ХІХ ғасырдың І-ші жартысындағы қазақ шаруашылығының жағдайы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 2

І тарау. ХІХ ғасырдың І-ші жартысындағы қазақ шаруашылығының жағдайы . . . 5

1. 1. Қазақ шаруашылығының жағдайы . . . 5 1. 2. Жатақтардың тұрмыс-тіршілігі . . . 10

ІІ тарау. Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты және оның егіншілікке тигізген ықпалы . . . 14

2. 1. Қазақ жеріне орыс шаруаларының қоныс аударуы және оның егіншілікке тигізген әсері . . . 14

2. 2. Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға көшіп келуі. Жетісудағы егіншіліктің дамуының ерекшеліктері . . . 21

Қорытынды . . . 27

Қосымшалар . . . 28

Әдебиеттер тізімі . . . 31

Кіріспе

ХІХ ғасыр қазақ халқының тарихындағы ауыр кезеңдердің бірі. Халықтың бір жартысы Ресейге бодан, енді бір жартысы Қоқан, Хиуаға тәуелді, ал қалған біраз бөлігі өзін-өзі басқарып отырды. Бірақ, ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарына қарай Қазақстан территориясы толығымен Ресейдің отарына айналды. Осындай ауыр кезеңде қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы да қиын болған. Мал-мүлкінен айырылған халық жатақтарға айналып, Сыр, Іле, Шу, Талас, бір сөзбен айтқанда, бұрынғы отырықшы халыққа қосылып жер өңдеумен айналыса бастады. Дегенмен, қазақ арасында егіншілікпен айналысу сондай кең таралмаған болатын. Патша үкіметінің қоныс аудару саясатының салдарынан Қазақстанға көшіп келген орыс-славян шаруалары негізінен егіншілікпен айналысты, ал 1881-1883 жылдар аралығында Қазақстанға қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендер де Жетісуда егіншілікті дамытты.

Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан қазақ халқынын дәстүрлі шаруашылығы ХХ ғасырдың 30-шы жылдарына дейін жеткен. Ал сол отырықшыландыру саясатының бастамасы осы ХІХ ғасырдан бастау алатындықтан бұл ғылыми жұмыстың өзектілігі өте жоғары.

Қазіргі таңдағы Тәуелсіз Қазақстанның көпұлтты мемлекетке айналуынақ осы кезеңнен бастау алады. Яғни, аталған тақырыпты зерттеу бүгінгі жағдайды түсініп, оны шешудегі маңызы зор болып табылады.

Сонымен қатар, бұл тақырыптың тағы бір өзекті тұстарының бірі - қазақ халқының ғасырдан ғасырға, атадан балаға мұра болып келе жатқан салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары көшпелі мал шаруашылығына негізделген болатын, ал қазақтардың егіншілікпен айналысып, отырықшылыққа бейімделу үрдісі ХІХ ғасырдан бастау алып, негізі қаланды. Яғни, шаруашылықтың ауысуымен қатар салт-дәстүрдің өзгеріске ұшырауы қатар жүреді.

ХІХ ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттай отырып, қазақ халқының көшпелі шаруашылықтан отырықшылыққа бейімделе бастағаның, Қазақстанға орыс шаруаларының, ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуының негізгі мәселелерін зерттеу бұл ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.

Бұл ғылыми жұмыс жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді алға қояды:

  • патша үкіметінің қоныс аудару саясатының мәнін ашу;
  • жатақтардың әлеуметтік топ ретінде пайда болуы мен тұрмыс-тіршілігі туралы мәлімет беру;
  • ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісудың егіншілігіне тигізген әсерін көрсету;
  • қоныс аудару саясатының салдарынан қалыптасқан Қазақстанның этникалық құрамы туралы мәлімет беру.

Тарихнамасына келетін болсақ, аталған тақырып еліміздің және шетел зерттеушілерінің еңбектерінде біршама зерттелген. Нақты осы тақырыпқа байланысты бірнеше монографиялар да жарық көрді. Солардың негізгілеріне тоқталып өтсек.

Қ. Құсайынұлының «Қазақ шаруашылығы отаршылдық дәуірінде (ХІХ-ХХ ғ. ғ. ) » атты еңбегін атап өтуге болады. Кітапта қазақ жерінің Ресей империясының қол астына өту, Қазақ елін орыс шенеуніктерінің зерттеуі, көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған қазақтардың егіншілікпен айналысуы, отарлау саясаты күшею жағдайында дәстүрлі шаруашылығын сақтап, дамыту жолындағы жанкешті еңбегі архивтік тың деректер негізінде мазмұндалады.

Шалекенов У. Х., Шалекенов М. У. «История и этнология народов Амударьи и Сырдарьи в ХVІІІ-ХХ в. в. ». бұл монографияда Сыр бойында қоныс тепкен халықтың көп ғасырлардан бері қалыптасқан шаруашылығы, нақтылап айтсақ, ирригациялық жүйесі, егіншілігі туралы мол мәліметтер береді.

Шетелдік ғалымдардың еңбектерінің ішінен Джордж Демконың «Орыстардың Қазақстанды отарлауы» деген еңбегін атап өтуге болады. Осы монографияда орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуы - отарлаудың негізгі тетігі ретінде көрсетіле келе, сонымен қатар, оның егіншілікке тигізген әсеріне жақсы талдау жасалынады.

Левшин А. И. «Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей» атты еңбегі ХІХ ғасырдағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі туралы өте құнды зерттеу жұмысы. Атақты орыс ғалымының кітабы Қазақстанның тарихы, географиясы, этнографиясы туралы тұңғыш фундаментальдық зерттеу жұмысы болып табылады. Бұл кітап үш бөлімнен тұрады. Үшінші бөлімінде этнографиялық мәліметтер ішінде егіншілікке өте жақсы тоқталады.

Монографиялармен қатар еліміздің газет-журналдарының бетінде де аталған тақырыпқа арналған бірнеше мақалалар жарық көрді. Ә. Қорғанбаев, С. Өтениязұлы, С. Урашев, Қ. Н. Жанғанатова, Ғ. Қарасаев, Н. Мусабекова, К. Рысбаев, К. А. Біржанов және тағы басқа да ғалымдардың жетекшілігімен жарық көрген мақалалар ХІХ ғасырдағы егіншілік және патша үкіметінің қоныс аудару саясаты туралы жақсы пікірлер жазған.

Қазақ халқының Ресейге тәуелді болуымен қатар 1822 және 1824 жылдардағы Сібір қырғыздары, Орынбор қырғыздары туралы жарғылар, 1867-1868 жылдардағы реформа арқылы дәстүрлі билік жүйесінің жойылуын бастан кешкен ХІХ ғасыр бұл ғылыми жұмыстың хронологиялық шеңберінің негізіне жатады. Осы ғасыр тек қана әкімшілік-саяси реформалар ғана емес, Исатай мен Махамбет, Сырым Датұлы, Саржан сұлтан, Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық көтерілістерге де, күрделі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге де, мәдениет пен өнердің дамуына да толы болды.

Жұмыстың құрылымына келетін болсақ, курстық жұмыс екі тараудан тұрады. Олар өз алдына әр қайсысы екі бөлімнен құралған. Бірінші тарау - ХІХ ғасырдың І-ші жартысындағы қазақ шаруашылығының жағдайы, және оның екі бөлімі: біріншісі, Қазақ шаруашылығының жағдайы; екіншісі, Жатақтардың тұрмыс-тіршілігі. Ал екінші тарау, Қазақстанды отарлаудың бір тетігі болып табылған, Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты және оның егіншілікке тигізген әсері. Жоғарыда айтчлғандай бұл тарау да екі бөлімнен тұрады: «Қазақ жеріне орыс шаруаларының қоныс аударуы және оның егіншілікке тигізген әсері» және «Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға көшіп келуі. Жетісудағы егіншіліктің дамуының ерекшеліктері» деп аталады. Курстық жұмыс, сонымен қатар, қосымшалармен толықтырылған. Қосымшалар тақырыпқа сай, ХІХ ғасырдың хронологиялық көрсеткіш түрінде сипат алған.

І тарау ХІХ ғасырдың І-ші жартысындағы қазақ шаруашылығының жағдайы

1. 1. Қазақ шаруашылығының жағдайы

XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ коғамының шаруашылық қызметін бір мағынада бағалау мүмкін емес. Экономикалық кәсіптердің сипатын қатаң бір формуламен жөне белгілі бір типологиялық шеңбермен байланыстыруға болмайды. Онда елеулі өзгерістер болмағанына қарамастан, дегенмен оның түрлері сан алуан болды. XIX ғасырдың бірінші жар-тысындағы экономиканың жай-күйін сипаттайтын материалдар соның алдындағы дәуірлердің деректерімен салғастырған кезде шаруашылықтың дамуы көп жағынан физикалық (физикалық-географиялык орта, куаңшылық жөне т. б. ) факторларға да, саяси (саяси бағдардың ауысуы, көршілердің шабуыл жасауы, әр түрлі соғыстар жөне т. б. ) факторларға да тәуелді болғанын көрсетеді.

XIX ғасырдың бірінші жартысында шаруашылық дамуының барысы сауда көлемінің біртіңдеп өсе түсуімен және сайып келгенде рынокқа тәуелділікпен анықталды. Зерттеліп отырған уақытта қазақтардың шаруашы-лығында болған елеулі өзгерістер - солтүстіктегі көршінің неғұрлым дамы-ған экономикасы ыкпалының нәтижесімен жүзеге асты.

ХIX ғасырлардағы шаруашылық дамуының негізгі сыртқы өлшемдері мынадай ерекшеліктерден көрінеді. Біріншіден, соның алдындағы дәуірлерден айырмашылығы жер қатынастары жүйесінде көшпелі қауымдар анықталуының үдемелі үрдісі жүріп жатты, қазақтардың отырықшылану үрдісі күшейеді. Көшпелі топтардың ішінара отырықшылануы кейіннен Орта Азияда «құрама» үлгісіндегі кіші этникалық топтардың қалыптасуына және әртүрлі рулардың араласуына әкеп соқты[2; 145] .

XIХ ғасырдың басындағы экономикалық дағдарыс қазақ шаруашылығын қиын жағдайға ұшыратты. Император I Александрдың 1808 жылғы 23 мамырдағы жарлығын қазақ халкының осындай жағдайды туғызған еді, онда былай делінген: «Орынбор әскери губернаторының хабарламаларынан және бізге жеткен басқа да мәліметтерден біз өз бодандарымыз, Орынбор шебіне жақын манда және Каспий теңізінен Сібірге дейінгі бүкіл шекара бойында көшіп жүретін қазақтардың, әр түрлі лақаптарға қарағанда қасіретті жағдайға ұшырағаны сонша, тамаққа қаражат таппай, олардың көбі тіпті өз балаларын хиуалықтарға кұл етіп сатуға ниеттенетінін байкадық». Патша Орынбор әскери губернаторы мен сібір бастықтарына қамқорлық жасауға көңіл бөлуін ұсынды жөне қазақ балаларын барлық орыс бодандарының сатып алуы ережелерін белгіледі[4; 89] .

Сонымен бірге орыс бастықтарының XVIII ғасырдың аяғындағы саяси пікірлері қазақтар үшін біркатар аумақтык проблемаларды шешіп берді. 1801 жылы Кіші жүз қазақтарының көп мөлшерде, негізінен байұлылардың Еділ мен Жайық езендерінің арасында мәңгілік қоныстануына рұқсат берілді жөне нақ сол жылдарда Орта жүз қазақтарының Сұлтанмәмет сұлтанның балалары бастаған бір бөлігі Ертістен өтіп, оң жағада мекендеуге құкық алды. Бірінші жағдайда Ресей осылайша Кіші жүзді әлсіретуді, екінші жағдайда Орта жүз ханы Уәлидің билігін бәсендетуді ойластырды[1; 380] .

XIX ғасырдың 20-жылдары Қазакстандағы толып жатқан әкімшілік-аумақтык реформалармен ерекшеленді. 1822 жылы «Сібір кырғыздары туралы жарғы» кабылданған еді, ал 1824 жылы Кіші жүзге де осындай жарғы қабылданды. Тұтас алғанда «Жарғылармен» Қазақ даласының сол кезге қарай Ресей бодандығында болған бөлігін басқару тәртібі реттелді. Жаңа әкімшілік жүйе қазақ қоғамының дәстүрлі саяси институттарын жойып, аумактық ұйымдастыруды енгізді, көшпелі халыққа салық салып, даланы отарлауды тереңдете түсті.

Ресей Қазақстанда нақты басқару ісін колға алуға ұмтылды және өктемдік қатынастар шеңберімен шектеліп қалғысы келмеді. Сонымен бірге XIX ғасырдың 20-жылдарындағы реформа қазақ халкының саяси мәртебесін өзгерткенімен, бұл коғамның көшпелі тұрмыс салтының басымдығына және өзіндік ерекшелігі бар қоғамдық қатынастарға негізделген тіректері дегенмен де төңкеріске ұшыраған жоқ. Сол кезден бастап отырықшылық элементтерінің күшейгеніне, егіншіліктің кең таралғанына, шөп шабудың дағдылы іске айналғанына, жәрмеңкелер түріндегі тұрақты сауда орталықтарының пайда болғанына қарамастан, тұтас алғанда қазақтар көшпелі халық болып қала берді[4; 92] .

Орта жүз және Кіші жүзде округтер ұйымдастырылған кезде қазақ-тардың қысқы қоныстары негізге алынды, әрбір округ үшін өз шекаралары белгіленді. Сонымен бірге округтерге сұлтандар бастаған ірі ру топтары немесе оқшауланған бірлестіктер кірді. Дәл сол сияқты болыстар мен дистанциялар құрылған кезде рулық белгі жетекші рөл атқарды, өйткені нақ руластар шаруашылық дәнекерлермен байланысты болатын. «Жарғыға» сөйкес отарлық өкімет орындары аумақты округтік орталықтар - приказдарға ыңғайлап белгіледі. Округтік приказда округтін аға сүлтаны, оның төрт орынбасары отырыс өткізуге тиіс болды. Приказда тұрақты казак отряды болуға тиіс еді. Көкшетау, Қарқаралы, Баянауыл және басқалары сияқты бекіністер түріндегі алғашқы округтік қоныстар нақ сол уақытта пайда болды. Аумақтық шектеу қазақтардың шаруашылығына теріс әсер етті.

Патшалық үкімет орындары мен әскери губернатордың алдына Қасым Абылайханов округтік приказдарды жабу туралы қатаң талап қойды, ол бы-лай деп мәлімдеді: «Егер бұл билік орындары біздің қырғыз-қайсақтар жағы-нан әкетілмейтін болса, біз өзіміздің бұрынғы қоныстарымызда қала алмай-мыз»[3; 180] .

Сонымен «Жарғыда» қоғамның түп-негіздеріне өзгеріс жасау көзделмей, дамудың жаңа шаруашылық нысандары ұсынылмаса да, жер мәселесі бірінші болып алға тартылып, еселене түскен жанжалдың себебіне айналды. Қазақ коғамының дәстүрлі коғамдық түп-негіздерін әкімшілік округтер мен болыстардың шекараларымен сыйыстыру мүмкін емес болатын. Нақ осыған байланысты реформаны жүзеге асыру созылып кетті, тек XIX ғасырдың 40-жылдарына карай ғана қазақтардың бір бөлігін реформанын негізгі ережелерін кабылдауға көндіру мүмкін болды.

Жарғы дәстүрлі қазақ қоғамы жүйесінің тұтас арқауын ыдыратты. Казақстанның Солтүстік-орталық бөлігі, Батыс пен Шығыс Ресейге біржола телінді, ал Оңтүстік, Оңтүстік-шығыс және Оңтүстік-батыс дәстүрлі құры-лымында қалды[4; 45] .

Қазақтардың негізгі бұқарасынан қол үзген оңтүстіктің бытыраңқы топтары бірте-бірте Орта Азия хандықтарының ықпалына бағынды, қалалар жөнінде дербес иелік рөл аткаруды тоқтатты. Орта Азия хандықтары қазақтардың корғансыздығын пайдаланды. Қоқан Сырдария, Шу жөне Сарысу өзендерінің бойына бірқатар бекіністер салды. Оларда қазақ халқынан салық жинаумен айналысатын тұрақты әскер ұсталды, бұл салық жинау әдетте соғыс тонаушылығына айналдырылды. Оңтүстік-батыс қазақтары жөнінде хиуалық ұлықтар да нақ солай істеді. XIX ғасырдың 20-жылдарындағы хиуалықтардың шапқыншылықтарынан қазақ қожалықтарының көпшілігі күйзеліске ұшырады. Мысалы, 1820 жылғы шапқыншылық кезінде қазақтардан 65 мың қой, 15 мың түйе, 7 мыңнан астам жылкы айдап әкетілді, мыңнан астам адамды тұткындап алып кетті[2; 178] .

XIX ғасырдың бірінші жартысы Ресейдің отаршылдық ниетіне де, Орта Азия хандықтарына да карсы халықтық толқулар мен көтерілістер санының көп болуымен ерекшеленді. Қазақтардың отаршылдық ауыр езгіні, ең шұрайлы жайылымдарынан айырылуды бастан кешіруіне тура келді, көшпелі мал шаруашылығының келешегінен айырылды. Округтік приказдар, бекіністер мен бекеттер салу кезінде көршілес қазақ ауылдарынан шамадан тыс салық алу жиі кездесетін. Бейнебір уақытша деп көп мөлшерде мал алынып, олар кейіннен қайтарылмады. Осының бәрі қазақтардың отаршылдарға қарсы жаппай бой көрсетулеріне себеп болды[4; 65] .

Жаңа құрылған округтерде аға сұлтан төңірегінділердің маңызы артты. Ресей өкімет орындарының қолдауы жағдайында болыс басқарушыларының озбырлығы күшейді. Кедейлерге көмек көрсету алымдары, аса жоғары сарайға жіберілетіндер үшін алымдар түрінде қазақ қожалықтарынан сансыз көп салықтар алынды, олар сайып келгенде қазақтардың тұрмысын нашар-латты. Ресей шенеуніктерінің әрбір келуі және тіпті жүріп өтуі далалықтарға ауыртпалық болып түсіп, орасан көп шығындардың себебіне айналды. Аға сұлтандар мен басқарушылар, жаудан жылқы айырғандай, орыс шенеуніктеріне пара беріп жағыну түрімен жергілікті халықтан асығыс түрде алымсалық жинаумен айналысты. Бір пайыздық жасақ міндеткерлігі де отаршылдық өкімет орындарының қиянат жасау көзіне айналды. Кенесары ханның көтерілісі (1837-1847) қазақ қоғамының дербестігін сақтап қалуға жасалған соңғы әрекет болды.

Шаруашылық тұрғысынан алғанда, жаңа экономикалық қатынастарына өзінше бір көшу осы кезеңнен басталып, көшпелі еркіндік уақыты аяқталады, барған сайын үдей түскен кедейлік келеді. Сан мыңдаған үйірлі жылқысы бар соңғы байлар қазақ даласында XIX ғасырдың 30-жылдарында өмір сүрді. Дала өңіріне кірген берекесіздік, жазалаушы әскерлер мен көтерілісшілер арасындағы кескілескен қақтығыстар, шаруашылықтардың таусылмайтын көшіқоны көшпелілік экономикасының біржола түбіне жетті[1; 382] .

XIX ғасырдың 70-жылдарында Қазақстанды аралап кеп саяхат жасаған В. В. Радлов былай деп жазды: «Менің бұрынғы Жарғының қолданылуын кадағалауыма жеткілікті жағдайлар болды. Ол тәртіп орнатқан жөне қазақтармен көрші тұратын отырықшы егіншілерді қорғауды қамтамасыз еткен. Бірақ тәртіп орнатылуына байланысты халықтың әл-аукаты төмендеген. Семей маңындағы толық бағындырылған Ішкі орда мүлдем дерлік күйзелген, сонымен бірге Үлкен ордаға жақындаған сайын халықтың байлығы арта түседі»[3; 182] . XIX ғасырдың 20-жылдарындағы реформаның кұны осындай болды.

XIX ғасырдың басында жазғы және қысқы жайылымдарды, сондай-ақ көшіқон жолдарын негізгі рулық топтар арасында бөлісудің аяқталғаны мәлім. Бірақ «Жарғы» қабылданғаннан кейін сұлтандар мен ру шонжарларының кейбір топтарының күшеюі жайылымдық-көшу жүйесіне елеулі өзгерістер әкелді. Қазақтардың жерлерін приказдар, почта бекеттері, бекіністі шептер құрылысына алып қою, сондай-ақ қазақ билеушілерінің қауымдық аумақтарды тартып алуы шаруашылық құрылымында елеулі өзгерістер туғызды. Ірі қараның үлес салмағы бірте-бірте арта түскеніне қарамастан, мал санының құрамында елеулі өзгерістер болмады. Дәстүр бойынша қазақтар қадірлейтін қой мен жылкы бұрынғы күйінде қалады. Қазақтың экономикалық тұрмысында кой мейлінше маңызды рөл атқа-рады. Бұл малды орыс көпестері де, ортаазиялық көпестер де өте бағалайды деп атап өтілген XIX ғасырдың орта шеңінде[7; 238] .

XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақтар арасында егіншілік едәуір дамыды. Қазақстанның оңтүстігінде де, солтүстік округтердің аумағында да егіншілік суармалы сипатта болды. Кіші жүздің оңтүстік аудандары қазақтарының арық арқылы суарылатын дәстүрлі егіншілігін А. И. Левшин мен Я. П. Гавердовский XIX ғасырдың басында-ақ сипаттап берген[1; 380] .

Деректемелерде егіншіліктің даму дәрежесі жөнінен оңтүстік жөне оңтүстік-шығыс аймақтар ерекше бөліп көрсетіледі. С. Б. Броневский қазақтар шаруашылығының көптеген жақтарын сипаттай келіп, мынаны атап өту қажет деп тапқан: «Үлкен орданың Жеті өзен аңғарында, Балқаш көлі маңында, Іле өзені бойында көшіп жүретін қазақтарымен етене кырғыздар егіншілікпен ықыластана айналысады, оларда тары, бидай және арпа өседі. Еңбекқор Ташкентпен көршілік олардың осы кәсібіне түрткі болған».

Кейбір жерлерде қазақ егіншілері мен диқандары өте жоғары өнім жинаған, мәселен, Ш. Уәлихановтың айтуынша, «қазақ-диқан еңбекқор жөне ыждағатты болған жағдайда, ол ыстыққа қарамастан, егіннің түсімі -қырық есе деп сеніммен үміттенеді (кыруар өнім) ». Зерттеуші С. Б. Броневский де өзінің бастаулары бойынша қазақ егіншілігі Орта Азиямен және Қашғариямен байланысты деп санаған. «Ташкенттіктердің ықпалында бола жүріп, қайсақтар олардан диканшылықты, өздері үшін осынша пайдалы және бейбіт кәсіпшілікті үйренбей тұра алмады»[3; 184] .

Қазақстанға тауар-ақша қатынастарының неғұрлым жеделдете енуіне, өнеркәсіп пен қалалардың дамуына, егіншілік пен шөп шабудың таралуына, мал шаруашылығының рынок жағдайлары мен талаптарына бейімделуіне қарай шаруашылық өзгерістер үшін алғашқы жағдайлар қалыптасты.

1. 2. Жатақтардың тұрмыс-тіршілігі

Ең алдымен, жатақтарға әлеуметтік санат ретінде сипаттама беру керек. Жатақтар - кедейленген, жазғы жайлауға көшу кезінде тіршілік ету және көшіп-қону кұралдарынан айырылған, өз отбасын жалдама (негізінен маусымдық) еңбекпен асыраған немесе отырықшылық-шаруашылық өзгерістердің ықпалымен мал бағудан егін егуге көшкен малшы қазақтардың бөлігі. XIX ғасырдың 80-жылдарында-ақ жатақтардың әлеуметгік мағынасы «жату» деген етістіктен шығады. Демек, дәл мағынасында алғанда, жатақ «жатушы» дегенді білдіреді, қазақтар оларды малы індеттерден қырылған және дала өңірінде көшіп жүретін ешнәрсесі қалмай, бір жерде тұрақтануға тура келетін казақтардың жатақтарға айналатыны себебі осы.

Ең алдымен, көптеген мұрағат мәліметтерінің дәлелдейтініндей, бірқатар қазақ шаруашылықтарының «мүліктік жағынан күйзелуі», негізінен алғанда үй малынан айырылу болып табылады. Жұттардың, далада ара-тұра қайталанып отыратын мал ауруларының салдарынан малдың кырылып көптеген шаңырақ иелері кедейленіп, өздерінің бай ағайындарына экономикалық тәуелділікке түскен. Мәселе мынада: кыс кезінде өз табындарын азықтандыру үшін көшпелі қазақтардың көпшілік бөлігі ешқандай мал азығы қорларын жасамай, өте көп табындарын далада жайған, онда мал өзіне азыкты қар астынан аршып алған. Қыс тым ұзаққа созылып, қалың қар немесе мұздақ малды аяғымен жаюға мүмкіндік бермей қазақтар көп малынан айырылған[7; 215] .

Сонымен, азықтың болмауынан малдың өлім-жітімі, ауыл қауымының әлеуметтік саралануының тереңдей түсуі - осының бәрі жинақтап алғанда кедейленген шаруа-жатақтар санының өсуін анықтап берді. Жұт кейде қоныс аударушы шаруалардың егін шаруашылығына да ауыр әсер етті, өйткені көшпелілер жаңа коныстанушыларды егіншілік көсібіне қажетті күш-көлік - өгіз, аттармен жабдықтап отыратын. Күйзелген қазақтардың көп бөлігі егіншілікке ауысты. 1808 жылғы 23 мамырдың өзінде-ақ үкімет Орынбор шебінің бойында көшіп жүретін «малсыз» кедей қазақтарды жайғастыру туралы шешім қабылдаған болатын[2; 160] . Ол көшпелі қазақтардың ең кедей топтарын тіршілік құралдарымен камтамасыз етуді қарастырды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ХІХ ғасырдағы мал шаруашылығы
Кіші жүз қазақтарының егіншілік және саудасының дамуы
Қазақтардың басты тауары - мал мен мал шаруашылығы өнімдері
ХIX ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сауда жүйесінің дамуы
Жәңгір ханның игілікті істері
ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың І жартысындағы ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1905-1907 жж. Ресей мен Қазақстанның саяси - әлеуметтік жағдайы
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы 1861-1917 жж
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі
Қазақстанның экономикалық тарихы пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz