Қараталақ ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Ветеринария ісін ұйымдастыру» пәнінен жазылған "Қараталақ ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар" тақырыбына жазылған курстық жұмыс 30 беттен тұрады.

Курстық жұмысында кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылды.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Қысқартулар мен белгілер

Кіріспе . . . 8

1 Негізгі бөлім . . . 10

1. 1Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою . . . 10

1. 2Қараталақ ауруы . . . 14

1. 3 Қоздырғыштың төзімділігі . . . 17

1. 4 Індеттік ерекшеліктері . . . 18

1. 5 Дерттенуі . . . 19

1. 6 Өтуі мен симптомдары . . . 20

1. 7 Балау . . . 22

1. 8 Емі . . . 23

1. 9 Дауалау және күресу шаралары . . . 23

2 Өзіндік зерттеу . . . 25

3 Техникалық қауіпсіздік . . . 28

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Анықтамалар

Бацилла - спора түзетін бактериялар

Аэробты - оттегі бар жерде өсетін бактериялар

Анаэробты - оттегі жоқ жерде өсетін бактериялар

Биологиялық сынама - ауруды зертханалық жануарларға жұқтыру арқылы диагноз қою

ЕПА - ет - пептонды агар

ЕПС - ет - пептонды сорпа

ЖСА - жартылай сұйық агар

ПР - преципитация реакциясы

Ф. 7. 04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2016ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2016ж.

Ф. 7. 05 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2016ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу

мерзімі

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

( күні, студенттің қолы)

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен өзгеруіне әкеп соқтырады.

Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік саласының дамуына кедергі болады.

Осы жағдайлар «Ветеринария туралы заңның» талқыланып, 1995 жылы қабылдануына әсер етті.

Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.

Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:

  • мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды. Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе жүргізбейді.
  • ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
  • ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны анықталған.
  • ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы кеңейтілген.
  • осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға сай келетін «Ветеринария туралы заңды» қайта талқылап, қабылдануының себебі болды.
  • жаңа «Ветеринария туралы заңның» мақсаты - ветеринарлық-санитарлық жағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін, халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен қатар бірінші, экономикалық орталық құру.
  • мемлекеттік қадағалау қызметін жақсарту үшін бір жағынан ветеринарияның барлық саласын лицензиялайтын институттың құрылуы; ал екінші жағынан мемлекеттік қадағалау пунктерінде тексерілетін жүктерді дайындау, өңдеу, сақтау жұмысымен айналысатын бүкіл мемлекет территориясындағы барлық субъектілерді қамтиды және мемлекеттік ветбөлімнен ауыл аймағына дейін инсректорлық вертикаль құрылады.
  • заңның халықаралық ветеринарлық талаптарға жауап беруі, Қазақстанның Бүкіл әлемдік сауда ұйымы құрамына кіруіне себеп болады.

Қараталақ - жіті өтетін, өлі тиіп, күйдіргі тектес қабыну ретінде байқалатын жұқпалы ауру. Бұл ауру малдаң әр түлігінде өзінше аталып келді. Топалаң атауы негізінде қой мен ешкіге тән. Жылқыда - жамандат, қараталақ немесе қарабез, сиырда - қарасан немесе қарабез /қарасан қазіргі көзқарас бойынша басқа дербес ауру/, түйеде - шелек немесе ақ шелек, адамда - күйдіргі немесе текті сібір жарасы.

Курстық жұмыстың мақсаты - қараталақ ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын зерттеу [1, 2] .

1 Негізгі бөлім

1. 1Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою

Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері

Жеке және заңды тұлғалар:

  1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдармен белгіленген жануарлар ауруларының алдын алуды және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринариялық ережелерді сақтай отырып, ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруға;
  2. Зоопарктердегі, цирктердегі, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсірілуін және пайдалануын жүзеге асыруға;
  3. Аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөпті, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға және өндеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес ұстаған, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
  4. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ұстауға, өндіруге, пайдалануға, дайындауға, сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық талаптарды сақтауға;
  5. Ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіруді және оларға ветеринариялық паспорттарды рәсімдеуді қамтамасыз етуді;
  6. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға;
  7. Ветеринариялық мамандарға олардың талап етуі бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егуді жүзеге асыру үшін жануарларды беруге;
  8. Бірнеше жануар кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған немесе ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;
  9. Ветеринариялық инспекторларға мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ветеринариялық тексеру үшін кедергісіз беруге;
  10. Ветеринариялық инспекторлардың жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді залалсыздандыру, өңдеу жөніндегі талаптарын орындауға;
  11. Союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей жануарларды өткізу үшін союға және сойғаннан кейінгі ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткізуге жол бермеуге;
  12. Ветеринариялық мамандарға өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына жәрдем көрсетуге;
  13. Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға жасалған ғылыми-техникалық құжаттаманы ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісуге міндетті.

Ветеринариялық іс-шаралар

1. Ветеринариялық іс-шаралар:

  1. ануарлар мен ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ұсталынуының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткізілетін іс-шаралар;
  2. Шектеу іс-шараларын немесе карантинді қоса алғанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларын жою және олардың таралуын алдын алу мақсатымен індет ошағында және қолайсыз пунктте жүргізілетін іс-шаралар болып бөлінеді.
  1. Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді, жеке және заңды тұлғалардың оны орындауы міндетті болып табылады.

Шектеу іс-шаралары және карантин

  1. Шектеу іс-шаралары немесе карантин жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының нұсқауы бойынша, жергілікті атқарушы органның шешімімен белгіленеді.
  2. Жануарлардың шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленетін жұқпалы ауруының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
  3. Ветеринариялық іс-шаралары кешені өткізілген жағдайда, шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімді тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
  4. Тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық инспекторларының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы органның шешімімен карантин тақтартылғаннан кейін Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында көзделген жағдайларда шектеу іс-шаралары белгіленуі мүмкін.

Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры

  1. Індет ошақтарын жою және жануарлардың Қазақстан Республикасының үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген аса қауіпті ауруларының таралу қауіпінің алдын алу кезінде пайдаланылатын, үнемі жаңартылып отыратын ветеринариялық препараттардың республикалық қоры болып табылады.
  2. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры бюджеттік бағдарламалар шеңберінде сатып алынған ветеринариялық препараттар көлемінен жасалады. Ветеринариялық препараттардың түрлері бойынша қордың нормативін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
  3. Ветеринарялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру мен пайдалану тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Ветеринариялық нормативтер

  1. Ветеринариялық нормативтер (ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық немесе зоогигиеналық нормалар) ветеинариялық немесе ветеринариялық-санитариялық факторды жануарлардың және адамның денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпсіздігі тұрғысынан сипаттайтын көрсеткіштердің жол беруге болатын сандық немесе сапалық мәнін белгілейді.
  2. Ветеринариялық нормативтер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарына сәйкес жүргізілетін зерттеулер негізінде белгіленеді.
  3. Ветеринариялық нормативтер індеттердің объективті және негізделген монитарингін жүргізу, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайда қол жеткізуге арналған ветеринариялық іс-шаралардың көлемі мен сипатын жоспарлау, сондай-ақ жануарлар ауруларының пайда болу, таралу және оларды жою мүмкіндіктерін болжау үшін негіз болып табылады.
  4. Ветеринариялық нормативтерді ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді және олар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді алып қою, жою, залалсыздандыру(зарарсыздандыру) және өңдеу

  1. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, олардың қауіптілік дәрежесіне қарай, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тәртіппен міндетті түрде алып қоюға және жойылуға, не алып қойылмай міндетті түрде залалсыздандырылуға және өңдеуге тиісі.
  2. Жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
  3. Жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды алып қоймай-ақ, міндетті түрде залалсыздандырлуға және өңдеу жүргізілетін жануарлар ауруларының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
  4. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою салдарынан өздеріне келтірілген залалды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен өтеттіруге құқығы бар.

Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау

Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ұстауды, өсіруді, пайдалануды, өндіруді, дайындауды, сақтауды, өңдеуді, тасымалдау мен өткізуді жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау тәртібін Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орталық атқарушы органымен келісе отырып, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Ауылшаруашылық жануарларын, базарларды, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарды бірдейлендіру

  1. Ауылшаруашылық жануарлары ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жануарлар ауруларының класификациясы мен диагностикас жөніндегі ветеринариялық дауалаудың жүзеге асырылуын бақылау мақсатымен әрбір жануарға қадағалау жүргізуге мүмкіндік беретіндей міндетті бірдейлендіруге тиіс.
  2. Базарлар, жануарларды өндіру, дайындау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдар мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің Қазақстан Респулликасының ветеринаария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен бірдейлендіруге тиіс.
  3. Базарларды және жануарларды өндіру, дайындау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарды бірдейлендіру тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер және ветеринария мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметі

Ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер

  1. Жануарларды пайдалану рәсімдерін, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер жүргізілетін үй-жайлар мен аумақтарды қоса алғанда, ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сай болуы керек.
  2. Ғылыми-зерттеулер нәтижесінде әзірленген немесе жетілдірілген ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатымен олар байқаудан өткізілуі тиіс.
  3. Микроорганизмдердің Қазақстан Республикасында бар, сондай-ақ ғылыми-зерттеулер нәтижесінде, жануарлар ауруларының диагностикасы кезінде алынған штаммдарды ветеринарияда пайдаланатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясында сақталуы тиіс [9] .

1. 2 Қараталақ ауруы

Қараталақ - жіті өтетін, өлі тиіп, күйдіргі тектес қабыну ретінде байқалатын жұқпалы ауру. Бұл ауру малдаң әр түлігінде өзінше аталып келді. Топалаң атауы негізінде қой мен ешкіге тән. Жылқыда - жамандат, қараталақ немесе қарабез, сиырда - қарасан немесе қарабез /қарасан қазіргі көзқарас бойынша басқа дербес ауру/, түйеде - шелек немесе ақ шелек, адамда - күйдіргі немесе текті сібір жарасы.

Қараталақ қоздырғышының таяқшаларының ұзындығы 5-6микрон, ені 1, 0-1, 5микрон. Бұл аэробтар Грам әдісімен де, сондай-ақ анилин бояуларының барлық түрімен де боялады, патологиялық материалдарда көбінесе қос-қосынан немесе тізбектеліп орналасады, организмде капсула құрайды. Капсуланы жасанды түрде алуға болады. Ол үшін қараталақ таяқшаларын қан немесе қан сарысуы коректік ортасында өсіреді. Топырақ пен өсімдіктерде де таяқшалар бактериялық спора құрады.

Қабылдағыштығы. Қараталақ ауруына, көбінесе ірі қара жылқы, қой, түйе, ешкі, бұғы жиі шалдығады.

Ал ит, шошқа, мысық, сол сияқты жыртқыш аңдар қараталақпен сирек ауырады. Қараталаққа адам да шалдығады. Адамға көбінесе малдың терісін өңдегенде немесе терісін сойған кезде жұғады.

Караталақ ауруының жұғу жолдары мен көздері. Аурудың негізгі жұқтырғыш көздері - ауру мал мен ауру қоздырғышы түскен жөмшөп, жайылым, суат пен қора-жай, сондай-ақ ауырған малдың қанын соратын маса, сона, шыбын-шіркей арқылы да жұғуы ықтимал.

Аурудың белгілері. Аурудың жасырын кезеңі 2-5 күнге созылады. Ауру кенеттен, жедел, жітілеу және созылмалы түрде өтуі мүмкін.

Ауру кенеттен келгенде малдың миына қан кетіп, ол күрт жығылады, денесі құрысып - тырысады, аузы-мұрынынан қанды көбік ағып, тік шегінен қара қан кетіп, тынысы тарылады. Бірнеше сағаттан кейін ауру мал өледі.

Ауру жіті немесе жітілеу түрінде өткенде малдың қызуы 40-42 0 C дейін көтеріліп, тек өлеріне 5-6 сағаттай уақыт қалғанда қалпына келе бастайды. Ауру мал қимылсыз, күйзеліп, кейде албырттанып жатады.

Көз шеңберлері қанталап ісінеді де, ұрт, таңдай қабыршақтары көгеріп кетеді. Іші қатып, соңынан өтеді. Қараталақпен ауырған малдың денесінің әр жерінде қанталаған іріңді сарғыш ісіктер пайда болып, кейде оның түбінен бетін іріген қабыршақтар бүркеген жара білінеді. Аурудың мұндай түрі 5-7 күнге созылады.

Созылмалы ауру кезінде, әсіресе, ірі қараның ауруы екі-үш аптаға созылуы ықтимал. Ал шошқанын, қараталақ ауруы (ангина) баспа тәріздес болып, құлақтарының төңірегі, тамақ-таңдайы мен басы мойнынан бастап, кеуде-төсіне дейін ісініп тұрады. Аурудың тынысы тарылуының зардабынан ішкі кілегей қабықтары көгеріп, терісінің сыртқы бетінде қара-күрең түсті таңбалар пайда болады. Ауру мал көбінесе тынысы тарылып өледі.

Ет қоректі жануарлардың қараталақ ауруы ішек пен қарынның жіті қабынуы тәріздес өтеді де, әдеттегі қараталақ ауруы кезінде белгі беретін терідегі ісіктер мен таңбаланған сом түйіндер сирек байқалады.

Патолого - анатомиялық өзгерістер. Қараталақтан өлген малдың ауруын қарап - бақылау арқылы немесе қанын микроскопиялық зерттеу арқылы біле алмаған жағдайда, өлген малды сойып анықтайды. Әдетте өліктің сіресіп қатқан денесінде аурудың белгісі білінбей, кілегей қабықтары көгеріп, табиғи тесіктерінен қара қан ағады. Терінің ішкі клеткалары сарғайыңқырал, қанталап тұрады да, арқа қуысындағы шажырқай мен бүйрек аумағы және көмейдің айналасы білеуленіп тұрады.

Лимфатиялық түйіндері қанталап ісінеді, көкбауыр да ұлғайып, айнала шеті тарамданып, ұлпа жантік тәрізді көрінеді. Бауыр мен бүйректер қанға толған. Жүректің бұлшық еті босап кеткен. Ішектердің кілегей қабаты, жұқа кілегей қабықтары ісініп қанталаған. Ішек түтігінің ішіндегі қатпарлы табақшалар мен ірі фолликулаларда шар тәрізді немесе ұзынша келген ісіктер байқалады да, оның бетінде тілмеленіп ұйысқан жара пайда болады. Аурудың өкпесі мен миы қанға толып кетеді [1, 2] .

Ауруды анықтау. Жіті немесе созылмалы қараталақ сырқатын байқап болжағанда аурудың клиникалық көрсеткіштерін (қызуының жоғарылығы, ісінуі, инфильтраттануы, көршиқандануы, несеп пен нәжістің қандануы) негізге алады. Мұны микроскапиялық, бактериологиялық және биологиялық зерттеулер жүргізу арқылы растайды.

Микроскопиялық зерттеу жүргізу үшін, қаннан жұғынды алып зерттеп болған соң, оны Романов әдісі бойынша (су тектес көксұр) бояйды. Егер жұғындыда қараталақ ауруының қоздырғышы болса, микроскоптан сырты жылтыр қауырсынды қарасұр таяқшалар көрінеді.

Бактериологиялық зерттеу әдісі қоректік арнаулы затқа уыт жіберу арқылы жүргізіледі. Қараталақ ауруының қоздырғышын желімге (желатин) уколмен еккен кезде, кәдімгі арша тәрізденіп өседі, ал ет-пептонды сорпада пробирка шынының түбінде 16-18 сағаттан соң, ақ мақта тәріздес тұнба пайда болады.

Биологиялық зерттеу жүргізгенде өлген малдың денесінен алынып, арнайы жасалынған қанды немесе суспензияны теңіз шошқасының терісі астына - 0, 2 мл мөлшерімен немесе ақ тышканға 0, 03 мл мөлшерімен егеді. Егер қараталақ ауруының қоздырғышы бар болса, суспензия немесе қан егілген зертханалық жануарлар 24-36 сағат уақыт ішінде өледі.

Қараталақ ауруын анықтауда, өлген малдын терісінен тұнба преципитация реакциясын пайдаланады. Бұл үшін зерттелінетін терінің өзінен сығынды алады. Мұны қараталақ ауруына қарсы қолданатын сыворотка тұндырмасының үстіне ұйытады. Ал бұл екі жасанды сұйықтардың аралығында ақ шеңбердің пайда болуы - (заттың химиялық өзгерісі) оң реакцияны көрсетеді.

Емдеу. Қараталақпен ауырған малдарды емдеу үшін қараталақ ауруына қарсы қолданылатын гипериммунды сыворотка қолданылады. Мұны тәулігіне бір мәртеден мына мөлшерде: ірі кара мен жылқыға 250-300 мл, қой мен ешкіге 50-75 мл терінің астынан егеді.

Мұнымен қатар, қараталаққа қарсы сывороткаға қоса, ауру малдарға мынадай мөлшерде пенициллин жіберуге болады: ірі қараға - 1 млн. ЕД, уақ малдың әр қайсысына - 200 мың ЕД егіледі. Пенициллиннің орнына биомицинді де қолдануға болады. Бұған қоса гамма-глобулин атты арнайы дәрілерді қолдануға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарасанның індеттік ерекшеліктері және емі
Сібір жарасын балау және дауалау шаралары
Қараталақ ауруын балау және сақтандыру шаралары
Жануаларды тасымалдау көліктері
Қарасан ауруы кезіндегі қолданылатын биопреапараттар
Вакцина және оның түрлері
Жұқпалы аурулар туралы
Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
Мал сою цехы
Топалаң ауруының шошқадаға белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz