Ірі қара фасциолезіне қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Анықтамалар

Дезинфекция - оның баламасы зарарсыздаңдыру яғни, жұқпайтын ету

Дезинсекция - сыртқы ортадағы зиянды жәңдіктерді жою

Дератизация - кемірушілерді (тышқандарды, атжалмандарды) жоюету

Гермафродит - қосжынысты

Шистосомата - дара жынысты

Анемия - қан аздық

Интоксикация - денені уландыру

Холангит - өт жолының қабынуы

Холеоцистит - өт қалтасының қабынуы

Экстенстиімділік - дегельминтизация жасалған жануарлардың ішқұрттардан толық босанғаны

Интенстиімділік - дегельминтизация жасалған жануарлардағы ішқұрттардың жалпы санымен салыстырғанда олардың дәрі арқылы сыртқа шығарылғандарының проценттік саны

Экстенс нәтижелілік - белгілі бір гельминттерден толық арылған жануарлардың проценттік көрсеткіші

Интенс нәтижелілік - алғашқы мөлшерімен салыстырғандағы бөлінген паразиттердің, олардың личинкалары мен жұмыртқаларының көрсеткіші

Мазмұны

Қысқартулар мен белгілер

Анықтамалар

Нормативтік сілтемелер

Кіріспе . . . 8

1 Негізгі бөлім . . . 10

1. 1Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу . . . 10

1. 2Ірі қара фасциолез ауруының қоздырғышы . . . 13

1. 3 Ірі қара фасциолезінің эпизоотологиясы . . . 16

1. 4 Ірі қараның организмінде фасцелиоз ауруының өрбуі . . . 17

1. 5Ірі қара фасциолез ауруының этиологиясы және жұғу жолдары . . . 18

1. 6Ірі қарада фасциолез аурудының клиникалық белгілері . . . 19

1. 7 Ірі қара малдың фасциолез ауруы кезіндегі өлекседегі өзгерістер . . . 20

1. 8 Ірі қараның фасциолез ауруын анықтау . . . 21

1. 9 Емі . . . 23

2 Өзіндік зерттеу . . . 27

3 Техника қауіпсіздігі . . . 30

Қорытынды . . . 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32

Аннотация

«Ветеринария ісін ұйымдастыру» пәнінен «Ірі қара фасциолезіне қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар» тақырыбына жазылған бұл курстық жұмыста ірі қара фасциолезіне қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар туралы мәліметтер жинақталған. Курстық жұмыс 32 беттен тұрады.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

Қысқартулар мен белгілер

мин. - минут

сағ. - сағат

см - сантиметр

мм - миллиметр

нм - нанометр

км - километр

мкм - микрометр

мкл - микролитр

кг - килограмм

г - грамм

мг - миллиграмм

л - литр

мл - миллилитр

ҚР - Қазақстан Республикасы

АШМ - Ауылшаруашылық Министрлігі

°C - градус

% - пайыз

КГАТР - кері гемагглютинацияны тежеу реакциясы

Э. Т. - экстенс тиімділігі

И. Т. - интенс тиімділігі

ГПК - Гексахлорпараксилол

ЭН - Экстенс нәтижелілік

ИН - Интенс нәтижелілік

Ф. 7. 04 - 06

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

« » жоғары мектебі

«» кафедрасы

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

(қолы, аты - жөні)

2016ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №

пәні

студенттобы

Курстық жұмыс тақырыбы

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:

1.

2.

3.

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.

Сомалық баллы

Жұмыстың бағасы

Курстық жұмыс жетекшісі

Комиссия мүшелері

Комиссия мүшелері

Қорғау күні2016ж.

Ф. 7. 04 - 03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2016ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2016 ж.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен өзгеруіне әкеп соқтырады.

Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік саласының дамуына кедергі болады.

Осы жағдайлар «Ветеринария туралы заңның» талқыланып, 1995 жылы қабылдануына әсер етті.

Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.

Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:

  • мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды. Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе жүргізбейді.
  • ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
  • ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны анықталған.
  • ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы кеңейтілген.
  • осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға сай келетін «Ветеринария туралы заңды» қайта талқылап, қабылдануының себебі болды.
  • жаңа «Ветеринария туралы заңның» мақсаты - ветеринарлық-санитарлық жағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін, халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен қатар бірінші, экономикалық орталық құру.
  • мемлекеттік қадағалау қызметін жақсарту үшін бір жағынан ветеринарияның барлық саласын лицензиялайтын институттың құрылуы; ал екінші жағынан мемлекеттік қадағалау пунктерінде тексерілетін жүктерді дайындау, өңдеу, сақтау жұмысымен айналысатын бүкіл мемлекет территориясындағы барлық субъектілерді қамтиды және мемлекеттік ветбөлімнен ауыл аймағына дейін инсректорлық вертикаль құрылады.
  • заңның халықаралық ветеринарлық талаптарға жауап беруі, Қазақстанның Бүкіл әлемдік сауда ұйымы құрамына кіруіне себеп болады.

Егер қойларды табиғи жайылымдарда жайса, олар азыққа төзімді келеді. Бірақ осыған қарамастан қойлар әр түрлі жұқпалы және паразитарлық аурулармен ауырады. Бұл аурулар үлкен экономикалық шығын келтіреді. Соның ішінде өнімділіктің және сапасының төмендеуі, жоғары көрсеткішті өлімге әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, кейбір жұқпалы аурулар адамдар мен жануарларға ортақ болып табылады.

Сау малдарды өсіру үшін ең бастысы - зоогигиеналық талаптарды қатаң сақтау, індетке қарсы қазіргі заманғы емдік - профилактикалық шараларды ұйымдастырыу жақсы нәтиже берері сөзсіз. Егер осы шаралар толық және сапалы орындалатын болса, онда малдардың аурумен ауруы және өлімі азая түседі [1, 2] .

Курстық жұмыстың мақсаты - ірі қара фасциолезіне қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын зерттеу.

1Негізгі бөлім

1. 1Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу

Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат

Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат:

  1. мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өндіру, сақтау және өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруға;
  2. осы Заңның 11-бабында белгіленген ветеринариялық қызметтің жекелеген түрлерін жүргізуге мемлекеттік манаполяны сақтауға;
  3. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауға;
  4. мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге;
  5. індет жағдайын объективті түрде бағалауды және ветеринария саласындағы халықаралық нормаларды ескере отырып, ветеринриялық ережелер мен нормативтерді ғылыми негізде әзірлеуге;
  6. ғылыми негіздемесі болған жағдайда, ветеринариялық іс шаралар өткізудің халықаралық ұсыныстарда көзделгеннен анағұрлым жоғары деңгейіне жетуге;
  7. ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық іс шараларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өткізуді негізсіз шектеулерге жол бермеуге;
  8. жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойлатын және жойылатын жануарлардың құнын өтеу тәртібін белгілеуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзіреті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзіретіне:

  1. ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
  2. ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі республикалық бағдарламаларды бекіту;
  3. ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша ветеринария саласындағы нормативтік құқықтың актілерді қабылдау немесе бекіту;
  4. ветеринария саласындағы мемлекеттік органның ұсынуы бойынша, профилактикасы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін қабылдау немесе бекіту;
  5. жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын жануарлардың құнын өтеу тәртібі мен шартарын белгілеу;
  6. шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ветеринария саласындағы ынтымақтастық;
  7. осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес ветеринария саласында басқа да функцияларды жүзеге асыру кіреді.

Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесі

Қазақстан Респуликасының ветеринария жүйесіне;

  1. мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері;
  2. мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері;
  3. мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар:
  4. ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке және заңды тұлғалар кіреді.

Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдары

1. Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдарына;

  1. ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
  2. мемлекеттік бақылау постылары бар шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың аймақтық бөлімшелері;
  3. ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның облыстық, республикалық маңызы бар қаланың аумақтық бөлімшелері;
  4. селолық округтердің, базарлардағы, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдары бақылайтын жүктерді өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдардағы ветеринариялық инспекторлары бар ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аудандық, қалалық, аумақтық бөлімшелері жатады.

2. Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары бір мезгілде- Қазақстан Республикасы мен тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары, ал олардың орынбасарлары Қазақстан Республикасы мен тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларының орынбасарлары бола алады. Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің тиісті лауазымдарына қоса «бас мемлекеттік инспектор», «бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың орынбасары» деген арнаулы атаулар беруге құқылы.

Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзіреті

Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзіретіне:

  1. ветеринария саласында біріңғай мемлекеттік саясат жүргізу;
  2. жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  3. жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тізбесін әзірлеу;
  4. аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарлар ауруының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу жөніндегі іс шараларды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;
  5. денсаулық сақтау органдарымен бірлесе отырып, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
  6. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды ұйымдастыру;
  7. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, тасымалдауды және пайдалануды ұйымдастыру;
  8. Қазақстан Республикасының ветеринари саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринариялық іс шараларды, ветеринариялық ережелер мен нормативтерді, ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын, ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастыру;
  9. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринариялық қызметтерді лицензиялау;
  10. ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алу, ветеринария саласындағы жұмыстарды, ветеринариялық ғылыми зерттеулер мен ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлау тапсырыстарын орындау жөніндегі республикалық бюджеттік бағдарламаларды, нормативтік конкурстық және тендерлік құжаттама ны әзірлеуге қатысу;
  11. Жануарлар аурулары бойынша індет мониторингін ұйымдастыру және індет жағдайын зерделеу;
  12. Жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс шаралар, белгіленген ветеринариялық ережелер мен нормативтер, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілері туралы мүдделі тұлғаларға ақпарат беруді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;
  13. Ветеринариялық препараттарды, аспаптарды, құрал-саймандарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды байқаудан өткізуді, бақылауды, оларды тіркеу сынағынан өткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тізілімін жүгізу;
  14. жаңа ветеринариялық препараттарға, аспаптарға, құрал-саймандарға, жемшөп пен жемшөптік қоспаларға қорытындылар беру;
  15. халық арасында ветеринариялық ағартушылық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
  16. Мал шаруашылығы объектілерін және жануарларды өндіру, дайындау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
  17. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
  18. Қазақстан Респуликасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру;

Мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері

1. Жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы мынандай қызметтерді:

1) тиісті мемлекеттік органдарга тиесілі жануарлар ауруларына профилактика және диагностика жасау, оларды емдеу;

2) тиісті мемлекеттік органдарға тиесілі мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне мемлекеттік ветеринариялық қадағалау қызметін жүзеге асыратын бөлімшелер құра алады.

2. Мемлекеттік органдардың осы баптың 1-тармағында аталған бөлімшелері мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруды қоса алғанда, ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен орындауға қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын басшылыққа алады.

3. Мемлекеттік органдарды осы баптың 1-тармағында аталған бөлімшелері ветеринариялық есеппен жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен табыс етеді.

Жергілікті өкілдері және атқарушы органдардың ветеринария саласындағы құзіреті

1. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрып, олардың құрылымын, қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етілу тәртібін белгілей алады.

2. Жергілікті атқарушы органдар ветеринариялық инспекторларға олардың мемлекеттік ветеринриялық қадағалау функцияларын атқаруына көмек көрсетеді, ауру жануарларды санитарлық союды қоса алғанда, ветеринариялық іс шаралар жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша оларды жүзеге асыруға жергілікті бюджеттерден қаражат бөле алады [12] .

1. 2 Ірі қара фасциолез ауруының қоздырғышы

Трематодоздар - ауру, яғни қоздырғышы - трематод класына жататын жалпақ құрттар. Трематодтардың денесі жапырақ тәрізді, олардың екі сорғыш басы бар. Барлық трематодтар гермафродитты. Трематодалар (грек сөзі Тrеmаtосіеs - сорғышты, емізік) - жалпақ құрттар қатарына жатады, бұлар қоздыратын аруларды трематодоздар деп атайды. Сорғыш құрттар үй жануарларының барлығында кездеседі, гельминттер мал және адамның бауыры мен ұйқы безінде, қан тамырларында, құстың ащы ішегінде, аналық ұрық түтігінде, т. б. мүшелерінде мекендеп, өмір сүреді. Бұлардың көп тараған үш мыңдай түрі бар.

Трематодалардың денесі жалпақ келеді, түрлеріне қарай пішіні жапырақ сияқты, тіл тәрізді болады, ұзындығы әр қилы 0, 1 мл-ден 10-15 см-ге дейін жетеді. Ауызы денесінің алдыңғы ұшында орналаскан. Ауыздың емеуіріні қалыңдап, бұлшық еті мол ауыз сорғышқа айналған, ал құрсақ сорғышы көбінің денесінің орта шенінде жайғасқан, бірақ кейбіреулерінің (парамфистоматолар) құрсақ емізігі құрттың ең артқы шетінде қалыптаскан. Осы сорғыштары арқылы олар иесінің ұлпасына жабысып тұрады. Бекіну органдарынан басқа трематодалардың асқорыту, зәршығару, жүйке (нерв) және жыныстық жүйелері бар. Қан айналу, тыныс алу ағзалары жоқ.

Қоректенуі. Қорек кұрттың ауызы арқылы жұтқыншаққа барып, одан тармақталған екі ішекке өтеді. Қорытылмаған ас қалдығын сол ауыз тесігі көмегімен сыртқа шығарып тастайды.

Зәр шығару. Құрт денесінің барлық жерін толып жатқан тарамдалған өте жіңішке түтікшелер торлап жатады. Соңыңда зиянды сұйық өнімдер ағып келеді де құрт денесінің төменгі шетінде орналасқан қуықша арқылы сыртқа несеп шығарылады.

Жүйке жүйесі жұтқыншақтың айналасына жалғасқан жүйке түйінінен басталады да талшықтары жан-жаққа таралады, әсіресе бұлар сезімтал мүшелерді қоршап өрімдер құрайды.

Жыныстық ағзалары. Сорғыштардың басым көпшілігі қосжыныстылар немесе (гермафродиттер), бірақ дара жыныстылары да бар (шистосоматалар) . Еркектік мүшелер екі еннен (аталық бездері) тұрады, әрқайсысы ен түтігімен жалғасады, олар тұқым жиналатын кең түтік боп түйісіп, еркектік жыныс тесігімен аяқталады. Түтіктік тесігіне таяу қысқа бөлігі нығыздалып келеді және ол сыртынан көпіршікпен қапталып тұрады, оны жыныстық сауыт (бурса) дейді [1, 2] .

Ұрғашылық мүшелері: оотип, тұқымдық немесе аналық без, тұқымдық түтігі, тұқым қабылдағыш, уыздық, мелис денешігі, Лаурер каналшасы, жатыр, қынап және сыртқы жыныс тесігінен құралған. Оотипте - еркектік және ұрғашылық тұқымдар шағылысып жұмыртқа пайда болады. Уыздықта қалыптасқан заттар жетіліп келе жатқан жұмыртқаның қоректенуіне жұмсалады. Құрт жүмыртқасы жақсы жылжуы үшін Мелис денешігі оотип пен басқа да жыныс жолдарын майлайтын сұйықтық бөліп түрады. Лаурер каналшасы сыртқы ортаға қажетсіз артық заттарды шығарады және кейде ұрғашы жыныс тесігінің міндетін атқарады.

Сорғыштардың өсіп-өнуі аралық иелері суда не құрлықта тіршілік ететін ұлулардың (бауыр-аяқтылардың) тікелей қатысуымен өтеді. Кейбіреулерінің даму циклы ұлулармен шектелмейді, бұлардан басқа қосымша иелері боп табылатындар-алтыаяқты жәндіктер (насекомдар), өрмекші тәрізділер, балықгар, қосмекенділер т. б.

Ақтық иелері ішқұрт жұмыртқаларын нәжіс арқылы сыртқа бөліп шығарады. Жұмыртқа ішіндегі ең алғашқы балаңқұртты мирацидий деп атайды. Балаңқүрттың ары қарай дамуы аралық иесі - ұлумен байланысты. Ұлу денесінде мирацидий - спороцистаға, ал ол редияға айналып жетіледі. (Құрлық бауыраяқтыларда трематодалардың редиялық сатысы жоқ) . Редиялар сорғыштың келесі даму сатысы церкарийлерге айналады. Ұлу денесінен құйрықты церкарийлер бөлініп шығады, олар судағы немесе жағадағы өсімдіктерге жабысып, құйрықтарын тастап, қабыршықганып, дөңгеленіп, соңғы адолескарий деп аталатын залалдағыш жүқпалы сатысына жетіледі. Егер құрттың дамуы үшін қосымша ие қажет болса, онда церкарийлер бұлардың ішіне еніп инвазиялық сатысы метацеркарийлерге айналады.

Трематодалар тобының (класс) негізгі тек бұтақтары (подотрядтары) үшеу: фасциолята, парамфистомата және гетерофиата.

Фасциоляталар - Ғаsсіоlаtа маңызды үш тұқымдастардан қалыптасқан: Ғаsсіоlidае - фасциолиде, Dісгосоеlіdае - дикроцелиде және Рrоstоgоnіmdае-простогонимде. Құрттың құрсақ сорғышы ауыз емізігіне жақын, уыздықтары денесінің екі бүйірінен орын тепкен; трематодалар бір немесе екі аралық иелерінің қатынасуымен дамиды.

Парамфистоматалар - Раrатрhistоtіа - бір ғана тұқымдастан Раrаmрһіstomіdае- парамфистомидилерден тұрады. Құрсақ емізігі гельминт денесінің артқы шетіне орналасқан. Аралық иесі біреу - тұщы су ұлулары, жұқпалы балаңқұрты адолескарий. Гетерофиаталарға- Оріstогсһіdае - описторхиделер тұқымдастары жатады, қосымша иесі - балықтар. Сорғыштардың жыныс бездері денесінің артқы жақ бөлігіне жайғасқан.

Фасциолез ауруы сүтқоректілердің жіті және созылмалы өтетін құрт ауруы. Сүтқоректілердің 40-тан астам түрі бауыр құрттарға сезімтал келеді. Шошқа, жылқы, бұғы, қоян және басқалары, сонымен қатар адам сирегірек ауырады. Құстар фасциолезбен ауырмайды. Фасциолезбен қой, ешкі, ірі қара, түйе, жылқы, шошқа, ал жабайы жануарлардан ұсақ күйіс қайыратындар мен қоян тәрізділер ауырады, кейде гельминтоз адамға да қауіпті. Трематодалар малдың бауырында, анығырақ айтқанда өт жолдарында мекендейді.

Мал фасциолезбен күшті зақымданған кезде, олар жаппай өлім-жітімге ұшырауы мүмкін немесе ұзақ ауырады, бірте-бірте арықтап, қаны төмендеп, өнімі кемиді. Сиырдың сүт өнімі 20-40 % азаяды. Фасциолез көп тараған аймақтарда ірі қара 90 %-ке дейін және қой мен ешкі 50-60 %-ке дейін аталған дертке шалдығады.

Қоздырғышы - ф асциола Ғаsсіоlа hepatica, Ғаsсіоlа gigantica - жоңышқаның жапырағына ұқсайды. Ұзындығы 3-5см. Оның Қазақстанда екі түрі кездеседі. Біріншісін - кіші фасциолез, ал екіншісін - ірі фасциолез бауырқұрт деп атайды. Кіші фасциолез Қазақстанның Солтүстік облыстарында, ал ірі фасциола Оңтүстік облыстарда кездеседі. Екеуінің де ішкі құрылысында ешқандай айырмашылық жоқ, өзгешелігі тек қана көлемінде. Олар жыныс бездері мен ішектерде тармақтанған болып сипатталады.

F. һераtіса - жапырақ тәрізді, ұзындығы 20-30 мм, барлық жерге таралған.

F. gigantica - лента тәрізді, ұзындығы 60-70 мм, Оңтүстіктегі аудандарда кездеседі. Фасциолезбен қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы, шошқа ауырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарларды айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қадағалау
Ет қоректілердің жұқпалы гепатиті ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Инвазиялық аурумен күресу шаралары
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау
Жұқпалы аурулар анықталған жағдайда жүргізілетін іс-шаралар
Ауру малды емдеудің қағидаттары
Ірі қара мал қораларының жобалаудың нормативтік базасы
Ұшадан теріні сыпыру
Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылауымен жануарларды тасымалдауға дайындау және оның реті
Мал қоралары мен шаруашылық аумағын ветеринариялық-санитариялық ережеге сай тәртіпке келтіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz