Қой диктиокаулезіне қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Ветеринария ісін ұйымдастыру»пәнінен «Қой диктиокаулезіне қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар» тақырыбына жазылған бұл курстық жұмыс нормативтік сілтемелер, анықтамалар, қысқартулар мен белгілер, кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Курстық жұмыс 30 беттен тұрады.

Белгілер мен қысқартулар

Курстық жұмыста төмендегідей қысқартулар мен белгілеулер келтірілген:

м - метр

м/с - метр/ секунд

% - пайыз

°С - температура

г - грамм

кг - килограмм

Анықтамалар

Курстық жұмыста төмендегідей анықтамалықтағы терминдік аталымдар қолданылды.

Қой диктиокаулезі - шөп жейтіндердің, әсіресе қойдың және ірі қараның үлкен және орташа бронхыларын, кеңірдегін зақымдайды.

Гельминтология - паразит құрттардың қандай ауру тудыратынын, оның тіршілік ететін ортасын, адамға, малға, өсімдікке келтіретін алуан түрлі зиянын, емдеу жолдарын, күресу шараларын зерттейді.

Гельминтоз -ішқұрттары немесе гельминттер тудыратын жұқпалы ауру.

Мюллериустар - жіп тәрізді қара жұмыр құрттар, ұзындығы 11-30 мм, ұра мүшелері керісінше өсіп жетілген, ол бронхының уақ тармақтарын және өкпенің ұлпаларын, оларды құрайтын жүйелерін зақымдайды.

Протостронгилидтер - ірілеу жұмыр құрттар, ұзындығы 24-40 мм, қоңыр, ұрасы жақсы өсіп жетілген, ол бронхының ұсақ және орташа тармақтарын зақымдайды.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

Ф. 7. 04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2016ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2016 ж.

Ф. 7. 04 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2016ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

№:
Курстық жұмыстың мазмұны: Курстық жұмыстың мазмұны
Орындалумерзімі:

Орындалу

мерзімі

Көлемі(парақ саны):

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

( күні, студенттің қолы)

Ф. 7. 04-06

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

« » жоғары мектебі

«» кафедрасы

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

(қолы, аты - жөні)

2016ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №

пәні

студенттобы

Курстық жұмыс тақырыбы

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:

1.

2.

3.

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.

Сомалық баллы

Жұмыстың бағасы

Курстық жұмыс жетекшісі

Комиссия мүшелері

Комиссия мүшелері

Қорғау күні2016ж.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен өзгеруіне әкеп соқтырады.

Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік саласының дамуына кедергі болады.

Осы жағдайлар «Ветеринария туралы заңның» талқыланып, 1995 жылы қабылдануына әсер етті.

Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.

Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:

  • мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды. Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе жүргізбейді.
  • ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
  • ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны анықталған.
  • ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы кеңейтілген.
  • осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға сай келетін «Ветеринария туралы заңды» қайта талқылап, қабылдануының себебі болды.
  • жаңа «Ветеринария туралы заңның» мақсаты - ветеринарлық-санитарлық жағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін, халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен қатар бірінші, экономикалық орталық құру.
  • мемлекеттік қадағалау қызметін жақсарту үшін бір жағынан ветеринарияның барлық саласын лицензиялайтын институттың құрылуы; ал екінші жағынан мемлекеттік қадағалау пункттерінде тексерілетін жүктерді дайындау, өңдеу, сақтау жұмысымен айналысатын бүкіл мемлекет территориясындағы барлық субъектілерді қамтиды және мемлекеттік ветбөлімнен ауыл аймағына дейін инсректорлық вертикаль құрылады.
  • заңның халықаралық ветеринарлық талаптарға жауап беруі, Қазақстанның Бүкіл әлемдік сауда ұйымы құрамына кіруіне себеп болады.

Қой мен ешкі диктиокаулезы (өкпе қылқұрт ауруы) . Өкпе қылқұрт ауруы қой мен ешкінің гельминтоздарының ішінде көп кездесетін қатерлі бір түрі. Диктиокаулездың шаруашылықка әкелетін зияны орасан зор. Бұл дерттен көптеген төл қырылып қалуы да мүмкін. Індетке шалдыққан малдың қоңы төмендейді, түліктің өсу қарқыны тежеледі, оның ет, жүн сапасы нашарлайды.

Өкпеде ұрғашы қылқұрттар ішінде жетілген тірі личинкалары бар жұмырткалар салады, олар жануар жөтелгенде кілегейлі шырышпен сыртқа шығады, бірақ басым көпшілігі аузына түсіп, сілекеймен мал ішіне енеді. Мал ішегіне жеткендері балаңқұртқа айналады, малдың құмалағына араласып жайылымдарды ластайды. Қоршаған ортада қолайлы жағдайда олар екі дүркін түлеп, 6-7 тәулік арасында жүқпалы сатысына дамиды. Қылқұрттың өсіп-жетілуіне ауа райы күшті ықпал етеді. Күн салқындағанда балаңқұрттың дамуы баяулайды, дала температурасы 12-15°С болса личинка 6 күнде жетіледі, 5-10°С жылылықта 15-17 күнде жетілсе, ал 4-6°С-та 18 күнде өседі [1, 2] .

Курстық жұмыстың мақсаты - қой диктиокаулезіне қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын зерттеу.

1 Негізгі бөлім

1. 1Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою

Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері

Жеке және заңды тұлғалар:

  1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдармен белгіленген жануарлар ауруларының алдын алуды және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринариялық ережелерді сақтай отырып, ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруға;
  2. Зоопарктердегі, цирктердегі, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсірілуін және пайдалануын жүзеге асыруға;
  3. Аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөпті, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға және өндеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес ұстаған, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
  4. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ұстауға, өндіруге, пайдалануға, дайындауға, сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық талаптарды сақтауға;
  5. Ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіруді және оларға ветеринариялық паспорттарды рәсімдеуді қамтамасыз етуді;
  6. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға;
  7. Ветеринариялық мамандарға олардың талап етуі бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егуді жүзеге асыру үшін жануарларды беруге;
  8. Бірнеше жануар кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған немесе ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;
  9. Ветеринариялық инспекторларға мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ветеринариялық тексеру үшін кедергісіз беруге;
  10. Ветеринариялық инспекторлардың жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді залалсыздандыру, өңдеу жөніндегі талаптарын орындауға;
  11. Союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей жануарларды өткізу үшін союға және сойғаннан кейінгі ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткізуге жол бермеуге;
  12. Ветеринариялық мамандарға өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына жәрдем көрсетуге;
  13. Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға жасалған ғылыми-техникалық құжаттаманы ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісуге міндетті.

Ветеринариялық іс-шаралар

1. Ветеринариялық іс-шаралар:

  1. ануарлар мен ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ұсталынуының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткізілетін іс-шаралар;
  2. Шектеу іс-шараларын немесе карантинді қоса алғанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларын жою және олардың таралуын алдын алу мақсатымен індет ошағында және қолайсыз пунктте жүргізілетін іс-шаралар болып бөлінеді.
  1. Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді, жеке және заңды тұлғалардың оны орындауы міндетті болып табылады.

Шектеу іс-шаралары және карантин

  1. Шектеу іс-шаралары немесе карантин жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының нұсқауы бойынша, жергілікті атқарушы органның шешімімен белгіленеді.
  2. Жануарлардың шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленетін жұқпалы ауруының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
  3. Ветеринариялық іс-шаралары кешені өткізілген жағдайда, шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімді тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
  4. Тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық инспекторларының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы органның шешімімен карантин тақтартылғаннан кейін Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында көзделген жағдайларда шектеу іс-шаралары белгіленуі мүмкін.

Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры

  1. Індет ошақтарын жою және жануарлардың Қазақстан Республикасының үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген аса қауіпті ауруларының таралу қауіпінің алдын алу кезінде пайдаланылатын, үнемі жаңартылып отыратын ветеринариялық препараттардың республикалық қоры болып табылады.
  2. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры бюджеттік бағдарламалар шеңберінде сатып алынған ветеринариялық препараттар көлемінен жасалады. Ветеринариялық препараттардың түрлері бойынша қордың нормативін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
  3. Ветеринарялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру мен пайдалану тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Ветеринариялық нормативтер

  1. Ветеринариялық нормативтер (ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық немесе зоогигиеналық нормалар) ветеинариялық немесе ветеринариялық-санитариялық факторды жануарлардың және адамның денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпсіздігі тұрғысынан сипаттайтын көрсеткіштердің жол беруге болатын сандық немесе сапалық мәнін белгілейді.
  2. Ветеринариялық нормативтер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарына сәйкес жүргізілетін зерттеулер негізінде белгіленеді.
  3. Ветеринариялық нормативтер індеттердің объективті және негізделген монитарингін жүргізу, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайда қол жеткізуге арналған ветеринариялық іс-шаралардың көлемі мен сипатын жоспарлау, сондай-ақ жануарлар ауруларының пайда болу, таралу және оларды жою мүмкіндіктерін болжау үшін негіз болып табылады.
  4. Ветеринариялық нормативтерді ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді және олар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді алып қою, жою, залалсыздандыру(зарарсыздандыру) және өңдеу

  1. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, олардың қауіптілік дәрежесіне қарай, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тәртіппен міндетті түрде алып қоюға және жойылуға, не алып қойылмай міндетті түрде залалсыздандырылуға және өңдеуге тиісі.
  2. Жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
  3. Жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды алып қоймай-ақ, міндетті түрде залалсыздандырлуға және өңдеу жүргізілетін жануарлар ауруларының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
  4. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою салдарынан өздеріне келтірілген залалды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен өтеттіруге құқығы бар.

Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау

Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ұстауды, өсіруді, пайдалануды, өндіруді, дайындауды, сақтауды, өңдеуді, тасымалдау мен өткізуді жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау тәртібін Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орталық атқарушы органымен келісе отырып, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Ауылшаруашылық жануарларын, базарларды, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарды бірдейлендіру

  1. Ауылшаруашылық жануарлары ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жануарлар ауруларының класификациясы мен диагностикас жөніндегі ветеринариялық дауалаудың жүзеге асырылуын бақылау мақсатымен әрбір жануарға қадағалау жүргізуге мүмкіндік беретіндей міндетті бірдейлендіруге тиіс.
  2. Базарлар, жануарларды өндіру, дайындау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдар мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің Қазақстан Респулликасының ветеринаария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен бірдейлендіруге тиіс.
  3. Базарларды және жануарларды өндіру, дайындау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарды бірдейлендіру тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер және ветеринария мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметі

Ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер

  1. Жануарларды пайдалану рәсімдерін, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер жүргізілетін үй-жайлар мен аумақтарды қоса алғанда, ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сай болуы керек.
  2. Ғылыми-зерттеулер нәтижесінде әзірленген немесе жетілдірілген ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатымен олар байқаудан өткізілуі тиіс.
  3. Микроорганизмдердің Қазақстан Республикасында бар, сондай-ақ ғылыми-зерттеулер нәтижесінде, жануарлар ауруларының диагностикасы кезінде алынған штаммдарды ветеринарияда пайдаланатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясында сақталуы тиіс [13] .

1. 2 Диктиокаулез ауруына жалпы сипаттама

Қоздырғышы - жұмыр құрттар туыстарына жатады. Бұл ақ түсті, жіп тәрізді, қалың, қысқа спикуласы бар гельминттің ұзындығы 3-15 см. Ол шөп жейтіндердің, әсіресе қойдың және ірі қараның үлкен және орташа бронхыларын, кеңірдегін зақымдайды.

Шығу және жұғу жолдары. Мұны жұқтырушы - ауру тасушы диктиокаулюстар. Оның ұрғашысы малдың тыныс органдарының қуысына өздерінің жұмыртқаларын салады. Ол қақырықпен ауызға түседі де, мал оны жұтып қояды.

Ішекте олардан личинкалар шығып, нәжіспен бірге сыртқа тарайды да инвазиялық кезеңге дейін (қойда 6-7, ірі қарада 3-4 күнге одан да көпке дейін) өсіп-өнеді. Личинка өте жылжығыш, нәжістен тез шығып, шөпке өрмелеуге қабілетті көп жылжи алмайды, нәжісті су шайғанда ғана шығады. Бұлар малға инвазиялы личинкасы бар суды ішіп, шөпті жегеннен жұғады. Личинкалар ең алдымен лимфа бездерінде өсіп-жетіледі де лимфогенді жолмен жылжып отырып, тыныс жолдарының қуысына барады.

Диктиокаулюстардың өмірінің ұзақтығы (2 айдан бір жылға және одан да көпке дейін) ең алдымен малды қүтіп-бағу жағдайына және азықтандыруға байланысты.

Диктиокаулез маусымдық болып есептеледі. Ауру июнь - июльде білініп, август - сентябрьде ең жоғарғы көбею шегіне жетеді. Ірі қараның 2-9 айлық бұзаулары ауырады [1, 2] .

Аурудың белгілері. Аурудың бірінші және тұрақты белгісі жөтел (құрғақ, қысқа және мал ауырсынады), тыныс алуы қиындайды, танауынан ұйыма-кілегейлі су ағады. Тыңдап қарағанда ауыр сырыл естіледі, әр жерін қолмен соғып қарағанда күңгірт дыбыс байқалады.

Мал әбден қалжырайды, көбінесе жатады, денесінің қызуы (42°С) көтеріледі, арықтап, қан азая бастайды, аяқтары, жақ астындағы бос жерлер іседі. Бұзаудың диктиокаулезі кейде өкпенің іріңдеп қабынуына айналады. Ауру ұзаққа, кейде бірнеше айға созылады.

Мал әбден арықтап, көтерем болғанда өліп қалады немесе тұншығады. Қоңды малға ауру аз жұққанда диктиокаулез белгісіз өтеді.

Сойып қарау. Өлексе әбден арықтаған, қаны азайған, өкпесі үлкейген, қан құйылған; өкпенің диафрагмалы бөлігінде эмфизема, ателектаз, катаральды-десквамативті бронхит және перибронхит болғандығы байқалады.

Ауруды анықтау. Тірі кезінде диагноз аурудың клиникалық белгілеріне және нәжісте личинканың табылуына қарай қойылады.

Жаздыгүндері бақылау үшін алынған нәжісті 12 сағаттың ішінде тексеру ұсынылады. Аллергиялық диагноз қоюды пайдалануға болады. Өлгеннен кейінгі диагноз бронхыда диктиокаулюстың табылуына қарай және осы ауруға тән патологиялық - морфологиялық өзгерістерге байланысты қойылады.

Емдеу. Диктиокаулезде емдеу үшін иодтың сулы ерітіндісін (1 г кристальды иод, 1, 5 г иодты калий және 1, 500 мл су) мына дозада кеңірдекке қолданады: бір жасқа дейінгі қозыларға және лақтарға 5-8 мл, бір жастағыларына 10 мл, ересектеріне 15-20 мл; 2-6айлық бұзауларға 20-50 мл, 6-12 айлығына 50-70 миллилитрден кеңірдек ішінен бір өкпесіне енгізіледі. Бір тәуліктен кейін осы мөлшерде екінші өкпесіне жіберіледі.

Ерітіндіні енгізу үшін малды арқасынан бір бүйірінен жантайта, 30-40°С бұрыштата жатқызады. Осыдан кейін ерітінді инесінің ұзындығы 3 сантиметр шприцпен кеңірдектің жоғарғы үштен бір бөлігіне жіберіледі. Ерітіндіні пайдаланар алдында шыны ыдысқа даярлайды және дене температурасына жеткенше қыздырады. Дегельминтизация қажет болған жағдайда кемінде 12-15 күннен кейін қайталайды [1, 2, 3] .

Салмағының бір килограмына: қойға 0, 1 г және бұзауға 0, 0, 5 г мөлшерінде дитразин қолдану жақсы нәтиже береді. Препаратты 1:5 қатынасындай жұмсақ суға ерітіп, қойға күніне бір рет екі күндей, бұзауға үш күндей тері астына жіберіледі.

Бұзауға салмағының бір килограмына 0, 025 г мөлшерінде арасына 24 және 48 сағат салып үш күндей тері астына циазид қолданылады. Сондай-ақ локсуранды да қой мен бұзауға қолдануға болады. Мұны мал салмағының 1 килограмына 0, 125-0, 250 г мөлшерінде арасына 24 және 48 сағаттан салып тері астына енгізеді. Қойды иодты алюминийнің түтінімен топтан дегельминтизациялау ұсынылады. Бронхысы қабынса аурудың белгісіне қарай емдеп, малды бағып-күту жағдайын жақсартады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гельминтоздардың диагностикасы және дегельминтизация
«Анаэробты дизентерия ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Бұзауларды оқшаулап бағу
Жұқпалы аурулар анықталған жағдайда жүргізілетін іс-шаралар
Псороптоз ауруына қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар
Салқындатылған ет және ет өнімдерін автокөлік құралдарымен тасымалдау кезіндегі қойылатын ветеринариялық - санитариялық талаптар және оларды жақсарту шаралары
Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылауымен жануарларды тасымалдауға дайындау және оның реті
Жануарлардың эхинококкозына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Жануарлардың ауески ауруын алдын - алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі
Қой ценурозы ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz