Сақтандыру ережелері мен шарты


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. Тарау. Сақтандыру туралы жалпы ережелер . . .
1. 1 Сақтандыру туралы заңнама . . .
1. 2 Сақтандыру құқығының негізгі түсініктері . . .
2. Тарау. Сақтандыру шарты . . .
2. 1. Сақтандыру шартының нысаны . . .
2. 2. Сақтандыру шартының элементтері . . .
2. 3. Сақтандыру обьектісі . . .
2. 4. Сақтандыру шартының мазмұны . . .
2. 5. Сақтандыру шартының жарамсыздығы . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
К і р і с п е
Кәзіргі жағдайда сақтандыру ұғымы өмірдің әр алуан салаларында барынша жиі болатын жағдайлардың теріс әсерінен заңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерін қорғау әдістерінің бірі деген анықтамамен түсіндіріледі. Адамдар жиі-жиі табиғи төтенше жағдайлардан: өрттерден, су тасқыны, сел және осы сияқты тағы да басқа жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерінен айырылу мүмкіндігінен сақтануды қалайды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше іскерлікке деген тәуекелдердің өсуінен пайда болады, ал кейде іскерлік әріптестердің сенімсіздігінен, нарықтағы бағалардың (құндылықтардың) кенет өзгеріп кетуінен, шарт бойынша әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты жағдайлардан тұлғалардың өз мүліктерін сақтандыруға деген ынталары арта түседі. Өз кезегінде бұл сақтандыру қатынастарының дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт ағымында мұндай қажеттіліктер азаймайды, керісінше, азаматтардың мүліктік жағдайларының жақсаруына байланысты және кәсіпкерліктің дамуының салдарынан сақтандырудағы қажеттілік арта түседі. Айтылғандардың сенімділігін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 27. 11. 2000 жылы бекітілген № 491 «2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасын» қабылдау фактісі растайды. Бұл бағдарламаның мақсаты ретінде кәзіргі заман талабына сәйкес тұрақты ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру белгіленген (аталған) болатын. Мұндай сақтандыру нарығы мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық субьектілерінің мүдделерін қорғаудың шынайы құралы болу қажет. Осымен қоса, тиімді сақтандыру жүйесін құру, мемлекеттік-әлеуметтік саясаттың бір құрамасы ретінде де танылуы керек.
Бағдарламада атап өтілгендей, сақтандыру саласы адам өмірінің өндірістік және әлеуметтік, экономикалық қызметтерінің барлық жағын қамтиды. Сақтандырудың дәстүрлі орын толтыру (компенсациялық) міндетімен бірге өзге де міндеті қарастырылған. Енді сақтандыру жинақтау - қаражат сақтау міндетін де атқаруы қажет. Сақтандырудың мәні бірқатар факторлармен анықталады. Ол мемлекет тарапынан қаралған шаралар көлемі мен сипатынан тәуелсіз халық пен ұйымдардың әр алуан мүдделерін қосымша қорғауды ұсынуға мүмкіндік береді. Табиғи және техногендік апаттар әсерлерін жою бойынша шығындардың негізгі ауыртпалығы кәзіргі уақытта мүмкіншіліктері обьективті шектеулі болып келетін мемлекеттік бюджетке түседі. Сақтандыру осы қолайсыздықты жоюы тиіс. Бұдан басқа сақтандыру механизмін пайдалану өндірісте қолданылып жүрген технологияның жетілдірілуіне, кәсіпкерлік қызметтің жедел дамуына мүмкіншілік береді.
1. Сақтандыру туралы жалпы ережелер
Сақтандыру жүйесі республиканың экономикасының тұрақты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды көтеру үшін қосымша негізді құруға, азаматтар мен шаруашылық субьектілерінің мүлкін сақтандыруға әсер етуі қажет. Сақтандыру мәселелері медицинаны қоса алғанда, әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей қатысты. Кәзіргі заманғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке келесі міндеттер қатарын шешуге мүмкіндік береді:
- табиғи техногендік сипаттағы қарастырылмаған шығындарды толтыруда мемлекеттік бюджетке түсетін ауыртпалықты азайтуды;
- нарықтық экономика принциптеріне сай сақтандыру жәрдемімен әлеуметтік қамтамасыз етудің жекелеген мәселелерін шешуге жинақталған зейнетақыны төлеуге, еңбекке қабілеттілікті жоғалтуға, асыраушысының қайтыс болуына, жұмыссыздыққа жәрдемақыларды төлеуге, денсаулық сақтауға қатысты шығындардың орнын толтыруға;
- халық пен ұйымдардың қаражаттарын ұзақ мерзімді негізде ұлттық экономикаға шоғырландыру міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
Мемлекет бұдан бұрын жеткілікті қуатты әлеуметтік кепілдіктер жүйесін қамтамасыз етуге қабілетсіз болып шықты. Кепілдіктерді қамтамасыз ету міндеті кәзір сақтандырудың «иығында» болып тұр. Осымен қатар, бірқатар мамандықтардың қауіптілігінің «дәрежесі» өсе түсті. Құқық қорғау органдары ұйымдасқан (кәсіби) қылмыспен бетпе бет келді, техногенді апаттардың саны мен зардабы арта түсті. Нарық жағдайында (жаңа еңбек қатынастарында) адамның өмір сүруі үшін өмір мен денсаулыққа келтірілген зардаптарды қалпына келтіруде қандай да болсын бір мүмкіншілігі болуы өте маңызды. Жоғары қауіптілік көздерімен келтірілген зардаптардың орнын толтыру (соның ішінде, автомобиль көлігі және тағы да басқа) маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Мұның барлығы Қазақстан Республикасында нарықтық қайта қалыптасу кезеңінде сақтандыру саласында ең маңызды өзгерістердің басталуына негіз қалаған заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің қабылдануына әкелді. Бірінші кезекте өзін тиімсіз қылып көрсеткен сақтандырудың мемлекеттік жүйесінен толығымен бас тартылды. Бәсекеге негізделген сақтандыруға жол ашылды. Сақтандыру кәсіпкерлік түрінің біріне айналды және ол қазіргі таңда кәсіпкерліктің ең жоғары ұйымдастырылған түрлерінің біріне айналды. Сақтандырумен әлеуметтік міндеттерді орындалудың маңыздылығын есепке ала отырып, мемлекет сақтандырудың дамуын бақылаусыз жіберген жоқ. Сондықтан, сақтандырудың дамуы қазіргі заманғы құқықтық салалардың бірінің сақтандыру құқығының дамуымен бірге болды.
А. И. Худяковтың анықтамасына сәйкес: «сақтандыру құқығы елдегі сақтандыру ісін ұйымдастыру және сақтандыру қызметін жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы». Сақтандыру ісінің дұрыс ұйымдастырылуы - сақтандыруға жататын жағдайлар әсерінен зардап шеккен тұлғаларға мүліктік өтем жасау мақсатына жетуді қамтамасыз ететін тікелей құрал болып жеке жасалған азаматтық құқықтық шарт ретінде анықталады.
А. И. Худяков азаматтық құқық үлесіне шарттық сақтандыру міндеттемесінің жалпы құрылысын анықтауды жатқызады. Біздің көзқарасымыз бойынша, азаматтық құқық көзқарасынан шарттық қатынастар шеңберінде пайда болатын барлық мәселелерді қажетті реттеу, сақтандыру қатынастарының ықылассыз қатысушыларына азаматтық құқықтық әсер етудің шегі мен мазмұнын анықтау проблемасын шешу қажет. Шарттың толық құнарлы жүйесінің болмауы, біздің көзқарасымыз бойынша, КСРО кезінде қалыптасқан сақтандырудың әлсіз жақтарының бірі болды. Сақтандыру шартын қарастыруда біз әкімшілік (қаржылық) құқық саласына жататын құқықтық нормалар әрекетін ескермесек болмайды. Сақтандыруға арналған заң актілерінде аталған шартты қарастыруда да пайдаланылатын түсініктер жиынтығы бар.
1. 1. Сақтандыру туралы заңнама.
Осыған дейін біршама уақыт бұрын сақтандыру қатынастарын кешенді реттейтін заң актісі болып Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 3 қазанында қабылданған «Сақтандыру туралы» заң күші бар Жарлығы саналды. 2000 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Сақтандыру туралы» жаңа Заңы қабылданды, кәзір ол заңгерлер тарапынан жоғарғы бағаланады.
Онда сақтандыру ісін ұйымдастыруды кәзіргі заманғы талаптарға сәйкес келтіруді қамтамасыз ететін шаралар қарастырылған. Азаматтық құқықтық сақтандыру қатынастарын реттейтін нормалар көбінесе Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің «Сақтандыру» деп аталатын 40-шы тарауында мазмұндалған.
Сақтандырудың жекелеген түрлерін реттейтін бөлек бірқатар нормативтік актілердің де тізімі бар. Мысалы, 1996 жылдың 31 қазанында қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1319 Қаулысы және 1997 жылдың 2 сәуірінде қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 460 Қаулысын айта аламыз.
Сақтандыру қызметіне бақылау жүргізу туралы ережелер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылдың 30 наурызында қабылданған Заңында баяндалған. Сонымен бірге, сақтандыру туралы жекелеген нормалар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылдың 31 тамызындағы Заңында да бекітілген.
1. 2. Сақтандыру құқығының негізгі түсініктері
Сақтандыру құқығы арнайы түсіндіруді талап ететін терминдерге толы құқықтық салалардың біріне жатады. Ресми түсіндіру кезінде түсініктер (терминдер) қолданылатын нормаларды талқылап, оларды әр түрлі мағынада түсіну қаупінен қорғалу басты назарда болуы шарт. Сонымен бірге, түсініктерді анықтау бұл кәзіргі құқықта кеңінен қолданылатын тәсіл, ол нормативтік актілерді заң техникасы көзқарасынан жетік қылуға (материалды артық қайталамауға) мүмкіншілік береді. Сақтандыру құқығының негізгі түсініктері Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының 3, 4 баптарында, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 817-820 баптарында ашылады.
Сақтандыру - сақтандыру шартымен анықталған, сақтандыру ұйымының жеке активтері есебімен тікелей сақтандыру төлемдерін қалыптастыратын сақтандыру жағдайы немесе басқа жағдайлардың пайда болуындағы заңды және жеке тұлғалардың заңды қызығушылығын мүліктік қорғау жөнінде қатынастар кешенін ұсынады.
Сақтандыру қызметі - Қазақстан Республикасы заңдары талаптарына сәйкес мемлекеттің өкілетті органының лицензиясы негізінде қалыптасатын сақтандыру шарттарын орындау және бекітумен байланысты сақтандыру ұйымдарының қызметі.
Сақтандыру жағдайы - сақтандыру шарты сақтандыру төлемін төлеуді қарастыратын жағдай болып табылады. Сақтандыру жағдайы табиғи әсер, техногендік сипат және нақты адам әрекеті ретінде өз пайда болу себебін иемденетін жағдай. Сонымен қатар, сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын жағдай кездейсоқтылық және ықтималдық белгілеріне иемденуі қажет. Сақтандыру жағдайының түсу ықтималдығының деңгейі шарт жақтарымен өз бетінше бағаланады және жағдайдың ықтималдығы болмай қоймайтындыққа жақын болмауы қажет, соңғысы орын алса мұндай жағдай кездейсоқ болмайды. Жағдай орын алудың ықтималдылығы мен кездейсоқтығының талаптары жинақтау сақтандыру шарттары бойынша қарастырылатын фактілерге (оқиғаларға) қолданылмайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 817 бабының 3 тармағы) .
Сақтандыру жағдайларының түрі заң актілерімен (сақтандыру міндеті болып келген кезде) және шарттарымен (сақтандыру ерікті болып келген жағдайда) анықталады.
Актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық, математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке тұлға;
Сатып алу сомасы - жинақтаушы сақтандыру шарты қолдану мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы.
Сақтандыру ережелері - белгілі бір сақтандыру түрі бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын сақтандыру ұйымының құжаты.
Қайта сақтандыру (цедент) - өз қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы. Қайта сақтандыру - сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы қабылдап, кейіннен өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру тәуекелдерінің бәрін немесе бір бөлігін беруге байланысты қызмет және соған байланысты туындайтын қатынастар.
Сақтандыру сыйақысы - сақтандырушының сақтандыру шарты мен аннуитетте анықталған мөлшерде сақтанушыға сақтандыру төлемін жүргізудің соңғы міндеттемелерін қабылдау үшін төлеуге міндетті ақша сомасы. Сақтандырушыдан алынған сақтандыру сыйақылары сақтанушының меншік құқығына жатады.
Сақтандыру сомасы - сақтандыру обьектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайының пайда болуындағы жауапкершіліктің шектеулі көлемін ұсынатын ақша сомасы.
Сақтандыру төлемі - жинақтаушы сақтандыру шартында анықталған, сақтандыру жағдайының келіп түсуінде немесе мерзімнің келіп түсуіндегі сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандырушы мен сақтанушыға төленетін ақша сомасы. Сөйтіп сақтандыру төлемі сақтандырушы іс жүзінде төлейтін ақшалай сома болып келеді. Осыдан сақтандыру төлемінің сақтандыру сомасынан айырмашылығы көрінеді.
Келтірілген түсініктер тізімі аяқты болып табылмайды, бірақ олардың кейбіреулерін сақтандыру қатынастарын одан әрі қарастыру жүрісінде ашу орынды болып келеді. Қазір күшіндегі сақтандыру туралы заңнама сақтандырудың қолданылатын жіктелуінің күрделенуімен ерекшеленеді. Қазір Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының 6 бабына сәйкес сақтандыру - салаларға, кластарға, түрлерге жіктеледі.
Сақтандыруды салаларға бөлу сақтандырудың әр түрлі обьектілерімен байланысты. Сақтандырудың барлық түрлерін екі топқа бөлу қарастырылған:
- өмірді сақтандыру;
- жалпы (аннуитетті) сақтандыру
Аталған сақтандыру саласының біріншісі заңмен қорғалатын игіліктердің арасындағы ең жоғарғы құндылық болып табылатын азаматтар өміріне қатысты болып келеді. Өмірді сақтандыру саласы бірқатар болмай қоймайтын обьективтік сипаты бар өмірлік жағдайларда сақтандырылған (пайда алушы) тұлғаға ақша төленуін қарастырады. Бұл тұлғаның қартайған шағында мүліктік мүдделерін кешенді қамтамасыз етуге, адамды жерлеуге шығындарды өтеуге, тағы сол сияқты мүмкіншіліктер қатарын береді. Осы себептен өмірді сақтандыру өмірді азаматтық құқықтық тәсілдермен қорғаудың бір жолы болып келетін айтуға болады.
Ерікті нысанда сақтандыру өмірді сақтандыру саласына өз кезегінде кластарды енгізеді. Ерікті өмірді сақтандыруда екі класс қарастырылған:
- сәтсіз оқиғадан және аурулардан сақтандыру;
- медициналық сақтандыру;
- автомобиль көлігін сақтандыру;
- темір жол көлігін сақтандыру;
- әуе көлігін сақтандыру;
- су көлігін сақтандыру;
- жүктерді сақтандыру;
- көлік пен жүктерді сақтандыруды қоспағанда, мүлікті сақтандыру;
- кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
- автомобиль көлігі иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
- темір жол көлігі иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
- әуе көлігі иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- су көлігі иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- тасымалдаушының азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- шарт бойынша азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- зиян келтіргені үшін азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
Ерікті сақтандыру нысанындағы әр бір кластың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар өкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. Сонымен, сақтандырудағы әр бір класқа байланысты заңнама заңды нормативтік актілері бойынша арнайы реттеуді қарастыруы қажет. Осыған байланысты сақтандырушылар үшін сақтандырудың әр бір класы бойынша жалпы жағдайлар көбіне императивтік (міндетті) болып анықталатынын айтуға болады. Бұның өз сыры бар, міндетті реттеу сақтандырушылардың қызметін пайдаланатын субьектілерінің мүдделерін ескеруіне мүмкіндік береді.
Заңнамада берілген анықтамаға сәйкес, сақтандыру түрі - сақтандыру ұйымы әзірлейтін және ұсынатын сақтандыру өнімі болып табылады. «Өнім» деген түсінікті қолдану интеллектуалдық меншік категорияларын ойға шақырады. Мұндай шарттарда коммерциялық құпиялы болып келетін мәліметтердің болуы мүмкін. Бірақ, «өнім» деген түсінікті біз басқа да позицияда бағалай аламыз. Сақтандыру түрі сақтандырушының да, сақтанушының да (пайда алушының) мүдделерін ескеруді қамтамасыз ететін заңның міндетті нормаларына қайшы келмейтін және онда сақтандырудың барлық керекті жағдайлары ескерілген шарт болып келеді. Заңда сақтандыру нысанының түсінігі де қарастырылған. Ол «сақтандыру түрлері» деген бұрын күшінде болған заңнаманың түсінігіне сәйкес келеді. Сақтандыруды нысандарға бөлу әр түрлі негіздер бойынша жүргізіледі.
Міндеттілік дәрежесіне қарай сақтандыру: ерікті және міндетті болады. Соңғы жылдары міндетті сақтандыру кеңінен қолданыс табуда. Мәселен, әскери қызметкерлердің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын міндетті сақтандыруды және судьялардың өмірі мен денсаулығын, мүлігін міндетті сақтандыру тәжірибеде кеңінен қолданылуда. Міндетті сақтандыру азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандыру саласында дамыған қатынастардың бірі. Оған дәлел ретінде автомобиль көлігі иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігі, нотариустардың және кейбір өзге субьектілердің азаматтық құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жататындығы факт бола алады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52 бабына сәйкес, банктердегі тұлғалардың салымдары (депозиттері) ұжымдық сақтандыру арқылы сақтандырылуға жатады.
Міндетті сақтандырудың түрлері, тәртібі мен талаптары заң актілерімен белгіленеді. Өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндетін азаматтарға заң актілерімен де, шартпен де жүктеуге болмайды. Өмірді және денсаулықты сақтандыру жағдайларында міндетті сақтандыру - сақтандыру қатынастарында сақтанушының (сақтандырылған тұлғадан бөлек қатысуын) міндетті қатысуын талап етеді. Шартта сақтанушы болып азаматтармен еңбек қызметтік қатынаста тұратын (түсетін) тұлға - мемлекеттік орган болады. Мұндай жағдайда сақтандыру сақтанушы қаражатының есебінен жүргізіледі. Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырудың осы түрін реттейтін заң актілерінде жазылған талаптар бойынша сақтандырушымен шарт жасауға міндетті. Міндеттілік негізінен сақтандыру обьектілеріне, сақтандыру жағдайларының тізіміне тиесілі сақтандыру төлемінің көлеміне қатысты болып келеді. Сақтандыру төлемдерінің мөлшері өз кезегінде сақтанушының сақтандыру сыйақыларын төлеу міндетіне әсер етеді. Заң актілерінде анықталғандай, пайдасына міндетті сақтандыру жүзеге асырылуы тиіс болған адам, егер оған оның сақтандырылмағандығы белгілі болса, осы міндет жүктелген тұлғадан өзінің сақтандырылуын сот тәртібінде талап етуге құқылы.
Егер сақтанушы міндетті сақтандыру шартын жасамаса немесе оны заңда көзделген нұсқамен салыстырғанда төмен деңгейде жасалса, ол сақтандыру жағдайы (оқиғасы) орын алған кезде сақтандырылғандардың алдында өзі жауапты болады. Сақтанушы жауапкершілігінің көлемі осындай жағдайда тиісті сақтандыру жүзеге асырылған кезде сақтандырылуға тиесілі болатын сақтандыру төлеміне сәйкес болып келеді. Міндетті сақтандыру шартын жасаудан сақтандыру ұйымының да жалтаруға құқығы болмайды. Егер сақтандырушының шарт жасаудан бас тартуы орын алса, онда сақтанушы соттық тәртіппен сақтандырушыдан өзімен шартты жасауды талап ете алады. Ерікті сақтандырудың міндетті сақтандырудан айырмашылығы, ол толығымен тараптардың ерік білдіруіне негізделеді. Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
Обьекті бойынша сақтандыру: жеке және мүліктік болып бөлінеді. Азаматтың өмірін, денсаулығын, еңбекке қабілеттігін және басына байланысты өзге де мүдделерін сақтандыру (мысалы, олардың белгілі жасқа келгенін сақтандыру) жеке сақтандыруға жатады. Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі, сондай-ақ шартта аталған басқа (пайда алушы) адам сақтандырылған болуы мүмкін. Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер мен азаматтық құқықтық жауапкершілікті қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру мүліктік сақтандыруға жатады. Мүлікті сақтандыру кезінде мүліктің жоғалуы (жойылуы), жетіспеуі немесе бөлінуі және заңда көзделген өзге де мүліктік құқықтар сақтандырылады. Сақтанушының немесе пайда алушының мүліктерді сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болып табылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде сақтанушы ретінде іс-қимыл жасайтын кәсіпкердің шарттары бойынша әріптестерінің өз міндеттемелерін бұзуынан болуы мүмкін залалдардың тәуекелі немесе кәсіпкерден тәуелсіз жағдайлардан осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі, соның ішінде, күтілген кірісті алмай алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Мүлікті сақтандырудан айырмашылығы сақтандырудың бұл класында тек сол сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін. Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алушының) пайдасына жасалған шарт жарамсыз болады.
Азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандыру кезінде басқа тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын жауапкершіліктің болу тәуекелі (қаупі) сақтандырылады. Азаматтық құқықтық шарттардан және басқа да негіздерден пайда болатын міндеттемелерді бұзуға байланысты пайда болуы мүмкін жауапкершіліктер де сақтандырылуы мүмкін. Бұрынғы заңнамамен салыстырғанда, кәзіргі заңнама сақтандыру нысандарының тізімін көбейтті. Енді сақтандыру нысаны сақтандыру төлемін жүргізудің негізі арқылы да анықталады. Осыған байланысты сақтандыру тағы да екі нысанға бөлінеді, олар: жинақтаушы және жинақтаушы емес деп бөлінеді.
Сақтандыру - төлем төленуін сақтандыру шартында белгіленген кезең аяқталған уақытта және сақтандыру жағдайы туындағанда төленуі қарастырылатын сақтандыру жинақтаушы болады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 80, 91 баптары) . Яғни, жинақтаушы сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайы болмауы да мүмкін. Аннуитет шарты жинақтаушы сақтандыру шарттарына жатады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 80, 91 баптары) . Аннуитет шартының түсінігі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 80, 91 баптарында берілген. Аннуитет шарты сақтандырушыны шартта белгіленген мерзім ішінде пайда алушының пайдасына мерзімді төлемдер түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті ететін сақтандыру шарты болып табылады. Сақтандыру төлемдерінің негізгі ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңында берілген аннуитеттік сақтандыру түсінігінен көруге болады (7 баптың 2 тармағы) . Соған байланысты аннуитеттік сақтандыру сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Кейбір жағдайларда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі үшін негіз болып заңмен қарастырылған мерзімнен өткенін көрсететін заңды факт есептеледі. Сақтандырудың «жинақтаушы емес» түрінде сақтандырудың төлемін жүргізудің негізі болып тек белгілі сақтандыру жағдайы есептеледі. Көрсетілген сақтандыру нысандарының тағы бір ерекшелігі сақтандыру жүргізіліп жатқан обьектілердің өзгешелігі болып табылады. Жинақтаушы сақтандыру шарттары тек қана жеке сақтандыру бойынша жасалуы мүмкін. Мазмұны сақтандырудың көрсетілген нысандарынан ерекшеленетін сақтандыру қызметі пайда болса, бұл сақтандыру қызметін лицензиялау үшін заңнамада сақтандырудың нысандары бойынша жіктеулер қарастырылуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz