Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы және тарихы


Жоспар
Кіріспе . . .
Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы және тарихы.
Негізгі бөлім . . .
- Хрущев партия қайраткері
- Сталиннің билікті жүргізуі
Қорытынды . . .
Кеңес Одағының Шыңжаң оқиғаларына араласуы.
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
Кеңес Одағының Коммунистік Партиясы және оның тарихы. КОКП- бұрынғы КСРО-дағы билеуші саяси партия. 1898-1918 жылы Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясы, 1917 жылы көктемнен, 1917-1925 жылы Ресей Коммунисттік партиясы, 1925-1952 жылы Бүкілодақтық Коммунистік партиясы, 1952-1991 жылдары Кеңес Одағы Коммунистік партиясы деп аталды. Партияның теориялық негізі- марксшілдік- лениншілдік ілім болып саналды, түпкі мақсаты-коммунизм құру болып белгіленді, әр тарихи кезеңдегі міндеттерді айқындайтын бағдарламалары болды, ұйымдық құрылымы жарғысында көрініс тапты. Жоғарғы органы-партия сьездерде Орталық Комитеті (ОК) Орталық тексеру комиссиясы сайланған. КОКП ОК-ті өз пленумдары аралығында партия жұмысына басшылық жасау үшін КОКП ОК-інің Саяси бюросын 1919 жылдан бастап, ал 1952-1966 жылдары ол КОКП ОК-нің Төралқасы болып аталды, кадрларды іріктеп, жұмыстардың атқарылуын тексеретін секретариатын, ОК-тің Бас хатшысын сайлап отырды. Партияның негізі бастауыш ұйымдар болды, олар зауыт, фабрика, ұжымшар, кеңшар, тағы басқа кемі үш партия мүшесі бар кәсіпорындарда, мекемелерде, оқу орындарында, армияда ұйымдастырылды. КОКП басшылығымен Бүкіл одақтық лениншіл коммунистік жастар одағы жұмыс істеді. 1880-1890 жылдары Ресейде өнеркәсіп жедел дамып, жұмысшылардың белсенділігі күшейді жұмысшы қозғалысына басшылық ету үшін 1883 жылы Женевада тұңғыш орыс марксшілдері ұйымы «Еңбекті азат ету» тобы құрылды, негізін Плеханов қалаған. Осы ұйымның ықпалымен Ресейдің өз ішінде де көптеген марксшіл үйірмелері пайда болды. Сьезд бүкілресейлік біріккен маркшіл жұмысшы партиясының құрылғанын жариялап, оны « Ресей социал- демократиялық жұмысшы партиясы» деп атау шешім қабылдады. Сьезден кейін Ресейдегі бұрынғы марксшіл ұйымдар РСДЖП комитеттері болып атала бастады. Бірақ патрия іс жүзінде әлі құрылған жоқ болатын, оның жарғысы, бағдарламасы, күрес тактикасы болмады, партия бір одақтан басқарылмады.
1905-1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Ресейде 50-ден астам большевиктік ұйымдар құрылып, ірі-ірі қалаларда Жұмысшы депутаттары кеңесі пайда болды. Большевиктер 1905 жылы Мәскеуде тағы басқа қалаларда өткен желтоқсан қарулы көтерілісіне қатынасты. 1917 жылы Ресейде Ақпан революциясы болып, елде қосарланған билік жүйесі және солдат депутаттары кеңестерінің билігі орнады. Ленин, тағы басқа партия көсемдері эмиграциядан, айдаудан қайтып, саяси өмірге араласты.
Азамат соғысында жеңіске жеткеннен кейін бір ғана саяси партия- РК билігіндегі Кеңес өкіметінің алдында тұрған негізгі міндет ашаршылықпен күрес, эканомиканы қалпына келтіру мәселелері болды. Сьезде ұлт мәселесі, кәсіподақтар жөнінде қызу пікірталастар жүріп, лениндік тұжырымдама қабылданды. Елдің одан әрі саяси, эканомикалық, мәдени дамуы үшін кеңестік республикалардың ерікті одағын құру қажет деп тапты. «Автономияландыру», яғни барлық кеңестік республикалардың Ресей құрамындағы автономиялық аймақтар болуы қажеттігі идеясы қатты сынға ұшырады. Сьезден кейін өткен РК ОК-і пленумында ОК Бас хатшысы болып И. В. Сталин сайланды. Осы жылдың қазан-желтоқсан айларында өткен Украина, Белоруссия, Әзербайжан, Армения, Грузия компартияларының пленумдары КСРО-ға бірігуді мақұлдады.
1924 жылы 21 қаңтарда партия көсемі Ленин қайтыс болды. Жедел түрде 240 мыңнан аса жұмысшылар мен шаруалар партия қатарына алынды. Сьезде партияның жаңа жарғысы қабылданып, РК Бүкілодақтық Коммунистік партиясы болып аталды. Ел эканомикасын өркендетудің бірінші бесжылдық жоспар бекітілді. 17-сьезде 1934 жылы 10 ақпанда бірінші бесжылдықтың қорытындысы шығарылып, екінші бесжылдық жоспары бекітілді. Осы сьезде Сталин Бас хатшылыққа сайланарда көпшілік дауыс ала алмай, делегаттар партияның Ленинграт және қалалық комитетінің Солтүстік Батыс бюросының бірінші хатшысы ОК Саяси бюросының мүшесі М. Кировты жақтап дауыс берді. Бірақ дауыстарды санаушы комиссия сайлауды Сталиннің пайдасына бұрып жіберді. Көп ұзамай Киров белгісіз жағдайда кісі қолынан қазаға ұшырады. Осыдан кейін Кеңес Одағында жаппай саяси қуғын-сүргін өршіп, артынан Ұлы Отан соғысы басталды да, партия сьезі шақырылмай қалды.
Қазақстанда 1921 жылы маусымда болған партия конференциясы жергілікті большевиктік ұйымдарды РК құрамында болатын біртұтас Қазақ облысы партия ұйымына біріктірді, партияның облыс конференциясын сайлады. 1937 жылы сәуірде өлкелік ұйым Қазақстан партиясына, өлкеком- Қазақстан Орталық Комитетіне айналдырылды. Елде Сталиннің тоталитарлық режимі
орнықты. Сталиннің жеке басына табыну дәстүрі жан-жақты талқыланып қатал айыпталды. Бірақ елде демократияның дамытылуы шектеліп, партияның кезектен тыс шақырылған ХХI сьезі елде социализм толық және түпкілікті орнады. Кеңес халқы жаңа коммунистік қоғамға аяқ басты деп есептелінді. КОКП-нің 22-сьезінде елде кемелденген социализм орнады. Партияны Н. С. Хрущев басқарған кезде елде саяси әулекілік етек алды, шаруашылықты өркендетуде көптеген кемшіліктер жіберілді. 1964 жылы қазанда Хрущев орнынан алынып, орнына Л. И. Брежнев сайланды.
Одақтас республикалардың компартиялары 1989 жылдан бастап, КОКП-дан бөлініп шығуды қолға алды осыған байланысты партия басшылығындағы кертартпа күштер 1991 жылы Мәскеуде тамыз бүлігін ұйымдастырылды. Бүлік басылғаннан кейін көп ұзамай Ресей президенті Б. Ельцин өзінің жарлығы мен КОКП-ға тыйым салды. КОКП биліктен кеткеннен кейін көп ұзамай 1991 жылы Кеңес Одағы тарап кетті.
1Хрущев партия қайраткері.
Хрущев 1918 жылдан КПСС мүшесі болды. 1908 жылдан Донбасстың шахталары мен заводтарында жұмыс істеді. 1918 жылы Азамат соғысына қатысты, одан кейін Донбасс пен Киевте шаруашылық және партия қызметінде болды. Хрущев партияның 17-22 сьезіндерінің делегаты, 1938 жылдың ОК мүшесінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат.
- жылда ақпанда КОКП ХХ сьезінде КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың пайда болу себептері, мәні мен ерекшеліктерін және салдарын анықтап, талдады. Баяндамашы Сталин, Берия, Ежовты қатты сынай отырып, қуғын- сүргін жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Жеке адамға табыну туралы мәселе ХХ сьезде жабық мәжілісте талқыланып, ол туралы баспасөзде жарияланбады. Билік басындағылар әкімшілік әдістерге сүйенген өкімет жүйесін халыққа жеккөрінішті етіп аламыз деп қорықты. Халыққа жария етілген құжат- КОКП Орталық Комитетінің «Жеке адамға табыну оның салдары туралы» қаулысы болды. Шетелдік баспасөзде баядама мәтіні ХХсьезінде өткеннен бірнеше күннен кейін жарияланды. Ал КСРО-да 1989 жылы «Известия КПСС» журналында 33 жылдан кейін ғана Хрущевтің баяндамасы жарияланды. 1953-1955 ж Хрущевтің бастамасы мен ГУЛАГ жойылды. Бұл Кеңес қоғамын сталинизмнен құтқарудағы адамгершілік акт. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, партия қайраткерлері Рудзудакты, Рыковты, Чубарьды ақтады. Мемелекет басшылығы шалағай саясат жүргізді. Қуғын-сүргінге ұшыранғандарды ақтау реформасы аяқсыз қалдырылды. Кәрістердің, немістердің, Қырым татарларының, Месхеті түріктерінің құқықтары қалпына келтірлмеді. Одақтас республиканың құқықтарын кеңейтуге бағытталған тұжырамдама толық жүзеге асырылмады. Эканомикалық артта қалу себептерін әрекеттеріне тыйым салынды.
... жалғасы2. Сталиннің билік жүргізуі.
Саяси қайраткер, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Бас хатшысы, Кеңес Одағының маршлы, Кеңес Одағының генералиссимусы. 1901 жылы РСДЖП-ның ОК мүшелігіне өтті. Азамат соғысы кезінде Оңтүстік Батыс майдандарының революциялық әскери комитетінің мүшесі болды. 1922 жылы РК ОК пленумы Сталинді ОК-нің Бас хатшысы етіп сайлады. КСРО-ны құруға белсене қатысты. Ленин өмірінің соңғы жылдарында бар билікті қолына топастыруға талпынған Сталинннің жеке басына сенімсіздік танытты. Сталиннің басшылығы мен ауыл шаруашылығын коллективтендіру қолға алынып, байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты жүзеге асыылды. Бұл халық арасында жасанды ашаршылық пен босқыншылықты туғызып, ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шауалар қозғалысының өрістеіне алып келді. Сталин елде қуғын-сүргін саясатын жүргізіп, тоталитарлық жүйені қалыптастырды. Ұлттық ителлигенция өкілдерін «халық жаулары» ретінде қуғындауды күшейтті. Одақтас республикалар мен ұлттық автономияларды саяси және экономикалық биліктен айырып, Кремльге тәуелді етті. Кеңес Одағының басшысы ретінде үш держава- КСРО, АҚШ, Ұлыбритания басшыларының Тегеран, Қырым және Потсдам конференцияларына қатысты. КОКП-ның 1956 жылы өткен 20 сьезі Сталиннің жеке басына табынушылықты сыңға алды. Сталин үш рет Ленин орденімен, екі рет «Жеңіс» ордені мен, Социал Еңбек Ері және Кеңес Одағының Батыры атағымен марапатталған. Мәскеудегі Қызыл алаңға жерленген.
Кеңес Одағының Шыңжаң оқиғаларына аралысуы.
Кеңес Одағының Қытай мемлекеті аумағындағы Шыңжаң өлкесіндегі оқиғаларға қатысты жүргізген дипломатиялық саяси және әскери іс-шаралары 18 ғасырдың екінші жартысынан бастап Қытай мемлекетінің иелігі саналған бұл өлке Синьхай төңкерісінен кейін орталықтан бөініп қалған осындай жағдайда Ұлыбритания, АҚШ, Жапония үкіметтері бұл аймақты Орталық Азиядағы Кеңестік насихат пен күрес жүргізетін плацдармға айналдыруды көздеді, екіші жағынан, Қызыл Армиядан қашып Шыңжанға бас сауғалаған ақ гвардияшылар кеңес билігіндегі Қазақстан мен Қырғыстан шекарасына үнемі шабуыл жасап тұрды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz