Сезім жөнідегі түсінік


Жоспары:
І. Жалпы бөлім:
Сезім жөнідегі түсінік
ІІ. Негізгі бөлім:
А) Сезім ерекшеліктері
В) Сезім қызметтері
С) Сезім негіздері
Д) Сезім түрлері
ІІІ. Қорытынды бөлім:
Сезімдердің адамның жан-дүниесін суреттеуі
Сезім
Сезім жөнінде түсінік
Қоршаған ортада кезіккендердің бәрі адамда оларға деген қандай да бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олардың бірі ұнап - қуантса, екіншісі - қапаландырып, жеккөрушілік тудырады. Сезім түрі сан-алуан. Төңіректегі нысандардың жеке қасиеттері мен сапаларының өзі де адамның белгілі сезіміне себепші болады. Сезім ауқымы өте кең: өкініш пен қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш, таңдау мен жиіркену - мұндай сезім түрлерін шексіз келтіруге болады. Сезім - бұл адамның қоршаған болмыс заттары мен құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретін толғаныс, күйзелістері. Адам сезімі тіршілік үшін керекті де пайдалы қасиет. Ұлы ғұлама Ә. Науаи «Сезімсіз адам -кесек, махаббатсыз адам -есек», - деген екен. Көп сезімдерге адамның өзі құштар.
Психологтар көп заманнан бері осы сезім мәселесінің төркінін ашумен айналысуда. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бұл сұрақ төңірегінде ортақ көзқарас пайымдалмады, дегенмен интеллектуалистік теория бағыты кең өріс алды. Бұл бағыт мәні - адамдағы барша органикалық көріністердің негізі психикалық құбылыстардан деген тұжырымнан шығарылды. Неміс психологы Гербарттың пікірінше барша сезімдік дүниенің ірге тасы елестер деп саналды. Бұл теорияға орай сезім-елестер арасындағы байланыстарға сай қарама-қайшылықтарға жауап ретінде жүзеге келеді.
Неміс ғалымы В. Вундт та осы бағытты қолдады, бірақ оның тұжырымдары эклектикті , яғни әртүрлі психологиялық қарама-қарсы көзқарастарды қалай болса, солай қоса салуға негізделген еді. Оның пікірінше эмоция - бұл алдымен сезімнің елес жүрісіне тікелей ықпал етуімен сипатталатын адамның ішкі өзгерістері, ал кей жағдайда, ішкі өзгерістердің сезімге әсері. Ал органикалық процестер-эмоцияның салдары ғана.
Эмоцияның қазіргі заман тарихы У. Джемстің 1884 жылғы жарияланған «Эмоция деген не» атты мақаласынан басталды. У. Джемс бұған байланыссыз Г. Ланге пайымдаған теория бойынша: сезімнің туындау себебі - сыртқы ырықты қозғалыстар, сонымен бірге, ішкі ыырықсыз жүрек толғаныстарынан болатын адамның кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінің бәрі -эмоциялық күйді танытады. Сонымен, эмоция салдары болған дене шетіндегі органикалық өзгерістер, ғалымдар ойынша, сезімдер себебіне ауысады. Осыдан эмоциялардың ырықты реттелуінің қарадүрсін түсініктемесі беріледі: мысалы, ұнамды эмоцияға тән әрекеттерді әдейі жасаумен қажет болмаған қасірет сезімін басуға болады-мыс.
Джемс -Ланге тұжырымы бірқанша қарсы көзқарастар пайда етті. Негізгі сын айтқан У. Кеннон әртүрлі сезімдерге байланысты жауап әрекеттер бір-біріне өте ұқсас, сондықтан олар адамның сан-алуан эмоциялық қасиеттеріне сай келе бермейді.
Психологтардың үлкен тобы сезімді жай-күйлік қалып аймағынан шығарып, дененің әсер еткен жағдайға, оқиғаға болған жауап әрекеті деп танығанды жөн көреді. Мұндай түсінік Ч, Дарвин еңбектерінде де берілген.
Ендігі бір оқшауланған теориялар тобы сезім табиғатын адамның ақыл-ой (когнитив) мүмкіндіктерімен байланыстырады. Олар ішінде Л. Фестингердің сана үйлесімсіздігі теориясы өз алдында. Бұл б көзқарастың мәні: адам бір нысан жөнінде біріне бірі психологиялық қарсы екі пайым ортасында таңдау ете алмай, күйзеліс эмоциясына түседі. Яғни санадағы «білімдер» үйлесімсіздігінен жағымсыз сезім пайда болады. Ал іс-әрекеттің нақты нәижесі мен көзделген ниет өзара сәйкес келсе, адамда жағымды сезім туады. Ақыл-ой үйлесімсіз-дігінен құтылудың екі жолы бар: 1) өз ниетіңді шындыққа сәйкес өзгерту; 2) ниетке сай болатындай әрекеттің жаңа жолдарын іздестіру. Сонымен когнитивтік теория адамның сезімдік кейпін оның әрекет, қылықтарының негізгі себепшісі ретінде қарастырады.
Сезім ерекшеліктері
Адам сезімі дара тұлғалық қасиет. Осыған орай әр адам нақты жағдайда бір зат не құбылысқа өзінше баға беріп, белгілі бір, екінші адамдағыға ұқсамайтын көңіл-кейпіне беріледі. әрқандай сезім жеке тұлғаның мәнді сипатын білдіреді.
Сезімдер адамның қоршаған дүниеге қатынасын ғана білдіріп қоймастан, ол жөніндегі ақпарат көзі де болып табылады. Бұл тұрғыдан нысан бейнесі эмоцияның танымдық тарапы болады да, ал сол мезеттегі адам кейпі сезімнің субъектив элементін танытады.
Сезімдер адамның қасиеттерімен тығыз байланысты. Субъекті қажеттілігі және сол қажет-тілікті қанағаттандыруға бағытталған ерекше қызметіне орай сезімдер екі ірі топқа бөлінеді. Біріншісі - қажет заттардың объектив мазмұнына жаңа, айрықша мән қосып, оларды қанағаттандыру әрекетінің сеп-түрткісіне айналдырушы сезімдер мұндай толғаныстардың пайда болуы үшін аса қажетсіну және оған сай заттар қолда болуы керек. Көңіл-күй серпінісі қажеттілікпен үйлесе келе, іс-әрекеттің бастауын береді, оған ынталандырады және бағыт-бағдарлы жетекшісіне айналады. Осылайша мұндай сезімдер іс-әрекеттікпен сәйкестікке түседі. Бұл эмоциялар психологияда жетекші ниеттер аталған. (В. КВилюнас) .
Екінші эмоциялы құбылыстар тобына - жетекші ниет, яғни басталған ішкі не сыртқы іс-әрекет ізімен туындайтын сезімдер кіреді. Бұлар сол әрекеттердің орындалуына тиімді не кедергі болған жағдайларға, жеткен нәтижелерге немесе қалыптасқан не мүмкін болар ситуацияларға субъектінің қатынасын сипаттайды. Мұндай сезімдік толғаныстар жетекщі ниеттерге негізделгенінен әдейі немесе ырықты деп аталады. Осыдан, көзделген мақсатқа жетуде алда шыққан кедергі бір түрлі сезім туындатса, енді сол кедергі жаудан құтылуда пайдалы болуымен екінші бір сезім пайда етеді, яғни ырықты сезімдер нақты жағдайға, сол сәттегі өмірлік маңыздылыққа орай мән алады.
Сонымен, сезім екі себептен пайда болады, біріншісі - адамның объектіге қатынасын айқындайтын қажеттіліктер; екіншісі - адамның осы нысанның тиісті қасиеттерін түсініп, оны санада бейнелеу қабілеті . Объектив және субъектив жағдайлардың өзара байланысынан адамның қоршаған дүниеге саналы баға беруімен қатар жеке эмоционал көзқарасының себептері ашылады.
Сезімдердің өзіндік ерекшелігі олардың қарама-қарсылықты сипатынан көрінеді.
Сезімдерге ғана тән аса маңызды сипат - олардың бірігімді ( интегралды ) келуі. Сезім бүкіл денені билеп, адам кейпін ерекше әсерге бөлейді. Барша дене қызметтерінің басын бір сәтте біріктірумен сезім өздігінен организмге пайдалы, не зиян әсердің хабаршы қызметін атқарады. Сезімдік сигнал әсер орны мен дененің жауап әрекеті айқындалмай жатып та санаға жетуі мүмкін.
Сезімдердің және маңызды бір ерекшелігі - олардың денедегі тіршілік әрекеттермен тікелей байланыста болуы. Сезім ықпалынан адамның ішкі тән қызметтері өзгеріске түседі.
Сезімдер тарихи-әлеуметтік негізге ие. Олар әртүрлі халықтарда, әртүрлі кезеңдерде мән-мағынасы мен көріну формасын ауыстырып отырған. Қоғам дамуымен сезімдер де өзгеріп барады. Сезім ұдайы қозғалыста болып, тұрақты және ауыспалы элементтердің тұтастай бірлігінен құралады. Бұл сезім желісінде, бір жағынан- бір ізді қысқа мерзімді толғаныстар құрылымын: пайда болу, өрбу, шыңына жету, сөну, екінші жағынан-әртүрлі толғаныстар түйдегінен түзілген ұзақ мерзімді сезімдер құрылымын айыруға болады. Барша сезімдер жүйесінің өлшемі бір біріне қайшы келген екі бағытта беріледі(В. Вундт) .
Көп түрлілігі мен күрделі болуынан сезімдерді жете танып, қалтқысыз басқару мүмкін емес. Бұл жағдай өз сезіміңді суреттеп, айтып беру үшін сөз жеткізе алмауда байқалады: қолданған сөздердің мәні бұлыңғыр, көңіл-күй қалпына сәйкес болмай шығады.
Сезім қызметтері
Адам сезімдері ұзаққа созылған филогенетикалық даму тарихына байланысты көптеген ерекше смипаттағы қызметтерді атқаратын болды.
Сезімнің бейнелеу қызметі оқиғаларға жалпыланған баға беруде көрінеді. Көңіл -күйдің бүкіл ағзаны билеуінен, сезім арқылы біз қандай да әсердің пайдалы не зиянды екенін оның салдары денеге белгілі бір таңба түсірмей тұрып-ақ байқап, жауап не қорғаныс әрекетке келеміз. Сезімнің бейнелеу қызметіне орай адам қоршаған ортада бағыт-бағдар топшылайды, заттар мен құбылыстарға қажеттігіне қарай баға береді. Бұл тұрғыдан мсезім ақпарат алды немесе хабар жеткізу міндетін атқарады. Денеде пайда болған күйзеліс жайсыздығы адам қажеттіліктерінің қалайынша қанағаттандырылып жатғандығы, кезігетін кедергілердің сипаты тураплы, ең алдымен неге назар аударылуы керек екендігі жөнінде субъектіге ақпарат жеткізеді.
Сезімнің ақпараттық не бейнелеу мүмкіндігі ниеттеу немесе ынталандыру қызметімен тікелей байланысты. Алда тұрған мәселенің шешілу жолына бағыт беретін де осы сезімдер. Эмоционалды толғаныс мазмұнында қажеттіліктің қанағаттандырылуы үшін керек заттың бейнесі көрініп, содан заттың өзіне деген әуесқойлық пайда болып, ол өз кезегінде адамды әрекетті орындауға итермелейді.
Тікелей қатысына байланысты сезім қуаттау, қолдау қызметін де атқарады. Күшті эмоционалды көңіл-күйге себепші болған оқиғалар оқушы санасында жеңіл қабылданып, ұзақ уақыт есте сақталады. Табыс не сәтсіздік сезімдері баланың оқуға болған ынтасына күш, қуат беріп не оны тіпті өшіріп жіберуі мүмкін.
Белгілі сәтте маңыздылау қажеттілікті таңдау барысында сол қажеттілікекке негіз болар сеп-түрткілердің таласы туындайды. Осы жағдайда сезімнің ауысу қызметін іске қосылып, эмоция адамды қандай да талғамға бағыттайды. Қорқыныш және борыш, қорқыныш және ұят тайталасында сезім мәнін, оның өз талғам -талабына сай келу, келмеуін барластырумен адам көздеген іс-әрекетін сол сәттегі қажетті арнаға ауыстырады.
Жоғарыда аталған сезім қызметімен сыбайлас эмоцияның икемдесу қызметін де атап өткен жөн. Ч. Дарвиннің пікірінше, сезімдер тіршілік иелерінің өз қажеттілігіне орай келген жағдайларды анықтау құралы ретінде пайда болған. Дер кезінде организмде пайда болған эмоциядан жануар қоршаған ортаға икемделу мүмкіндігіне келген.
Сезімнің коммуникативтік қызметі де адам өмірінде үлкен маңызға ие. Ым-ишара, дене қозалыстары сезімдік белгі ретінде адамның өз толғаныстарын, қоршаған орта заттары мен құбылыстары жөніндегі өз қатынас- талғамын басқаларға жеткізуге жәрдемін тигізетіні бнлгілі.
Коммуникативтік сезім аймағында сезім арқылы адам өзін қоршаған сыртқы ортаға не ішкі жан дүниесіне ықпал жасау қабілетіне ие.
Сезім негіздері
Сезімдер организмде жүріп жатқан ерекше процестермен байланысқан. Бұл процестердің көзі негізінен сыртқы дүние өзгерістерінде, дегенмен, олар бүкіл дене әрекет-қимылына әсер етеді.
Алайда, адам организімінің құрылымы симпатикалық жүйке жүйесінің қызметіне тәуелді. Осы жүйенің қозуынан бүйректен адреналин сұйықтығы бөлінеді. Адреналин дене ағзалары әрекетіне өзгерістер енгізіп, оларды шектен тыс тән қуатын жұмсауға дайындайды.
Сезімдердің пайда болуы мен қалыптасуында үлкен ми жарымшарлар қабығы маңызды қызмет атқарады. Ми қабығы эмоция желісі мен көрінісін реттеп, денедеггі барлық құбылыстарды өз бақылауына алады, қабық асты орталықтарын тежеумен, оларға басшылық етеді.
Егер ми қабығында шектен тыс қозу туса қабықтан төмен жайғасқан ми бөліктері ырықсыз әрекетке келіп, адам өзінің әдеттегі ұстамдылығынан айырылады. Үлкен ми жарымшарлары алынған жануар болмашы себептен күшті әрі тұрақты эмоционалдық күйзелісте болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz