Қылмыстық заңның қолдануы



МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Негізгі бөлім:

1. Қылмыстық заң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1 Қылмыстық заңның түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2Қылмыстық заңның жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Қылмыстық заң нормаларының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

2. Қылмыстық заңның қолдануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

2.1 Қылмыстық заңның кеңістегі күші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Қылмыстық заңның мезгілдегі күші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.3 Қылмыстық заңды түсіндіру және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... .24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кестелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Кіріспе

Қылмыстық заң тақырыбын курстық жұмыс ретінде таңдап алдым. Яғни, қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі қылмыстық заң туралы ілім болып табылады.
Курстық жұмысымның негізгі мақсаты- Қазақстан Республикасы аумағында қылмыстық заңдар мен өзге де нормативті құқықты сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматының саяси, әлеуметтік жеке құқықтары мен бостандықтарын толыққанды қамтамасыз етуге бағытталады, сонымен қоғам мен мемлекеттің мүддесін, азамат пен бейбітшілікті қорғау мақсатында қылмыспен күрес болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі- қылмыстық жауаптылықтың негізі мен принциптерін бекітетін, қоғамға қауіпті әрекеттердің қайсысы қылмыс болып табылатынын және оларды жасағаны үшін қандай жазалар қарастырылатынын анықтайтын, сонымен бірге қандай жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату мүмкін екендігін белгілейтін заң нормаларынан құрылған.
Тақырыптың маңыздылығы- жазалау қатерімен тиім салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін туғызатын қылмысты әрекетті істеуге тиім салу болып табылады.
Заң- заң шығаратын билік органы қабылдаған және өзінде құқықтық шараларды жинақтаған нормативті акт екені белгілі.
Қылмыстық заң өзге заңдардан құқық шамаларының мазмұнымен өзгеріс табады. Ол қылмыстық жауапкершіліктің негіздері мен қағидаларын анықтайды, қандай қоғамға қауіпті әрекеттер қылмыстар деп танылатындығын олардың жасалғанына қандай жазалар қарастырылғандығын белгілейді. Қылмыстық заң, сондай- ақ, қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатудың негіздерін реттейді.
Қылмыстық заң шығару бастапқы құқығы Қазақстан Республикасының Парламентінің депутаттарына, Республика Үкіметіне беріледі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады.
Қылмыстық заң Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінен тұрады. Яғни, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі барлық қылмыстық заңдардың жиынтығы болып табылады.
Жаңа қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүдделерін қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінде ескі кодекске қарағанда көптеген қылмыстық құқық түсініктердің, институттардың жаңа ұғымы берілген. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар оларды осы кодексті енгізілгеннен кейі ғана қолдануы тиіс. Қылмыстық заң уақыты және кеңістік бойынша әрекет ету барысында барлық субьектілерге бірдей талап қойылады.
Қылмыстық заң- Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық келісім болып табылады. Яғни қылмыстық заңға мына белгілер тән: 1.Қылмыстық заң мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарымен қабылданады.
2. Қылмыстық заңның жоғарғы заңдық күші бар.Яғни, а) бірде- бір органның бұл заңды өзгертүге немесе жоюға құқығы жоқ;
б) барлық өзге нормативті актілер заңға қайшы келмеуі тиіс;
в) өзге нормативті актілерге қайшы келген жағдайда қылмыстық заң артықшылықты иемденеді.
-Қылмыстық заң- оның нормативтілігі қылмыстық заң өзінің қолдану мерзімі ішінде адамдардың жалпыға міндетті мінез- құлқын тәртібін реттейді.
- Өзге заңдардан ерекшелігі тек қана қылмыстық құқық саласына жатады және қылмыстық құқықтың бірден бір жалғыз қайнар көзі болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Нормативті актілер:
1.1 Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы «Жеті Жарғы» 1995 жыл
1.2 Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі Алматы «Юрист» 2005 жыл
1.3 Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне түсініктеме Алматы «Дәнекер» 2000 жыл
1.4 ҚР 13.01.1993 жылғы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» заңы 15.07.1996, 22.12.1998 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен бірге
1.5 Қр 24.03.1998 жылғы «Қазақстан Республикасының нормативтік актілері туралы» заңы, 17.10.2001, 06.03.2002 жылғы өзгертулер мен толықтырулармен бірге
1.6 ҚР Президентінің «Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында саяси баспана беру туралы» 15.07.1996 жылғы жарлығы

2Негізгі әдебиеттер:
2.1 Бұғыбай Дина Б. Қылмыстық құқық.Жалпы бөлім. Лекциялар курсы Алматы 2003ж
2.2 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Оқулық үшінші баспа Алматы «Жеті Жарғы» 2001 ж
2.3 Планков К.Р. Уголовное право РК учебник Алматы «Дәнекер» 1999ж.
2.4 Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы Жалпы бөлім оқулық Алматы «Жеті Жарғы»2001ж
2.5 Наумов А.В Қылмыстық құқық Жалпы бөлім Астана «Фолиант» 2001ж
2.6 Ағыбаев А.Н Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімі Алматы «Жеті Жарғы» 2003ж.

3Қосымша әдебиеттер:
3.1 Абдухаримов С. Жастар жауаптылығы
«Дидар » газеті №1 2002ж, 8 қаңтар
3.2 Мемлекет және құқық негіздері оқулық құрастырушы Е. Баянов Алматы «Жеті Жарғы» 2001ж,
3.3 ҚР Қылмыстық атқару құқығы оқу құралы Астана «Фолис» 2001ж

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Негізгі бөлім:

1. Қылмыстық
заң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..5

1.1 Қылмыстық заңның
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2Қылмыстық заңның
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Қылмыстық заң нормаларының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

2. Қылмыстық заңның
қолдануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

2.1 Қылмыстық заңның кеңістегі
күші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Қылмыстық заңның мезгілдегі
күші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.3 Қылмыстық заңды түсіндіру және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... .24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .27

Кестелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Кіріспе

Қылмыстық заң тақырыбын курстық жұмыс ретінде таңдап алдым. Яғни,
қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі қылмыстық заң туралы ілім
болып табылады.
Курстық жұмысымның негізгі мақсаты- Қазақстан Республикасы аумағында
қылмыстық заңдар мен өзге де нормативті құқықты сақтау болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматының саяси, әлеуметтік жеке құқықтары мен
бостандықтарын толыққанды қамтамасыз етуге бағытталады, сонымен қоғам мен
мемлекеттің мүддесін, азамат пен бейбітшілікті қорғау мақсатында қылмыспен
күрес болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі- қылмыстық жауаптылықтың негізі мен принциптерін
бекітетін, қоғамға қауіпті әрекеттердің қайсысы қылмыс болып табылатынын
және оларды жасағаны үшін қандай жазалар қарастырылатынын анықтайтын,
сонымен бірге қандай жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан
босату мүмкін екендігін белгілейтін заң нормаларынан құрылған.
Тақырыптың маңыздылығы- жазалау қатерімен тиім салу арқылы адамның жеке
басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян
келтіру қаупін туғызатын қылмысты әрекетті істеуге тиім салу болып
табылады.
Заң- заң шығаратын билік органы қабылдаған және өзінде құқықтық шараларды
жинақтаған нормативті акт екені белгілі.
Қылмыстық заң өзге заңдардан құқық шамаларының мазмұнымен өзгеріс табады.
Ол қылмыстық жауапкершіліктің негіздері мен қағидаларын анықтайды, қандай
қоғамға қауіпті әрекеттер қылмыстар деп танылатындығын олардың жасалғанына
қандай жазалар қарастырылғандығын белгілейді. Қылмыстық заң, сондай- ақ,
қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатудың негіздерін реттейді.
Қылмыстық заң шығару бастапқы құқығы Қазақстан Республикасының
Парламентінің депутаттарына, Республика Үкіметіне беріледі және тек қана
Мәжілісте жүзеге асырылады.
Қылмыстық заң Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінен тұрады.
Яғни, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі барлық қылмыстық
заңдардың жиынтығы болып табылады.
Жаңа қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет
мүдделерін қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінде ескі
кодекске қарағанда көптеген қылмыстық құқық түсініктердің, институттардың
жаңа ұғымы берілген. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар оларды
осы кодексті енгізілгеннен кейі ғана қолдануы тиіс. Қылмыстық заң уақыты
және кеңістік бойынша әрекет ету барысында барлық субьектілерге бірдей
талап қойылады.
Қылмыстық заң- Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес
Республика Парламенті қабылдаған құқылық келісім болып табылады. Яғни
қылмыстық заңға мына белгілер тән: 1.Қылмыстық заң мемлекеттік биліктің
жоғарғы органдарымен қабылданады.
2. Қылмыстық заңның жоғарғы заңдық күші бар.Яғни, а) бірде- бір органның
бұл заңды өзгертүге немесе жоюға құқығы жоқ;
б) барлық өзге нормативті актілер заңға қайшы келмеуі тиіс;
в) өзге нормативті актілерге қайшы келген жағдайда қылмыстық заң
артықшылықты иемденеді.
-Қылмыстық заң- оның нормативтілігі қылмыстық заң өзінің қолдану мерзімі
ішінде адамдардың жалпыға міндетті мінез- құлқын тәртібін реттейді.
- Өзге заңдардан ерекшелігі тек қана қылмыстық құқық саласына жатады және
қылмыстық құқықтың бірден бір жалғыз қайнар көзі болып табылады.

1Қылмыстық заң

1.1Қылмыстық заңның түсінігі

Жалпы заң дегеніміз- құқықтық нормалардан құралған және заң шығарушы
орган қбылдаған нормативті акт. Ал қылмыстық құқық нормаларынан құралған
нормативті актілердің жүйесі қылмыстық заң деп аталады. Яғни, қылмыстық
құқықтың маңызды көрінісі және қылмыстық құқықтың бірден бір қайнар көзі
болып қылмыстық заң табылады.
Қылмыстық заң- қылмыстық жауаптылықтың негізі мен принциптерін бекітетін,
қоғамға қауіпті әрекеттердің қайсысы қылмыс болып табылатындығын және
оларды жасағаны үшін қандай жазалар қарастырылатынын анықтайтын, сонымен
бірге қандай жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату
мүмкін екендігін белгілейтін заңдық нормалардан құралған мемлекеттік
биліктің өкілетт органы қабылдаған нормативті акт. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 61- бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару, оның ішінде
қылмыстық заң шығару бастамасы құқығы Қазақстан Республикасы Парламентінің
депутаттарына, Республика Үкіметіне беріледі және тек қана Мәжілісте жүзеге
асырылады. Осы ережені басшылыққа алып ҚР парламенті 1997 жылдың 16
шілдесінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексін қабылдап[1], ол
1998 жылдың 1 қаңтарында заңды күшіне енді.
Осы қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 1- бабының
1- бөлігінде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Заңдары тек қана осы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінен тұрады.Қылмыстық
жауаптылықты көздейтін өзге заңдар оларды осы кодексті енгігеннен кейін
ғана қолдануы тиіс деп айтылған. Яғни, Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексі барлық қылмыстық заңдардың жиынтығы болып табылады.
Қылмыстық заңға мына белгілер тән:
- Қылмыстық заң (ҚР Конституциясымен ретттелген тәртіп бойынша)
мемлекетттік биліктің жоғарғы органдарымен қабылданады (заңды қабылдау
процедурасы).
- Қылмыстық заңның жоғарғы заңдық күші бар. Яғни,
а) бірде бір органның бұл заңды өзгертуге немесе жоюға құқығы жоқ;
б) барлық өзге нормативтік актілер заңа қайшы келмеуі тиіс;
в) өзге нормативтік актлерге қайшы келген жағдайда қылмыстық заң
артықшылықты иемденеді.
- Қылмыстық заңның келесі белгісі- оның нормативтілігі. Қылмыстық заң
өзінің қолдану мерзімі ішінде адамдардың жалпыға міндетті мінез-құлқын,
тәртібін реттейді.
- Өзге заңдардан ерекшелігі қылмыстық заң тек қана қылмыстық құқық
саласына жатады және қылмыстық құқықтың бірден бір жалғыз қайнар көзі болып
табылады. Қылмыстық құқық теориясында осы құық саласының қайнар көзін екіге
бөледі: формальды және материалды. Қылмыстық құқықтың формальды жне жалғыз
қайнар көзі болып қылмыстық заң табылса, материалдық қайнар көздеріне
мемлекеттік билікті, ҚР Конституциясын, жалпыға белгілі халықаралық
құқықтың нормалары мен принциптерін жатқызады.
Қылмыстық заңның міндеттері қылмыстық құқықтың міндеттері сияқты өз
дамуының түрлі сатыларында қоғам мен мемлекет алдында тұрған әлеуметтік-
экономикалық мәселелерден шығып қалыптасады. Бұл міндеттер көбінесе
қылмыстылықтың жағдайы мен деңгейіне, елдегі заңдылық пен құқықтық
тәртіптің қамтамасыз етілуі қажеттіліктеріне байланысты туындайды.
ҚР ҚК-нің 2- бабының 1- бөлігінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық
Кодексінің міндеттері көрсетілген.
Қылмыстық құқықтың құқықтық қорғаудың басымдықтары халықаралық тәжрибе
және адам, оның өмірі мен днсаулығын, ар- намысы, қадір- қасиетін, қол
сұғылмаушылығы мен қауіпсіздгін- жоғарғы әлеуметтік құндылық деп танитын
Конституцияға негізделген. қылмыстық- құқықтық қорғаудың бұрынғы
басылдымдықтары ең алдымен мемлекеттің, қоғамдық мүдденің, содан кейін жеке
адам, оның мүдделерін қорғаудан шыққан еді.
Қылмыстық заңның міндеттері оны қалыптастыру кезеңінде немесе
мемлекеттің қылмыстық саясаты өзгерген кезде нақтыланып, толықтырылуы
мүмкін, мемлекеттің қылмыстық саясатының негізгі мазмұны қылмыстық заңды
қолдану міндеттерін анықтау және заңды қылмыстылықтың деңгейі мен жағдайына
сәйкестендіруімен түсіндіріледі.
Осылайша, қылмыстық заң алдына екі үлкен міндет қояды:
Бірінші міндет- адамды, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін, сонымен бірге
азамат пен бейбітшілікті қорғау мақсатында қылмыстылық пен қылмыстық –
құқытық күрес жүргізу.
Екінші міндет қылмыстардың алдын алу. Ол жалпы және жеке (арнайы) алдын
алуды қамтиді.
Бұл айтылған міндеттерді шешу үшін қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықтың
негізі мен принциптерін анықтап, жеке адам, қоғам нмесе мемлекет үшін
қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатындығын айқындайды, оларды
жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық- құқықтық ықпал ету шараларын
белгілейді.
Қылмыстық заң жаза мен қорқыту арқылы белгілі бір қылмыстық әрекетті
(әрекетсіздікті) жасауға тиім салады. Сонымен бірге ол тиісті органдар мен
лауазымды адамдарға жасалған әрекетте қылмыс құрамының белгілері бар болған
жағдайда кінәлілерді қылмыстық жауаптылыққа тарту қажеттілігін немесе
керісінше, оларды қылмыстық жауптылықтан босатуға, заңды негіздер болған
жағдайда, оларды қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату туралы
ережені бекітеді. Яғни, нақты әрекет үшін жауаптылықты қарастыратын
қылмыстық құқықтық нормалар тиім салушы нормалар болып табылады және олар
тәрбиелік және ескертушілік мағынаға ие болады.
Қылмыстық жауаптылық туралы заң белгілі бір міндеттерді орындай отырып
өзінің функцияларын жүзеге асырады.
Негізгі функциясы болып қорғаушылық функциясы табылады. Қорғаушылық
функция қол сұғушылық жасау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын
объектілерді қорғауға бағытталған. Қорғаушылық функциямен қатар қылмыстық
заң реттеушілік функцияны атқарады. Яғни, белгілі бір мінез- құлық
ережелерін бекіте отырып қылмыс пен жазаға байланысты туындайтын
қатынастарды реттеп отырады.
Қылмыстық заң сонымен бірге ескертушілік функцияны жүзеге асырады.
Қылмыстық заңдарды шығару және оларды бұқаралық ақпарат құралдары,
насихаттаудың өзге құықтың нысандары арқылы көпшілік халыққа жеткізу
азаматтардың құқықтық санасына елеулі ықпал етеді. Халық осылайша қандай
әрекеттерді заң шығарушы жеке адам, қоғам мен мемлекет үшін қауіпті және
зиянды деп санайтындығын түсіне алады. Ескертушілік функция моральдік
жағынан тұрақсыз адамдарды қылмыс жасаудан жаза мен қорқыту арқылы ұстап
тұру рөлінен де көрінеді, қылмыстық заңның тәрбиелік осы ескертушілік
функциясымен тығыз байланысты.
Қылмыстық заңды шығару және оны практикада қолдану азаматтардың өз
мемлекетінің заңын құрметтеуге, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерінің
қорғалуына сенімділікке, қылмыс жасағандардың қылмыстық жауаптылықтан
құтылмайтындығына сенуге тәрбиелейді.

1.2Қылмыстық заңның жүйесі

Қылмыстық заңды қолдану ең алдымен оның құрылымын білуден басталады.
Қылмыстық заңның құрылымы деп белгілі бір техникалық ережелерге бағынған
заң шығарушының еркін білдіру формасын түсіну қажет. Қылмыстық заңның
мазмұны мен мағынасын дұрыс түсіну оны құрайтын элементтердің қызметтік
рөлін және өзара байланысын нақты және анық білу арқылы мүмкін болады.
ҚР қылмыстық заңы, яғни қылмыстық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден
тұрады.
ҚР ҚК- нің Жалпы бөлімі әр біреуі бірнеше баптарды қамтыған жеті бөлімнен
тұрады. Жалпы бөлімде ҚР Қылмыстық кодексінің міндеттері мен принциптері,
қылмыс және оның санаттары, қылмыстық жауаптылықтың негізі, аяқталмаған
қылмыс, қылмысқа қатысу, әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар, жазаның
түсінігі мен мақсаттары, жазаның түрлері, жаза тағайындаудың жалпы
негіздері және қылмыстылық пен қылмыстық құқықтық күресудің өзге де жалпы
ережелері анықталады.
ҚР Қылмыстық кодексінің Жалпы бөлімінің көптеген нормалары позитивті,
яғни реттеуші сипатты иемденеді. Өйткені, оларды қолдану белгілі бір нақты
қылмыстың түрімен ұштаспайды. Сонымен бірге ҚК Жалпы бөлімінде мәжбүрлеу
сипатын иемденетін құқық қолдану нормалары да бар. Мысалы, ҚР ҚК- тьің 40-
бабының 4- бөлігінде айыппұлды төлеуден әдейі жалтарған жағдайда түзеу
жұмыстарына, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе қамау жазалрымен
ауыстырылатыны қарастырылған.
Жоғарыда аталған позитивті номаларды шартты түрде мына түрлерге бөледі:
1. Декларативті, қылмыстық заңның міндеттерін бекітетін нормалар(ҚК-нің 2-
бабы)
2. Анықтаушы, қылмыстық заңның жекелеген институттарына, ұғымдарына
анықтама беретін нормалар(ҚК-нің 9,27,38- бабтары)
3. Марапаттаушы, белгілі бір тәртіппен жеңілдік қарастыратын нормалар (ҚК-
нің 63-бабы шартты түрде соттау;55-бабы белгілі бір қылмыс үшін
көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза қолдану)
4. Рұқсат етуші, белгілі бір әрекет жасауға құқықты беретін нормалар (ҚК-
нің 32-бабы- қажетті қорғану қол сұғушылық адамды ұстау кезінде зиян
келтіру)
5. Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатушы нормалар (ҚК-нің 67-бабы
жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; ҚК-
нің 73-бабы ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату)
ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі қол сұғушылықтың объектісіне
байланысты тараулрға біріктірілген қылмыстардың түпкілікті тізімі берілген
және әрбір қылымыс үшін жазаның түрі мен мөлшері көрсетілген он алты
тараудан тұрады.Яғни, ҚК- Ерекше бөлімінің баптары Жалпы бөлімнің
ережелеріне сәйкес анықталатын жекелеген қылмыс түрлері үшін жауаптылықты
қарастырады.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде заң шығарушы қылмыстың және оны
жасаушылардың қоғамға қауіптілік сипатын ескері бірқатар нормааларды
бөліктерге, ал бөліктерді тармақтарға бөлген. Мысалы, Қылмыстық кодекстің
96-бабының екінші бөлігі бар, ал екінші бөлігі тармақтарды қамтиді.
Мемлекеттегі құқықтық реформалардың өзгеріп отыруы нәтижесінде қылмыстық
заңға және жаңа заң шығарушылық ережелері енгізіліп отырады. Қылмыстық
кодекстің жүйесін сақтау және құқық қорғау, статистикалық ғылыми
зерттеулердің болашақ жұмысын қамтамасыз ету үшін Жалпы және Ерекше
бөлімдердің баптарына қосымша нөмірлеу реті мен өзгерістер мен толықтырулар
жасауы да қарастырылған.

1.3Қылмыстық заң нормаларының құрылымы
Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімдері баптарға бөлінген.
Сондықтан іс жүргізу құжаттарында тек баптың өзін ғана емес, сонымен қатар
оның бөліктерін де ескеру қажет.
Құқықтық норманың құрылымы мынандай үш түрлі элементтен тұрады: гипотеза,
диспозиция және санкциядан тұрады. Қылмыстық заңды осы құрылымның қандай
түрде және шекте көрінетін анықтау үшін олардың әрбіреуінің ерекшеліктерін
қарастыру керек.
Гипотеза деп белгілі бір мінез-құлық ережелрін қолданудың жағдайларын
анықтайтын құқық нормаларының ережелерін түсіну қажет. Алайда, қылмыстық
құқық теориясында көптеген авторлар қылмыстық құқықтық нормадағы
гипотезаның рөлін оның диспозициясы орындайды деп тұжырымдайды. Қылмыстық
заңда гипотеза Жалпы бөлімге қатысты. Яғни, құқық нормалары қолданатын
гипотезаны, қылмыстық заңда жалпы бөлім баптары іске асырады. Мысалы,
белгілі бір адам заңда көрсетілген жасқа толып, қылмысты қасақана немесе
абайсыздықпен жасаса және қылмыс жасаған сәтінде жауаптылыққа қабілетті
болып танылса, қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.
Ерекше блім нормаларында баптар, диспозициядан және санкциядан тұрады.
Осы құрылым ішінде басты орынды диспозиция алады.
Диспозиция қылмыстық әрекетті және оның құралдарын анықтаушы және қылмыс
белгілерін суреттеуші қылмыстық құқықтық нормаларының бір бөлігі. Басқаша
айтқанда, диспозиция санкцияны қолдану мүмкіндігі туралы алғышартты
қамтиді. ҚК-нің Ерекше бөлімінде диспозициялардың мына түрлері көрсетіледі:
жай, сипаттамалы, сілтемелі, бланкетті.
Жай диспозицияда қылмыстың аты ғана анықталады. Онда қылмысты сипаттайтын
белгілер көрсетілмейді. Мысалы, ҚК 317- бабының диспозициясы Қазақстан
Республикасының мемлекеттік туын мемлекеттік ел таңбасын немесе гимнің
қорлау. Мындай жай диспозициялар қылмыстық әрекеттің белгілерін ашып,
көрсетпегеннің өзінде оның мазмұны жеткілікті түрде түсінікті болған
жағдайларда қолданылады.
Сипаттамалы диспозиция жасалған әрекетті қылмыс ретінде анықтайтын
бірқатар белгілерді қамтитін диспозицияның түрі. Сипаттамалы диспозиция
қылмыстың барлық белгілерін заңның өзінде нақтылап ашып көрсетеді. Мысалы,
ҚК 160- бабындағы Геноцит қылмысының диспозициясында Геноцит, яғни
ұлттық, этникалық, нәсілдік діни топты, осы топтың мүшелерін өлтіру олардың
денсаулығына ауыр зардап келтіру бала тууға күшпен бөгет жасау балаларды
мәжбүрлеп біреуге беру, күштеп көшіру не осы топтың мүшелерін қырып жоюға
есептелген өзге де тіршілік жағдайларын туғызу арқылы толық немесе ішінара
жоюға бағытталған қасақана әрекеттер деп қылмыстық белгілерін сипаттайды.
ҚР Қылмыстық кодексінің көптеген баптарының диспозициясы сипатталады,
өйткені қылмыстық заңдағы сөздің мағынасы нақты бір қылмыс үшін жауаптылық
негізін анықтауда ерекше маңызды болып табылады.
Сондықтан да, жай диспозицияға қарағанда қылмыстың құрамын анықтайтын
сипаттамалы диспозицияның артықшылығында дау жоқ.
Сілтемелі диспозиция белгілі бір қылмыстың белгілерін анықтау үшін
қылмыстық кодекстің басқа тиісті бабында бабының бөлігіне немесе тармағына
сілтейтін диспозицияның түрі. Мысалы: ҚК 106- бабы ұрып-соғу қылмысының
диспозициясы тән ауруын келтірген, бірақ осы кодекстің 105 –бабында
көзделген зардаптарға әкеп соқпаған ұрып- соғу немесе өзге күш қолдану
әрекеттерін жасау. Мұнда ұрып- соғу қылмысы зардабының мөлшерін анықтау
үшін заң шығарушы ҚК 105- бабына сілтеме жасайды. Негізінен сілтемелі
диспозициялар заңда қайталауларды болдырмау мақсатында қолданылады.
Бланкетті диспозиция- нақты бір қылмыстың белгілерін анықтау үшін ол
қылмысқа тиісті түсінікті беретін басқа заңдарға немесе нормативті
актілерге сілтеме жасайтын диспозициның түрі. Мұндай диспозициялар ҚР ҚК-
нің экологиялық, экономикалық, транспорттық қылмыстар үшін жауаптылықты
қарастыратын тарауларында жиі кездеседі. Мысалы, ҚК- нің 28- бабы
Ветеринарлық ережелердің немесе өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне
қарсы күресу үшін белгіленген ережелерді бұзу әрекеті үшін қылмыстық
жауаптылықты қарастырады. Бұл бапты қолдану үшін ветеринарлы ережелерді
реттейтін нормативті актіге жүгіну қажет. Егер осы секілді бланкетті
нормаларды ҚК өзінде тізіп көрсете берсе Кодекс баптарының көлемі тым
ұлғайып, оны пайдалану қиындық тудырады.
Қылмыстық құқық нормаларының үшінші элементі- санкция. Бұл құқық теорисы
бойынша, санкция- тиісті мемлекеттік органның құқық нормаларының талаптарын
бұзған адамға қолданылатын мәжбүрлеу шаралары. Қылмыстық құқық нормалар
санкциясы деп диспозицидағы қылмыс үшін қолданылатын жазаның түрі мен
мөлшерін көрсететін элементін түсіну қажет. Санкция белгілі бір ерекше
бөлім бабының ажырамас бөлігі. Диспозиция мен санкция арасындағы байланысты
қылмыс пен жаза арасындағы тәуелсіздіктің көрінісі деп атауға болады.
Санкцияның мәні ең алдымен оның құқық нормаларының талаптарын орындауды
қамтамасыз ету қабілеттілігімен түсіндіріледі.
ҚР Қылмыстық кодексінде санкцияның үш түрі көрсетілген:
1) Салыстырмалы- анықталған санкция, жазаның нақты түрі мен мөлшерін
көрсететін немесе жазаның бір шегін белгілейтін түрі. Санкцияның бұл түрі
екі нысанда кездеседі. Біріншісінде, жазаның төменгі және жоғарғы шегі
көрсетіледі. Мысалы ҚК-нің 96- бабының 1- бөлігінің санкциясында алты
жылдан он бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыруға жазаланады
делінген.
Екіншісінде, жазаның тек ең жоғарғы шегін көрсететін санкция. Мысалы, ҚК
98-бабының 2-бөлігінің санкциясында бес жлға дейінгі бас бостандығын
айыруға жазаланады делінген. Мұндай жағдайларда жазаның төменгі шегі ҚК
Жалпы бөлімінде қарастырылған бас бостандығынан айырудың төменгі мерзімімен
анықталады. ҚР ҚК 48-бабының 3- бөліміне сәйкес бас бостандығынан айыру
жазасының төменгі шегі- алты ай.
2) Баламалы санкция екі не одан да көп жазаның түрін көрсететін санкция.
Мысалы, ҚК 130-бабы Қорлау қылмысы үшін айыппұл, қоғамдық жұмыстарға
тарту немесе түзеу жұмыстары түріндегі жазалары қарастырыған. Сот жаза
тағайынду кезінде қылмыстың және қылмыскердің қоғамға қауіптілік дәрежесі
мен сипатына байланысты осы жазалардың тиімдісін таңдап алады. ҚР Қылмыстық
Кодексі Ерекше бөлімінің баптарындағы санкциялардың басым көпшілігі
баламалы санкциялар құрайды.

2.Қылмыстық заңның қолданылуы

2.1Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші
Қылмыстық заңның күші белгілі бір аумақ бойынша шектелген. Осыған
байланысты оның күші тарайтын белгілі бір кеңістіктің анықталуы қатаң
мқсатты сипатқа ие. Бұның мәні біріншіден, Қылмыстық кодекстің қылмыстан
қорғау және сақтандыру сияқты негізгі міндеттерінің орындалуымен
байланысты; екіншіден, қылмыстық заңның кеңістіктегі күші мәселесінің
заңдылық, азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі немесе қылмыстық
жауаптылық пен жазадант құтылмайтындық сияқты қылмыстық құқық
қағидаттарының іске асырылу міндеттерімен анықталғанында; үшішіден, бұл
мәселелерді шешуге әсер ететін халықаралық құқық нормаларының және тиісті
конвенциялардың болғандығында. Мұнда мемлекеттік шекара, сол сияқты
азаматтықтың түсінігін беретін конституциялық құқықтың нормалары да елеулі
рөл атқарады. Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші жөніндегі нормаларда
жүйелі түрде мынадай екі қағидат: аумақтық және азаматтық қағидаттар жүзеге
асырылады.
ҚК-тің 6- бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс
жасаған адам ҚР ҚК бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан
Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заңның 1-бабына сәйкес,
Республика аумағының шегін құрғақ құрлық, су, жер қойнауы және әуе
кеңістігі шегін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша өтетін беткі қабат
құрайды[2]. Мемлекеттік шекара Қазақстан Республикасының Парламентімен
бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен
анықталады.
Мемлекеттік шекара былай белгіленеді:
құрғақ аумаққа –жер бедерінің сипатты нүктелері және сызықтары жатады;
су аумағына –Қазақстан Республикасының ішкі суларынан басқа, аумақтық
теңіз жағалауындағы теңіз суларының кеңістігі жатады;
әуе кеңістігі аумағына – Қазақстан Республикасының құрлық жәненемесе
су аумағы үстіндегі аспан кеңістіктері жатады.
Каспий теңізіндегі ішкі су аумақтарына жататын акватория Қазақстан
Республикасының халықаралық келісімдерімен анықталады.
Қылмыстық заң Республикамыздың құрлықтық шельфінде және ерекше
экономикалық аймағында жасалған қылмыстарға да қолданылады (ҚК-тің 6-
бабының екінші бөлігі).
Шельф- аумаққа тиесілі судың астыңғы (200 м және одан да терең ) және
үстіңгі кеңістігі болып табылады.
Қойнау(жер қойнауы) - шаруашылық және басқа да қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін пайданылатын құрлыұ және су аумағындағы кеңістік –
табиғи ортаның бір бөлігі (жер қойнауының атыңғы және үтіңгі қабатындағы
пайдалы қазбалар,өнімдер)
ҚК- тің 6- бабының үшінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы портына
тіркелген, Қазақстан Республикасы шегінен тыс ашық су немесе әуе
кеңістігінде жүрген кемеде қылмыс жасаған адам, егер Қазақстан
Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе ҚР ҚК бойынша
қылмыстық жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының әскери кораблінде
немесе қылмыс жасаған адам да оның қай жерде болуына қарамастан ҚР ҚК
бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
Дипломатиялық өкілдермен иммунитетті пайдаланатын өзге де азаматтармен
қатынасқа түскен сәттен бастап қылмыстық заң, аумақтық қағидаттарға сүйеніп
және соған сәйкес асырыла бастайды.
ҚК- тің 6-бабының төртінші бөлігінде шет мемлекеттердің дипломатиялық
өкілдерінің және иммунитетті пайдаланатын өзге де азаматтардың қылмыстық
жауаптылығы туралы мәселе осы адамдар Қазақстан Республикасының аумағында
қылмыс жасаған жағдайда халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі
делінген.
Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері мен қызметкерлеріне берілген
құқықтар мен артықшылықтардың жиынтығы- дипломатиялық иммунитет деп
аталады.
Дипломатиялық иммунитет мәселелерін реттейтін халықаралық құқықтың
нормалары 1961 жылғы дипломатиялық қатынатар туралы Вена Конвенциясында
кодификацияланып, бекітілген.
Шет мемлекет өкілдерінің иммунитеті – дипломатиялық өкілдердің тұрғын-
жайларына қол сұғылмаушылықты белгілейді. Дипломатиялық өкілдерінің
келісімінсіз олардың тұрғын- жайларына мемлекет тарапынан кіруге болмайды.
Шет мемлекеттің Қазақстан Республикасы аумағында дипломатиялық
иммунитетке ие болған дипломатиялық өкілдері жеке басына қол
сұғылмаушылықты қолдана алады, яғни өкілдіктің басшысын қамауға немесе
ұстауға, оны сот тәртібімен қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
Дипломатиялық және консулдар өкілдіктері туралы ережеге сәйкес жеке
басына қол сұғылмайтындығы иммунитетін елші, өкіл, сенімді өкіл, сауда
өкілі және оның орынбасары, әскери, әскери-теңіз, әскери-әуе атташелері
және олардың көмекшілері; бірінші, екінші және үшінші хатшылар, архивариус
– хатшылар пайдаланады.Жеке басына қол сұғылмаушылық және қылмыстық
жауаптылық иммунитеті құқығын олардың өздерімен тұратын Қазақстан
Республикасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Соттың қорғау құқығын конституциялық құқық ретінде қарастыру
Жазаны жеңілдетудің тәсілдері
ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖӘНЕ АУЫРЛАТАТЫН МӘН - ЖАЙЛАР
Қылмыстық жауаптылық
Атыс қаруын, арнайы құралдарды және күш қолдану жағдайларының нормативтік-құқықтық реттелімі
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ МЕН ӘРЕКЕТ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қылмыстық заңның түсінігі мен мақсаты
ТЕРГЕУ СУДЬЯСЫНЫҢ СОТ ҚАУЛЫСЫНА ШАҒЫМДАНУ
Қылмыстық жазаны жұмсарту немесе жазасын өтеуден босату
Жаза жүйесі
Пәндер