рөл атқарумен қоса, Еуразия мен Жерорта теңізі аймағындағы бірсыпыра шетел этностары мен мемелекеттерінің тарихында өздерінің өшпес іздерін қалдырды. Олардың ішінде, Мысыр мен Шам елін ерекше атауға болады.

Жоғарыда айтылғандардың тұрғысынан шығып Сұлтан Бейбарыс және оның қыпшақ тарихындағы рөлі тақырыбын таңдап алдық. Сұлтан Бейбарыс Қыпшақ пен Мысыр мемлекетінде де айтарлықтай рөл атқарған, сол себепті Сұлтан Бейбарыстың тұлғасына тоқтала отырып, оның қыпшақ тарихындағы рөлін айқындау үшін екі мемлекеттің өз-ара қарым-қатынастарын негізге алғанды жөн көрдім. Ал өз заманының ең ірі саяси құрылымдары болған бұл екі мемелекеттің іргелері көп жағдайларда қыпшақ этносы, оның дәстүрлері мен мәдениетіне негізделген.

Мәселенің тарихнамасында Сұлтан Бейбарыс және оның құрған мемелекетінің зерттелу тарихында қалыптасқан белгілі дәстүрлер бар. Сонымен қоса, жалпы оның өмір баянының жекелеген мәселелері мен екі мемлекеттің өзара байланыстары аспектісі едәуір аз зерттелген. Жалпы Сұлтан Бейбарыс пен бұл екі ірі мемелекеттің өзара байланыстары туралы хабарлайтын негізгі дерек көздері XIII-XVI ғғ. жататын ортағасыр араб тарихи шығармалары болып табылады.

XVII ғ. аяғы - XVIII ғ. басында Қазақ халқының Ресейдің отарлауына душар болып едәуір саяси, экономикалық және рухани дағдарыстарды басынан кешірді. Қазақ даласында хандық жүйені жою арқылы тәуелсіздігіне тоқтау қойылды. Әсіресе, XX ғ. бірінші жартысында тоталитарлық кеңес үкіметі жылдары төл тарихын зерттеу мүмкіндігінен айрып, тілі, салты мен ата-дәстүрін ұмыт қалдырту арқылы мәңгі отарлықты көздеген Мәскеу қазақ зиялылары мен әлауқаттыларын репрессиялар мен қудалаулаоға ұшыратып, елі емес, жеріне қызыққан большевиктік саясат бүкіл қазақ халқын геноцидке ұшыратуы оның тарихындағы теңдесі жоқ үлкен қасіретті кезеңдердің бірі болып тарихқа жазылды. Осы жылдары халқымыздың жартысына жуығы қырылып, қалғаны жаппай орыстандыру саясатын бастан кешіріп, рухани тоқыраулыққа әкеліп соқтырса, екінші жағынан тарихымызды бұрмалау арқылы ұлттық сананың орнына «интернационализм», «халықтар достығын» бүркемеленіп құлдық сананы енгізуінің зардаптарының ауырлығы бүгінгі таңда едәуір сезілуде. Осыншама қасіретті көрген халық үшін тәуелсіздіктің орны мен мазмұны ерекше биік. Отарлық пен тоталитаризм жүйесі тарихымызды шынайылық тұрғысынан зерттеу ісінде төл зерттеушілерімізге жол бермеумен қоса, өзінің отарлық саясатына сәйкес оны барынша бұрмалап және сол бұрмаланған күйінде ғылыми айналымға енгізуі бүгінгі таңдағы халқымыздың басына түскен ең үлкен рухани зардаптарының бірі болып табылады.

Жалпы ислам тарихында орны ерекше, мәртебесі биік болған мамлүк кезеңінен мұра болып қалған өте бай қолжазбаларында Дешті Қыпшақты мекен еткен, салты мен дәстүрі бір, тілі мен мәдени тамыры ортақ көшпелі халықтың тарихын зерттеуде түркі, қыпшақ, моңғол және түркі-моңғол халықтарының байланысы арақатынасы және ерекшеліктері туралы мол құнды деректер сақталған.

Аталған мемелекеттің кіндігі қазіргі Қазақстан жерінде орналасып, тарихи дамуы жағынан қазақ халқы олардың этникалық және мәдени мұрагері болып табылуы себепті, Дешті Қыпшақ мемелекетінің тарихын зерттеу ісі төл ғылымымыз үшін ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.

Өткенімізді сараламай болашағымызды болжау қиын. Елдігіміз бен мемлекетіміздің бүгіні мен болашағын оның ішкі саяси бағытымен қоса, әлемдік қауымдастықтың басқа мүшелерімен қарым-қатынастарының қандай деңгей мен сапада болуы белгілейді. Тарихымызды зерттеу ісінің ғылыми, әлеуметтік қоғамдық және ұлттық-танымдық қызметтерімен қоса, бүгінгі күнгі сыртқы саясатымыздағы басқа елдермен қарым-қатынасымыздың тарихи тамырлары мен негіздерін ашып көрсетудегі маңызы өте зор. Осы диплом жұмысының тақырыбы мен мазмұнын қамтитын Сұлтан Бейбарыс және оның қыпшақ тарихындағы рөлін айқындау үшін ең алдымен Дешті Қыпшақтың Мамлүк мемелекетімен ғасырларға созылған жан-жақты қарым-қатынастары мен байланыстарын ашу арқылы алғашқысының діңгегін құраған бүгінгі егемен Қазақ мемлекетінің орта ғасырлардағы араб ислам әлемімен саяси, дипломатиялық және рухани байланыстарының терең тамырлары бар екенін көрсетіп, бүгінгі әлемдік қауымдастықтағы орны мен маңыздылығы ерекше мәртебелі араб және ислам елдерімен қарым-қатынастарымызды жаңа деңгейде жаңғырту үшін маңызды негіз бола отырып, қазақ мемлекетінің сыртқы саясатындағы Батыс және Шығыс елдерімен дипломатия саласында ғасырларға кеткен терең тарихи байланыстардың тамырлары мен бай дәстүрлерін көрсетуде маңызды фактор бола алады.

Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. 1250-1517 жылдар аралығында Мысыр мен Шам елінде билік еткен, тарихта мамлүктер деген атпен белгілі көшпелі түркі халқының өкілдерінің құрған Мысыр Мамлүк мемлекетінің тарихы мен Батыс және Шығыс елдерімен қарым-қатынастары мен әртүрлі салалардағы байланыстары қазіргі заманғы көптеген араб және Батыс зерттеушілерінің назарына ілініп, бұл салада біріз зерттеулер жарық көрді. Аталған зерттеулерге сол кезеңнің замандасы және тарихи уақиғалардың куәсі болған ортағасыр араб және мысыр тарихшыларының жазып қалдырған араб тіліндегі жазба деректері негізгі дерек көздері болып табылады.

Бейбарыс құрған Мысыр Мамлүк мемлекетінің араб ислам тарихында алатын орнының ерекшелігі оның сол кезеңдегі араб ислам әлемінің саяси және мәдени орталығына айналуымен тікелей байланысты.

1258 жылы орталығы Бағдад қаласында орналасқан Араб Халифаты моңғол жаулаушылығының қолынан құлады. Оны 1260 жылы мамлүк сұлтаны аз-Захир Байбарыс Мамлүк мемлекетінің астанасына көшіріп, Аббас әулетінің халифатын Қайыр қаласында қайта жандандырумен байланысты Мамлүк мемлекеті Араб Халифатының орталығына айналды.

Мамлүк династиясының билігі туралы жазылған алғашқы шығармаларының бірі Мухи ад-Дин Ибн Абд аз-Захирдың (1293 ж. қайтыс болған) қаламына тиесілі «Ар-Рауд аз-захир фи сират әл-Малик аз-Захир» атты шығармасы. Оның бұл еңбегі қыпшақ тегінен шыққан мамлүк сұлтаны Байбарыс әл-Бундуқдаридің (1260-1277 жж. билік еткен) өмірбаянына арналған. Сұлтанның жеке хатшысы қызметін атқарған, сұлтан сарайында жоғарғы мансап иесі болған, көптеген құжаттар мен материалдар қолында болуының нәтижесінде Ибн Абд аз-Захир өз еңбегінде мамлүктердің Алтын Ордамен байланыстары туралы құнды деректерді келтіреді [2, 25-26] .

Байбарыс ад-Дауадар әл-Мансури (1325 ж. қайтыс болған) мамлүк сұлтандарының сарайына жақындардың бірі болған. Оның қаламынан туған «Зубдат әл-фикр фи тарих әл-хиджра» атты шығармасында 622 жылдан бастап 1324 жылдар аралығындағы уақиғалар туралы айтылады. Сондай-ақ, оның еңбегінде қыпшақтардың құрылымы мен олар туралы тарихи-этнографиялық мағлұматтар бар [1] .

Шихаб ад-Дин ан-Наууайри (1279-1332) Мысыр энциклопедиялары мектебінің басында тұрған тұлға. Әдебиет саласындағы білімнің арқасында мамлүк сұлтаны әл-Малик ан-Наср Мухаммад Ибн Қалауынның сарайына жақындатылып, онда жоғарғы мансапты қызметтер атқарады [1] . Ибн Хаджар өзінің «Ад-дурар әл-камина» атты еңбегінде, сұлтан ан-Наср Мухаммад ан-Нууайриді біраз маңызды істерді атқаруға тағайындап, Тарабулус қаласындағы әскерді бақылаушы етіп қояды, ал бұл өте маңызды әскери мансап, - деп көрсетеді. Кейінгі жылдары ол мемлекеттік істерден алшақтап, өзінің баяғыдан армандаған ісіне - шығармашылық ісіне кіріседі. Оның «Нихайат әл-арб фи фунун әл-адаб» атты үлкен энциклопедиялық шығармасы негізінен гуманитарлық мағлұматтарды қамтиды. Ол өзінің еңбегінде сол кездегі белгілі араб әдебиеті тарихи тағлымдар мен деректерді барынша жинақтайды. Бұл шығармадағы тарихи-географиялық бөлігі компилятивті. Оның еңбегінде Қыпшақ елі туралы қысқаша берілген мағлұматтары мен жекелеген қыпшақ рулары арасындағы өзара қырқыстар мен қыпшақ руларының құрылымы туралы деректердің үлкен маңызы бар. Сондай-ақ, моңғол жаулаушылығынан кейінгі кезеңдегі қыпшақ елінің рухани мәдениеті туралы мағлұматтар береді [2, 25 б. ] .

Ибн Фадл-Алла Ал-Омаридің (1301-1349) «Масалик әл-абсар фи мамлик әл-амсар» атты еңбегі өзінің көлемі мен мазмұны жағынан ан-Нууайридің көп томды энциклопедиясымен бәсекеге түсе алады. Оның шығармасынан моңғол жаулаушылығынан кейінгі кезеңдегі Орта Азия, Еділ бойы мен Кавказ өңірінде тұратын халықтардың тұрмысы, түркілер елінің қалалары мен сауда жолдары және қыпшақтардың қоныстары мен этникалық ерекшеліктері туралы мағлұматтар бар [2, 26 б. ] .

Тақийа ад-Дин әл-Мақризи (1364-1441) Қайыр қаласында дүниеге келген. Мамлүк сұлтаны әл-Малик аз-Захир Барқуқтың, одан кейін оның ұлы әл-Малик ан-Наср Фарадж Ибн Барқуқтың билігі кезінде бағы ашылып, мемлекеттік жоғарғы мансаптардағы қызметтер атқарады. Сұлтан сарайына жақын адамдардың бірі болып беделді мамлүк әмірлерінің қамқорлығына бөленеді. Өмірінің шамамен елу жасына келген уақытынан бастап шығармашылықпен айналыса бастайды. Оның «Ал-Мауази уа-л-итибар би-зикр әл-хитат уа-л-асар» атты шығармасын ең атақты әрі маңызды деп айтса болады [2, 90 б. ] .

Абу әл-Мухасин Ибн Тағри-Берди (Тәңірі-Берді) (1409-1469) Қайыр қаласында мамлүк сұлтаны әл-Малик аз-захир барқуқтың билігі кезеңінде дүниеге келген. Өзінің сөзіне жүгінсек, әкесі сұлтан барқуқ сатып алған мамлүк болған [2, 115 б. ] . Зеректігі үшін сұлтан оны өзіне жақындатып жоғарғы мансапқа бөленеді. Сұлтан Барқуқ қайтыс болғаннан кейін, оның ұлы әл-Малик ан-Наср Ибн барқуқтың билігі кезінде Шам елінің билеушісі етіп тағайындалады. Ол өзінен кейін Мысыр тарихына арналған үлкен тарихи еңбек қалдырады. Оның «Ан-Нуджум аз-захира фи ахбар мулук Мыср уә-л-Қаһира» атты құнды еңбегі Мысыр тарихы туралы жазылған энциклопедиялық шығармалар қатарына жатады [2, 114-117 бб. ] .

Сонымен қатар Ал - Асир жылнамасында, яғни «ал-Камил фи-т- тарих» атты еңбегінде моңғолдардың жаулаушылық жорықтарының зорлық - зомбылық арқылы жүгізгендігін жазады, яғни жаулаудың барысы мен салдарын көрсетеді. [3, 25-48 бб. ]

Ибн Василдің «Муфарридж ал-куруб фи ахбар мулук Бани Айуб» атты еңбегінде Хулагу мен Берке хан арасындағы жауластықтың себебін түсіндіріп, сонымен қатар Бейбарыс пен Берке екеуінің бірігіп соғысқа шықандығын айтады. [3, 83-85 бб. ]

Ендігі кезекте парсы деректеріне келсек ең алдымен тақырыпқа қатысты маңызы зор деп Рашид-ад-диннің «жылнамалар» жинағын атауға болады, бұл еңбектің III-ші томының, екінші бөлімі толығымен Хулагу ханға арналып, онда Берке ханмен болған араздықтың себебін атай отырып сонымен қатар оның Мысыр елдеріне жүргізген жорықтарының себебін, барысын, нәтижесін нақты көрсетеді. [4, 22-61 бб. ]

Келесі бір парсы дерегі Джузджанидің «Насировый разряд» деген еңбектің үзіндісінде тақырыпқа қатысты кей мәселелер айтылады, әсіресе қыпшақ тарихын яғни териториясын баяндауға ерекше көңіл бөлген. Жалпы айтқанда парсы деректері араб деректерімен салыстырғанда аз деп айтуға болады. [5, 286-287 бб. ]

Ал енді еуропа авторларының деректеріне келсек Плано Карпинидің «Моңғол тарихынан» үзіндісінде моңғол мемлекеті туралы, олардың билеушілері жайлы, өткен жолдары жайлы жалпы мәлімет берген. [5, 321-323 бб. ]

Сонымен қатар «Марко Поло кітабынан» берілген үзіндісінде Николай мен Матвейдің Константинопольге дүние жүзін аралауға атануын айта келе, оларды Берке хан қандай құрметпен қабылдағандығын және Берке ханның мемлекетінің жағдайын, сыртқы саясатын біраз баяндаған. [5, 333-340 бб. ]

Келесі автор Гильом де Рубруктің «Путишествия в восточные страны» атты еңбегін атауға болады, ол өзінің еңбегінде қыпшақ териториясын атай отырып, олардың Бату кезіндегі жағдайды баяндайды. [5, 330 б. ]

Ал енді дипломдық жұмыстың зерттеулеріне келсек, Л. А Семенованың «Салах ад-дин и Мамлюки в Египте» деген еңбегін ерекше атауға болады, онда ол XII-XV ғасырлар аралығындағы Мысыр елінің жағдайын, яғни қай династия орнын қай династия басқандығын нақты атай отырып Сұлтан Бейбарыс тұлғасына тоқталып өткен. [6, 178-183 бб. ] .

Жалпы Сұлтан Бейбарыс тұлғасына қатысты Қ. Сәки, К. Саудабаев, Қ. Ө. Жүсіптің еңбектерін атауға болады, олар сұлтаның толық өмірбаянын бере отырып оны мемлекет қайраткері, асқан саясаткер ретінде тұлғасын толығымен ашуға тырысқан. [7, 54-64 бб., 13, 28-47 бб., 14, 3-44 бб. ]

Мысыр елі мен Дешті - Қыпшақ арасындағы қарым - қатынастарды жна- жақты зерттеген Б. Батыршаұлының еңбектері өте құнды болып табылады. [8, 9, 10, 11, 12. ]

Ал Сұлтан Бейбарыстың аса шебер саясаткер екенігінің дәлелі ретінде оның жүргізген жорықтарынан байқауымызға болады, бұл мәселені Т. Ю. Ирмияевтың «История Мусильманского Мира от Халифата до Блистательной Порты», Б. Кутлердің «История крестовых походов», К. Э. Босворттың «Мусульманские династи», М. П. Заборовтың « Крестаносцы на вастоке» деген еңбектерден байқауымызға болады [15, 17-24 бб., 16, 38-45 бб., 17, 68-79 бб., 18, 43-56 бб. ] .

Сұлтан Бейбарыс ислам әлеміндегі рөлін, яғни Алтын Орда кезіндегі Дешті - Қыпшақта ислам дінінің таралуына қосқан үлесі жайында Ж. Т Батырбекова мен Н. Нұртазинаның зертеулерінде нақты дәлелдер келтірілген [19, 154-155 бб., 20, 54-65 бб. ] .

Негізіне қыпшақ тарихына қатысты зерттеулер баршылық деп айтуғада болады, бірінші кезекте Б. Е. Кумеков, Б. Кәрібаев, С. М. Ахимжановтың еңбектерін атап айтуға болады [21, 22, 23. ] .

Жалпы зерттеу тақырыбына қатысты Т. Омарбеков пен Х. Ғабжалилов зертеулерінен, сонымен қатар Г. К. Кәдірқұлованың «Қазақстан тарихы», «Қазақстан тарихы» төрт томы, «Көркемсуретті Қазақстан тарихы», «Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық», «Ұлттық энциклопедия», А. Х. Марғұланның «Казахское народное прикладное искусство», « Бейбарыс сұлтан» /Жас алаш журналынан, алынған материялдарды атап айтуға болады [24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33. ] .

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыстың басты мақсаты Сұлтан Бейбарыс және оның қыпшақ тарихындағы рөлін анықтау.

Алға қойған мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

  • Сұлтан Бейбарыс және оның қыпшақ тарихындағы рөлі тақырыбының зерттелу тарихнамасына қатысты бұрын-соңды жүргізілген зерттеулерге шолу жасау;
  • Сұлтан Бейбарыс тұлғасын ашу мақсатында мемлекет басқару жүйесі мен сыртқы саясатты жүргізу ерекшелігін айқындап көрсету;
  • Сұлтан Бейбарыс және оның қыпшақ тарихындағы рөлін анықтау мақсатында XIII ғ. ортасынан XV ғ. басына дейінгі аралықтағы Дешті Қыпшақ пен Мамлүк мемлекеті арасындағы саяси, мәдени, дипломатиялық, құдалық, этникалық байланыстарын қарастыру;
  • Зерттеу барысында Дешті Қыпшақ пен Мысыр Мамлүк мемлекеті арасындағы әскери-саяси және дипломатиялық жақындасудың негізгі алғышарттары мен себептерін және оның нәтижелері мен салдарын көрсету;
  • Дешті Қыпшақ пен мамлүктер арасындағы мәдени, әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік, тілдік, этникалық және антропонимикалық байланыстарын анықтау.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 СҰЛТАН БЕЙБАРЫСТЫҢ САЯСИ ПОРТРЕТІ

  1. Сұлтан Бейбарыстың өмірі

Жамақұлы Бейбарыс (1225-1277) - түркі әулеті Бахриден шыққан

мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Оны тарихи шығармаларда Бейбарыс, Бибарыс деп те атайды. Оның шыққан тегі - қыпшақ. Бірақ қай жердің қыпшағы дегенге келгенде әр түрлі деректер айтылып, бірі - Хорезм, Дербент қыпшақтарынан десе, екіншілері маңғыстаулық еді дегенді айтады. Соңғы зерттеулер бұл дүдәмалдықтың түйінін шешіп, Бейбарыстың қыпшақ тайпасының Беріш руынан шыққан атақты әулеттің тұқымы екені анықтауға мүмкіндік берді. Араб елдерінің «Мың бір түнмен» қатар қоятын халық романы - «Бейбарыста» оның әкесі Жамақ, шешесі әйек деп, олардың нақты есімдерін атап көрсеткен. Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген, Алдыңғы Азиядағы араб тілдес халықтармен тілмәш арқылы түсініскен.
Бейбарыс Дамаскінің базарында 800 дирхемге құлдыққа сатылғаннан кейін жаңа қожайыны Айдакин Бундукдаридің атымен әл-Бундукдари деген есімге ие болды. Кейін Бейбарыстың ерекше қабілетін байқаған Айюби әулетінің сұлтаны Салих Нажумиддин оны өзінің жеке гвардиясының бір бөліміне сардар етіп алады. Сөйтіп ол енді жаңа әміршісінің атымен өзіне әл-Салихи деген есімді және қабылдайды. Ол осында жүргенде крест жорығына қатысушыларға қарсы күресте Египет әскеріне қолбасшылық етеді. Осы тұста нақтырақ тоқталатын болсам, келесі жайыттарды айта кеткенім жөн. Қасиетті жерлерді азат етуге бағытталған крес жорықтарының нәтижесінде христиан Европасында Мысыр жері мұсылмандардың әскери күш - қуат көзі болып тұрған кезінде олардың Шамдағы жоспарлары іске аспайды, әрекеттері сәтсіз болады деген көзқарас қалыптасады. Сондықтан, Франция королі Льюйс өзінің кресшілер жорықтарының басты идеясы - қасиетті жерлерді азат етуді жүзеге асыруды стратегиялық маңызға ие Мысыр жеріне шабуыл жасаудан бастайды. Франция королі Льюйс Френсис Иерусалимді француздарға қайтармаққа өзіне өзі сөз береді. Ол бұл мақсатының Мысырды жаулап алмай жүзеге аспайтынын түсінді.

Франция флоты 1248 жылдың күзінде Марсилия теңіз портынан қасиетті жерлерді бетке алып жүзіп шығады. Фрация королі Льюйс Кипр аралына қыстап, сол жерде жатып Таяу Шығыс жеріне жақындап келе жатқан монғолдармен байланыс орнап, христиан дініне көзқарастарын білу, мұсылмандарға қарсы күш біріктіру мақсатында олардың тамырын басып көреді. Алада, монғолдар кресшілердің ұсыныстарын қабыл алмайды. Кейіннен король Льюйс татар елінің елшілерін құрметпен қарсы алғанына өкінеді. Сонымен, 1249 жылдың мамыр айының үстінде 60 мың жауынгері бар францух кемелері Кипрден шығып, Мысырға бет түзейді. Корольдің қасына туған екі бауыры еріп шығады.

Мысыр сұлтаны Наджмуддин Аюп кресшілер Нілдің атырауында орналасқан Думия қаласын басып алуға тырысатынын түсініп, қаланың қамалын күшейтіп, өзі қаланың оңтүстігінде әскерімен орналасады. Француз дисантының түсуіне жол бермес үшін әмір бастаған әскерді қаланың өзен жағындағы жағалауға орналастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СҰЛТАН БЕЙБАРЫСТЫҢ ТАРИХИ ТҰЛҒАСЫ
Бабамыз Бейбарыстың ноғай ханымен жазысқан хаттары
Сұлтан Бейбарыс тұсындағы Мысырдың сыртқы саясаты
Бейбарыс сұлтанның қысқаша өмірдеректері
Бейбарыс сирасындағы жас бейбарыс бейнесі
АЛТЫН ОРДА МЕМЛЕКЕТІ МЕН МАМЛҮКТІК ЕГИПЕТ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ БАЙЛАНЫСТАР
Дешті қыпшақтың мысыр мамлүк мемлекетімен XIII-XV ғғ. байланыстары
Таяу Шығыс пен Мысыр мәмлүктерінің қарым - қатынасы
Шығыс немесе Мұсылман ренессансы
Сұлтан Бейбарыстын өмірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz