Қылмыстық заңның түсінігі
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
а) Қылмыстық заң
ә) Қылмыстық заңның түсінігі
б) Қылмыстың заңдық құрылымы
в) Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуы
г) Қылмыстық заңның белгілі уақытта қолданылуы
д) Қылмыстық заңды түсіндіру.
ІІІ Қорытынды.
ІV Пайдаланған әдебиеттер.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ
Қылмыстық заң — Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық акті болып табылады.
Қылмыстық заңның міндеттері — бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті аумақтық тұтастықты, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сұғушылыктан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық заңдар қылмыстық жауаптылықтың негіздерін белгілейді. Жеке адамға, мемлекетке немесе қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қандайы қылмыс болып табылатынын айқындайды. Қылмыс істеген адамдарға қолданылуы мүмкін және өзге де ықпал ету шараларын белгілейді.
Қылмыстық заң жазалау қатерімен тыйым салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады. Қылмыстық заң сонымен қатар тиісті органдарға және лауазымды адамдарға іс-әрекетінде қылмыс белгісі бар кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тарту немесе көрсетілген негізге сүйеніп, оларды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды міндеттейді. Сонымен қылмыстық құқықтық норма бір мезгілде тыйым салушы және міндеттеуші нормалар болып табылады. Бұл нормалардың тағы да сақтандырушылық және тәрбиелік мәнібар.
Қылмыстық құқықтық норманың сақтандырушылық функциясы—істелген іс-әрекеті үшін тиісті баптардың санкциясында көрсетілген жазаны кінәлі адамға тағайындау мүмкіндігі аркылы өз көрінісін табады, осы арқылы барлық азаматтарды қылмыс істеуден күні бұрын сақтандыру арқылы тәрбиелік ықпал ету шарасы жүзеге асырылады. Қылмыстық-құқықтық норма, сонымен бірге кез келген азаматарды заңды бұлжытпай орындауға тәрбиелеумен бірге, оларды қылмыс істегендермен ымырасыз күрес жүргізу рухына баулиды. Қылмыстық құқықтық норма қоғамдық қатынастарды қорғап қана қоймайды, ол сонымен бірге мұндай қатынастарды ретке келтіреді, өйткені қоғамдық қатынастарды қорғаудың өзі соны ретке келтіру арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық белгілі бір қоғамдық мінез-құлық өрелерін белгілеумен бірге, осы өрелерді бұзушыларға қарсы қылмыстық құқықтық нормаларды қолдану арқылы өз міндеттерін жүзеге асырады. Қылмыстық құқықтық норма өзінің реттеушілік ықпалымен, кез келген азаматтарды қылмысты құбылысқа төзімсіз болуға, олармен ымырасыз күрес жүргізуте баулу арқылы іске асырады.
Қылмыстық заң — қылмыстық құқықтың ең негізгі көзі. Сот үкімі, ұйғаруы немесе қаулысы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың нақты қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар.
Сондай-ақ Республика Жоғарғы Соты Пленумының басшы қаулылары да құқық нормасы болып табылады. Мұндай қаулылар белгілі бір қылмыстық-құқылық норманың түпкі мәнін ашып көрсетеді, оларды түсіндіреді. Сондықтанда ондай қаулылардың Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Сот прецеденті біздің Республикамызда құқық нормасы болып са-налмайды. Ол Ұлыбритания, Канада сияқты мемлекеттерде ғана құкық нормасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 52-бабында сот айыпты-деп танылған адамға жазаны Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің ережелеріне сәйкес істелген қылмысы үшін жауаптылық қаралған Ерекше бөлімнің тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды деп белгіленген. Жаза тағайындағанда сот істелген қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, айыпкердің жеке басының ерекшеліктерін, мінез-құлқын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, соңдай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын толық есепке алады. Қылмыс істеген адамға оның түзелуіне немесе жаңа қылмыс істеуден сақтандыруына қажетті және жеткілікті әділ жаза та-ғайындауы керек. Мұның өзі соттың жаза тағайындауында заң талаптарымен қоса өзінің құқықтық сана-сезімін басшылққа алатынын көрсетеді. Алайда, құқықтық сана-сезім құқық нормасы болып табылмайды. Ол сотқа тек қана қылмыстық құқықтық норманың мазмұнын дұрыс түсінуге жөн сілтейді. Қылмыстық заң, басқа заңдар сияқты барлық лауазым адамдары, азаматтар, "' заңды тұлғалар үшін міндетті күші бар заң нормасы болып табылады. Оны қандай да бір болмасын сылтаумен бұзуға немесе орындамауға жол берілмейді. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтық норманы білдірудің нысаны, ал оның нормасы оның мазмұнының көрінісі болып табылады.
Қазақстан Республикасында қылмыспен күрес жүргізу қылмыстық құқық норма ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Заңды күшіне енген үкім бойынша тағаындалған қылмыстық жазалардың орындалуы қылмыстық атқару кодексімен реттеледі. Кейбір реттерде жекелеген жазалардың орындалуы баскадай арнайы заңдылық актіменде белгіленуі мүмкін. Қазақстан Рес-публикасының 1993 жылы 15 қазанда бекітілген «Төтенше жағдайдың құқықтық режимі туралы» заңына сәйкес «төтенше жағдай кезінде істелген қылмыс үшін сот ісін жүргізудің төтенше түрлерін енгізуге жол берілмейді» деп белгіленген. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес қылмыстық заңдар Республика Парламентінде қабылданады. Қазақстан Республикасы Констн-туциясының 61-бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару, оның ішінде қылмыстық заң шығару бастамасы құқығы да Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына, Республика Үкіметіне беріледі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады. Ұсынылған заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және қарау мәжілістің ерекше қарауында болады (56-бап, 1-тармақ). Республика Конституциясының 54-бабының 1)-тармақшасына сәйкес заңдар Парламент Палаталарының бөлек отырысында әуелі Мәжілісте, одан кейін Сенатта өз кезегімен қаралып қабылданады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Блум М.И. Тилле А.А. Обратная сила закона М. 1969.
2. Брайнин Я.М. Уголовный закон и его применения.
3. Игнатов А.И. Введение в изучение уголовного право.
4. Медведев А. Предель действия.
5. Наумов А.В. Реализация уголовного закона.
6. Қылмыстық құқық жалпы бөлім 2003 ж.
7. ҚР Қылмыстық кодексі. Алматы 7 –жарғы 1998 ж.
1. Блум М.И. Тилле А.А. Обратная сила закона М. 1969.
2. Брайнин Я.М. Уголовный закон и его применения.
3. Игнатов А.И. Введение в изучение уголовного право.
4. Медведев А. Предель действия.
5. Наумов А.В. Реализация уголовного закона.
6. Қылмыстық құқық жалпы бөлім 2003 ж.
7. ҚР Қылмыстық кодексі. Алматы 7 –жарғы 1998 ж.
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
а) Қылмыстық заң
ә) Қылмыстық заңның түсінігі
б) Қылмыстың заңдық құрылымы
в) Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуы
г) Қылмыстық заңның белгілі уақытта қолданылуы
д) Қылмыстық заңды түсіндіру.
ІІІ Қорытынды.
ІV Пайдаланған әдебиеттер.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ
Қылмыстық заң — Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес
Республика Парламенті қабылдаған құқылық акті болып табылады.
Қылмыстық заңның міндеттері — бейбітшілікті және адамзаттың
қауіпсіздігін, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін, меншікті аумақтық тұтастықты, конституциялық құрылысты,
қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сұғушылыктан
қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық заңдар қылмыстық
жауаптылықтың негіздерін белгілейді. Жеке адамға, мемлекетке немесе қоғамға
қауіпті іс-әрекеттердің қандайы қылмыс болып табылатынын айқындайды. Қылмыс
істеген адамдарға қолданылуы мүмкін және өзге де ықпал ету шараларын
белгілейді.
Қылмыстық заң жазалау қатерімен тыйым салу арқылы адамның жеке басына,
қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін
тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады. Қылмыстық заң сонымен
қатар тиісті органдарға және лауазымды адамдарға іс-әрекетінде қылмыс
белгісі бар кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тарту немесе көрсетілген
негізге сүйеніп, оларды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды
міндеттейді. Сонымен қылмыстық құқықтық норма бір мезгілде тыйым салушы
және міндеттеуші нормалар болып табылады. Бұл нормалардың тағы да
сақтандырушылық және тәрбиелік мәнібар.
Қылмыстық құқықтық норманың сақтандырушылық функциясы—істелген іс-
әрекеті үшін тиісті баптардың санкциясында көрсетілген жазаны кінәлі адамға
тағайындау мүмкіндігі аркылы өз көрінісін табады, осы арқылы барлық
азаматтарды қылмыс істеуден күні бұрын сақтандыру арқылы тәрбиелік ықпал
ету шарасы жүзеге асырылады. Қылмыстық-құқықтық норма, сонымен бірге кез
келген азаматарды заңды бұлжытпай орындауға тәрбиелеумен бірге, оларды
қылмыс істегендермен ымырасыз күрес жүргізу рухына баулиды. Қылмыстық
құқықтық норма қоғамдық қатынастарды қорғап қана қоймайды, ол сонымен бірге
мұндай қатынастарды ретке келтіреді, өйткені қоғамдық қатынастарды
қорғаудың өзі соны ретке келтіру арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық
белгілі бір қоғамдық мінез-құлық өрелерін белгілеумен бірге, осы өрелерді
бұзушыларға қарсы қылмыстық құқықтық нормаларды қолдану арқылы өз
міндеттерін жүзеге асырады. Қылмыстық құқықтық норма өзінің реттеушілік
ықпалымен, кез келген азаматтарды қылмысты құбылысқа төзімсіз болуға,
олармен ымырасыз күрес жүргізуте баулу арқылы іске асырады.
Қылмыстық заң — қылмыстық құқықтың ең негізгі көзі. Сот үкімі, ұйғаруы
немесе қаулысы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың нақты қылмыстық
істер бойынша ғана заңдылық күші бар.
Сондай-ақ Республика Жоғарғы Соты Пленумының басшы қаулылары да құқық
нормасы болып табылады. Мұндай қаулылар белгілі бір қылмыстық-құқылық
норманың түпкі мәнін ашып көрсетеді, оларды түсіндіреді. Сондықтанда ондай
қаулылардың Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Сот
прецеденті біздің Республикамызда құқық нормасы болып са-налмайды. Ол
Ұлыбритания, Канада сияқты мемлекеттерде ғана құкық нормасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 52-бабында сот айыпты-деп
танылған адамға жазаны Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің ережелеріне
сәйкес істелген қылмысы үшін жауаптылық қаралған Ерекше бөлімнің тиісті
баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды деп белгіленген. Жаза
тағайындағанда сот істелген қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік
дәрежесін, айыпкердің жеке басының ерекшеліктерін, мінез-құлқын,
жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, соңдай-ақ
тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының
немесе асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын толық есепке
алады. Қылмыс істеген адамға оның түзелуіне немесе жаңа қылмыс істеуден
сақтандыруына қажетті және жеткілікті әділ жаза та-ғайындауы керек. Мұның
өзі соттың жаза тағайындауында заң талаптарымен қоса өзінің құқықтық сана-
сезімін басшылққа алатынын көрсетеді. Алайда, құқықтық сана-сезім құқық
нормасы болып табылмайды. Ол сотқа тек қана қылмыстық құқықтық норманың
мазмұнын дұрыс түсінуге жөн сілтейді. Қылмыстық заң, басқа заңдар сияқты
барлық лауазым адамдары, азаматтар, "' заңды тұлғалар үшін міндетті күші
бар заң нормасы болып табылады. Оны қандай да бір болмасын сылтаумен бұзуға
немесе орындамауға жол берілмейді. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтық норманы
білдірудің нысаны, ал оның нормасы оның мазмұнының көрінісі болып табылады.
Қазақстан Республикасында қылмыспен күрес жүргізу қылмыстық құқық
норма ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Заңды күшіне енген үкім бойынша
тағаындалған қылмыстық жазалардың орындалуы қылмыстық атқару кодексімен
реттеледі. Кейбір реттерде жекелеген жазалардың орындалуы баскадай арнайы
заңдылық актіменде белгіленуі мүмкін. Қазақстан Рес-публикасының 1993 жылы
15 қазанда бекітілген Төтенше жағдайдың құқықтық режимі туралы заңына
сәйкес төтенше жағдай кезінде істелген қылмыс үшін сот ісін жүргізудің
төтенше түрлерін енгізуге жол берілмейді деп белгіленген. 1995 жылы 30
тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес
қылмыстық заңдар Республика Парламентінде қабылданады. Қазақстан
Республикасы Констн-туциясының 61-бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару,
оның ішінде қылмыстық заң шығару бастамасы құқығы да Қазақстан Республикасы
Парламентінің депутаттарына, Республика Үкіметіне беріледі және тек қана
Мәжілісте жүзеге асырылады. Ұсынылған заңдардың жобаларын қарауға қабылдау
және қарау мәжілістің ерекше қарауында болады (56-бап, 1-тармақ).
Республика Конституциясының 54-бабының 1)-тармақшасына сәйкес заңдар
Парламент Палаталарының бөлек отырысында әуелі Мәжілісте, одан кейін
Сенатта өз кезегімен қаралып қабылданады.
Президент Парламент Сенаты ұсынған заңға он бес жұмыс күні ішінде қол
қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын
қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады (44-бап, 2)-тармақша).
Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заң баптары
бойынша ол қарсылық жіберген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап
талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент
қарсылығының қабылданғанын білдіреді. Егер Парламент әр Палата
депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен бұрынғы
қабылданған шешімді растайтын болса, Президент жеті күн ішінде заңға қол
қояды. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, заң қабылданбайды немесе
Президент ұсынған редакцияда қабылданады деп есептелінеді. (53-бап, 3)-
тармақша). Конституцияның 53-бабының 4)-тармақшасында көзделген ретте
Республика Президенті заңдар шығарады, ал 61-баптың 2-тармағында көзделген
ретте Республиканың заң күші бар Жарлықтары шығарылады. Бұрын қолданылған
Қазақ ССР Қылмыстық кодексі 1959жылы қабылданған еді. Жаңа Қылмыстық кодекс
1997 жылы 16 шілдеде қабылданды. Қылмыстық кодекс дегеніміз барлық
қылмыстық заңдардың белгілі бір жүйеге келтірілген жиынтығы болып табылады.
Кодексте қылмыстық құқықтың жалпы ережелері мен принциптері, қылмыстық-
құқықтық қатынастарды реттейтін және қандай қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің
қылмыс болып табылатынын анықтайтын ұғым-дар, қылмыс істеген адамдарға
қолданылуы мүмкін жазалар белгіленеді. Қылмыстық кодекс Жалпы және Ерекше
бөлімнен тұрады. Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінде жоғарыда айтылған
қылмыстық құқықтың жалпы ережелері, міндеттері, қылмыс пен жазаның
түсінігі, қылмыс пен жазаны жоятын мән-жайлар, т. б. мәселелер
қарастырылады. Жалпы бөлімнің баптары өзара бір-бірімен тығыз байланыста
болады. Мысалы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар жаза
тағайындауда және шартты жазаны қолдануда міндетті түрде есепке алынады.
Ерекше бөлімде жекеленген нақты қылмыс түрлері үшін жауаптылық және
жаза белгіленген. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі бірнеше тарауларға
бөлінген. Әр тарауға бір объектінің маңыздылығына қарай тиісінше орын
берілген. Қылмыстық заңның заң шығарушының еркін білдіретін белгілі бір
техникалық ережелерге негізделген өзіндік құрылымы бар. Қылмыстық-құқылық
нормалар мазмұнына қарай үш түрлі топқа бөлінеді:
I.Декларативті — яғни, қылмыстық құқықтың жалпы міндеттерін
айқындайтын нормалар (Қылмыстық кодекстің 2-бабы).
II. Анықтаушы — яғни, қылмыстық құқықтың түсінігі мен жекеленген
институттарына айқындама беретін нормалар (Қылмыстық кодекстің 9-бабы —
қылмыс ұғымы).
III. Арнаулы — яғни, нақты қылмыс құрамына және оған тағайындайтын
жазаға сипаттама беретін нормалар (мысалы. Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөліміндегі, барлық нақты, жекелеген қылмыс құрамдары). Қылмыстық кодекстің
Жалпы бөлімінің бабы өзінің құрылысы жағынан Ерекше бөлімдегі баптың
құрылысынан өзгеше болады. Жалпы бөлімнің бабы тек қана диспозициядан
құралса, ал Ерекше бөлімнің бабында диспозицияға қоса санкцияда болады.
Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің баптары топтық және түрлік болып
екіге бөлінеді. Топтық баптар біртектес қылмыстардың ортақ және соларға тән
белгілерін анықтайды. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 366-бабында—әскери
қылмыстардың түсінігі берілген. 307-бапта лауазым адамының түсінігі
айтылған. Топтық баптардың түсінігі әр түрлі тарауда орналасқан, әр түрлі
қылмыс топтарын бір-бірінен жіктеуге мүмкіндік береді. Түрлік баптар
бойынша заңда көрсетілген жекелеген қылмыстың белгілері және осы қылмысты
істегенде қандай жаза тағайындалу керек екендігі көрсетіледі. Қылмыстық
кодекстің Epeкшe бөлімінің баптары диспозициядан және санкциядан құралады.
Кодекстің Ерекше бөлімі бабындағы қылмыстың атауын және оның белгілеріне
сипаттама беретін жағын диспозиция деп атай-мыз. Мысалы, Қылмыстық
кодекстің 120-бабындағы әйелді зорлаудың диспозициясы былай: зорлау,
жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе қолданбақшы болып
қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас
жасау деп көрсетілген. Диспозицияның төрт түрі бар:
I. Жай диспозиция. Жай диспозиция қылмыстық - әрекеттің атын ғана
айтып қояды, оның нақты белгілерін ашып көрсетпейді. Жай диспозиция
қылмысты іс-әрекеттің мазмұны оның белгілерін ашып көрсетілмегеннің өзінде
жеткілікті түрде түсінікті болған жағдайда қолданылады. Мысалы, 96-баптағы
Адам өлтіру, 175-баптағы Ұрлық.
II. Сипаттамалы диспозиция. Қылмыстың барлық белгілерін заңның өзінде
нақтылап көрсететін диспозицияны сипаттамалы диспозиция деп атаймыз. Жай
диспозицияға қарағанда қылмыс құрамын айқындайтын сипаттамалы диспозицияның
артықшылығында дау жоқ.
Сипаттамалы диспозицияға 166-бапта көрсетілген шпиондық жасау құрамы
мысал бола алады. Мұнда шпиондық жасау аталып қана қоймай, оған
мемлекеттік немесе әскери құпияны құрайтын мәліметтерді шетелдік
мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне беру, сол сияқты
оларға беру мақсатында жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдік
барлаудың тапсырмасы бойынша өзгеде мәліметтерді Қазақстан Республикасының
сыртқыі қауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіре отырып пайдалану үшін
беру немесе жинау, егер осы әрекеттерді шетелдік азамат немесе азаматтығы
жоқ адам жасаса деп толық түсінікті сипаттама беріп отыр.
III. Бланкеттік диспозиция. Бланкеттік диспозиция бойынша бапта
көрсетілген нақты қылмыстың құрамын анықтау үшін басқка заңдарға немесе
нормативті актілерге, үкімет қаулылары мен жарлықтарына, бұйрықтар мен
ережелерге, нұсқауларға жүгіну кажет. Яғни, қылмыстық заңның талаптарының
бұзылуы орын алғандығы туралы мәселені шешу басқа заңдармен немесе
нормативті актілермен анықталады. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 295-бабындағы
темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану
қауіпсіздігінің ережелерін бұзуы. Бұл қылмыс құрамын анықтау үшін көлік
кұралдарының осы түрлерінің қауіпсіздігі мен пайдалану ережесін реттейтін
тиісті нормативті актіні басшылықка алу қажет. Егер осы сияқты бланкеттің
нормаларды ҚК-тің өзінде тізіп көрсете берсек, сонда кодекстің баптарының
көлемі тым ұлғайып, оны пайдаланудың өзі қиынға түсер еді. Мысалы, тау-кен
немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзудың
(245-бап) өзі осы баптың диспозициясына көптеген қиын әрі күрделі ережелер
мен бұйрықтарды көрсететін жазуды талап етер еді. Сондықтан да заң шығарушы
мұндай реттерде бланкеттік диспозицияны пайдаланудың тиімділігіне жол беріп
отыр.
IV. Сілтемелі диспозиция нақты қылмыс құрамын анықтайды. Бұл
диспозиция бойынша қайталап жатпау үшін қылмыстың осы құрамын анықтаған
қылмыстық заңның тиісті бабына, баптың тармағына сілтеме жасайды. Мысалы,
Қылмыстық кодекстің 96-бабы, 2-бөлігіндегі кісі өлтіруді алайық. Оңда Н
тармағында осы Кодекстің 97—100-баптарында көзделген әрекеттерді
қоспағанда, бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру делінген. Бұл
жерде бұрын адам өлтірген деген ұғымға қатысы болатын құрамдарды қайталап
жатпас үшін, заң шығарушы сол ұғымдарға анықтама берілген баптарға тиісінше
сілтеме жасап отыр.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ
КОДЕКСІНІҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ
БАПТАРЫНЫҢ ДИСПОЗИЦИЯЛАРЫНЬЩ
ТҮРЛЕРІ
Қолданып жүрген қылмыстық кодексте санкцияның екі түрі көрсетілген.
Салыстырмалы — айқындалған (относительно-определенно) және балама
(альтернативные). Салыстырмалы — айқындалған санкция жазаның мөлшерін
белгілі бір шектен шықпайтындай етіп реттейді. Кейбір реттерде бапта
жазаның ең жоғарғы шегі ғана көрсетіледі. Мұңдай жағдайда жазаның ең
төменгі шегі қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінің ережелеріне сәйкес: бас
бостандығынан айыру үшін — 6 ай, түзеу жұмысы үшін — 2 ай мерзімде есептеу
керек. Көп жағдайларда қылмыстық заң нормаларыңда жазаның төменгі және
жоғарғы шегі көрсетіледі. Мысалы, кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа
қарсы қасақана қаза келтіру алты жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады делінген (96-бап, 1-бөлігі). Санкцияның
мұнайдай түрі жазаны даралап тағайындауға зор мүмкіндік туғызады. Балама
санкция Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабындағы жазаның екі
немесе одан да көп түрінің біреуін қолдануға мүмкіндік береді. Өзінде соз
ауруы бар екендігін білген адамның оны басқа адамға жұқтыруы жүз айлық
есептік көрсеткіштен бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде
немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысынан
немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, небір жылдан екі жылға
дейінгі мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты айға дейінгі мерзімге қамауға,
не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады деп
көрсетілген (115-бап, 1-бөлігі). Балама санкциялар сотқа кінәлі адамға
бірнеше жазалардын ең әділін, тиімдісін таңдап алуға жол береді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ
КОДЕКСІНІҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІ
БАПТАРЫНЫҢ САНКЦИЯ ТҮРЛЕРІ
САЛЫСТЫРМАЛЫ АЙҚЫНДАЛҒАН
Ал қылмыстық құқық нормаларынан құралған нормативті актілердің жүйесі
Қылмыстық заң деп аталады. Яғни, қылмыстық құқықтану маңызды көрінісі және
қылмыстық құқықтың бірден бірдер бір қайнар көзі болып қылмыстық заң
табылады.
Қылмыстық заң-қылмыстық жауаптылықтың негізі мен принциптеріне
бекітетін қоғамға қауіпті әрекеттердің қайсысы қылмыс болып табылатындығын
және олардан жасағаны үшін қандай жазалар қарастырылатынын анықтайтын,
сонымен бірге қандай жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан
босату мүмкін екендігін белгілейтін заңдық нормалардан құралған мемлекеттік
биліктің өкілетті органды қабылдаған нормативті акт ҚР Конституциясының 61-
бабаның 1-тармағына сәйкес заң шығару, оның ішінде қылмыстық заң шығару
бастамасы құқығы Қр Парламентінің депутаттарына, Республика Үкіметіне
беріледі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады. Осы ережені басшылыққа
алып ҚР Парламенті 1997 жылдың 16-шілдесінде ҚР қылмыстық Кодексін
қабылдап, ол 1998 жылдың 1 қаңтарында заңды күшіне енді.
Осы қабылданған ҚР Қылмыстық Кодексінің 1-бабының 1-бөлігінде,
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы ҚР Қылмыстық
Кодексінен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар оларды осы
Кодекске енгізгеннен кейін ғана қолданылуы тиіс деп айтылған. Яғни, ҚР
Қылмыстық Кодексі барлық Қылмыстық заңдардың жиынтығы болып табылады.
Қылмыстық заңға мына белгілер тән:
- Қылмыстық заң (ҚР ҚР Конституциясымен реттелген тәртіп бойынша)
мемлекеттік биліктің жоғары органдармен қабылданады (заңды қабылдау
процедурасы).
- Қылмыстық заңның жоғарғы заңдық күші бар. Яғни,
а) бірде бір органның бұл заңды өзгертуге немесе жоюға құқығы жоқ;
б) барлық өзге нормативтік актілер заңға қайшы келмеуі тиіс.
в) өзге нормативтік актілерге қайшы келген жағдайда қылмыстық заң
артықшылықты иемденеді.
- Қылмыстық заңның келесі белгісі – оның нормативтілігі. Қылмыстық заң
өзінің қолданылу мерзімі ішінде адамдардың жалпыға міндеті мінез –
құлқын, тәртібін реттейді.
- Өзге заңдардан ерекшелігі қылмыстық заң тек қана қылмыстық құқық
саласына жатады және қылмыстық құқықтың бірден бір жалғыз қайнар көзі
болып табылады.
Қылмыстық құқық теориясында осы құқық саласының қайнар көзі екіге
бөледі: формалды және материалды. Қылмыстық құқықтың формальды және жалғыз
қайнар көзі болып қылмыстық заң табылса, материалдық қайнар көздеріне
мемлекеттік билікті ҚР Конституциясын, жалпыға белгілі халықаралық құқықтық
нормалары мен принциптерін жатқызады.
Қылмыстық заңның міндеттері қылмыстық құқықтың міндеттері сияқты өз
дамуының түрлі сатыларында қоғам мен мемлекет алдында тұрған әлеуметтік –
экономикалық мәселелерден шығып қалыптасады. Бұл міндеттер көбінесе
қылмыстылықтың жағдайы мен деңгейіне, елдегі заңдылық пен құқықтық
тәртіптің қамтамасыз етілу қажеттіліктеріне байланысты туындайды.
ҚР ҚК –нің 2 – бабының 1-бөлігінде ҚР Қылмыстық кодексінің
міндеттері көрсетілген. Қылмыстық құқықтың қорғаудың басымдықтары
халықаралық тәжірибеге және адам, оның өмірі мен денсаулығын, ар – намысы,
қадыр – қасиетін, қол сұғылмаушылығы мен қауіпсіздігін – жоғары әлеуметтік
құндылық деп танитын Конституцияға негізделген қылмыстық құқықтық қорғаудың
бұрынғы басымдықтары ең алдымен мемлекеттің, қоғамдық мүдденің, содан кейін
жеке адам, оның мүдделерін қорғаудан шыққан еді. Қылмыстық заңның
міндеттері осы қалыптастыру кезеңінде немесе мемлекеттің қылмыстық саясаты
өзгерген кезде нақтыланып тоықтырылуы мүмкін, мемлекеттің қылмыстық
саясатының негізгі мазмұны қылмыстық заңды қолдану міндеттерін анықтау және
заңды қылмыстылықтың деңгейі мен жағдайына сәйкестендірумен түсіндіріледі.
Көріп отырғанымыздай, қылмыстық заң алдына екі үлкен міндет қояды.
Бірінші міндет – адамды, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін, сонымен
бірге, адамзат пен бейбітшілікті қорғау мақсатында қылмыстылықпен қылмыстық
– құқықтық күрес жүргізу.
Екінші міндет – қылмыстардың алдын алу. Ол жалпы және жеке алдын
алуды қамтиды. Жоғарыда аталған міндетерді шешу үшін қылмыстық заң
қылмыстық жауаптылықтың негізі мен принциптерін анықтап, жеке адам, қоғам
немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатындығын
айқындайды, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық –құқықтық
ықпал ету шараларын белгілейді. Қылмыстық заң жазамен қорқыту арқылыбегілі
бір қылмыстық әрекетті жасауға тиым салады. Сонымен бірге, ол тиісті
органдар мен лауазымды адамдарға жасалған әрекетте қылмыстық құрамының
белгілері бар болған жағдайда кінәларді қылмыстық жауаптылыққа тарту
қажеттігін немесе керісінше, оларды қылмыстық жауаптылықтан босатуға, заңды
негіздер болған жағдайда оларды қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан
босату туралы ережені бекітеді. Яғни, нақты әрекет үшін жауаптылықты
қарастыратын қылмыстық – құқықтық нормалар тиым салушы нормалар болып
табылады және олар тәрбиелік және ескертушілік мағаныға ие болады.
Қылмыстық заңның құрылымы: Қылмыстық заңды қолдану ең алдымен оның
құрылымын білуден басталады. Қылмыстық заңның құрылымы деп белгілі бір
техникалық ережелерге бағынған заң шығарушының еркін білдіру формасын
түсіну қажет. Қылмыстық заңның мазмұны мен мағынасы дұрыс түсіну оны
құрайтын элементтердің қызметтік рөлін және өзара байланысын нақты және
оның білу арқылы мүмкін болады.
ҚР ҚК-нің Жалпы бөлімі әрбіреуі бірнеше баптарды қамтыған жеті
бөлімнен тұрады.Жапы бөлімде ҚР Қылмыстық кодексінің міндеттері мен
принциптері, қылмыс және оның санаттары, қылмыстық жауаптылықтың негізі,
анықталмаған қылмыс, қылмысқа қатысу, әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән –
жайлар, жазаның түсінігі мен мақсаттары, жазаның түрлері, жаза
тағайындаудың жалпы негіздері және қылмыстылықпен қылмыстық –құқықтық
күресудің және қылмыстылықпен қылмыстық- құқықтық күресудің өзге де жалпы
ережелері анықталады. ҚР Қылмыстық кодексінің Жалпы бөлімінің көптеген
нормалары позитивті, яғни реттеуші сипатты иемденеді. Өйткені, оларды
қолдану белгілі бір нақты қылмыстың түрімен ұштастайды. Сонымен бірге, ҚК
Жалпы бөлімінде мәжбүрлеу сипатын иемденетін құқық қолдану нормалары да
бар. Мысалы, ҚР ҚК –нің 40- бабының 4- бөлігінде айыппұлды төлеуден әдейі
жалтарған жағдайда түзеу жұмыстарына, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе
қамау жазаларымен ауыстырылатыны қарастырылған.
Жоғарыда аталған позитивті нормаларды шартты түрде мына түрлерге
бөледі:
1. Декларативті, қылмыстық заңның міндеттерін бекітетін нормалар
(ҚК-нің 2-бабы).
2. Анықтаушы, қылмыстық заңның жекелеген институттарына,
ұғымдарына анықтама беретін нормалар (ҚК –ң 9,27,38 баптары);
3. Марапаттаушы, белгілі бір тәртіппен жеңілдік қарастыратын
нормалар (ҚК 63-бабы шартты түрде соттау; 55-бабы белгілі
бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза
қолдану);
4. Рұқсат етуші, белгілі бір әрекет жасауға құқықты беретін
нормалар (ҚК 32-бабы қажетті қорғану, қол сұғушылық жасаған
адамды ұстау кезінде зиян келтіру);
5. Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатушы нормалар (ҚК 67-
бабы жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату, ҚК 73-бабы ауруға шалдығуына
байланысты жазадан босату);
Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуы: Заң мемлекеттің еркін
білдірудің көрінісі болғандықтан осы ерік билік ететін мемлекет шегінде
қолданылады. Осы ерік билік ететін мемлекет шегінде қолданылады. Алайда,
қазіргі өркениетті әлемде бір мемлекет оқшауланып, жеке өзі өмір сүрмейді,
ол өзі сияқты жеке өзге мемлекеттермен араласып жатады. (Н.С.Таганцев.
Русское уголовное право. Т.1, - Тула. 2001 с. 245).
Кез келген заң, оның ішінде қылмыстық заңның қолданылу аясы, яғни күші
жүретін шектеулі кеңістігі бар. ҚР қылмыстық заңының кеңестікте қоладанылуы
мынандай төрт принциптерде негізделеді:
1. Территориялдық принцип;
2. Азаматтық принцип;
3. Универсалды принцип;
4. Реалды принцип.
Қылмыстық заңның универсалды принципі халықаралық қылмыстармен немесе
халықаралық сипаттағы қылмыстармен (терроризм, кепілге алу, әуе кемелерін
айдап әкету және т.б) күресу үшін барлық мемлекеттердің мүдделерін
ортақтастыру дегенді білдіреді. Осы принципке сәйкес ҚР –сы өзі мүше болып
табылатын халықаралық конвенцияларды орындауға міндетті.
ҚК –тің 8-бабында қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру туралы мәселе
қарастырылған. Басқа мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған Қр азаматтары,
егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, ол мемлекетке ұстап берілмеуі
тиіс. ҚР шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған және ҚР –ның аумағында жүрген
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ҚР халықаралық шартына сәйкес
қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе жазасын өтеу үшін шет мемлекетке ұстап
берулуі мүмкін екендігі заңда бекітілген. Қылмыскерді ұстап беруді
қылмыстық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz