Міндеттемені бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1 МІНДЕТТЕМЕНІ БҰЗҒАНЫ ҮШІН АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ . . .
- Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық ұғымы, түрлері . . .
- Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылықтың формасы . . .
- Міндеттеменің өзгертілуі және тоқтатылу реттеріне байланысты жауапкершілік . . .
- Міндеттемені бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік . . .
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТЫҚ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЕРЕКШЕЛІГІ . . .
2. 1 Жеке тұлғаға келтірілген зиян негізінде туындайтын азаматтық-
құқықтық жауапкершілік . . .
2. 2 Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті жүзеге асырудағы моральдық зиянды өтеудің маңыздылығы . . .
- Меншік және өзге де заттық құқықтарға байланысты қалыптасатын азаматтық-құқықтық жауапкершілік . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ӘДЕБИЕТТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін және туәлсіздігін алғаннан бастап өз алдына құқықытық реформа сонің ішінде Қазақстандын азаматтық-құқық заңнамасында реформа жасау мақсаттарды қойған. Қазақстандын азаматтық-құқық заңнамасында реформасын іске асырғанда мемлекет 27. 12. 1994 ж. және 01. 07. 1999 ж. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі» Жалпы және Ерекше бөлімдерін қабылдаді [1-2] . Азаматтық-құқық заңнаманың өзгертілгеніне бір неше жыл болсада, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің проблемаларі коп болып, әле шешілген жоқ. Сол себеппен дипломдық жұмыстың тақырыбы өзектілі тақырып болып табылады.
Дипломдық жүмыстың тақырыбы өзектілі тақырыпқа жататына тағы да бір дәлелдемесі бар. Қазақстан Республикасы 1995 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясына шарт еркіндігі, азаматтын құқықтарын қорғау туралы нормаларды еңгізілді [3] . Нарықтық экономикада азаматтық-құқық субъектілері міндеттемелік қатынастарға қатысады.
Қазіргі Қазақстанда міндеттемелік құқық қоғамдық қатынастардың барған сайын кең ауқымын реттеп қалыптасуда. Ептеп болса да маңыздылығы бар барлық қоғамдық институттардың өзгеруіне алып келген нарықтық экономикаға өту жаңа міндеттемелер тудыруда, бұрынғыларды өзгеріске ұшыратуда.
Міндеттемелік құқықтың ерекшелігі сол - ол қоғамдағы қалыпты қатынастарды да, сонымен қатар қандай да бір қатынастардың (қорғаушы міндеттемелер, міндеттемені орындамағандықтан үшін жауапкершілік, міндеттемені қамтамасыз ету) бұзылуын да реттейді.
Қазіргі таңда Қазақстанда міндеттемелік құқық қоғамдық қатынастардың барған сайын кең ауқымын реттеп, күн асқан сайын кеңуде. Ептеп болса да маңыздылығы бар барлық қоғамдық институттардың өзгеруіне алып келген нарықтық экономикаға өту жаңа міндеттемелер тудыруда, бұрынғыларды өзгеріске ұшыратуда.
Азаматтық құқық қатынасқа қатысушылар өздеріне тиесілі міндеттемелерді ерікті түрде орындауы тиіс. Сонымен қатар, өмірде басқа да жағдайлар кездесуі мүмкін, яғни борышқор өзіне тиесілі міндеттемені орындамауы немесе мардымсыз орындауы мүмкін.
Осыған байланысты неси беруші мен борышқордың арасында түсініспеушілік туындауы ықтимал. Аталған салдар қатысушылардың мінез-құлқына дұрыс әсер ету үшін міндеттемені орындауда заңда немесе шартта оның орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін кеңіне талдау және де жан-жақты қарастыру.
Міндеттеме қатынастарының құқықтық реттелуін қарастыруі ұазырғы жағдайда өте маңызды деп ойлаймын. Қазіргі таңда кәсіпкерлер өздерінің міндеттеелерін орындамай басқа азаматтық құқық қатысушыларға зиян келтіріп жатыр. Сол себеппен сотта өте көп азаматтық іс жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасындағы құққықтық және экономикалық реформа, нарықтық қатынастың қалыптасуы, азаматтық-құқық субъектілерінің құқықтарының, азаматтық-құқық зандарын іс жүзінде колдануда бір қатар жаңа мәселелер тудырып отыр.
Осындай мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын мемлекетті дамытудың стратегиялық жоспары негізінде азаматтық құқықтарды қорғау ретінде тиісті жағдайда жауапкершілікке тартуға туралы бағдарламасын жасап келеді.
Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін және туәлсіздігін алғаннан бастап құқықытық реформа сішінде Қазақстандын азаматтық-құқық заңнамасына зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер туралы нормалар еңгізілді. Сол нормалар бойынша міндеттеме субъектісі болып кредитор (потерпевший) зиян шегуші және зиян келтіруші (должник) немесе өзге де, заң бойынша жауап берушілер болып есептеледі.
Міндеттеме дегеніміз - мүліктік салыстырмалы азаматтық құқықтық қатынас, оған сәйкес бір тарап (борышкер) екінші тараптың (несие берушінің) пайдасына мүлікті беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөнінде белгілі бір әрекет жасауға не белгілі бір әрекеттен бас тартуға міндеттенеді.
Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, бір жағынан заңдық жауапкершіліктің түрі бола тұрып, тағы да, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің бір түріне жатады, ол субъективтік азаматтық құқық бұзушыға қосымша азаматтық құқықтық міндеттерді немесе оған тиесілі азаматтық құқықтан айыру түрінде мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген қосымша мүліктік айыруды жүктеуге бағытталған, субъективтік азаматтық құқықтарды қорғаудың арнайы құқық қорғау шараларын қолдану деп анықталады.
Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілікке белгілі бір өзіндік ерекшеліктер ескерілген, азаматтық құқықтық жауапкершілік туралы негізгі ережелер таралады, оларға - жауапкершіліктің болуының негіздері мен шарттары, сондай-ақ міндеттемелік құқықтарды қорғауға қолданылатын белгілі бір санкциялар құрамы бойынша ерекшелік жатады.
Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік және міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік шараларына жататын санкциялар туралы мәселені қарағанда міндеттемені бұзғандық үшін жауапкешілік жүктеу міндеттемелік субъективтік азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдерінің бірі ғана екенің ескеру керек. Бұл, қорғау, сонымен қатар, регулятивтік және ескерту тәсілдері мен де жүзеге асырылуы мүмкін.
Міндеттемені бұзғандық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке топтастыру әртүрлі критерийлер негізінде жасалынады. Борышкерге міндеттемені бұзғаны үшін қолданылатын санкциялар бойынша жауапкершілік түрлерін топтастыруға болады. Бұл ретте жауапкершілік борышкердің шығындарды өтеу, тұрақсыздық айыбын төлеу, кепілпұл айыбын төлеу, моралдық зиянның орнын толтыру және т. б. жөніндегі жауапкершілігі сияқты түрлерге бөлінеді.
Бұл жерде тұрақсыздық айыбын төлеу шығындарды өтеу, жауаптылықтың кең таралған түрі реті
нде, бұрын жан жақты қаралған.
Шығынды өтеу азаматтық-құқықтық жауаптылықтың жалпы шарасы болып табылады, ол кез келген субъективтік азаматтық құқықты (міндеттемелік, заттық, ерекше және т. б. ) қорғауда қолданыла алмайды.
Шығындар ұғымы және азаматтық құқықты қорғаудың шығындарды өтеу сияқты тәсілдерін азаматтық құқықты бұзудың барлық жағдайларында қолдану мүмкіншілігі АК-ның 9-бабының 4-тармағында көзделген.
Шығындарды толық өтеу принципі құқықтың бұзылуына байланысты несие берушіде туындаған нақты залалдың да, және жіберіп алынған пайданың да өтелуін көздейді.
Жұмыстын мақсаты. Қазақстар Республикасы заңнамасы бойынша шығынның орнын толтыру азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шегі ретінде азаматтық-құқықтық реттеуін қарастыру дипломдық жұмыстын мақсаты болып табылады.
Жоспарға сәйкес автор есептерді құрастырды:
- міндеттемені бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің құқықтық табиғаты туралы сұрақты қарастыру;
- міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық ұғымы, түрлерін қарастыру;
- міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылықтың формасын қарастыру;
- міндеттеменің өзгертілуі және тоқтатылу реттеріне байланысты жауапкершілікті қарастыру;
- міндеттемені бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қарастыру;
Жұмыстың теориялық негіздері. Қазақстанда және Ресейде бұл тақырыпқа Б. Б. Базарбаев, Ю. Г. Басин, А. Т. Диденко, В. А. Жакенов, Р. А. Маметова, К. В. Мукашева, Л. Пак, Б. В. Покровский, А. П. Сергеев, М. К. Сүлейменов, Ю. К. Толстой, К. Б. Ярошенко және тағы да басқа ғалымдар көп еңбек жазған. Сол еңбектер оның көп зерттелгендігінің дәлелі бола алады.
Аталмыш жұмыс тақырыбына бірнеше ғылыми еңбектер мен нормативтік құжаттардың арналуына қарамастан кейбір жекелеген мәселелерінің сұрақтары шешілмегендегі айқын. Соған байланысты дипломдық бітіру жұмысы үлкен үш тарауға бөлініп, аталған мәселелерді көрсете отырып, шешу жолдарын қарастырады.
Осы жұмыс Қазақстан Республикасында шығынның орнын толтыру азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шегі ретінде туралы заңнама негізінде, сот тәжірибесі және ғылыми еңбектер негізінде жазылды.
Сондай-ақ бағамдық жұмыстың жоғарыда аталған мәселелерінің барлығын терең талқылай отырып, өз тұжырымдамамды ұсынамын.
1 МІНДЕТТЕМЕНІ ТОҚТАТУ ЖӘНЕ ОНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ
Міндеттемелік құқық - азаматтық құқықтың ең үлкен бөлімі, міндеттемелерге қатысты нормалар Азаматтық кодекс көлемінің жартысынан көбін алады.
Міндеттемелік құқықты заттық құқық, интеллектуалдық меншік, мұрагерлік құқық, халықаралық жеке құқық сияқты салалармен қатар азаматтық құқықтың бір саласы деп қарауға болады.
Міндеттемелік құқықтың ерекшелігі сол - ол қоғамдағы қалыпты қатынастарды да, сонымен қатар қандай да бір қатынастардың (қорғаушы міндеттемелер, міндеттемені орындамағандық үшін жауапкершілік, міндеттемені қамтамасыз ету) бұзылуын да реттейді [4, 145 б. ] .
Қазіргі Қазақстанда құқық қоғамдық қатынастардың барған сайын кең ауқымын реттеп, күн асқан сайын кеңуге. Ептеп болса да маңыздылығы бар барлық қоғамдық институттардың өзгеруіне алып келген нарықтық экономикаға өту жаңа міндеттемелер тудыруда, бұрынғыларды өзгеріске ұшыратуда.
Шарттардың жаңа түрде шығуды (рента, факторинг, франчайзинг, форфейтинг, сенімгерлікпен басқару, т. б. ) . бұл процесс жалғасуда.
Міндеттеменің өтпелі кезеңде экономиканы құқықтық реттеудің ең бір тиімді де сенімді аспабы болатындығы сөзсіз.
Азаматтық құқыққа бұрыннан белгілі біржақты мәміленің түрі-конкурс- қазіргі кезде мүлде өзге сипатқа ие болды, мемлекеттік меншікті жекешелендіргенде, жылжымайтын мүліктің ипотекасында, мемлекеттік тапсырыстар алғанда, банкроттыққа қолданыс тауып ұдайы дамып келеді. Сатып алу-сату (кәсіпорындарды, жерді, жер пайдалану, жер қойнауын пайдалану құқығы сияқты мүліктік құқықтарды сатып алу-сату және т. б. ), кепілге салу (ипотека, жер учаскесін, жер пайдалану және жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу, т. б. ) сияқты міндеттемелер едәуір өзгеріске ұшырады [5, 122 б. ] .
“Міндеттеме” ұғымы әртүрлі мағынада пайдаланылады:
- құқық қатынасы; борыш, міндет; осы міндетте көрсетілген құжат (қолхат, квитанция, вексель, чек, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттеме) .
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 268 бабында міндеттеме құқықтық қатынастар ретінде беріледі:" “Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т. б сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышкердің өз міндеттерін орындауға талап етуге құқылы. Несие беруші борышкерден атқарылғанды қабылдауға міндетті”.
Міндеттеменің жоғарыда келтірілген нышандарына сүйеніп оған анықтама беруге болады: міндеттеме дегеніміз - мүліктік салыстырмалы азаматтық құқықтық қатынас, оған сәйкес бір тарап (борышкер) екінші тараптың (несие берушінің) пайдасына мүлікті беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөнінде белгілі бір әрекет жасауға не белгілі бір әрекеттен бас тартуға міндеттенеді [6, 101 б. ] .
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 268-бабында кейбір сөздер өз мәнінде берілмеген: «мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу, т. б. » Мүліктік сипаттағы «жұмыс» та, «ақша» да «мүлік» ұғымына қамтылған. Сонымен қатар, ақша заттар құрамына мүліктің бір түрі ретінде кірген. Ал, борышкердің қызмет көрсету сияқты маңызды әрекеттері туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 268-бабында айтылмайды да. Сондықтан да, былай келтірілген дұрыс болар еді: «Заттар мен мүліктік құқықтарды беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету» [1] .
Белгілі бір әрекетке бармау міндеті, яғни әрекетсіздік борышкер міндетінің мазмұны ретінде міндеттемеде сирек кездеседі. Әрекеттер жасауға бармау міндеті, әдетте, әрекет жасау міндетіне қосымша болып табылады. Мысалы, кепіл міндеттемесі бойынша кепіл ұстаушы немесе сақтау шарты бойынша сақтаушы кепілге салынған немесе сақтауға берілген мүлікті пайдалануға құқылы емес, егер шартта басқадай көзделмеген болса.
1. 1 Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық ұғымы, түрлері
Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, бір жағынан заңдық жауапкершіліктің түрі бола тұрып, тағы да, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің бір түріне жатады, ол субъективтік азаматтық құқық бұзушыға қосымша азаматтық құқықтық міндеттерді немесе оған тиесілі азаматтық құқықтан айыру түрінде мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген қосымша мүліктік айыруды жүктеуге бағытталған, субъективтік азаматтық құқықтарды қорғаудың арнайы құқық қорғау шараларын қолдану деп анықталады [7, 158 б. ] .
Заңдық жауапкершіліктің түрі бола тұрып, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, сөзсіз, қандай да бір теріс салдарды құқық бұзушыға жүктеу болып табылады. Сонымен қатар, міндеттемені бұзғандық үшін жұмыс жасау, қызмет көрсету, ақша сомасын төлеу жөніндегі қосымша міндеттемемен, не мүлікке қандай да бір құқықтан айыру түріндегі белгілі бір қосымша мүліктік айырумен сипатталады, ол тікелей қолайсыз мүліктік салдарларға алып келеді. Міндеттемені бұзғандық үшінжауаптылық, кез-келген азаматтық-құқықтық жауапкершілік сияқты, әрқашанда мемлекеттік мәжбүрлеумен немесе сондай мәжбүрлеумен қорқыту арқылы қамтамасыз етіледі. Сондықтан, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілікті міндеттемелік азаматтық құқықты бұзушыға қосымша азаматтық-құқықтық міндет жүктеу немесе оны, өзіне тиесілі азаматтық құқықтан айыру түрінде, мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген қосымша мүліктік айырулар жүктеу деп анықтауға болады [8, 201 б. ] .
Жауапкершілік қолданудың АК-нын 349-бабында бекімін тапқан негізі деп міндеттеменің борышкердің міндетіне жататын кез келген шартын, атап айтқанда, орындау уақытын, орнын, тәсілін, санын, сапасын, тауарлардың ассортиментін, жинақтылығын және т. б. оның бұзуын түсіну керек.
Көлемі, маңыздылық дәрижесі және құқықтық салдары бойынша алғанда міндеттемені бұзу, әдетте, екі түрге бөлінеді: міндеттемені орындамау, яғни міндеттемені толықтай бұзу; міндеттемені тиісінше орындамау, яғни міндеттемені оның мазмұнында анықталған қандай да бір жеке жағдайларды бұзып орындау.
Міндеттемені борышкердің тікелей өзінің орындауы елеулі жағдайларға жататын не ондай орындау заңнама талаптарынан туындайтын (императивтік талап) жағдайларда орындаушының алмасуыда міндеттемені бұзғандық болып табылады, ол да жауапкершілік шараларын қолдануға негіз болып табылады.
Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік ұғымы туралы мәселені қарағанда жауапкершілікпен негізгі міндеттеменің ара қатынасы проблемасында айналып өтуге болады. Жауапкершілікті жүктеу субъективтік азаматтық құқықты бұзумен байланысты екендігіне қарамастан азаматтық құқықтық жауапкершілік сырттай бұзылғаннан бөлек ерекше міндеттеме болып көрінеді. Әңгіме салыстырмалы құқықтардың бұзылуы болған жағдайда, оларға міндеттемелік субъективтік азаматтық құқықтар жатады, жауапкершілік борышкерге құқық бұзушылық жасауы нәтижесінде алғашқыдан туындайтын қайтара міндеттеме жүктейді [9, 187 б. ] . Өзінің заңдық мәні жағынан мұндай қайтара міндеттеме қорғаушы құқық қатынастарының өзінше бір түрі болып табылады және оның реттеуші құқықтық қатынастар тобына жататын алғашқы міндеттемеден айырсмашылығы осында.
Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылықтың түрлері. Міндеттемені бұзғандық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке топтастыру әртүрлі критерийлер негізінде жасалынады.
Шарттың бұзылған міндеттеменің және құқық бұзушының жауапкершілігінің негізі болатын -болмайтындығына қарай да топтастыру жүргізуге болады. Бұл ретте шарттық және шарттан тыс жауапкершілік болып бөлінеді, оларда құқықтық реттеуде, құқық бұзушының жауапкершілігінің шегін тараптардың келісімімен өзгерту мүмкіндігінде елеулі айырмашылығы бар. Шарттық жауапкершілікке шарт бойынша контрагенттің жауапкершілігі жатады, мысалы, сатушының, жалдаушының, сақтаушының жауапкершілігі. Егер, азаматтық заңнаманың міндеттемесінің кейбір түрлерін реттейтін нормалары императивтік міндеттеу көздемеген болса, шарттық міндеттемеде тараптардың келісімімен жауапкершіліктің шегін өзгерту, жауапкершілікті шектеу және т. б. мүмкін болады. Шарттан тыс жауапкершілік, әдетте, азаматтық құқықтың қандай да бір шартсыз міндеттеме туындау жағдайын және мәнжайын, борышкердің мынадай міндеттеме бойынша жауапкершілігін, жауапкершілік шектерін, құқық бұзушылықтың құрамын және т. б. қарастыратын императивтік нормалардың арқасында туындайды. Шарттан тыс жауапкершілікке, мысалы, борышкердің сыйақы көпшілік алдыңда уәде беруден, тапсырмасыз қызметтен, зиян келтіруден, негізсіз баюдан және т. б. туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілігі жатады [10, 89 б. ] .
Борышкерге міндеттемені бұзғаны үшін қолданылатын санкциялар бойынша жауапкершілік түрлерін топтастыруға болады. Бұл ретте жауапкершілік борышкердің шығындарды өтеу, тұрақсыздық айыбын төлеу, кепілпұл айыбын төлеу, моралдық зиянның орнын толтыру және т. б. жөніндегі жауапкершілігі сияқты түрлерге бөлінеді. Бұл жерде тұрақсыздық айыбын төлеу шығындарды өтеу, жауаптылықтың кең таралған түрі ретінде, бұрын жан жақты қаралған.
Борышкердің тұрақсыздық айыбын төлеу мен шығындарды өтеу жөніндегі үшін жауапкершілігінің айрықша бір түрі ретінде борышкердің бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілігін атау керек. Бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғандық үшін АК-ның 353-бабына сәйкес заңды тұрақсыздық алынатын мерзімді анықтаудың өзге тәртібі заңнамамен немесе шартпен анықталуы мүмкін . Яғни, міндеттемелердің кейбір түрлері үшін заңнама ережелерімен не Шарт талаптарымен бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшін тұрақсыздық айыбы есептелетін аз мерзім белгіленуі мүмкін, атап айтқанда, ауқымда тұрақсыздық айыбын есептеуге болатын ең шекті мерзім белгіленуі, не еңшекті мөлшер белгіленуі мүмкін.
АК-ның 353-бабының 1-тармағына сәйкес, тұрақсыздық айыбының мөлшері ақша міндеттемесін немнгсе оның тиімті бөлігін орындаған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржылаудың ресми ставкасы бойынша есептеледі. Сонымен қатар, заңды тұрақсыздық айыбын сот арқылы өндіргенде сот несие берушінің талабын талап арыз берілген күнгі қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сүйеніп қанағаттандырады. АК-ның 353-бабының 1- тармағында бекімін тапқан, заңды тұрақсыздық мөлшерін анықтау тәртібі туралы ереже, бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғандық үшін заң актілерінде немесе шартта тұрақсыздық айыбының өзге мөлшері бөлінбеген жағдайда, толықтырушы болып қалады. Яғни міндеттеменің кейбір түрлері үшін заң актілерінің ережелерінде немесе шарт талаптарымен тұрақсыздық айыбының өзге мөлшері белгіленуі мүмкін, атап айтқанда, Ұлттық Банктың қайта қаржыландыру ставкасымен салыстырғанда одан асатын не төмендеу мөлшер белгіленуі мүмкін.
Бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғандық үшін тұрақсыздық айыбы, АК-ның 353-бабының 3-тармағына және ережелерге сәйкес, есептік деп аталады, және өндірілген тұрақсыздық айыбының мөлшері осындай пайдаланудан келген шығындардың сомасына есептеледі.
Сондықтан, ақшасын борышкер заңсыз пайдаланған адам, сол ақшаны заңсыз пайдаланудан келген шығындарды тұрақсыздық айыбының мөлшерінен аспайтын бөлікте борышкердің өтеуін талап етуге құқылы [11, 56 б. ] .
Моральдық зиянның орнын толтыру жеке мүліктік емес құқықтарға арналған тарауда, сондай-ақ келген зияннан туындайтын мәнжайларға арналған тарауда жан-жақта қаралған.
Моральдық зиян дегеніміз жәбірлеушінің құқықтың бұзылуы, оның ішінде міндеттемелік құқықтың бұзылуы нәтижесінде басынан өткізген дене және көңіл күйзелісі (қорлануы, ашулануы, ұялуы, таба болуы, көңілінің қынжылуы, құлазуы және т. б. ) Моральдық зиян ақша түрінде өтеледі. Моральдық зияның орнын толтырғанда өзіне келген моральдық залалдың ауырлығын жәбірлеушінің субъективтікбағалануы да, жәбірленушінің дене және көңіл күйзелінісідәрижесін көрсететін объективтік деректер де ескеріледі(қол сұғу нысанына айналған игіліктің өмірдегі маңыздылығы, құқық бұзушылық салдарынан ауыртпашылығы, жалған мәліметтердің сипаты және таралған өрісі, жәбірленушінің өмір сүру жағдайы және назар аударуға тұрарлық басқа да мән-жайлар) . Шығындарды өтеу мен моральдық зияндық өтеудің ара қатынасына келетін болсақ, АК-ның 352-бабына сәйкес, моральдық зиян міндеттеме бұзылудан келген зияннан тысқары өтеледі.
Борышкер жағындағы адамдар көп болса, олардың арасында жауапкершілікті бөлу өзінің сипатына қарай үлесті, ортақтастық және субсидиялық жауапкершілік болып келеді. Тараптардың адамдарының көптігін анықтау тәртібі АК-ның 269-бабының 2- тармағында көзделген.
1. 3 Міндеттеменің өзгертуі және тоқтатылу реттеріне байланысты жауапкершілік
Міндеттеме ұғымының түбегейлі тұжырымдалған заңды негізі не? Біз оны қалай түсінеміз? Бұл туралы Азаматтық кодекстің 268-бабында: "Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т. б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті", - деп атап көрсетеді. Демек, міндеттеме - азаматтық құқықтық қатынастың бір түрі. Ал, талап ету мен міндеттеме несие беруші мен борышқорға өзара жауапкершілік жүктейтін екі жақты құқықтық қатынасқа жатады. Екі жақты құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда - талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып қарағанда-міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz