Углеводтар



І. Углеводтар және олардың циклы.
ІІ. Углеводтардың алмасуы.
ІІІ. Лимон қышқылы.
Углеводтар немесе қанттар өсімдік организмінде синтезделеді. Углеводтар-барлық тірі оранизмде негізгі энергия беретін зат және көміртегінің көзі. Ал көміртегі дегеніміз-бүкіл тіршіліктің негізгі элементі.
Углеводтардың қызметі. Углеводтардың қызметі алуан түрлі және оларды баска заттармен ауыстыруға болмайды.
Ең алдымен углеводтар—өсімдіктер мен жануарлар клет-
касы үшін энергия аккумуляторы, куат көзі (глюкоза, крахмал,
гликоген).
Бірқатар углеводтар өсімдіктер мен бактерия клеткаларының қаңқасы (скелеті) кызметін атқарады. Мысалы, өсімдік клеткаларының қабығы целлюлозаның мықты талшықтарынан тұрады. Оны гемицеллюлоза, пектин және лигнин сиякты полисахаридтер бекемдейді. Бактерия клеткаларының қабырғасы құрамында азотты полисахаридтер бар, катты да саңлаулы қабықтан құралады.
Жануарлар белоктары мен липидтердің өздеріне тән ерек-
шелігі де углеводтарға байланысты. Моносахаридтер және бір-
қатар дисахаридтер белоктармен ковалентті байланысып гли-
копротеидтер, ал олар өз кезегінде липидтермен өзара әрекеттесіп, гликолипидтер құрайды. Гликопротеидтер мен гликолипидтер клетка мембранасының құрамына кіреді және оның ауысты-
рылмайтын бөлігі болып табылады. Кейбір гликопротеидтер
буын аралықтарын майлау қызметін атқарады және клетка ара-
лық сүйықтыктар қүрамында болады.
Углеводтардың адам қанының қандай топқа (группаға)
жататынын анықтаудағы және клеткаларды ажыратып білудегі
клетка сыртының рецепторлы қызметі ете маңызды. Нуклеин
қышқылдарыньщ және нуклеотидтердің құрамына кіретін рибоза мен дезоксирибозаның маңызын ерекше атап өту қажет.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І. Углеводтар және олардың циклы.
ІІ. Углеводтардың алмасуы.
ІІІ. Лимон қышқылы.
Тірі организмдегі углеводтар.
Углеводтар немесе қанттар өсімдік организмінде синтезделеді.
Углеводтар-барлық тірі оранизмде негізгі энергия беретін зат және
көміртегінің көзі. Ал көміртегі дегеніміз-бүкіл тіршіліктің негізгі
элементі.
Углеводтардың қызметі. Углеводтардың қызметі алуан түрлі және
оларды баска заттармен ауыстыруға болмайды.
Ең алдымен углеводтар—өсімдіктер мен жануарлар клет-
касы үшін энергия аккумуляторы, куат көзі (глюкоза, крахмал,
гликоген).
Бірқатар углеводтар өсімдіктер мен бактерия клеткаларының қаңқасы
(скелеті) кызметін атқарады. Мысалы, өсімдік клеткаларының
қабығы целлюлозаның мықты талшықтарынан тұрады. Оны
гемицеллюлоза, пектин және лигнин сиякты полисахаридтер бекемдейді.
Бактерия клеткаларының қабырғасы құрамында азотты полисахаридтер бар,
катты да саңлаулы қабықтан құралады.
Жануарлар белоктары мен липидтердің өздеріне тән ерек-
шелігі де углеводтарға байланысты. Моносахаридтер және бір-
қатар дисахаридтер белоктармен ковалентті байланысып гли-
копротеидтер, ал олар өз кезегінде липидтермен өзара әрекеттесіп,
гликолипидтер құрайды. Гликопротеидтер мен гликолипидтер клетка
мембранасының құрамына кіреді және оның ауысты-
рылмайтын бөлігі болып табылады. Кейбір гликопротеидтер
буын аралықтарын майлау қызметін атқарады және клетка ара-
лық сүйықтыктар қүрамында болады.
Углеводтардың адам қанының қандай топқа (группаға)
жататынын анықтаудағы және клеткаларды ажыратып білудегі
клетка сыртының рецепторлы қызметі ете маңызды. Нуклеин
қышқылдарыньщ және нуклеотидтердің құрамына кіретін рибоза мен
дезоксирибозаның маңызын ерекше атап өту қажет.
Углеводтардың классификациясы. Өз молекулаларының күрделілігіне қарай
углеводтар 3 класска бөлінеді. Олар: моносахаридтер, дисахаридтер мен
олигосахаридтср және полисахаридтер.
Моносахаридтер немесе жай қанттар. Моносахаридтер гидролизденбейді,
оларға: глюкоза, фруктоза, галактоза, манноза,
рибоза, дезоксирибоза және басқалар жатады.
Дисахаридтер мен олигосахаридтер. Дисахаридтер гидролиз кезінде
моносахаридтердің екі молекуласына ыдырайды. Олар: сахароза,
лактоза, мальтоза, целлобиоза. Олигосахаридтер дегеніміз—әр
молекуласы үш және одан көп (онға дейін)
моносахаридтерден тұратын углеводтар. Мысалы, рафиноза молекуласы
глюкозаның, галактозаның және фруктозаның қалдықтарынан тұрады.
Полисахаридтер молекулалық массасы жоғары күрделі заттар. Олар
толық гидролизденген кезде моносахаридтер молекуласына ыдырайды.
Полисахаридтерге жататындар: крахмал, целлюлоза, гликоген, инулин және
басқалар.
Дисахаридтер.Дисахаридтердің судың бір молекуласын бөліп шығару
арқылы моносахаридтердің екі молекуласынан құралған. Мұнда
моносахаридтердің арасында гликолозидтік байланыс қалыптасады. Табиғатта
бос күйінде екі дисахарид-сахароза мен лактоза кездеседі. Ал крахмал,
гликоген және целлюлоза полисахаридтерді шала гидролизденгенде
мальтоза, изомальтоза, целлобиоза түзіледі.
Тірі организм дегеніміз — белгілі құрылымы бар биологиялық система.
Тірі организмде үзіліссіз зат алмасу жүріп жатады. Зат алмасу дегеніміздің
өзі организмде жүріп жататын барлық химиялық процестердің жиынтығы.
Организмдегі зат алмасу тіршіліктің негізгі белгісі болып табылады. Тірі
организм зат алмасудың нәтижесінде пайда болып жарыққа шығады, тіршілік
етеді, өсіп жетіледі және өледі.
Соңғы кездерде әдебиеттерде зат алмасу дегеннің орнына метаболизм
деген термин жиі қолданылатын болды. Бұл екеуі де бір ғана мағына береді,
сондықтан езара бірін-бірі ауыстырады. Бұл кітапта осы екі синонимнігі
екеуі де пайдаланылады. Организмдегі зат алмасу (метаболизм) өзара тығыз
байланысгы екі процестен катаболизм мен анаболизмнен құралады.
Катаболизм дегеніміз күрделі органикалық қосылыстардың ыдырап, қарапайым
молекулаларға айналуы. Азық-түлік, жем-шөп аркылы орғанизмге енген жәпе
тканьдер мен органдарға барган белоктар, линидтер, углеводтар бірқатар
катаболиздік реакциялар нәтижесінде ыдырап, ақырғы өнімдерге айпалады да,
сыртка бөлініп шығады. Катаболиздік реакциялар кезінде органикалык
молекулалардан бос энергия бөлініп шығады және олар АТФ макроэргиялық
байланысында, бас қа да нуклеотидтерде жиналады. Жиналған осы энергия тірі
организмнің тіршілік әрекетін іске асыру үшін жұмсалады.
Анаболизм — бұл белоктар, липидтер, нуклеин кышқылдарыныи және клетка
мен тканьдегі басқа да биомолекулалардың синтезі. Мұндай синтез катаболизм
кезінде пайда болған заттардын ссебінен іске асады. Анаболизм реакциялары
кезінде АТФ макроэргиялық байланыстарынан босап шыққан энергия жұмсалады.
Анаболизм процесі кезінде организмнің құрам бөліктері қалыптасады және жаңа
бөліктер түзіліп жаңарады. Ал организмді тұтастай алып қарастыратын болсақ,
ересек организмнің дене құрамы бірқатар уақыт бойы оншама өзгере қоймайтыны
белгілі.
Клеткадағы катаболиздік және анаболиздік реакциялар бірінен-бірі
тәуелсіз болады және бір мезгілде жүреді. Бұл екеуі зат алмасудың
біртұтастығын және оның мазмұнын көрсетеді. Бұл реакцияларды ферменттер
катализ дейді және оны эндокриндік жүйе мен орталық нерв жүйесі басқарып,
реттейді. Катаболизм және анаболизм нәтижесінде түзілетін қосылыстар
метаболиттер немесе аралық өнімдер дсп аталады. Катаболизм диссимиляция
деп, ал анаболизм ассимиляция деп те аталады.
Негізгі қоректік заттар (белоктар, углеводтар, липидтер) — күрделі де
жоғары молекулалы косылыстар. Сондықтан олар ас қорыту жолында ішек-қарын
қабырғасы арқылы сорылып, организмге ене алмайды. Ол заттар организмге
сіңіп, оның құрам бөлігіне айналу үшін, оларды ыдырату және карапайым
молекулалалы заттарға айналдыру қажет. Қоректік заттардың ыдырап айырылуы
әр түрлі ферменттердің әсері арқылы іске асады және ол ас қорытылу процесі
деп аталады. Ас қорытылу процесіне қатысатын ферменттер гидролазалар
класына жатады. Осыған байланысты ас қорыту жолында ол ферменттер қатысатын
катаболизм реакцияларындағы екінші субстрат су болады. Су, минералдық
тұздар және витаминдер де қоректік заттарға жатады.
Углеводтардың қорытылуы. Углеводтар жануарлар үшін негізгі қорек. Ол
азық рационының 70% шамасындай. Ал адам қорегінің 50% углеводтардың үлесіне
тиеді. Қорытылу ерекшелігіне қарай углеводтарды мынадай екі топқа бөледі:
1) крахмал, гликоген, сахароза, лактоза, 2) целлюлоза, маннандар, липпін,
пектиндер, пентозандар және баскалары. Екінші топқа жататым углсводтарды
омыртқалылардың бәрі бірдей қорыта алмайды. Оларды күйіс кайыратын және
кейбір жануарлар ғана ммкробтық ферменттін көмегі мен қорыта алады (бұл
мәселе жеке қарастырылады).
Крахмалдың, гликогеннін қорытылуы ауьп куысынан баста лады, ол екеуінің
қорытылуына аздап болса да сілемей ферменттері әсер етеді. Сілемейдің
негізгі қызметі — коректі ылғалдандыру, сөйтіп оның шайналуына және ас
қорыту жолымен жүруіне жағдай жасау. Сілемейдің құрамында, шырышты
гликопротеидтер (муциндер) бар, олар қорекке жағылып, оны жұмсартады.
Сілемей дегеніміз түссіз (койда, жылқыда), немесе азғана майлы су
түсіндей (сиырда, итте) сүйық зат. Ірі каранын. және қойдың сілемейінің рН
көрсеткіші 8,2—8,5, жылқыда 7,2—7,8, адамда 6,9—7,0. Кейбір сүтқоректі
жануарлардың сілемейі құрамында крахмал мен мальтозаны ыдырататын амилаза
(м. м. 56000) және мальтаза (м. м. 22000) ферменттері бар. Сілемей
құрамында а-амилаза бейтарап ортада және шала қышқыл ортада активтілік
қасиет көрсететіндіктен сілемеп амилазасының активтілігі шамалы. Мысалы,
адамдағы осы ферменттің активтілігімен салыстырғанда, шамамен шошқада 100
есе, ірі қарада, жылқыда 1400 есе кем болады.
Күйіс қайырмайтын мал асқазанында углеводтардың қорытылуы. Қоректік
заттар ауыз қуысынан әрі қарай сөлінін күшті қышқылдық реакциясы (рН
1,5—2,5) бар қарынға туседі. Қышқыл ортада сілемейдегі амилаза ферменті
өзінің әсерін тоқтатады да, углеводтар бұдан әрі ыдырамайды. Қарын сөлінде
амилаза ферменті болмайды. Крахмал, гликоген, сахароза, лактозаның
қорытылуы негізінен он екі елі ішекте, ұйқы безі ферменттерінің және ішек
шырышының әсерінен іске асады.
Омыртқалы жануарлардың ұйқы безінен шығатын сөлінде сілтілік реакциясы
(рН — 7,5—8,5) бар көп мөлшерде натрий бикарбонаты болады. Ішектің
шырышынан да натрий, бикарбонат, хлор иондары бөлініп шығады. Осының
арқасында қарында бөлініп шығатын тұз қышқылы бейтараптанады және ішектегі
рН ферменттердің әсер етуіне ең колайлы, 7,5—8,5 денгейінде
тұрақтандырылады.
Қоректің негізгі бөлігі болып табылатын крахмал ауыз қуысында аздаи
қана қорытылады, өйткені корек ауыз қуысында ұзақ болмайды және жануарлар
сілеменінің рН көрсеткіші ферменттер әсері үшін қолайлы емес.
Крахмал амилазадан және амилопектиннен құралады. Ол екеуінің ұйқы
безінен шыккан амилаза ферменті әсерінен болатын гидролизі ретсіз емес.
Моносахаридтердің сіңуі. Ішек қабырғасы арқылы моносахаридтер ғана
сіңеді, ал дисахаридтер мен күрделі углеводтардың мұндай қабілеті болмайды.
Глюкоза мен галактоза концентрация градиентіне карсы активті тасымалдау
жолымен эпителий клеткалары арқылы сінеді. Активті түрде тасымалдау тек
қатарындағы қанттарға ғана тән, фруктоза активті тасымалданбайды, ол
араласу жолымен сорылады.
Қанттар ішектің саңылауынан клетка мембранасы арқылы таратқыш
молекулалар көмегімен және натрий иондарының қатысуымен тасымалданады.
Таратқыш-молекулада глюкоза мен ионынын, байланысатын жері бар. Ішектің
шырышты қабығы шегінде таратқыш олармен байланысады да, клеткаға енеді.
Клеткада олар бір-бірінен бөлінеді, глюкоза сероз мембранасы аркылы қанға
барады, шұғыл түрде тасымалданып кетеді, ал таратқыш-молекула қайтадан
ішектің қуысына келеді. Қанттардың сіңу жылдамдығы әр түрлі. Галактоза мен
глюкоза тезірек сіңеді. Ал глюкозамен салыстырғанда фруктоза 2 есе, манноза
мен пентоза 5—10 есе баяу сіңіріледі.
Күйіс қайыратын жануарлар мен жылңы организмінде углеводтардың қорытылу
ерекшелігі.
Ас қорыту жолында қызмет атқаратып бездерде полисахаридтердің (3-
гликозидтік байланысын үзіп ажырататын ферменттер синтезделмейді. Шөппен
қоректенетін жануарлар үшін гликозидтік байланысы бар целлюлоза және басқа
да күрделі углеводтар негізгі азық болып табылады. Бұл полисахаридтер ас
қорыту жолында тіршілік ететін микроорганизмдердің көмегімен қорытылады.
Күйіс қайыратын малдың қарыны төрт белімнеп тұрады. Олар: үлкен қарын,
қатбаршақ, жұмыршақ және ұлтабар. Ал үлкен катбаршақ және жұмыршақ қарында
үнемі 1 мл қоректік массада бактериялар және 106 қарапайым жәндіктер,
анаэробтық микроорганизмдер тіршілік етеді.
Жылқының тік шшегі мен соқыр ішегінің көлемі үлкен болады. Жылкының
осы ішектерінде және құстардын бөтекесімде көптеген микроорганизмдер
тіршілік етеді.
Мұндай жануарлардың қарынында, ішегінде тіршілік ететін микроорганизмдер
клеткасында целлюлоза, целлобиаза ферменттері және баска да ферменттер
түзіледі. Ондай ферменттер целлюлозаны, пектинді, целлблозаны гидролиздеп,
негізінен глюкозаға және әр түрлі моносахаридтерге айналдырады. Осы
моносахаридтер және басқа да қарапайым қанттар одан әрі қарай басқа
микробтық ферменттердің әсерінен ашиды да, негізі нен сірке, пропион, сүт,
май, пирожүзім, қымыздык, янтарь қышқылдары, басқа да органикалық
қышкылдар, көмір кышкы-лы мен СН4 түзіледі. Органикалық қышқылдар үлкен
қарынның безсіз эпителийі арқылы сіңеді.
Полисахаридтер талшықтарының корытылуы малдык күйіс қайыру процесінде
жеңілдейді. Күйіс қайыратын мал ірі шөпті шайнап ұсақтайды. Бұл кезде шөп
ұнтағына ауа араласады, оны мал жұтып қарынға жібереді. Ал шөппен бірге
қарынға барған оттегі сірке қышқылдық ашуды жақсартады. Пайда болған сірке
қышқылы майдың түзілуіне жұмсалады. Сондықтан ірі азықтар сиыр сүтінің
майлылығын арттыруға көмектеседі.
Күйіс қайыратын мал өте көп мелшерде сілекей бөліп (бір тәулікте
сиырдың беліп шығаратын сілекей мөлшері 100 л, қойдыкі 10 л) шығарады. Осы
сілекеймен бірге үлкен карынға, ішекке көп мөлшерде бикарбонаттар мен
мочевина барады. Бұлар ашу кезінде пайда болған қышқылдарды бейтараптайды.
Кемір қышқыл газы (СО2), сутегі (Н2) және метан (СН4) сің-бейді, кекіру
кезінде сыртқа бөлініп шығады, көмір қышқыл газының бір бөлігі басқа
қосылыстар синтезделген кездегі карбоксилдену үшін жұмсалады.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер клеткасының қабығы негізінен целлюлозадан
құралады. Ал целлюлозаның ыдырап бөлінуінде микробтық ферменттердің маңызы
ерекше зор. Клетка ішіндегі қоректік заттар целлюлоза қабығынан құтылып
алған соң, ас қорытатын басқа ферменттердің әсеріне ұшырайды да организмге
сіңеді.
Микроорганизмдер қышқыл реакциясы бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көмірсулар биосинтезі
Мектеп оқушыларын тамақтандырудағы қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Организм қажеттерінің қоректік заттардың белгілі бір мөлшерде және арақатынасында қанағаттандырылуы
Дұрыс тамақтану негіздері
Зат алмасудың жалпы заңдылығы
Дұрыс тамақтанудың бірінші принципі - энергия теңдестігі
Биосинтезге әсер ететін көмірсулар
Дұрыс тамақтанудың принциптері
Ас - адамның арқауы
Микроорганизмдер физиологиясы
Пәндер