Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың экономикалық мәні мен маңыздылығы


Мазмұны
Белгілеулер мен қысқартулар
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайларында компаниялардың өзінің қаржылық жағдайын тиімді пайдалану, қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету олардың өз мойындарына түсіп отыр. Жоспарлы экономика жағдайларында компаниялар экономикалық мұқтаждықтар мен қиындықтарға душар болған жағдайда мемлекеттің және оның орталықтандырылған қаржы жүйесіне арқа сүйейтін еді. Алайда нарықтық қатынастардың орнауы мен дамуы аталған мәселені компаниялардың өз иықтарына жүктеп отыр.
Қоғамда қаржылық талдау аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік -әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.
Отандық талдау әдебиеттерінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді .
Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - кәсіпорынның қаржылық жағ-дайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
- қаржы мамандығында алған білімімді қолдану;
-өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және кәсіпорынға қатысты материалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.
Талдау объектісі ретінде «. Лидер-Консалтинг-Групп» кәсіпорыны алынды.
Жұмыстың теориялық бөлімі қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін ашу-ға негізделген. Бұл бөлім өзіне қаржылық жағдайды талдаудың мақсаттары, міндеттері және қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері мен тәсілдері туралы ақпараттарды кіріктіреді.
Сонымен қатар қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынасындағы потенциалын анықтау, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгендігін бағалау болып табылады. .
Яғни кез келген кәсіпорын фирманы басқарудың жалпы мақсаттарына жетуге бағытталатын жүйенің болуынан тәуелді. Бұндай жүйе болып экономикалық менеджмент табылады. Ол әрқашан жоспарлаудың, басқарудың және экономикалық талдаудың ғылыми негізін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан кәсіпорынның экономикалық жағдайын бағалау мен болжаудың әдісі ретіндегі экономикалық талдау экономикалық менеджменттің ажырамас бөлігі болып табылады.
Талдау басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет негіз болып табылады. Бұл отандық кәсіпорындарда экономикалық менеджмент пен талдау саласында сәйкес білімдері бар жұмысшылардың болуын мақұлдайды.
Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Бұл дипломдық жұмыс отандық кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдауды әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіруге арналған, себебі стратегиялық басқаруды әдістемелік қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі кәсіпорын қызметін тұрақтандыру мүмкіндіктерін әлсіретеді.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі кез-келген кәсіпорынның іс-әрекетінде қаржылық жағдайын анықтау маңызды орын алады, ол оның несие қабілеттілігін, сенімділігін білдіреді. Сондай-ақ жаңа жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді, сол себепті оған әсер етуші факторларды зерттеу, оны өсіру жолдарын анықтау бүгінгі күні алғашқы орынға қойылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты қаржылық талдаудың коэффициент негіздерін зерттеу және кәсіпорынды мысалға алу арқылы оның өтімділігі мен іскерлік белсенділігін талдауды жүргізу болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі анықталады:
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздерін қарастыру;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың міндеттері мен әдістерін көрсету;
- кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен тиімділігін анықтау;
- отандық кәсіпорынды мысалға алу арқылы қаржылық жағдайды талдаудың ерекшеліктерін зерттеу;
- кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне талдау жасау;
- кәсіпорынның экономикалық жағдайын жетілдіру жолдарын көрсету.
Зерттеу пәні- кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Бұл жұмысты жазу үшін әдістемелік негіз болып «Лидер-Консалтинг-Групп» қаржылық жағдайы туралы шоғырландырылған есепті негізге ала отырып оның жақын арада қандай қаржы нәтижесінің күтілетіндігі және дебиторлық, кредиторлық берешектерін анықтадым. Зерттеу үшін осы кәсіпорынның басқа да құжаттары алынған.
Зерттеу объектісі- «Лидер-Консалтинг-Групп» ЖШС-нің қаржылық жағдайына баға беру.
Зерттеу жұмысының ғылымы жаңалығы:
- Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен табыстылығын арттыру жолдары
- Кәсіпорынның экономикалық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
- Кәсіпорынның қаржы стратегиясын нығайту арқылы кәсіпорын қаржысының орнықтылығына қол жеткізу бағыттары
Дипломдық жұмыс өзіне үш негізгі бөлімді, кіріспе, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімін қосады.
I. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Экономистер ортасында «қаржылық жағдай» түсінігін анықтау сұрақтары бойынша бірдей көзқарас жоқ. Қаржылық жағдай туралы келесі пікірлер бар:
- қаржы ресурстарының бар екенін, орналасуын және пайдаланылуын көрсететін көрсеткіштер жиынтығы;
- ұйымдардың шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілмеуі;
- ұйымның жағдайы бойынша белгілі бір күнге өзінің қызметін қаржыландыру қабілеттілігін көрсететін экономикалық категория;
- төлемқабілеттіліктің, несиеқабілеттіліктің сипаттамасы, қаржы ресурстары және капиталды пайдалану, мемлекет және шаруашылық субъектілері алдында міндеттемелерді орындау;
- ұйымның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстрымен қамтамасыз етілуі, оларды мақсатты орналастыру және тиімді пайдалану, басқа да заңды және жеке тұлғалармен қаржылық өзара қарым-қатынас, төлемқабілеттілігі және қаржы тұрақтылығы;
- қаржы ресурстары көздерін, оның ішінде меншікті және т. б. тиімді пайдалану және табу қабілетімен анықталатын қызметінің нәтижелілігі.
Әртүрлі көзқарастарды жинақтай келе, келесідей анықтаманы келтіруге болады: қаржылық жағдай - бұл пайдаланылатын қаражат көздерінің бар екенін және құрылымын, олардың орналасуын және пайдаланылуын сипаттайтын экономикалық категория. Қаржылық жағдай елеулі деңгейде үйымның бәсекеге қабілеттілігін, оның іскер ортадағы әлеуетін анықтайды, ұйымның өзінің экономикалық мүддесінің кепілдендірілгенін жәнен оның серіктестерінің қаржы және басқа да экономикалық қатынастарын бағалайды. [1, 5б] .
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай - ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді [2, 23б] .
Кәсіпорындағы "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алайық. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А. Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.
Профессор Н. А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады.
В. М. Радионова мен М. А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының калаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп жазады.
М. Н. Крейнина, А. И. Ковалев және В. П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: ''Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы" [3, 12б] .
Профессор И. Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы, бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады.
С. А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау".
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс".
Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді [4, 33б] .
Сонымен, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынасындағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгендігін бағалайды. кәсіпорынның қаржылық жағдайын объективті дұрыс бағасын алудың еңжақсы тәсілі, бұл - талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын анықтауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл - талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәспорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызмет атқарады.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуыдамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін [5, 18б] .
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қаржы - есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- ;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын , .
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады және ол өз қызметінде
3 сатыны қамтиды (1 суретті қараңыз) .
Cурет 1. 1 Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің кезеңдері
ЕСКЕРТУ - 1. 1 суреттегі мәлімет 5-ші әдебиет көзінен алынған.
Кәсіпорынның қаржылық қызметі- бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы ара-қатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қар-жылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді [6, 19б] .
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады.
1. 2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ КӨЗДЕРІ
Қаржылық талдаудың нәтижелiлiгi негiзiнен оның ақпараттық базасының жағдайы мен ұйымдастырылуынан тәуелдi. Қаржылық талдаудың негiзгi ақпарат көзi - кәсiпорынның қаржылық есебi. Кәсiпорынның қаржылық есебi келесi есеп беру формаларын қамтиды (1. 1 суретті қараңыз) .
1. 2 сурет. Кәсіпорынның қаржылық есеп беру формалары
ЕСКЕРТУ - 1. 2 суреттегі мәлімет 7-ші әдебиет көзінен алынған.
Бұл есеп формаларымен бірге қаржылық есепке түсіндірме хат тіркеледі. Сонымен бiрге, iшкi қаржылық талдау өндiрiстiң техникалық, технологиялық ақпараттарын, бастапқы және аналитикалық бухгалтерлiк есеп мәлiметтерiн пайдалана алады.
Қаржылық есеп берудiң мақсаты - ақпаратты пайдаланушыларды заңды тұлғаның қаржылық жағдайы, оның қызмет нәтижесi мен есептi кезең аралығында қаржылық жағдайында болған өзгерiстер туралы пайдалы, мәндi, әрi шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету [7, 23б] .
Қаржылық есеп ақпаратты пайдаланушыларды инвестициялық және несие беру шешiмдерiн қабылдауға қажеттi ақпаратпен қамтамасыз еткенiмен, экономикалық шешiмдер қабылдау үшiн қажеттi барлық ақпаратпен қамтамасыз ете алмайды. Себебi коммерциялық құпиялылықты сақтау туралы заң сыртқы пайдаланушылар алуы тиiс қаржылық ақпарат көлемiн шектейдi. Осыған орай ақпаратты пайдаланушылар қаржылық есептi негiзгi ақпарат көзi ретiнде қабылдауы тиiс. Қаржылық есептің негізгі және басты міндетінің, атқаратын қызметі мен функциясының бірі - пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде, яғни уақытылы жеткізіп беріп отыру. Осындай акпараттык мәліметтің негізгі қайнар көзі болып - бухгалтерлік баланс табылады.
«Баланс» сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тіліне аударылғанда «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды [8, 16б] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz