Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмұны, тараптары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Тарау. САТЫП АЛУ.САТУДЫҢ ШАРТЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Сатып алу.сату шартының ұғымы, пәні және элементтері ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2 Тарау. САТЫП АЛУ.САТУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Бөлшектеп сатып алу.сату шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Тауар жеткізілімі шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.3 Келісімшарт жасасу шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

2.4 Энергиямен жабдықтау шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2.5 Кәсіпорынды сатып алу.сату шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Сатып алу-сату шарты бұл мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелгі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі колданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егср біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсак, ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережедері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты кезқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкінішлігі жоққа шығарылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының және республикалардың Азаматтық заңдары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып қарастырылады.
Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.
Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретіндс бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар найда болуына қарсы емес деп табу мүмкін.
1. Азаматтық құқық кодексі .- Алматы., 2001
2. Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық. Ерекше бөлім. – Алматы., 2005
3. Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық. Ерекше бөлім. Т.2.-Алматы., 2005
4. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері.- Алматы., 2003
5. Ағдарбеков.Т.Азаматтық құқық .Алматы.,2003

Пайдаланған оқулықтар:
1. Ынтымақов С.А. Азаматтық құқық .- Алматы ., 2004
2. Баққұлов С. Құқық негіздері . – Алматы ., 2004
3. Мемлекет және құқық негіздері.- Алматы., 2001
4. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері.- Алматы., 1998
5. Мемлекет және құқық теориясы.- Алматы ., 2002
6.ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясы//Жетіжарғы. Алматы,1998
7. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы.
8.Оқулық. Ерекше бөлім. – Алматы: Заң əдебиеті, 2006.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмұны, тараптары

Қарағанды - 2014

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Тарау. САТЫП АЛУ-САТУДЫҢ ШАРТЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Сатып алу-сату шартының ұғымы, пәні және элементтері ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2 Тарау. САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 Тауар жеткізілімі шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.3 Келісімшарт жасасу шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

2.4 Энергиямен жабдықтау шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5
2.5 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Кіріспе
Сатып алу-сату шарты бұл мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелгі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі колданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егср біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсак, ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережедері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты кезқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкінішлігі жоққа шығарылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының және республикалардың Азаматтық заңдары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып қарастырылады.
Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.
Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретіндс бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар найда болуына қарсы емес деп табу мүмкін.
Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін занды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы үшін көлсмі бойынша жеткілікті екенін болжауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа өзге де заттық құқықтар иелерінде, мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз.
Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне қарамастан. оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және оның құрған занды тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуте мүмкіншілік бере алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде өкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.
Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген занды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (занды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген занды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық.
Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық катынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қөзғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюіне байланысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады. Ал, негізінен қандай да болсын сатып алу-сату шартына ерекше бөлімде 25-тарауда мазмұнданған жалпы нормалар тарайды.
Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.
Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер заңнама оларды сатып алу-сату үшін арнайы ережелср қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Соны-мен бірге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар жеткізіліміне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен біз жалпы ережелер мәнін төмендетпеуіміз керек, өйткені осылардың көмегімен көптеген даулы жағдайлар шешіледі.

1 Тарау.САТЫП АЛУ ШАРТЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Сатып алу шартының ұғымы және элементтері

Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге мін-деттенеді, ал сатып алушы бұл мулікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті. Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.
Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.
Сатып алу-сату шарты -- ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кірптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек - ол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетгі нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең, айырбас ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын корғау негізінде болуы тиіс.
Сатып алу-сату мүлік иесінің (басқа құқық иеленушінің) өзгеруіне (ауысуына) әкеледі. Көрсетілгсн белгілер, сонымен қатар бұл шарттың ерекше мазмұны аталған шарттың мүлік жалдау (аренда), мердігерлік, сыйға тарту және басқа да шарт-тардан елеулі түрде ерекшеленетіні туралы қорытынды жасауға мүмкіншілік береді. Дегенмен, сатып алу-сату шарты туралы нормалар жалпы мәнді де иемденеді. Мысалы, олар мердігерлік қатынастарды реттеуде де есепке алынуы қажет. Өз материал-дарымен жұмысты орындайтын мердігер оның сатушы рөлінде болады. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар шеңберінде сатып алу-сату туралы нормаларды есепке алу қажет жағдайлар болуы мүмкін.
Басқа да құқықтық қатынастардағы сияқты, сатып алу-сату шартының элементтері болып біздің көзқарасымыз бойынша да субъект, объект және мазмұн болып табылады.
Сатып алу-сату қатынасын 3 мәнде белгілеуге болады. Біріншіден, бұл сатып алу-сатудың экономикалық қатынасы. Екіншіден, бұл - адамдардың ой елегінен еткен және құқық нормаларымен бекітілген субъективтік идеологиялық қатынас. Үшіншіден, сатып алу-сату шарты бұл - азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеуден тәуелсіз тұрмыс етіп айырбастық материалдық қатынас ретінде аталған құқықтық реттеудің (көмегімен) құқықтық нысанға ие болады. Ол нысан -құқықтық қатынас нысаны.Шарт жағдайы, нысаны тұлғалардың белгілі бір әрекетін азаматтық-құқықтық шартқа айналдыруға, олардың құқықтары мен міндеттерін бекітуге мүмкіндік беретін заң техникасының тәсілдері болып келеді. Сатып алу-сату шартының нысаны оның бағасына, субъек-тілеріне және зандық, шарттық талаптарға сәйкес анықталады.Жүз айлық есептік керсеткіштен жоғары сомаға, сонымен бірге кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру барысында жасалатын мәмілелер, жасалған кезде орындалатындарын қоспағанда жазбаша нысан да жасалуы қажет.Сатып алу-сатудың қандай шарты жасалатынына қарап кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік емес, бөлшек сатып алу-сату шарты немесс мемлекеттік кәсіпоырндар мүлкін жекешелендіру, олардың қатысушылар құрамы да өзгереді. Басқа да жағдайларда қатысушылар құрамының ерекшелігі сатып алу-сату шарттарының жекелегсн түрлері бойынша төменде қарастырылатын болады.
Жеке тұлғалардың сатып алу-сату шарттарын жасасу мүмкіншілігіне олардың құқық-әрекет қабілеттіктерінің көлемі әсер етеді. Мысалы, әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғалар тек ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасай алады, ал басқа мәмілелерді жасауға олар өзінің қамкоршысының келісімі болғанда ғана құқылы (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 27-бап, І-тармақ).
Сатып алу-сату шартының нысанасы (объектісі), Құқықтық қатынастың объектісін материалды (заттық заңды, идеологиялық етіп бөлу толық мөлшерде азаматты құқықтық шарттар үшін де жарамды болып табылады.
Қазіргі жағдайда олардың әрқайсысының мәні бірдей- дегенмен, қазіргі өндірістің өсуі, тауарлардың алуан түрлілігі және оларды пайдалану мақсаттарының кеңеюі, сатып алынатыны тауардың сатып алу-сату затына талаптардың жоғарылауына әкеледі, әсіресе, егер тауар кейбір ерекше мақсаттарға арналса. Келісімшарт нормаларында олардың барынша анық бекітілмеуі жаңылысуға немесе сатып алу-сату затындағы қателікке әкелуі мүмкін. Бөлшектеп сатып алу-сату шарттары жасалса, заң шығарушы сатылатын өнімнің сапасы, қауіпсіздігі бойынша талаптарды бекіте отырып, тұтынушы жағдайын барынша күшейтуге әрекет етеді.
Заттар сатып алу-сату шарты нысанасының барынша кең тараған түрі болып табылады. Кез келген зат тектік немесе жеке -сипаттар арқылы анықталған, жылжитын және жылжымайтын тауар болуы мүмкін.
Тектік заттарға келсек, олар қалған тауарлық массадан же-келенуі қажет екенін айта аламыз, сөйтіп олар жеке сипаттар арқылы анықталатын заттарға теңестіріледі және осындай тү-рінде сатып алу-сату шартының нысанасы бола алады. Егер әңгіме жекеленбеген тектік тауарды сату жөнінде болса, онда сатып алу-сату шартының нысанасы болып зат емес, мүліктік құқық келеді. Осындай жағдай сатып алу-сату шартының нысанасы болашақ заттар болып келгенде де орын алады.

1.2 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері

Сатушының міндеттері. Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Мұнда негізгі талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы, сапасы, саны (көлемі). Сапаға қатысты талаптар сатып алу-сату туралы нормалармен шарттын елеулі жағдайларда жатқызылмағанына қарамастан осы үш талапты да сатып алу-сату шарттары бойынша міндетті деп тануға болады. Әрбір жекелеген жағдайда тауар атауына, сапасына, санына (көлеміне) қатысты талаптар өзгеріп тұрады. Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерімен емес, тікелей заңнама нормаларымен анықталуы мүмкін.
Тауардың саны. Сатып алушыға берілуге тиіс тауар саны шартта тшсті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде анықталады, яғни, шартта санды анықтау үшін қажет алғашкы өлшемнің бағасы бекітілуге тиіс. Тауарлардың саны туралы талап оны айқындау тәртібін шартта белгілеу жолымен келісілуі мүмкін. Мысалы, тауардың (сұйық заттар) саны шартты орындау кезінде сатып алушы ыдысының (қоймасының) шекті сиымдылығымен бекітілсе.
Тауардың сапасы. Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Егер кәсіпкерлік сатып салу-сату шарттарын қарастырсақ, сатылатын заттардың сапасына қойылатын талаптар шартта тікелей сирек белгіленеді. Осыған баланысты, сапа туралы талап бірнеше жағдайларда шартты талқылау (оның мәнісін ашу) негізінде анықталады.
Келтірілген талапты тауарлардың сапасына азаматтық заңнама нормаларынын тікелей әсер етуі ретінде бағалауға болады. Сонымен қатар, осыған ұқсас жағдайларда объективтік құқық нормалары субъективтік шарттық қатынастардың ерекшелігіне бейімделіп субъективтік жағдай сипатына ие болады. Егер тараптардьщ арасында тауардың сапасы келісілмесе де, бірақ сатып алушы сатып алудың нақты мақсаттарын көрсетсе, сатушының тиісті сапалы затты беру міндеті өзгеше болып келеді. Осындай жағдайда сатушы сатып алушыға белгілі болып келетін мақсатта пайдалануға жарамды тауарды беруге міндетті.
Тауарды үлгісі бойынша және (немесе) сипаттамасы бойынша сатқан жағдайда, сатушы сатып алушыға үлгі немесе сипаттамасына сәйкес келетін тауарды беруге міндетті. Тауардың кейбір қасиеттері (көрсеткіштері) бейнелеумен қамтылмаса, онда сатушының міндеті жоғары көрсетілген тәртіптерге сәйкес анықталуы қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша, бейнелеудің өзі белгілі бір талаптарға сәйкес болуы керек. Тым жалпы бейнелеуді қарастырып, сатушы іс жүзінде өзіне тиісті сапалы тауар беру бойынша міндетінен босата алады.
Егер сатылатын тауардың сапасына заң актілерінде белгіленген тәртіпке сәйкес, міндетті талаптар көзделсе, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы міндетті талаптарға сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Тауардың сапасына қойылатын міндетті талаптар Қазақстан Республикасынын сертификациялау туралы "Заңымен және Қазақстан Республикасының Стандарттау туралы "Заңымен және заңға тәуелді нормативтік актілермен анықталады.
Егер шарт пен тауардың сапасына көтеріңкі талаптар қойылса, сатушы сатып алушыға соларға сәйкес тауарды беруге міндетті. Алдын-ала соларды айтып, сатушы тауарды кемшіліктерімен бере алады. Сатушы сатып алушыға беруге міндетті тауарлар берген кезде айтылып кеткен талаптардың бірінс сәйкес болуы керек.
Ақылға сиымды мерзім шеңберінде ол, әдетте пайдаланатын мақсаттарда пайдалануға жарамды болуы керек.
Сатушы тауарды жарамдылық мерзімдері шегінде пайдалануға мүмкін болатындай етіп беруі керек. Жарамдылық мерзімдері заңдармен, мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарымен немесе өзге міндетті тәртіптермен, өндірушінің өзімен орнатылады. Жарамдылық мерзімдері өтіп кеткен соң тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналады. Осымен бірге қызмет ету мерзімі деген түсінік қолданылады, оның тұтынылмайтын тауарларды максаты бойынша пайдалану шектеріне қатысы бар, ал жарамдылық мерзімі деген ұғым тағамдарға, дәрілік заттарға және с.с. қолданылады.
Шартпен кепілідік мерзімдер орындалуы мүмкін. Бұл мерзімдер тауарды әдеттегі нсмесе өзге мақсаты бойынша қолданымды мүмкін уақыт кезеңдерін белгілейді. Өзінің табиғаты бойынша олардың жоғарыда көрсетілген мерзімдермен ортақтығы бар, бірақ кепілдік мерзімдер оларға толығынан тепе-тең болып келмейді.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында кепілдік мерзімдерге бұрынғы заңцдардағы сияқты мән берілмейді. Азаматтық кодекстің 425-бабына сәйкес, қазір кепілдік мерзім шарттың өзімен анықталуы керек. Ал, егер де ол шартпен карастырылмаса, онда Азаматтық кодекстің 430-бабының 2-ші тармағына сәйкес, егер өзгеше заң актілерімен немесе шартпен көзделмесе, тауар сатып алушыға ұсынылған күннен бастап екі жыл көлемінде ұсынылуы мүмкін.
Сатушы тауарды қай кезде сатып алса немесе ол тауар қай кезде шығарылса, соған қарамастан кепілдік мерзімі тауар сатып алушыға берілген кезден есептеле бастайды. Егер сатушыға байланысты болып келетін себептер бойынша сатып алушы тауарды пайдалану мүмкіншілігінен айырылса, онда мерзімі сатушы аталған себептерді жойғағанға дейін өз ағымын бастамайды. Мысалы, сатушы шартқа сәйкес тауарды жинақтаған жоқ (айта кететін болсақ, сатып алу-сату қатынастарына бұл жағдайда мердігерлік туралы нормалар да қолданымды болып келеді). Тауар (жинақтаушы бұйым) ауыстырылғанда кепілдік мерзімі өз ағымын жаңадан бастайды.
Сондай-ақ, тауарды берген жағдайда, тауарды түр-түрімен, жинақтылығымен және жиынтығымен, үшінші тұлғалардың құқықтарынан тыс тауарды беру, тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю сатушының міндеті болып табылады.
Тауарлардың түр-түрі. Тауарлардың түр-түрі бөлшектеп сатып алу-сату, тауар жеткізілімі, келісімшарт жасасу шартта-рында көзделген (энергиямен жабдықтау шартында да теоретикалық көзқарастан оның қарастырылуы мүмкіншілігі туралы айтуға болады).
Тауардың түр-түрі дегеніміз (ассортимент) - бір түрлі тауардың жиынтығының ішіндегі белгілеріне және бір түрлі тауардың үлгісіне, мөлшеріне, сортына, түсіне, электр куатының тиісті өлшемдеріне байланысты бөлінуі. Егер тұлға бір сатушыдан тұрмыстық химия затын және тағы бір электр құралын сатып алса, онда тауардың түр-түрі деген сөйлем қолданылмайды.
Тауардың түр-түріне қойылатын талаптарды күрделі затты беруге қатысты міндеттемеге қойылатын талаптардан ажырата білу керек.
Жиынтылықтық және жиынтық. Сатушы сатып алушыға жинақтылық немесе жиынтығы туралы талаптарына сәйкес тауар беруге міндетті. Жиынтылықтық дегеніміз -шартта көзделген немесе заттың функционалдық тағайындалуымен анықталатын барлық құрама бөліктердің затта болуы. Шартпен бұйымдардың стандарттық және қосымша жиынтықтылығы көзделеді немесе жиынтылықтықтан кейбір жиынтықтаушы бөліктер алынып тасталады.
Шартта тауардың жиынтықтылығы белгіленбесе, сатушы сатып алушыға жиынтықтылығы іскерлік айналым әдет ғұрыптарымен немесе әдетте қойылатын өзге де талаптармен анықталатын тауар беруге міндетті.
Жиынтықтылықтың тауарлардың жиынтығынан айыру қажет. Азаматтық кодексі 432-бабына сәйкес жиынтық дегеніміз бірнеше сатып алу-сату шартының пәні кейбір кездерде күрделі болып келетінін анықтай аламыз. Осымен қатар біздің көзқарасымыз бойынша жиынтық АҚ 121-бабымен анықталатын күрделі зат ұғымына тең болып келмейді. Заттардың жиынтығына қатысты біртұтас құқықтық қатынас пайда болады, одан сатушының тиісті міндеті өз көрінісін табады.
Заттардың жиынтығы болуы үшін (оған қатысты) талап қойылуы үшін анық айқындалған себептердің қажеті жоқ, тараптардың ішінен ниеттенуі жеткілікті болып келеді. Мысалы, альпинист тобы Эверестқа шығуға кажетті, оны қамтамасыз етстін заттар сатып адады. Жиынтық талабы, ассортимент және сапа талаптарымен тығыз байланысты. Мысалы, экспедиция сатып алатын жиынтыққа кіретін кейбір заттарға тау биігінде пайдалану жарамдығына, жоғары төзімділігіне, төмен температура тұрақтылығына талап қойылады.
Егер шартта өзгеше көзделмесе және ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, сатушы сатып алушыға жиынтыққа енетін барлық тауарды бір мезгілде беруге міндетті.
Сатып алушы үшінші тұлғалардьщ кұқықтары жүктелген тауарды қабылдауға келіскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшінші тұлғалардың кез-келген құықтарынан тыс тауарды сатып алушыға беруге міндетті (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 413 бабының, 1-тармағы).
Сатушының тағы да бір міндеті тауарды үшінші тұлгалардың талаптануынан да босатып беру. Осы міндетті сатушы олар туралы білген жағдайларда ғана қолданылады. Болашақта талаптану заңды деп танылу керек, егер осы болмаса сатушы тауарды басқа тұлғалар талаптануынан босатып беру міндетін бұзбаған деп саналады.
Тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю. Тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю талаптарын сатып алу-сату шарттарынын жалпы ережелеріне кірістіру біздің азаматтық заңдарда жаңа болып табылады. Өзінің сыртқы көзге түспейтініне қарамастан, олар сатып алу-сатудың өркениеттілік катынасының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Егер сатып алу-сату шарты қандай түріне қатысты екендігі белгіленбесе, олар тауарды салатын ыдыс және буып-түюмен байланысты даулы жағдайларды шешуге мүмкіндік береді.
Егер шартта өзгеше көзделмесе және міндеттеменің мәнінен немесе тауарлардың сипатынан туындамаса, сатушы сатып алушыға тауарды ыдысқа салып және (немесе) буып-түйіп беруге міндетті.
Егер шартта ыдыс пен буып-түюге талаптар белгіленбесе, тауар ол үшін арналған әдетті әдіспен, ыдысқа салынуы, буып-түйілуі керек. Бұлай болмағанда сақтау мен тасымалдаудың әдеттегі жағдайларында осы типтес тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететін әдіспен ыдысқа салынып және (немесе) буып-түйілуге тиіс. Ал егер тауар сақтаудың немесе тасымалдаудың қандай да ерекше жағдайларын талап етсе, онда ыдыс жөне буып-түю оларға сәйкес келуі керек.
Тауар сатып алушыға барлық керек-жарағымен берілуі қажет (керек жарақ бұл негізгі затқа қызмет етуші зат). Затты керек-жарақ етіп тек оның және басты заттың функционалды тағайындалуларының өзара байланысына негіздемейді. Азаматтық кодекстің 408-бабында сатушының керек-жарақтарды беруі бойынша міндеті бекітілгеніне қарамастан олар тұтынушыларға (сатып алушыларға) қиянат жасауға тырысады. Бұл реттерде олар сатушылар көп ретте Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 122-бабының міндетті еместігін (диспозитивті екенін) пайдаланады. Қосымша ақыға аудио-видеотехникаға қосалқы шнур, бұйым үшін қорғаныш жапқыш, оны күтіп баптауға арналған зат ұсынылады. Қосалқы (керек-жарақ) зат барлық жағдайда өздігінен атқаратын қызметі жоқ деген қалыптасқан түсінік қате болып саналады. Сондықтан қандай да болмасын тауардың керек-жарақтары оны мақсаттарда кедергісіз қолдану кажеттерімен анықталуы керек. Егер керек-жарақ тұтынылатын (тұтыну барысында өз қасиетін жоғалтатын болса) зат болса оның негізгі зат қызметін қамтамасыз ететін мерзім белгіленіп көрсетілуі тиіс. Тағы да айтатын бір нәрсе бар. Біздің көзқарасымыз бойынша, жиынтықтылық пен керек-жарақ түсініктерінің араларында тығыз байланыс бар. Керек-жарақ болып келетін затты беру жиынтылықпен қарастырылуы керек, егер бұл жасалмаса керек-жарақ туралы нормалар (АК 122 бабы) тікелей қолданылуы керек.
Тауармен (өніммен) бірге оның жиынтықтылығын қауіпсіздігін, сапасын, растайтын тұтыну тәртібін растайтын ж.б. құжаттар беріледі. Өнім сатып алушыға берілгенге дейін меншік шаруашылык жүргізу, оралымды басқару құқықтары оған етіп үлгерсе, сатушы тауар берілгенге дейін оны сақтауға, нашарлауына (бұзылуына) жол бермеуге міндетті. Осыған байланысты сатушы мүлікке немқұрайлы қарамауы және оны касақана бүлдірмеуі керек. Сатушы осы міндетін тегін атқармайды. Егер екі тараптың келісімімен өзгеше қарастырылмаса, сатып алушы сатушыға оның тауарды сақтауға жұмсағанын өтейді.
Сатушының құқығы. Сатушының құқықтарына зат қабылдануын және сатып алу бағасын төлеуді талап ету кұқықтары жатады. Әр міндеттемеге сәйкес келетін қарсы кұқық бар. Сатып алушының шартпен бекітілген міндеттемелері сатушының басқа да құқығы барын ескереді.
Сатып алушының құқықтары мен міндеттері. Сатып алушының негізгі міндеті тауарды қабылдап алу және ақысын төлеуі болып табылады. Сатып алушының тауарды қабылдауы, оның жағынан тауарды беру және алу үшін қажетті шараларды қамтиды. Бірінші кезекте сатып алушы тауарды қабылдап алу үшін алыдын-ала жағдай жасауы қажет. Тауар тасымалдануға тиісті болса сатып алушы жүкті тиеп жіберу үшін қажетті мәліметтерді сатушыға хабарлауға міндетті (егер тауарды сатушы жеткізетін болсаа). Ал кейбір жағдайда сатып алушы тауарды өндірістен немесе сатушының қоймасынан алып кетуді ұйымдастыруы қажет.
Егер шарттағы тауарды беру жағдайлары оның жеткізіліп берілуін қарастырса, сатып алушы өз қоймасын жұмысқа дайындап қоюға, өнімді келісілген жерде күтуге міндетті. Бұдан басқа, сатып алушы өзіне ұсынылған тауарды уакытында қабылдап алуға, жүк тасымалдау көлігінен жүкті түсіруге, сатушының көлігін ұстамауға, өзінің тым баяу әрекеттерімен тауардың бұзылуына жол бермеуге міндетті. Сонымен катар, ол өнімді тексеріп алуы, өнім құжатын қабылдауы және өнімді кабылдап алғаны жөнінде сатушыға куәлік беруі қажет.
Өнімді қабылдап алу шарттары заңнама бекіткен нормалармен анықталуы мүмкін. Сатып алушы шартты бұзып затты қабылдамаса, сатушыға оның затты қабылдауын талап етуге, болмаса шартты орындаудан бас тартуына болады. Сатушы сатып алушының іс-әрекеті нәтижесінде болған шығынын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 349-бабы 2-тармағы, 350-бабы бойынша өндіріп алуға құқылы. Сатып алушы алынған өнім (тауар) үшін ақы төлеуге міндетті.
Баға төлеу бойынша міндетті одан әрі карайық. Жоғарыда айтылғаннан түсінуге болатын нәрсе аталмыш міндеттін мазмұ-нына бағаны анықтау тәртібі тікелей әсер етеді. Олар көбінесе тұрақты болады, бірақ шаруашылық тәжірибеде өзгертілуге жол беретін бағалар да қолданылады. Өз кезегінде соңғылар ығыстыры-латын (жылжитын шартты тұрақты) және ағымды өзгеретін болып жіктеледі.Шартты тұрақты баға шартта бекітіледі және шартты орындау сәтіне тауарға қалыптасқан ортанарықтық бағалардан елеулі ауытқыса (ерекшеленсе), онда ол кайта қаралуға жатады. Ағымды өзгеретін бағалар негізінен, ең алдымен дайындалуы ұзақ мерзімді тауарларға немесе тауарлардың дайындалған топтарына қолданылады. Мысалы, шикізатқа деген әлемдік баға тез өзгереді, жабдықтаушымен тұрақты байланыс болмайды, осының әсерінен шикізат әртүрлі жағдайда сатып алынады., ж.б.Нақты тауар үшін ақы төлеу міндетіне көшейік. Ол өзі екіге бөлінеді. Біріншіден, сатып алушы өз есебінен төлемді жүргізуі үшін дайындық әрекетін жасауы керек. Әдетте олардың қатарына сатып алушының есеп шоты, аккредитивті ашуы, шарт сомасында чек беру кіреді. Қандай әрекеттер жасалатыны шарттың өзінің жағдайларымен, сол сияқты заңнама нормаларыме анықталады.
Екіншіден, сатып алушы ақшаны төлеуі керек. Төлемақы төлеу қолма-кол ақшамен есеп айырысу немесе оларды пайдаланусыз есеп айырысу жолымен де жүзеге асады. Егер шарт және заң актілері бағаны белгіленген мерзімде төлеу міндетін қарастырмаса, онда сатып алушы тауарды алған соң немесе тауарды билеу құжаттарын алған соң төлемақыны дереу (кейінге қалдырмай төлеу керек. Шартпен тауар бағасын алдын-ала төлеу қарастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда ол сатушыдан тауарды қабылдаған кезге дейін белгіленген мерзімде бағасы толық немесе жартылай төлеу қажет. Егер мерзім шартта көрсетілмесе, ақы тауар берілгенге дейін ақылға сиымды мерзім ішінде төленуі керек.Егер тауар үшін төлеу міндеттемесін орындау мерзімі несие берушінің еркіне байланысты болса, Қазақстан Республика-сының Азаматтық кодексінің 277-бабы бойынша сатып алушы 7 күн мерзім (жеңілдік мерзімі) ішінде несие берушінің талабын орындауы қажет. Тауарды несиеге алу шартпен бекітілуі керек, ал бұл туралы арнайы белгіленген жағдай болмаса, онда сатып алушы тауар бағасын толық төлеуі қажет. Тауарды кредитке сату шарты бойынша сатып алушы бағаны тауар берілгеннен кейін белгіленген мерзімде төлеуге міндетті. Төлеу мерзімі кредитке сату шартымен тікелей карастырылмаса. онда төлем ақылға сыйымды болуы керек. Сол сияқты төлемді жасау мерзімі несие берушінің (сатушының) төлеу туралы сұрау мерзіміне қарай анықталуы мүмкін.Тауарды кредитке сату шартты жасасқан күнде болған бағаға сәйкес жүргізіледі. Болашақта тауардың бағасы өзгерсе де ол қайта есептелуге жобалайды.
Тауарды кредитке сату шартының бөлек түрі төлемді бөліп төлеуді қарастыратын шарт. Тауарды кредитке сатудың база-лық шартынан айырмашылығы, оның мазмұнында зат бағасы, төлемдердің тәртібі мөлшері, мерзімі айқын көрсетіледі. Егер сатып алушы шартпен бекітілген мерзім ішінде бағаны төлемесе (соның ішінде кезекті төлем мерзімін өткізіп алса) сатушы шарт-тан бас тартуға және сатылған мүлікті қайтарып алуға құқылы.
Сатыып алушы сатушыға шарттын тауар саны, сапасы, жиынтықтылығы және басқа көрсеткіштеріне қатысты талаптары бұзылғаны туралы шарттың өзінде бекітілген немесе заңнама нормаларында қарастырылған мерзімде хабарлауға міндетті. Мысалы сатып алушы тауарды қабылдап алғаннан кейін 15 күн мерзім ішінде оның түр-түріне қатысты талаптар бұзылғанын айтып хабарлауы қажет. Егер ол осыны жасамаса, онда тауар үшін сатушымен келісілген баға бойынша ақыны төлеуі тиіс. Сатып алушы сатушыға бұзушылықтар туралы әрқашан хабарлауы керек. Азаматтық кодекстің ережелері сатып алушыға сапасыз зат берілген жағдайда оның құқығын қорғайды. Егер сатушы заттың кемшілігін алдын-ала ескертпеген жағдайда, сатып алушы мынандай талап қоюға құқылы:
# сатып алу бағасын тиісті мөлшерде кеміту туралы;
# қисынды мерзімде тауардың кемшіліктерін тегін жою жөнінде;
# тауар кемшіліктерін жоюға жұмсалған өз шығындарын
өтеу туралы;
# тиісті сапасы жоқ тауарды шартқа сәйкес келетін тауармен салыстыру туралы;
# шартты орындаудан бас тартуға және тауар үшін төленген ақша сомасын қайтару туралы талап қоя алады.
Сатып алушының оған жиынтықталмаған тауар берілген реттегі (жағдайдағы) құқықтары АК 433-бабымен карастырылған. Олар сатып алушының тауар сапасыз болып шыққан жағдайдағы құқықтарына ұқсас. Негізінен, сатып алушыға шарттың бұзылуына қатысты әрбір жағдайда белгілі құқықтар беріледі. Солардың араларында тауар жөніндегі қандай да болсын өзге талаптарды бұзу болып келеді. Сатып алушы тауардың саны жетіспейтініне, оның түр-түрі бұзылғанына байланысты және басқа жағдайларда тиісті құқықтарын жүзеге асыра алады.
Көбінесе сатып алушының көрсетілгендей құқықтарын жүзеге асыру белгілі бір бөлігінде азаматтық құқықтық жауап-кершілікті жүзеге асыру болып келеді. Сатып алу-сату шарты тараптарының мойнында тауардың кездсйсоқ жойылуының немесе бүлінуінің тәуекелі белгілі дәрежеде болып келеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 411-бабына сәйкес, егер сатып алу-сату шартымен өзгешелік қарастырылмаса, онда сатып алушыға тауардың кездейсоқ жойылуының, бүлінуінің тәуекелі (қаупі) сатушы заң актілеріне, шартқа сәйкес өзінің тауарды сатып алушыға беру міндетін атқарған болып есептелінетін сәттен ауысады.
АК 410-бабы сатушының затты беру бойынша міндетін орындауының сәтін анықтау тәртібін бекітеді. Жалпылама олар меншік иесі тәуекелінің ауысуын анықтайтын тәртіптерге сәйкес болып келеді. Мүліктің кездейсоқ жойылуының немесе бүлінуінің қаупі мүлікті шарт бойынша иеленушіге оған меншік құқығы ауысуымен бірге ауысады. Сатып алу-сату шартымен өзгеше қарастырылмаса сатушының тауарды сатып алушыға беру міндеті мынадай әрекеттер жасалса орындалды деп саналады:
# Шартпсн сатушының тауарды жеткізу міндеті қарас-
тырса, тауар сатып алушыға немесе ол көрсеткен тұлғаға табыс етілген соң;
# Егер тауар сатып алушыға немесе көрсетілгсн тұлғаға
тауар орналасқан жерде берілуі керек болса, онда тауар сол жерде сатып алушының қарамағына берілсе.
Тауар сатып алушының қарамағына берілуі үшін ол тиісті (келісілген) жерде берілу үшін дайындалу керек және сатып алушыға тауар шартқа сәйкес берілуге дайын екені туралы хабарлануы керек.
Сатушының аталғандай міндеттері болмаса, шартпен өзгешелік қарастырылмаса оның міндеті тауар сатып алушыға жеткізілу үшін тасымалдаушыға немесе байланыс ұйымына тапсырылған соң, орындалған болып есептеледі.
Шартты жасасқан кезде сатушы тауардың жойылғаны немесе бүлінгені туралы білсе немесс білуге тиісті болса және туралы сатып алушыға хабарламаса, онда тәуекелдің тауар бірінші тасымалдаушыға тапсырылған сәтпен ауысуы туралы жағдай жарамсыз деп танылуы мүмкін. Жарамсыздықты сот сатып алушының арызы бойынша таниды.
Айтылғандай сатушы өзінің немқұрайлығы үшін де жауапты болады. Мысалы, тауарды сатып алушыға жөнелту алдында сатушының қоймасында ұзақ мерзім бойынша тауардың сақтығын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар болмады. Сондықтан жөнелтілген тауар жарамсыз болып келе-тінін болжау негізді еді, бірақ сатушы зиянды салдарды жою үшін өзіне байланысты шараларды қолданбады.
Сатып алушыға артықшылық (жеңілдік) беретін тәуекелдің ауысуы туралы шарт жағдайлары болуы мумкін. Айтатын болсақ, тауар сатып алушыға темір жол көлігімен тиеліп жіберілді дейік, бірақ шартта тәуекелдің сатып алушыға ауысуы оның тауарды іс жүзінде алу сәтімен белгіленген.
Сатылатын тауарлар олар ретінде нотариат куәландырудың немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін шарттарды рәсімдеуді талап етсе, тауарға меншік құқығы пайда болуы шартты нотариат куәландыруымен немесе мемлекеттік тіркеумен анықталады (ҚР АК 238-бабы 2-тармақ). Осымен бірге сатып алушыға тәуекел де ауысады.
Тауар жолда болған кезінде ол қайта сатылса, шартпен немесе іскерлік айналым әдет-ғұрыптармен өзгешелік қарастырылмаса, сол тауарға қатысты кездейсоқ жойылу әлде кездейсоқ бүліну қаупі (тәуекелі) сатып алушыға сатып алу-сату шарты жасалған сәттен өтеді.

2 Тарау. САТУ САТЫП АЛУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ.
2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты

Тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге міндеттенеді (ҚР АК 445-бабы).
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты жария шарт (Азаматтық кодекстің 445-бабының 2-тармағы). Оның осы қасиетіне байланысты бөлшек саудамен жүзеге асыратын кәсіпорын немесе қандай да болсын кәсіпкер кезкелген шарт жасауға міндетті. Заңдарда (заңнамада) қарастырылғанды қоспаған кәсіпкер бөлшек сатып алу-сату шарттарын жасағанда бір тұлғаға өзге тұлға алдында артықшылық жасауға құқылы емес. Яғни шарттың бағасы, өзге жағдайлары барлық тұтынушыларға бірдей болуы керек, ал заңнамамен қарастырылса тұтынушылардың бөлек санаттары үшін жеңілдік жасалуы мүмкін. Кәсіпорын тауарды беру мумкіншілігі бола тұрып бөлшек сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартса, тұтынушы өзіне негізсіз бас тартумен келтірілген шығындарды өндіріп ала алады.
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының осы ерекшелігі оны жасасу тәртібіне де әсер етеді. Көбінесе ұсынушы (оферент) бұл сатушы, ал шарт жасасу туралы ұсыныс (оферта) деп аталады. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты тараптар шарттың заты, бағасы және тиісті қажеттілігі туралы кемінде бір тарап айтатын өзге жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап жасалған болып табылады.
Ұсынысты қабылдау (акцепт) туралы айтып кетейік. Сатып алушы тарабының ол көпшілік жағдайларда тауардың бағасын төлеу арқылы жасалады. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысаны. Әдетте бөлшектеп сатып алу-сату шарттарының нысаны ауызша болып келеді, сонымен қатар бұл шарттарды жазбаша нысанда жасау мүмкіншілігі де жоққа шығармайды. Жазбаша нысан тараптардың құқықтары мен міндеттері болашақ уақытқа арналса орынды болып келеді. Мысалы, тауарлар алдын-ала тапсырыстар негізінде, пошта арқылы жіберу жолымен сатылады, жеңіл автокөлік сатылады ж.б.
Егер заң актілерінде немесе бөлшектеп сатып алу-сату шартында, соның ішінде сатып алушы қосылатын формулалардың немесс өзге де стандарттық нысандарының талаптарында өзгеше белгіленбесе, сатушы сатып алушыға касса немесе тауар чегін немесе тауарға ақы төленгенін растайтын өзге де құжатты берген кезден бастап бөлшектеп сатып алу-сату шарты тиісті нысанда жасалған болып ессптеледі. Аталған құжаттардың сатып алушыда болмауы оны шарттың жасалғандығын және жағдайларын растау үшін куәлік айғақтарға сүйену мүмкіндігінен айырмайды.
Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң төмендегілерді реттейді: тұтынушылардың тауар туралы ақпарат алуы кезіндегі қарым-қатынасты, сапаға сәйкес келетін тауар ауыстырып алуды, тұтынушылардың оларға сапасы тиісті болып келмейтін тауар сатылғанына жұмыстар орындау, қызмет көрсету туралы шарттардың бұзылуына байланысты құқықтары, тұтынушылар өздерінің өмірімен денсаулыққа құқықтарын асырғанына байланысты қатынастарды. Жоғарыда аталғандар мен оның элементтері бөлшек сатып алу-сату шарттарындағы тараптар қарым қатынастары ерекшелігінің түйінін құрайды.Шарт бойынша, сатушы болып тек қана кәсіпкер тауарларды сататын ұйым немесе азамат табыла алады. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысанасы айналымнан алынып тасталмаған кезкелген заттар болуы мүмкін. Олардың қатарына жеке сипаттарымен де тектік сипаттарымен де анықталатын заттар жатады. Бір ғана тауар бөлшек сатып алу-сатудың да тауар жеткізілімі шартының да нысанасы бола алады (егер мысалы, жеңіл автокөлікті өз мұқтажында көлік ұйымы сатып алса). Егер автомобиль сатушысы жеке тұлға болса, онда бұл Азаматтық кодекстің жалпы нормаларымен реттелетін қарапайым сатып алу-сату шарты болып келеді. Қолда бар затты сатумен қатар келешекте пайда болатын заттар да сатылуы мүмкін. Келешекте пайда болатын заттар каталогтарға енгізілуі, ал өздері болса өндірісте әлі де шығарылмауы мүмкін. Бөлшек сауда болашақтағы заттар сатылатыны тұтынушының жағдайын ешқалайша нашарлатпауы, оған тәуекелдерді жүктемеуі керек. Бұл шартты сипаттайтын ерекшелік -- шарт шынайы орындалғанға дейін барлық тәуекелдер сатушының мойнында болып келеді.
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмүны.
Сатушының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарында бірне-ше ерекше міндеттері бар. Бөлшек сатып алу-сату шартын жаса-мақ алдында сатушы сатып алушыға тауар туралы қажетті және сснімді ақпарат беруі керек.
Кәсіпқой ретінде сатушы сатып алушыға берілетін ақпарат мазмұнын өзі айқындайды. Дегенмен, ақпарат өзіне міндетті кезеңдерді енгізуі қажет: олар, баға жөніндегі сенімді және қажетті хабар алушының қызықтырған өнім туралы тұтынушылық қасиеті жайлы мәлімет, затты тұтыну жайлы ереже, оны сақтау және қауіпсіз пайдаға асыру тәртібі. Ал азық түлік өнімдеріне қатысты өнімнің құрамы, қуаттылығы, денсаулыққа зиянды заттар құрамы және сақталу мерзімі туралы ақпарат берілуі тиіс. Бұл ақпарат тұтынушыға тек ауызша түрде жеткізілмейді, сонымен қатар өнімнің техникалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сатып алу-сату шартының түсінігі және маңыздылығы
ЖЕТКІЗІЛІМІ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ОРЫНДАЛУЫ
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының нысаны
Сатып алу шарты
Тауар сатып алушының және сатушының құқықтары мен міндеттері
Сатып алу-сатудың шартының элементтері
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасына сәйкес, тұтынушылардың құқықтарына сәйкес келетін, сатушылардың міндеттері
Қазақстан Республикасындағы сату-сатып алу шарттарыны
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Сатып алу-сату шарттары туралы түсінік, және олардың мәні мен маңызы
Пәндер