Моноқалаларды қалыптастыру мен дамыту


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының теориялық аспектілері . . . 5
1. 1 Қала ғылыми зерттеудің нысаны ретінде . . . 5
1. 2 Моноқалаларды қалыптастыру мен дамытудың теориялық негіздері және олардың жіктемесі . . . 9
1. 3 Қазақстандағы моноқалалардың дамуының ерекшеліктері . . . 13
2. Қазақстандағы моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының сипаттамасы . . . 17
2. 1 Моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі жағдайы . . . 17
2. 2 Қазақстанның моноқалаларындағы экономикалық ахуалды талдау . . . 20
2. 3 Хромтау қаласының экономикасын әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту . . . 36
3. Моноқалалардың негізгі даму бағыттары мен проблемалары және олардың Қазақстандағы мемлекеттік реттелуі . . . 48
3. 1 Қазақстан Республикасындағы моноқалалардың жаңа индустриялық бағытына стратегиялық зерттеу . . . 48
3. 2 Моноқалалар экономикасын әртараптандыру дағдарыстан шығудың басым бағыты ретінде . . . 53
Қорытынды . . . 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 66
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2015 жылдың 30 қарашасында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын айтып, ол ғаламдық дағдарыс жағдайындағы экономиканың әртүрлі өрісіндегі ел әрекетіне негізгі басым жасалды. Біздің еліміз тәуелсіздік жылдарында бірнеше рет дағдарыс сәттерін бастан кешіп, одан еш қиналмастан өтті. Қазіргі кездегі біздің міндетіміз әлемнің 30 дамыған елдер қатарына кіру, ол үшін бізде табиғат және еңбек ұстанымы бар. Екі жыл ішінде, "Қазақстан - 2050" стратегиялық даму бағдарламасын қабылдағаннан кейін үлкен жұмыстар атқарылды, көптеген экономикалық көрсеткіштер бойынша біз әлем елдері ішінде қырқыншы позицияны ұстаймыз, бірақ босаңсуға болмайды. Елдің нақты табыстары бізге өз күшімізге сенімділікті береді. Еліміздің нақты табыстары өз күшімізге сенімділік береді. "Мәңгілік ел" және "100 нақты қадам" бағдарламасы жұмыс істеуін жалғастыруда [1] .
Қазақстан экономикасының кеңістіктік дамуы көбінен сараланумен сипатталатыны белгілі. Бұл табиғи-шикізаттық, өндірістік, кадрлық әлеуеттердің үлкен айырмашылығына ғана емес, сонымен бірге аймақтардың қалыптасқан қызмет бағытының деңгейіне, олардың нарықтық қатынастарға бейімделу деңгейіне, ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілік шарттарына да байланысты. Сондықтан, республиканың әрбір шағын қаласының мәселелерінің сөзсіз өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ олар алғы шарттармен де сипатталады. Моноқалалардың дамуына және оның халқының әлеуметтік деңгейін көтеру жолында азық-түлік көмек, медициналық көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй көмегі, білім алу және кәсіби даярлыққа ықпал жасауды жатқызуға болады.
Ұлттық экономиканы одан әрі жаңғырту, әртараптандыру және бәсекелестік қабілетті арттыру жөніндегі табысты үдеріс индустриялық-инновациялық саясатты дәйекті іске асыруға байланысты болып отыр. Ең алдымен барлық назар әлемдік экономиканың дамуының қазіргі заманғы жағдайына сәйкес келетін инновациялық индустрияландыруға түсетінін атап өту қажет. Бүгінгі таңда Елбасы әлемнің бәсекелестікке қабілетті елу елінің қатарына кіру туралы ел алдына қойған міндеті экономиканың нақты секторында сапалы өзгерістер енгізу ісіне серпін берді.
Осылайша, жоғарыда айтып кеткендерді қорытындылай келе, біз зерттелініп отырған мәселенің ғылыми және тәжірибелік маңызының зор екенін, бүгінгі таңда өзекті екенін айта аламыз.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
- Ақтөбе облысы моноқаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау;
- мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік-экономикалық даму стратегияларына сай моноқаланың даму бағытын зерттеу;
- моноқалалардың урбанизациялық мәселесін, өнеркәсіп жағдайының жалпы даму динамикасын талдау;
- нарықтың инфрақұрылымы және қоғамдық артықшылықтар мен кемшіліктерді салыстыру, осыған байланысты шешілмеген проблемаларды қарастыру;
- қалыптасқан дағдарыс жағдайын шешу үшін сапалы ұсыныстарды қарастыру және шешу жолдарын көрсету;
- моноқаладағы демографиялық жағдайды, жалпы жұмыссыздық деңгейін талдау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы алғышарттарды шешуге мүмкіндік жасау;
- шешуге қойылған бағдарламаларды жүзеге асыруды ұйымдастыру жолдарын көрсету;
- әлемдік экономикаға тиімді кіруге өңірдін экономикалық дамуының салалық серпілісінің негізін құру;
- Ақтөбе облысы моноқаласының экономикасын, әлеуметтік жағдайын тұрлаулы белсенді өрлеудің кешенді өнеркәсіпті іргетасы ретінде әртараптандыру;
- моноқалалардағы қалыптасқан әлеуметтік әлжуаздылықты жойып, халықтың рухани әлеуетін дамыту.
Дипломдық жұмыс мазмұннан, кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытыңдыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының теориялық аспектілері, моноқалалардың нарықтық шаруашылықты ұйымдастырудағы маңызы, қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясы мен заңдылықтары, моноқалалардың дамуының әлеуметтік-экономикалық факторлары мен ерекшеліктері қарастырылады.
Екінші бөлімде Ақтөбе облысы моноқаласының әлеуметтік- экономикалық дамуы, моноқалалардың экономикалық-географиялық және тарихи дамуының алғышарттары, моноқалалардың жіктелуі және өнеркәсіпті дамытудағы рөлі, аймақтың даму жүйесінде моноқалалардың нарықтық инфрақұрылымы және әлеуметтік-экономикалық жағдайы сипатталады.
Үшінші бөлімде моноқалалардың әлеуметтік - экономикалық даму тұжырымдамасы, қалалардың индустриалды - инновациялық даму
перспективасы, моноқалалардың әлеуметтік - экономикалық даму моделі,
проблемалары және олардың тұрақты даму тұжырымдамасы қарастырылады.
1. Қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының теориялық аспектілері.
- Қала ғылыми зерттеудің нысаны ретінде.
Қалалардың өсуі және дамуы қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуында, яғни оның негізінде жатқан қоғамдық өндірістің дамуында кездейсоқ жағдай емес. Қалалардың тарихи пайда болуы еңбектің терең бөлінуімен байланысты, яғни ауыл шаруашылығынан өндірістің бөлініп шығуы. Қалалардың өсуі және даму процесі қай қоғамда болса да ауылдың қала ретіндегі қалыптасып, қалаларда жаңа әлеуметтік-экономикалық қайшылықтардың пайда болуымен байқалады. Қазіргі заманғы урбанизацияға қарама-қайшылықтардың көбі тән болып келеді, олардың ішінде ең бастылары өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы дамуындағы қарама-қайшылықтар, қала тұрғындарының тым тығыз орналасуы, халықтың өмір сүруінің нашарлауы және өмір сүру деңгейінде айырмашылықтардың пайда болуы мен сапасының түсуі, алып қалалардың пайда болуы, тұрғын үй мәселесі, еңбек етуде жұмыс орындардың тығыздығы, қылмыстың және жоқшылықтың өсуі, экологиялық ортаның нашарлауы, әлеуметтік шиеленістер және т. б.
Осы құбылыстарды жою және бейтараптандыру - қалаларды басқару мен реттеудің ең негізгі міндеттерінің бірі болып табылады, себебі, аталған сұрақтардың сәтті шешілуі жоғарыдағы көріністердің мәні мен нағыз масштабын және олардың пайда болуының тетіктерін зерттеуде қатал түрде ғылыми зерттеуді талап етеді.
«Қала» түсінігі санқилы өтпелі заманда әртүрлі мазмұнға ие болды. Әдетте, ол генетика-тарихи, формальды-құқықтық, статистикалық, демографиялық, қоғамдық-шаруашылықтық және де басқа да межелерге сүйеніп беріледі. Әдебиеттерде қазіргі қала түсінігі - бұл өзінің жергілікті басқару органы бар, онымен қоса, тұрғындар саны белгілі бір шартты санға теңгерілетін тұрғылықты жер аталады. Формальды көзқарас тұрғысынан қала бұл - әкімшілік шекарадағы аумақтың бір бөлігі.
Аталғандай қала түсінігіне әртүрлі анықтамалар беруге болады. Мысалы айталық, Египетте қала - бұл белгілі бір әкімшілік орталық, яғни әкімшілік билікке ие орталық. Кейбір мемлекеттерде тұрғындардың белгілі саны туралы мүлде ойланбайды, олар үшін қала немесе қала емес деп тағайындалуы мүмкін.
Ежелгі грек философы Аристотель әр қаланың тұрғындар санын 10 мың адамнан артық қылмай шектеу қажет деген ұсынысын айтқан болатын. Ол қала тұрғындары бір алаңға жиналып, бір бірімен танысып, пікір алмасып, бірге шешім қабылдайтын қаланың моделін ұсынды.
Шығыс ойшылы Әль-Фараби өзінің «Философиялық трактаттар» (870-950 жж. ) атты ғылыми еңбегінде «қайырымды қала» туралы ілімін дамытты, оның ойынша бұндай қала тәртіпсіз, ар-ұятсыз, адасқан, тұрғындары байлықты өмірдің мақсаты деп санайтын қалаға қарама-қайшы болып келеді. Әл Фараби саяси-экономикалық пікірлерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекеттік билеушінің нақыл сөздері» және «Азаматтық саясат» еңбектерінде баяндайды. Ол, саяси-экономикалық ілім - қайырымды басқару, оны ұйымдастырудың тәсілдері мен қала тұрғындарына қайырымдылық пен игіліктің қалай келетінін, оған қандай жолмен жетуге болатындығын үйретеді деді. Адамдар өздерінің санасынан тыс қалыптасатын материалдық игіліктерді өндіруде әр түрлі топтарға, қауымдастықтарға біріккені белгілі. Осындай ұйымдастырушылықтың бірі - толық, екіншісі - толымсыз қоғам деп аталады. Өз ретінде толық қоғам үлкен, орта, кіші болып бөлінеді.
Үлкен қоғам - жер бетіндегі мекендеуші барлық адамдардың жиынтығы. Орта қоғамға белгілі бір халық, тайпалар бірігеді. Ал, кіші, шағын қоғамға жекелеген қалалардың тұрғындары, ондағы көшелер мен отбасы мүшелері жатады. Ғұлама қайырымды және қайырымсыз қала тұрғандарына талдау жасап, ондағы жекелеген топтардың әлеуметтік жағдайын, айналысатын кәсібін, тұрмыс-салтын, өмір сүру ерекшеліктері мен құндылықтарын көрсетуге ұмтылды. Оның айтуынша, «адамдар, бақытты болуы үшін бір-біріне көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала-ізгі қала. Халқы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отырған қоғам да ізгі қоғам болады. Қалалардың бәрі бақытқа жету жолында біріне-бірі көмектесіп тұратын халық ізгі халық. Сол сияқты халықтардың бәрі бақытқа ұмтылып, біріне-бірі көмектесіп отырса, бүкіл жер жүзі ізгі болар еді» [5, 429б] . Әл-Фарабидің пікірінше, қоғамдардың ең жетілген формасы - қала, қала - бұл ел басқаруда адамдарды ең үлкен бақытқа жеткізетін мінсіз үлгісі саналады. Әл-Фараби «қала» терминін әкімшілік аумақтық бөлініс ретіндегі, осы заманғы ауқымдағы қаланы белгілеу үшін ғана емес, мемлекет-қаланы белгілеу үшін де, сондай-ақ, феодалдық қоғамда ең көп болған әртүрлі әлеуметтік топтарды белгілеу үшін де қолданады. Ол қала тұрғындарының бақытты өмірге қол жеткізуі жоғарғы, қайырымды билік өнеріне де тікелей қатысты деп ой түйеді. Қайырымды қала билеушілері өз жұрты, тұрғындары үшін қызмет етеді. Қайырымды қала тұрғындарының ғана мүмкіндігі, құқығы бар «бақыт дегеніміз - игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені және ең жетілгені». Сондықтан, қайырымды билеушілер билеген қала тұрғындары ғана бақытқа жете алатыны айтылады.
Ғұлама қайырымды қалалармен бірге надан, бұзылған, сараң, қайырымсыз қалалардың болатынын ескертеді. Сонымен қатар, «қайырымды қала» тұрғындары пайдаланатын игіліктерге ғылым негіздерін меңгеру, әділдікке ұмтылу, әртүрлі әлеуметтік топтардың бір-бірімен тату өмір сүруін т. б. жатқызады.
Кезінде А. Смит, К. Маркс және Ф. Энгельс қаланы нақтылы тарихи түсінік ретінде қарастыру керек деп белгілеген. Көрнекі мысал болып ғылыми-техникалық прогресспен бірге дамитын, олардың нәтижесінде қалалық қоныстанудың, табиғатының, қоғам өміріндегі рөлі мен маңыздылығының өсуі, пайда болатын қалалардың прогрессивті урбандалуын айтуға болады.
Маркстың айтуы бойынша, қала-бұл халықтың, өндіріс құралдарының, капиталдың, көшеттердің, сұраныстардың шоғырлану фактісін білдіреді, ал ауылда дәл осыған қарсы факт анықталады, яғни оқшаулану және тарқалу. Сонымен қатар, қала салалардың механикалық жиынын немесе түрлі қызмет түрлерінің жиынтығын білдірмейді. Бұл дегеніміз - адамдардың белгілі бір ұйымы, ол өзінше бір сияқты, яғни онда өте үлкен диспропорция болмауы қажет. Себебі, олардың экономикалық, не болмаса әлеуметтік қызметтерін орындауда теріс әсерін береді. Қалалық қоныстанудың аумақтық ұйымының күрделілігі келесіде: «Қаланың өзінің өмір сүруі жай ғана көптеген тәуелсіз үйлердің болуымен ерекшеленеді. Мұнда оның құраушы сандары әсер етпейді, бұл өзінше бір ағза деуге болады» [6, 50б] . Тиісінше, қала-бұл ең алдымен шоғырланған жүйе. Қаланың аумақтық бірлігі, қатынастардың (жалпылама, қызметтердің алмасуы және басқалары) адамдардың, жалпы қалалық пайдалану нысандарының (мысалға, инженерлік коммуникациялар, көліктік тораптар) дамуына шарт жасайды, ал жоғарыда аталғандар өз кезегінде осы бірлікті күшейте түседi.
Ірі қалалар, ең алдымен, өндіріс пен көшіп - қонудың орталықтарына айналды. Ф. Энгельс сипатындағы «қала неғұрлым үлкен болған сайын, соғұрлым онда өмір сүруге ыңғайлы: мұнда темір жол торабтары, құбырлар, шосселер де осында; дайын жұмысшыларды таңдау мүмкіндігі мол, жаңа кәсіпорындар ұйымдастырылуы да осында, мұнда барлығына қол жетімді, шалғай аудандармен салыстырғанда арзан, базарлар мен биржалар мекені, тұтынушылар кездесетін орын, дайын өнімді жеткізу мен шикізат нарықтарымен байланыс міндетті түрде болатын елді мекен» деп атап өткен [6, 354] .
Сонымен қатар, ірі қалаларды орталықсыздандырудың негізгі идеясын ағылшын ғалымы Эбенезер Говард (1850-1928жж. ) өзінің «Қалалар - болашақтың бақтары» атты ғылыми жұмысында айтқан болатын. Ал, Макс Вебер көзқарасына сүйенсек, «Қала - бұл экономикалық мағынада тұрғылықты халықтың күнделікті қажеттіліктерін жергілікті нарықта қанағаттандыруы және мұндағы өнімдердің көптеген бөлігі тұрғындармен өндірілуі» деп қарастырады [7] .
Сондықтан да біздің көзқарасымызша, қаланы бірыңғай әлеуметтік-экономикалық жүйені құрайтын ұлттық экономиканың түйіні ретінде сипаттау қажет. Ұлттық экономика құрамындағы тұтас шаруашылық жүйе бөлігі қоғамдық өндірістің жаңа шыңына шығуға және ұлттық экономиканың тұрақты дамуы бойынша мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
БҰҰ жанындағы бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының анықтауында «бүкіл әлемде бейбітшілік сақтап қалу мәселесінен кейінгі ХХ ғасырдың екінші жартыжылдығында адамзат алдындағы шұғыл мәселе - ол қалаларды жоспарлау болып табылады» [8] .
Қала санының өсуі, оның ішінде ондағы тұрып жатқан халықтың көлемі мен санының өсуі олардың дамуында ғылыми және практикалық қызығушылық мәселесінің өсу шарттарын туғызады. Сондықтан да осы үдерістің ең басты спецификалық ерекшеліктерін анықтау яғни біріншіден, «қала» ұғымының критерийлерін қалыптастыру және анықтау экономикалық ғылымның маңызды міндеті болып табылады. Қазіргі таңда осы сұрақтарды зерттеуде, оның ішінде «қала» ұғымын анықтауда біршама көлемді экономикалық, экономикалық-географиялық, сәулет-қала құрылысы, әлеуметтік, әлеуметтік-демографиялық және басқа да ТМД елдері ғалымдарының әдебиеттері арналған, олардың әрбір салалар мағлұматында «қала» ұғымының азды-көпті ашық анықтамасы және зерттеудің теориялық ыңғайы келтірілген. Қаланы анықтаудың негізінен келесі критерийлер келтіріледі: статистикалық (аумақ көлемі және халық саны) ; демографиялық (халықтың өсу қарқыны) ; өндірістік-функционалдық (халықтың өндірістік-еңбек қызметтерінде үстем ететін қызмет түрлері) ; сәулет-құрылыс (өндіріс, тұрғын үй-шаруашылық және мәдени мәндегі нысандарды орналастыруды жоспарлау) ; тарихи-генетикалық (пайда болу, пайда болу мерзімі) ; экологиялық және т. б.
Экономикалық-географиялық мәнде қала шоғырланудың бір формасы ретінде қаралады, олардың шеңберінде адамдар белгілі бір материалдық және рухани өндірісте өзара араласады. Әлеуметтанушылар негізінен осы ұғымның әлеуметтік құраушысы талдауына жүгінеді - қалалық өмір сүру салтына, қалалар арасындағы байланыс және халқының сұранысы. Өз кезегінде демографтар қаланы белгілі бір бағдарланған тіршілік ету қағидасы бар, халық қоныстануға тиісті өздерінің талаптарын ұстанатын ұйым ретінде қарастыруды ұсынады.
Ғылыми әдебиеттің талдауы көрсеткендей, «қала» ұғымының бекітілген баяндамасы, шын мағынасында, оның әлеуметтік-экономикалық мәнін толығынан ашпайды. Монографиялық зерттеулерде ол жиі қоғамның өндіріс күшінің өңірлік ұйымы ретінде ғана қарастырылады. Шынында, аталған ұғымның әлеуметтік-экономикалық құрылымы біршама ауқымды және терең. Қазіргі заманғы қала - көптеген сфералардан құралған, әртүрлі байланыстары бар табиғаттың түрлі функционалдық жүйелерінен және нысандардан, оның ішінде алғашқыдан материалдық сфералар байланысынан және адамның өндіру сфераларының үздіксіз байланысынан тұрады.
1. 2 Моноқалаларды қалыптастыру және олардың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған өзінің кезекті Жолдауында үкіметке жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді және моноқалаларды дамыту бағдарламасын дайындауды тапсырды [2] .
Осыған байланысты «моноқалалар» түсінігін теориялық жағынан түсіндіру, олардың ерекшеліктерін және қалыптасу факторларын зерттеу, сондай-ақ оларды дамыту барысында біздің елімізде ғана емес, сонымен бірге әлемдік тәжірибеде туындайтын негізгі мәселелерді анықтау қызығушылық тудырады.
Қалалардың - ірі, орта және шағын типтерін анықтау кезінде әлемдік теория мен тәжірибеде қаланың көлемі (халқының саны), оның қызметінің мөлшері мен көлемі (көпшілік тұрғындарының негізгі қызметі) секілді негізгі критерийлер ескеріледі. Бұл ретте түрлі елдердің ұлттық заңнамаларында елді мекен қала болып есептелінетін халық санының түрлі критерийлері белгіленген: Данияда 250 адамнан бастап, Жапонияда 30 мың адамға дейін. Қазақстанда және ТМД елдерінде егер елді мекен халық саны 12 мың адамнан кем болмаған жағдайда қалаға жатқызылады.
«Шағын қалалар» санатына келетін болсақ, бұл халықтың көп болу критерийінің, яғни тұрақты тұрғындар санының негізінде бөлінетін халықтың жинақы түрде тұру жүйесі. Әдетте, заманауи шағын қалада тұрғындардың саны 50 мыңға дейін жетеді, ұйымдастырушылық-басқару қызметтері атқарылады, белгілі бір дәрежеде дамыған өндірістік базасы бар, оған инфрақұрылым мен көріктендірудің белгілі бір элементтері, көп қабатты құрылыстар, жер телімдері жақын орналасқан үй шаруашылығы тән. Шағын қалалар қала халқының ұдайы өсуі, қаланың аумағындағы әрбір адамның қажетті күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барлық қажетті заттармен жабдықталған, қаланың аумағында орналасқан тұрғындар шоғырланған аумақтық тұтас және жинақы кеңістіктер болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 87 қала бар, олардың шамамен 60-ы шағын қала мәртебесіне ие, ал оларда тұратын халықтың жалпы саны шамамен 1, 5 млн. адамды құрайды.
Қалалардың пайда болуы мен экономикалық дамуының негізгі үрдістерін түсіндіруге негіз болып табылатын кейбір базалық теориялық ережелерді қарастырайық.
Олардың біріншісі, едәуір кең тараған түрі - кеңістіктік артықшылық теориясы немесе орналасу теориясы. Бұл теорияға сәйкес кеңістіктік артықшылық кез келген экономикалық қызметте көрінеді және өндірістің қандай да бір түрлерінің толық анықталған елді мекендерде орналасуына мәжбүрлейді. Басқа сөзбен айтқанда, әрбір қаланың шикізат көздеріне немесе өндірістің басқа да факторларына (жұмыс күші, жер, энергия) немесе өткізу нарығына жақын орналасуымен байланысты өзінің аумақтық артықшылықтары болады. Әдетте, шикізатқа аса тәуелді өндіріс шикізат көзіне жақын орналасады, ал айтарлықтай көлік шығындарын болжайтын өндіріс өткізу нарығына жақын орналасады. Мысалы, алюминий өнеркәсібі арзан электр энергиясы көздеріне, металлургия зауыты темір кені мен тас көмір кенін өндіру орындарына жақын орналасады. Бұл теория белгілі бір дәрежеде еліміздегі қалыптасқан өндіріс күштерінің орналасуын түсіндіреді.
Қалалар мен қалалық кенттердің қалыптасу қағидаларын түсіндіретін басқа теория, қалалық қоныстардың көлік өзгерісінің негізінде орналасу теориясы болып табылады. Ол алғаш рет С. Cooley жұмыстарында берілген болатын. Бұл қалалардың пайда болу теориясының негізінде елді мекендердің басымдықтағы көлік жолдарының айналасына шоғырлануы жатыр. Мысалы, бастапқыда қалалар мен қалалық қоныстар ірі өзендердің, теңіздердің, аумақтарды экономикалық игеруге арналған «қақпалар», минералдық шикізатты және жер шаруашылығы өнімдерін тасып шығару порты секілді су жолдарының бойында пайда болған. Көлік жолдарының айналасында қалыптасқан дәл осы орталықтарда барлық өнеркәсіптер, банктер, білім мен мәдениет орындары шоғырланған. Басқа аумақтар ұзақ уақыт нашар игеріліп, онда ірі елді мекендер мен қалалар болмады.
Темір жолдарының пайда болуымен ірі теміржол тораптарында қалыптасқан қалалардың рөлі арта бастады. Осы теорияға сәйкес, Қазақстанда өнеркәсіптік-көлік орталықтары ретінде қалыптасқан шағын қалаларды бөліп алуға болады - бұл Қандыағаш, Ембі, Шалқар, Аягөз, Шар, Шу, Арыс. Сонымен, көліктік өзгеріс теориясын басшылыққа алатын болсақ, көліктің жаңа түрлерінің, байланыс пен коммуникацияның пайда болуы мен дамуының нәтижесінде көлік тораптарына байланыссыз елді мекендер пайда бола бастады. Оның үстіне, постиндустриалдық қоғамның қалыптасуы мен ақпараттық өрістің дамуына қарай бұл теория өзінің мәнін жоғалтатын болады.
Қаланың орталық орны теориясы - неміс географтары В. Кристаллердің және А. Лэманың еңбектерінде көрініс тапты [9] . Тұжырымдама қалалық аумақты ұстау үшін өнімді ауыл шаруашылығы жерлерінің біршама мөлшерінің қажеттігін пайымдауға негізделген. Қалалық сауда зонасының, сондай-ақ, ауыл аумағының қызмет етуі үшін қажетті аймақты құрайтын қатынастар туындайды.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін, басымдықпен дамитын салалары бар қалаларға 19 қаланы жатқызуға болады: Ақкөл, Арқалық, Атбасар, Есіл, Степняк, Сарқанд, Жаркент, Қаскелең, Үштөбе, Есік, Үшарал, Талғар, Шемонаих, Зайсан, Булаев, Мамлютка, Сергеевка, Тайыншы, Жетісай.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz