Шағын және орта бизнесті несиелеу туралы
КІРІСПЕ
I. ШАҒЫН БИЗНЕС САЛАСЫНДАҒЫ БАНКТІҢ НЕСИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Шағын және орта бизнесті несиелеу түсінігі мен қалыптасу кезеңдері
1.2 ҚР экономикасындағы шағын және орта бизнесті несиелеу саясатының рөлі
1.3 Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау шаралары
II. ҚР «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.НЫҢ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕУДЕГІ ТӘЖІРИБЕСІ
2.1 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.ң шағын және орта бизнесті несиелеу саясаты бойынша жүзеге асыратын бағдарламалары
2.2 ҚР «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.ң шағын және орта бизнесті несиелеу көрсеткіштері
2.3 Қазақстанның шағын және орта бизнесінің бәсекеге қабілеттілігі.
III. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕУ САЯСАТЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3.1 Шағын және орта бизнесті несиелеудің негізгі мәселелері
3.2 ҚР Коммерциялық банктерінің несиелік саясатын жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасында қаржы секторы өзінің дамуында жаңа сапалы деңгейінде тұр және оның дамуы мен сәтті қызмет етуінде көптеген реформалар жүзеге асырылады. Қазақстанның несиелік рейтингісінің жақсаруы осыған дәлел, яғни Қазақстанның қаржылық секторы сәтті дамуда.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі жағдайында экономиканың барлық саласының дамуын қамтамасыз етуде актуалды мәселелерінің бірі болып шағын бизнес саласындағы несие саясаты қызметінің әсерлілігін көтеру, сонымен қатар оның қаржы-несиелік ұйымдармен, негізінен коммерциялық банктермен байланыс механизмін жетілдіру болып табылады. Кәсіпкерлік жағдай экономика дамуының шешуші факторы болып табылуы тиіс. Сонымен қатар шағын және орта бизнестің дамуының бөлшектеп талдануы оның мемлекет тарапынан қолдауды қажет етеді.
Кәсіпкерлік – нарықтық қатынастардың қасиеттері мен сапалық сипаттамасының жиынтығы. Сондықтан кәсіпкерліктің әртүрлі формаларын дамытпайынша нарыққа өту мүмкін емес.
Қазірге кезде отандық банктер қарыз алушылар үшін банктік өнімді пайдалануға әртүрлі жеңілдіктер жасауда, несие беру процесі ықшамдалып, пайыздық ставкалардың төмендеу тенденциясы байқалуда. Себебі қысқа мерзімді айналым капиталын толықтыру мақсатында бөлінген несиелер несиелік портфельінің көлемінің ауытқуына әсерін тигізеді.
Дипломдық жұмысының мақсаты – Қазақстандағы шағын бизнес саласындағы несиелеу саясатының теориялық және практикалық мәселелерді қарастыру, несиелеу проблемаларын талдау, бизнес пен оның субъектілерінің арасындағы қарым-қатынасты сараптау және жеке тәжірибесінен зерттеу.
Көрсетілген мақсаттарға жету үшін алдыма төмендегідей міндеттемелерді қойдым:
- Нарықтық экономика белсенді қатысушылары-шағын және орта бизнесті несиелеу саясатының мәні мен мағынасын терең білу, дамуына жасалынатын шараларды қарастыру;
- Мемелекет тарапынан кәсіпкерлік субъектілерінің бастамаларын қолдау жөніндегі бағдарламаға тоқталу;
- Шағын және орта бизнесті несиелеу саясатындағы тәжірибелік мәселелерін қарастыру, несиені алу кезінде туындайтын проблемалар;
- ҚР «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ң шағын және орта бизнес саласындағы несиелеу саясаты, ережелері мен жұмыста қолданылатын құжаттардың жұмыс істеуі мен типтік формасын көрсету;
- Шет елдік несие желісі аясындағы несиелеу ерекшеліктерін атап көрсету;
- Бизнес субъектілерін несиелеуді, оның Қазақстандағы жетілу болашағы жайында өз ойымды қорытындылау.

1. Искакова З.Д. Банк ісі. Оқу құралы. Қарағанды, 2003
2. Жатканбаева Е.Б. Малое предпринимательство; теория, мировой опыт и Казахстан.// Алматы. 2001.
3. Бохаев Д. Шағын және орта бизнес түсінігі және оны несиелендірудің теориялық мәні мен маңызы. //Экономика негіздері. №3 2007ж.
4. Банковское дело / Под ред Тавасиева А. М. Алматы: экономика, 2001ж
5. Ким.Г. Особенности кредитования малого и среднего бизнеса.// Вестник КазНУ.-2004.
6. Қазақстанның статистикалық жылнамасы. -2015.
7. «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» мәліметтер жинағы.
8. Бабенков С.В. Развивать малый бизнес. 2006
9. Скала В.И., Малый бизнес в РК (изд-е 4-ое переработанное).//- Алматы. –ТОО «Издадельство LEM»
10. Дауранов И. Государственная поддержка малого и среднего бизнеса в современных условиях.// Вестник предпринимателя.-2005.
11. Садвакасова Ж. «Кредитная политика коммерческого банка». // Вестник КазНУ, Серия экономическая.
12. Қазақстан Республикасының Үкіметінің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, әрі дамыту мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестері туралы үлгі ереже бекіту туралы: 2002 ж.19 тамыздағы №917 Қаулысы// Қаз.Респ. Президенті мен Қаз.Респ. Үкіметінің Актілер жинағы. -2002 ж. №27.-34-37бет.
13. Искакова З.Д. Банк ісі. Оқу құралы. Қарағанды, 2003.
14. ҚР Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға арналған бағдарлама.// 2006
15. Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері. Алматы. Экономика, 2011ж
16. www.damu.kz
17. www.halyukbank.kz
18. www.stat.gov.kz
19. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму стратегиясы.» — Алматы, 2009.
20. Назарбаев Н. Ә. «Елдегі жағдай, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы: Жаңа ғасырда қоғамды демократияландыру, экономикалық және саяси реформа. ҚР Президентінің қазақстан халқына жолдауы.» — Алматы, 2008.
21. zhastar.biz/index
22. Шағын және орта бизнестің маңыздылығы мен артықшылығы және кемшіліктері // экономика негіздері.-2006.
23. Көктарбаева Ш.М. Информационная иныраструктура кредитного рынка.//- 2006 .
24. Казыбаев А. Эффективны ли государственные программы поддержки малого бизнеса.// Деловой мир.-2005.
25. Аубакиров Ж.Б. Поддержка малого и среднего бизнеса.// АльПари.
26. Имашова Ж.Д. Организация деятельности и правовая база микрокредитования организация.// ҚазЭУ хабаршысы.-2008.
27. Ахметова К.А. Зарубежный опыт финансирования малого и среднего бизнеса. «Вестник КазНУ» журналы. Экономикалық серия. №2(54). г. Алматы 2006г.
28. Ким Г. Особенности кредитования малого и среднего бизнеса. «Вестник КазНУ» журналы. Экономикалық серия. №4(44). г. Алматы 2004г.
29. Капанов А.К. Проблемы развития малого базнеса в Казахстане «Вестник КазНУ» журналы. Экон. серия. №4(44).2006г.
30. Қазақстан Ұлттық банкінің ресми сайты www.nationalbank.kz
31. Садвакасова Ж. «Кредитная политика коммерческого банка». // Вестник КазНУ, Серия экономическая. №2. – 2010 г.
32. «О текущей ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана, № 1,2- 2011 г.
33. Искакова З.Д. Банк ісі. Оқу құралы. Қарағанды, 2003.
34. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-шi басылым, - Алматы: ИздатМаркет, 2005.
35. Қазақстан Халық банкінің жылдық есебі-2015 жыл

МАЗМҰНЫ
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ
3
I.
ШАҒЫН БИЗНЕС САЛАСЫНДАҒЫ БАНКТІҢ НЕСИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
6
1.1
Шағын және орта бизнесті несиелеу түсінігі мен қалыптасу кезеңдері
6
1.2
ҚР экономикасындағы шағын және орта бизнесті несиелеу саясатының рөлі
11
1.3
Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау шаралары
16
II.
ҚР Қазақстан Халық Банкі АҚ-НЫҢ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕУДЕГІ ТӘЖІРИБЕСІ
29
2.1
Қазақстан Халық Банкі АҚ-ң шағын және орта бизнесті несиелеу саясаты бойынша жүзеге асыратын бағдарламалары
29
2.2
ҚР Қазақстан Халық Банкі АҚ-ң шағын және орта бизнесті несиелеу көрсеткіштері
38
2.3
Қазақстанның шағын және орта бизнесінің бәсекеге қабілеттілігі.
53
III.
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕУ САЯСАТЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
57
3.1
Шағын және орта бизнесті несиелеудің негізгі мәселелері
57
3.2
ҚР Коммерциялық банктерінің несиелік саясатын жетілдіру жолдары
63
ҚОРЫТЫНДЫ
72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
75
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында қаржы секторы өзінің дамуында жаңа сапалы деңгейінде тұр және оның дамуы мен сәтті қызмет етуінде көптеген реформалар жүзеге асырылады. Қазақстанның несиелік рейтингісінің жақсаруы осыған дәлел, яғни Қазақстанның қаржылық секторы сәтті дамуда.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі жағдайында экономиканың барлық саласының дамуын қамтамасыз етуде актуалды мәселелерінің бірі болып шағын бизнес саласындағы несие саясаты қызметінің әсерлілігін көтеру, сонымен қатар оның қаржы-несиелік ұйымдармен, негізінен коммерциялық банктермен байланыс механизмін жетілдіру болып табылады. Кәсіпкерлік жағдай экономика дамуының шешуші факторы болып табылуы тиіс. Сонымен қатар шағын және орта бизнестің дамуының бөлшектеп талдануы оның мемлекет тарапынан қолдауды қажет етеді.
Кәсіпкерлік - нарықтық қатынастардың қасиеттері мен сапалық сипаттамасының жиынтығы. Сондықтан кәсіпкерліктің әртүрлі формаларын дамытпайынша нарыққа өту мүмкін емес.
Қазірге кезде отандық банктер қарыз алушылар үшін банктік өнімді пайдалануға әртүрлі жеңілдіктер жасауда, несие беру процесі ықшамдалып, пайыздық ставкалардың төмендеу тенденциясы байқалуда. Себебі қысқа мерзімді айналым капиталын толықтыру мақсатында бөлінген несиелер несиелік портфельінің көлемінің ауытқуына әсерін тигізеді.
Дипломдық жұмысының мақсаты - Қазақстандағы шағын бизнес саласындағы несиелеу саясатының теориялық және практикалық мәселелерді қарастыру, несиелеу проблемаларын талдау, бизнес пен оның субъектілерінің арасындағы қарым-қатынасты сараптау және жеке тәжірибесінен зерттеу.
Көрсетілген мақсаттарға жету үшін алдыма төмендегідей міндеттемелерді қойдым:
Нарықтық экономика белсенді қатысушылары-шағын және орта бизнесті несиелеу саясатының мәні мен мағынасын терең білу, дамуына жасалынатын шараларды қарастыру;
Мемелекет тарапынан кәсіпкерлік субъектілерінің бастамаларын қолдау жөніндегі бағдарламаға тоқталу;
Шағын және орта бизнесті несиелеу саясатындағы тәжірибелік мәселелерін қарастыру, несиені алу кезінде туындайтын проблемалар;
ҚР Қазақстан Халық Банкі АҚ-ң шағын және орта бизнес саласындағы несиелеу саясаты, ережелері мен жұмыста қолданылатын құжаттардың жұмыс істеуі мен типтік формасын көрсету;
Шет елдік несие желісі аясындағы несиелеу ерекшеліктерін атап көрсету;
Бизнес субъектілерін несиелеуді, оның Қазақстандағы жетілу болашағы жайында өз ойымды қорытындылау.
Жазылған дипломдық жұмыстың теориялық негізі - экономикамыздың зардаптарын шағын және орта бизнесті несиелеу саясатының даму жолдарымен, олардың субъектілерін зерттеу және дұрыс тұрғыда несиелендіру. Себебі, кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығы мемлекеттің экономикалық жетілуіне ықпал етуі және өндіріс, халықтың жұмыспен қамтылуына жеткілікті түрде қамтамасыз ете алуы жатады. Сол үшін кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес халықтың әл-ауқатының төмендеген кезінде, ел экономикасы макроэкономикалық дағдарысқа ұшыраған кезінде де өміршең күй танытты. Елдегі объективті және субъективті қиындықтар оның динамикалық дамуына кедергі етуде. Объективті қиындықтары экономикасының жаппай дағдарысқа ұшырауынан, бюджет тапшылығы, қаржылық ресурстар жетіспеушілігі, міне осы мәселелер шағын және орта бизнестің кең көлемде қарқын алуына кедергі етуде. Нарықтық экономикаға таяну жақындаған сайын, мемлекеттің инвестор ретіндегі рөлі төмендеуде. Мемлекет өз тарапынан бизнесті дамытуда қолайлы климат жасауы,заңдық-нормативтік актілерді жолға қоюы, шетелдік және отандық инвесторларды шағын және шағын және орта бизнесті дамыту жолында капитал құюына тартуы, шағын және орта бизнесті дамыту жолында капитал құюына тартуы, шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламаларын қолдайтын микроэкономикалық саясатты жасауда.
Осы дипломдық жұмыстың негізгі мәселелерін үш бөлімге бөліп қарастырдым. Бірінші тарауда шағын және орта бизнес саласындағы несиелеу саясаты экономикалық өсудің басты факторы екенін анықтадым. Сонымен қатар шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелеу саясатының дамуы толықтырудың іс жүзіндегі негізгі көздерінің бірі болып табылатындығы. Бұл бөлімде өзінің жалпы теориялық білімі негізінде материалды дұрыс реттеу мен жүйелендіруді іске асырды. Шағын және орта бизнес экономикалық өсудің басты факторы екені және оның пайда болу себептері мен жалпы экономикадағы алатын орны мен рөлі айқындалады. Мәліметтер әр түрлі әдебиет көздерінен алына отырып, сонымен қатар шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелер алуы кәсіпорынның дамуы үшін қаражаттарды толықтырудың іс жүзіндегі негізгі көздерінің бірі болып табылатындығы жайлы мәлімдедім. Мемлекет тарапынан жүргізілінетін бағдарламалар мен қолдау шаралары аясынан көрсетілген көмек пен әлде де жасалынатын өзекті мәселелер көрсетілген. Бұл бөлімде маңызды жетіспеушіліктер айқындалмады,себебі әрбір ақпарат пен берілген материал нақты негізделіп,жүйеленді. Бұл өз кезегінде зерттеудің келесі бөлімдерін қалыптастыруына тиімді жұмыс желісін берді.
Екінші бөлімде шағын және орта бизнес субъектілерінің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жалпы санындағы үлесі, салыстырмалы түрде алып қарағандағы ШОК субъектілері санының жыл сайынғы динамикасы мен өсу тенденциясын қарастырып көрсеткен. Қор мәселелері мен олардың атқаратын қызметінің өзектілігі көрсетіліп, атқарылатын жұмыс барысы айқындалады. Субъектілерді несиелеудің атқарылуы қордың ұйымдастырған және жүзеге асырылатын бағдарламалары арқылы көмегін тигізеді.
Дамыған индустриалды мемлекеттерде шағын бизнестің өзі ғана жалпы ішкі өнімнің 50% - дан астамын алатынын, ал елімізде шағын бизнесті және оған орта бизнесті қосқанның өзінде олардың ЖІӨ - гі сыбағалы үлесі 30% - дан аспайтыны айтылған және осы мәселелердегі қиыншылықтармен проблемаларды шешу өзектілігі қарастырылған. Бірақ шағын бизнес субъектілерінің елеулігі бөлшек сауда саласында байқалады. Осы саладағы олардың үлесі 90% - ға жетеді.
Мұндай жағдайдың қалыптасуын ең алдымен осы сектордың бәсекелестік еместік қабілетімен байланысты. Сондықтан шағын және орта кәсіпкерлік секторындағы қалыптасып отырған жағдайдың қандай екенін көру үшін әзірленген стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалар көрсетілген. Бұл құбылыстарды танып білу және оны шешу мақсаты бұл бөлімнің негізі болып табылады.
Үшінші бөлімде шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеудегі оның процестегі орны. Яғни тәжірибе жүзінде әрбір кәсіпкерге өз бизнесінің бастамасының немесе одан әрі дамуына байланысты қандай ұсыныстарға тап болатынын қарастырдым. Қазіргі таңдағы пайда болған проблемаларды шешу жолдарын айқындадым.
Жұмысымның зерттеу объектісі болып - ҚР Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу саясатын жүзеге асыру тәжрибелері қарастырылады. Практикалық негізі ретінде қор мәліметтерінің айқындылығымен көрсеткіштерді білу дәрежесің субъектілердің саны мен олардың несиелеу саясаттарын көрсету.
Осы жұмыстың методологиялық негізі - шағын және орта бизнесті несиелеудегі саясатын талдау саласында еңбек еткен шетел және отандық практик-экономистердің, ғалымдардың монографиялары, ғылыми еңбектері болып табылады.
I. ШАҒЫН БИЗНЕС САЛАСЫНДАҒЫ БАНКТІҢ НЕСИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
5.1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕУ ТҮСІНІГІ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
Несие саясаты - бұл жеке және қоғамдық мүдделерге сәйкес ссудалық капиталды орналастыратын кредитор ретінде банктің қызметіндегі іс шаралардың жиынтығы.
Несие саясатының мақсаты мен тапсырмалары:
* несиелендіру бағытын таңдау;
* несиелік операцияларды қалыптастыру технологиясы;
* несиелендіру үрдісін бақылау жатады.
Несие саясатының мақсаты қосымша ақша қаражаттарының түсуінде клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыру бағытында банк қызметінің соңғы қорытындысын көрсетеді. Қайтару негізінде түскен бұл қаражаттар кәсіпорынның, ұйымның, басқа да заңды және жеке тұлғалардың өмірлік қызметін қамтамасыздандырады, өндірістік процестердің үздіксіздігіне жағдай жасайды. Банк өзінің клиенттерінің болашақ серіктестестіктері болып, жаңа өнімдердің өндірісіне, жаңа және әрекет етуші ұйымдардың дамуына, жаңа өндіріспен аймақтардың, халық шаруашылығының салаларының дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламаның дамуына көмектеседі. Мұнда банктер коммерциялық кәсіпорын ретінде өздерінің жеке мақсаттары - пайда табу мүддесін жүзеге асырады.[1]
Кез келген ел шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын қолданбай ел экономикасын жандандыру, халықтың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бір - шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет сұраныстарын қанағаттандыруда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, жұмыссыздық мәселесін тежеуде және жаңа технологияларды енгізуде шағын және орта бизнес шешуші фактор ретінде маңызды роль атқарады. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда нарыққа тез бейімді, өзгермелі жағдайға байланысты икемді, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндіріс секторларында жұмыс істеуге қабілетті.
Шағын және орта бизнестің мәні мен мағынасын тереңірек білу үшін, ең алдымен сол шағын және орта бизнесті алып жүруші субъект - кәсіпкер кәсіпкерлік терминіне тоқталып өтелік. Кәсіпкерлік , шағын және орта бизнес негіздері теориясын ХVIII - XIX ғасырларда Ф.Кэне, А.Смит, Ж.Б.Сэй, кейінірек И.Шумпетер, Ф.Хайск, А.Чаянов және тағы басқа экономист - ғалымдар негізін қалаған.
Кәсіпкерлік қызмет - жеке тұлғаның өз күш қабілетін танытуының, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асырушының тиімді тәсілі. Ол осындай ақ адамдардың өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады. Кәсіпкерлік қызметке талдау жасау - оның жалпы экономикалық ой-пікір сияқты ұзақ тарихы мен терең тамырының бар екендігін көрсетеді. Көне тарих пен орта ғасыр ғалымдарында кәсіпкерлік туралы, оның индустриялық кезіне дейін қалай аталғанына қарамастан, ерекше ой пікір қалыптасқан. Экономикалық мағынада кәсіпкер ірі өндірістікнемесе құрылыс жобаларын басқарушы. Әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның мәнінде экономикалық - құқықтық, психологиялық және тарихи тұстары бар. Бірақ, шағын және орта бизнестің, яғни кәсіпкерліктің негізі адам қызметінің экономикалық танымында еңбекті пайдалануға негізделеді. Шағын және орта бизнесті жүргізушілер экономикалық мүддені білдіретін, сонымен қатар оған қатысушылар міндетті шарт жасасып ұйымдастырады. Мұндай бизнес түрі ұжымдық деп есептеледі. Жеке кәсіпкерлерге қарағанда жауапкершілігі шектеулі серіктестер көптеген мәселелрді шеш алады. Кәсіпкерліктің потенциалдық мүмкіндіктерін толық бағалау үшін олардың субъектілерін номиналды және нақты деп бөлудің маңызы ерекше. Номиналдыға дамыған елдерде әрбір азаматтың кәсіпкерлікпен айналусыға құқығы бар. Алайда оны жүзеге асыру қоғам мүшелерінің кез келгенінің қолынан келе шарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құқығы барлар жатады. Міне, осы адамдар экономиканың кәсіпкерлік секторын құрып, дамыта алады.
Логикалық тұрғыда, бизнестің субъекті деп - қандай да болмасын жасалған мәміленің белсенді жағы, барлық жауапкершіліктің мінсіз алушысы болып табылады. Бизнес субъектісінің термині ағылшынның бизнесмен сөзінің эквивалентіне тең, келесілерге сүйенеді:
* Бизнес субъектісі ретінде жеке адамдар ( оларды жеке тұлғалар ретінде), фирмалар, сонымен қатар ұйымдар, кәсіпорындар, білрестіктер, қорлар, қоғамдастықтар (оларды көбінесе заңды тұлғалар ретінде қарастырады), сонымен бірге әрбір мемлекеттің өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлға болмайтын басқа да субъектілер жатқызылады( оларға Қазақстан Республикасы оның субъектілері және муниципалды білім);
* Бизнес субъектілері жұмыс қызығушылығымен басқару арқылы заңға сәйкес қандайда болмасын жұмыс типімен және түрімен айналаса алады;
* Бизнес субъектілердің қызметі экстерриториалды болып табылады. Яғни мемлекеттердің ұлттық заңнамасының әртүрлілігіне қарамастан бизнес субъектілерінің бірбірімен жұмыс қарымқатынасын бұзбайды.
* Бизнес субъектісі - бұл тарихи формадағы адам қоғамынының тіршілік қасиетінің категориясы болып табылады; [2]
Кез келген банк несие берудің алдында несие саясатын анықтауы тиіс (өзінің басқа да қызметтеріне бағытталуы керек, яғни депозиттік, пайыздық, тарифтік, техникалық, кадрлық, клиенттерге қатысты, бәсекелестерге қатысыты және т.б.), сонымен қатар несие саясатының тәжірибелік қызметіне ауысуын қадағалауы тиіс.
Шаруашылық субъектілердің несиелендірудегі несие саясаты - анықталған қаржылық қорытындыларға жету үшін банкпен жүргізілетін ақша-несие шараларының жүйесін білдіреді және банктік саясаттың бір элементі болып табылады.
Несиені беру мен алу сферасындағы банктің стратегиясы мен тактикасы оның несие саясатының негізі болып табылады. Несие саясаты стратегия бөлімінде несие нарығындағы нақты шаруашылық субъектілерді несиелендірудің мақсаттары мен принциптерін, приоритеттерін қосады, ал тактика бөлімінде несие мәмілелерін жүзеге асырғандағы оның мақсатын жүзеге асырудағы банкпен қолданылатын қаржылық және тағы басқа құралдары, несие процесін ұйымдастыру тәртібі.
Шетел тәжірибесінде несие саясатының қалыптасуы, біріншіден, директор кеңесімен бектілген стратегияны анықтау, екінщіден, шаруашылық субъектілерді несиелендірудің стратегиялық бағытталған қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін несиелік операцияларды жүзеге асыру.
Несиелендіру сферасында шаруашылық субъектілердің алдына қойған жеке мақсаттарында келесі шарттар негізгі рөлді атқарады:
Келешек кезеңге шаруашылық субъектілер қызметінің жалпы мақсатын белгілеу, табыстылықпен және өтімділікпен байланысты;
Мемлекет бойынша орталықтандырылған несие ресурстарын несиелік салымдардың жалпы сомасына қатынасымен қоса, несие нарығын дұрыс талдау;
Шаруашылық субъектілердің ресурстік базасын дамыту перспективаларының анықтылығы;
Несие портфелінің сапалығын дұрыс бағалау;
Персонал біліктілігінің динамикалық деңгейін есептеу.
Шаруашылық субъектілерді несиелендірудегі коммерциялық банктердің несие процесін ұйымдастыру бір-бірімен тығыз байланысты принциптерге сүйенеді:
1) Клиентпен ұзақ мерзімді немесе бір реттік несиелік мәмілені анықтайтын өзара қатынас принципі (клиенттерге қызмет көрсету сапасын жоғарылату, олардың сұраныстарын қанағаттандыру).
2) Несие ісіндегі банк приоритеті, яғни берілген ссудалардың түрімен, сондай-ақ несиені қайтарудағы қамтамасыз ету формасына байланысты болады.
3) Моральды құндылықтар жүйесі, оның ішінде, тәртіптік, өзара сенімділік, шындылығы.
Несие саясатын қалыптастырғанда банк объективті және субъективті факторларды есепке алуы тиіс.
Ақша-несие шараларының жүйесі болып табылатын несие саясатын қалыптастырудың бірінші сатысында банктің аналитикалық және маркетингтік қызметтері жүргізіледі. Онда мемлекеттегі макроэкономикалық жағдайды бағалау, потенциалды қарыз алушылардың қызметін бағалау, таңдап алынған несиелендіру бағытының жүйелі динамикасын талдау, ссуда алушылардың әр түрлі категорияларымен банк персоналдарының жұмысқа әзірлігін тексеру, банкішілік нормативті құжаттарын есепке алу жүзеге асырылады.
Шаруашылық субъектілерді несиелендірудегі коммерциялық банктердің несие саясаты несиелік потенциалдың көздерінен және экономикалық жағдайлардан негіз алады. Оны сәтті жүзеге асыру үшін банкке несиелік потенциалдың қаражатының ағымына әсер ететін факторларды есепке алу керек. Несиелік потенциалдың қаражатын қалыптастырғандағы банк саясатының тиімділігіне әсер ететін факторларды қарастыруы керек (кесте1.1) [3].
Кесте 1.1
ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІ НЕСИЕЛЕНДІРУДЕГІ БАНКТІҢ НЕСИЕ САЯСАТЫН АНЫҚТАЙТЫН ФАКТОРЛАРЫ
Макроэкономикалық
Мемлекеттік экономиканың жалпы жағдайы, Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты
Салалық және аймақтық
Банкпен қызмет көрсетілетін аймақтар мен салалардың экономикалық жағдайы, клиенттер құрамы, олардың несиеге қажеттілігі, бәсекелес банктердің көлемі
Банкішілік
Банктің өзіндік капиталының көлемі, пассивтердің құрылымы, персоналдың жұмыс қабілеттілігі
ЕСКЕРТУ - [4]-көзі негізінде құрылған
Несиелік потенциал көздеріне келесі негізгі нысандар жатқызылады:
Банк клиентінің санының өсуі,
Банктегі клиент пен қатысушылардың қаражаттарының өсуі;
Банктік ұйымдастырушылық желісінің өсуі;
Мақсатты бағытталған банктің клиенттері мен қатысушылардың қаражатының бірігуі.
Банктік несие потенциалының тұрақтылығына ұйымдар мен кәсіпорындардың қаражаттарының өтімділігі, оны қолдану тиіміділгі көрсетіледі.
Банктің несие саясаты несиені рәсімдегенде, оны басқарғанда, ұсынғанда банк қызметкерлерімен басқарылатын процедураларды, параметрлерді, стандарттарды анықтайды, яғни несиелендіру процесін қосатын, несиені берудегі алдын ала жүргізілетін жұмыстарды регламенттейтін тұрақты құжатты жазбаша рәсімдегенде жүзеге асырылады.
Несие нарғында банк қызметкерінің аспектілерін регламенттейтін несие саясатының нақты кезеңінің (1 жылға дейін) меморандумын және келесілерді өзіне қосады:
1) Келешек кезеңге банктің несиелік жұмыстарының негізін бағыттау, несие тәуекелін сақтандыру және рентабельділігінің деңгейін қамтамасыз ететін несиелік қызметтің көрсеткіштерін, оның ішінде:
- Депозиттер мен несиелердің қатынасы;
- Активтер мен меншікті капиталдың қатынасы;
- Банктің жалпы актив портфелінің сегментінің лимиті (бір салаға, бір меншік формасына, несиелендірудің бір түріне лимиті). Әдетте лимит көлемі жалпы несие портфелінің көлемінің 25%-нан астамын қосады;
- Клиенттік лимит (акционерлер үшін, өзара қытанас тарихы анықталған клиенттер үшін, жаңа клиенттер үшін, банктің клиенттері еместер үшін);
- Несиелендірудің географиялық лимиті;
- Қамтамасыз етілетін жұмыстарды жүргізудегі талаптар (кепіл түрі, рәсімдеу стандарты, бағалаудағы маржа);
- Құжаттық рәсімдеу және несиемен бірге жүргізілетін талаптар.
2) Несие беру тәртібінің ережесі;
- Несие пролцесінің ұйымдастырылуын;
- Несие мәмілелерінің жобасын дайындау стандарты мен қарыз алушылардан талап тетілетін құжаттар тізімін;
- Қамтамасыз етуді бағалауды жүргізетін ережелерді қарастырады.
Несиелендіру процесін регламенттейтін берілген құжаттар банктің несиелендіруге ішкі дайындығын көрсетеді.
Несиені бері мен алу сферасындағы банктің тактикасы мен стратегиясы несие саясатының негізін құрайды және келесі элементтерді қамтиды:
Шаруашылық субъектілерді несиелендірудегі банктің несие портфелі қалыптасатын мақсатты анықтау (қамтамасыз етудің түрлері, мерзімдері, көлемдері және сапасы);
Несиені өтеу, жүргізу, беру процесіндегі банк бөлімдерінің уәкілеттілігін суреттеу;
Қажетті құжаттар тізімі;
Несиені қамтамасыз етудің жүзеге асырылыуы мен бағалаудың негізгі ережелерін қабылдау;
Несиелендіру операцияларын лимиттеу;
Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені қалыптастыру саясаты;
Несие өтінішін бағалау әдістемесі,
Қиындық туғызатын несиелерді сипаттау, оларға талдау жасау.
Несие саясатын жүргізу банктің ресурс құрылымымен байланысты, ал несие саясаты банктің өтімділігімен байланысты болады. Несие классификациясының негізгі критериі олардың қамтамасыз етілуі болып табылады, яғни гаранттың бар болуы кредиторға ссуданы қайтаруды және қарыз алушыдан белгілі бір соманың қайтарылуын қамтамасыз етеді. [4]
Шаруашылық субъектілерді несиелендірудегі банктік операциялардың нақты түрлерін реттеу және несиелендіру көлемін нормативтік шектеулер көлемімен жүргізіледі және де коммерциялық банктердің өзі өз келешек қарыз алушыларын, несие түрін, ссуда портфелін қалыптастыруын, пайыздық мөлшерлеме көлемін таңдайды. Несие операцияларының табыстылығының жоғарылауы және олар бойынша тәуекелдің төмендеуі екі қарама-қарсы мақсат.
Қаржылық қызметтің барлық сфераларындағыдай, жоғары тәуекелді операциялар инвесторларға тән ережені ұстауы керек - несиелендірудің жоғарғы табыстылығын және жеткілікті тәуекелді салымдарын аз тәуекел деңгейімен салыстыруы керек.
Несие тәуекелін төмендетудің міндетті талаптары - қарыздық портфельді диверсификациялау, онда экономиканың әр түрлі салаларындағы кәсіпорындарға аз соманы қысқа мерзімге беру қарастырылады. Тәуекелді төмендетудің қосымша талаптарына несиені қайтарудағы қамтамасыз етілуін қарастыру, яғни кепіл затын, кепілдемені, сақтандыруды қамтамасыз ету. Бұл ережелерді сақтау барысында несиелік мәмілелердегі жоғалтуларды компенсациялайды.
Несиені нәтижелі басқарудың негізгі элементі жақсы дамыған несиелік саясат пен процедуралар, портфельді жақсы басқару, несиелерді тиімді бақылау болып табылады. Несиелік саясат несиені барлық басқарудың негізін жасайды. ол қарыздарды беретін және рәсімдейтін, оларды басқарылуына жауап беретін банк қызметшілері жақсы түсінідіреді, ол банк басшылығына несие аумағында дұрыс стандарттарды қамтамасыз ететін объективті стандарттарды анықтайды. Несиелік саясат дұрыс қалыптасқан жағдайда үстінен жақсы жүргізіледі және банктің барлық деңгейлерінде ұстап, артық тәуекелден қашып және істің даму мүмкіндігінін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.
Несиелік саясатты әзірлеу банктің экономиканың қиын және үнемі өзгеріп отыратын жағдайына бейімделу кезінде және оның алдына бұрын болмаған болса да сондай назар аударылмаған міндет тұрғанда аса маңызды болып табылады. [5]
Қорыта келгенде, шаруашылық субъектілерді банктік несиелеудің нәтижелілігі үшін маңызды болып банктің өзінің ақшалай-несие іс-шараларының жүйесі ретіндегі банктің несие беруге дейінгі белгілі бір қаржылық нәтижеге жету үшін жүргізетін несиелік саясатын анықтау болып табылады. Банктің несиелік саясаты несиелерді алудың парамертлері мен процедуралары, несиелерді басқару және оларды несиелік саясат түрінде анықтайды. Несиелік саясатты қалыптастыру мен оны тартудың механизмдерін анықтаумен бірге сапалы несиелік банктік портфельдің жағдайын қамтамасыз ететін банктік несиелеу ұйымдары банк операцияларын несиелеудің әр түрі бойынша және қолданылатын қаржы құралдарын несие технологияларын несиелеудің әдістері, түрлері тәсілдері ретінде есепке алады.
Бұдан кейінгі бөлімде Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнесті несиелеудегі атқаратын негізгі рөлдері қарастырылады.
1.2 ҚР ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕУДІҢ РӨЛІ
Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнес экономикада рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнесті маңызды рөл ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін арттыратын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін жалдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономиклық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді щеще отырып қарқын алуда. Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:
-қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береті, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
-ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы.
Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;
-тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;
-экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;
-өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;
-қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;
-адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;
-еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі - бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;
-меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;
-ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;
-жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;
- ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;
- арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;
осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын және орта бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды.
Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы).
Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі.
Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге толық сенімнің болмауы.
Төртіншіден, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі, тіпті, керісінше мемлекеттік органдардың жиі араласуы.
Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал - жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және арендалық төлем құнының жоғары болуы.
Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін әкімшілік - ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет.
Кіші және орта кәсіпкерлік Республиканың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының маңызды факторы болып саналады. Кіші және орта бизнестің субъектілерінің дамуы көптеген мәселелерді шешуге ықпалын тигізеді. Атап өтетін болсақ, кедейшілікпен күрес, жаңа жұмыс орындарының пайда болуы, экономиканың көтерілуі, инновациялық технологияларды ынталандыру және тағы басқа. Экономиканың осы сегментінде мықты ұлттық интелектуалды потенциал инновациялық техникалық ресурстар, венчурлық капитал шоғырланған. Бұлар үлкен бизнесті дамытатын негіз болып табылады. Қазақстандағы жағдайға келетін болсақ, кіші бизнес жалпы ішкі өнімнің 17% - ын құрайды. Мемлекетік бюджеттің 11% - ы осы салада кәсіпкерліктің төлемдерінен құрылады. Қазақстанда кіші бизнес сауда делдалдық және қызмет көрсету салаларында жақсы дамуда. Ал нақты сектор мүлдем дамымай жатыр десе де болады. [6]
ҚР-ның сауда және индустрия министрлігінің мәліметі бойынша кіші және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім 3% -ды құрайды. Ал кіші және орта бизнестің техникамен қамтамасыз етілу деңгейі өте төмен. Сондықтан да кіші және орта бизнестің инновациялық техникалық саладағы жаңалықтарды енгізіп жұмыс істеуі өте маңызды. Шағын инновациялық бизнес ерекше орын алып мемлекеттің экономикалық дамуына көп әсерін тигізеді. Олар бірқатар артықшылықтарға ие:
1) Шағын инновациялық кәсіпкерлік бір салада тоқтап қалмай экономиканың барлық салаларын қамтиды.
2) Ірі өнеркәсіптер қызметі шектелген және ойлаған қызметі жүзеге асқанымен табысының аз болып тәуекел болғандықтан айналыспайтын салаларда өз мүмкіндіктерін қолдану.
3) Ірі фирмалар ғылыми зерттеулермен тәжірибелерді жүргізілуге мүмкіншілігі әлде қайда көп болса да күрделі басқару пирамидалары себебінен инновациялық процесс баяу атқарылады. Сондықтан да ірі фирмалар сыртқы орта әсеріне икемсіз болып келеді. Ал шағын инновациялық фирмалар сыртқы өзгерістерге тез икемделіп, жауап қайтарып процесс бағытын жылдам өзгертуге қабілетті.
4) Шағын фирмалар ірі компанияларға қарағанда ғылыми техникалық зерттеулер нәтижелерін инновацияларды өндіріс пен өнеркәсіпте жылдам енгізеді.
Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда мемлекеттік тікелей немесе жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдлау аясын кеңйтуге әсер ету, тиімді инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке келтіру.
Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10 % - тен аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агегнттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.
1992 - 96 жылдары кезеңінде кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, екі мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асыру шағын бизнестің құрылуы мен қалыптасуына негіз бола алады. Бұл кезеңде шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың үлесі жалпы жұмыспен қамтылғандардың саны ішінде келесі қатынасты құрады: 1992 жылы - 6%, 1993 жылы - 4%, 1994 жылы - 4%, 1995 жылы - 5%, 1996 жылы - 5,2%. Қызмет етуші субъетілерінің саны 24030 бірлікке дейін артты. 2000 жылы тіркелгендердің саны 118429 бірлік, олардың ішінде 107134 - шағын кәсіпорындар және 59244 - қызмет етуші кәсіпорындар болды, 2015 жылы -10%, 900 мыңнан астам ШОК субъектілері тіркелді. [7]
Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған шағын және орта бизнесті несиелеу саясаты стагнациялық экономикадан шығудың балама жолы бола алады, өйткені ол екі макроэкономикалық проблемелармен байланыстырады - жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорындар ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы он жылдықты дамыған елдердегі экономиканың даму тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану және инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу саласына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизнестің нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға берілетін. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай - ақ шағын кәсіпорындарды басқару және меншікті біріктіру дәрежесі болып табылады.
Кез келген процесс сияқты шағын және орта бизнесті несиелендірудің дамуы мен қолдауын басқару қажет. Кәсіпкерлік басқару объектісі ретінде өзінің ерекшеліктері бар. Егер бұл сұраққа басқару қызметі жағынан келетін болсақ, онда басқарудың келесі қызметтерін көрсетуге болады:
oo жоспарлау (стратегиялық менеджмент, маркетинг стратегиясын әзірлеу, бизнес жоспарды әзірлеу);
oo ұйымдастыру (барлық деңгейде кәсіпкерлікті сәйкес басқару құрылымын құру);
oo ынталандыру (кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыратын механизмді қалыптастыру);
oo бақылау (жоспарланған істерден ауытқуды анықтау және сәйкес түзетулер енгізу);
Осы орайда ұсынғым келіп отырғаны мәні - шағын кәсіпкерліктің экономика жағдайын жақсарту үшін ірі ағымы бар екенін көрсететін, экономиканы дамыту үшін кәсіпкерлік модельді ұстану. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті тиімді, әрі икемді ынталандыру әдісін табуы қажет. Сәйкес мемлекеттік саясат қоғамдағы кәсіпкерлік климатты өзгерте алады ма деген? Бұл сұраққа жауап оң болады. Тек бұл үшін, мемлекет жаңа кәсіпорындар ашуды ынталандыратын, кәсіпкерлікті қолдау саясатын жүргізуі тиіс.
Шағын және орта бизнесті несиелеудің артықшылықтары мен ерекшеліктері.
Көптеген адамдардың ойы бойынша, нарыққа тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана қол жеткізулері мүмкін, ал шағын және орта кәсіпорындар үшін орын жоқ. Басты аргумент ретінде шағын бизнестің қуатты ірі компаниялармен бәсекелестікке түсе алмаитындығы. Ал, егер дұрыс тұрғыдан қарастырсақ, шағын бизнестің тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін көрсетуге болады. Біріншіден, шағын кәсіпорындыр үшін 0,5 - 1 жыл ішінде өздерінің стратегияларын өзгерту қиындық тудырмаиды, ал ірі кәсіпорындар үшін 5 - 6 жыл қажет. Екіншіден көпшілігі қателесіп инновация ірі кәсіпорындардан жүреді деп ойлайды, ал статистика болса, Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін 95 % инновациялық технология шағын және орта бизнес сфераларынан шыққанын көрсетіп отыр. Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындарға қарағанда капиталының күйіп кету тәуекелі төменірек, жәнеде әртүрлі инновациялық технологияларды енгізуден қорықпайды. [8]
Шағын және орта бизнестің жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуі сияқты артықшылығын көрсету қажет. Әсіресе, бұл елде дағдарыс және жұмыссыздық кезеңі болған кезде артықшылыққа ие, өйткені ірі компаниялар қызметі экономикалық дағдарысқа байланысты болғандықтан, жаңа жұмыс орындарын ұсына алмайды. Американ-Экспресс ( 1987 ) мәліметтері бойынща шағын өнеркәсіптерде қалыптасатын жұмыс орындарының өсу қарқыны тұрып қалған ірі компанияларға қарағанда 3 есе көп.
Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатып алушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықтық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі - ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу - шағын және орта бизнес қызметі.
Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі коллективті еңбекке ұмтылуы, жұмыс орнын сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады. Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді, нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.
Яғни Шағын бизнестің артықшылықтары көрініп отыр. Бұл, шағын және орта бизенстің динамикалығы, икемділігі, тұтынушылар қажеттілігінің өзгеруіне тез жауап беру және тауарлар ассортиментін ауыстыру, технология саласына жаңалықтар енгізу мүмкіндігі. Персоналды басқару сферасында бұл еңбек ұжымында бейресмилік, бюрократияның жоқтығы, жұмысшылардың басқаруға және табысқа тікелей қатыс алу мүмкіндіктері айтады.
Ал 1.3 бөлімінде шағын және орта бизнестің мемлекет тарапынан көресетіліп жатқан қолдау шаралары қарастырылатын болады.
1.3 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту ол - кез келген ел эко - но - микасының негізі. Дамыған ел - дердің тәжірибелері көрсетіп отыр - ғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту эконо - миканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айт - қанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады.
Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемле - кеттік саясаттың басым бағытта - рының бірі болып табылады. Ел басшылығы ол істі табысты жүзеге асырудың мемлекеттің одан әрі экономикалық және саяси дамуын айқындайтынын жақсы түсінеді. Атап айтқанда, Қазақстан Респуб - ликасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсан айындағы Қазақстан-2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей шағын және орта бизнеске қолдау көр - сетудің жүйелі іс-қимылдары баян - дала отырып, кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген. Шағын және орта бизнестің дамуының бірден-бір шешу жолы болып оларды қаржылық ресурстармен, яғни, несиемен қамтамасыз ету болып табылса, оларды несиелейтін екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің жағдайына да тоқталған дұрыс. Бүгінгі күні отандық банктеріміздің барлық капиталының мөлшері әлемдегі ірі банктердің капиталынан жүз есе кем екендігін ескеретін болсақ, онда банктерге ең алғашқы кезекте өздерінің ресурстарын нығайту қажеттілігі туып отыр. Әрине,қазіргі уақытта қатаң нарықтық экономика аясында өзін-өзі сақтандыру, өзін-өзі көрсете білу, бәсекелестікке төтеп беру үшін банктер тарапынан біраз жұмыстар жасалуы қажет. Ал, коммерциялық банктердің шағын бизнесті несиелеу механизімі мәселелеріне әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларды ендіру керек. Ал коммерциялық банктер экономиканың нақты секторын несиелеуі ұлттық экономиканың өсуіне қосқан үлесі болмақ. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттіктерінің шаруашылық өмірі үшін әрі тиімді де пайдалы.
Осылайша, мемлекет бүгінгі күні кәсіпкерлік қызмет субъек - тілерінің нарық экономикасының толыққанды қатысушысы ретінде өз қызметтерін жүзеге асыруларына қажетті жағдайды қамтамасыз етіп отыр. Шағын және орта кәсіп - орын - дармен жұмыс істетуді көздей - тін жалпыұлттық институттар құ - рылуда. Шағын және орта бизнеске атаулы қолдау көрсетуді жүзеге асыратын арнаулы Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қоры құ - рылып, табысты жұмыс жүргізуде. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету үшін бес мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және бизнестің билікпен арадағы іс-қимыл - дары - ның жаңа моделін құруға бағыт - талған "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Кәсіпкерлердің бел - сен - ділігін ынталандыруды көз - дейтін айтарлықтай салықтық жеңілдіктер заңдық деңгейде қарастырылды. Оның сыртында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және салық салуды жақсарту жөнінен үлкен жұмыстар атқарып - жатыр. Мәселен, осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, шағын және орта бизнесті жеделдете дамыту шаралары жөнінде бағдар - ламалар әзірленіп, салық заңына түзетулер енгізілуде.
Мемлекетке елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі ынталандыру үшін алда бірқатар міндеттерді ше - шуге тура келеді. Жоспарлы түрде, заң жүзіндегі бастамалар арқылы және қазірде күшінде тұрған мем - лекеттік бағдарламалар шеңберін - де шағын және орта кәсіпкерліктің ІЖӨ құрылымын - дағы үлесінің айтарлықтай артуына қол жеткізіп, сол арқылы мемле - кеттің эконо - микалық және саяси тұрақтылығы - ның берік іргетасы - орта тапты нығайту қажет. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы жолдауында кәсіпкерлікті - ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау үщін келесідей алғы шарттарын айқындап берді. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс. Біріншіден, біз адамға ол үшін мемлекет барлық проблемаларын шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек.Іскерлік мәдениетінің деңгейін көтеру мен кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудың маңызы үлкен. Ол үшін төмендегідей шаралар қажет:
Шағын және орта бизнестің бірлестіктер мен кооперацияларға ұмтылысын көтермелеу, оларды қолдау мен көтермелеудің жүйесін жасау.
Жергілікті бизнес-бастамаларды көтермелеу және мейлінше аз, бірақ қатаң реттеу есебінен ішкі нарықты дамыту.
Бизнеске жасанды бөгеттер тудыратын мемлекеттік шенеуніктер үшін жаңа, әлдеқайда қатаң жауапкершілік жүйесін енгізуді қарастыру.
Мемлекеттік саясат шағын және орта бизнестің жұмыстың айқын жағдайларында шағын бизнес үшін тапсырыс беруші және "локомотив" рөлінде бола алатын әртараптандырылған, қаржы жағы - нан тұрлаулы ірі кәсіпорын - дар - мен ынтымақтастық үшін әкім - шілік және нормативтік алғышарт - тар туғызуды көздеуі тиіс. Қоғамдық мүдделер мен пайда табатын қызметті үйлестіретін бір - неше ірі өңірлік холдингтер құруға болады. Мемлекеттің қатысуымен құрылатын мұндай жекеменшік корпорациялар - өңірдің Әлеумет - тік дамуы мен кәсіпкерлігінің қоры немесе корпорациясы - өңірдің даму мүдделері тұрғысынан актив - терді басқара алады, жобаларға бастамашы болып, қосымша инвес - тициялар тарта алады. [10]
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағыттарының бірі - мемлекеттің қаржы-несиелік және инвестициялық климат жасау және несиелеу жүйесін жетілдіру басты мәселелер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz