Экологиялық жүйелер туралы


ЖОСПАР

ЭКОЛОГИНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

  1. Экологияның анықтамасы
  2. Экология тақырыбы
  3. Экологияның ғылымдағы орны
  4. Қорытынды

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

  1. Экологиялық жүйе анықтамасы
  2. Экологилық жүйе түрлері
  3. Қорытынды

ЭКОЛОГИЯНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

  1. Экологияның анықтамасы

Организмдер, олардың түрі бір тобы және бірге түрлі тобы белгілі бір жерді қоныстанып өмір сүреді, сол ортада табиғатпен және өзара байланыстар жасайды.

Қоршаған табиғи ортаға адамдар, жануарлар, өсімдіктер, басқа да тірі жәндіктер өмір сүретін мекен - жәй, ондағы жер - су, ауа мен жел, жылы мен суық, ас пен қорек, олардың достары мен жаулары кіреді.

Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз байланыстары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.

Табиғат байлықтарын есепсіз, бақылаусыз жұмсауға болмайтынын, қоршаған орта бүлініп, істен шығуы оңай екенін адамдар XX ғасырдың алғашқы жылдарынан түсіне бастады. Сол кезден бастап қоршаған ортаны қорғау деген ұғым пайда болды.

Бұл ұғым, әуелі жануарлар мен өсімдіктердің жойылып кетуден, табиғаттың қымбат ескерткіштерін қираудан қорғауды білдіретін.

Отызыншы жылдары қазбалы кен қорлары таусылу, ормандар мен су көздері жойылу қаупі төнген кезде бұл ұғым табиғат байлықтарын қорғаумен толықты, 50-60 жылдары қоршаған ортаны қорғау ұғымына жоғарыда айтылғандарға қосымша ауаны, су көздерін, топырақты зиянды өндірістік және радиоактивті қалдықтардан, уытты химиялық заттардан қорғау кіретін болды.

Сонымен, қоршаған ортаны қорғау жануарлар мен өсімдіктер дүниесін азып-тозудан, жойылып кетуден, қазбалы кендер қорларын таусылудан, талан-тараж болудан, ауаны, топырақты, өзендерді, көлдерді, теңіздер мен мұхиттарды ластанудан, ысырап болудан сақтау болып табылады.

Табиғатты қорғау проблемалары әр елде әр түрлі. Тіпті кейде басқа елдің іс - әрекетінен де зиян көріп жатады.

Ауаның, өзен, теңіз суларының ластануы мемлекеттік шекраға тоқтамай желмен, ағын сулармен өтіп, біреудің зиянды қалдықтарын мыңдаған километр қашықтықта жатқан жазықсыз екінші елдің ауасын, суын, топырағын, орманын ластап, оны тазылауға көп қаржы мен күш жұмсауға мәжбүр етеді.

Табиғат қорғау арзанға түспейді. Көп қаражат жұмсалатын күрделі проблемаларды шешу бір елдің қолынан келмейді. Сондықтан бірнеше мемлекеттер қосылып, өзара шарт жасасып, тез уақытта және арзан бағамен сондай жұмыстарды орындауға мүмкіндік алады. Сөйтіп қоршаған ортаны қорғау бір аймақтың немесе бір елдің проблемасынан көп елге қатысы бар, халықаралық проблемаларға айналады. Соңғы жылдары көптеген мемлекеттер халықаралық келісімдерге конвенцияларға, шарттарға қатынасып, табиғатты бірлесіп қорғауға келісті. Онда өсімдіктер және жануарлар дүниесінің жойылып кету қаупі төнген түрін қорғау, теңізден балық пен басқа жануарларды аулау мөлшері мен мерзімі туралы келісімдерге қол жетті.

Табиғат жағдайын үнемі бақылап отыратын халықаралық ұйымдар мен одақтар құрылды. Оларға мүше болған мемлекеттер халықаралық ұйым жарғыларын мойындап, міндетті түрде орындауға келіседі. Жарғы талаптарын орындамаса немесе бұзса жауапқа тартылады. Табиғат байлықтарын қорғау, пайдалану және қалпына келтіріп отыру жөнінде әр мемлекет өзінің заңдарын қабылдап, мемлекеттік орындар мен азаматтардың оны толығынан орындауын қатаң қадағалап отырады. Министірліктер, мемлекеттік комитеттер, жергілікті әкімдер заңның орындалуын ұйымдастырушы және бақылаушы ролін атқарады. Кәсіпорын, ұжым, мекеме басшыларынын, жеке азаматтардан заң талаптарынан уақытында орындалуын талап етіп, көнбегендерін жауапқа тартады.

Туған табиғатты қорғау мәселелеріне экономикалық мекемелер, құқық қорғау, орындау орындары және қоғамдық ұйымдар да қатысады.

Міне, сондықтанда табиғат жұмыстары тек мемлекеттің ғана міндеті болып қоймай, оған бүкіл жұртшылық, барлық азаматтар қатысуы қажет.

Сонымен, қоршаған ортаны қорғау деген ұғымға табиғат байлықтарын сақтау, ұтымды пайдалану, қалпына келтіріп отыру туралы, ортаның зиянды қалдықтарымен, уытты және басқа да тіршілік үшін қауіпті заттармен ластанбауын қамтамасыз ету жөнінде қабылданған мемлекеттік заңдар, қаулылар, экономикалық мекемелер, құқық қорғау және ұйымдардың ережелері мен нұсқаулары, халықаралық және мемлекеттер аралық келісімдер, конвенциялар, шарттар кіреді.

Мемлекеттің заңдары мен халықаралық шарттарда көзделген табиғатты сақтау жөніндегі шаралар ортаны қорғау деп атайды.

Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласы соңғы жылдары экология деп аталып жүр. Ол гректің “oicos”- үй, мекен, тұрғын жер, және “logos”- білім, ғылым, зерттеу деген екі сөзінен құралған.

Экология барлық тірі организмдерді, олардың тұратын «үйін», «мекен - жайын» және сол «үйді» тұруға қолайлы ету үшін атқаратын міндетті зерттейді.

Ең алғаш «экология» деген сөзді пайдаланған Генрих Девид Тюро. Ол 1858 жылы қаңтар айының бірінші жұлдызында бір досына “Гоар мырза елі Конкордта, ботаника және экологиямен айналысуда” деп жазған болатын.

Экологияны ғылымға бірінші болып енгізген белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Э. Геккель. Ол ғылымға көптеген жаңа сөздер, ұғымдар қосты, соның бірі - экология.

Қысқартып айтқанда, экология Ч. Дарвин «өмір сүру үшін күрес жағдайлары» деген табиғаттағы қиын байланыстар мен арақатынастарды зерттейтін ғылым.

Э. Геккель экологияны табиғаттану ғылымдарына жатқызады. Бірақ, ол тірі организмдерді түрі - түсін белгілеп топқа бөлу үшін зерттемейді, олардың өмір сүру жағдайын, қоғамның өсіп өнуінде табиғаттың алатын орнын білу үшін зерттейді.

Оның үстіне табиғаттың экономикасын білуді де мақсат етеді. Сондықтан экологияны тек табиғаттану ғылымдары қатарына жатқызу дұрыс емес. Табиғат экономикасын, адамдардың табиғаттың арақатынасын, қоғамның экономикалық жағдайын зерттейтін ғылым қоғамдық ғылымдар қатарына да қосылуға тиіс.

Э. Геккельдің кейінгі көптеген ғалымдар экологияның анықтамаларын беріп, оның басқа ғылымдардан айырмашылығын көрсетуге тырысты.

1920 жылы Ф. Клементс экологияны бірге өмір сүретін түрлі өсімдіктер мен жануарлар туралы ғылым;

1937 жылы Ч. Элтон экологияны жануарлардың жаратылу тарихын, олардың әлеуметтік және экономикалық орнын зерттейтін ғылым;

1959 жылы Х. Б. Одум экология табиғаттың құрылысы мен атқаратын міндетін білу туралы ғылым;

1972 жылы С. С. Шварц экология өсімдіктер мен жануарлардың табиғи ортада өмір сүру заңдарын зерттейтін ғылым.

Экологиялық мәселелерді зерттеуге Қазақстан ғалымдары да көптеген зерттеулер жариялап, оқу құралдарын шығарып, өз үлестерін қосып келеді. Бұл салада қазақ тілінде басып шығарылған кітаптар да аз емес. Дегенменде бұл зерттеуі бітпейтін, анықтауы таусылмайтын, күнбе - күн жаңадан талап қоятын тақырып.

  1. Экология тақырыбы

Біздің планетамызда өмір сүруге қолайлы орта онша көп емес.

Ауаның, судың және топырақтың жұқа қабатында ғана тіршілік бар. Тірі организмдер орналасқан ауаның, судың және жердің қабаттары биосфера деп аталады.

Тірі организмдер өмір сүретін өзара байланыс, қарым - қатынас жасайтын табиғи ортаны - атмосфера мен гидросфераның төменгі қабаттарын, летосфераның жоғарғы қабатын биосфера деп атауды 1875 жылы ғалым Э. Зюсс ұсынған болатын.

Ғалымдар биосфераның аудағы шекарасы жер бетінен есептегенде 15 км биіктікке дейін, суда - 12 км тереңдікке дейін, жер қыртысында -5км терендікке дейін болсын деген шешімге келді.

1969 жылы аэронавтар жер бетінен 350 мың километр қашықтықтағы Айға барып, онда аз уақыт болуына байланысты, ғарышкерлер орбиталық кемелер мен станцияларда ұзақ уақыт тұрып, жұмыс істейтін болғандықтан биосфераның ауадағы шекарасын Айға дейін немесе орбиталық кемелер көтерілген биіктікке дейін кеңейту туралы пікірлер айтылуда.

Біздіңше, мұндай пікірлермен келісуге болмайды. өйткені аэронавтар да, ғарышкерлер де Айға ұшқанда, орбиталық станцияларда тұрғанда жердегі ауамен тыныстанды, ішетін асы мен суы да жердің тағамдары болды. Кеме ішінде күре тамыр қан қысымы да жердегі дәрежеде сақталады. Басқаша айтқанда, ғарышқа ұшқанда оларға жердегі, үйренген жағдай қолдан жасалып, өмір сүру жүйесі өзгерген жоқ. Сондықтан биосфераның шекарасын ұлғайтуға негіз шамалы.

Болашақта да Homo sapiens биосфера шекарасынан алысқа кетіп, жағдайы жердегіден өзгеше Планетаға барып өмір сүреді деп айту қиын.

Осы күнгі биосфера туралы түсінік белгіліорыс ғалымы, академик В. И. Вернадскийдің 1924 жылы Францияның Сорбонн университеттерінде берілген лекцияларында оқыған болатын.

Биосфера - адамдардың денесі сияқты дейді ол, - қоғам мүшелерінің сапалы еңбек етуіне қажеттің бәрін береді. Олар бір жағынан биосфераның арқасында өмір сүрсе, екінші жағынан өздері табиғат құбылыстары мен өзгерістеріне, табиғаттағы заттар айналымына қатынасып отырады. Сондықтан өздерін өлтіргілері келмесе, табиғат процестерін елемеуге, ескермеуге, оларды бұзуға, кейіннен түзеуге болмайтын өзгерістер енгізуге құқықтары жоқ. Сонымен қатар адамдар осы процестерді өздерінің саналы бақылауларына алып, өндірістік, тағы басқа іс-әрекеттер биосфераға тән процестермен үйлестіріп жүргізулері керек. Мұны адамдар өздері өмір сүретін ортаны жақсартуға, өзгертуге құқықсыз деген ұғым тумайды. Тек сол жетілдірудің пайдалы, қолайлы жолын табу қажет. Қолайлы болғанда адамдардың бүгінгі қажеттерін өтеу үшін емес, табиғатта қалыптасқан теңдестікті қолайлы болуы дұрыс. Биосфераны тірі организмдер өмір сүретін орта деп қарасақ, ондағы адамдарды, олардың іс - әрекетін жалпы Планеталық әсері бар күш деп санау керек. Адамдардың табиғатқа жасайтын ықпалы мен әсері соншалық өскенін айта келіп, 1945 жылы В. И. Вернадский алдағы уақытта оларды геологиялық дәрежедегі алып күштер қатарындағы санауды ұсынады.

Бірнеше миллиард жылдар бойы жаратылыс заңдарына сәйкес өсіп жетілген биосфера біртіндеп Ноосфераға айналып бара жатқанын, келешекте әлем жаратылыс заңдарымен қатар адамдардың ақылына, санасына бағынатынын айтқан.

Ғалымның пайымдауынша Ноосфера - биосфераның жоғарғы сатысы болып саналады. Қоғам мүшелері мен табиғат арақатынасында адамдардың іс - әрекеті, ақыл-ойы шешуші күшке айналады. Жаратылыс заңдарын біліп, түсініп техника мен жұмыс әдістерін жетілдіре отырып адамдар өздерінің ықпалы мен әсерін одан әрі күшейте түседі, жер бетіне көптеген өзгерістер енгізеді, табиғат процестерінің жүруіне ықпал жасайды.

Тірі организмдер өмір сүретін әлемдегі жалғыз орын биосфераның қал - жағдайы, олардың өзара қарым - қатынастары, өздері тұратын ортамен байланыстары, адамдардың іс - әрекетінен биосфераға келетін пайда мен зиян, оны қорғау үшін алдын ала қолданылатын шаралар экология ғылымы зерттейтін тақырыпқа жатады.

Жеке ғылым саласы ретінде ол табиғаттағы физикалық және биологиялық құбылыстар менөзгерістерді тексеріп, жаратылыстану және қоғамдық ғылымдарды, ғылыми негіздермен күнделікті тәжірибелерді байланыстырып, теорияны іске асыру жолдарын іздестіріп, табиғаттың әлеуметтік және экономикалық жақтарын зерттеп, қоғам мен табиғат арақатынасын ғылым талаптары негізінде құру проблемаларымен айналасады.

  1. Экологияның ғылымдағы орны

Тірі организмдердің және табиғаттың басқа да құрамдары мен арақатынастарын зерттеген кезде экология басқа ғылым салаларымен тығыз байланыста болады. Зерттеу кезінде биологиялық, техникалық, экономикалық, әсемдік, көркемдік, тағы басқа көптеген мәселелерімен айналысады. Тек биологиялық проблемалармен айналасып қоймай, табиғатты қорғаудың және пайдаланудың әлеуметтік - экономикалық, жақтарын да зерттейді. Сондықтан экологияны жаратылыстану саласындағы ғылым немесе биологияның бір тарауы деп қарау дұрыс болмайды. Әлеуметтік - экономикалық проблемаларды зерттейтін болғандықтан оны қоғамдық ғылымдар саласына жатқызуға болады.

Халықтың саны өсіп, азық - түлік және энергия қуаты жетпей, қоршаған орта шектен тыс ластана бастаған соң, экология бұрынғы жаратылыс тану бағытына қосымша экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық бағыт алды.

Түпкі тамыры биологияда болғанымен қазір онан бөлініп, жаңа ғылым саласы ретінде жеке отау тікті.

Өзара үйлеспеген, пайдасы аз, шығыны көп ғылыми зерттеулер орнына бір жүйемен жүргізілетін, проблеманы жан - жақты зерттеулерге көшу пайдалы.

Қоршаған ортаны, өндірістік аймақты, ауданды, қаланы, облысты, біртұтас алып, олардағы барлық проблемаларды зерттеу арқылы экологиялық дағдарыстан шығу мүмкін.

Ол үшін экология басқа ғылым салаларына өзінің тапсырмаларын үлестіріп беріп, олардан түскен ғылыми зерттеулерге талдау жасап, бір - бірімен салыстырып, дұрысын алып, қатесін қайтарып, бір жүйеге келтіріп отыратын жеке ғылым саласына айналуы қажет.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

1. Экологиялық жүйе анықтамасы

Тіршіліктің ұйымдасу дәрежесі мен негізгі заңдылықтары биологиялық жүйеге келтірілген. Онда тіршілік ұсақ, көзге ілінбейтін нышаннан бастап, бірте - бірте ірілене береді. Жүйенің үлгісі былай: Ген ( тұқым қуалаудың бастапқы нышаны) - клетка - дене мүшесі - тірі дене - популяция (бір түрлі организмдер тобы) - сообщество (бірге өмір сүретін түрлі организмдер тобы) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық жобалау мен экспертизаның құрылуы мен дамуының тарихынан
Экожүйе мен биогеоценоз - тірі ағзалардың және ортаның жиынтығы
Экологиялық мониторинг туралы
Алматы қаласының жағдайындағы Drosophila мelanogaster популяциясындағы морфологиялық өзгерістердің қалыптасу заңдылықтарын зерттеу
Экологиялық жүйе
Биология концепциясының деңгейлері
ГАЖ-де мұнай-газ саласындағы жобаларды экологиялық бақылау
Менеджмент жүйелері
Экологияның заңдылық жүйесі. Көздері және жіктелуі
Алматы қаласының жағдайындағы Drosophila мelanogaster популяциясындағы особьтарға морфологиялық анализ жасай отырып қоршаған ортадағы ластаушы заттардың әсерін бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz