Ежелгі үнді философиясы. Жайнизм және буддизм



I. Кіріспе
II. Ежелгі Үнді Философиясы
а) Жайнизм
б) Буддизм
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Қазіргі Үнді және Пакистан жерінде дүние жүзіндегі ең көне өркениеттің түрі қалыптасқан. Мұнда б.д.д. III мыңдық аралықта мәдениеттің түрлі тармақтары көрініс тапқан. Көне Үнді мәдениеті өркениеттің Харап және Кушано-Гуптың кезеңдерін қамтиды. Осы өңірдегі негізгі көшпенді тайпалар-арийлар б.д.д. II-I мыңыншы жылы екі рет қоныс аударған. Олардың соңғы рет Пенджабе өлкесінен Ганга өзенінің бойына көшіп қонуы Үнді мәдениетіне үлкен толқын ендірді. Зәулім сарайлар мен сәнді храмдар салынды, үй жиһаздары түрлі түс пен өрнекке безендірілді, ән мен билердің түрі көбейді. Б.д.д. I мыңыншы жылдары көптеген қалалар мен мемлекеттер қалыптасады. Осы кезде табыну, қарғау, рәсім салт әндері мен гимндарының жинақтары біртіндеп жарық көреді. Сырттан келген шапқыншылықтар қаншалықты жиі және қауіпті болса да, ондай қысымдар үнді шарушылығын, мәдениетін, дінін, өнерін жоя алмады,қайта оған араласып, сіңсіп жатты.
Осы көне дәуірдің ескерткештері көптеген соғыстардан – парсы патшасы Дария 1-ң, Александр Македонскийдің, гундардың және т.б. шапқыншылығынан аман қалып, бүгінгі ұрпақтарға жеткен. Бүгінгі ұрпақтардың сол көне дәуірдің көптеген ескерткіштері мен мұраларын тамашалауға мүмкіндігі бар.
Көне болса да, үнді мәдениеті ғасырлар бойы өзінің жалпы сипатын, сабақтастығын және өзіндік ерекшелігін сақтап қалды. Ол дегеніміз үнді мәдениеті тарихи кеңістікте тұйық күйде қалмаған. Үнді мәдениеті өзге, көршілес елдердің мәдениетімен әрдайым байланыста болды. Сол байланыста үнді мемлекеттері бірде күшейіп, бірде әлсіреп, ыдырап жатса да, үнді мәдениеті өзіндік ерекшелік пен сабақтастықты сақтап қалған.
Оған үнді халқының рухани мәдениеті, діни философиялық мұрасы, салт дәстүрлері шешуші рөл атқарды.
1. Молдабеков Ж., Қасабек А. Шығыс философиясы - Алматы, 2001
2. Ж. Алтай, А.Қасабек «Философиялық тарихы».
3. Ғ.Есим «Философия тарихы».

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе

II. Ежелгі Үнді Философиясы

а) Жайнизм

б) Буддизм

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Қазіргі Үнді және Пакистан жерінде дүние жүзіндегі ең көне өркениеттің
түрі қалыптасқан. Мұнда б.д.д. III мыңдық аралықта мәдениеттің түрлі
тармақтары көрініс тапқан. Көне Үнді мәдениеті өркениеттің Харап және
Кушано-Гуптың кезеңдерін қамтиды. Осы өңірдегі негізгі көшпенді тайпалар-
арийлар б.д.д. II-I мыңыншы жылы екі рет қоныс аударған. Олардың соңғы рет
Пенджабе өлкесінен Ганга өзенінің бойына көшіп қонуы Үнді мәдениетіне үлкен
толқын ендірді. Зәулім сарайлар мен сәнді храмдар салынды, үй жиһаздары
түрлі түс пен өрнекке безендірілді, ән мен билердің түрі көбейді. Б.д.д. I
мыңыншы жылдары көптеген қалалар мен мемлекеттер қалыптасады. Осы кезде
табыну, қарғау, рәсім салт әндері мен гимндарының жинақтары біртіндеп жарық
көреді. Сырттан келген шапқыншылықтар қаншалықты жиі және қауіпті болса да,
ондай қысымдар үнді шарушылығын, мәдениетін, дінін, өнерін жоя алмады,қайта
оған араласып, сіңсіп жатты.
Осы көне дәуірдің ескерткештері көптеген соғыстардан – парсы патшасы
Дария 1-ң, Александр Македонскийдің, гундардың және т.б. шапқыншылығынан
аман қалып, бүгінгі ұрпақтарға жеткен. Бүгінгі ұрпақтардың сол көне
дәуірдің көптеген ескерткіштері мен мұраларын тамашалауға мүмкіндігі бар.
Көне болса да, үнді мәдениеті ғасырлар бойы өзінің жалпы сипатын,
сабақтастығын және өзіндік ерекшелігін сақтап қалды. Ол дегеніміз үнді
мәдениеті тарихи кеңістікте тұйық күйде қалмаған. Үнді мәдениеті өзге,
көршілес елдердің мәдениетімен әрдайым байланыста болды. Сол байланыста
үнді мемлекеттері бірде күшейіп, бірде әлсіреп, ыдырап жатса да, үнді
мәдениеті өзіндік ерекшелік пен сабақтастықты сақтап қалған.
Оған үнді халқының рухани мәдениеті, діни философиялық мұрасы, салт
дәстүрлері шешуші рөл атқарды.

Ежелгі Үнді философиясы.

Біздің жыл санауымыздан үш мыңдай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде
қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған
орай ежелгі үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар),
кшатрийлер (әскербасылар), вайшьилер (ауқатты шаруалар) және шудралар
(құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әр қайсысы қоғамда
өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дістүрлі мамандықтары болды.
Мысалы, брахмандардың үлесіне - ой еңбегі, кшатрийларға - әскери қызмет,
вайшьилерге - ауыл шаруашылық, қол өнер кәсібі, саудагерлік тисе,
шудраларға - қара жұмыс қана тиді. Ежелгі Үнді қоғамының осы даму кезеңіне
сай мифологиялы, философиялық көз қарастары да қалыптасты. Олар негізінен
Үнді мәдениетінің ескерткіштері Ведаларда (веда б.д.д 1500ж) жиынтықталған.
Ведалар төрт бөлімнен тұрады:
1. Самхит - құдайларға арналған гимндер жинағы;
2. Брахман - самхитті түсіндіретін әртүрлі мифологиялық әңгімелер,
ритуалдар т.б
3. Араньякта (Орман кітабы) брахманға тән ритуалдардың орнына
құдайларды іштей сыйлап құрметтеу, олар туралы ойланып толғану
сияқты көзқарас;
4. Ведалардың ең соңғы сатысы Упанишадта дәстүрлі варналарды бір
біріне қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең
жоғары білім арқылы жоққа шығаруға болады деген идея
уағыздалады. Упанишадтың асты тезисі Брахман туралы.
Ғарыштың негізінде мәңгі мәңділік - әлеммен тең деп барлық заттар
дамып өскен. Олай болса, Брахман – бар әлемнің генетикалық түпнегіздік
бастамасы және олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Біріншісі –
қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі –
жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман
көптүрлі болса, екіншісі – жалқы. Кейбір жағдайларда брахманмен қатар,
синоним ретінде, Атман ұғымы да қарастырылады. Атманның табиғаты – бір
жағынан дене сияқты болса, екінші жағынан сияқты. Рухты Атман –
тіршіліктің негізі, ал екеуі қосылып, барлық денелердің ішкі бастамасы,
негізі және соңы болады. Атман тек бастама ғана емес, ол – саналы тіршілік
иесі, әлемді жаратушы. Брахман және атманмен қатар тұрған ұғымдардың бірі –
пуруша және мен. Пуруша (еркек) – ол әлем, адам түріндегі әлем.
Сондықтан, Атман бастапқыда пуруша түрінде болып, мен әлемді жаратамын ,
- деп: аспан суын, сәуленің бөлшектерін, өлімді, суды жаратты. Осыдан, біз
атманның саналы екенін түсінеміз. Упанишадта менді Брахманмен, Атманмен
тең деп түсінгенде ғана адам өзін құдаймен, бүкіл әлеммен тең деп түсінеді.
Ал мен - бір бөлек, брахман, атман - бір бөлек деп түсінетін болсақ , ол-
білімділікке жатпайды. Ал, егер атманды танып - білсек, барлығын да
білгеніміз. Жалпы, білімділік Упанишадта өте жоғары бағаланады. Мысалы,
тікелей құрбандық шалғаннан гөрі , құрбандық шалу туралы білім өте
құндырақ. Өмірдің ең басты мақсаты - тірі кезінде атман - брахманмен
қосылып - бірігу. Өмір қиыншылығынан, құмарлығынан, үмітінен,
қызғаншақтықтан тыныштық тауып, алдап – арбаусыз ой кешіп, атманды түсініп
білген адам нағыз брахман болып құдайға, әлемдік құрылымға айналады.
Упанишадта жаннын көшіп – қону идеясы ең басты идеялардың бірі. Қайта қайта
айналып келетін жанның сансар тырнағынан құтылу үшін аскеттік өмір сүріп,
ең жоғары білім алуы басты шарт болып саналады.
Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдер сол Ведалардың
беделін мойындау - мойындамауына байланысты әр түрлі бағыттарға бөлінеді:
жайнизам, буддизм, даршандар, чарвактар – локаяттар, санкхья т. б.
Жайнизм ( жина - жеңімпаз ). Жайнизмнің негізгі философиялық
көзқарастары Сиддханта деп аталатын кітаптар жинағында берілген (б.д.д.
IIIғ.). Жайнизм сансарға (жаннын бір денеден екінші денегекөшіп жүруі),
кармаға (әділ жаза заңдылығы), және мокшаға (жанды қасіреттен азат ету)
сенеді. Жайнизмнің басты мақсаты – қасірет деп түсінген өмірден азат болу.
Жайнизмнің ілімінше, карма заңын құдайларға құрбандық шалып өзіне қаратуға
болмайды. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы
өмірде жеңуге болмайды. Ол үшін сансардан құтылу қажет.
Жайналықтар әлемді тіршілігі бар және тіршілігі жоқ (аджива) әлем
атомдардан (ану) тұратын материядан (пудгала) құралады. Олар бір -бірімен
қосыла, бөліне алады. Оларға, сонымен қатар, кеңістік (акаша), уақыт
(қала), орта және қозғалыс жатады.
Тіршіліктің жаны бар. Керек десеңіз, жердің де жаны бар. Жанның өзі
әртүрлі болады. Егер ауа, су, жер, от, өсімдіктер тек қана сезіне алса,
құстарға, жануарларға, адамдарға сезім мүшелері арқылы түйсіну тән. Жалпы
алғанда, тіршілік мәңгі, бірақ ол материалдық денелер түрін қабылдаған
көптеген жандарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨНЕ ҮНДI ФИЛОСОФИЯСЫ ТУРАЛЫ
Шығыс философиясына сипаттама
Упанишадтың басты тезисі брахман туралы
Үнді философиясы. Көне Үнді философиясы туралы негізгі түсінік
Үнді философиясы. Көне үнді философиясы
Қытай. Үнді
Үнді философиясы
Ежелгі дүние философиясы
Нирвана мокшаның өзгерген түрі
Шығыс философиясы
Пәндер