Қазақ хандығының құрылуы және жыраулық поэзияның қалыптасуындағы тарихи әлеуметтік жағдай


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

І. Кіріспе

Қазақ хандығының құрылуы және жыраулық поэзияның қалыптасуындағы тарихи әлеуметтік жағдай.

ІІ. Негізгі бөлім

а) Қазақ хандарының алғашқы және соңғы хандары

ә) Қазақ жырауларының поэзиясы қайдан бастау алады.

б) Қазақ хандық дәуірдегі жырауларының орны

ІІІ. Қорытынды

Қазақ хандығының құрылуы және жыраулық поэзияның

қалыптасуындағы тарихи әлеуметтік жағдай

Бұл кезең -қазақ хандығындағы құрылып, тайпалар бірлестігінің, дербес мемлекеттің нығая бастаған дәуірі. Осы кезден бастап өазаө халқы мәдениетінің де өзіндік беті айқындала түсті. Ол, әсіресе, халықтың тілінен, әдебиетінен айқын сезіледі. Кейбір жазба ескерткіштердің осы кезде таза қазақ тілімен жазылғаны соның айғағы. Оған Қадырғали Қасымұлінің «Шежірелер жинағын», Әбілғазының «Түрік шежіресін» алуға болады . Қадырғали өзіне дейінгі Шығыс тарихына байланысты Рашид Ад-Диннің «Жамиғанынан » біраз үлгілер алып, өз тұсындағы деректерді қоса баяндап береді. Бұл-тарихи шығарма. Қадырғали өзінің шежіресінде ескі әдебиеттен хабар берерлік өлең үзінділерін көптеп келтіреді.

XV-XVII -ғасырдағы көркем әдебиетінің жайын халыө әдебиетінің жетістіктерінен де жете аңғарамыз. Бұл кезде ауыз әдебиетінде көркемдік дәрежесі жоғары көптеген эпосының жырлар туды. Осы жырлар негізінде, әдеби тіліміз де дами түсті. Жыраулық әдебиеттің әлеуметтік өміріне араласуы, қоғам мүддесін көтеруі күшейді. Қоғамдық құрылыстың дамуымен бірге әлеуметтік қайшылықтар да айқындала береді. Әрт оп өз көзқарасын тарату мақсатында идеологиялық құрал іздеді. Кейбір үстем жап әдебиет өкілдерін осы мақсатта пайдалануға әрекет жасайды, оған сый сыяпат көрсетіп, өз пікірлерін таңып, қошеметшіл поэзияның кейбір түрлерін туғызады. Әдебиетші осы шындықты Н. А. Добралюбов көргендікпен пайымдап, былай дейді. Адам өз бойынан ең алдымен дене күшінің сапасын жаниды да, әрбір халық өзінің алғашқы осу сатысында қаһармандық аңыздар шығарады. Қара күш біреудің беделін күшейтеді, екіншісі біреуді төмендетеді. Поэзия әлемінде бір адамның екінші біреуі қалай жеңгенін, қандай олжа түсіргенін жырлау п. б. жеңімпаздар жеңілгендерді өзіне бас идіреді және өздерінің құқықтарын мойындатады. Осы тұста поэзияда қошеметшіл жырлар туады. Ал, кейінірек жеңімпаздар озбырлығы күшейе келе, жеңілгендердің күңкілі, үні естіле бастайды, олар наразылық білдіреді. Осы кезден бастап әдебиетке сатира келеді.

Әдебиет қоғамдық қайшылықтар негізінде шынығып, дамылсыз ілгерілеп отырады. Көркем сөз өнерінің басы-ххалықтың ауызекі әдебиеті. Тек содан ғана әдебиет нәрлі идея, сұлулық талғамын тауып өзінің ең бастапқы ұшқан ұясын табады. А. М. Горкейдің көркем сөз өнерінің төркіні халық шығармашылығы дейтіні де осыдан. Фальклер тек әдебиетті туғызып қана қоймай, оның ұзақ хылдар бойына даму жолында да даму болады. Яғни, фальклер мен жазба әдебиет-бір организмнің егіз мүшесі сияқты біріне-б ірі жақын туыс, әдеби тілдің қалыптасуына екеуі бірдей үлес қосанын егіз құбылыс.

VII-VIII ғасырдағв ескерткішіндегі көркем сөз өрнектері әдебиеттің алғашқы дәуірінен хабар берсе, содан кейінгі Х-ХІІІ ғасыр шығармалар әдебиетінің, наласа бастаған шағындағы мал деректермен байи түседі.

XIII-XIV ғасыр моңғол шапқыншылығының зардапты дәуірі. Бұл кезде әдебиеттің дамуына қолайлы жағдай болмады. Әлеуметтік сипаттағы халықтық әдебиет тоқырап, тіршілік қызығынан нүкімен сопылық поэзия өріс алады. Орта Азия әдебиетінің қайта бас көтеру кезеңі XV ғасырда басталады. Ақсақ Темір ұрпақтары билігі тұсінда мәдени өрлеуге бет алған Орта Азиялық ұлыстар ішінен әдебиетпен айналысушылар, ғылымның көптеген саласымен жан-жақты шұғылданумен ғаылмдар шығады. «Ақсақ Темірге өараған өлке мәдениеттің өрге басуына тікелей басшылық еткен, -деп жазды Е. Э. Бертельс, -мемлекеттің зор ардагер азаматы, көрнекті ойшылы, ақыны-Әлішер Науами болды». Науами өзіне дейінгі Әбу Насыр-Әл -Фараби, Ибн Сина, Фердауи, Низами, Пудаки сияқты әйгілі шығыс жұлдыздары бастамаларын жалғасытуршы, олардың дана идеялары мен оның әдеби үлгілерін ілгері дамытушы, өзіндік жаңа өрнек жасаушы кемеңгер ақын, түркі тілді халықтар әдебиетінің келешегіне мықты әсер еткен өз заманының теңдесі жоқ шалқар шабыт иесі, ол парсы әдебиетін, түркі халықтарының халық әдебиеті жетістіктерін жақсы игерді. Сөйтсе де ақын өз жуындыларының көпшілігін парсы тілінде жазған болатын.

Қазақ хандығының дербес өмір сүруіне байланысты бұл тұста оның әдебиеті, әдеби тілі қалыптасуға бет алды. Ішкі шығармаларында жоқтау сияқты салт жыры, ертегі-аңыздар басымдау болса, кейін жеке адамды дәріптеген туындылар көбейіп, әдебиеттің мақсаттары айқындала бастады. Әуелі қиял-ғажайып аңыздар туды, онда адам баласының әр түрлі ғаламат күштерге қарсы күресі бейнеленді, кейіннен шетел шапқыншыларына қарсы тұрып, ерлік көрсеткен батырлар аңыз етілді. Бұл тарихи жағдай сюжеттерді өмірге әкеледі. Ертедегі хандық мемлекетінің жойқын шабуылдары батырлық сюжеттердің тууына жағдай жасады. Колбасы батырлар не хандар дәріптеліп, олардың қаһармандық бейнелері жасалды. Эпостық жырлар пайда болды. Халықтық туындылардың ол бастағы шығарушылары шешендер мен жыраулар еді.

Қазақ хандығының алғашқы және соңғы хандары

Қазақ хандығы алғаш қалыптасқанда хандық тізгінін Әбілхайыр, Керей, Әз-Жәнібек ұстады. Соның ішіндегі алғашқы хандарының бірі Әз-Жәнібек. Оның тұсында Жиренше шешен және оның әйелі Қарашаш сияқты ақыл иесі ару өмір сүріпті деп аңыздайды халық, Шешендер атынан айтылатын аңыздар өрем ақыл иелерін танытар шешендік үлгілері. Халық прозасының жақсы үлгісі дерлік туындылар. Хан Ә!з жӘнібекпен бірге өмір кешіп, екеуі де үшеу ара тілдескен. Сонда Әз жәнібектің «Дүниеде не өлмейді»-деген сұрағына берсен жауабы да шешен нұсқал сөз. Өзінен басқа бір би: «Аты су өлмейді, Аспанда аймен күн өлмейді, әлемде қара жер өлмейді»-деп жауап берген екен. Жиренше бұл бидің сөзін жоққа шығарып, өз болжамын мына сөздермен айтып беріпті:

Аты судың өлгені-

Алтай қыста қатқаны.

Асқар таудың өлгені-

Басын бұлт басқаны

Ай мен күннің өлгені-

Еңкейіп барып батқаны

Қара жердің өлгені-

Қар астында қалғаны

Ажал деген атқан оқ

Бір алланың қақпаны

Дүниеде не өлмейді-

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.

Біз бұл тұспалдардың алғашқы бір нұсқасының иегері Жиренше шешен болғандығын ескертіп отырмыз. Жиренше атынан айтылатын осы өлең жолдарының өзі-аө оның тек қара сөздің шебері ғана емес, соған қоса жыраулар сиықты нұсқал, ақыл нақылдар қалдырған ақын жанды шешен би, әділ де тапқыр, орасан зор талант иесі болғандығын танытады.

Тоқтамыс туысында жасаған Ер Едіге биді де халық бала кезінен шешен болып хан көзіне түсіпті, оның қамқорлығы арқасында өсіп билік құрыпты деп ардақтайды. Бірақ Ер Едіге Тоқтамыстың күткен жерінен шықпайды. Ер жетіп елге танылған кезінде өзін тәрбиелеп өсірген Тоқтамыспен жауласып, орданың құлауына үлкен себепкер болыпты. Сәтемерге күйеу бала болып, хандықты өз қолына алыпты. Ақыры Тоқтамыс балалары одан кек алып, оны өлтіріпті деп аңыздайды. Осы тұста Тоқтамысты жақтаған кәрі абыз, ұлы жырау Сыпыра Сұлғалтайұлы екен. Ол туралы да халық аңыздарды және жырау сөзі деп айтылатын тұспалдар мен талғау, өсиет сөздер жеткен. Аталмыш шешен-билерден кейін жасаған Асан, Шалгез, Қазтуған, Доспамбет, Жиембет, Марқасқа т. б. баба би шешендер өнерлерін жалғастырған талант иелері. Оларды халқымыз әрі батыр, әрі шешен, әрі аталмыш билер, әрі ақылшы-тәрбеиші, заманы туралы ой қозғап, елінің болашағын болжап, тебірене толғаулар айтқан жыраулар деп танып келеді. Яғни, олардың шығармашылықтары өздері жасаған дәуір әдебиетінде маңызды орын алады.

«Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған, биде тақпақ, маұал бар, байқап қара »-деп кемеңгер Абай мұқият ескерткен еді ғой. Ел тарихын, халықтың ғасырлар бойғы ерлік күресін бейнелеуде эпостардың орны ерекше. Олардың тіпті тіл шебелігі де бейнелеу нақышы да өзгеше. Халық даналығы-эпоспен бірге түрлі лирикалық өлеңдерден де, әсіресе, мақал-мәтел, нақыл-өсиет сөздерденде, жұсбақтардан да айқын байқалады. Өзінің даму барысында ол жеке өлеңдерден бастап, эпостың да талай үлгілерін жасады. «Жәбектің хандық құруы-өазақ пен ноғай ұлыстарының бірігіп топтасқан тұсында жатады. Ал, Әз жәнібектің, Жиренше шешеннің, Асанқайғының өсиет сөздері де осы күнге дейін сар дала қазақтары арасында кеңінен айтылып келеді. » деп жазады. Ш. Уалиханов Шоқанға ұқсас пікірлерді шешендік сөздерді алғаш бастырушы академик В. В. Радловта айтқан болатын. Осы хандардан кейін XIV ғасырдың соңында Қасым хан жаққа отырды. Қасым хан тұсында қазақ хандығы нығайып, ел ішіндегі салт-дәстүрге әдет-ғұрыпқа негізделген, яғни алғашқы қазақ заңы «Қаысм ханның қасқа жолы» өмірге келді. Қасым ханнан кейін, қазақ хандығының тағына Тәуекел хан отырды. Яғни, 1586-1598 жылдар аралығындағы бұл кез Ресей мен қазақ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас барынша нығайды.

XVII -ға келгенде қазақ хандығының билігі Есім ханның қолына өтті. Есім хан елінің сыртқы-ішкі жағдайына көңіл бөле отырып, ел билеу жүйесінбір арнаға салды. Сондай-ақ «Есім ханның ескі жолы» жасалды. Жәңгір хан билікке отырған сәтте. Тұрақсыздықтан әлсіреді, ойраң шапқыншылығы үдеді, хандықтың басына қара бұлт үйірілді. Ал Тәуке хан билікке келген кезде, қазақ хандығының береке бірлігі қайта нығайып, үшінші қазақ заңы Тәуке ханның «Жеті жарғысы» өмірге келеді. Бұл заңды жасауға Төле би, Әйтеке би, Қазыбек билердің қосары зор болдв. Тәуке хан қайтыс болғаннан соң 1723-1725 жылы немесе 1740-1742 жылы аралығында жоңғарлардың қазақ даласына шапқыншылығы үдеп, қазақ халқын «Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұламаға» әкеп соқты. Осындай қиын қыстау кезеңде үщ жүздің басын біріктіріп, қазақ хандығының еңсесін қайта біріктірген Аблай ханның қазақ хандығы тарихымен, жыраулық поэзиядан алатын орны ерекше. Міне, ежелгі түркі поэзиясының жаңа қоғамдық саяси жағдайдағы дәстүрлі жалғасы болып табылатын қазақ жыраулық поэзиясы тарих сахнасына осылай шықты.

Қазақ жырауларының поэзиясы қайдан бастау алды.

XV-XVIII ғасыр қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге негізінен ауысша жетті. XV ғасыр орта шенінен бастап қазақ атымен аталатын мәдениет өркен жоя бастады. Көне ортақ арнадан бөлініп, қазақ халқының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін жайлаған тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, нық тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қазақ әдебиетінің ортақ ортадан оңаша жас тартқан алғашқы қадамдарының өзінен-ақ кемелдікті, көркем келісімді аңғару қиын емес. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшаққа даңқы кеткен Қодан Тайшы, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған жыраулар жаңа әдебиеттің ізі шаралары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп те саналады. Елге ер-азаматқа ақымай болған жыраулар қазақ поэзиясының болашақта ұмтылар бағыт-бағдарын, идеялық тұғыры, мен көркемдік биігін айқындап кетті. Асан туралы аңыздар ноғай-қырғыз, қарақалпақ халықтарында да сақталған. Асан көптеген нақыл сөздердің афаристік, философиялық, жалғауларының авторы. Ол ел іргесі берік ағайын ұжымы күшті болуын үндейді. Ол қлең жалғауларында мемлкетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды. Осы орайда академик-жазушы М. Әуезов «қазақ халқы өзінің тарихи жолында Асан есімін өктемдікке қарсылықтың символындай сезеді. Ел мұнын жоқтаған ақындардың Асан есімін ауызға ең алдымен алатыны да осыдан», деп атап көрсетті. Сахара эпосын тудырушылардың бірі ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы, әрі нәзік мерген болған Қазтуғанның біздің дәуірімізге жеткен жырлары табиғат аясындағы көшпендінің болмыс, тіршілік, өзін қоршаған орта туралы түсінігін бейнелейді. Жыраулық поэзияның дамып, өркендеуіне Доспамбет пен Шалкиіз өнернамалары айрықша әсер етті. Жорық жыршысы болған Доспамбет жырау шығармаларынан ортағасырлық жауынгер көшпендінің ер тұлғасы, ерлік кейпі көрінеді, оның асқақа рухы, берік дәті, қмірлік мұраты танылады. Жыраулық поэзияның көрнекті өкілі-Шалкиіз жырау. Тілекшіұлы өзінің ұзақ өмірінде Дешті-Қыпшақтың төрт бұрышын түшел шарлаған, заманының бірінші ақыны танылып, үлкен даңққа бөленген жырау бүкіл өмірін күрес үстынде өткізеді.

Жыраудың шағын көлемді шымыр жалғауларынан көне заман таңбасы-жүз тұрғыныңы дүниетанымы, адамның табиғаты, мінез ерекшелігі, моральдық, этикалық қағидалары айөын аңғарылады. Жырау дүниеде мәңгі тұрақты ештеңе жоқ деп біледі. Әлем бір қалыпта тұрмайды, адам өмірі де өтпелі. Жеке бас еркіндігін бәрінен доғары қалды. Оқушылардың рухты насихаттайды. Қазақ халқы ерлік күреске жолы күн кешкен XVII ғасырдан бастап біздің заманымызға Жиембет, Марғасқа жыраулардың аттары жетті. Екеуінің өмір жолы Есім хан тұсындағы тарихи оқиғаларға тікелей қатысты. Жиембет жырау ханға қарсы араздығын бүкпесіз, бұлтармасыз жеткізеді. Жиембет жыраудың жалғаулары ең алғаш 1908 жылы «Жақсы үгіт» кітабында жарияланса, Марғасқа жалғаулары совет заманында зерттеліп, баспа бетін көрді.

XVIII ғасыр жыраулық поэзияның тарыптық жағынан кеңейтіп, идеялық -көркемдік тұрғыдан байи түсті. Жоңғар шапқыншылығы және Ақтабан шұбырынды, қырын соғыстар мен жеңісті жорықтар, саяси және қоғамдық өмірдегі өзгерістер -ел өміріндегі елеулі оқиғалардың барлығы да жыраулар өнернамасында өзінің көркемдік шешемін табады. Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес сарыны әсіресе Ақтамберді жырау шығармаларынан айқын көрінеді. Ақтамберді өз жалғауларында жау қолында қалған жерлерді азат етер күнді ақсайды, исі қазақ болып атқа қонуды, ойпаттарға соғуды күйрете соққы беруді армандайды, жұртшылықты ерлікке үндейді, жауға тайсалмай творчествасындағы отаншылдық, патриоттық сарындар XVIII ғасыр қазақ поэзиясының бет бейнесі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы
Хандық дәуір әдебиетінің құрылуы қарсаңындағы қоғамдық - әлеуметтік, саяси жағдай
Мұхаммед Хайдар Дулати тәрбие және еңбек тәрбиесі туралы
Жыраулар поэзиясын оқыту
Жыраулар поэзиясының даму жолдары
Қазақ хандығының қалыптасуы мен жыраулық поэзияның өмірге келуі
Сан қилы тарихи оқиғалардың сәулесін бойына сіңірген - жыраулық поэзия
Ұлттық идея және оның тарихи орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz