Павлодар қаласы



1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
• Павлодар қаласы.
• Павлодар облысының халқы.
• Шаруашылық географиясы.
• Өнеркәсібі.
1. Павлодар . Екібастұз аймақтық . өндірістік кешен.
2. Екібастұз көмір бассейні.
• Павлодар облысының 2007 жылғы әлеуметтік. экономикалық даму қорытындылары
3. Пайдаланылған әдебиеттер.
Солтүстік – Шығыс Қазақстан аймағын Павлодар облысы қамтиды. Павлодар облысы 10 әкімшілік ауданға және 3 қалаға бөлінеді. Қалалары: Павлодар, Екібастұз, Ақсу. Жерінің көлемі 125 мың шаршы километрге тең, халқының саны 745 мыңнан астам адам. Орта есеппен алғанда 1 шаршы километрге шаққанда халқының тығыздығы 6 адамға тең. Оның жерінен өтетін темір жолдың ұзындығы 833 километр, ал асфальт төселген автомобиль жолының ұзындығы 4958 километрге тең.
Солтүстік – Шығыс Қазақстан 9 жол торабында орналасқан регион. Мұнда Оңтүстік Сібір темір жолы, автомагистраль Семей – Павлодар – Омбы, мұнай құбырлары бар. Ресей және Жібек жолы аудандарымен экономикалық байланыс жүргізеді. Бұл регионда ұлттық байланыстың 6% және жалпы регион өнімінің 6% - дан астамы өндіріледі. Өнеркәсіптің жалпы көлемі Солтүстік – Шығыс Қазақстанның сыбағалы үлесі 7,3%, ал ауыл шаруашылық өнімінде 4,5%, көтерме сауда тауар өнімінің 4% - мен қамтамасыз етеді. Ауданның шарашылық сипатын анықтайтын салалар: түсті және қара металлургия, көмір өнеркәсібі, электр энергетика - 40%, машина жасау, мұнай өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі.
Мұнда республика өндірісінің электр тогының 40% өндіріледі. Экспорттың – 7,5%, импорттың 4% - мен қамтамасыз етеді. Инвестиция тартудағы үлесі 3% тиеді. Бұл регионда көмірдің 67% өндіріледі. Өте ірі өнеркәсіп алатын болсақ Павлодар алюминий зауыты, Ақсу ферроқорытпа зауыты, Екібастұз көмір және Майкүбі көмір бассейні.
Ауыл шаруашылығы жағынан үлесі зор болмаса да үлкен мағына атқарады. Астықтың 3%, картоптың 6%, көкөністің 2%, күнбағыстың 12% өндіріледі. Республиканың ірі – қара малының 6%, қойдың 2%, жылқының 5%, шошқаның 8%, құстың 4%. Регионда Қазақстанда өндірілетін еттің 6%, сүттің 6%, жүннің 3%, жұмыртқаның 6% өндіріледі.



Павлодар қаласы.

Павлодар (331 мың тұрғыны бар) – Солтүстік Қазақстанның аса ірі қаласы. Ол Ертістің оң жағасына, оның Оңтүтік Сібір темір жол магистралімен түйіскен жеріне орналасқан. Қаланың негізі орыс әскери бекіністерінің Ертістегі Коряков тірегі деген атпен 1720 жылы қаланып, кейін қалаға айналады да, 1862 жылы Павлодар қаласы болвп өзгертіледі. Ол алғашында мал шаруашылық, егіншілік және өнеркәсіп өнімдерін алмастыратын шағын айырбас пункті және тұз сақтайтын орын болады. Ертісте кеме қатынасының дамуына байланысты Омбыдан Павлодарға бірінші кеме 1862 жылы келеді – бұл жерден өзен арқылы төмен қарай көп мөлшерде тұз, ал кейінірек астық, май, жүн, тері жөнелтіледі. Қалада шағын кәсіпорындар – жүн жуатын, сабын және сыра зауыттары, жел диірмен және кеме жөндейтін шеберханалар пайда болды. Осыған қарамастан, революцияға дейінгі Павлодар шалғайдағы мещан – көпестердің уездік қаласы болып қала берді.
1. «Қазақстан экономикасы». Нұрғалиев Қ.Р. Алматы, 1999.
2. «Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы» Қ.С.Қаражан. Алматы, 2005.
3. “Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы” 9-сынып, Ахмедова К., Алматы, “Рауан”, 1994 жыл.
4. «Экономика Казахстана». К.Р.Нургалиев, А.К.Нургалиев. Алматы, 2007.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
• Павлодар қаласы.
• Павлодар облысының халқы.
• Шаруашылық географиясы.
• Өнеркәсібі.
1. Павлодар – Екібастұз аймақтық - өндірістік
кешен.
2. Екібастұз көмір бассейні.
• Павлодар облысының 2007 жылғы әлеуметтік- экономикалық даму
қорытындылары
3. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Солтүстік – Шығыс Қазақстан аймағын Павлодар облысы қамтиды. Павлодар
облысы 10 әкімшілік ауданға және 3 қалаға бөлінеді. Қалалары: Павлодар,
Екібастұз, Ақсу. Жерінің көлемі 125 мың шаршы километрге тең, халқының саны
745 мыңнан астам адам. Орта есеппен алғанда 1 шаршы километрге шаққанда
халқының тығыздығы 6 адамға тең. Оның жерінен өтетін темір жолдың ұзындығы
833 километр, ал асфальт төселген автомобиль жолының ұзындығы 4958
километрге тең.
Солтүстік – Шығыс Қазақстан 9 жол торабында орналасқан регион. Мұнда
Оңтүстік Сібір темір жолы, автомагистраль Семей – Павлодар – Омбы, мұнай
құбырлары бар. Ресей және Жібек жолы аудандарымен экономикалық байланыс
жүргізеді. Бұл регионда ұлттық байланыстың 6% және жалпы регион өнімінің 6%
- дан астамы өндіріледі. Өнеркәсіптің жалпы көлемі Солтүстік – Шығыс
Қазақстанның сыбағалы үлесі 7,3%, ал ауыл шаруашылық өнімінде 4,5%, көтерме
сауда тауар өнімінің 4% - мен қамтамасыз етеді. Ауданның шарашылық сипатын
анықтайтын салалар: түсті және қара металлургия, көмір өнеркәсібі, электр
энергетика - 40%, машина жасау, мұнай өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі.
Мұнда республика өндірісінің электр тогының 40% өндіріледі.
Экспорттың – 7,5%, импорттың 4% - мен қамтамасыз етеді. Инвестиция
тартудағы үлесі 3% тиеді. Бұл регионда көмірдің 67% өндіріледі. Өте ірі
өнеркәсіп алатын болсақ Павлодар алюминий зауыты, Ақсу ферроқорытпа зауыты,
Екібастұз көмір және Майкүбі көмір бассейні.
Ауыл шаруашылығы жағынан үлесі зор болмаса да үлкен мағына атқарады.
Астықтың 3%, картоптың 6%, көкөністің 2%, күнбағыстың 12% өндіріледі.
Республиканың ірі – қара малының 6%, қойдың 2%, жылқының 5%, шошқаның 8%,
құстың 4%. Регионда Қазақстанда өндірілетін еттің 6%, сүттің 6%, жүннің 3%,
жұмыртқаның 6% өндіріледі.

Павлодар қаласы.

Павлодар (331 мың тұрғыны бар) – Солтүстік Қазақстанның аса ірі
қаласы. Ол Ертістің оң жағасына, оның Оңтүтік Сібір темір жол магистралімен
түйіскен жеріне орналасқан. Қаланың негізі орыс әскери бекіністерінің
Ертістегі Коряков тірегі деген атпен 1720 жылы қаланып, кейін қалаға
айналады да, 1862 жылы Павлодар қаласы болвп өзгертіледі. Ол алғашында мал
шаруашылық, егіншілік және өнеркәсіп өнімдерін алмастыратын шағын айырбас
пункті және тұз сақтайтын орын болады. Ертісте кеме қатынасының дамуына
байланысты Омбыдан Павлодарға бірінші кеме 1862 жылы келеді – бұл жерден
өзен арқылы төмен қарай көп мөлшерде тұз, ал кейінірек астық, май, жүн,
тері жөнелтіледі. Қалада шағын кәсіпорындар – жүн жуатын, сабын және сыра
зауыттары, жел диірмен және кеме жөндейтін шеберханалар пайда болды. Осыған
қарамастан, революцияға дейінгі Павлодар шалғайдағы мещан – көпестердің
уездік қаласы болып қала берді.
Революциядан кейінгі уақытта Павлодар қарыштап өсті, оған 1923 жылы
Құлынды – Павлодар және 1953 жылы Павлодар – Астана темір жолының салынуы
зор ықпалын тигізді. Темір жолдың кеме қатынасы бар Ертіспен қиылысында
орналасқан Павлодар көмірлі Екібастұз, Орал және Сібірмен, сондай – ақ
алюминий зауыты үшін кейінірек бокситі жеткізіле бастаған Арқалықпен жақсы
байланыс орнатты. Қала өнеркәсібінің бұрыннан келе жатқан салалары
өздерінің негізгі салалар ретіндегі маңызынан айрылғанына көп уақыт
өткеніне қарамастан, қазіргі кезде де дамып келеді. Ертіс бойында
Екібастұздың арзан көмірі негізінде қуатты энергетикалық - өнеркәсіптік
кешеннің құрылуына байланысты 60 – жылдардың ортасынан бастап Павлодар
өнеркәсіптің энергияны, су мен металды көп керек ететін салалары – глинозем
– алюминий, трактор және химия өнеркәсібі салалары пайда болды. Қала
өнеркәсібінің негізгі мамандануы қазір, міне, осы салаларға байланысты,
оларға көп кешікпей автомобиль жасау өнеркәсібі қосылатын болады. Басқаша
айтқанда, Италияның Фиат концернінің Панда үлгісімен жылына 200 мың
жеңіл автомобиль шығаратын зауыт қазіргі трактор зауыты негізінде салынады.
Сөйтіп, Павлодар Ертіс бойында қалыптаса бастаған Павлодар – Екібастұз
аумақтық - өндірістік кешенінің ұйымдастырушы орталығына айналды.

Павлодар облысының халқы.

Павлодар облысының оңтүстік - батысында халық сирек қоныстанған.
Мұнда 1 шаршы км – ге 0,1 – 0,5 адамнан, тіпті одан да аз келеді.
Солтүстік – Шығыс Қазақстанның халқы көп ұлтты. Мұнда қазақ, орыс,
украин, татар, неміс, мордва, еврей, чуваш, поляк т.б. халықтар тұрады.
Олар бұл ауданға темір жол салу, пайдалы қазба кен орындарын және тың
жерлерді игеру кезеңінде қоныстанған. Байырға қазақтар аудан халқының 25% -
ын құрайды. Олар мал шаруашылығымен айналысатын оңтүстік бөлігінде басым.
Соңғы жылдары республика басшылығының Астанаға ауысуына және мемлекеттік
мекемелермен бірге халықтың жаппай қоныс аударуына, сондай – ақ шетелдерден
келген қандастарымыздың жоспарлы түрде қоныстануына байланысты қазақтардың
үлесі аудан халқының 50% - ын құрайды. Бұл ауданда ауыл шаруашылығы мен
өнеркәсіп бірдей дамыған.

Шаруашылық географиясы.

Солтүстік – Шығыс Қазақстанда ауыл шаруашылығының жетекші саласы –
егіншілік, оның ішінде негізгі орынды астық шаруашылығы алады. Жер
бедерінің жазықтығы, құнарлы қара және қара қоғыр топырағы, қолайлы климаты
егіншілікті кең көлемде дамытуға мүмкіндік береді. Тек жауын – шашыны
жеткіліксіз оңтүстік және оңтүстік – батыс аудандары егіншілікке қиындық
келтіреді. Ауыл шаруашылығының жерінің 43% - ы жыртылған жер. Егістік
жердің 78% - ына дәнді дақылдар, соның ішінде жаздық бидай, егіледі.
Республика көлемінде жиналатын астық өнімінің 90% - ы осы ауданның
үлесіне тиеді. Мұнда республикадағы жаздық бидай егісінің 75% - ы егіледі.
Бұл ауданның беретін астық көлемі АҚШ – тың жылдық өнімінің 30% - ына тең.
Жаздық бидайдың басым бөлігі Солтүтік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және
Павлодар облысының олтүстігінде, Ертіс бойында егіледі.
Ауданның орталық бөлігінде құрғақшылыққа төзімді тары өсіріліп,
република егістігінің 40% - ын құрайды. Оның басым бөлігі Павлодар
облысының батысында. Басқа дәнді дақылдардан ауданның солтүстігінде сұлу,
арпа, күздік қара бидай, қарақұмық, мал азықтық дақылдан жүгері өсіріледі.
Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстанмен салыстырғанда, бұл ауданда
техникалық дақылдардың үлесі аз. Май өндіретін техникалық дақылдардан
күнбағыс, шашақты зығыр, қыша және сора өсіріледі. Республикадағы күнбағыс
егісінің 20% - ы Павлодар облысында егіледі. Ертіс аңғарында мал азықтық
қызылша егісі бар.
Аудан ауыл шаруашылығының екінші маңызды саласы – мал шаруашылығы. Ол
өсімдік шаруашылығымен ұштастырыла дамытылған. Ауыл шаруашылығындағы
жарамды жердің 57% - ы жайылым мен шабындық, оның басым бөлігі Павлодар
облысында. Мал шаруашылығының жемшөп базасында табиғи мал азығы басым.
Сонымен бірге мал азығы ретінде егін шаруашылығының және тамақ
өнеркәсібінің қалдығы пайдаланылып, құрама жем даярланады.
Қой шаруашылығы, негізінен, Павлодар облысының оңтүтігінде, әсіресе
Торғай өңірінде, дамып, солтүстігінде биязы жүнді қой тұқымы, ал
оңтүстігінде етті – майлы бағыттағы қойдың еділбай тұқымы кең тараған.
АӨК жан – жақты даму проблемалар арасында тағы бір маңызды мағыналы
мақсат халық тұтынатын заттарды және азық – түлікі өндіруді өсіру. Қазіргі
кезде кешеннің халқын етпен, ұнмен, ірімшікпен, тәтті тағам бұйымдарымен
т.б. өнімдермен қанағаттандыру үшін оларды ТМД елдерінің және республиканың
басқа жерлерінен тасымалдайды.
Халықтың былғары аяқ киімге, тоқымаға, жүннен тоқылған бұйымдарға
қажеттілігі толық шет жақтан әкелінетін бұйымдармне қанағаттандырылады.
Келешекте халықты тұтыну заттарымен және азық – түлікпен неғұрлым толық
қанағаттандыру үшін, ал әйел еңбек қорын ұтымды пайдалану үшін жеңіл және
тамақ өнеркәсіптерін дамытқан жөн. Осы себептен ірі қалалар және өнеркәсіп
орталықтары маңызды ауыл шаруашылық өндірісін орналастыру керек.

Өнеркәсібі.

Солтүстік – Шығыс Қазақстан энергетикалық көмірге, табиғи тұздарға
және басқа да пайдалы қазбалар қорларына бай. Бұл аймақтық түсті
металлургиясы бокситтермен жұмыс істейтін Торғай және Краснооктябрь руда
басқармаларымен және алюминий тотығын шығаратын Павлодар алюминий заводымен
(ПАЗ) негізделінеді.
Павлодар алюминий заводты Wite Sven Ltd ағылшын компаниясының
басқаруына бергенге дейін жылына 300 мың тоннадан боксит және өндіріске
қажет қоспалар Австралия және Гвинеядан сатып алынатын. Келешекте бокситке
тапшылық тууы мүмкін. Сондықтан 1995 жылы шілде айында Қазақстанда Шығыс
Аят өте ірі боксит кен орнын игеру инвестициялық жобаны іске асыру
басталды. Бұл ортақ жобаға Соколов – Сарыбай өндіріс бірлестігі және
республика алюминий өнеркәсібінің барлық үш кәсіпорындары (ПАЗ, Торғай және
Краснооктябрь кен басқармалары) қатысады. Жобаны исланд Айведон
Интернейшнл ЛТД және ағылшын Wite Sven Ltd шет ел компаниялары
қаржыландырады. Шығыс Аят кен орнының қорының көлемі 90 млн тоннаға
бағаланылады, рудада алюминийдің орта дәрежедегі үлесі 42%. Келешекте осы
кен орны ПАЗ – дың негізгі шикізат базасы болады.
Бұл аймақтың қара металлургиясы республиканың ферроқорытпа өнімінің
81% өндіретін Ақсу ферроқорытпа заводына сүйенеді. Ақсу, Ақтөбе
ферроқорытпа заводтары және Дон тау – кен байыту комбинаты үшеуі бірігіп
Казхром корпорациясын құрды. Казхром корпорациясы Жапон Хром жапон
копаниясының басқаруына берілді. Қазіргі кезде Казхром корпорациясының
өнімі республикаға түсетін валютаның маңызды көзі. Тек Ақсу заводы жылына 1
млн тоннаға дейін әр түрлі фракциялық жоғары сапалы ферроқорытпа өндіреді,
оның 60% - і экспортқа кетіп, республикаға жылына 100 млн. АҚШ доллар
мөлшерінде кіріс келтіреді.
Павлодар қаласында Омбы – Павлодар әрі қарай Шымкентке дейін
созылатын мұнай құбыры арқылы Батыс Сібірден келетін шикі мұнайды өңдейтін
ірі завод жұмыс істейді. Бұл заводтың жылына 7,5 млн тоннаға дейін мұнай
өңдейтін қуаты бар. Ол бензин, мазут, дизель отынын, мұнайбитумін, сұйық
газ, күкірт шығарады. Келешекте Павлодар мұнай өңдейтін заводтың қуаттылығы
екі еседен астам өспек. Регионда машина жасау өнеркәсібі де дамыған.
Павлодар трактор заводының негізінде Павлодартрактор концерні құрылған
және Павлодар құрастырмалы механизмдер жасайтын заводы жұмыс істейді.
Павлодар қаласында косметика және дәрі – дәрмек өндіретін шағын
кәсіпорындарды біріктіретін Космоформ концерні құрылған.
Регионда көмір Екібастұз және Майкүбі кен орындарында шығарылады.
Біріншісінің негізінде Екібастұз көмір өндіріс бірлестігі құрылған.

Павлодар – Екібастұз аймақтық - өндірістік кешен.

Солтүстік – Шығыс Қазақстан аймағында қалыптасып дамуда. Кешен
көптеген республика және Ресей аудандарымен көп жақты экономикалық
байланыстарды қамтамасыз ететін тоғыз жол торабына орналасқан. Кешеннің
үстінен Оңтүстік – Сібір темір жолы, Семей – Павлодар – Омбы
автомагистралі, Омбы – Павлодар – Шымкент мұнай құбыры, Ертіс өзені бойынша
су жолы өтеді.
Павлодар – Екібастұз АӨК құрамына Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары
және бірнеше қала типтес поселкалар енеді. Жерінің көлемі 52 мың шаршы
километрге жуық, халқының саны 500 мың адамнан астам, оның 80% қалаларда
және қала типтес поселкаларда тұрады. Екібастұз көмір бассейнінде жер
бетіне жақын тереңіректе 12 млрд тонна көмір шоғырланған. Көмірді ашық
тәсілмен шығару мүмкіншілігі, мұнда арзан көмір өндіруге жол береді, оның
негізінде КСРО ыдырамай тұрғанда Ресейдің 110 электр станциялары және
республиканың барлық электр стнациялары дерлік жұмыс істеген.
1995 жылы Павлодар – Екібастұз АӨК Қазақстан көмірінің 75% және
электр энергиясының - 42% өндірілген. 1975 жылы аттас комбинат негізінде
құрылған Екібастұзкөмір бірлестігі құрамына ірі 13 кәсіпорын кірді,
олардың ішінде Богатырь, Центральный, Западный, Северный және
Южный көмір шығаратын орындары бар.
1977 жылы бұрынғы КСРО үкіметі Екібастұз отын – энергетикалық кешен
және кернеу 1500 квт. тең Екібастұз – Центр тұрақты ток электрлік
орталығына салу туралы қаулы қабылдады, онда келешекте қуаттықтары жылына
170 мал. тоннаға дейін отын өндіретін Екібастұз және Майкүбі кен
орындарында жаңа разъездерін қайта құру белгіленген. Екібастұз отын –
энергетикалық кешенін (ЕОЭК) игеру жарық қуаттылығы 20 млн квт тең бес
ГРЭС және Екібастұз – Центр электрлік орталық салынуын көздейді. ЕОЭК – ті
салуға 7,8 млрд. рубль күрделі қаржы бөлінген, бұл болса 9 – ші бесжылдықта
бүкіл Павлодар облысына бөлінген қаржы сомасынан 3,8 есе көп.
Әлем тәжірибесінде бірінші рет Екібастұз кен орнында өнімділігі
сағатына 1 – 5 тонна көмір ойып алатын роторлы экскаваторларды кеңінен
пайдалану арқылы тұтас ірі кесек көмір ойып алу технологиясы зерттеліп және
ендірілген.
Екібастұздың оңтүстік жағында қоры 10 млрд тоннаға тең және оның 20%
ашық тәсілмен шығаруға болатын Майкүбі қоңыр көмір бассейіні орналасқан.
Майкүбі көмірінің күлі, түрпілі қатты заттары көп және қайың байытатын
Екібастұз көмірінен айырмашылығы оның жартылай кокс шығаруға жарамдылығы.
Павлодар – Екібастұз АӨК жерінде ТМД елдеріндегі мыс қорының бір ірі
Бозшакөл жинақты кен орны орналасқан, оның байытылған кенінде, мыс,
молибден, кобальт, күміс және басқа компоненттер бар.
Баянауыл ауданында полиметалл кен орындары бар, әсіресе никель кен
орындарының келешегі зор. Қалқалан, Тобылжан, Маралды, Жаман Тұл көлдерінің
ас тұзының қоры 140 млн тонна көлемінде, бұл болса бүкіл Қазақстанның ас
тұзы қорының - 22% - ке тең.
Екібастұздың Оңтүстік – Шығыс жағында қоры 340 млн тонна шамасында
Керегетас флюс (ізбесті тас, құм) кен орны орналасқан. Бұл кен орнының
өнімі Павлодар алюминий және Ақсу ферроқорытпа заводтарына қажетті шикізат.

Сөйтіп, пайдалы қазбалар қорының орасан зор молдығы, кен орындарын
пайдалануға тау – кен техникалық жағдайларының қолайлығы, және транспорт –
географиялық орналасуының ыңғайлылығы бұл ауданда ірі АӨК қалыптасуына
барлық жағдай жасайды. Павлодар – Екібастұз АӨК жалпы шаруашылық келбетін
көиір шығару, электр энергия, ферроқорытпа, алюминий өндірістері
сипаттайды. Мұнда трактор және ауыл шаруашылық машиналарын жасайтын, химия
және мұнай өңдейтін өнеркәсіптер де дамып келеді.
Павлодар алюминий заводында әлем тәжірибесінде бірінші рет алюминий
және кремний тотығы аз боксит кеңінен глинозем (алюминий тотығы) шығаратын
технология игерілінген. ПАЗ Торғай бокситі (негізгі алюминий кені)
негізінде жұмыс істейді, бірақ та қордың орасан зор молдығына қарамастан,
ол төменгі сортты кендерге жатады. Жаңа технологияны игеру осы кендерден
90% - ке дейін жоғары сапалы алюминий тотығын алуға мүмкіндік береді.
Ақсу ферроқорытпа заводы қоспа болат шығаруға қажет феррохром және
ферросилиций сияқты бағалы қоспалар өндіреді. Ақсу ферроқорытпа жылына 340
мың тонна ферохром шығарады, ал 1997 жылдың басында Қазақстанда ең қуатты
және әлімде ең ірінің бірі ферроқорытпа пешінің іске қосылуына байланысты
өнім өндіру жылына тағы 80 мың тоннаға өседі. Жаңа пешті салуды Евразия
банкі қаржыландырды. Алғашында Ақсу заводы Жапон Жапон хром корпорейшн
фирмасына басқаруға берілген, сонан завод акционерленгеннен кейін фирма оны
сатып алды. 1997 жылдың аяғына дейін тағы бір пешті іске қосу жоспарланған.
Ол үшін барлық қажет құрал – жабдықтар 25 млн АҚШ долларға Германиядан
сатып алынуда. Ақсу ферроқорытпа заводының өнімдері әлем нарығында үлкен
сұранысқа ие. Мысалы, Амоко американ фирмасы осы заводпен 2000 жылға
дейін ұзақ мерзімді шарт жасады.
Павлодар – Екібастұз АӨК өзінің дамуының алғашқы кезеңінде, сондықтан
бірнеше шикізаттар жіне кешен ішіндегі өндірістік мәселелерді шешуді қажет
етеді.
Маңызды мағынасы бар істің бірі қара металлургияның шикізаттар
базасын кеңіту. Бұрын Ақсу ферроқорытпа заводына шикізат (кварцит)
Сибруда бірлестігіне кіретін Кемеров облысындағы Антонов руднигінен, ал
балқытатын пешке қажет жартылай кокс Ангара аймағынан әкелінетін. Антоонв
руднигінің қуаттылығының шамасының және темір жолдың жеткізуге үнемі
кедергі жасауының салдарынан шикізат жеткізу іркіліспен жүретін.
Ал Қарағанды түбінде геологтар темір жолынан 2 километр қашықтықта
және ашық тәсілмен шығаруға қолайлы Тектұрмас кварцит кен орнын ашты.
Мамандар бұл кеннің өте сапалылығын анықтады және осы кен орнының қоры Ақсу
ферроқорытпа заводын 40 жыл толық қуаттылығында істегенде шикізатпен
қамтамасыз ете алатындығын болжады.
Павлодар – Екібастұз АӨК дамуының өсуі кешеннің экономикалық қарым –
қатынастың жедел дамуын қажет етеді. Келешекте ТӨК жүк айналымы мамандардың
болжауы бойынша 150 млн ткм жетпек. Сондықтан транспорттың барлық түрлерін
тиімді пайдалану және дамыту керек.
Павлодар – Екібастұз АӨК маңызды проблемасы су және еңбек қорымен
қамтамасыздандыру. Қазіргі кезде кешеннің жылына су пайдалану көлемі 450 –
500 млн куб метр шамасында, ал келешеке мамандардың жобалауы бойынша суға
қажеттілік 4 есе өспек. Кешенді қажетті мөлшерде қамтамасыз ету үшін, оың
халқының санының табиғи өсуі жеткіліксіз, сондықтан республиканың басқа
региондарының еңбек қорын жұмысқа тарту шаралары қажет.
Өндірістік және өндірісте пайдаланылмайтын орындарды тезірек іске
қосуды жеделдетудің қажеттілігі АӨК құрылыс индустриясы базасын кеңітуді
және нығайтуды қажет етеді. Қазңр кешеннің құрылыс индустриясын құрытан
Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларында темір бетон конструкцияларын
шығаратын бірнеше кәсіпорындар бар және Павлодар металл құрылыс
конструкциясы заводы жұмыс істейді. Кешеннің өнеркәсібін дамыту үшін
пайдаланылатын жалпы күрделі қаржының 80 – 85% электр энергетиканы, көмір
және мұнай химия өнеркәсібін, қара және түсті металлургияны, трактор машиа
жасау саласын дамытуға жұмсалынады.

Екібастұз көмір бассейні.

Республикамыздың маңызы жағынан Екібастұз коңыр көмір алабы екінші
орын алады. Ол республика бойынша өндірілетін көмірдің жартысына жуығын
береді.
Екібастұз алабы Павлодардың оңтүстік-батысында 135 км жерде
орналасқан. Көмірдің геологиялық қоры 12 млрд. тонна. Алаптағы көмір қалың
орналасқан. Көмір қабатының қалыңдығы 160-200 м. Бұл аса қуатты
энергетикалық көмірдің бірегей кен орны, ондағы көмір қабатының қалыңдығы
100 метрге дейін жетеді және одан да асады әрі жер бетіне өте жақын
орналасқан. Мұнда көмірді аумақты карьерлерде тек қана ашық әдіспен қазып
алады. Сондықтан бұл көмірдің өзіндік құны төмен – Қарағанды алабындағы
көмірдің өзіндік құнынан үш есе кем болады. Мұнда қазір жылына 50 млн.
тонна көмір өндірілетін, әлемдегі ең ірі Богатырь көмір орны жұмыс істеп
тұр. Северный және Восточный көмір кен орындарында да көмір өндіру арта
түсуде.
Екібастұз көмірі арзан энергетикалық отын болғандықтан, Солтүстік
Қазақстанның, көршілес жатқан Батыс Сібір мен Оралдың жиырмаға жуық электр
станцияларында кеңінен пайдаланылады. Екібастұз республикадағы ең арзан
көмірді шығарады. 380-450тгт. Бірақ оның 42-44% - ы күл. Алайда күлі көп
болғандықтан, Екібастұз көмірін алысқа тасу тиімсіз Сондықтан энергетиктер
оны көбінесе жергілікті қажеттілікке пайдалануға тырысады. Қазір мұнда №1
мемлекеттік аудандық электр станциясы және №2 мемлекеттік аудандық электр
станциясының бірінші кезегі жүмыс істеуде. Олардың әрқайсысының қуаты 4
млн. кВт – қа жетеді. Мұнда өндірген электр энергиясы республиканың өзінде
пайдаланылады және одан әрі Ресей Федерациясының Еуропалық бөлігінің
орталығына жеткізіледі.
1925 жылдар кезінде бұл отын энергетикалық аудан тоқтатылып қойылды,
себебі КСРО алдында ол кезде басқа мәселелер тұрған, тек 1954 ж. Екібастұз
бассейні іске қосылды. Көмір қабатының қалыңдылығының 160 – 180 м. жетуі,
ал ұтымды тау – геологиялық жағдай кенді ашық тәсілмен қазуға мүмкіншілік
беруі бұл бассейннің бірегейлігін дәлелдейді.
Қазақстанда көмір өнеркәсібінің дамуына байланысты мәселелерді шешу
кезінде екі күрделі байланысты екі технологиялық және экономиялық
тиімділігін ескеру қажет. Біріншісі, көмірдің әр түрлі қасиетінің сапалылық
сипаты оларды халық шаруашылығында пайдаланудың ерекшелігін ескеруді қажет
етеді; екіншісі, көмір өнеркәсібінің экономикалық тиімділігінің деңгейін
көрсетеді.
Екібастұзкөмір - ге Богатырь, Восточный, Майкөбен разрездері
1997 жылы кіреді. Бұл процесс Восточный разрезінен басталды. Ол әлемдегі
жаңа техникалар бойынша бірінші орын алады. Бұл разрездің инвесторы
жапонның қуатты, үлкен компаниясы Джапан Хром Корпорейшн болды. Кейін бұл
компания Еуразиаттық энергетикалық корпорация деп ауыстырылды. Екінші ірі
разрез Богатырь, ол американдық фирма Аксесс Индастриз, Инк иелігіне
өтті.
Ең ескі разрез Северный Ресейдің ЕЭС иелігіне өтті, ал Майкөбен
аса қуатты емес, беделді емес германдық компанияның қолына алды. 2000 жылы
Северный разрезі банкроттықтан құтылу үшін Аксесс Индастриз, Инк
американдық фирмасына берілді, ол Богатырь Аксесс Комир ААҚ – ға өтті.
Майкөбен разрезі аяғына дейін жаңа өндірістік техниканы жетілдіре
алмады, сондай – ақ шетелдік инвесторлар да өз қаражаттарын бұл өнеркәсіпке
салуға асықпады.
ААҚ Богатырь Аксесс Көмір энергетикалық көмір нарығына жұмыс істейді
және ірі өнеркәсіптер мен жылустанцияларының коммуналды – тұрмыстық
қажеттіліктерді өтейді.
ААҚ Богатырь Аксесс Көмір - дің алдында өз өнімінің сапасын көтеру
арқылы, тұтынатын бағаны төмендету арқылы өздерін бәсекеге қабілетті ету
деген алдына мақсат қойылды.
Бұл мақсатқа жету үшін көмір өнеркәсіптерін реконструкциялау керек.
Жалпы Екібастұздың көмір кешенін дұрыс қаржыландырып, санациялау керек.
Жақсы энергетикалық көмір болғандықтан Екібастұз көмірі респбликаның
отын – энергетика балансында үлкен рөл атқарады. Екібастұз көмірі электр
станцияларында пайдаланылады. Бұл жерде бірнеше ірі мемлекеттік – аудандақ
элетр станциялары (МАЭС) салынып жатыр.
Жылына 50 млн. тоннадан астам көмір өндіретін Богатырь,
Центральный көмір кесінділері бұрынғы КСРО - дағы ғана емес, бүкіл дүние
жүзі бойынша ең ірі кесінділер болып табылады. Жылына 30 млн. тонна көмір
өндіретін Восточный көмір кесіндісі салына бастады. Бұл кесіндіде көмір
забойдан бастап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл және орман шаруашылықтары үшін машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету
Астана, Павлодар қалалары
Павлодар қаласы ауасының ластану көздері
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК - РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ДЕМАЛУ ЖЕРЛЕР ПОТЕНЦИАЛЫН ЗЕРТТЕУ
Қазақстанды экономикалық аудандастыру
Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу
Қазақстанның ірі қалаларының атаулары мен олардың шығу тарихы
Бағдарлама төлкұжаты
Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және медицина өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы
Қазақстанның экономикалық аудандары
Пәндер