Липидтер алмасуның бұзылыстары



Жоспар:

І. Кіріспе

Липидтер алмасуның бұзылыстары

ІІ. Негізгі бөлім
1. Семіздік, май басу
2. Семірудің түрлері.
а) липостаздық жүйенің өзгерістері және біріншілік семірудің патогенезі
б) біріншілік семіру
в) салдарлық семіру
3. Семіруден алдын.ала сақтандыру мен емдеу тәсілдерінің негіздері.

ІІІ. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Липидтерге қаныққан және қанықпаған май қышқылдары, моно, ди және үш глициридтер, холестерин, фосфолипидтер, гликолипидтер, стериндер және балауыз жатады. Жануарлар мен өсімдік майлары 94-98% үшглецирридтердің құрамынан тұрады. Адамға тәулігіне орта есеппен 80-100 г май қажет. Майлардың немесе липидтердің организм үшін маңызы өте үлкен. Олар:
-барлық биологиялық мембраналардың құрамына кіреді және олардың өткізгіштік қаситін, тасымалдық ферменттердің белсенділігін анықтайды;
-жасуша аралық түйісуді қамтамасыз етеді, жүйкелік серпіндердің тарауына қатысады және жасушаларға тіршілік электр ағымдарының өтуіне кедергілік қасиет көрсетеді;
-көптеген гормондар мен простагландиндердің түзілуіне қатысады;
-организмге қажетті энергия түзуіне қатысады;
-А, Д, Е, К витаминдеріне еріткіш болады;
-май қышқылдарынан өндірілетін простагландиндер әртүрлі ағзалар мен тіндерге қалыпты жағдайда және дерттік өзгерістер кездерінде реттеуші әсер етеді және т.б.
Организмде май алмасуының бұзылыстары мына жағдайларда байқалады:
-ішектерде майлардың ыдыратылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары;
-майлардың тасымалдануы мен қаннан тінге ауысуының бұзылыстарынан;
-майлардың аралық алиасуының бұзылыстарынан;
-май тінінде майлардың алмасуы бұзылыстарынан;

Семіздік дегеніміз - майлардың кең аймақта қалыптан тыс жиналуы. Өлшемді дене салмағының 20% артып кетсе семіру деп атап, күнделікті тұрмыс пен қимыл қозғалысына кедергілік жасайтын деңгейдегі, сондай-ақ басқа да ілеспе ауруларды пайда қылатын семіруді семіздік немесе семіздік ауруы дейді. Семіздік липидтер алмасуымен тікелей немесе тікелей емес жолдармен байланысып жататын метоболиттік ауру болумен бірге қоғамдық әлеуметтік жағдайлармен, салт-сана, тағам әдебиеті, сондай – ақ адамның рухани жан дүниесімен де ұштасып жататын әлеуметтік ауру болып есептеледі.
Семіздік пайда болу себептері:
1. Гиперфагия және гиподинамия
Бұл қазіргі заманғы цивилизайия қоғамындағы ең көп кездесетін семіру себептері. Энергия шығымына сәйкес келмейтін артық тамақтану мен аз қимылдау қазіргі заманғы семіздіктің 55-65%-ін құрайды.
2. Церебралдық себептер.
Гипоталамустың вентромедиалдық ядросындағы «тоқтық сезім орталығының» зақымдалуы мен «аштық сезім орталығының» қалыпсыз қозуы.
3. Ішкі секреция функцияларының қалыпсыздығы.
4. Қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық факторлар.
5. Генетикалық немесе тұқым қуалаушылық.

Семірудің биохимиялық механизмі:
1. Липолизді тежеу арқылы;
Қолданылған әдебиеттер:


1. Биологиялық химия» С.М.Плешкова, К.Қ.Өмірзақова, С.А.Абитаева Алматы, 2006 жыл (1-3 бет)

2. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ
Алматы, 2005 жыл (3-4 бет)

3. Ә. Нұрмұхамбетұлы Патофизиология
Алматы, 2007жыл (4-13 бет)

4. «Денсаулық» журналы 09.2008 (11-12 бет)

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе
Липидтер алмасуның бұзылыстары
ІІ. Негізгі бөлім
1. Семіздік, май басу
2. Семірудің түрлері.
а) липостаздық жүйенің өзгерістері және біріншілік семірудің патогенезі
б) біріншілік семіру
в) салдарлық семіру
3. Семіруден алдын-ала сақтандыру мен емдеу тәсілдерінің негіздері.
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Липидтер алмасуының бұзылыстары

Липидтерге қаныққан және қанықпаған май қышқылдары, моно, ди және үш
глициридтер, холестерин, фосфолипидтер, гликолипидтер, стериндер және
балауыз жатады. Жануарлар мен өсімдік майлары 94-98% үшглецирридтердің
құрамынан тұрады. Адамға тәулігіне орта есеппен 80-100 г май қажет.
Майлардың немесе липидтердің организм үшін маңызы өте үлкен. Олар:
-барлық биологиялық мембраналардың құрамына кіреді және олардың
өткізгіштік қаситін, тасымалдық ферменттердің белсенділігін анықтайды;
-жасуша аралық түйісуді қамтамасыз етеді, жүйкелік серпіндердің тарауына
қатысады және жасушаларға тіршілік электр ағымдарының өтуіне кедергілік
қасиет көрсетеді;
-көптеген гормондар мен простагландиндердің түзілуіне қатысады;
-организмге қажетті энергия түзуіне қатысады;
-А, Д, Е, К витаминдеріне еріткіш болады;
-май қышқылдарынан өндірілетін простагландиндер әртүрлі ағзалар мен
тіндерге қалыпты жағдайда және дерттік өзгерістер кездерінде реттеуші әсер
етеді және т.б.
Организмде май алмасуының бұзылыстары мына жағдайларда байқалады:
-ішектерде майлардың ыдыратылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары;
-майлардың тасымалдануы мен қаннан тінге ауысуының бұзылыстарынан;
-майлардың аралық алиасуының бұзылыстарынан;
-май тінінде майлардың алмасуы бұзылыстарынан;

Семіздік дегеніміз - майлардың кең аймақта қалыптан тыс жиналуы. Өлшемді
дене салмағының 20% артып кетсе семіру деп атап, күнделікті тұрмыс пен
қимыл қозғалысына кедергілік жасайтын деңгейдегі, сондай-ақ басқа да ілеспе
ауруларды пайда қылатын семіруді семіздік немесе семіздік ауруы дейді.
Семіздік липидтер алмасуымен тікелей немесе тікелей емес жолдармен
байланысып жататын метоболиттік ауру болумен бірге қоғамдық әлеуметтік
жағдайлармен, салт-сана, тағам әдебиеті, сондай – ақ адамның рухани жан
дүниесімен де ұштасып жататын әлеуметтік ауру болып есептеледі.
Семіздік пайда болу себептері:
1. Гиперфагия және гиподинамия
Бұл қазіргі заманғы цивилизайия қоғамындағы ең көп кездесетін семіру
себептері. Энергия шығымына сәйкес келмейтін артық тамақтану мен аз
қимылдау қазіргі заманғы семіздіктің 55-65%-ін құрайды.
2. Церебралдық себептер.
Гипоталамустың вентромедиалдық ядросындағы тоқтық сезім орталығының
зақымдалуы мен аштық сезім орталығының қалыпсыз қозуы.
3. Ішкі секреция функцияларының қалыпсыздығы.
4. Қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық факторлар.
5. Генетикалық немесе тұқым қуалаушылық.

Семірудің биохимиялық механизмі:
1. Липолизді тежеу арқылы;
2. Липогенез бен липонеогенез күшейту арқылы;
3. Май қышқылдарының тотығуын тежеу арқылы;

Бауырдың майлануы.
Бауырдың майлануы қазіргі заманда біашама көп кездесетін аурулардың бірі.
Қалыпты жағдайда бауырдағы жалпы май құрамы бауырдың суды салмағы бойынша
5% ұүрайды. Осы мөлшерден артып кетсе бауырдың майлануы деп аталады.
Семіздік кезіндегі бауырдың майлану себебін мынадай бірнеше жақтан
түсіндіруге болады. Алдымен, энергия шығымымен сәйкес келмейтін артық
тамақтану. Бауырға артық түскен майлар немесе бауырдың өзінде липогенез,
липонеогенез арқылы түзілген майлар өте көп болғандықтан бауырдың
тасымалдау мүмкіншілігінен артып, бауырда жиналады, екіншіден, жиналған
майлардығ мобилизациялануынан бос май қышқылдары көптеп бауырға түсіп
липогенездің күшеюінен бауырға май жиналады; үшіншіден, апопротеин В
синтезі күшейіп, липогенез процесін одан ары үдетеді.
1. Энергия шығымына сәйкес келмейтін артық тамақтану. Майларға бай
тағамдарды ұзақ уақыт көп қолдану бауырдың майлануына әкеліп соғады.
Артық түскен майлар ішектен хиломикрон түрінде қанға түсіп ең соңында
қалдық хиломикронға айналып бауырға түседі. Тағам арқылы түскен майлар
қаншалық көп болған сайын бауырға түсетін қалдық хиломикронның мөлшері
де соғұрлым көбейіп бауырдың клиренс қабілетінен артқанда бауырда
жиналады.
2. Ұзаққа созылған аштық кезінде немесе қантты диабет ауруы.
3.Қазіргі заманда өте көп кездесетін алкоголизм.

Семіздік, май басу – организмде артық майдың жиналуы, тері асты
клетчаткасын, шарбыны, т.б. тіндер мен органдарды май басу. Мұндай жағдайда
майдың пайда болу процесі оның ыдырауына қарағанда жылдам жүреді. Көбінесе,
семіру үнемі артық тамақ ішкеннен болады. Бұл жерде қабылдайтын тағамнаң
мөлшері мен колориясынан гөрі, адамның атқаратын жұмысына байланысты
тағамды организмнің қалай сіңіретіні үлкен роль атқарады. Сондай-ақ
семіруге дұрыс тамақтанбау, тәуліктік рационда сіңімді көмірсулар, қант,
кондитерлік, тәтті тағамдар және мал майларының мөлшерден тыс көп болуы
және организмнің тұқым қуалаушылық-дене бітімдік ерекшелігі де белгілі бір
дәрежеде себеп болады. Маскүнемдік, ішімдіктерді үнемі ішу де семіздікке
әкеледі, себебі олардың калориясы жоғары, ал оны ішкен кезде адамның
тамаққа тәбеті ашылады. Кей жағдайда семіздік ішкі секреция органдарының
ауруларымен де байланысты. Бірінші сатыда адамның салмағы әдеттегі қалпынан
29%-дан артық; екіншісінде-50%; үшіншісінде-100%-ға, төртіншісінде-100%-дан
асып кетеді. Бұл жағдайда организмнің зат алмасуының бұзылуы және сүйек пен
буынға салмақ түсуінің өсуі тірек-қимыл аппараттарында өзгерістер
тудырады.Қатты семіру тыныс алу және жүрек-қан-тамыр жүйелерінде де
өзгерістер туғызып, өкпе мен жүрек қызметін әлсіретеді. Артық салмақ қант
диабетінің, гипертониялық аурулардың, стенокардия мен миокард
инфарктісінің, өтке тас байлану, т.б. аурулардың пайда болуына әсер етеді.

Семіру. Семірудің түрлері
Май тіні мен гипоталамус өзара дабылмен (сигналмен) алмасып тұрады.
Осыдан адамның тәбеті, тағамның бойға сіңуі, энергияның шығындалуы мен дене
салмағының мөлшері байланысты болады.
Дене салмағын реттеуші жүйенің орталық тізбегі болып гипоталамус болып
есептеледі. Оның вентролатералдық ядроларында аштық сезімінің орталығы,
ал вентромедиалдық ядроларында тойыну сезімінің орталығы орналасқан.
Тойыну сезімінің орталығы тәбеттің орталығына тежеуші әсер етеді.
Жануарлардың вентролатералдық ядроларын электр ағымымен бүлдіргенде тәбет
жоғалып, олар қатты ариды және ашығудан өліп қалады. Ал, олардың
вентромедиалдық ядроларын бүлдіргенде тойыну сезімі болмайды да олар
тамақты көп жеп, қатты семіріп кетеді.
Ішек, әсіресе ұлтабардың гормондары тамақ қабылдауға жауап ретінде
өндіріліп, адамның аштық сезімін басады. Ұлтабардың сығындысынан алынған
зат осындай әрекет ететіні белгілі болды. Ол зат арэнтерин – деп аталды.
Бірақ ол әлі таза күйінде алынған жоқ. Сондай-ақ холецистокинин де аштық
сезімді азайтып, тәбетті төмендетеді. Ол гипоталамустың вентролатералдық
ядроларына тікелей немесе ішек-қарын жолдарындағы кезбе нервтің аяқшаларын
қоздыру арқылы тежеуші әсер етеді. Біршама аздау болса да осындай әрекет
бомбезиннің, соматостатиннің, нейротензиннің, кортиколибериннің,
тиреолибериннің, қан тамырларына белсенді ішектік пептидтің әсерлерінен де
байқалады. Олар тойыну сезімінің орталығына әсер етеді. Эндорфиндер мен
энкефалиндер және соматолиберин тәбетті ашады. Бұл келтірілген реттегіш
заттар ішектерде және орталық жүйке жүйесінде өндіріледі.
Май жасушалары адипоциттер делінеді және олар фибробластардан тарайды.
Адипоциттердің сыртқы беттерінде нейромедиаторларды, гормондарды
қабылдайтын көптеген қабылдағыштар болады. Солар арқылы адипоциттер
денедегі жүйкелік-эндокриндік өзгерістерге өте тез жауап қайтарып тұрады.
Содан бұл жасушаларда май түзілуі мен оның ыдырауы аралығында қатаң тепе-
теңдік сақталады.
Адипоциттер көптеген гормондық заттар өндіріп шығарады:
- цитокиндер (олардың ішінде қан өндіретін-гемопоездік жасушалардың өсу
факторын) өндіреді, олар сүйек кемігінде жасушалардың өсіп-өнуі мен
нақтылануын қадағалайды;
- тоқтық жағдайда, әсіресе ішкі ағзалардың адипоциттері, май түзілуін
тежейтін кахексин (өспені жоятын фактора) өндіреді, ол инсулинге қарсы әсер
етеді. Инсулинге тәуелді қантты диабет кезінде осы кахексинді адипоциттер
артық шығарады. Ол бауырға, гипоталамусқа әсер етіп, төмендетеді және
организмде ыдырау үрдістерін күшейтеді;
- жыныстық гормондар (эстрогендер мен андрогендер)өндіреді. Дененің
төменгі жақтарында орналасқан май тінінің адипоциттері эстрогендер
шығарады. Еркектерде олардың артық өндірілуі гинекомастия және белсіздік
дамуына ықпал етеді. Өйткені олар гипоталамусқа әсер етіп, гонадолиберин
өндірілуін кемітеді. Содан денедегі тестостеронның деңгейі төмендейді;
- тоқтық жағдайда адипоциттер пептидтік гормон лептин өндіреді. Оның
өндірілуін инсулин сергітеді. Лептин гипоталамустың вентромедиалдық
ядроларын қоздырып, вентролатералдық орталықтарға тежегіш ықпал етуден,
тойыну сезімін туындатады.
Сонымен, дене салмағының тұрақтылығын бақылайтын біртұтас жүйе
қалыптасады. Бұл жүйені липостат немесе массостат - дейді. Липостаздық
ішкі тұрақтылық шеткері май тінінің (жоғарыда келтірілген гормондық
заттарының қатысуымен) гипоталамуспен және ішек-қарын жолдарымен (ішектерде
өндірілетін гормондар арқылы) тікелей және кері байланыстарда болуымен
қамтамасыз етіледі.
Семіру барлық зат алмасу бұзылыстарының ішінде ең жиі кездесетіні.
Ересек адамдардың 30%-дан 60%- ға дейіні артық салмағымен көзге түседі.
Әйелдердің арасында семіздік ерлерге қарағанда үш есе жиі кездеседі.
Жастардың арасында семірудің жиілеп бара жатқаны назар аударарлық. Мәселен,
33% ер адамдардың және 45% әйелдердің арасында семіру 20-35 жас аралығында
кездеседі.
Семіру – организмде үшглицеридтердің тым артық жиналып қалуымен
көрінетін дерттік жағдай. Ол біріншілік, салдарлық, гипертрофиялық,
гиперплазиялық, андроидтық, гиноидтық және араласқан түрлері болады.
Біріншілік семіру – май тіні мен гипоталамустың арасындағы гормондық
байланыстардың бұзылыстарынан липостаздық нүктенің жоғары көтеріліп
кетуімен көрінетін дерттік жағдай. Бұл кезде қабылданған тағамның қуаттық
құндылығы оның шығындалуынан басым болып кетеді. Өйткені организмдегі май
тіні мен гипоталамустың арасындағы байланыстардың өзгерістерінен адамның
тамақ қабылдау тәртібі, жан-дүниесі мен белгілі бір өмір салтты таңдауы
өзгереді. Бұндай адамдар тамақты артық ішейін деп ішпейді, бірақ жоғарыда
көрсетілген өзгерістердің нәтижесінде тәбеті жоғары болудан, тойыну
сезімінің аздығынан ішеді. Ол май жасушаларында өндірілетін лептиндердің аз
өндірілуінен болады. Сонымен, біріншілік семіруді өзбетінше жүйкелік-
эндокриндік дерттік жағдай – деп қарастыру қажет.
Салдарлық (екіншілік) семіру – бастапқы кездерінде адипоциттер мен
гипоталамустың арасындағы байланыстарының қалыпты жағдайында организмде
энергия шығындалуы азаюына және майлардың жиналуына әкелетін дерттік
бұзылыстардың болуы салдарынан дамитын синдром. Ол әртүрлі эндокриндік
аурулардың нәтижесінде байқалады.
Гипертрофиялық семіру – май жасушаларының жалпы саны өзгермей олардың
іштеріндегі май тамшыларының көлемі ұлғайып кетуімен көрінеді. Қалыпты
жағдайда олардың көлемі 0,3 мкл шамасында болса, гипертрофиясы кезінде 1,0
мкл-ге дейін ұлғаяды. Содан адипоциттердің көлденең диаметрі үлкейеді.
Гиперплазиялық семіру – май жасушаларының жалпы саны қалыптыдан көбейіп
кетуімен көрінеді. Бұл кезде дененің салмағы өте үлкен мөлшерлерге жетуі
мүмкін. Семірудің бұл түрі, гипертрофиялық түріне қарағанда, тым ерте жаста
байқалады. Ол іштегі бала туылмай тұрып және емшектегі балалық шақ
кездерінде кездесуі ықтимал. Бұл түрі дамуында тұқым қуалаушылықтың маңызы
өте зор. Семірудің гиперплазиялық түрі ересек адамдарда да кездеседі. Жас
балалардағы гиперплазиялық семіруге жүкті әйелдердің қантты диабетпен
сырқаттануы, олардың тым артық тамақ ішулері, балаларды тым артық
қоректендіру т.с.с. жағдайлар әкеледі.
Андроидтық семіру – майдың дененің жоғарғы бөліктеріне, іште және іш
құрылыстарында жиналуы. Ол еркектерге тән семіру.
Гиноидтық семіру – майдың бөкседе, жамбаста, санда және дененің төменгі
жақтарында, негізінен әйелдерге тән, жиналуы. Өйткені еркектер мен
әйелдердің жыныстық гормондары май тінінің әр түрлі бөліктерінде а-
катехоламиндік рецепторлардың бөлінуіне әрқилы әсер етеді. Май тінінің әр
түрлі бөліктерінде әр түрлі гормондар өндіріледі. Мәселен, гиноидтық семіру
кезінде адипоциттерде эстрогендер артық өндірілуінен антиатерогендік әсер
байқалады, ал андроидтық семірукезінде андрогендер артық өндірілуден,
керісінше, атеросклероз дамуына қауіп төнеді. Гиноидтық семіру жартылай
гиперплазиялық түрде болады. Сондықтан оны емдәммен емдеу онша нәтижелі
болмайды.
Араласқан семіру – андроидтық және гиноидтық түрлері біріккен түрде
кездеседі және андроидтық түрге тән атеросклероз және оның асқынуларына
көтеріңкі қауіп-қатер сақталады.
Сонымен қатар, майдың ішкі ағзаларда (ішек-қарын шарбысында,
шажырқайда, ішпердесі артында) және тері астында жиналуларын ажыратады.
Бұндай семіруді висцералдық (ішкі ағзалық) семіру дейді. Ол андроидтық
семірумен қабаттасады және ішкі ағзалардың қызметтерінің екіншілік
бұзылыстары дамуына ауыр қатер төндіреді. Өйткені ішкі ағзалардың май
жасушалары катехоламиндердің әсерлеріне өте сезімтал болып келеді және
инсулинге қарсы әсер ететін кахексинді көбірек бөліп шығарады. Сондықтан
толық науқас адамдарда осы адипоциттер инсулинге төзімділік үлкен үлес
қосады. Висцералдық май жасушалары өндіріп шығарған гормондық заттар мен
майлардың ыдырау өнімдері қақпалық көктамыр арқылы тікелей бауырға
бағытталады. Содан бауырда заттардың алмасуына және жүйелік қанайналымға
қатты әсер етеді.
Тұжырымдай келе: гиперплазиялық, андроидтық және висцералдық
семірулер, гиноидтық, гипертрофиялықт, тері астылық семірулерге қарағанда,
организм үшін зияндырақ екенін көрсеткен жөн.
Осыған мысал ретінде жапондардың сумо күресімен шұғылданатын
күрескерлердің толықтығын келтіруге болады. Олар, тым артық салмағына
ұарамай, өздерінің денсаулығын ұзақ уақыт сақтай алады. Өйткені бұл
күрескерлердің артық дене салмағы қанықпаған май қышқылдарымен
толықтырылған арнайы дәстүрлі түрде тамақтануына байланысты дамиды және
олар ұдайы ауыр қимыл-қозғалыстарда болады. Ал қимыл-қозғалыстың аздығынан
семіру кездерінде май негізінен ішкі ағзаларда жиналады.
Сонымен майдың организмде жалпы жиналуынан көрі оның дененің жекелеген
бөліктерінде жиналуы дерттануда маңыздырақ деуге болады.

Липостаздық жүйенің өзгерістері және біріншілік семірудің патогенезі.
Майдың май тінінде жиналуы (липогенез)липопротеидлипаза ферментінің
қатысуымен жүреді. Бұл фермент май тінінің қан қылтамырларындағы эндотелий
жасушаларының сыртқы беттеріне шығып, ішектерде және бауырда өндірілген
липопротеидтерден үшглицеридтердіыдыратып шығарады. Май қышқылдары
эндотелиоциттерден өтіп, жасуша аралық кеңістіктерге, артынан май
жасушаларына ауысады. Оларда глицериннің қайта әтірленуі және меншік
үшглицеридтердің қалыптасуы болады. Артық тамақтанғанда және біріншілік
семіру кездерінде липопротеидлипазаның белсенділігі көтеріледі. Оның
белсенділігі артуына инсулин ықпал етеді.
Май жасушаларында май глюкозадан да түзіледі. Инсулин май тінімен
глюкозаның қамтылуын күшейтіп, одан май түзілуін арттырады. Липогенез
а- адреномиметиктердің әсерлерінен де күшейеді. Глюкокортикоидтық
гормондар майлардың әр түзілуін, әрі ыдырауын арттырады. Олардың әсері
катехоламиндердің май жасушаларына пермиссиялық (қолдаушы) әсерінен
байланысты болады. Дененің әр түрлі бөліктерінде орналасқан май тіндерінде
катехоламиндерді қабылдайтын адренорецепторлардың жиынтықтары да әрқилы
болудан гиперкортицизм кезінде глюкокортикоидтардың әсерлерінен май
негізінен, бетте, мойында және дененің жоғары жақтарында артық түзіледі.
Бұл кезде аяқ-қолдарда липогенез, керісінше, азаяды.
Майлардың ыдырауын (липолизін) май жасушаларының іштерінде болатын
гормонға тәуелді протеинкиназамен әсерленеді. Адипоциттердің сыртқы
беттеріндегі рецепторларға норадреналин әсер етуден аденилатциклаза
әсерленіп, май жасушаларының ішінде ц-АМФ көбеюден липолиз күшейеді. Бұл
катехоламин май жасушаларына
b-адренорецепторлары арқылы әсер етеді. Осыған байланысты біріншілік
семіруге бейімділігі бар адамдардың адипоциттерінде
b-адренорецепторлардың әсерленуі төмен болады. Осыдан майлардың
ыдырауы кеміп кетеді.
Аденогипофиздің гормондары: кортикотропин, соматотропин, лютеотропин,
тиреотропин, липотропин және қалқанша бездің гормондары, симпатикалық-
адренергиялық жүйенің қозуы майлардың ыдырауына әкеледі. Осыдан қанда май
қышқылдары мен глицерин көбейеді. Май қышқылдары онда албуминмен байланысып
бауырға тасымалданады. Біріншілік семіруге бейім адамдарда глицериннің көп
бөлігі қайтадан үшглицеридтерге айналады. Сонымен, бұндай адамдардың
адипоциттері үшглицеридттерден айырылғысы келмейді. Липолизге қажетті
гормондық липаза ферментінің белсенділігін инсулин тежейді. Сол себептен
гиперинсулинизм кезінде (инсулинге тәуелсіз қантты диабеттің 2-түрінде және
инсулинома кездерінде) адамның салдарлық толып кетуі байқалады.

Біріншілік семіру.
Біріншілік семірудің негізінде липостаздық жүйенің шеткері май тіні
мен гипоталамустың арасындағы өзара қатынастардың бұзылуы маңызды орын
алады. 1994 жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зат алмасудың тұқым қуалайтын аурулар
Иондық арналар аурулары
Көмірсулар мен липидтердің алмасуының клиникалық биохимиясы. Клиникалық медицинадағы биохимиялық анализдер
Липидтер алмасу механизмінің биохимиялық бұзылыстары
Кетоз, остиодистрофия
Зат алмасудың тұқым қуалаушылық аурулар
Зат алмасудың типтік бұзылыстары
Зат алмасудың біртектес бұзылыстары
Қанның тасымалдаушы липопротеиндерінің құрамы, құрылысы және жіктелуі. Липопротеиндерінің әртүрлі кластарының және липопротеинемия патогенезіндегі ролі
Липидтер алмасуының патологиясы. Гиперхолестеринемия. Атеросклероз биохимиясы. Өт-тас ауруы
Пәндер