Халық ауыз әдебиеті



Кіріспе
1. Қазақ халқының әлемді тануда ауыз әдебиетінің мәні зор
Негізгі бөлім
1.тарау Жазба ескерткіштері
2.тарау Халық ауыз әдебиетінің ежелгі бастаулары және ауыз әдебиетінің бала тәрбиелеудегі мәні
3.тарау Ауыз әдебиетінің түрлері
Қорытынды
1. Халық ауыз әдебиеті ұрпақтан ұрпаққа мұра
Жазба көздері ағаш тақтайшалар туралы хабардар етеді, бұл тақтайшаларда қажетті адамдар, жылқы, салым, мал саны туралы белгілер көрсетілген . Түрік Елшісі согдиялық Маннах Константинопольдегі Ю стин сарайына келгенде скиф жазбасымен жазылған жолдау әкелген.
Алғашқы түрік қағанының бірі (572-581) Таспараның қорғанында сақталған Бурғұт ескерткішіндегі жазбада қағанаттың алғашқы отыз жылындағы жаңалықтар әңгімеленеді, әрі бұл согди жазбасының қағанатта көпшілікке түсінікті болғанын, сол кездерде жоғары Түрік қоғамында көптеген білімдар адамдардың болғандығының куәсі.
Сол жылдары, яғни Бурғұт ескерткіші көтерілген кезде алғаш рет түрік тілінде будда шығармасы (Нирвана Сутра) аударылған, бұл түріктер арасында буддизмді насихат тау мақсаты болған. Бұл шығарма согди алфавитінде жазылған. Ғалымдардың жорамалдауынша олар согди тілін тек жазбаға ғана қолданып қоймай, сонымен бірге өз тілін бекітуге де қолданған. Кейінірек бұл алфавит «ұйғыр» алфавиті деп аталды. Ұйғырлар бұл алфавитті ІХ ХV ғасырларға дейін қолданып келген. УІІ ғасырдың екінші жартысында түркі ортасында согди жазбасына сүйене отырып, бірнеше жаңа белгілер қосыла жаңа жазба пайда болды.
Ежелгі түрік жазбалары алғаш рет ХVІІІ ғасырдың жиырмасыншы жылдарында Енисей даласында бірінші Петрдың қызметіндегі неміс ғалымы Д. Мессершмидт пен онымен еріп жүрген шведтік қамаудағы офицер И. Страленберг арқылы табылды.
Олар жазбаны скандинавтық руни мәтіндерінің ұқсастығына байланысты рунилік деп атады.
1889 жылы орыс ғалымы Н. М. Ядренцев Солтүстік Монғолиядан, Орхон өзенінің жазығынан руни жазбаларымен үлкен тас тапқан. Бұл жазбаны шешіп оқыған дат ғалымы В. Томсен осы алфавиттің кілтін де таба білді, ал бұл жазбаларды қосып оқуды орыстың түрік тілін зерттеуші ғалымы В. В. Радлов ашты. Бұл жазбаларды шыққан жерлеріне сәйкес орхон енисейлік деп атады.
1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. «Білік». Алматы, 1999ж.
2. Б.Адамбаев.Халық даналығы. «Мектеп». Алматы, 1976ж.
3. М.Ғабдуллин. Казақ халық ауыз әдебиеті. «Мектеп». Алматы, 1958ж.
4. Қазақ фольклористикасы. «Мектеп». Алматы, 1972ж.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
1-тарау Жазба ескерткіштер
Жазба көздері ағаш тақтайшалар туралы хабардар етеді, бұл тақтайшаларда
қажетті адамдар, жылқы, салым, мал саны туралы белгілер көрсетілген . Түрік
Елшісі согдиялық Маннах Константинопольдегі Ю стин сарайына келгенде скиф
жазбасымен жазылған жолдау әкелген.
Алғашқы түрік қағанының бірі (572-581) Таспараның қорғанында сақталған
Бурғұт ескерткішіндегі жазбада қағанаттың алғашқы отыз жылындағы жаңалықтар
әңгімеленеді, әрі бұл согди жазбасының қағанатта көпшілікке түсінікті
болғанын, сол кездерде жоғары Түрік қоғамында көптеген білімдар адамдардың
болғандығының куәсі.
Сол жылдары, яғни Бурғұт ескерткіші көтерілген кезде алғаш рет түрік
тілінде будда шығармасы (Нирвана Сутра) аударылған, бұл түріктер арасында
буддизмді насихат тау мақсаты болған. Бұл шығарма согди алфавитінде
жазылған. Ғалымдардың жорамалдауынша олар согди тілін тек жазбаға ғана
қолданып қоймай, сонымен бірге өз тілін бекітуге де қолданған. Кейінірек
бұл алфавит ұйғыр алфавиті деп аталды. Ұйғырлар бұл алфавитті ІХ ХV
ғасырларға дейін қолданып келген. УІІ ғасырдың екінші жартысында түркі
ортасында согди жазбасына сүйене отырып, бірнеше жаңа белгілер қосыла жаңа
жазба пайда болды.
Ежелгі түрік жазбалары алғаш рет ХVІІІ ғасырдың жиырмасыншы жылдарында
Енисей даласында бірінші Петрдың қызметіндегі неміс ғалымы Д. Мессершмидт
пен онымен еріп жүрген шведтік қамаудағы офицер И. Страленберг арқылы
табылды.
Олар жазбаны скандинавтық руни мәтіндерінің ұқсастығына байланысты рунилік
деп атады.
1889 жылы орыс ғалымы Н. М. Ядренцев Солтүстік Монғолиядан, Орхон өзенінің
жазығынан руни жазбаларымен үлкен тас тапқан. Бұл жазбаны шешіп оқыған дат
ғалымы В. Томсен осы алфавиттің кілтін де таба білді, ал бұл жазбаларды
қосып оқуды орыстың түрік тілін зерттеуші ғалымы В. В. Радлов ашты. Бұл
жазбаларды шыққан жерлеріне сәйкес орхон енисейлік деп атады.
Руни жазба ескерткіштері Солтүстік Монғолия, Орта Азия, Қазақстан
жерлерінде табылған. Түрік қағанатындағы түркі тілдес халықтардың Монғолия
мен Енисейден табылған руни мәтіндері тек тарихи деректер ғана емес,
сонымен бірге бай әдеби мұра болып табылады.

Көптеген белгілі руни жазбалары Білге қағанның, оның бауыры Күлтегіннің (
732-735) және алғашқы қағандардың кеңесшісі болған Тонықақтың (716 )
құрметіне жазылған.
Қараханид дәуірінде кең байтақ Орта Азия мен бүгінгі Қазақстанның
өлкесіндегі түркі тілдес халықтардың әдеби тілінің қалыптасу процесі өз
шегіне жетті.
Қазақстанға мұсылмандықпен бірге араб жазбасы қоса енді. Осы дәуірде ежелгі
түркі тілінің бір диалекті саналатын қыпшақ тілінде білім алған әйгілі
ғалым энциклопедияшы Әбу Нәсір әл Фараби өмір сүрді. Әл Фараби керемет
пәлсапалық (философиялық) рубаилар, емле трактатын, көркем жазу, өлең
құрау, риторика туралы еңбектер жазды. Оның әйгілі Музыкалық(әуендік)
трактаты көптеген әлем тілдеріне аударылған. Фарабидің математикалық
еңбектерінен сәулет жобаларын құруға қажетті арифметикалық және
геометриялық есептер табылған. Бұл Орта және Таяу Шығыстағы сәулет өнерінің
негізі іспетті.
ӘЛ фараби шыққан түркі қыпшақ ортасынан көптеген керемет ақын жазушылар
ғалым тарихшылар тараған.
Махмұт Қашғаридің Диван лугат ат түрігі ХІ ғасырдағы халықтардың
мәдениеті жетістіктерінің айғағы. Бұл диванның мазмұны сол уақыттағы
филология ғылымының дәрежесі туралы пікір айтуға көмектеседі, сонымен бірге
ол көне орта ғасырлық түркі өмірінің энциклопедиясы, түркі тілдестердің
өмірінен хабар берер қайнар көз сияқты. Олардың тұрғылықты жерлерінің
жағрапиясын, тарихын зерттеуге қажет маңызды құжат.
Білімдар түркі ақын жазушыларының бірі Юсуф Баласасұнның Кутадгу Білігі
ХІ ғасырдың ғажайып туындыларының қатарына жатады. Бұл туынды тек этикалық
және моралистік трактат емес, сонымен бірге терең философиялық дидактикалық
шығарма. Шығарма 1069 жылы көнетүрік әдеби тілінде жазылып Қараханид
әулетінің атынан Боғраханға тарту етілген. Түркі тілдес халықтар тарихында
Ахмет Юнгнаки еңбектерінің алар орны өзгеше. Ол түркі әдебиетінде Ю.
Баласағұнның Кутадгу білігіненбасталған дидактикалық ағымның
жалғастырушысы.
Орта ғасырлық дәуірдегі оғыз қыпшақ әдебиетінің ең үздігінің бірі деп
Қорқыт ата кітабін атауға болады. Кітапта оғыздар м ен қыпшақтардың туған
жерлерін қорғаудағы ерен ерліктерін баяндалады.
Ақын, сопы, мұсылмандық оқу Хикметті насихаттаушы Қожа Ахмет Яссауидің де
диваны сақталған, бұның басқа түркі авторларынан ерекшелігі еңбегінің
көнетүркі тілінің қыпшақ оғыз диалектінде жазылуы. Ахмет Яссауи Мұхаммедтен
кейінгі әулие , ал оның Түркістан қаласындағы мешіт мавзолейі кіші Мекке
болып саналады.
Орта ғасырдағы жалпы түркілік әдеби ескерткіштердің бағалыларының бірі
ОғызнамеОның мазмұны оғыздар билік құрған кездегі аңызға сүйене жазылған.

Оғызнамені ңертедегі нұсқасының бірі Рашид Аддинде (УІІ І ғ. ),
кейініректегі және толық қолжазба нұсқасы тарихшы Әбілғазыда (ХУІІ ғ. )
сақталған. Қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов ( ХІХ ғ. ) және П. Пеллью мен В.
Бартольд Оғызнаменің соңғы нұсқасын қазақтарға жатқызады.
Қазақ әдебиетінің тарихына Қадырғали Жалаиридің Жамағат Тауарихы,
Мухаммад Хайдар Дулатидің Тарих и Рашиди шежірелерінің жинақтары үлкен
мән мағына береді.
Қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына және пайда болуына ең үлкен үлес
қосқан халық ауыз әдебиеті шығармашылығы. Ол жазба әдебиетінің пайда
болуына тек септігін ғана тигізіп қоймай, сонымен бірге өзінің сарқылмас
бай нәрімен сусындатып келеді.
ХV - ХVІІІ ғасырларда қазақ әдебиетінің поэзиясы ерекше өркендеп, шарықтау
шегіне жетті. Оның негізгі тақырыбы- қазақ хандығының құрылуы, қазақ
халқының сол кездегі басынан өткен тарихи оқиғалары. Оның басты
орындаушылары жыраулар, ақын -- айтыскерлер, жыршылар болды. Өз
шығармаларына олар орта ғасырдағы көшпенді жауынгерді, оның өмірге
көзқарасын, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арқау етті. Олар халықтар
мен тайпалардың шыққан тегін, әдет- ғұрпын, салт- дәстүрін, жөн- жоралғысын
жақсы білетін болған. Жыраулар қырғын соғыстарға, көптеген жорықтарға
қатысып, өз араларынан да қолбасшы, батырлар шығарған. Олар көбінесе тек
әдебиетпен ғана шұғылданып қоймай, сондай- ақ хан, сүлтандардың ақылшы-
кеңесшілері болып, қоғамның саяси өміріне белсене араласқан. Олардың көбі
қазақ халқының саясатына өз мұраларын тастап кеткен.
ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің жаңа дәуірі.
Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) қазақ халқының жалынды ақыны, ержүрек ,
қаһарман жауынгері. Ол қылышының , сөз өнерінің күшімен өз елінің рухын
көтеріп, оның бостандығы үшін күрескен. Жауынгер ақын өршіл мінезімен
ханның және патша билігінің қысымына шыдамай Бөекй ордасында болған
көтерілісті бастаған. Жалдаушы жандайшап қолынан мерт болған ақын
өлеңдерінен бостандық аңсаған азамат дауысын естиміз. Махамбет поэзиясы
қазақ әдебиетінде өзіндік із қалдырған.
Сөз өнерін қабылдауда қазақ тілінің өзіндік жазба дәстүрі бар, бірақ
жалпыұлттық әдеби тіл деңгейіне ХІХ ғасырда ұлы Абай (Ибрагим) Құнанбаев
(1845 – 1904 жж. ) арқылы көтерілді. )Ұлы ойшыл, керемет сөз шебері,
композитор, ағартушы Абайды өз заманының кемеңгері , қазақтың көрнекті
тұлғасы деп айтуға болады.
Он үш жасында араб, парсы, шағатай, орыс тілдерін меңгеруі Абайға Шығыстың
классикалық туындыларымен танысуына көп септігін тигізді. Оның Еуропа мен
Ресейдің философиялық ойлары мен әдебиетіне деген қызығушылығы , Абайдың
қайталанбас сөз шебері болуына көмектесті. Абай қазақ тіліне Пушкинді,
Лермонтовты, Крыловты, Гетені, Шиллерді , Байронды аударды.
Абай тек поэзияда ғана емес, сондай ақ музыкада да өшпес із қалдырды.
Абайдың Қара сөздері ақынның діни философиялық трактаты емес, бұл халық
даналығының тереңдігін, адамзат сүйіспеншілігін уағыздайтын проза. Абай
Құнанбаев қазақ халқының ұлттық мақтанышы. 1995 жылы ЮНЕСКО қазақтың ұлы
ақынының 150 жылдық мерей тойын атап өтті.
ХХ ғасырдың басы Қазақстан ғылымына, әдебиеті мен мәдениетіне орны толмас
өиян ала келді. Қазақтың бір озық ойлы, зиялылары, еліміздің ертеңі мен
болашағына сенім артқан абзал азаматтары социалистік қоғамның жаулары,
ұлтшыл деген жалған айыппен сталиндік режим қысымының құрбаны болды. Олар
С. Сейфуллин, Б. Майлин, А. Байтүрсынов, І. Жансүгіров, М. Дулатов, Ж.
Аймауытов, Ш. Құдайбердиев және т. б. жүзге жуық әдебиет, өнер, ғылым
саңлақтары еді.
М. О. Әуезов ( 1897-1961 ) кеңес кезеңіндегі белгілі жазушы, оқымысты-
ғалым, драматург, ол реалистік прозаның жоғары профессионалдық дәрежеге
жетуіне үлкен үлес қосқан. Оның қаламынан көптеген әңгіме, повестер,
пьесалар шыққан.
Абай жолы роман-эпопеясы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Біз кімбіз, қайдан шықтық, қайда барамыз?, - деген мәңгілік сұрақ ХХ
ғасырдың тоқсаныншы жылдарында келген қазақ әдебиетінің жаңа буын толқыны
алдында күні бүгінге дейін тұр. Асқар Сүлейменов, Олжас Сүлейменов, Мұрат
Әуезов, Едіге Түрсыновтар сияқты есімдердің ізбасарлары бола тұра, олар
рухани интелектуалдық дәстүрдің басқа ұстанымдарына назар аудартады. Бұл
буын ұлттық мәдениет қойнауынан шыққанменен өздерін шығыс және батыс
көркемдік дәстүрінде еркін сезінеді. Бұл т олқынға Ә. Қодар, М. Ақдәулетов,
Ұ. Есдәулетов, А. Әлімов, Т. Әбдікәкімов сынды ақындар, Ж. Шаштайұлы, С.
Асылбеков, А. Асқаров, М. Құлкенов, Д. Әшімбаев, К. Жиенбаев сияқты
прозашылар, әдебиеттанушы, сыншылар А. Ысмақова, Т. Шапаев, Қ. Жаңабаев, Ш.
Нұрпейісов, Е. Аманша және т. б. кіреді. Болашақта бұл есімдермен әлемдік
әдебиет пен мәдениет арасындағы диалогтың жаңа қырларын танырмыз деген
ойдамыз.
Ақын, жазушы, аудармашы, өнертанушы Әуезхан Қодардың шығармашылық және
қоғамдық жұмысын, азаматтық көзқарасын, әдеби журнал Тамырға жасаған ерен
еңбегін атап өту парыз. Бұл басылымның көздегені жаңа интеллектуалды және
көркем ұсыныстар мен аналитикалық сындарға сүйеніш болу.
Қазақ әдебиетінің басқа халықтар әдебиетімен арасындағы эстетикалық
байланысы, сол халық әдебиетінің көркемдік өміріне көз жіберуі, өзге
әдебиеттің озық тәжірибесін дұрыс түсінуі ғасырлар бойы қазақ поэзиясына
шығыстың классикасымен нәр беріп келеді.
Қазіргі уақытта әдеби шығармашылықпен айналысып жүрген В. Дергачев, Д.
Хегай, М. Отынышев, А. Төлебаев, С. Буяновтарды да атап өтуге болады.
Әдеби ортада өздерінің ақындық Superjigita тәжірибесімен Е. Жұмағұлов, Е.
Асқарбеков, Л. Калаус танымал болып жүр.

2-тарау Халық ауыз әдебиетінің ежелгі бастаулары және ауыз әдебиетінің
бала тәрбиелеудегі мәні
Халық ауыз әдебиетiнiң ежелгi бастаулары б.з.б. 3 — 1 ғ-лар аралығында
пайда болған “Алып Ер Тоңға”, “Шу батыр” дастандарында жатыр. Осынау
жазбалардағы оқиғалардың қазақ халқының арғы тарихымен тығыз байланыста
өрбiгендiгi соңғы уақыттардағы ғыл. iзденiстер барысында толық дәлелдендi.
Орхон-Енисей жазба ескерткiштерi ұлттық әдебиетке тiкелей қатысты үш түрлi
мәселенiң басын ашып бердi. Бiрiншiден, қазақ жазба әдебиетiнiң түп-тамыры
Түрiк қағандығы тұсынан басталатыны белгiлi болды. Екiншiден, өз дәуiрiнiң
кескiн-келбетiне сай дамыған мәдениетi мен өнерiнiң болғанын айғақтады.
Үшiншiден, жазба жәдiгерлер поэтик. қуатымен, тарихи шежiрелiк сипатымен
және ой тереңдiгi, мазмұн байлығы, көркемдiк қасиетi жағынан түркi
тайпаларында сөз өнерiнiң жоғары дәрежеге жеткенiн көрсеттi. Жазба
ескерткiштерiнде ауыз әдебиетi үлгiлерiнiң мол орын алуы, кейiн сопылық
поэзияда фольклорлық түрдiң қолданылуы — фольклорлық мұра қашан да жазба
әдебиеттiң қайнар көзi, өркен жаюына ықпал жасайтын үлкен арна болғанын
аңғартады. Халықты тарихи және рухани тiршiлiгiмен бiрге жасасып келе
жатқан қоғамдық құбылыс ретiнде фольклор ұлттың көркемдiк ой-көзқарасын,
эстет. талап-талғамын, танымдық түсiнiгiн қалыптастырумен қатар, түркi
әдебиетiне ғана тән әдеби дәстүр туғызды (қ. Ауыз әдебиетi). Түрiк
қағандығы құлағаннан кейiн түркi тiлдi тайпалардың мәдениетi, өнерi,
әдебиетi және тiлiнiң тарихи дамуы мен өркендеуiнiң негiзгi орталығы қазақ
даласы болды. Қазақстан мен Орта Азияда ислам дiнiн таратушылар түркi
тайпаларының арасында мұсылмандықты рухани байлықтың ықпалымен орнықтыруға
күш салды. Алайда арабтардың мәдени және әдеби мұрасы, рухани дүниетанымы
мен дамуы мүлде бөлек елдiң ғасырлар бойы жасаған дәстүрiн бұзып, не жойып
жiбере алмады. Керiсiнше, оны байытып, өркендеуiне ықпал жасады.

Соның iшiнде халық ауыз әдебиетiнiң тарихын Қазақ хандығының
құрылуымен ғана байланыстыру, жазба әдебиеттiң қалыптасуын Абайдан берi
ғана бастау секiлдi ұлттық әдебиеттiң өрiсiн тарылтатын қате тұжырымдар күн
тәртiбiнен алынып тасталды. Қазiргi қазақ әдебиетi жалпы әдебиеттiң түпкi
мақсаты — адам жанын терең түйсiну, оны көркемдiкпен шынайы-шыншыл бейнелеу
жолындағы қалыпты даму ырғағына түстi. Тұтастай алғанда қазiргi уақытта
қазақ әдебиетi — әлем әдебиетiнде өз орны бар, тарихы бай, жан-жақты
жетiлген дәстүрлi әдебиет болып қалыптасты.

19 ғасырдың 2-жартысынан бастап әр түрлi саяси оқиғаларға
байланысты қазақ жерiне аяқ басқан өзге ұлт өкiлдерi тұрақтап қала бастады.
Олар 20 ғ-дың алғашқы жартысынан қазақ елiндегi саяси-әлеум., мәдени
шараларға белсене араласып, өздерiн этник. топтар ретiнде көрсеттi.
Әсiресе, Қазақстанға орыстар көптеп қоныс аударды. Олардың арасында әдебиет
пен мәдениет өкiлдерi де болды. Қазақстан жазушылар одағы құрамында 1933
жылдан орыс әдебиетi секциясы жұмыс iстей бастады. И.Шуховтың “Қасiрет
белдеуi” (1931; қазақ тiлiнде 1972; ауд. О.Оспанов), “Өшпендiлiк” (алғашқы
ред. 1932; қазақ тiлiнде 1935; ауд. X.Есенжанов) сияқты романдары сол
кездегi кеңес әдебиетiнiң роман жанрындағы елеулi шығармалары болып
саналды. 2-дүниежүз. соғыс жылдары А.Бектiң “Волоколам тас жолы” повесiнде
(1943) Б.Момышұлының, И.Панфиловтың, т.б-дың ерлiк бейнелерi жасалды.
Соғыстан кейiн Шуховтың “Күн келбетi” (1950), В.Ванюшиннiң “Тiрек нүктесi”
(1952) повестерi жарияланды. Бұлар Қазақстандағы орыс жазушыларының
тақырыптық ауқымын кеңейттi. Н.Анов “Ән қанатында” романында (1959) 20
жылдардағы Қазақстанның әлеум.-тарихи жағдайын суреттедi. Онда ұлттық
өнердiң қалыптасуы мен дамуы көрсетiлiп, дарынды адамдардың (И.Байзақов,
Ә.Қашаубаев, Қ.Мұңайтпасов, А.В. Затаевич, т.б.). бейнелерi жасалды.
И.Щеголихиннiң “Қарлы бұрқасын” романы (1961), Г.Черноголовинаның
“Жаңбырсыз маусым” повесi мен “Тәуекел аймағы” романы (1981), т.б.
шығармалар жазылды. Г.Свиридовтың “Жанкештi сапар” романында (1976)
Ә.Жангелдин басқарған отрядтың шөл дала арқылы өткен ерлiк жорығы
баяндалады. Жангелдиннiң бейнесi М.Симашконың “Комиссар Жангелдин”
романында айқынырақ әрi жан-жақты жасалды, Дм. Снегин “Таңертең және
талтүс” дилогиясында (1976, 1982) тарихи тақырып ауқымын кеңейтiп, тарихи
тұлғалардың бейнелерiн сомдады, олардың iшiнде О.Жандосовтың бейнесi ерекше
орын алады. Симашконың Ы.Алтынсарин туралы “Қоңырау” (1982), орыс халқының
тарихы туралы “Семирамида” (1968) романдарын, Ф.Достоевский туралы П.
Косенконың “Өмiр үшiн өлiм” деректi повестер топтамасын (1986) оқушылар
жылы қабылдады. Снегиннiң I.Жансүгiров, И.Эренбург, А.Твардовский,
Вс.Иванов туралы “Қауышқан құшақ” әдеби естелiктерi (1988) жарияланды.
Поэзия саласында В. Антонов, А.Елков, Д.Рябуха, Л.Скалковский, Ф.Моргун,
В.Смирнов, М.Чистяков сияқты ақындардың жаңа толқыны келiп қосылды.
Республикада тұратын көптеген орыс жазушылары қазақ қаламгерлерiнiң
шығармаларын орыс тiлiне аударды. 1977 ж. Қазақстан Жазушылар одағында
корей әдебиетi секциясы ашылды. Корей жазушылары өз шығармаларында ежелгi
ұлттық әдебиет туындыларын бүгiнгi заман дәстүрiмен шебер ұштастырды.
Олардың көрнектi өкiлдерiнiң бiрi — жазушы, ақын Ким Дюн (1900 — 1980)
болды. Оның қазақтың батыр қызы Ә.Молдағұловаға арналған “Әлия” атты
поэмасы (1969 ж. корей тiлiнде), корей патриоттарының күресiн бейнелеуге
арналған “Жүз елу мың вонның iсi” романы жарық көрдi. 1937 жылдан берi
респ. корей театрында корей драматургтерiнiң жүзден астам пьесалары
қойылды. Сонымен қатар театр сахнасында қазақ жазушылары М.Әуезовтiң
“Қарагөз” және “Қобыланды”, Ғ.Мүсiреповтiң “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”,
О.Бодықовтың, Қ.Мұхамеджановтың, т.б. пьесалары корей тiлiнде қойылды.
Қазақстандағы корей жазушыларының шығармалары “Корей өлеңдерi” (1958),
“Дала қызғалдағы” (1973), “Сырдария әуендерi” (1975), “Күнбағыстар” (1982)
деген атпен ұжымдық жинақ болып шықты. Сондай-ақ, Ким Дюннiң жыр кiтаптары,
Ен Сенненнiң шығармалары, корей жазушыларының “Шаттық Отаны” (1988),
“Гүлден, дала” (1988), Хан Диннiң пьесалар жинақтары (1988) корей тiлiнде
жарық көрдi. Қазақстандағы немiс ақын-жазушылары да елеулi еңбек еттi.
“Фройндшафт” (1966 ж) газетiнiң шығуы, “Қазақстан” баспасында (Алматы)
немiс әдебиетi редакциясының құрылуы (1967 ж), Алматыдан немiс тiлiнде
радио хабар таратылуы (1958 ж.), сондай-ақ, Қарағандыда немiс тiлiнде
телевизиялық хабардың әуе толқынына шығуы, Темiртау қ-нда немiс театрының
ашылуы (1980) — осылардың бәрi Қазақстандағы немiс ұлты өкiлдерiне жасалған
қамқорлық болды. 50 — 60 жылдары Қазақстандағы немiс жазушыларының
шығармаларында поэзия жанры ерекше өркендедi. Р.Жакмьеннiң, К.Вельцтiң,
И.Варкентиннiң, Н.Ваккердiң, Г.Генкенiң, Д.Левеннiң, Р.Франктiң,
Э.Ульмердiң, Р.Лейстiң, Н.Ваккердiң, О.Пладерстiң, т.б. жыр жинақтары,
А.Реймгеннiң, В.Клейннiң, Д.Гольманның, А.Дебольскийдiң, Г.Бельгердiң,
К.Эрлихтiң, Г.Гольманның прозалық кiтаптары жарық көрдi. Қазақстанда ұйғыр
тiлiнде алғашқы газеттер, журналдар, альманахтар шықты, ұйғыр ақын-
жазушыларының шығармалары жарық көре бастады. 1932 ж. Қазақстан Жазушылар
одағы жанынан ұйғыр секциясы ұйымдастырылды. Бұл кезеңде И.Саттировтың,
И.Искандеровтың поэзиясы ерекше көзге түстi, драматургтер Ж.Асимов пен
А.Садировтың, К.Хасановтың пьесалары қойылды. Проза жанры жетекшi орын
алды. X.Абдуллиннiң З.Сәмәдидiң, Ж.Босақовтың, Т.Тоқтамовтың,
М.Зұлпықаровтың, А.Ашировтың, Н.Баратовтың, П.Сәбитованың) повестер
жинақтары жарық көрдi. И.Бахтияның, М.Хамраевтың, И.Бахниязовтың,
Р.Кадыридiң, А.Ғаниевтiң, М.Абдурахмановтың өлең-поэмалары жарық көрдi.
А.Құнанбаевтың “Өлеңдерi” (1987), С.Мұқановтың “Балуан Шолақ” (1987, ауд.
Қ. Тоқтамов). Ғ.Мүсiреповтiң “Кездеспей кеткен бiр бейне” (1987, ауд. З.
Сәмәди) шығармалары ұйғыр тiлiнде жарияланды. Республиканың тәуелсiздiгiмен
бiрге Қазақстандағы түрлi ұлт өкiлдерiнiң әдебиетi даму үстiнде. Көрнектi
ақын-жазушыларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетiлуде, Дм.Снегинге,
Г.Бельгерге, М.Симашкоға ҚР Президентiнiң Бейбiтшiлiк және рухани келiсiм
сыйлығы берiлдi.

Ел тағдырындағы батырлардың тарихи орнын бейнелеген, сомдаған өнер
туындыларын сөз еткенде біз ауыз әдебиетін, яғни халық мұрасын алдымен
атаймыз. Бұл мұралардың аса маңыздылығын, ел тағдырындағы тарихи мәнін
біздің аға буын, әдебиеттанушы ғалым- зерттеушілеріміз астын сыза айтып
кеткен. Мысалы, қазақ эпостану ғылымында батырлық жырлардың мазмұнына,
көркемдік сипатына қатысты алғашқы, құнды ғылыми ой-толғамдарға арна салған
маңызды зерттеулер, жинақтар жарық көре бастады. Осынау көркемдік құндылығы
аса жоғары халықтық мұраларымыздың ел арасынан, әртүрлі дерек көздерінен
жиналып, тұтастырылып, өңделіп, ғылыми тұрғыдан зерттелуі Ш.Уәлиханов,
В.Радлов, Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, Г.Потанин, И.Березин, И.Мелиоранский,
Н.Ильминский, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, М.Әуезов,
С.Мұқанов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров еңбектерінен бастау алып, кейінгі
кезеңдерде де осы үрдіс әдебиеттану ғылымының басқа да белгілі өкілдерінің
еңбектерінде жалғасын тапты. Бұл еңбектерде енді халық ауыз әдебиетінің,
оның ішінде батырлық жырларымыздың тарихи негіздеріне, осы жырлар өмірге
келген кезеңнің әлеуметтік-қоғамдық сипатына да тереңірек талдау жасала
бастады.
М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, М.Сильченко, Н.Смирнова,
Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, М.Ғабдуллин, Р.Бердібаев, С.Садырбаев,
С.Қасқабасов т.б. көрнекті қазақ әдебиеттанушы-ғалымдардың 60-70-жылдардағы
ғылыми-зерттеу еңбектері, оқулықтары мен оқу құралдары да аса бай халық
мұрасының әр алуан көркемдік қырларын талдауға арналды. Осы орайда әсіресе
эпостық жырларымыздың танымдық-тағылымдық маңызы, ондағы көркемдік тұрғыдан
жинақталған бас кейіпкерлердің образдық тұтастығы, тарихи оқиғалар мен
жырларда суреттелетін сюжеттік арналардың арасындағы сабақтастық,
поэтикалық құндылықтар, барлығы тарихи-салыстырмалы негізде сөз болады.

Осы орайда қазақ батырларының, яғни эпостың бас кейіпкерлерінің ел
тағдырындағы, ұлт тарихындағы орны мен миссиясы да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту
Оқыту үрдісінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың маңызы
Халық ауыз әдебиетінің оқытылу үрдісі
Қазақ халқының ауыз әдебиеті түрлері
Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ халқының көркем әрі шебер сөз туындысы
Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ
Орта мектепте қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың жаңа технологиялары
Ауыз әдебиетін үйрену мәселесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын халық ауыз әдебиет түрлері
Пәндер